Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі
Алғашқы
қазақ газеттерінің
ресми іс қағаздар
стилін қалыптастырудағы
рөлі
XIXғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-әкімшілік және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан терреториясын толықтай Россия мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.
1868-69
жылдардағы патша өкіметінің
қыр облыстарын басқару
Ташкентте
1870-1882 жылдар аралығында «Түркістан
уәлиятының газеті», Омбыда 1882-1902 жылдар
арасында «Дала уәлиятының газеті»
,1895 жылдан бастап Тройцкіде «Торғай газеті»
шығып тұрды. Бұл газеттер ресми орган
болуына қарамастан қазақ әдеби тілін
дамытуға, оның бір тармағы ресми іс қағаздар
тілін дамытуға үлкен үлес қосты.
Түркістан
уәлиятының газеті (1870-1883)
Қазақ тіліндегі алғашқы газет Түркістан генерал — губернаторының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы нөмері «Түркістан уәлиятының газеті» деген атпен «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде 1870 жылдың 28 апрелінде шықты. Газеттің бірінші нөмерінде басылған мәлімнамада «Түркстан генерал- губернаторының бұйрығы бойынша үшбу айдан бастанып Түркстан газеті шығады. Осы газеттерде бәрі жұртқа мәлім болмақ үшін генерел-губернатордың әр түрлі бұйрығы жазылар және жаңа қабарлар, сауда тақырыпты жазылар және Ташкентте уа өзге шахарларда болған әр түрлі сөздер уа қабарлар жазылар. Бұл газет орысшадан басқа сартша, қазақтарға керектісі қазақша болып жазылар» делінген. Газеттің айына 4 нөмірі (екеуі қазақша, екеуі өзбекше)шығып тұрды. Газет алғашқы хабарламада «Түркстан ведомстыларына» қосымша делінгенмен, көп ұзамай-ақ өз алдына жеке газет ретінде шығып тұрған. Газет редакторы он жылдан астам уақыт бойы генерал-губернатордың тілмашы Ш.М Ибрагимов болды. «Шагимардан Мирасович Ибрагимов (1841-1891) Ш.Уалихановтың жақын достарының бірі болған, ұлты-башқұрт, көп жылдар бойы Петербургта, Ташкентте тұрып, тілмаштық қызмет атқарған. Әуелі коллежский советник, кейін статский советник чинін алған адам.1881жылы Қашқарға, кейін араб елдеріне консул болып кеткен.
Газеттің
негізгі бағдарламасы-
Сонымен қатар мұнда қазақх халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне қатысты материалдарда жарияланды. Материалдар мазмұнына қарай негізгі екі топқа бөлінеді: ресми және ресми емес. Ресми материалдарға үкімет бұйрықтарын, кейбір саяси экономикалық мәселелер, ресми емес бөлімге жай корреспонденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты. Газет материалдары публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми іс қағаздар стилінде жазылады.
Газеттің 1877 жылғы 2 марттағы номірінде оның тиражы туралы «Осы февральдің жиырма үчінчі күніне че (шейін Б.А.) біздің қазақ тілінде басылатұғын газетті алатұғын кісінің есебі екі жүз қырық кісі» деп көрсетеді.
Газеттің 1882 жылғы 4-нөмерінде «Дала генерал губернаторлығының» құрылып жатқандығы, оның орталығы Омбы қаласы болып, оған Ақмола, Семей, Жетісу облыстары қарайтындығы айтылады. Түркістан генерал-губернаторының ұлықсатымен шығып тұрған «Түркістан уәләятыны газетінің» қазақша бөлігінің 1883 жылы жабылуына осы жағдай себепші болған болуы керек.
Дала
уәләятының газеті (1888-1902)
Қазақ тіліндегі екінші газет алғашқы газет жабылғаннан кейін 5жыл өткен соң, 1888 жылдың 1 январынан бастап жаңадан құрылған. Дала генерал- губернаторының органы ретінде оның әкімшілік орталығы Омбы қаласында шыға бастады. Газет алғашында Ақмола облыстық ведомостваларына жалғама ретінде (орысша «Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям» деген атпен), кейін 1894 жылдан бастап Ақмола, Семей, Жетісу облыстарының ведомстларына жалғама ретінде «Дала уәләятының газеті» деген атпен (орысшасы- «Киргизская степная газета») жұмасына бір рет өз алдына бөлек шығып тұрған.
