Араб ғалымдарының жаратылыстару дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
Жоспар
- Ғылымның басталу мәселелері
- Араб ғалымдарының жаратылыстару дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
- Антикалық ғылым
- Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
- Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
- Ғылымдағы жаңалықтар
- Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Пайдаланылған әдебиеттер
Ғылымның басталу мәселелері
Ғылым қашан және қалай пайда болды? Бул сураққа байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бір көзқарас иелерінің пайымдауынша ғылым өте ертеде, яғни адамдар алғаш еңбек қаруын жасап, табиғат туралы абстрактылы білімі болған кезде дамыған деп айтады. Ал екіншілері ғылымның пайда болуы тәжірибелік жаратылыстану пайда болған кезде (ХУ-ХУІІ ғғ.) деп айтады.
Қазіргі ғылымтану бұған нақты жауап бермейді, өйткені ғылымның өзін бірнеше аспектіде қарастырады. Негізгі көзқарас бойынша -ғылым — білім жиынтыеы: ңоәамдық сананың формасы; әлеуметтік институт; қоәамның негізгі қозеаушы күші; кәсіптік мамандарды дайындау жүйвсі тағы басқа.
Осы аспектілер бойынша ғылым:
- XIX ғасырдың ортасынан бастап - мамандар дайындаудың жүйесі;
- XX ғасырдың екінші жартысынан — қоғамның негізгі қозғаушы күші;
- Жаңа уақытта — әлеуметтік институт
- Ежелгі Грецияда — қоғамдық сананың формасы;
- Адам мәдениетінің бастауында - білім жиынтығы ретінде қарастырылады.
Әр уақыт бойында әр ғылымның қилы салалары пайда болды. Антикалық ғылым қазіргі әлемге математиканы берді, Жаңа уақытта -механика пайда болды, ал XIX ғасырда қоғамтану келді.
Бұл процестерді дұрыс түсіну үшін біз тарихқа жүгінуіміз қажет.
Ғылым сан қырлы қоғамдық құбылыс, қоғамнан тыс ғылымның пайда болуы, дамуы мүмкін емес. Ал ғылымның өзі объективті жағдайлар туған кезде:
1) объективті білімге әлеуметтік қажеттілік;
2) осы қажеттілікті қамтамасыз етуге қоғамнан ерекше бір дарынды адамдардың бөлініп шығуы;
3) білімнің жинақталуы, ғылыми жаңалықты символикалық турде кескіндеу немесе хабарлау (жазудың болуы) тағы басца болуы керек. Осындай жағдайлар б.э.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда пайда болды.
Ғылымның критерийлері:
1) теориялық;
2) ғылыммен айналысатын
ерекше адамдар тобының
болуы, қажетті материалдар
3) рационалдық (тиімділік);
4) жүйелілік.
Егер біз ғылымды 1 критерий бойынша қарастырсақ, сол кездегі Египет, Шумер цивилизациясында, жаңа білім алуға қажетті жағдайлар онша болған жоқ. Бул кезде математика, астрономия сияқты ғылым салалары бойынша аздаған білімнің алғашқы бастаулары болды.
Индия мен Кытайдағы білімнің дамуы күнделікті өмірге қажетті жэне діни ритуалдарды жүзеге асыру үшін ғана керек болды.
Ежелгі шығыс
Араб ғалымдарының жаратылыстару дамуындағы рөлі және отырарлық ғалымдар
Араб ғылымы ескі грек және үнді ғылымынан нәр алумен қатар, мәдениетті жоғары басца елдердің Мысырдың, Шамның, парсылық, әсіресе Орта Азия елдерінің үздік ғылыми дәстүрлеріне негізделді.
Ғылымның қадір-касиетін
дұрыс түсіне білген бағдат халифалары
Әл-Мансур, Һарун ар-рашид, әл-Мамундар
(VІІІ-ІХ ғасырлар) ғылымды дамыту мәселелеріне
көп көңіл бөлді. Бағдатта және басқа
қалаларда обсерваториялар
Аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының және Гиппократ, Платон, Аристотель, Евклид, Архимед, Менелей, Аполоний, Птолемей сияқты грек ғылымының көрнекті өкілдерінің еңбектері араб тіліне аударылып, шұғыл зерттеле бастайды.
