Ирина Эланс
Антидепрессанттармен улану
Микроэлементтердің биологиялық рөлі және оның бұзылыстарынан дамитын аурулар.
Жоспар
Кіріспе:
- Антидепрессанттар
Негізгі бөлім:
- Үш циклдiк антидепрессанттармен улану
- Кейбiр антидепрессанттармен уланудың латентті аяқталуының көрсеткіші
- Үш циклдiк антидепрессанттардың улы әсерінің механизмі
- Токсикокинетикасы
- Биотрансформациясы
- Элиминация
- Клиникалық көрінісі
- Емдеу.
- Антоганист препартаттарды нұсқау
- Шұғыл көмек
Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Микроэлементтер, олардың
маңызы
- Әр түрлі организмдер жасушасының өзіне тән өзгешеліктері болғанымен, олар құрамындағы химиялық элементтер сипаты жағынан ұқсас келеді. Жалпы жасуша құрамында Д.И.Менделеев таблидасының 70 элеметі кездескенімен, тірі организмдерде олардың 24 тұрақты түрде ұшырасады. Жасуша құрамында 62% шамасында оттегі, 20% шамасында көміртегі, 10% шамасында сутегі және 3% шамасында азот болады. Оттеті мен сутегі су мен органикалық заттар құрамы на енсе, көміртегі — органикалық заттар негізін құрайды. Азот амин қышқылдарының, белоктардың, нуклеин қышқылдарының, АТФ-ның, гемоглобиннің, көптеген ферменттер мен дәрмендәрілердің құрамы на енеді.
- Биогенді элементтерді функциональдық ролі бойынша үш үлкен топқа бөлуге болады:
- 1) Органогендер – атомдары ағзаның негізгі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, майлар және көмірсулар) құрайтын элементтер. Оларға көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор, күкірт жатады.
- 2) Ағзаның электролиттік фонын құрайтын элементтер. Оларға натрий, калий, кальций хлор жатады.
- 3) Реттеуші және тасмалдаушы функцияны атқаратын микроэлементтер. Оларға мыс, мырыш, хром, кобальт, марганец, селен, иод жатады.
- Тірі ағзада қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың жалпы сипаты бойынша шамамен салмағы 70кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций-1700г, калий-250г, натрий-250г, магний-42г, темір-5г , мырыш-3г, мыс, марганец, молибден, кобальт - барлығы шамамен 0,1г. Ересек адамның денесінде 3 килограммға дейін минералды тұздар бар, бұл мөлшердің 5/6 бөлігі ұлпасына тиесілі. Кейбір макроэлементтер (магний, кальций) және көптеген микроэлементтер ағзада биолиганд – аминқышқылдармен, ақуыздармен, нуклеин қышқылдармен, гормондармен, дәрумендермен және т.б.комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы комплекс түзуші ретінде – гемоглобин, кобальт-B12 дәруменінің магний – хлорофилл құрамына кіреді.
- Жасуша құрамында 2,5% шамасында кальций, 1% шамасында фосфор кездеседі. Кальций сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің құрамына енеді, қанның ұю процесін, ет талшықтарының жиырылуын жандандырады, жасуша мембранасының өтімділігін реттейді. Фосфор да сүйек ұлпасы мен тіс кіреукесінің, нуклеин қышқылдарының АТФ-тың, кейбір ферменттердің құрамы на енеді.
- Кальций — ұлпалық сұйық, қан құрамында болады, оның иондары көптеген ферменттік процестердің жүруін қамтамасыз етеді, бұлшық ет пен нерв жүйесінің қозғыштығын төмендегіп, жасуша мембранасынын, өтімділігін азайтады, жүрек қызметін реттеуде маңызды қызмет атқарады.
- Күкірт (мөлшері 0,25% шамасында) — цистеин, цистин, метионин амин қышқылдарының, В дәрмендәрісі мен кейбір ферменттердің құрамы на енеді. Организмде ол креатин, муцин, глютатион, инсулин, питуитрин, кофермент А, таурин мен оның туындылары құрамында кездеседі. Бұл элемент жүннің, мүйіздің, құс қауырсыны мен мамығының құрамында көп мөлшерде кездеседі. Ол организмде күкірт қышқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін улы заттарды залалсыздан-дыруда маңызды қызмет атқарады.
- Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі, бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады.
