Алғашқы қауымдық құрылыс.
Дархан ҚЫДЫРӘЛІ. МӘҢГІЛІККЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ
Жәрдемші
Дін - адамзат тарихымен бірге жасап келе жатқан, өлмейтін, көнермейтін, мәңгілікке жетелейтін қастерлі де қасиетті ұғым, бүкіл әлемге ортақ құндылық. Адам ата алейһиссаламнан бастау алатын алғашқы адамдардың бойында да сана мен сезім, махаббат пен мейірім, ар-намыс пен ұждан және адамгершілік ізгі қасиеттер сияқты дінге, құдіретке, жаратушыға деген жоғары сенім болған. Осылайша, есте жоқ ықылым замандардан бері сенім - жүрекпен, дін - адаммен бірге өмір сүріп келеді. Бұл тұжырымды бүгінде ғылыми зерттеулер де қуаттап отыр. Мәселен, Африканың Натал аймағында жүргізілген археологиялық қазба және түрлі зерттеу жұмыстары бұдан 100 000 жылдай бұрын өмір сүрген ежелгі қауым өкілдерінің өзіндік діни нанымдары болғанын айқындап берді. Бұл - «тас дәуірі» деп аталатын өркениеттің нәресте шағында-ақ адамзат баласының жоғары дамыған рухани және мәдени құндылықтарға ие болғанын көрсетсе керек. Басқаша айтқанда, алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінің адамдары да діни нанымдарға сеніп, ақыретке иланып, Жаратқанға сиынып, түрлі жоралғыларын жасаған. Сондықтан болса керек, алғашқы тарихшылардың бірі Плутарх кезінде «Жер-жаһанды кезіп, шарласаңыз - қорған-қаласыз, әдебиетсіз, өнерсіз, заңсыз, жүйесіз, қазына-байлықсыз қауымдар мен тайпаларға кез боларсыз, алайда, дінсіз, наным-сенімсіз бірде-бір ел көре алмайсыз» деп жазған екен. Бертінде өмір сүрген әйгілі ойшыл-философ Бергсон осы пікірді қуаттай отырып, мәдениетсіз және әдебиетсіз халықтар болса да, дінсіз қауымның болмағанын һәм болмайтынын ескертеді.
Дінді шындығында ешкім жоққа шығара алмағанымен, ол туралы әркім таным-түсінігіне орай әрқилы пікір айтады. Кешегі кеңестік идеология ту етіп көтерген маркстік көзқарас бойынша «дін - апиын». Әрине, Карл Маркстің мұндай қорытындыға келуіне сол уақытта батыста үстемдік құрып тұрған христиан теологиясы мен шіркеу де аз ықпал етпеген сияқты. Мәселен, батыс елдеріне ортақ атау болып тараған латынша «религио» сөзі «жаратқанға тағзым ету, құрмет көрсету және қорқу» сияқты ұғымдарды білдіреді екен. Оның үстіне, өзіне шексіз биліктің тікелей Тәңір тарапынан берілгенін алға тартқан шіркеу, ұзақ уақыт бойы бұқара халықты қорқытып, үркітіп, ойшылдар мен ғалымдарды жазықсыз соттап, отқа жағып, еркін ойды тұншықтырып келді. Шіркеу иелері Жаратқанның атынан сөйлеп, көптеген догмалар қалыптастырып, оларды былайғы жұрттың талқылауына, талдауына, тіпті, ойлауына тыйым салды. Мәселелерге ғылыми көзқарас танытқысы келгендер «дінсіз» деп айыпталып, қуғындалды. Осылайша, батыста «дін» ұғымы соқыр сенімнің, догманың, қорқу мен үрейдің, қалтқысыз қабылдаудың, толық мойынсұнудың баламасы ретінде қалыптасты. Міне, сондықтан, батыс қоғамының қалыптасу кезеңін зерттеу барысында ымырасыз, қатал, ғасырлар бойы көптеген мемлекеттерді матап, халықты қанап, елді уысында ұстап келген шіркеудің билігіне көз жеткізген Карл Маркс дінді «апиынға» теңеген де болар.