Осындай ғылым тарихында үлкен мәні болған Бағдат мектебі құрылады. Бағдатқа жан-жақтан асқан білімпаз оқымыстылар шақыртылып топтастырылады.
Ғылым дамуына, оның ішінде математика ғылымының дамуына арабтардың қосқан үлестері өте көп. Арабтар үнді математикасын меңгерді, .қазіргі кезде көп қолданылып жүрген сандарды жазу мен оқу тәсілдерін үнділіктер өте ертеде ойлап тапқан болатын, қазіргі математикада қолданып жүрген араб цифрлары — үнді математиктерінің жетістігі.
Бағдат обсерваториясы мен Даналық үйінің ғылыми жүмыстарының басты ұйытқысы Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан ғалымдар болғанын мақтанышпен айтамыз. Олардың ішінде әйгілі Мухаммед әл-Хорезми, Ахмед Ферғани, Ғаббас жауһари, Ахмад Мәруази және басқалары бар.
Бүлардың ішінен теңдесі жоқ улы ойшылдардың бірі, шоқтығы биік улы ғулама Әбу Нәсір әл Фарабидің есімі ерекше жарқырап көрінеді. Ол — «Шығыстың Аристотелі» атанған улы ғулама.
Әбу Нәсір өздігінек оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе улы устазы Аристотель еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Холликанның айтуына қарағанда Әбу Нәсір Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан. Әбу Нәсір Аристотельдің «Категория», «Бірінші және екінші Аналитика» сияқты фәлсафалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.
Өзі де «Кемеңгерлік меруерті», Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы» тағы басқа трактаттар жазған.
Әл-фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, әуез жайлы еңбектері күні бүгінге дейін толық зерттеле қойған жоқ.
Америкадағы Питтсбург университетенің профессоры Николас Решер көптен бері Әл-Фараби және оның шәкірттерінің еңбектерін зерттеумен айналысып келеді.
Француз ғалымы Рудольф Эрланже 1930-1935 жылдары Әл-Фарабидің аса үлкен, әрі терең мағыналы «Әуездің үлкен кітабы» атты трактатын француз тіліне аударған.
IX ғасырда Хорезм қаласында математика Мүхаммед бин Муса Әл-Хорезми өмір сүрді. Ол арифметикалық есептер мен теңеулерді шешудің жалпы ережелері туралы кітап жазды. Ол кітап «Китаб әл-Джебр» деп аталып, қазіргі алгебра ғылымының атына негіз болды.
973-1048 жылдары улы астроном, тарихшы, географ Бируни өмір сүрді. Әл Хорезми ғаламшарлардың қозғалу кестелерін жасап, аспан шарларының түрған орындарын анықтауға көмектесетін астролябия аспабын жасады. Бируни жердің шар тәрізділігін қолдап, оның шеңберінің узындығының шамасын анықтады.
Сонымен, араб ғылымының
жаратылыстану ғылымдары
Антикалық ғылым
Сонымен нағыз ғылымның бастауы ежелгі Грецияда б.э.д.. VIІ-VI ғасырлардан басталды делінеді.
Яғни б.э.д. VII ғ. Шығыс Азиядағы грек колонияларында жер өңдеу экономиканың басты саласы болудан қала бастайды. Кәсіпшілік, теңізде жүру, сауда, ақша қатынастары жылдам дами бастады, қул иеленушілік құрылыс негізгі болып саналды, партиялар арсында күрес, заң күш ала бастады, жазба заң түрлері шықты. Билік басына жаңа әлеуметтік топ келді.
Қул иеленудің дамуы гректерді
барлық еңбек құралдарымен, шаруашылық
бағытындағы нәрселермен
Ғылым кәсіпшіліктен аулақ болды, бұл бір жағынан танымның бір әдістемесі эксперимент, тәжірибе екендігін жоққа шығарды
Дегенмен, бұл өз пәні, өзінің
танымдық және зерттеу әдістемелері,
өзіндік дәлелдемелері бар
Алғашқы ғылыми программа Пифагор ұсынған, кейіннен Платон дамытқан математикалық программа болды. Бұл программа басқа да антикалық ғылыми программалар сияқты, Космосты алғашқы заттар дүниесінің белгілі бір тәртіппен орналасқан қатары деп қарастырды. Пифагор оны сандармен салыстырды, және оны дүниенің ең алғашқы негізі деп санады. Пифагоршылар теориясы бойынша әлемнің картинасы өз үндестігімен таңдандырды, денелер геометриялық заңдылықпен, аспан денелері қозғалысы математикалық заңдылықпен, ал адам денесінің жеке органдарының бір-бірімен тамаша байланысы Поликлет каноны бойынша белгілі бір математикалық заңдылыққа бағынды.