- Жасуша құрамында калий да ион түрінде едәуір мөлшерде кездеседі (0,25%). Ол белок синтезін қамтамасыз ететін ферменттердің әрекетін жандандырады, жүрек жұмысын реттеуге қатысады, нерв жүйесі мен бұл шық еттің қозғыштығын төмендетеді, қозу толқынын таратуда, ацетилхолин медиаторын түзуде маңызды рөл атқарады.
- Натрий — жасушада тек ион түрінде кездеседі. Ол негізінен дене сұйықтықтарының құрамы нда болады да, қан мен лимфаның осмос-тық қысымын реттеуде маңызды рел атқарады. Натрий буферлік жүйе құрамына еніп, қанның әрекетшіл ортасын реттеуге, қозу процесінің туындап, таралу процесіне қатысады, гормондар синтезіне әсер етеді.
- Хпор — организмде теріс зарядты иондар түрінде кездеседі, натрий және калий иондарымен байланыста болады, жасушада козу процесінің туындауында маңызды рөл атқарады, қарын сөлі құрамыңдағы тұз қышқылының құрамы на енеді.
- Магний — жасуша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондрия-ларда шоғырланады, тотықтырғыш фосфорлану процесінің белсендірушісі болып табылады да, қуат алмасуын, ДНК синтезін жандандырады, актин мен миозинді жалғастыратын магнийлі белок комплексінің құрамына еніп, бұлшық еттің жиырылуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Магний гликолиз процесін реттейтін көптеген ферменттік жүйелердің құрамына енеді, кальцийдің кереғары болып табылады. Қан құрамында магний мөлшері өссе, нерв жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі тежеледі, организмді ұйқы басып, селқостық (апатия) байқалады.
- Организмдегі минералды заттардың жалпы мөлшері онша көп емес, дене массасының 3,5-4 пайызы шамасында. Олар организмде жинақ-талған мөлшеріне қарай макро, микро- және ультра элементтер бо-лып бөлінеді. Физиологиялық маңызы жоғарыда баяндалып өткен химиялық заттар макроэлементтерді құрайды. Микроэлементтер де-неде өте аз мөлшерде (103-105 пайыз) кездеседі. Оларға темір, мыс, кобальт, марганец, мырыш, йод, бром, фтор, никель жатады. Ультраэлементтердің (алтын, күміс, селен, радиоактивті элементтер) денеде нышаны ғана болады (106 пайыз және одан да аз).
- Микроэлементтер организмнің өсіп даму процесін реттеуде, оның түрлі дерттерге төзімділігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Дегенмен, әр микроэлемент белгілі бір қызмет атқарады.
- Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері — пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүрізетін цитохромдық ферменттер құрамы на енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент, гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).
- Мыс — гемокупреин түрінде эритроциттер құрамында болады. Ол кейбір тотығу-тотықсыздаңдыру ферменттерінің құрамына ене оты-рып, ұлпалық тыныс процестеріңде маңызды рөл атқарады. Мыс қан түзу процесін жақсартады, меланин пигментін түзу үшін қажет. Ол цитохромоксидаза ферментінің белсенділігін күшейтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары мен А, В, С, Е, РР дәрмендәрілерінің әсерін жандандырып, өсіп-өну процесін күшейтеді.
- Кобальт — В12 дәрмендәрісінің құрама бөлігі болғандықтан қан түзу процесінде маңызды қызмет атқарады. Ол организмдегі ферменттік процестерге, зат алмасу қарқынына, өсу, даму процестеріне жағымды әсер етеді, жүректің, ас қорыту ағзаларының, нерв жүйесінің, ішкі секреция бездерінің, сүйек кемітінің қызметін жақсартады. Орга-низмде ұйқы безінде, бауырда, бұл шық еттерде жинақталады.
- Марганец — дененің барлық мүшелері мен ұлпа ларының құрамында кездеседі, бірақ сүйекте, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, гипо-физде көбірек жинақталады. Ол белоктарды ыдырататын ферменттердің құрамы на енеді, кейбір тотығу-тотықсыздандыру ферменттерінің белсеңділігін арпырады, белоктың, көмірсулардың, маидың алмасуын жандандырады. Марганец организмнің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне, сүйектің жетілуіне жағымды ықпал етеді.
- Мырыш — барлық ұлпа ларда кездеседі, карбоанщдраза ферментінің, инсулин гормонының құрамына енеді, мырыш тұздары гипофиз, ұйқы безі және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып, белоктар мен көмірсулар алмасуын жандандырады.