Зерттеуші Б. Әбілқасымов: «Орысша ''Киргизская степная газета'' деп атау керек» , деген ұсыныс түседі, бірақ газет редакциясының неге екені белгісіз бұрынғы атын өзгерпей қалдырғанын көреміз. «Дала уәләятының газеті», 1886, №32деп жазады. Газетті шығарушы және оның бақылаушысы Дала генерал — губернаторы болды.
Газет «Ақмола облыстық ведомстыларының баспаханасында басылып, Қазақстанның барлық түкпір – түкпірінде дерлік тараған. «Газеттің редакторы ретінде әр уақыт И.Козлов, К. Михайлов, Г.Абаза деген кісілер қол қойып отырған, қазақшасын үзбей басқарған, яғни «старший переводчик» қызметін атқарған Ешмухамед Абылайханов болды.
Бұл газет шығарудағы патша үкіметінің алдына қойған мақсаты генерал-губернатор Таубенің 1893 жылғы 11 декабрьде бекітіп берген газет бпғдарламасында көрсетіледі. Ол бағдарлама бойынша газет «жоғарғы ұлықтардың қазақ даласына қатысты бұйрық -жарлықтарымен қазақтарды таныстырып тұруға, сондай-ақ олардың арасына елдің табиғаты, тұрмысы, шаруашылық жайы (мал шаруашылығы, егіншілік, айырбас сауда т.б) және мәдени өмірі (әдет-ғұрып, өсиет, ертек, әңгіме, халықты сауаттарндыру т.б.) туралы хабарларды таратуға» тиісті болды. Шын мәніндегі көздегені – қазақ халқын ағарту емес, үкімет жарлықтарын қазақ тілінде тарату арқылы оны сөзсіз орындаттыруды қамтамасыз ету, жергілікті халықты басқаруды жеңілдету, қазақтың артта қалған патриалхалды шаруашылығын біраз ілгері көтеріп, оны патша үкіметінің шикізат жөніндегі қажетін өтейтін дәрежеге жеткізу,сондай-ақ, қазақтың өз тілін дамыта отырып, сол кездің өзінде «патша үкіметін орыстандыру саясатына зиянын тигізе бастаған» шағатай, түрік, татар тілдерінің ықпалына қарсы күресу болды. Сөйтіп, өзінің отаршылдық саясатын одан әрі күшейте беру саясатын ұстанды.
Газет екі бөлімнен тұрды: ресми және ресми емес. Ресми бөлімінде ( «Бұйрықтар жазылатын бөлегі» газеттегіше) патша өкіметінің жергілікті әкімдерінің қазақтарға қатысты бұйрық-жарлығы жарияланып отырды. Ресми емес («Бұйрықтан басқа сөздер жазылатын бөлегі») бөлімінде ел басқару жайы, егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, сауда хабары, мәдени хабарлар, көршілес ел жаңалықтары т.б жарияланады. Газет тиражы жайлы зерттеуші Б.Әбілқасымов: «Газеттің тиражы жайлы бізге мәлім емес, бірақ бір мәліметте газетке ''міндетті жазылушылар'' дегеннің (болыстың, ауылдың қызмет адамдары) саны1332 адам екені көрсетіледі» деп жазады.
Газет редакциясы кейде жоғарыда бекітілген бағдарламадан шығып кетіп, қараңғы халықтың көзін ашатын материалдарды жа басып отырған. Газеттің кейін жабылуына да осы жағдай себеп болған сияқты.
