Алкоголизм. 4

АЛКОГОЛИЗМ - АЖАЛ АПАНЫ!

Ішімдікке дағдылану – алкоголизм деп аталатын психологиялық сырқаттың алғышарттарының бірі. Бұл дерт біздің ұлтымызға жат еді. Осы күндері өкінішке орай жиі кездестіріп қалып жатамыз.  Жуырда Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері ұлттық орталығының мамандары журналистер алдында ресми мәлімдеме жасады. Келтірілген деректер жаға ұстатады. Алькогольді ішімдік ішуден біздің еліміз алдыда келеді! Еліміз сыраны тұтыну көрсеткіші бойынша әлемде 8-ші, ал Азияда тіпті алғашқы орынға шығыпты.

 

 

Қазақстанда соңғы кездері балалардың - 9,4, ал жасөспірімдердің - 21,3, ересектердің 46 пайызы алкогольді ішімдіктерді тұтынады. Оның ішінде, әсіресе студенттік ортада, сыра сәнді ішімдікке айналып отыр. 2007 жылғы орталықтың зерттеулері бойынша Қазақстан халқының 35,6 пайызы алкогольді ішімдіктерге бейім. Оның үстіне республикамызда ішімдікке әуестенушілер қатары күн санап жасарып барады. Айналымдағы ащы судың көлемі де арта түскен.   

 

Ішімдік ішуден алдыңғы орындарға іліккен елімізде әр адам басына шаққанда, орташа 31 литр сыра, 12 литр арақтан келеді екен. Арақ ішу жағынан проценттік көрсеткіш бойынша тіпті Ресейді де басып озыппыз. Әрі ең сорақысы сол, бұл көрсеткіш қарқынды түрде өсіп келеді. Тек соңғы үш жылдың өзінде ғана, жергілікті наркодиспансерлерде ем қабылдаушы маскүнемдердің саны 10 есеге артқан. Тағы бір тың дерек, өкініштісі, ішімдік ішуден қаракөз жасөпірімдер де әке-шешелерінен қалысар емес.                                        

 

Мәселен, Алматы қалалық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Шөпшекбаеваның айтуынша елімізде 2 мың 532 баланың ішімдікке әуес екені анықталып, 1 мың 996 жасөспірімге «алкоголизм» деген диагноз қойылыпты. Олардың ең кішкентайының жасы – 14-те екен. Қоғамдық орындарда спиртті ішімдік ішуге байланысты шыққан Жаңа заң аясында қаншама бозбала мен бойжеткен құқық қорғаушылардың назарына ілігіп жатыр?Дәрігер наркологтар араққа салынғандарға қарағанда, сыраны сүйетіндермен күресудің қиын екенін айтады.                

 

Бүгінде елімізде есепке алынған 300 мыңнан аса тұрғын ащы судың жетегінен шыға алмай жүр. Алайда бұл нақты дерек емес. Республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының меңгерушісі Айгүл Нәшкенованың айтуынша шын мәнінде ішімдікке тәуелді жандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Себебі, олардың көбі жеке клиникаларда емделгендіктен тіркеуге алынбайды. Сондай-ақ, ауылды жерлерде ішімдікке әуестілік қалыпты жайт болып санаға сіңіп бара жатқаны тағы бар. Тағы бір дерек бойынша орташа есеппен алғанда, қазақстандықтар алкогольге  14-16 жасынан әуес.       

 

Спиртті өнімдер жайлы сөз қозғалғанда Ішкі істер органдары есебінен де мысалды көптеп келтіруге болады. Мәліметтер бойынша елдегі әрбір оныншы қылмысқа, әрбір үшінші адам өлтіру ісіне ішімдіктің буы себеп болады екен.           

 

Адамның адамшылығын кетіріп, өміріне қауіп төндіретін ішімдік - тұтас ұлттарды да жойып жібере алатынын біле жүргеніміз жөн-ау.

 

"ТВК-6 ақпарат агенттігі"

 

 

 

 

Категориясы: Халал және харам | Ендірген: Hayrulla (30.Қазан.2009) | Авторы: Қ. ЖОЛЫМБЕТ

Көрілді: 2909 | Рейтингі: 4.8/24 |

 

 

Барлық пікірлер: 1 

29.Қазан.2009

1. Жандос (Жан-кз)

АБАЙЛАҢЫЗ АҒАЙЫН, АРАҚ АПАТҚА АПАРАДЫ!