Осы көзқарастан алшақ жатпаған материалистер дінді «табиғаттың дүлей күші алдында өзін қауқарсыз сезінген алғашқы адамдардың тылсымның алдында тізе бүгіп, түрлі тотемдер мен пұттарға табынып, жалбарынуы» деп қабылдайды. Олардың сөзіне сенсек, осылайша анимизм, фетишизм, паганизм, тотемизм сияқты наным-сенімдер пайда болып, кейін уақыт өте келе ұсақ пұттар ірі құдайларға айналған. «Діндерді адамдардың өздері ойлап тапты, ол қауқарсыздық пен соқыр сенімнің нәтижесі» деген ұғымға саятын бұл түсініктің Чарльз Дарвиннің эволюция туралы әйгілі теориясы бойынша жасалған тұжырымнан туғаны белгілі.
Өкініштісі сол, болжам-долбарға сүйенген Дарвин мен Ламарктің ілімін бүгінгі генетика және археология сияқты нақты ғылымдар бұлтартпас дәйектермен жоққа шығарғанымен, біздің қоғамымыз әлі де осы түсініктің жетегінен шыға алмай келеді. Тіпті дін төңірегінде ой айтып жүрген әйдік ағаларымыздың өзі батыс пен шығыстың, шіркеу мен мешіттің, христиандық теология мен мұсылмандық танымның бір-бірінен мүлдем алшақ дүниелер екенін біле тұра (яки білмей), әлі күнге дейін діннің өсіп-өркендеуін материалистік, маркстік, дарвиндік көзқарас тұрғысынан түсіндіріп келеді.
Елдегі енді бір топ дінді идеология ретінде қабылдайды. Олардың түсінігі бойынша «дін - ақылды адамдардың бұқара халықты оңай басқаруы, бір идеяның төңірегінде ұйытуы үшін ойлап тапқаны». Басқаша айтқанда, олар дінді ақылға қонымды, пайдалы, бірақ білімі төмен бұқара халық үшін ойдан жасалған дүние деп қарастырады. Өздерін бір жаратушының бар екеніне сенетін, сонымен қатар, зиялы, зайырлы деп есептейтін мұндай кісілер дінді «жүрек яки ұждан мәселесі» деп қана ойлайды. Бұдан да батыстық ұғымның жетегінде қалыптасқан, атеизмнен қалған, көнерген ескі түсініктің табын сезуге болады. Батыстық қалыптасқан ұғым бойынша бүкіл наным-сенімдер мен киелі элементтерге табынушылық, түрлі ритуалдардың барлығы да дін. Міне, содан келіп біз қазір философиялық ағымды да, танымды да, нанымды да, көзсіз соқыр сенімді де - байыбына бармай, бәріне тұтас қарап, түгелін дерлік дінге теліп жүрміз.
Дін жайындағы жоғарыда айтылған батыстық танымдар мен исламдағы түсінік арасында айтарлықтай алшақтық бар. Сөздікте «бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» деген сияқты мағыналар беретін дін - тек Жаратқанды танып, білу және оған жалбарынып, мінәжат етуден немесе Тәңірге табынудан ғана тұрмайды, сонымен бірге дін - илаһи әмірлер арқылы адамзат баласын кемелдікке бастап, өзіндік дүниетаным мен қағидалар жиынтығы арқылы көркем мінез бен ізгілік атаулыны өмірдің бар саласына орнықтырады. Дін - әйгілі сахаба Риби ибн Амирдің Иран қолбасшысы Рүстемнің алдында айтқанындай, пенделерді құлға құл болудан азат етіп, тек жалғыз Аллаға ғана құл болуға шақыратын, сол арқылы оны дүниедегі әр түрлі қиындық атаулыдан құтқарып, мәңгілік ақырет сағадатына жетелейтін илаһи тұтас жүйе. Басқаша айтқанда, дін - бүкіл ғаламның, болмыстың, жаратылыстың жүрегіне, өзегіне, рухына, тамырына және өне бойына сүйіспеншілік пен ізгілікті орнықтыратын мәңгілік махаббат, Алла мен пенденің арасына жіпсіз орнаған қастерлі, қасиетті көпір. Құран, кейбір батыстық дін тарихшылары мен материалистерге керісінше, әуелгіде анимизм, фетишизм, тотемизм сияқты «измдер» емес, әлімсақтан бері Алла Тағаланың құзырында тек бір ғана діннің бар болғанын айтады. Құранның баяны бойынша, алғашқы пайғамбар болған Адам атадан бергі барлық пайғамбарлар адамзатқа Алланың бір және теңдессіз екенін, ақыреттің бар және тағдырдың хақ екенін уағыздап келген. Бұл тұжырым бойынша, адамның арғы атасы ұждан мен парасат, ақыл мен ой иесі, саналы адам болған және діни нанымдарға сеніп, Жаратқанға сиынып, ақыретке иланған. Бұл орайда үндінің қасиетті кітаптарын зерттеген неміс ойшылы Шеллингтің «Адамзат әуелде бір болған және жалғыз жаратушыға иман келтірген. Байырғы дін кейін жұлдыздардай шашылып, құрақтай бөлініп кеткен» деген сөзі мен атақты антрополог-ғалым Шмидттің: «барлық діндер әуел бастағы тек тәңірлі діннен өрбіген» деген пікірі Құранның баянынан алшақ жатқан жоқ.