Алғашқы
қазақ газеттеріндегі
ресми іс қағаздар
тілі
Фонетика-орфографиялық ерекшелігі. Газеттер араб әліппесінің әріптерін пайдаланған. Басқа системадағы тілдін дыбыс жүйесін бейнелейтін бұл алфавит, қазақ тіліне қанша ыңғайласа да, оның дыбыстық жүйесін дәл бере алмады. Бұны дауысты дыбыстар таңбасының жеткіліксіздігінен байқауға болады. Қазақ тіліндегі 9 дауысты дыбыс бар — жоғы 3 таңбамен таңбаланды. Басқа түркі тілдері сияқты, қазақ тілінде де сөз мағыналарын өзгертуде дауысты дыбыстардың үлкен рөль атқаратындығын ескерсек, әр түрлі дауыстылардың бір таңбамен таңбалануы сөз мағынасын ашуда үлкен қиындық келтіргені мәлім а, ә, е дыбыстарын таңбалау үшін 1 әріп, ы, і, и, е дыбыстарын таңбалау үшін 1 әріп, о, ө, ұ, ү, у дыбыстарын таңбалау үшін 1 әріп қолданылды. Сондықтан сөз құрамында әр топтағы дауыстының қайсысы келіп тұрғанын тек контекске қарап ажыратуға болатын еді.
Газет тілінде буын үндестігі сақталып отырған. Ал ерін үндестігі қазіргі әдеби тіліміздің нормасы бойынша сөздің соңғы буындарында кездеспейді, айтылуда естілсе де, жазуда еленбейді. Ал газет материалдарында еріндік дауыстылар сөздің барлық буынында жазылған. Мысалы, болұс, ұлұғ, үйсүн, орұс, жұмұс, бұйрұқ, оқұб, орнұғыб, түсүндүрсе т.б. «Сол кезде қазақ тілінде бар дауыссыз дыбыстар арб әліппесіндегі әріптер арқылы толық таңбаланған. Араб әліппесінде жоқ әріптер парсы тілінен алынып толықтырылған. Мәселен араб тілінде жалпы п, ғ, ч дыбыстары жоқ болғандықтан, алфавитте оның таңбалары да болуы мүмкін емес еді. Мұндай жағдайда ол дыбыстарды таңбалау үшін, парсылардың қолданылуындай, бұрыннан бар әріптерге шартты белгілер қосып отырған. ...Арабта да, парсыда да жоқ ң дыбысын таңбалау үшін шартты түрде н мен к нің қосындысы ... алынған».
«Дала уәлиятының газетінде» п әріпі тек араб, парсы, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылған. Мысалы, пайда, падша, переуад, прикуар, положениа, партиа т.б. Ал қазақ сөздерінде мағынаға нұқсан келмейтін жердің бәрінде п орнына б әрпін жазу жүйелі түрде орын алған. Мысалы, көб (көп), тапбтық (таптық), жазыб (жазып) т.б.
Газет тілінде г әрпінің орнына к әріпінің жазылуы жиі кездеседі. Мысалы, кенерал (генерал), кубернатор (губернатор), казета (газета), кимназия (гимназия), залок (залог), акроном (агроном). Г, к фономалары жасалу жолдары бірдей, бірі — ұяң, бірі – қатаң дыбыстар. Г әріпінің орнына к – нің жазыла беруі, біріншіден, бұл дыбыстардың жалпы түркі тілдеріндемағына ажыратарлық функциясының болмағандығынан болса керек. Н.А Басқаков бұл дыбыстардың фонемалдық мәнге ие болуларын араб парсы тілдерінен сөз ену дәуірімен байланыстырады.
“… сөз мағынасына нүқсан келмейтін жағдайда г орнына к әрпін жаза беру тәжірибесі тек жалғыз баспасөз материалдарында ғана емес, революцияға дейінгі қазақ жазбаларының бәрінде дерлік кездесетін жайт”.
“Түркістан уәләяты”, “Дала уәләяты” газеттерінде в фономасын белгілейтін таңба кездеспейді. Сондықтан в дыбысын у, б, ф әріптерімен таңбалап отырған. Мысалы, Уайаннай кубернатор (военный губернатор), переуад (перевод), зауад (завод), фиурал (февраль), сауетник (советник), общестуа (общество), чинобник (чиновник), добереность (довернность), бистафка (выставка), Ибаноф (Иванов), Абылайханоф (Абылайханов) т.б.