- Йод — қалқанша безі гормойдарының құрамы на енеді, зат алмасу процесін жандандырып, өсу процесін күшейтеді.
- Бром — гипофиз гормондарының құрамы нда кездеседі, үлкен ми жарты шарлары жасушаларындағы қозу және тежелу процестерінің туындауын реттейді.
- Фтор — сүйек пен тіс кіреукесінің құрамы на енеді. Ол көптеген ферменттердің әрекетін әлсіретіп, зат алмасу процесін баяулатады, қан құрамындағы кальций мен фосфордың ара қатынасына әсер етіп, сүйектің қатаюын шапшандатады. Фтор жетіспесе тіс кіреукесі бұзылады .
- Никель — кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу процесін жандандырады, организмде оның мөлшері шамадан артық болса, онда
- никель көздің қасаң қабағына жинақталып, организм көру қабілетінен айырылады.
- Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағыкальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гармондар реттеп отырады. Макроэлементтер – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл - негіздік құрамын реттеушілер .
- Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өтізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро– және микроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементтер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдісіне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарлайды. Жас ұлғайған сайын кейьір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Адам ағзасындағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды.
- Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері және қатынасы жайындағы мәліметтерді сот – медициналық сараптама жасау істеріне пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б.элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді. Тағамда мырыш көбейсе темірі бар ферменттердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады.
- Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзеуге түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400мг магний керек. Қаңқаның мықтылығы оның құрамындағы элементтер фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты.
- Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ Д витамині оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болу керек. Фосфор нерв клеткаларының қызметі үшін де керек, сондай-ақ ол – күш – қуат көзі.
- Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300г NaCl болады, тамақпен 10-15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. NaCl –нің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген.
- Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.
- Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
- …
- Химиялық элементтердің ағзадағ
ы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. - Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.
- Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады.
- Организмдағы минералды зат алмасуының бұзушылыстары мына себептерден пайда болады :
- - үлкен мегаполистардағы тұруы,
- - кернеулi өмiр, стресстер,
- - қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерi,
- - дұрыс қоректенбеу, диеталар,
- - қызбалық,
- - шылым тарту,
- - алкогольді шектен тыс падалану .
- Бұның барлығы қазiргi адамның организмінде дисбалансқа алып келедi. Эссенциялық микроэлементтердiң созылмалы дисбалансы (белоктардың алмасуының ауытқуы , май ,көмiрсутектер, витамин және ферменттердiң өндiруi, эндокрин және жүйке жүйелерiнiң иммунитеттiң әлсiреуi,) организмнің функцияларының өзгерiстерiне септігін тигізеді.
- Витаминтапшылық анемиялар
- Этимологиясы. Балаларда сирек кездесетін бұл ауруға бейімдейтіндер — жасаңды қоректендіру, ұзақ біржақты қоректену (тек сүт), вегетериандық тамақтану (құрамында мол белоктары жоқ), баланың жиі ауруы, рахит, гипотрофия, ішек паразиті, кейбір дәрілер (сіреспеге қарсы, метотрексат т. б.) Зат алмасуының түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты болғанымен де әрқашан аурудың түпкі негізін анықтау абзал. Кейбір кезде асқазан жүйесінде дүрыс қорытылу бүзылуы мүмкін (целиакия, спру, энтеропатиядағы белоктар “шығыны”, жаралы колит т. б.), оларда осы анемия себебі.
- Патогенезі. Витаминдер тапшылығы (Ві, В2, Be, РР, С) белоктар алмасуына әсерін тигізіп, метаболизм бүзылысына әкеледі. Қан түзілу бойында В2 витамині мен фолий қышқылының алатын орны “ерекше”. Бұлардың тапшылығы фолаттар алмасуын, амин-қышқылдары мен ДНК түзілісін бүзады, сүйек миындағы қан клеткаларының жетілуін тежеп, мегалобластық өсу түріне икемдейді. Осы негізде клеткалар Нв-ді ерте қабылдап, ерте жетіледі, сүйтіп қанға тұрқы үлкен, қабілеті төмен, “өмірі” қысқарған мегалоциттер (макроциттер) шығады. Бұлардың көпшілігі мегалобласт күйінде сүйек миында-ақ бұзылады. Бұл жағдай басқа да қан бөлшектеріне бірдей болғандықтан панцитопения пайда болады.
