Антика философиясы. 5
«Астана медициналық университеті» АҚ
Кафедра: Философия және әлеуметтану
Антика философиясы
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Антик философиясының кезеңі
- Атомистер ілімі
- Антик философиясының өкілдері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Антика философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек - рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы.
Ежелгі Грекия
дүниетанымының жаңа формасы
– философияны қалыптастырған
негізгі үш мәдени орталықтың
бірі болып табылады. Оның қалыптасуы
да Ерте Үнді және Ежелгі
Қытай жерлерінде байқалған
Қазіргі кездегі ғылымның нақты отаны Ежелгі Греция болып табылады.. Ғылымның іргетасы - математиканы, астрономияны, механиканы, оптиканы, биологияны, медицинаны гректер қалаған. Грек астрономдары мен математиктері тұңғыш рет ғылыми болжам мен дедуктивтік дәлелдеуді қолданған.
Математиканың теориялық
білімінің салыстырмалы түрде дамыған
үлгілелері антикалық полистер контекстінде
алғаш рет пайда болып, қарастырылды.
Бір пікірдің екіншісінің алдындағы
артықшылығы дәлеледемелер
Тұңғыш рет диалектиканың әдіс ретінде қабылдауға қадам жасалды. Математика саласында негізделген және дәлелденген білімнің идеалын қолдану білімді баяндаудың жаңа принциптерін бекітті. Грек математикасында білімді теория түрінде баяндау үстем болды: «берілді -дәлелдеу керек - дәлелі». Антикалық философтар математиканың дамуының теориялық жолына өтуге қажетті құралдарды өңдеп, математикалық білімдерді дәлелдеулер әдісін қолданулар арқылы жүйелендірудің алуан түрлі қадамдары қабылданды. /Фалес, пифагоршылар, Платон/. Бұл процесс Евклидтің дамыған геометриясының теориялық жүйесінің құрылуымен аяқталды.
Атомдық ілімнің негізін салушы ежелгі грек философы-материалисі Демокритке /б.з.д. 460-370 жж./ мынадай қанатты сөздер тән: «Мен үшін бәр ғылыми ділелдемелер табу бүкіл Парсы патшалағын меңгеруден гөрі маңыздырақ».
Ежелгі грек
ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур
және ежелгі рим өкілі
Демокриттің ілімінше,
дүниенің бастамасы – атомдар
(шын болмыс)және бос кеңістік
(бейболмыс). Болмыс – сансыз көп
ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың
негізгі қасиеті: мәңгі,
Атомдар бос
кеңістікте өз табиғатына тән
үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен
соқтығысқанда өздерінің
Атомдарды бояу түрлері, иіс
дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер
жоқ. Бұл қасиеттер атомдар
Тіршіліктің шығуы Демокрит
табиғи заңдылықтардың салдары деп
түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай
да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық
тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің
де жандары бар. Жандар шыққан қайнар
көз бар тіршілікті тудырған-жылылық.
Жандар әр түрлі болады. Космостық
жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың
жаны жылылықты көбірек
Өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан жа өледі.
Демокрит қоғамның
дамуы және мемлекет
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.
Демокриттің атомистік ілімдарін
әрі қарй жағастырған ежелгі грек
философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды.
Эпикурдың еңбектері
Эпикур жолын ұстап,
оның ілімін ары қарай
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.