Газеттерде
қазақ тіліндегі дыбыс
ден (істен), міндет — лі, (міндетті), ұлығ — лары - ның (ұлықтарының) , тақырыб — ды (тақырыпты) т.б,
Түбірдің қандай дыбысқа аяқталғанына қарастан газеттерде көптік жалғаудың тек - лар, - лер варианты қосылып отырған. Мысалы, халық — лар, тіл — лер, фарман — лар, сөз — лар т.б - дар //- дер вариантын қолдану сирек кездеседі. Мысалы, халық – дар, тоб – дар, оқу – дар т.б.
Жалғау, шылаулардың бөлек, бірге жазылуында белгілі заңдылық байқалмайды. Мысалы, ілік септігі қосымшасы өзі жалғанған сөзден бөлек жазыла береді. Ал да де ғой, ақ, соң шылаулары өзінің алдындағы сөзбен үнемі дерлік бәрге жазылып отырады. Масалы, түскенсоң, чақырымдайақ, қалғандағана, болғансоң т.с.с.
Менен (бірлән, білән, илан, мен) тұлғасы көмектес септігі қызметінде келсін, жалғаулық шылау ретінде келсін сөзден бөлек жазылып отырған.
Жеке
компоненттері танылмастай
Пунктуация. «Дала уәләяты газетінде» араб әліппесінің қолданылғаны мәлім. Арабтарда бергі кезге дейін белгілі ережеге сай қолданылған тыныс белгілері болған емес. Сондықтан жалғаз қазақ емес араб әліппесін пайдаланған шығыс тілдерінің қай-қайсысында да көпке дейін тыныс белгілері болмады.
Ең алғашқы баспасөзіміз «Түркстан уәләяты газетінде» ешбір тыныс белгісі қолданылмаған. «Дала уәләяты газетінің» алғашқы жылдарындағы номерлерінде де тыныс белгі кездеспейді. Тек қана ұзақ күрделі ой немесе біртұтас пікір біткенін білдіру үшін екінші ой жаңа жолдан басталып жазылғаны байқалады. Сол бір абзацтағы сөйлемдердің өзін бір-бірінен ажырату қиындық келтіреді. 1894 жылдан бастап кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға сирек те болса, сызықша, жұлдызша сияқты шартты таңбаларды қолданған. 1896 жылғы 4 августтағы 31-номерінен бастап «Дала уәләяты газетінде» тыныс белгілерінің қазіргі жаңа жүйесі туралы хабарлама жарияланады. Бұл хабарлама газеттің қазақша бөлегінің ең басына, яғни, «Бұйрұқтар жазылатын бөлегі» деп аталатын бөлімінде ресми түрде ірі қаріптермен теріліп берілген. Газет осы хабарламаны сол жылдың аяғына дейін үзбей, әрбір номер сайын бірде бос мақала орнына, бірде «мағлұм нама» деген айдармен жариялап отырған.
«Дала уәләяты газеті» бетінде жарияланған тыныс белгісі туралы негізгі қағидалардың және оны газетте қолдану тәжірибесінің игі әсері болғаны даусыз.
Лексика. Газет тілінің лексикалық құрамы үш топтан тұрады:
- қазақтың негізгі төл сөздері;
- араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер;
- орыс тілінен енген сөздер.
