Антика философиясы. 9
«Антик философиясы» деген термин мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық шеңберге келер болсақ, антик философиясы өзінің бастауын б.з.д. VII—VI ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик философиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика (б.з.д. VII—V ғ.); классикалық грек философиясы (б.з.д. IV ғ.); эллиндік-римдік философия (б.з.д. III ғ. - б.з. V ғ.)- Ал Дж.Реале мен Дантисери антик философиясы дамуының төмендегідей жетілдірілген жүйесін ұсынады:
1. Б.з.д. VI және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мүның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик-плюралистер және физик-эклектиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері - софистер және әсіресе Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристотельдің үлкен синтезі кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектептер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін - кинизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойының діни дәуірі — неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы
және грек философиясының
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы - философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натурфилософтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анаксимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Түпнегіз (архэ) - бұл барлық нәрселердің шығу тегін, олардың мәнділік ретінде өмір сүруін және неге айналатынын білдіретін бастапқы негіз. Фалес барлық нәрсенің түпнегізін су деп пайымдаса, Анаксимандр өзі апейрон деп атаған шексіздік пен белгісіздікті атайды. Архэ ретінде Анаксимен ауаны, Гераклит отты атаса, ал Пифагор — сандық қатынастарға аса мән береді. Бұлардың арасында Анаксимандр түпнегізді неғүұлым философиялық және абстракциялық тұрғыда түсіндіруге тырысады. Алайда, су, ауа және отты физикалық-химиялық элементтердің немесе үрдістердің бір бөлігі ғана деген ой туындамауы тиіс, себебі олар ең алдымен құдіретті бастаумен байланыстырылады. Бұл шексіз бастаудың құдіреттілік қасиеті бар, өйткені ол мәңгі өмір сүреді және бұзылмайды. Сократ философиясынан бастау ала отырып, екі түрлі бағытты ұстануға болатьн еді: бір жағынан білместік принципі («мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін») ғылымды теріске шығаруға әкелгендей, екінші жағынан нағыз жоғары білімге жол сілтейді; оның афиналықтарға бағыштаған арнауы (Платонның «Сократ апологиясы») бір жағынан қарапайым моральдық уағыз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан платондық , метафизикаға кіріспе ретінде бағаланады; оның диалектикасы бір жағынан софистика мен эристиканы еске түсірсе, екінші жағынан ғылым ретіндегі логиканың негізі болып табылады; оның ілімі бір жағынан афиналық полис қамалымен шектелсе, еқінші жағынан тұтас әлемнің космополиттік кеңістігі ашылады). Платон мен сократшылдар деп аталатындар осындай әр-түрлі жолдармен жүрді.
Сократка дейінгі алғашқы философтар осы құдіретті түпнегізді әлемнен бөліп алмай, керісінше, әлемнің мәні ретінде түсіндіргендіктен «натуралистер» деп аталады. Сондықтан Гомер және антик дәстүрімен салыстырғанда бұл ұғым пантеистік типтегі түсінік болып табылады. Мысалы, Фалес «бәрі құдайға толы» деп айтқанда барлық нәрсенің өн бойын түпнегіз қамтиды дегенге меңзейді. Ал өмір бастапқы болғандықтан, бар тірі нәрсенің де жаны болады (гилозоизм).
Алғашқы грек ойшылдары әлемдегі бір-біріне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсылықтарды аңғара білді (суық пен ыстық, құрғақтық пен ылғалдық және т.б.). Анаксимен барлық өзгерістер мен трансформацияларды түсіндірудің негізі ретінде өзінің үнемі өзгермелі табиғатына орай универсалдық стихия түрінде ауаны түпнегіз етіп алғаны белгілі. Ол сонымен қатар, «тығыздалу» мен «сиректелу» үдерістеріне динамикалық себеп принципін енгізгендіктен, себептіліктің түпкі бастаумен жетілген үйлесімділігін түсіндіріп бергендіктен милеттік ақыл-ойдың қатаң және логикалық көрінісін айшықты түрде көрсетеді. Кейінірек, бұл парадигмаға, иониялық ақыл-ойдың үлгісіне айналып, әсіресе Гераклитте барлығын басқаратын логос түріндегі түпнегіз - от ретінде өзінің заңды жалғасын табады. Гераклит сонымен қатар, түпнегіздің универсалды динамизмі тақырыбын онан әрі дамытты. Оның «бәрі ағады, бәрі өзгереді» деген атақты тезисі осы ағын образынан туындайды. Осыған байланысты Гераклит мынадай терең де батыл түйіндерге тоқталады: бір қарама-қарсылықтан екіншісіне үнемі алмасу ретіндегі қалыптасу идеясы, олардың тұтастығы мен күресі идеясы, олардың үйлесімділікке бірігуі, ақиқат пен танымның көп қырлылығы. Гераклиттің дәл осы тұжырымдарын Гегель жоғары бағалап, өз еңбектерінде пайдаланды.
Философия дүниеге келісімен құдіреттілік (Ксенофан) пен ақиқатқа (элеаттар) қатысты ғасырлар бойы қалыптасқан наным-сенімдерді бұзып, өзінің жаңашылдық күш-қуатын байқатты. Элейден шыққан ойшылдардың жаңашылдығы былайша сипатталады: космологияны онтологияға (болмыс теориясына) өзгерту, өзіндік философиялық категорияларды ойлап табу («болмыс», «болымсыздық», «ойлау»), диалектикалық тәсілді енгізу мен пайдалану арқылы (Зенонның атақты апорийлары) философияда дәлелдеудің қажетгілігі мен оның тәсілдерін қолдануды (абсурдқа әкелу принципі) мойындау. Зенонның дәйектері өзіндік заңдылықтың күш-қуатын бекітетін тәжірибе деректеріне күмән келтіретін логос позициясын күшейтуге бағытталған.
«Кіші физиктер» немесе физик-плюралистер
— Эмпедокл мен Анаксагордың көзқарастары
элеаттардың осы апорийларын
шешуге талпыныспен байланысты болды.
Олардың плюралистік
Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «диалектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Платон өнерді ақиқаттан ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау ретінде қарастырса, ал эротика - абсолютке жетудің логикалық емес жолы. Платонның адам концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тон), таным тазару ретінде, ал диалектика бетбұрыс ретінде қарастырылады. Жанның мәңгілігі Платон үшін ең маңызды мәселе болғандықтан метемпсихоз ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде сипатталады. Платондық дүниетанымның інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарым қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса (және керісінше), онда Ақиқат пен Игіліктің жоғары құндылықтарына негізделген шынайы мемлекет қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік бүкіл басқа нәрселер соның төңірегінде айналатын негізгі өзек болып табылады. Идеалды мемлекетті практикалық тұрғыда қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі сәтсіз аяқталған соң Платон өзінің «Саясат» және «Заңдарында» «барлық нәрсенің өлшемі — Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекеттің формасын табуға ұмтылады.
Платондық Академияның ең
қабілетті шәкірті
Софистер мен Сократтың философиясы.
1. Софистиканың жалпы түсінігі.
Софистер бұл 5-6 ғ.б.э.д
өмір сүрді. Ежелгі Грецияда өмір сүрген
философиялық мектеп. Бұл философиялық
мектептің қайраткерлері
Софистердің қайраткерлері
Үлкен софистер (5ғ б.э.д) Протагор, Горгий,Гипий, Продик, Антифонт, Критий. Кіші софистер- Ликфрон, Алкидамант, Трассимах.Сократ – көрсетілген топтарға ресми түрде жатпайды, бірақ софистердің ойларын бөліп, софистиканың өзін өзінің тәжірибесінде қолданған.
Ерекшеліктері.
Қоршаған шындыққа сындық қатынас.Бәрін тәжірибеде тексеруге тапсыру, белгілі бір ойдың дұрыс бұрыстығын тексеру.Көне дәстүрлі цивилизацияның негізін қабылдау.Дәлелсіз білімге негізделген көне түсініктерді, ережелерді жоққа шығару.Мемлекет пен құқықтың нақтылықсыздығын дәлелдеуге тырысу.
Софизм Софистердің негізі логикалық әдісі ретінде.
Бұл философиялық мектептің
қайраткерлері өздерінің
Софистердің қызметтерінің мәні.
Қоршаған шындыққа сындық көзқараспен қарады. Грек азаматтар арсында философияның және басқа да білімдерді таратты.
2. Протогордың философиясы.
Протогор (б.э.д. 5 ғ) үлкен
софистердің белгілі
Ерекшеліктері.
Протогор өз философиялық кредосын мынада айтқан: Адам барлық тірі заттардың өлі екенінің, ал өлі заттардың тірлігін өлшеуші шама деген. Яғни бұл дегеніміз, қоршаған шындықтың жақсы, жаман екенін бағалаушы- адамның субъективті пікірі деген.Қайраткерлері Екі түрлі сөз шығармасының негізін қалаған. Және жас адамдарды кез келген дауда жеңуге үйреткен (Ауру адамдарға жаман, ал дәрігерлерге жақсы.,)
Сол кезеі үшінПротогорлардың құдайларға деген көзқарасты революционды болған.Құдайлар туралы біле алмайтын , олар бар ма, жоқ па, себебі оны білуге көптеген кедергілер бар.
Протогор философиясының негізгі жағдайлары.
Адам санасынан тыс ештеңе жоқ.Белгілі бір нәрсе мәңгі емес.Адам үшін бүгінгі күнгі жақсының бәрі, шындықтың жақсы екенін көрсетеді.Егер бүгін жақсы болған нәрсе ертең жаман болса,онда ол шындықта да жаман, кері болған.Барлық қоршаған шындықтың адамның сезімдік қабылдауына байланысты.
Қоршаған орта қатыстылық сипатқа ие.Объективті таным мүмкін емес.Тек қана пікірлер әлемі бар.
- Сократ философиясы
Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі.
Ерекшеліктері:
Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз философиясын, ағартушылық жұмысын ең өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы деп қараған.
Сократ қызметінің тарихи мәні.
Білімнің тарауына , азаматтардың
ағартушылықпен айналысуына ықпал
етті.Адамзаттың жақсылық пен жамандық,
махаббат , ар сияқты мәселелеріне жауап
іздеді.Қазіргі таңғы білім
2. Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім.
1. Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан, философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу, құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді.
2. Клиниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған, философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір сүрген, жанұясыз мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің ең әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ есінен таңға деп атаған.)
3. Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы Киреннен шыққан. Аристиппен негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүрген
Осы мектеп қайраткерінің көзқарасы табиғатты зерттеуге қарсы болған.Ең жоғары деп лязатты есептеген.Сәйкесінше өмір мақсаты ляззат деп есептеп, бақытты лязаттың жиынтығы, байлықты – ляззатқа жету құралы деп есептеген.
4. Мегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон.
Ерекшеліктері
Мегарлардың ойынша абстрактілі өте жоғары игілік бар, ол нақты суреттеуге жатпайды деген – құдай, ақыл өмірлік энергия. Жоғарғы игілікке қарсы ештеңе жоқ.Мегорлықтар философиялық ілімдік зерттеулерімен қатар, белсенді түрде тәжірибелік қызметпен айналысып дауласушылар деген атқа ие болған.Мегорлық мектеп қайраткерлері Евбулид бірқатар әйгілі парадокстардың авторлары атанды-Куча Лысый. Олар арқылы санның сапаға ауысу диалектикасын түсіндіруге тырысқан.Куча апориясы : Егер жерге бір бидай тастап, оған бір бидайдан қосып отырсақ, қанша уақыттан кейін бұл жерде үйінді болады ? Бидайлар жиынтығы бір бидай қосқаннан кейін үйіндіге айнала ма ? Лысый апориясы : Егер адам басынан біртіндеп аман түсетін болса, қанша уақыттан кейін ол таз болады. Әлі таз емес және әбден таз арасын бөлетін шекара қоюға бола ма ?
5. Элидтік –эритрий мектебі.
Антик философиясы
Кіріспе
«Антик философиясы»
деген мың жылдан аса тарихы
бар грек-рим философиясын
Ежелгі Грекия
дүниетанымының жаңа формасы
– философияны қалыптастырған
негізгі үш мәдени орталықтың
бірі болып табылады. Оның қалыптасуы
да Ерте Үнді және Ежелгі
Қытай жерлерінде байқалған
Атомистер ілімі.
Ежелгі грек
ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур
және ежелгі рим өкілі
Демокриттің ілімінше,
дүниенің бастамасы – атомдар
(шын болмыс)және бос кеңістік
(бейболмыс). Болмыс – сансыз көп
ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Атомдардың
негізгі қасиеті: мәңгі,
Атомдар бос
кеңістікте өз табиғатына тән
үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен
соқтығысқанда өздерінің
Атомдарды бояу түрлері, иіс
дыбыс т.б. сияқты сезімдік қасиеттер
жоқ. Бұл қасиеттер атомдар
Тіршіліктің шығуы Демокрит
табиғи заңдылықтардың салдары деп
түсіндіреді. Бұл жерде ешқандай
да жоғары күштердің әсері жоқ. Барлық
тіршілік иелері, оның ішінде өсімдіктердің
де жандары бар. Жандар шыққан қайнар
көз бар тіршілікті тудырған-жылылық.
Жандар әр түрлі болады. Космостық
жаны жоғары деңгейде емес одан гөрі жануарлардың
жаны жылылықты көбірек
өмір сүрудің қажетті жағдайы – дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары денеден толығымен шығады. Днеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді сөйтіп денемен бірге жан жа өледі.
Демокрит қоғамның
дамуы және мемлекет
Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған – адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәнінде құдай емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.
Демокриттің атомистік ілімдарін
әрі қарй жағастырған ежелгі грек
философы Эпикур (шамамен б.д.д. 342-271/270ж.ж.)болды.
Эпикурдың еңбектері
Эпикур жолын ұстап,
оның ілімін ары қарай
Лукреций әлемдегі заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе де оларда себептілік заңынан басқа жасырын күштері бар екенін мойындайды. Бірақ ол құдайға байланысты емес, себебі, құдай жердегі өмірге араласпайды.
Қорыта айтқанда, атомистік ілім табиғат құбылыстарын табиғи себептермен байланыстырып адамдарды табиғаттың дүлей күштерінен қорықпауға, тіршілік те құмарыңнан шығып, қуанышты өмір сүруге шақырды.

- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясының дәуірі
- Антиквариат и антикварное дело
- Антиквариат: понятие, виды, характеристика, экспертиза, классификация в ТН ВЭД ТС
- Антикварно-Аукционный Дом "Гелос"
- Антикитерский механизм
- Антикапитализм
- Антикафе
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы
- Антика философиясы