Математикалық программа Платон философиясымен аяқталады. Онда ол әлемнің үлкен картинасын береді, яғни біз өмір сүрген әлем өлі материядан жаратушы туғызған белгілі бір заңдылық арқылы да-миды, оның өзі математикалық заңдылықтар арқылы жүреді. Заттар-дың өздерінің сыртқы пішіндері геометриялық фигураларды береді деп есептеді (от — өткір әрі қозғалмалы, яғни пирамида, ауа — сегіз жақты көпбурыш тағы басқалар).
Антикалык дәуірдегі екінші ғылыми программа атомизм програм-масы болады. Ол грек философиясы ғурыптарының қорытындысы болды, элеаттар философиясына кетеді. Оның негізін салушылар Левкипп пен Демокрит болды.
Бір қарағанда атомизм ілімі аса күрделі де емес. Табиғаттағы мүмкін барлық өзгерістердің механикалық себебі — атомдар қозғалысымен түсіндіріледі. Табиғи қүбылыстардың себебі, табиғаты физикалық жағдайлар, оны жер бетінен іздеу керек деп қарастырды.
Бұл ойлау тарихында бүтін нәрсенің жағдайын жеке бөлшектер қасиеті арқылы тусіндіретін ғылыми программа болды. Яғни барлық өзгерістер себебі атомдар қозғалысы делінді. Жаңа уақыттағы барлық әлеуметтік, психологиялық, физикалық теориялар осылай түсіндірілді.
Аристотельдің континуалдық деп аталатын программасы үшінші ғылыми программа болды. Ол дәуір аяғына таяу пайда болды. Ол Де-мокриттің де, Н.Пифагордың да, Платонның да көзқарастарын жақтамады.
Ол заттарға математикалық идеялардың қатысын да, заттардың атомдардан қуралатынын да қуаттаған жоқ. Аристотель дүниенің 4 түрлі себебін үсынады: олар формалды, материалдық, қазіргі кездегі және мақсаттық. Аристотельдің атақты «Органон» трактаты логика бойынша жазылған оның үлкен еңбегі болып табылады.
Антикалық дүниенің негізгі үш ғылыми программасы осындай. Ғылымның әрі қарай өзгеруі мен дамуы осы үш программамен байла-нысты болды. Бул программада табиғи заңдардың математиканы қолдануы болмады, олар жеке-жеке дамыды, табиғи қубылыстарды қайталап көрсете алатын тәжірибе жетілмеді.
Гректердің жаратылыстануы абстрактылы — түсіндірмелі ғана болды, жасаушы, әсер етуші компоненттер болмады.
Ортағасырдағы дүниеге көзқарас
Орта ғасырдағы ойлау жүйесі көбінесе мораль мен діннің ау-мағында болды. Кез келген дүниедегі мәселелер тек қасиетті жазудың түсіндіруімен қабылданды.
Тіршіліктегі, қоршаған ортадағы құбылыстарға, таңғажайып дүниелерге қызығушыльщ орта ғасырда антикальщ уақытпен салы-стырғанда мүлдем басқаша болды. Егер аз уақытында Аристотель табиғат таңғажайыптарына таңдана біліп, олардың себептерін іздеуге тырысса, ал орта ғасырлық ғалымдар, мысалы, Августин Блаженный біздің біліміміз шектеулі екендігін, нағыз таңғажайып дегеніміз — ол дүниені Қүдайдың жаратуы екендігін уағыздады.
Орта ғасырлық дүниетанымдағы
Құдайдың дүниені жоқтан жара-туы
туралы догма антикалық уақыттың
дүниетанымына қарама-қайшы
Ерте орта ғасырлық уақытта
ғылым антикалық уақыттағы
Орта ғасырлық символизм теориясы иерахизм идеясымен тығыз байланысты. Барлық заттар бір-біріне бағынышты деп қарастырылды.
Универсализм — орта ғасыр ойдың бір саласы, яғни барлығының бірлігі. Дүние мен адамның қүдай жаратқан бірлігі.
Орта ғасырдағы дүниеге көзқарастың ерекшеліктері:
1. Барлық адам баласының
қызметі діни пайымдаулармен
түсіндіріледі, табиғатқа
2. Дүниенің жаратылуы,
бірлігі құдай арқылы
Орта ғасырдағы ғылым антикалық ғылымға қарағанда кейін бірнеше қадамға шегінді. Дегенмен, орта ғасырлық мәдениет негізінде білімнің кейбір өзіндік маңызы бар салалары — астрология, алхимия, астрохимия, табиғи магия пайда болды. Олар қазіргі ғылымға негіз болып саналды. және механикалық турғыдан түсіндірудің алғашцы қадамдары жасалды. Бос кеңістік, шексіздік, түзу сызықпен қозғалу сияқты түсініктер пайда болды.
Дәл өлшеуге жағдайлар тууының де маңызы болды. Астрономияның дамуы да бүған себеп болды.
Математика мен физиканың арасында байланыс нығая түсті, жаңа уақыттың математикалық физикасы пайда болды және бұл ғылымның даму бастауында атақты астрономдар — Коперник, Кеплер, Галилей түрды.
Орта ғасырлық жаратылыстанудың бір жетістігі — дүниенің аяқталғанын шеңбермеи білдіруден бас тарту болды. Бұл модель шексіздік сызығымен, яғни дүниенің шексіздігін білдіретін модельмен алмастырылды.
Сол кездегі ғылымның дамуына қалалықтарды қатал тәртіп жағдайына бағындыратын діни әдет-ғүрыптарды уақыт бойынша тәртіппен өткізу, орта ғасырлық мектеп мен университеттердің ашы-луы да әсерін тигізді. Тек қана антикалық ғылым мен кітапты ғана оқып-үйрену емес, логикалық ойлау да да жоғары бағаланды.
Дегенмен, орта ғасырлық дүниетаным ғылым мүмкіндігін шектеп, дамуын тежеді. Сондықтан, жаңа уақытқа дейін ғылымға көзқарасты өзгерту қажет болды, ол қайта өрлеу дәуірінде жүзеге аса бастады.
Жаңа ғылымның ірге тасын қалағандардың бірі Галилео Галилей болды. Ол математикалық және тәжірибелік жаратылыстанудың негізін салды. Математикалық заңдарды дурыс түсіне білу үшін, дәл өлшеулер жасау үшін көптеген техникалық қүралдар жасады: линза, телескоп, микроскоп, магнит, ауа, термометр, барометр және басқалар
Аналитикалық және синтетикалық әдістемелер, приборды қолдану — гректер жүргізе алмаған өлшеу жумыстарын жүргізуге мумкіндік берді. Галилей дененің жер бетіне еркін түсуі туралы гипотезаны жасады. Аристотельдің кейбір көзқарастарын жақтамады.
Ғылымға берілген аз өмірінде Г.Галилей көп нәрселер жасады. Коперниктің гелиоцентрлік көзқарасын негіздеп дамытты; табиғаттың көп жағдайда математика заңдарына бағыныштылығы дәлелденді. Күштің механикалық фактор екендігін айтты. Қазіргі механика мен тәжірибелік физиканың негізін салды.
Бірақ әлі де жер және аспан денелердің қозғалысының арақатынасы туралы сұрақтар толық шешілмеді.
Классикалық ғылымның негізгі ерекшеліктері
«Классикалық ғылым» деген түсінік ғылым дамуында XVIII ғасырдан бастап XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі уақытта қалыптасты.
Классикалық ғылым дамуының алғашқы сатысының өз ерек-шеліктері болды:
Шындықты айқын көрсететін, білімнің аяқталған жүйесіне деген ұмтылыс. Бұл классикалық механикалық дуниені өз заңдылықтары арқылы түсіндіруімен, бағыт беруімен байланысты болды. Сондықтан, механика қоршаған дүниені түсіндірудің негізгі тәсілдерін меңгерді және ғылымдар эталоны болып саналды.
Табиғатты ғасырлар бойы өзгермейтін, өзіне ғана қатысы бар заңдарымен ерекшеленетін тұтас бір жүйе ретінде қарастырды. Сол кездегі классикалық ғылымда статизм, элементаризм, антиэволюционизм бағыттары болды.
Элементаризм — күрделі
құрылымдардың царапайым
Статизм — бұл құрылымдарға
тән байланыстар мен
Антиэволюционизм — реалдық құбылыстарды талқылау метафизикалық тұрғыда болды, яғни өзгеру, даму, тарихылық деген ұғымдардан аулақ болды.
Ғылым дінді интеллектуальдық бедел түрінде алмастырды. Адам-зат ақыл-ойы және табиғаттың тәжірибелік өзгерістері теологиялық доктриналар мен Қасиетті жазуды Ғаламды түсіне білуден ығыстырып шығарды. Сенім мен дүниетаным екіге бөлінді.
Дуние танымдық көзқараста ғылым алдыңғы орында бола оты-рып, дін мен философияға да өз қатарынан орын берді.
Алдыңғы қатарлы дамыған қоғамда дуниетаным адамзатқа сенімді өмірлік жолды, дүниені түсінудің қандай жолмен таңдауды өз еркіне берді. Дегенмен, ғылым тәжірибелік жетістіктерді барынша көп беру арқылы адамзат болашағын тек ғылым ғана қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Сондықтан, дін мен метафизикалық философия бірте-бірте өз әсерін жоғалта бастады.
Ғылым, оның ішінде жаратылыстану ғылымдары механистикалық және метафизикалық болып қана отырып, табиғатқа деген теология-лық көзқарасты бірте-бірте ығыстыра бастады. ХУІІ-ХУІІІ ғасырларда математикада шексіз кіші шамалар теориясы (И.Ньютон мен Г.Лейбниц), Декарттың аналитикалық геометриясы, М.И.Ломоносовтың атомдық-кинетикалык ілімі, Кант-Лапластың космогониялық гипотеза-сы алдымен жаратылыстану ғылымдарына, сосын қоғамдық ғылымдарға даму идеясын енгізді.
Сонымен, XVIII ғ. аяғында XIX басында көптеген ғылым салаларын ңамтыған ірі ғылыми революцияларға біртіндеп алғы шарттар жасала бастады. Алдыңғы қатарға энергия мен заттың бір-біріне айналуын зер-ттейтін физика мен химия шықты (химиялық атомистика). Геологияда жердің даму теориясы (Ч.Лайель), биологияда Ж.Ламарктың эволюция-лық теориясы пайда болды, сонымен қатар палеонтология (Ж.Кювье) және эмбриология (К.М.Бэр) сияқты ғылымдар дами бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы
ғылымдағы үш зор жаңалықпен
байланысты революциялардың
Шлайденн мен Шванның клеткалық теориясы;
Майер мен Джоульдің энергияның сацталу және айналу заңы;
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі болды.
Одан кейін табиғат
диалектикасын толығымен
- 1861 жылы А.М.Бутлеров — органикалық қосылыстардың химиялық құрылысы теориясы;
-1869 жылы Д.И. Менделеевтің периодтық системасы;
1869 жылы Л.Х.Вант Гофф
пен Дж.Гиббс — химиялық
1875 (Дж. К.Максвелл) — жарыңтың
электромагниттік теориясы
XIX ғасырдың аяғында ғылымдар
интеграциясының алғашқы
Жаратылыстануға диалектикалық көзқарастардың енуіне қарамастан, дүниеге көзқарас әлі де механистикалық, метафизикалық негіздерге сүйенді.
Тіршілік пен тірі организмдердің пайда болуы биология ғылымы жоғары қарқынмен дамыса да түсіндірілмеді. Дүниедегі адамның орны туралы келіспеушілік көзқарастар болды.
Әрбір ашылған ғылыми жаңалықтың өз қарама-қайшылығы бол-ды. Геоцентрлік теория жоққа шығарылғаннан кейін адамзат өзінің космостағы орнына сенімсіздікпен қарады.
Ғылым дамуындағы жасалған әр қадам адамды өз мүмкіндіктерін пайдалану үшін ұмтылдырды, сонымен бірге оның ойларында маза-сыздық пен бей-берекеттік тудырды.
Дарвиннің эволюциялық теориясы ғылымдағы жағдайды күрт шиеленістірді. «Қудай жаратқан» деген уғым жоққа шығарылғаннан кейін адам табиғатты бағындырушы рөлінен айрылды. Христиандық теология бойынша «табиғат адамның өз рухани мүмкіндіктерін ашуға арналған үйі» деген антропоцентристік көзқарасты үстаса, оны ғылым жоққа шығарды. Дарвин адамды жаратушыға тәуелділігінен Кутқарғанмен, оны жануарларға дейін төмендетті. Бул пессимистік көзқарас термодинаимканың екінші бастамасының ашылуымен одан әрі тереңдей түсті. Онда бүкіл ғалам тәртіпті жағдайдан бейбере-кеттікке қарай қозғалады, ең аяғында ол энтропия жағдайына (жылу-лық өлім) жетеді деген.
Соған қарамастан, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы ғылымдағы алтын еасыр болды. Ғылыми жаңалықтар ашылды, көптеген инсти-туттар мен академиялар ашылды. Әр түрлі зерттеу жумыстары ұйымдасқан түрде жүргізілді. Ғылым мен техниканың бірігуімен қолданбалы ғылым салалары өте тез дамыды.
Ғылым мен дүниетанымдағы қалыптасқан жағдай шешімін табуды қажет етті.
Ол XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталып, XX ғасырдың ор-тасына дейін созылған ғылыми революциялар арқылы шешілді.
Ғылымдағы жаңалықтар
Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.
Г.Герц — электромагниттік толқындардың ашылуы;
К. Рентген — қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;
Дж. Томсон — электрондарды ашу;
П.Н.Лебедев — жарық қысымы;
М.Планк — кванттық идея;
А.Экштейн — салыстырмалылық теориясы;
Э.Резерфорд — радиоактивті бөліну.
1913-1921 жылдары атом ядросы
туралы түсінік негізінде Н.
Революцияның үшінші кезеңі
XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын
игерумен, электронды-есептегіш машина
мен кибер-нетиканың пайда
XX ғасырдың ортасынан
бастап ғылым мен тех::ика
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Қазіргі ғылым XX ғасырмен XXI ғасыр аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:
1. Классикалық механиканы
негізгі ғылым деп санаудан
бас тарту, оны кванттық-
- Классикалық ғылымдағы
механистикалық, метафизикалық көзқарастарды
диалектикалық көзқарас
Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, буған жаңа кұрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:
- Дүниенің ең алғашқы
негізін табу мумкін еместігі
сияқты материя шексіз
- Ғылыми білім бурынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.
Классикалық ғылымға тән табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;
Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.
Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігіндәлелдейтін концепциялардың шығуы.
Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым XX ғасырда басымдылыққа ие болды.
Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.
Сонымен қатар, ғылым жетістіктеріне гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері) айтыла бастады.
XX ғасыр аяғында дүние
ғылымға деген абсолюттік
Көптеген отандық ғылым
зерттеушілердің болжамы
1. Ең алдымен, ғылым
адамзат мәдениеті мен
дүниетанымы жүйесіндегі өз
XX ғасырдағы өз алдына
бірқалыпты дүниенің жаңа
Бұрынғы ғылым мен жаратылыстану
— білімнің монологтық формасын қолданады.,
яғни, интеллект затты түсініп
білген соң өз пікірін айтады, ал
постмодерндік ғылымда
Постмодерндік ғылымның негізі болып глобалдық экологияесептеледі. Дүниедегі құбылыстар мен өзгерістер әр түрлі жүріп жатқанпроцестердің қосындысы болып табылады.
Постмодерндік ғылымның бір қасиеті — оның комплексті турдедамуы, яғни бурынғыдай жаратылыстану, техникалық, қоғамдықғылымдарды жеке-жеке бөліп қарамау.

- Араб ғұламаларының жаратылыстану ғылымына қосқан үлесі
- Араб дағдарысы
- Араб және қазақ тілдеріндегі коммерциялық хаттардың түрлері және тілдік сипаты
- Араб және түркі тілдерінің филасофиясы
- Араб журналистикасы
- Араб-Израиль конфликтісі
- Арабия
- Аптечный ассортимент сырья и фитосредств отхаркивающего действия
- Аптечный мерчендайзинг
- Апудоциттердің құрылысы, құрамы, қызметтері
- А.П. Чехов «Вишневый сад»
- А.П.Чехов "Вишневый сад"
- А.П.Чехов. "Смерть чиновника". "Человек в футляре". "Торжество победителя". "Хамелеон". "Толстый и тонкий"
- Араб-бедуин