Дінсіз адам болуы мүмкін, алайда, дінсіз қоғам болмайды. Әйгілі Әмір Темір кезінде өмір сүріп, артына өшпейтін мол мұра қалдырған, бүгінде қоғамтану ғылымының атасы саналатын Ибн Халдун «Мұқаддима» деп аталатын әйгілі еңбегінде діннің қоғамдық қатынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысатынын, бұған тиісінше мемлекеттік биліктің де дінге қамқор болатынын атап көрсеткен.
Бұл - қисынды да. Өйткені, дін қоғамдық құбылыс болғандықтан, мемлекет одан ешқашан тыс қала алмайды. Діни сенім мен құндылықтар азаматтардың бойына имандылық пен әдепті ұялатады, кісілік пен парасаттылықты қалыптастырады, нашақорлық, зинақорлық сияқты жат қылықтар мен жамандықтардан тыяды, отбасын ұйытып, қоғамды орнықтырады. Қазіргі батыстық қоғамның қалыптасуына ықпал еткен Руссо қоғамның тұрақтылығы үшін азаматтардың діндар болуы тиіс екенін жазған екен. Оның пікірінше, діндар азаматтар мемлекетке ерекше құрметпен қарайды, билікке мойынсұнады һәм отаншыл болады. Дін осылайша заңмен де орнықтыра алмайтын кейбір қоғамдық қатынастарды реттей отырып мемлекет істеріне болысады. Ал өз кезегінде мемлекет те дінді қадағалап, реттеп отыруы тиіс. Мемлекет ұлт пен халық мүддесі тұрғысынан реттемесе, әртүрлі жат секталар қоғамды жайлап, діни алауыздық туындап, осылайша тәуелсіздікке қауіп төнуі де бек мүмкін. Егер дінге деген мемлекеттік айқын көзқарас қалыптастырмаса, онда діннің атын жамылған әлдекімдер мемлекет тағдырымен айналыса бастайтыны тағы анық. Бұл ретте дінді саясатқа айналдыру немесе саясат үшін дінді қолдану әрекеті мемлекет үшін қауіпті құбылыс екені анық. Ерекше ескерерлік жайт, мұндай пенделік дау-жанжалдар мен түрлі саяси науқандарға діни сипат беру, діннің атын жамылу немесе дінді бет перде етіп қолдану әрекетінен ең бастысы дін зардап шекпек. Мұндай жағдайда, қарапайым діндар жандарға да күдіктің қара бұлты үйіріліп, сенімдеріне селкеу түспек.
Ұлыстың ұйытқысы - ұлт, мемлекеттің өзегі - қоғам болса, сол ұлт пен қоғамның рухы - дін. Бұл ретте, біз көптеген қауымдардың топтасуына, ұлттардың ұйысуына, ұлыс ретінде қалыптасуына діннің ықпалының аса жоғары болғанын еске алсақ та жеткілікті. Мәселен, бүгінгі ормандай орыс халқы православ шіркеуінің арқасында алты бақан алауыздығынан арылып қана қоймай, биік мұраттарды мақсат тұтқан іргелі империя деңгейіне жетті. Бұл орайда тағы бір айта кетерлік жайт, ұлтты қалыптастыруда дін факторы, тіпті кейде тілдік фактордан да биік түсіп жатады. Бұған түп-тамыры бір, тілдері жақын бола тұра түрлі діндерді ұстанғандықтан, уақыт өте-келе бір-біріне қару кезенген бұрынғы Югославия шеңберіндегі елдердің тағдыры мысал бола алады.