Арақты атасының аманатынан артық ардақтайтын, аузын арақтан ала алмай азып, абыржыған ағайынға арнау

Атаның асын ардақтай алмай, азғындауға апаратын арақтан аса алмай, абдыруың абырой алдырмас. Алпыстан асса да аталар аманатын ақылға алмай, аузын азан айтуға арнай алмай, аманатты араққа айырбастаған ағайынға ақыл айтар аталар азайды. Ал Аллаһтың айтқанын ауызға алсақ: Арақ-арам. Ал арамның азы да арам, аздан арысы да арам! Арамды ауызға алған адам адамдықтың аулынан алыстайды. Ақиқатты айтқан адамға аңтарылып, абдырып алаятын адасушыға айтарым: арамнан аулақтамасаңыздар адамдықтың ауылы алыс. Ал адамдықтың ауылы алыстаса, ақылдан ажырап, ардан айрылып, ақиқаттан алыстайсыз. Аллаһтың атын ауызға алып, ақыл айтатын ауыздан ащы арақ аңқыса арты ағайындардың ардан айрылуына апарады. Ақыл айтар аталар азайғасын, аузына арақ алмаса айлап ауыратын аға-апаларымыз азғындауға айналды. Ал азғындаған адамның атын ардақтау-адамның адамшылығын азайтатын апат. Асылында, ақсақалдарды ардақтамау-артыдағыларға айып. Ал арам аталған арақтан аузын алмай азып, Аллаһтың алдында да, адамдар алдында да айыпты атанған аға-апаларды ардақтау артық па, анадайдан аулақтау абзал ма?!

Аңдамасаңыздар, Аллаһтың алдына айдың аманында, ауырмай-ақ аттанасыздар. Ажал-ақиқат. Ал ардақты ағайын! Ақиқатқа арақтан арылып, ақжарқын, ақылды адамдарша аталарымыздың ақ аманатын арқалап аттанайық!

Аталар аманатын ардақтамай, арақты ауыздарыңызға апарғаннан абырой алдыңыздар ма? Алсаңыздар айтыңыздаршы. Ақылыңның азып, ауруыңның асқынып, ата-анаңның алғысын ала алмай, айдалаға адасқаның-алжасқаның.

Аллаһтың адамзатқа арналған аманаты ақыл арқылы амалға асады. Адамдыққа асықсаң, ақылды амалға асыр, ағайын!

 

Жандос Нығыман.

Маскүнемдік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

 

 

Маскүнем

Маскүнемдік (алкоголизм) —  спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне  зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты  бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының  берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің  балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі  кем болып туады.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы  алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге  ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке  салыну әуелі әуестіктен, соңынан  әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір  ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте  организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл  келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір  бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен  сұрап ішуге арланбайды, оқшау  тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя  мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік  дертіне шалдығудың екінші сатысы —  бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын  ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен  үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын  жазғаннан кейін мұндай белгілері  басылып, жадырағандай болады. Әуелі  басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

 

 

Алкоголизм

Алкоголизмнің екінші сатысында  ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы  алкоголь психоздары пайда болады —  еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға  созыл ып, үшінші сатысына ауысады  да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына  ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын  дозасының өзі мас етеді. Еңбекке  жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін  — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке  салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға  да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан  адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай  жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау  министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде  емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау  және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік  алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты — маскүнем спиртті  ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына  келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш  тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған  емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары —  республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық  наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен  бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері  қолданылады. Ауылдық жерлердемас  күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық  аурухана жанынан наркологиялық  кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет  болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.

ССР Одағы мен одақтас  республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік  қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған  және арнайы емдеу мен сауықтыру  шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіодақ комсомол және басқа  да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық  депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен» тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.

Заңда қоғамдық орындарда  спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл  орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны  үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты  мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы  кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке  үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық  жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті  ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт  арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақгағаны  үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар  ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар  белгіленген. Совет заңы бойынша  мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі.

Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан  адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді.

Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық  жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот  арқылы жаұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.

 

Маскүнемдікті емдеудің негізгі  үш кезеңі бар:

алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін  қалпына келтіру;

ішімдікке әуестікті жойып,

оларға жиіркеніш сезімін  тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру.

Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар  жасаудың айрықша маңызы бар. Г. Айбасова, Ж. Ахметов[1]

 

[өңдеу]Маскүнемдік елірмелер

 

Пайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалық кесел. Барынша  жиі кездесетін түрлері – маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке  жүйесінің түрліше бұзылуы, қызғаныш қозбасы және т.б.[2]

[өңдеу]Сілтемелер

 

"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

[өңдеу]Пайдаланған әдебиет

 

↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық  энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас  ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

Бұл — мақаланың  бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе  аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.

 

МАСКҮНЕМДІК

 

 

Маскүнемдік те қауіпті дерттің  бірі. Оған қарсы алдын алу шараларының  бірнеше бағытта жүргізілуі тектен-тек  емес. Алайда араққа салынып кетпеу – әрбір жеке адамның өзінің түйсігіне  де байланысты дер едік. Кейбіреулер  дәрігерлердің көмегіне жүгініп  жатса, енді біреулер өзінің маскүнем екендігін мойындамай, ішімдікке  қарсы егілуге (кодирование) намыстанып жатады.

– Біздің тұрақты «клиентіміз» болып кеткендер де жоқ емес. Келеді, түнейді ертесіне қайтады. Бұл жерді  жатсынбайды да, – дейді Алматы қаласындағы №1 айықтырғыш бастығының орынбасары К.Есімов.

Оның айтқанынан ұққанымыз  – жұрт бұрын қалай ішті, қазір  де солай ішеді. Статистикалық көрсеткіште  кемігендік те, артқандық да байқалмайды.

– Бірақ, – дейді ол, –  бізге келіп түсетіндер арасында қазақтар көбейіп кетті. Бәлкім, бұл  қазір Алматы қаласында, жалпы елімізде, қазақтардың көп екендігіне байланысты шығар.

Осыдан біраз бұрын  біз қаладағы айықтырғышқа неше мәрте  түсіп шыққан бір жігітпен әңгімелескен едік. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары  көшеде жатып ішетін қаңғыбастарды  емес, әдетте киім киісі көзге дұрыс  көрінген адамдарды ұстауға тырысады. Неге? Оның айтуынша, қаңғыбас жандар өздеріңіз  білесіздер, жиіркеніш тудырады. Және де оның қалтасында ақша жоқ. Сондықтан  да олар ішіп алған адамның өзіне  емес, оның қалтасына «қызығады-мыс». Оны өзінің басынан өткен мына бір оқиғамен дәлелдегісі келіп  жатыр. Ол экипаж көлігін көрген бойда-ақ қалтасындағы 5 мың теңгесін шұлығының  ішіне тығып үлгерген екен. Алайда сақшылардың да көзі өткір екен, «бұл ақшаны да араққа жұмсап, қор қыларсың»  деп алып қойыпты.

«Рас, кірген бетте айықтырғыш қызметкерлері алдымен хаттама  толтырады. Бар затыңды қабылдап алмас бұрын куәлардың қатысуымен тіркейді. Бұл әшейін жай ғана көз  бояушылық дер едім. Олар керегін  оған дейін көліктің ішінде-ақ алып қояды. Шыны керек, экипаж көлігі бұрыш-бұрышты тіміскілеп жүреді. Кейде мен «осылар тәртіпті емес, оңай олжа табуды көбірек ойлай ма?» деймін. Тіпті сенің қанша ішкеніңді тексеріп те жатпайды. Апарады да тығады. Менің бір досым үйінің ауласына жақындап қалғанда түскен ғой көзге. Тәртіп сақшыларының үйден алып кете алмайтындығын біліп, жүрісін жылдамдата түскен екен, әлгілер жүгіріп қуып жетіп алыпты. «Аулама екі-үш адым қалғанда ұсталдым ғой» дейді ол. Сөйтсе, қалтасында 10 мың теңгесі болған екен. Соны сыпырып алыпты. Ал оны дәлелдеу қиынның қиыны. Оның үстіне басыңды бәлеге байлағың келмейді. Айықтырғыш қарасты ішкі істер басқармасы бастығына арыз-шағыммен кіргендерді де естідік. «Өзіңді жынды ғып шығарып салады» дейді олар.