Атомистика өзінің тарихи алғышарттарында элеаттар арқылы пифагоршылардың негізгі идеяларынан бастау алады. Демокриттің негізге алған бос кеңістік ұғымы тікелей пифагоршылардан алынған. Бұл жерде болмыс дербес мәні бар және тікелей сезілетін қасиеттермен емес, сан туралы таза ұғым нысанында түсінілді. Демокрит бұл тұжырымдарды затқа айналдырған: ол (физикалық) кеңістік туралы ұғыммен бірлескен. Соңғысы едәуір абстрактілі және тек бір ғана қасиеті бар – ол өзінің барлық бөліктерінде біртекті және осылайша атомдардың топтасуы және қайтадан топтасуы үшін таптырмас өңір болып табылады. Бұл атомдар, өз кезегінде, өлшем сияқты басты ерекшелікке ие. Заттардың басқа шын ерекшеліктері ретінде нық анықтама үшін жарайтындары: көрінісі, нысаны, бейнесі ғана қалады. Алайда Левкипп пен Демокриттің атом туралы танымдарының философиялық негіздері, күмән жоқ, тікелей элеаттардың ілімінен бастау алады. Бұл ілім атомның басты ережелерінің алдын алады. Сонымен, дәл осы элеат философиясы шеңберінде бөлінбестік ұғымы өзінің логикалық сипатын табады.
Дәлелдеу-математиканың іргетасы, онсыз математиканың дамуы мүмкін емес.
Антик философиясының өкілдері
Математикадағы рационалдық ойлаудың тұңғыш өкілі Фалес /б.з.д. 6258-548 жж./ болып есептеледі. Фалес - мемлекеттік қайраткер, инженер, астроном, философ, математик.
Алғашқы кезде гректер математикамен шұғылданды. Олардың алдында бір ғана мақста тұрды. Әлемдегі адамның орны қандай? Математика Хаостан тәртіп табуға, идеяларды логикалық бір ізге келтіруге, негізгі принциптерді табцуға ұмтылды. Математика бүкіл ғылымдардың ішінде телоиялық түде болды. Фалестің геометрия саласындағы білімі жан-жақты болды. Оған геометриялық құрылымның мынандай негізгі қасиеттері белгілі болды: «диаметр шеңберді тең екіге бөледі».
Ежелгі грек математикасы біртіндеп дамыды, бірнеше мектептерге бөлінді. Солардың бірі Пифагордың мектебі болып табылды. Пифагор Самосский /б,з,д, 580-500жж./ - ежелгі грек математигі. Милетке жақын Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пифагордың ілімі бойынша, сандар заттардың мәні болып табылады. Математикалық абстракциялар әлемде белгілі бір тәртіп орната отырып, жасырын жетекшілік етіп отырады. Сандар-бүкіл тіршіліктің бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.
Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды. Осы сандардың қосындысы /1+2+3+4=10/ текрактис деп аталды. Аңыз бойынша, пифагоршылардың анты: «Текрактистің атынан жан дүниеммен ант етемін. Мәңгі гілденіп тұратын табиғаттың қайнар көзі мен тамыры сонда жатыр. Тетрактиске кіретін сандардың қосындысы онға тең. Сондықтан он саны идеалды сан болып табылдаы және әлемді бейнелеп көрсетеді.
Пифагордың ең жоғарғы жетістігі - «гипотенузаның квадраты катеттердің квадартының қосындысына тең» деп аталатын атақты теоремасы, кейіннен ғылымға «Пифагор теоремасы» деп енген атақты дәлілдеуі.
Бұл теорема ертедегі Мысыр, Вавилон математиктеріне де мәлім болған, бірақ олар дәлелденбеген.
Ғылым саласында Пифагор
мен пифагоршылдар мынандай жаңалықтар
ашып, ғылымның дамуына үлкен үлес
қосты: дедуктивтік геометрияны
жасады, кеңістік геометриясы бойынша
куб, пирамида, додекаэдр деп аталатын
үш көпжақтың қасиеттерін
Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырды. Оларды грек тілінде «математа» деп атайды, оысдаен математика деген термин қалыптасты. Ол төрт сала: сан туралы ғылым /арияметика/, музыка теориясы /гармония/, фигуралар жайындағы ғылым /геометрия/ және аспан жайындағы ғылым /астрономия/.
Пифагор музыканы да математикаға
жатқызып, негізгі музыкалық
Демокриттің көзқарастарының
ғылымда өзіндік орны бар. Оның атомизм
ілімі универсалды философиялық
ілім болып табылады. Бемокрит математика,
физика, философия туралы бірқатар
шығармалар жазған. Бірақ оның шығармалары
бізге дейін жеткен доқ. Олардың
мақмұны бізге басқа
Демокрит математик те болып есептелді.