Болмысында бей-
Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына ықпал еткен Ислам - кендік пен кешірімнің, келісім мен түсіністіктің, бейбітшілік пен татулықтың діні. Ол басқа сенім өкілдеріне мейлінше мейіріммен және түсіністікпен қарайды. Хазіреті Мұхаммед алейһиссалам негізін қалаған алғашқы ислам мемлекеті - Мәдина қала-мемлекетінен бастап, ислам діні салтанат құрған барлық жерлерде өзге сенім өкілдері, әсіресе христиандар мен яхудилер сан ғасырлар бойы тыныштық пен бейбітшілік ішінде өмір сүрді. Бүгінгі қазақ жеріндегі толеранттылық пен төзімділікті, кеңдік пен келісімді осы исламдық негізден іздеген жөн сияқты.
Ислам дінін әлемдегі негізгі бес мәдениеттің бірі ретінде атап көрсеткен атақты тарихшы, қоғамтанушы А. Тойнби: «...мұсылмандардың рушылдық пен әсіре ұлтшылдықты ауыздықтаудағы ахлақи, моральдық жетістіктері қазіргі дүниеге қаншалықты қажет десеңізші. Мәселенің келісім мен бейбітшілік аясында шешілуі үшін осы мұсылман парасатының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау шарт», - дейді. Расында, адами қасиеттерді ардақтап, адам құқығын аяққа таптамай, оны асқақ ұстау - исламның басты ерекшеліктерінің бірі. Алла Тағала қасиетті кітап Құран Кәрімде бір-бірімен танысып, білісуі үшін адамдарды қауым-қауым, тайпа-тайпа етіп жаратқанын ескертеді. Сондықтан, ислам дінін қабылдаған кез келген қауым өзінің тілі мен ділін сақтап қалып отырған. Сөзіміздің айғағы ретінде, исламға мойынсұнған түрік халықтарының бүгінде өз тілін, ділін және түпкі дәстүрін сақтап қалғанын айтсақ та жеткілікті. Тіпті олар өз салт-дәстүрін, тұрмыс салты мен мерекелерін ислам дінімен ұштастырып, оны байытып отыр.
Сонымен бірге, мұсылман елдерінде батыстағыдай таза теократиялық мемлекеттің болмағаны анық. Мәселен, католиктердің сенімі бойынша Папа Тәңірдің және Хазіреті Исаның жердегі өкілі, сондықтан ол жаңылыспайды, қателеспейді, Тәңірдің атынан билік жүргізетін болғандықтан оның әмірлерін бұлжытпай орындау керек. Ол қалағанын дінге кіргізіп, қалағанын діннен шығарады, күнәні кешіріп, жұмақты сыйға тартады яки жаратпағанын жаһаннамға аттандырады. Осындай шексіз билікті қолына шоғырландырған Папалар патшаларға үкімін жүргізді, шіркеудің атынан крест жорықтарын ұйымдастырды. Сондықтан батыста зайырлылыққа талпыну - мемлекетті шіркеудің шексіз билігінен құтқару әрекетінен басталған еді. Батыстық Макявелли, Хоббес, Руссо, Лок және басқа да ойшылдар шығармаларында мемлекетті діннің құрсауынан құтқарып, шіркеуді өз қызметіне жегу туралы жазды.
Ислам, бүгінгі түсінікпен айтқанда, зайырлы дін. Інжілде айтылған «Тәңірдің ақысы - Тәңірге, Цезардың ақысы - Цезарға» деген қағида болмағандықтан, Исламда білім мен иман, ақыл мен жүрек, тән мен рух, мемлекет пен дін арасында да қайшылық жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, батыста зайырлы қоғам орнатуды көксеген ойшылдардың өзі исламды тану арқылы сондай байламға келген деуге негіз бар.