Газет редакциясы тіл тазалығы үшін күресті. Газет бетінде жарияланған ресми құжаттар негізі орысша нұсқадан аударылып басылып отырса да, газет редакциясы халық тілінің өз байлығын сарқа пайдалануға тырысты. Сол себептен де болса керек, кейде қазақ ұғымында жоқ орыс сөздеріне балама таба алмаған жағдайда, ол сөздерді қазақ тіліне түсіндірме жолмен де аударып беріп отырған. Мысалы,
Век – жүз жыл
Иностранный – бөтен жұрт
Физический труд – жай қара жұмыс
Циркуляр – жариа бұйрұқ нама
Присяга – жан алу
Мировой – дүние жүзілік
Защита – іс қорғау
Бұл терминдердің көбі сәтті табылған балама ретінде әдеби тілде қалыптасып кетті. Ал бірқатарлары аударған сөздің мағынасын дәл бере алмағандықтан басқа сөздермен ауыстырылды. Орыс сөздерін қалайда қазақша аударып беруге тырысудың салдарынан кейде орысша терминдердің мағынасын бұрмалап, бұзып аудару фактілері де кездесіп қалады. Мысалы,
Поезд – от арба
Учитель – молла
Профессор – ғұлама
Министр – уәзір т.с.с.
Мұның бір қолайсыз жағы орыс сөздерін аударамын деп, еріксіз араб-парсы сөздеріне жүгінушіліктің орын алуы. Мәселен, «Дала уәләятының газетінде» орыстағы «положения» деген сөзді арабтың нифла деген сөзімен аударған. Осы газеттің алғашқы жылдарындағы номерлерінде, орыс тіліндегі «приказ», «распоряжение» деген сөздер қазақ тіліне бір ғана араб сөзімен фарман нама деп аударылса, кейін бұл сөздің орнына қазақтың өз сөздерін пайдалынып «приказды – бұйрық, распоряжениені - жарлық» деп дифференциялап аударатын болған.
«Түркстан уәләяты газетінде» қауым сөзі қазіргі қоғам (общество) сөзінің орнына қолданған. «Дала уәләяты газетінде» қауым – публичная деген сөздің де баламасы реінде жұмсалған. Мысалы, Публичная библиотека – көп қауымға тиісті кітабхана. Бөлме сөзі газеттерде орыс тіліндегі отдел, отделение, участок сөздерінің баламасы ретінде қолданылған. Мысалы,
технический отдел – технически бөлме
переписной участок – исаб алу бөлмесі
зав. участком – бөлме бастығы
Қазіргі қазақ тілінде «бөлме» сөзі «үйдің ішкі бөлігі» деген мағынада қолданылады. Жоғарыдағы мағынаны қазір бөлім деген сөз беріп жүр. Осы сияқты мағынасы өзгерген сөздерге кесім (постановление), белгі (указание) т.б. сөздерді келтіруге болады. Газеттердегі ресми іс қағаздар тілінде қолданылған орыс сөздерінің кейбірі, кейін қазақша баламасы табылуымен байланысты, қазіргі әдеби тілімізде қолданылмайтын болды. Мысалы, наследник, перауад, перауадчик, обшестуа, кнага, закон, жаловани, помошник, залок, копиа, подписка, положениа, пол, расхот т.б. Газет бетіндегі ресми іс қағаздарында қылу етістігінің де қолданылу аясы бүгінгіден әлдеқайда кең. Мысалы,
Исаб қылу – есеб алу
Қылыб жүр – істеп жүр
Арыз қылады – арыз береді
Болыс қыламын – болыс қоямын, болыстыққы бекітемін
Бұйрық қыламын – бұйырамын
XIX ғасырдың ІІ жартысына дейін мектеп, медреселерде сабақ берушілер көбінесе татар, башқұрт молдалары болды. Патша үкіметі мен қазақтардың арасындағы іс қағаздары да татар тілмаштары арқылы жүргізілді. Ал XIX ғасырдың 60 жылдарынан бастап, патша үкіметі ислам дініне тежеу салып, панисламизмге қарсы белсенді күрес жүргізеді.
«XIXғасырдың І жартысында, - деп жазылған Қазақ ССр тарихында, патша үкіметі ислам дінін қолдап, мешіттер салуға, мұсылманның діни кітаптарын басып шығаруға ақша босатып отырған еді. Ал сонан кейінгі жерде патша үкіметі ислам діні мен мұсылман діни қызметкерлерін қолдаудан іс жүзінде бас тартты. Мұндай теріс айналудың себебі мұсылман діни қызметкерлерінің көптеген өкілдерінің орысқы өарсы позицияда екендігіне бұл кезде патша үкіметінің көзі жетті...»