Б.з.д. IV ғ. Математиканың дамуына философиялық және жаратылыстану ғылыми мектептері үлкен әсер етті. Олардың бірін Платон /б.з.д. 427-347 жж./ басқарды. Ол Академия деп аталды. Пдатон математикаға үлкен мән берді. Платон математиканы ғылым ретінде өте жоғары бағалады, оны философиямен табысты шұғылдану үшін қажет ғылым деп есептеді.
Платон Демокриттің
Демокриттің атомдары - көлемді
денелік бөлшектер. Платонның атомдары-
Математика денелік дүниеден
бөліп қарастырылды, тәжірибеге көңіл
бөлуге тыйым салынды. Платонның
шәкірттері дедуктивті пайымдауларды
ғана қолдануға ұмтылды, бұл таңдау
математиканы түбірімен өзгеріске
ұшыратады. Көптеген грек философтары
мәігілікті және ақиқатты іздестірді.
Дедукциялық әдіс қана абсолютті
бірден-бір нәтижелерге
Дүние туралы білімдердің
жинақталуына сәйкес оларды жүйелендіру
қажеттілігі пайда болды. Бұл
мәселені ежелгі ойшылдардың бірі ПАристотель
/б.з.д.. 384-322 жж./ табысты шешті. Ол Греция
мен Македония шекарасында
Аристотельдің ілімі бойынша-дүниенің
көзі, тұтқасы, түп негізі-заттық нәрсе.
Табиғат мәңгі қазғалыстағы, өзгерістегі
материалдық заттардың
Аристотель өзінен бұрыңғы
грек ғылымының жетістіктерін
жалпылай логика ғылымын негіздейді.
Аристотельдің логикасы математиканың
дамуына күшті ықпал жасады, ол
дедуктивті-логикалық әдістің
Аристотель-жанды, жансыз табиғат жөніндегі ғылымдарды жасауға көп ат салысқан философ.
Аристотельдің жаратылыстану жөніндегі пікірлері оның философиялық идеяларымен ұштасып жатады.
Арситотель қозғалыс жөнінде ілім тудырды, бұл ілімнің негізгі қағидалары теріс болғанымен, ғылыми механиканының бастамасы болды деп айтуға болады.
Аристотельдің жануарлар дүниесі туралы еңбектері биологиялық ғылымдардың шығуына үлкен үлес қосты. Ол шәкірттерімен бірігіп 500 түрлі жануарларға сипаттама берді, жануарлар классификациясын жасауға ұмтылды.
Аристотель саяси экономия ғылымының бастамасын жасады. «Экономия» деген терминді Аристотель енгізген, ол грекше «Эйкон» -«шаруашылық», «Намос»-«Заң» деген маңынаны, яғни шаруашылық заңы дегенді білдіреді.
Аристотель өзіне дейінгі 300 жылға созылған грек ғылымы , философиясы мен өнерінің жетістіктеріне қорытынды жасап, оларға жаңа сипат берді, жаңа бағыт сілтеді. Ол әлі де болса жіктері ашыла қоймаған тұтас ғылым ішінен бірсыпыра салаларды ажыратуға бастама жасады /философия, математика, жаратылыстану, мемлекет теориясы т.б./. Бұл бастама кейіннен ғылым салаларының көптеп шығуына мүмкіндік туғызады.
Ірі ойшыл, ғалым, ол математиктердің бірі-Евклид /б.з.д. 300-225жж./. Афинада өмірге келіп, Александрияда тұрды. Онда ғылыми мектептің іргетасын қалады. Евклидтің өмірі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы екі аңыз сақталған: оның біріншісі бойынша, Птолмей патшаның геометрияны бейнетсіз оп-оңай білдіретіндей жол бар ма?» деген сұрағына Евклид « Геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ» деп жауап қайтарыпты. Екінші аңыз бойынша, бір шәкірт Евклидтен «геометрияны о0у не пайда береді» деп cұраған көрінеді. Сонда Евклид қызметшіні шақырып алып: «оқудан пайда тапқысы келіп тұр екен, мына балаға үш теңге беріңдерші», - депті.