- Клиникалық көрінісі. Көрнекті түрінде бұл ауруға 3 жүйелі синдром тән: 1) асқазаңдық; 2) макроцитті мегалобластық анемия; 3) нервтік (фуникулярлық миелоз негізінде — диагноздық және болжамдық мәні зор). Көбінесе аурулардың шағымы: енжарлық, тәбетінің төмендеуі, үлкен балаларда — терінің сарғылт-қуқыл тартуы, парестезия, глоссит, стоматит, асқазан-ішек бұзылысы, жүрек-қан айналысындағы өзгерістер, бауырдың шамалы үлкеюі. Гемолиз әсерінен дене қызуы шамалы көтерілуі мүмкін. Қанның жалпы сынағышқа түрлі дәрежедегі анемия анықталады, көбіне гиперненормохромдық (Ғе тапшылығы аралас кезінде), макроцитарлық, гиперрегенераторлық. Анизо-пойкилоцитоз, мегалобластоз, шизоцитоз, эритроциттерде Жолли дене қалдығы, Кебот жүзікшесі, өзгерген нейтрофилдер мен метамиелоциттер табылады. Қосалкы гемолиз жиі анықталады (өнімсіз эритропоэз салдары). Сүйек миын зерттеу мегалобластық қан түзілісін (эмбриондық) анықтайды.
- Диагнозы мен салыстырмалы диагнозы. Диагноз қоюда мына өзгерістер көмектеседі: қуғыл-сарғылт түр, бұған қосымша парестезия, глоссит, стоматит, түс көрсеткіші 1,0 не одан жоғары, жалпы қан сынағында нормо (немесе) гиперхромды мегалоциттер мең мегалобластар, айқын анизоцитоз, макроцитарлы, ядросы анық боялған үлкен нейтрофильдер, ауыр түрдегі анемия, панцитопения; сүйек миын зерттегенде мегалобластық қан түзілісі.
- Витаминтапшылық анемияларды отбасылық мегалобластық Имер-слунд (эссенциалдық эпителиопатия) анемиясынан ажырату керек. Бұл кесел клиникалық және қан көріністері бойынша Ві2 витамин-тапшылығынан айнымайды. Сәби кезде басталады, бірақ көрінісі есейгенде айқындалуы мүмкін. Бұл аурудың негізінде гендік, ферменттік жетіспеушілік арқасында Ві2 витаминінің сіңуі бұзылған деп есептеледі. Ві2 — витаминтапшылық анемиясынан айырмашылықтары: негізі — отбасылық, қосалқы протеинурия, бірақ асқазан жүйесінің жұмысы қалыпта (ішкі Касл факторы түзілісі қалыпта).
- Емі. Режим мен диета негізі бұрын қарастырғандай. Бұған қоса патогенетикалық емге В,2 витамині мен фолий қышқылының дәрілері қосылады. Егер фолаттар жетімсіздігі басым болса, оны тәулігіне 10—30 мг-нан 50 мг-ға дейін 2—3 апта бойына және В,2 витаминінің аз мөлшерін (тәулігіне 5—15 мкг) етке, аскорбин қышқылын (тәулігіне 200 мг) ішуге береді. В,2 витамиюнің тапшылығы үстем жағдайда (көбіне жоғары жастағы балаларда) оны тәулігіне 100-200 мкг етке 7—10 күн бойы ретикулоциттер кризі болғанша созып, сонан соң мөлшерін 500—100 мкг-нан күнара гемолитикалық ремиссияға жеткенше (сүйек миын зерттеу бойында) фолий қышкылымен (тәулігіне 20—30 мг, 2—3 апта) қоса жалгастырады. Нерв жүйесі синдромдары көрінген кезіңде В,2 — витамині етке тәулігіне 1 г мөлшерінде кемінде 2 апта берілуі тиіс.
- Алдын алу. Бала тағамын жүйелі ойластыру; В,2 витамині мен фолий қышқылының ішкі түзілуі мен сіңуіне кері әсер ететін жағдайларды болдырмау; осы витаминдердің шығынын көбейтетін ауруларды емдеу.
- Емі. Режим мен диета негізі бұрын қарастырғандай. Бұған қоса патогенетикалық емге В,2 витамині мен фолий қышқылының дәрілері қосылады. Егер фолаттар жетімсіздігі басым болса, оны тәулігіне 10—30 мг-нан 50 мг-ға дейін 2—3 апта бойына және В,2 витаминінің аз мөлшерін (тәулігіне 5—15 мкг) етке, аскорбин қышқылын (тәулігіне 200 мг) ішуге береді. В,2 витамиюнің тапшылығы үстем жағдайда (көбіне жоғары жастағы балаларда) оны тәулігіне 100-200 мкг етке 7—10 күн бойы ретикулоциттер кризі болғанша созып, сонан соң мөлшерін 500—100 мкг-нан күнара гемолитикалық ремиссияға жеткенше (сүйек миын зерттеу бойында) фолий қышкылымен (тәулігіне 20—30 мг, 2—3 апта) қоса жалгастырады. Нерв жүйесі синдромдары көрінген кезіңде В,2 — витамині етке тәулігіне 1 г мөлшерінде кемінде 2 апта берілуі тиіс.
- Алдын алу. Бала тағамын жүйелі ойластыру; В,2 витамині мен фолий қышқылының ішкі түзілуі мен сіңуіне кері әсер ететін жағдайларды болдырмау; осы витаминдердің шығынын көбейтетін ауруларды
- Минералдар алмасуының бұзылуы минералдық дистрофиялар деп аталады.
- Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып,ферменттердің,горман
дардың,витаминдердің,пигмпентт ердің, белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар , сондықтан зат алмасу үдерісінің біразына қатынасып қышқыл – негіздік ортаны қажетті деңгейде ұстауды маңызды рөл атқарып, организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуде де айтарлықтай орын алады. - Микроөртеу тәсілін гистоспектрографиямен сабақтастыра қолдану тіндердегі кальцийді, темірді , магнийді, кремнийді және басқа элементтерді дәл анықтауға мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық тәсілмен организмге изотопы енгңзңлген элементтердің жиналатын жерін білуге болады. Сонымен қоса, белокты қоспадан босап, тінге жиналған элементтердің біразын анықтау үшін дәстүрлі гистохимиялық тәсілдер қолданылады.
- Кальций, калий,мыс және темір алмасуы бұзылуының практикалық маңыз
- Остеопороз
- Жер шарында қарттар ауруы саналатын остеопороз ауруы жасарып барады.Мектеп оқушылары арасында арнайы медициналық зерттеу жүргізген отандық дәрігерлер қауымдастығы өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандардың айтуынша, егеменді еліміздің тәуелсіз туын көкке желбірететін бүгінгі жасөспірімдердің көбісі осы дерттен зардап шегіп келеді екен. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері жуырда ғана «XXI ғасырдың ортасында остеопорозбен байланысты жарақаттар саны 6 есе жоғарылайды» деген болжам таратты. Бүгінгі күннің өзінде бұл ауру жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және қант диабеті сынды қауіпті дерттерден кейін, инфекциялық емес аурулардың ішінде ауырлық ағымы және емдеу бағасы бойынша әлемде төртінші орынды иемденіп отыр.
- Остеопороз – ағзаның сүйек жүйесінің қартаю белгілері болып саналатын сүйек ұлпаларының ауруы. Бұл кесел дүниежүзінде қарт адамдарға тән. Оны былай түсіндіруге болады, жасы ұлғайған адамның қуаты кетеді, сүйегі жіңішкереді, оның төзімділігі, беріктігі мен серпімділігі азая түседі. Соның салдарынан сүйектердің сынуы, яғни остеопороз пайда болады. Ендеше «ақсақалдар» ауруымен бүгінгі балалар мен жасөспірімдер неге жиі ауырады? Ол жағы әзірге толық зерттелген жоқ. Десе де оған көптеген факторлар әсер етеді

- Антидепрессанты
- Антидепрессанты: определение, механизм действия, классификация
- Антидетонационные характеристики бензинов
- Антидотная терапия при отравлении ФОВ
- Антидоты
- Антизатратный механизм формирование цены в рыночной экономике
- Антиинфляционная политика
- Антидарвинизм и теория эволюции Дарвина
- Антидемократические режимы и пути их преодоления
- Антидемпинг и демпинг в Украине
- Антидемпинговое законодательство государств - участников ГАТТ
- Антидемпинговое регулирование в ВТО
- Антидемпінгове регулювання
- Антидепрессант из группы трициклических соединений, производное дибензоциклогептадина