Айтпақшы, айықтырғыштың  өзінің «көгілдірлері» бар. Олар жайында  сақшылардың білетіні, білмейтіні маған  белгісіз. Алайда «көгілдірлердің» бұл  мекемеге әдейі түсетінін сезіп  қалдым. Келіп алып еркектерге тегін  «қызмет» көрсетуге ұсыныс жасайды. Мастарды ұрып-соққанда да мекеме қызметкерлері  өзіндік айла-тәсілдерін қолданып жатады. Яғни олар көгерген дақ түсіруден  сақтанып, табаннан не алақаннан сабайды. Десем де, айта кетейін, олардың тыныш  жатқандармен шаруасы жоқ. Негізінен  айғайлап, былапыт сөздер жаудырып, бұзақылық жасағандарды ғана «тәрбиелейді». Тағы бір байқағаным, бұрынғыдай емес, жатын орындары таза, көрпе-жастықтары жеткілікті» деп ол жігіт сөз  болып отырған мекеменің ішкі өмірімен таныстырғандай болды. Ал айықтырғыштағылар  не дейді?

– Бізде мас адамның  спирттік ішімдікті қаншалықты мөлшерде ішкендігін анықтайтын «Алкотест» деген  аппарат бар. Егерде ішімдікті белгілі  мөлшерден артық ішсе, олардың  уланып қалмасы үшін біз «Жедел жәрдем»  шақыртып, ауруханаға жібереміз. Осы  тұста біз №1 айықтырғыш бастығының орынбасары К.Есімовке «Алкотестен» міндетті түрде өткізесіздер ме, әлде...» деп  жоғарыда сөз болған адамның ренжулі  әңгімесін айтып бердік. «Адам  тәлтіректеп, сөйлей алмай тұрса, оған аппарат қолданудың керегі не? Онсыз  да көрініп тұрады ғой бәрі. Егер біреулер «мен аз ғана іштім. Қамауға  құқыларың жоқ» деп дау шығарып  жатса, онда әңгіме басқа. Мәселені «Алкотестің» көмегімен шешеміз», – деп түсіндірді К.Есімов.

Ол сондай-ақ айықтырғышқа түскен адамның ақшасын не бағалы заттарын алып қою мүмкін еместігін  айтты. Бұл ретте ол жуырда ғана біреудің қалтасында 8000 АҚШ доллары жатқандығын  және оны ертесіне түп-түгел қайтарып бергендігін айтып жатыр. Тіпті  ол алғысын жаудырып кеткенге ұқсайды.

Алматы қаласында негізі екі айықтырғыш бар. Оларды әсіресе  «жынды суды» тәуір көретіндер жақсы  біледі. Әрқайсысына тәулігіне орта есеппен 15-20 адам түседі. Кім болса  да, айықтырғыштар әсіресе мереке күндері лық толады деп ойлайды. Ал К.Есімовтің айтуынан ұққанымыз, олай емес екен. «Қайта мереке күндері, төтенше жағдай болмаса, көбіне-көп  туысқандарын шақыртып, алып кетулерін  сұраймыз немесе үйіне шығарып салуға тырысамыз. Біз де адамбыз ғой... Мереке күні көңіл көтерсе, несі айып?» деді ол сөзінің арасында.

Айықтырғыш нағыз «қызықтың» ортасы екендігі айтпаса да белгілі. «Небір «әншілер» келіп түседі. Беріліп  тыңдауымызды талап ететіндерін  қайтерсіз олардың... Түнеу бір  күні Мұқағалидың өлеңдерін жатқа  білетін біреу түсті. «Ойланғым  да, ойлағым да келмейді, Не десе де өзі білсін ел мейлі...» деп сайрай жөнелгені бар» дейді К.Есімов. Енді біреулер тіпті қонып шығуға рұқсат сұрап, жалынатын көрінеді. Ең өкініштісі, маскүнемдік жылдан-жылға жасарып  бара жатқан сияқты. Бірлі-жарлым оқушылар да жеткізіліпті. Алайда оларды айықтырғышта ұстамай, бірден жасөспірімдер ісі  жөніндегі инспекцияларға жеткізеді. Ал айықтырғыш кереуетінде жатып  қайтқандар арасындағылардың ең жасын  айтсақ, он тоғыз жасқа дейін төмендепті. Көбіне-көп ақшасы бар, базарларда сауда  жасайтындар келіп түседі екен айықтырғышқа. Осыдан біраз бұрын №1 айықтырғышқа түскен бір маскүнем асылып өлуге әрекет жасаса, енді біреу күре тамырын кесіп жіберіпті. Қайта екеуін де қызметкерлер сол сәтте көріп қалып, өлімнен аман қалған екен. Бұл олардың айықтырғыштағы тәртіп сақшыларына «ерегескен» түрлері. Мұндай мінезі «қиындарды» арнайы орындыққа байлап тастайды екен.

Сөз соңында айтарымыз, осыдан 2 жылдай бұрын, айықтырғыш тәртібі  бойынша, келіп түскендер дәрігерлік қызмет үшін 450 теңге төлеуге тиіс болатын. Қазір тек учаскелік  инспектордың хаттама толтыруымен 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  айыппұл ғана төлейді екен. Мұны айтып отырған себебіміз, айықтырғыш қызметкерлері «сол бұрынғы 450 теңгені  қайта енгізсе, дұрыс болар еді. Ол қаржыға керек-жарағымызды алар едік» дейді. Олар сондай-ақ, мекемеде жуынатын орын болса деген ұсыныстарын  білдірді.

Маскүнемдік, темекі шегушілік  және нашақорлық проблемалар

Маскүнемдік, темекі шегушілік  және нашақорлық қазіргі заманның әлеуметтік, экономикалық, психология-педагогикалық, медицина-биологиялық проблемалардың ең маңызды және өзектісі болып отыр. Ғалымдардың есептеуі бойынша маскүнемдік, темекі шегушілік және нашақорлық тек  еркектердің ғана арасында емес, балалардың, жасөспірім, жеткіншектердің, әйелдердің де арасында ең басты дерт болып  отыр.

Ішімдіктерді, нашаны қолдану  және темекі шегуге құштарлық - әсіресе  бала жасында қауіпті, ол баланың  өзін-өзі билеу психикасы мен  мінез-құлқын реттеу  өзегінің бұзылуына  әкеліп соқтырады.

Темекі, анаша, ішімдікке  әуестік – тек қолданушының ғана денсаулығына зиянын тигізіп қана қоймай, қоршаған ортадағы адамдардың да өміріне  зиянын тигізеді. Темекі шегушілер  өз жақындарының денсаулығын ойламайды, былайша айтқанда оларды да өзімен бірге «темекі шегулеріне» мәжбүрлейді, ал нашақорлар мен маскүнемдер өздерінің  қылықтары мен әрекеттерін қадағалай  алмай, жауапкершілік сезімдерін жоғалту  арқылы қоршаған ортаға әлеуметтік зиян тигізулері мүмкін.

Темекінің түтіні арқылы асқынатын  аурулардан жыл сайын әлемде 1,5 миллионға  жуық адам өледі екен. Шылым шегу адам иммунитетін төмендетеді, еңбекке  жарамсыздыққа ерте ұшырауға әкеліп соқтырады. Темекінің жануынан туған  көміртек тотығы адам ағзасына тамырдағы  қан арқылы тарап, ағзаны оттегімен  қамтамасыз етуші эритроциттердің  өміршеңдігін төмендетеді, сол арқылы қанайналым жүйесі бұзылып, көптеген аурулар  туады: қан ұйығы пайда болып, аяқ-қолдағы қан айналым жүйесін  бұзады. Уақыт өте келе аяқтың ұстамалы ақсауы және буынның, тамырдың басқа  да аурулары асқынады.

Темекені үнемі шегетін  адамның сырт бейнесіне де өзгерістер енеді: тырнағы, тісі сарғайып, шашының  талы жұқарып, сынғыш келеді, табиғи жылтырауын жоғалтады.

Темекі шегуші тек өзіне  ғана емес, өз жақындарының да денсаулығына қауіп төндіреді. Темекі шегуші темекі түтінінің 25%-ын жұтатыны белгілі, ал қалған төрттен үш бөлігі сол түтінді  жұтуға мәжбүр болғандарға бұйырады, осылайша олар «ырықсыз темекі шегушілер» қатарына жатады.

Ырықсыз темекі шегуші үнемі  темекі шегілетін бөлмеде болса, бір сағаттың өзінде жарты темекі шеккенде алынатын зиянды заттарды қабылдайды екен. Осылайша ол да темекі шегушіде болатын  денсаулық ақауларына ұшырайды. Сондықтан, темекі шегу жеке бастың ісі деп  қана қарауға мүлдем болмайды.