Ислам тарихына жіті үңіліп қарайтын болсақ, мұсылман мемлекеттерін молдалар мен имамдар емес, сұлтандар басқарып келгенін аңғарамыз. Мәселен, ғасырлар бойы ислам әлемінің туын жықпай ұстаған Османлы империясының сұлтандары халифа бола тұрып, діни мәселелерді шайхул-ислам, қазы, муфти және білікті ғалымдардың еншісіне қалдырған. Ал, өз кезегінде дін ғалымдары да мемлекет істеріне жөн-жосықсыз араласып, өз үстемдіктерін жүргізуге ұмтылмаған. Тіпті көптеген мұсылман ғалымдардың пікірінше, мемлекет басшысының діндар болуы да шарт емес. Ол ең бастысы дүние істерін жетік білетін, парасатты және әділ болуы керек.
Исламдық сенім бойынша Ұлы Жаратушы мен пенденің арасына ешкімнің кіре алмайтыны сияқты, ешкім де, мейлі ол халифа-сұлтан болсын, пайғамбарға өкіл бола алмайды, Алла Тағаланың атынан үкім бере алмайды. Айталық, кісі күнәлі болса, ешкім оның күнәсін жуып, арылта алмайды немесе шіркеудегі сияқты оған «жұмақтың кілтін» сыйға тарта алмайды. Дұға мен тілек - құдіретті Жаратушы мен пенде арасындағы байланыс болғандықтан, әр адам күнәсынан тазару үшін рақым-мейірімі шексіз, мейірімді Алла Тағаланың алдында тізе бүгіп, тәубаға келіп, басын сәждеге қойып, шынайы ықыласымен жалбарынуға тиіс. Сондықтан, ислам белгілі бір топтың меншігіндегі киелі элемент емес, ол қастерлі бола тұра әрбір мұсылманның жүрегі мен тілегінен, ниеті мен амалынан орын алған және жалпы адамзаттың қолы жетерлік күнделікті өмір салты.
Осы орайда айта кетерлік бір жәйт, халық арасында Құран тек өлім-жітім кезінде ғана марқұмның артынан бағышталып оқылатын кітапқа баланады. Құран - әрбір мұсылман тарапынан қырағатынан тұшынып, тәпсір-тәуилінен түсініп оқылуы тиіс өмірлік құбыланама, бұлжымас бағдарлама. Сондықтан, ол - әрі зікір, әрі шүкір және пікір кітабы.
Бүкіл адамзатқа жіберілген кәміл дін болғандықтан, исламда әлеуметтік әділет пен теңдік жан-жақты қарастырылған. Ол капитализм сияқты тек жеке кісіні, немесе, социализм сияқты тек қоғамды ғана негізге алмайды. Кісілік қалып және оның қабілеті мен мүмкіндіктеріне толық ерік берген ислам діні адам бақыты мен жамағаттың жақсылығы арасында керемет үйлесім құрған. Көршісі аш отырып, өзі тоқ болған кісінің кәміл мұсылман бола алмайтынын хадистерінде ескерткен Хазіреті пайғамбар, осылайша, үмбетін әлеуметтік әділеттілікке шақырды. Аллаға иман келтірген, жамағатпен намаз оқыған немесе Қағбаны тауап етіп айналып жүрген мұсылмандардың барлығы, түр-түсіне қарамастан, бір үйдің балалары сияқты, бәрі бір-бірімен бауыр болып кетеді. Бұл бауырластық дүниеқұмарлық, пайдакүнемдік немесе қандай да болмасын саяси билік үшін құралған жасанды идеология емес, жүректер үндестігінен туған рухани бірлестік. Үмбет болған адам бір жүрек, бір тілек болып бір адамдай, бір ұлттай қабысып, астасып кетеді. Сондықтан, басқа сенім өкілдерінде «үмбет» сөзінің баламасы жоқ.
Ислам діні, бай мен жарлының арасындағы әлеуметтік айырмашылықты «тап күресі» сияқты өшпенділікті өршітетін ұран тастамай, керісінше, пітір, садақа, зекет беру мен қоғамға пайдалы, сауабы мол ізгілікті, қайырлы істер жасау жолында жарысуға шақыру арқылы мейірімділікпен шешеді. Шынайы мұсылман дүние жолында қол жеткізген жетістіктерге малданып, қуанбайды, ал, жоғалтқан нәрселері үшін де опынып, өкінбейді. Ол өзінің әрбір ісіне есеп беріп, барлығын тек бір Алла Тағаладан болады деп біледі. Осы орайда, арсыз нәпсіні тәрбиелеп, байды шүкірге, қайырым мен мейірімге, ал, кедейді қанағатқа жетелейтін ораза айының ерекшелігін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ислам діні арқылы пайда болған қайырымдылық қорлары жарлы-жақыбайларға, жетім-жесірлерге жәрдем беріп, оларды әрдайым өз қамқорлығына алып отырған.