«1866 жылға Ереже бойынша қазақтың діни істері Орынбор муфтиінің (Мұсылман діни қызметкерлері бастығының) қарауына алынды. Молдалар жалпы азаматтық басқармаға, ал ол арқылы – Ішкі істер министрлігіне бағынатын болды. Молдаларды халық сайлайтын болды, бірақ бір болысқа бір молдадан артық сайланбауға тиіс болды, және оның Россия мемлекетінің қол астындағы адамның болуы міндетті болды. Молдалардың молдалық атағын бекітетін және оны молдалықтан шығаратын облыстық басқарма болды. Сұраусыз мешіт салуға, жаңа мұсылман медреселерін ашуға тыйым салынды».
Бұл шаралар үстіне 1883 жылғы Оқу министрі граф Толстойдың қазақ даласындағы әкімдерге берген мына нұсқауын қоссақ, патша үкіметінің бұл іске қаншалық мән бергенін байқау қиын емес. Ол нұсқауда былай деп жазылған: «пресечь мусульманской пропаганде путь в среду киргизов и что для этого прежде всего необходимо безотлагательно заменить в местных управлениях переводчиков и писмоводителей из татар и башкир природными киргизами, воспитавшимися в русских учебных заведениях,… а затем постепенно вводить в официальную переписку с местным начальством киргизский язык с русским алфавитом». Бұл нұсқаудың қаншалықты тез орындалғанын төмендегі фактіден көруге болады. Сол 1883 жылдың июнь айында жоғарыдағы нұсқауға жауап ретінде Торғай облысының әскери губернаторы Константинович татар, башқұрлардан уездік мекемелерде бірде-бір переводчик, болыстарда бірде-бір хат жүргізуші қалмағанын граф Толстойға хабарлаған».
Бұл жағдайлар қазақ тіліне араб-парсы сөздерінің жаңадан кіруіне де белгілі дәрежеде тежеу салған сияқты. Осы жағдайлардан ба, әлде газет редакциясы газетті қазақ тілінде шығаруға тырысқандықтн ба «Түркістан уәләяты газетінің» тілінде араб-парсы сөздері өте сирек кездеседі, кездескенінің өзі о бастағы тұлғасын мүлде өзгерткен, халықтың ауызекі тілінде қолданылып кеткендері ғана. Ал «Дала уәләятының газеті» шыға бастаған XIX ғасырдың 80 жылдары араб-парсы сөздерінің кіру қарқыны мүлде әлсіреген болатын. Бұл газет патша әкімшілігінің органы болғандықтан, өз бетінде патша үкіметінің жоғарыдағы татарға қарсы саясатын насихаттаушы болды. Сондықтан «Дала уәләяты газеті» қазақ тіліне араб-парсы сөздерін көбірек кіргізуге ынталы болған жоқ. Сол кезде қазақ тілі грамматикаларын жазған орыс ориеталистері де (Ильминский, Мелиоранский, Васильев, Лаптев т.б.) қазақ тіліне араб-парсы, татар тілдерінің тигізген әсеріне қарсы күресіп, «Дала уәләяты газетінің» бұдан аулақ болуы үшін барлық шараны істеп бақты.
Дегенмен газет сол кезде халық ұғымына әбден сіңіп, оның қажетіне асып жүрегн араб-парсы сөздерін батыл қолданды. Сондай-ақ қазақ ұғымында жоқ орыс сөздерін аударуда кей жағдайда термин ретінде араб-парсы сөздерін еріксіз кіргізуге де мәжбүр болды.
Алғашқы
жылдары газет бетіндегі

- Алғашқы қаржылық құралдар
- Алғашқы қауымдық құрылыс.
- Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы
- Алғашқы қоғамдық құрылыс және оның ыдырауы
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілде
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері
- Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
- Алғашқы биотехнология
- Алғашқы дүние терең Отан тарихының бесігі
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету шаралары
- Алғашқы қазақ газеттері
- Алғашқы қазақ газеттерінің іс қағаздар стілін қалыптастырудағы рөлі