Темекі шегу – адамның  ең жаман әдеттерінің бірі. Соңғы  жылдары темекі шегушілер саны артып  отыр.

Нашаның адам ағзасына әсер етуі қолданылатын препараттың түріне, мөлшеріне және енгізілу жолына байланысты.

Әсер ету нәтижесі: масаңсудың қысқа фазасы, оның артынан ұйқыға тарту фазасы басталады; жүрек соғысы ақырындап, тыныс алуы бәсеңсиді; мидың  жұмыс істеу қабілеті азаяды; тәбеті, рефлексі, жыныстық құштарлығы, ауыруды  сезу қабілеті  төмендейді.

Лас инені пайдалану, бір  ине арқылы егілу нәтижесінде  ЖҚТБ, гепатит, түрлі қан аурулары және бұдан да басқа қауіпті дерт тууы мүмкін. Сондай-ақ тазартылмаған  героин, т.б. қоспалары жоғары нашаларды  қолданғаннан кейін, көп мөлшерде қолданғаннан кейін адам бірден өліп кетуі де мүмкін. Героинге тәуелді болу, өз денсаулығына немқұрайды қарау, өз өмірін бағаламаудың салдарынан тәбет бұзылып, жұқпалы  аурулармен жиі ауыратын болады.

Ішімдік - бір жағынан энергетикалық  ыдыста, екінші жағынан – психоактивті зат, былайша айтқанда рұқсат етілген  наша. Халық арасында ішімдіктің арқасында  бойды еркін ұстау, босаңсу, ширығу, мазасыздықтан құтылуға болады деген  сияқты жалған түсінік бар. Алайда ол дұрыс емес. Ішімдіктің салдарынан босаңсу мен көңіл-күйдің уақытша  көтерілуінің астарында адам ағзасы биохимиялық табиғаты бар жаңа залалға  ұшырайды. Көп мөлшерде ішімдік пайдалану, сондай-ақ оның ағзада құрылатын өнімі  сіркесулы альдегид ми мен жүрек  қызметіне қысым көрсетеді: ағза тіндерінде оттегі жетіспеушілігі туып, адам әлсізденіп, шаршап, әлсірейді. Көңіл-күйі бірден төмендейді. Бұндай жағдайдағы адам сабырсыздыққа бой алдырып, ес-түсінен айырылып, өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтындай жағдайға душар болады.

Жоғарыда айтылғандардың тобықтай түйінін айтатын болсақ, өз денсаулығын ойлаған, өзіне жақсылық тілеген, салауатты өмір салтын ұстанғысы  келген, өзінің, туған-туыстарының, қоршаған ортаның жағдайын ойлаған адам өзінің зиянды қылықтарынан бас тартуы керек! Темекімен қоштасып, ішімдікке, нашаға бой алдырмай, оларды өз проблемаларын  шешуші құрал ретінде қарамай, ішімдікті  мүлдем қойып кетуі абзал.

Маскүнемдікті емдеудің төте жолы қайсы?

Батыс Қазақстан облысында  тек соңғы үш жылда 55962 өрт жағдайынан 1138 адам мас күйінде қайтыс болған. Соңғы алты жылда мас күйінде  көлік жүргізудің салдарынан 4833 жол-көлік  оқиғасы орын алып, 977 адам қаза тапқан, 7027 адам әртүрлі дәрежеде жарақат  алған. Мұның бәрі атың өшкір арақтың  кесірінен болып отырған жағдай. Оның бер жағында қаншама отбасының  шаңырағы ортасына түсіп, қанша бала жетім қалды. Жұқарған жүйке мен  көл болған көз жасынан ағарған  шашта есеп жоқ.

Енді осыдан емделудің  жолы бар ма? Бақсы-балгерлердің дақпырты күшті болғанымен, маскүнемнің рөмкі  көрсе есі шығатын ескі әдетінен құлан-таза айығып кеткенін көрген тағы ешкім жоқ. Кең таралған бір тәсіл  бар. Адам денесіне дәрі құйылған ампул  тігу арқылы емдеу жайындағы пікір  де сан алуан. Оның негізінде алкоголизмнің  үрейі жатқаны анық. Денесіне ампул  тіктірген науқас «енді қайтып арақ ішсең — өлесің» деген қауіппен кетеді. Шынында да, сол сертінен тайғандардың өмірі қайғылы оқиғамен аяқталады. Ел ішінде «кодирование»  жасату деген атпен таныс бұл  тәсіл ТМД елдерінде ғана бақылаусыз қолданылады. Еуропа мен АҚШ-та бұл  тәсіл тек сот шешімі бойынша  жүзеге асырылады екен. Онда да адам айналасындағылар үшін аса қауіпті  маскүнемге айналғанда ғана. Мұхиттың арғы жағындағылар үшін бұл — өте  нәзік тақырып. Ішімдікке құмарлықты гипноз арқылы тоқтату адамның ерік-жігерін шынжырлап тастаумен бірдей. Өзіндік еркі жоқ адам сөзсіз зомбиге айналмақ. Гипноз кейбір адамдардың ми құрылымын өзгертіп жіберуі де ғажап емес. Спиртті ішімдікті қолдануды қойғызғанымен, ішімдікке деген тәуелділік пен алкоголизмді тудыратын себеп-салдарды анықтап, тоқтатып, жоя алмайды. Басты мәселе адам психологиясында жатыр деп есептейді олар.

Нарколог-дәрігер Владимир Шубиннің айтуынша, өткен жылы маскүнемдік  дертіне шалдыққан 200 адамның 24-і  ережені қатаң сақтамағандықтан өмірімен қош айтысқан. Олардың арасында жүйке ауруына шалдыққандар да аз емес көрінеді.

— Бұл тәсіл арқылы емдеу  тек денсаулыққа ғана емес, өмірдің  өзіне тікелей қатысты. Егер науқас дәрігердің айтқанын ескермесе, шартын толық орындамаса, механизмдер бұзылып, адам аяқ астынан өліп кетуі әбден  мүмкін, — дейді ол.

А.Р.Довженко әдісінің басты  алғышарты гипнозда жатыр. Осы тәсілге  жүгінген адамның миында ішкі резервтер  арқылы спирттік ішімдікке деген  қызығушылықты, құмарлықты жауып тастайтын  әлдебір зат пайда болады. Егер науқас қайтадан ішкілікке бой ұрса, инфаркт, инсульт алуы, бүйрек талмасына  ұшырауы мүмкін. Ал, әйелдерде аяқ  астынан жатырдан қан кетуі басталады.

— Біз алдымызға келген науқастарға осының бәрін айтып, түсіндіреміз. Өз басым мұндай сеансты  жасар алдында адамды зерттеп  аламын. Егер ол адамда өзінің бұрынғы  берекетсіз өмірімен қош айтысқысы  келетін, жаңа, тыныш, ішкіліксіз өмір бастағысы келетін ниет байқалса ғана іске кірісемін. Егер ол адамның  өз ниеті болмаса, тек ағайындарының, отбасының өтінішімен келген болса, одан өзіне де, өзгеге де пайда жоқ. Бір өкініштісі, бізге келетіндердің  басым көпшілігі —маскүнемдіктің  соңғы шегіне жеткен адамдар. Оларға екі есе түсінік жұмыстары, екі  есе ерік-жігер қажет болатыны айтпаса да түсінікті.

 

Денсаулық пен қоғамға  зиянды әрекеттердің бірі – ішімдікке  салыну. Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой  алкоголь туралы былай деп жазған болатын: «Арақ – адам есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қалмысқа итермелейді».

Қазіргі кезде жүрек-қан  тамырлары аурулары өлімге душар  етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі  дерт – рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік  – денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға  ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін  қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен  орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан  алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының  бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен  жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке  салынған адамның рухани байлығы  азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне  пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы  И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау  қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке  салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке  шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде. Осыншама дүкен, кафе, барлардың қажеттіліг бар ма? Олар кімге пайда, кімге зиян келтіруде. Олар біздің қоғамымызға соншалықты қажет пе? Мереке той жиындарда бірін-бірі ішімдік ішуге қинау, маскүнемдікке итермелеу деген сөз. Сөйтіп «қуанышқа» деп ішкен арақ ақырында қайғыға әкеп соқтырады. Ол біздің қазақ мұсылмандарына жат қылық. Сондықтан ішкілікке қарсы көпшілік болып бітіспес күрес жүргізуіміз қажет. Сонда ғана өміріміз сәнді де мәнді бола түседі.

Нұркен ТОҚАЕВ.