Ислам дінінде Жаратқан Иеге жақындық байлықпен, салтанатпен немесе тектілікпен өлшенбейді. Жалпы, исламда «тектілік» деген ұғым жоқ, Алланың құзырында адам баласының бәрі тең дәрежеде. Хадисте айтылғандай, араб пен ажамның арасында тек тұрғысынан алғанда айырмашылық жоқ. Айырмашылық - олардың ықыласы мен тақуалығында, білімі мен парасатында, ғибадаты мен амалында, ниязы мен намазында және жасаған жақсылықтарында. Мәселен, жамағатпен намаз оқылған сәтте патша мен жарлы, бай мен сіңірі шыққан кедей қатар тұрады, тіпті білімі мен тақуалығы басым болса, «қарадан шыққан» кісі ханға имам болады. Сондықтан, хадисте «Алла Тағала адамның түр-әлпеті мен мал-мүлкіне емес, оның жүрегіне қарайды» деп айтылған.
Алланың жолдауы - ізгілік бастауы. «Адамзатты махаббатпен жаратқан» (Абай), сондықтан, адам баласына жүрек беріп, оған ізгі сезімдер дарытқан, тура жолды көрсетіп, мейірім-шуағын төккен Алла Тағала, хадисте айтылғандай, «пендесін, ананың өз перзентін сүйгеннен артық жақсы көреді». Ендеше, құндылығын танып, тұңғиығына терең бойлай білсек, ислам дінінің қазақ жеріндегі татулық пен келісімнің де кепілі болары анық.
Kapitalizm. Kommunizm
Рефераттарды іздеу
Content contains form - click here to view in popup window
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Саяси ойлар және қазіргі кездегі
саяси мектептедің тарихы. Қай заманның
ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана
мәселе – халықты бақытты ету жолдарын
іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше
шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері
мен ойшылдарын былай топтауға болады:
1. Ерте дүние Конфуций, Будда,
Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит,
Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф.
Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас
Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс, Д. Уинстенли,
Джон Локк.
«Ағарту» Ш.Монтескье, Вольтер,
Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри,
Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев.
Жаңа және жаңаша уақыт И.
Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен
– Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, Н.Чернышевский,
А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс,
Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Қазақ ойшылдары.
Қазіргі заман cоциал – демократиялық
саяси доктринлар, буржуазиялық саяси
қырлары,
діннің саяси қырлары, саяси экстремизмнің
доктриналары.
2. Ежелгі дүние дәуіріндегі саяси
ойдың қалыптасуы.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра
қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон,
ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын
аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан,
жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный»
Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта
мәңгілік қалды. Платон атақты ғалым Сократтың
мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын
ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері
бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа
байланысты шығармалары бар. Платонның
ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады.
Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал
шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен
айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін айырбас жасайды.
Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады
деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты,
ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы
керек деген. Қорғаушылар - мемлекетті
қорғайды, өндірушілер - мемлекетті материалдық
жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір
таптың екінші тапқа өтуіне болмайды.
Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей
болмағанын қалады деген. Сонымен қатар
Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал
жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады
деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың
мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін
адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының
ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет
қорғайды деп түсінген.
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер
билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам
қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында
болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында
болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы
қолында болады.
Платонның
ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық
мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық
билейді, оның принциптері - адамгершілік,
абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі
Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.)
саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған.
Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар
туралы", "Міндеттер туралы" деген
еңбектері бар. Цицеронның ойынша мемлекет
меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір
сүруге тырысатын табиғи талабынан туады.
Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік
теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси
қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен
теңсіздікті әділеттілік деп санады.
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы
Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары
Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.
Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің
негізделуі .Табиғат пен қоғамның заңдары
- мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский
ХШ ғ.Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы:
әлемдік тәртіпті құдай жаратқан. Өкіметті
сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен,
адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде
де тең. Шіркеудің рухани диктатурасымен
күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты
жоққа шығару. Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі
мен патша үкіметінің үстемдігі туралы
идеялар. Орта ғасырда феодалдық қоғамның
орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм
мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта
дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты
болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі
келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор
еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430)
еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі
қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның
саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы"
деген еңбегінде баяндалған. Августин
барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық
мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің,
нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік
береді, яғни адамдардың құдай жолымен
өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған
байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер
- болашақта құдаймен мәңгілік патшалық
құрады.
Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан
мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп,
шыңына жеткізген монах Фома Аквинский
(1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы
туралы", "Психологияның жиынтығы"
деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз
адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара
қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп
өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік
биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету",
адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір
сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа
бағынуы керек деп санаған. Ф.Аквинскийдің
ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды.
Сондықтан патшалық билік діни билікке
бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим
папасы билік етуі керек деген. 4. "Қайта
өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі
саяси ойдың ерекшеліктері - Қайта өрлеу
дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері
бар. Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы,
мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын
негіздеу. Мемлекет туралы жүйелі ілім
қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет"
деген ұғымды енгізу. Буржуазиялық мемлекеттің
абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын
тұжырымдау. Буржуазиялық саяси-құқықтық
ойлардың пайда болуы. Азаматтық қоғам
және қоғамдық келісім теориясының өкіметті
бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм
және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық
социализм. Қоғамдық дамудың, білімнің,
ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын
жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары
мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси
өзгерістердің қозғаушы күші. Феодализм
ыдырап капитализм орнай бастады. Католик
шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына
қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын
қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта
өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа
енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту
демократияландыру басты мақсат болды.
Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта
өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло
Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша",
"Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы
ойлар", "Флоренцияның тарихы",
т.с.с. еңбектері болған. Макиавелли дінге
қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын
енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет
басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы.
Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті,
теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса
ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді.
Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін
болсын қолдануды сұрады.
5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар.
Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық
революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг,
Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам,
мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік
Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон,
Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау,
қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті
жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке
адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық
социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский,
Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен
жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену
орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі
социализм.
4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс,
В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің
сөздігі және комунистік қоғам құру Әлеуметтік
социалистік революция және социализм
теориялары. Әлемдік революциялық процесс.
Социализм құрылысының жолдары.
Жаңа заман XVII ғасырдағы
Англиядағы буржуазиялық революция тұсында
басталды.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі
- ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның
ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік
пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін
шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.
Францияда буржуазиялық революцияның
өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың
адамгершілік бейнесін, оның заңдарының
айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық
ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды
тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз
етуге міндетті деген ұстанымда болды.
Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо
(1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың
мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті
ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет
шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей,
адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826).
0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік
декларадиясын" жазды. Декларацияда
адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген
зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы
барлық адамдарды тең етіп жаратты және
олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа
тырысуына құқығы бар делінген. Келесі
ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын
азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып
қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша,
мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты
қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз
ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті
жақтады. Германияның ойшылы Иммануил
Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас
жөніндегі жалпы тарихтың идеялары",
"Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері
бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда
өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа
алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық
соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер
арасындағы халық аралық сауда мен өзара
қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату
мен сақтаудың құралы деп білді. Пролетариат
күресінің алғашқы кезенінде Сен-Симон.
Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер
болды. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек
ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар
материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне
баса назар аударды. К.Маркс пен Ф.Энгельстің
саяси идеялары
1. Капиталистік қоғамды жою туралы қажеттілік.
2. Коммунизмді құру идеясы.
3.Саясат туралы жалпы теорнялық және методологиялық
ойлары.
4.Тап күресі, пролетариаттың тарихи міндеті
және оның одақтар туралы пікірлері.
5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы
тұжырымдама.
6.Жұмысшы тобының азаттық күресінде коммунистік
партияның жетекшілік рөлі.
7.Пролетариаттар күресінің стратегиясы
мен тәсілдері жөніндегі принциптері.
8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның
негізгі белгілері, мәні сипаты туралы
қағидалары.
9. Соғыс және әскер, революция жеңістерін
қорғау тұрғысындағы саяси ойлар.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық
қоғамның таптық күресінің шиеленіске
бастауы - марксизм теориясын тудырды.
К.Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономияда
жаңалық ашты: өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастар салдарынан қақтығыс туып,
аяғы социалистік революцияға айналады,
басты рөлде - пролетариат болады. Олар
шаруамен одақтасуы қажет деді.
К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы
туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық
жасаушы- коммунисттік партия болады деген
тұжырымдама жасады.
7. В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары.
В.И.Лениннің идеялары
В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды:
1.Жаңа тұрпатты саяси партия туралы ілім.
2.Жұмысшы табының одақтары туралы маркстік
идеяларды жаңа жағдайға байланысты тұжырымдауы.
3.Социалистік революцияның лениндік теориясы.
4.Жаңа саяси жағдайда коммунистік партияның
стратегиясы мен тәжірибесін ұсынуы.
5.Буржуазиялық-демократиялық революцияның
социалистік революцияға ұласуы, имперализм
туралы пікірлері.
6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты
жөніндегі теориялары.
7. Социализм тұжырымдамасының негізгі
бағыттары.
В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс пен Ф.Энгельстің
ізбасары болды. Ол капитализм дамуының,
импералистік сатысының заңдылықтарын
зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы
ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы
болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді
индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын
кооперациялаумен және мәдени революцияны
жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм
идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат
болмайды деп ұқты.
8. Қазақ жеріндегі ойшылдар
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси
ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы,
әлеуметтанушысы. Математигі, физигі,
астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы,
музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед
Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір
сүрген. Ол екінші Аристотель атанған.
Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа
жету жолдары", "Саясат туралы",
"Азаматтық саясат" деген еңбектері
бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады.
Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға
лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға
тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана
жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар
достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі —
Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол
- ақын, философ, қоғам қайраткері болған.
"Құтадғу білік" (Құтты білік) деген
дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған.
Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны
мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы,
т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті
аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған
хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар,
"Қасымханның қасқа жолы", "Есім
ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған
заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған
қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын
жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік
құрылымының негізгі принциптері айқындалды.
Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін"
тұрақты орган ретінде қалыптастырып,
рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына
түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор
болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов
(1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы,
этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері
мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан
қорғауды, қолынан келгенше оның рухани
және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды
өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның
ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін
билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты
болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің
жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың
жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады.
"Сот реформасы жайындағы хат" деген
еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру
үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай
Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс
көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің
негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты
билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан
құтқара алады деп, барлық күш-жігерін
олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж.
Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ
қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев
(1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін
күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне
назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым,
қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп,
асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын
аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX
ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған
алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті.
Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев,
Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді
жатқызуға болады.
9. Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм"
ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы
француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша
әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып,
қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін
қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы
дүниеге келді. "Элита" - яғни француз
тілінде "ең жақсы" "іріктелген",
"сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді
білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска,
В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу
зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін
пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан
қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы
Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің,
өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған
жеткілікті географиялық кеңістік қажет.
Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен
қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан
қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға
алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас
экономиканы", саяси әділеттілікті,
пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік
реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге
араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын
берген дұрыс деп санайды.

- Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы
- Алғашқы қоғамдық құрылыс және оның ыдырауы
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілде
- Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері
- Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек және 1978 жылғы Алматы Декларациясы
- Алғашқы мектептін пайда болуы
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету
- Алғашқы көмек көрсету шаралары
- Алғашқы қазақ газеттері
- Алғашқы қазақ газеттерінің іс қағаздар стілін қалыптастырудағы рөлі
- Алғашқы қазақ газеттерінің ресми іс қағаздар стилін қалыптастырудағы рөлі
- Алғашқы қаржылық құралдар