Евклид-математика, физика, астрономия, музыка ғылымдары бойынша бірнеше еңбектер жазған оқымысты. Олардың ішіндегі еі атақтысы – «Негіздер».
Евклидтің «Негіздері» екі
мың жылдан астам уақыт бойы дүние
жүзі математиктерінің қолынан түспейтін
шығарма болды. Осы еңбекте жасалған
геометрия жүйесі дұние жүзі мектептерінде
сол қалпында оқытылып келеді. Мысалы,
Англияның мектептерінде
«Негіздер» 13 кітаптан тұрады.
Мұнда қамтылған мәселелер: түзу
сызықты фигуралар
Евклид «Негіздерді» құрайтын
әрбір кітапты анықтамалар
Евклидтің бес постулаты:
Кез келген нүктеден үздіксіз соза беруге болады;
Кез келген орталықтан кез келген радиуспен шеңбер сызуға болады;
Барлық тікбұрыштар өзара тең болады;
Егер екі түзумен қиылысатын үшінші түзу олармен екі тікбұрыштан кем імтей тұтас бұрыштар жасайтын болса, онда ол екі түзуді шектеусіз соза берсек, бұрыштар екі тік бұрыштан кем болатын жақтан қиылысады.
Бесінші постулат математика тарихында көп айтыс туғызады. Соған қарамастан, «Негіздер» күші бүгінге дейін математика ғылымдарын дедуктивтік жолмен баяндаудың тамаша үлгісі болып отыр.
Архимедтің ғылыми еңбектері математикаға да, физикаға да, асторномияға да жатады. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орывн алған. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тағайындаған, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Сұйыққа батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең болатын және онан әрқашанда жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін айқындайтын заң аэростатика мен гидростатика заңы деп аталды. Архимед Жер суаратын машиналарды, жүк көтеретін рчаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс машиналарын т.б. ойлап шығарған.
Архимед шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Архимедтің «шар мен цилиндр», « Дөңгелекті өлшеу және леммалар» атты екі кітабы орыс тіліне аударылған.
Архимед енгізген санына жақын мән 227 3,14 сол кездегі практикада қолдануға тиімді болды. Ол қазір де қолданылады.
Архимедтің кейінгі кездегі
шығармашылығына оның астрономияға
деген қызығушылығына тән. Астрономиядағы
оның жетістігі Планитарийдің
Ол қазіргі кезде космоқа ұшыруларға дайындауда компьютерлер орындайтын сызуларда кездеседі; Пи инженерлерге қажетті ондық белгілерді бейнелейді.
Антика ғылым тарихының
жарқын беттеріне көз алсақ, онда
біз ұлы ойшыл, ежелгі грек ойшылы
Архимедке кездесеміз. Ол Сицилия
аралында Сиракузда дүниеге келді.
Александрияда білім алды. Архимед
Ғылым мен Адамзат тарихының
тағдырын айқындаған азын-аулақ даналардың
қатарына жатады. Бұл ретте ол Ньютонға
ұқсас. Осы екі данышпанның
Антикалық ғылым – адамзат ойының қызықты да, жарқын беттерінің бірі. Философиялық және ғылыми идеялар, концепциялар, теориялар көбінде қазңргң ғылымның іргетасы болып табылады. Олардың кейбіреулері үшмыңжылдықтың барысында талқыланып, шешілді, пікір таластар тудырды, бірақ әлі де шешімін тапқан жоқ.
Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.

- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясының дәуірі
- Антиквариат и антикварное дело
- Антиквариат: понятие, виды, характеристика, экспертиза, классификация в ТН ВЭД ТС
- Антика мәдениеті
- Антика мәдинеті
- Антикапитализм
- Антикафе
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы