Қарқаралы ұлттық саябағы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті
Тақырыбы: Қарқаралы ұлттық саябағы
Орындаған: Ережепова А.
Тексерген: Тлегенова А.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1)Қарқаралы саябағының географиялық орны
2 )Саябақтың зерттелуі мен тарихы
3 )Флорасы мен фаунасы
4 )Қарқаралы саябағының Қазақстан туризмін дамытудағы рөлі
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Ұлттық табиғи саябақтар - елімізде қорғалатын ландшафтардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан ерекшелігі туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау, сақтау талап етіледі.Ұлттық, саябақтардың негізгі міндеттері табиғат қорғау шараларымен қатар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді дамыту және экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне де ерекше көңіл бөлу.Қазақстанда Баянауыл, Атынемел, Көкшетау, Алатауы, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары бар.Соның ішінде Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы- Орталық Қазақстан өңірінің інжу- маржаны аталған, табиғатының көркі адамды өзіне баурап алатын еліміздегі табиғаты айрықша ажарлы аймақ.
Еліміздің табиғаты аса көрікті алқаптарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін иеленіп, мемлекет тарапынан ерекше қорғауға алынуы табиғатты қорғау жұмыстарының өзекті мәселесі екендігі де арнайы заң жүзінде(2006) де бекітілген. Осындай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тобына елімізде соңғы жылдары көптеп ұйымдастырылып жатқан мемлекетік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қарқаралы өңірінің табиғаты ежелден-ақ өзінің ерекше көзтартарлық сұлу көркімен таңғалдырған өлкенің бірегейі болғандығын Қарқаралыға арналған ақын- жазушылардың шығармаларынан айқын байқаймыз. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1212 арнайы қаулысы бойынша 1998 жылы 1-желтоқсанда осы аумақтың табиғатын, сан алуан биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалу және қорғау мақсатында ұйымдастырылды.
Қарқаралы саябағының
Қарқаралы ауданы
Жері 35,4 мың км,
Климаты- континенттік,
Халқы- 42,104 адам,
Аудан орталығы- Қарқаралы қаласы.
Іргесі 1824 жылдың тамыз айында қаланған.
Қала тұрғындары -10300 адам.
Қарағанды облысының
оңтүстік-шығысындағы
Қарқаралы-қала. Қарағанды облысының
Қарқаралы ауданының әкімшілік
орталығы. Қарағанды қаласынан оңтүстік-
Соңғы жылдары Қарқаралы жерінде де мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Таяу жылдары ұйымдастырылған (1998 ж) бұл табиғи саябаққа жүктелетін негізгі міндет – Орталық Қазақстанның табиғи еменін қалпына келтіру мен сақтау, экологиялық зерттеу жұмыстары жүргізу, сонымен қатар халықтың тынығып, табиғат көркін тамашалауына мүмкіндік беру және тағиғат қорғаудың маңызын көпшілікке насихаттау. Қарқаралы табиғи саябағы 350,5 мың га аймақты қамтып жатыр. Қарқаралы және Талды орман шаруашылықтары негізінде ұйымдастырылған бұл табиғи саябақ аумағына Қарқаралы аумағының біраз жері енеді. Қарқаралы табиғи саябағының аумағында адам аяғы сирек басатын Шаңкөз, Оңтүстік Қарқаралы және Кент қорығы аймақары, Арқалық зоологиялық және Сарықұлжа ландшафтылы қорықшалар бөлігі адамдар тынығып, демалатын арнайы жерлерге айналды. Аталған жерлерде табиғатты тамашалау, оның аясында демалу шараларын дұрыс ұйымдастыру көзделіп отыр.|1|
Өлкемізде Баянауыл, Қарқаралы сияқты «жер жаннаты» аталған жерлер аз емес. Олардың табиғи көркін бұзбай сақтауда табиғи саябақтардың алар орны ерекше. Қорық сияқты саябақ үшінде де шаруашылыққа пайдаланып жүрген құнарлы жерлерді бөлуге тура келеді. Сол себепті де табиғи саябақ ұйымдастыру ісі жан-жақты кедергілерге тап болып отырады. Шаруашылықпен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру – бүгінгі күннің талабы. Қарқаралы ұлттық бағының үш филиалы бар: Таулы (жалпы аумағы-25576га); Қарқаралы (жалпы аумағы-23846 га) және Кент (жалпы аумағы-40901 га).Қарқаралы-Кент таулы торабы бір бірімен аралас орналасқан бес таулы топтан тұрады: Бұғылы, Шаңкөз, Матен, Айыртау және Кент. Қарқаралы таулары мен Кент алабы ерекше ландшафты асимметрияға ие: оның солтүстік баурайы шығыс және батысқа қарағанда өсімдіктерге және бұлақтарға өте бай. Олар бір-бірінен терең шатқалдармен алшақтанған, тау аралас жартас шоқылармен және шыңдарды құрайтын жоталар мен жатық жазықтықтардан тұрады. Қарқаралы алқабы Тар кезең және Ақпет, Бұғылы және Айыр жоталары мен жекелеген Комсомол (1403м), Шаңкөз (1360), Бұғылы (1323), Көктөбе (1254) шыңдарынан және бірқатар биіктігі бойынша маңызды емес жоталардан тұрады.Аудан аумағы үшін су тартылмайтын жылғалардан, терең аңғарлардан, таулы бұлақтардан және көл қазандықтарынан, сондай-ақ ұсақ құмдардан тұруы оның табиғатына тән. Қаралып отырған аумақтың климаты барлық ұсақ таулы алқап шегінде ауа-райының антициклондық түрімен континенттік болуы қыстың қаттылығымен, салқын жазбен, жылдың бұлтты күндері, жиі кездесетін құрғақшылдық, аңызақ желдерінің қайталанатыны тәуліктік және жылдық температурасының едәуір ауытқуына әкеліп соғады.
Қарқаралы атауы туралы да түрліше пікірлер бар. Түркі тілдес халықтарда «Қарқара» сыртқы көрінісі ерекше биік шоғырланып тұрған тау деген ұғымды аңғартады. Келесі бір ұғым бойынша «Қарқара»- қыздар киетін бас киім дегенді,яғни «Қарқара»- төбесі биік, төменгі бөлігі құндызбен көмкерілеген бөрік. Қарқаралы тау тізбектері алыстан қарағанда дүкен сөресіне қатар-қатар қойған қарқара бөріктерге ұқсайды. Сонымен қатар қырғыз тілінде «қарқара»- «көкқұтан» деген құстың атауын білдіреді. Кейде «қарқара» сөзі- «дене,тұлға, сымбат, мүсін, келбет», немесе «қызыл тал» деген ұғымдарға юа сәйкес келеді деген де пікірлер бар.
Қалай болғанда да, «Қарқаралы» атауы еліміздегі табиғаты аса көрікті алқапқа берілуі біз үшін зор мақтаныш!
Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының аумағында орналасқан
... Түрленген атырабың, шартарабың,
Бөленген жасыл нұрға Қарқаралым,
Көз ашқан бауырында бөбегіңмін,
Атынды атай жүріп марқаямын...
(Жаппар Өмірбеков)
Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтың жер көлемі алғашында 90 323 гектар аумақты қамтыса, соңғы жылдары жер көлемі кеңейтіліп, қазіргі кезде 112 120 гектар алқапты алып жатыр. Бұл аумақтың 45 483 гектары орманды алқапты құрайды. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының құрамына республикалық мәні бар Белдеутас (44 660 га) және Бектауата (500) мемлекеттік зоологиялық табиғи қорықшалары кіреді. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының аумағында ғылыми, тарихи және табиғи маңызы бар көптеген ескерткіш нысандар кездеседі. Саябақ аумағындағы ерекше табиғи және тарихи ескерткіштер ретінде – Шайтанкөлді, Бассейн көлін, Үлкен тас шатырды, Қалмақ қорғанын, Үш үңгірді, Жиренсақал шыңын, сібір шыршасын, үйеңкі ағашын т.б. атауға болады. Қарқаралы өңірінде тарихи оқиғаларға қатысы бар ескерткіш орындар көптеп кездеседі. Мысылы: Құнанбай қажы мешіті, Абай мен Шоқан тоқтаған үйлер, Мәліксайдағы Мәдидің екерткіші, Суықбұлақ шатқалындағы ұзындығы 5 шақырымдық тас қорған, Қоянды жәрменкесінің орны, таубасындағы құпиялы Шайтанкөл, тау қойнауындағы буддалық ғибадатхана және т.б. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағында жүргізілетін табиғат қаорғау жұмыстары бойынша екі белдемге бөлінеген. Өйткені мұндағы орманның жан- жақты пайдалы жақтары ескеріліп, қатаң қорғауды қажет етеді.|2|
Саябақтың зерттелуі мен тарихы
Тарихи деректерде тау сілемдерінің етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің табанында орналасқан елді мекен үстінен Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы керуен жолы өткен. Осы өлкеге алғаш саяхат жасаушылар 1785 жылдардан бастап аяқ басқаны тарихи деректерден бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.Ресей өкіметі пайдалы кен қазбаларын зерттеп, оны өндіруді қолға алу мақсатында көшпенді шаруашылықтарының территориялық орналасу мәселесін шешуге кіріседі. Болашақ округтік билік орталығына Қарқаралы және Кент таулы мекендері таңдап алынады.
Қарқаралы 1824 ж. сәуірдің 8 Сібір қазақтары дала губернаторлығының әкімшілік-аумақтық орталығы — станица негізінде құрылды.
1868 (1869) ж. — Семей облысы құрамындағы уездік қала, ірі сауда орталығына айналды.
1928-30 жж. және 1934-36 жж.ы — Қарқаралы округінің орталығы.
1930-34 жж. және 1936 ж. бастап. — Қарқаралы ауданының орталығы.
Қарқаралы тарихы ұлы Абайдың есімімен тығыз байланысты. Әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда көктөбелі күмбезді мешіт салдырып өз атын ұрпақтарына мәңгілік ескерткіш қылып қалдырып кеткен кемеңгер еді.Қарқаралының ақ қайың мен жасыл терек зерлеген шұрайлы өлкесі ерте кезден-ақ оқымысты-ғалымдардың, саяхатшы-зерттеушілердің көңіліне ұялап, көзін қызықтырған. Қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов, Қарқаралы округінде екі рет — 1855 және 1863 жылдары болды. Қызмет бабындағы сапарын ол халықтың ауызекі аңыз-әңгімелерімен, ән-жырларымен танысуға арнады. Ш.Уәлиханов мал шаруашылығы жөнінде бірсыпыра қызықты материалдар жинады. Оның «Қарқаралының сыртқы округтері болыстарының қысқы көші-қоны» деген еңбегі осы тақырыпқа арналады.
Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері
түркі тектес тайпалардың, оның ішінде
қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі
үшін темір рудасын өндіретін бірден –
бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан
болып қалыптасты. Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу
арқылы бұны дәлелдеп берді.Алғашқы саяхатшылар
Қарқаралы өңіріне 1785 жылдардан бастап
аяқ басты. Патшалық Ресейден әскери адамдары
атаман Телятников, капитан Андреев 1786
жылы, кен - өндіріс инженері М.Поспелов
пен Т.Бурнашев 1890 жылы, Сібір корпусының
тілмашы Ф.Назаров 1913 жылы, Алтай кен округінің
маркшейдері М.Шангин 1816 жылы Қарқаралы
өлкесінде болып, табиғат байлығын, пайдалы
қазбаларын, ескі керуен жолдарын, археологиялық
ескерткіштерін, қазақ халқының тұрмыс
– тіршілігін, салт – дәстүрін зерттеген.
Қарқаралының шығыс жағындағы Кентөбе,
Кенқазған, Қарашоқы кен орындарын атап
өтуге болады.Патша өкметі қазақ даласында
билік орталығының бекінісін салуды ойластырып
болашақ округтік басқарудың мекеніне
Қарқаралы таулы аймағы қолайлы деп табады.Сондықтан
округтің нақты орнын айқындау үшін 1824
жылы 27 қаңтарда Омбыдан полковник С.Б.Броневский
басқарған шекара отряды келіп, қаланың
кәзіргі орнын белгіледі. 1824 жылдан бастап
Қарқаралы қаласының іргесі қаланды.Негізі
1824 жылы қаланған Қарқаралы қаласының
тарихтың терең қойнауына кеткен мол шежіресі
бар. Арқа өңіріндегі санаулы ғана байырғы
қалалардың бірі саналатын Қарқаралы
тек әсем табиғатымен ерекшеленбейді,
ол Орталық Қазақстан өңірінің барлық
саяси оқиғаларының ордасы, ұлтымыздың
бетке ұстар игі жақсыларының ізі қалған
қасиетті мекен.Қарқаралы қаласы тарихи
ғимараттарға тұнып тұр.Әр ғимараттың
өзіне тән тарихы бар. Әсіресе аудандық
орталық кітапхана орналасқан ғимарат
өте әсем, бұл үйдің иесі Петербордан Қарқаралыға,
аяғына шәркей киiп, келген В.П. Рязанцев,
сауда - саттықтың нәтижесiнде әбден байып,
қаланың бiр көшесiнiң бойында үйлер салдырып
туған-туысқандарын қоныстандырған.
Кітапхана көшесінің ар жақ бетіндегі
- саяжайда Андрей Селиверстовичке қойылған
ескерткіш бар. Осы ескерткішке қарама
қарсы алаңда, баяғы заманда қызыл кірпіштен
салынған, орыс шіркеуі болатын. Оны салуға
Рязанцевтер қаржылай көмектескен.Шіркеу
үш этажды болған. Кейін Совет өкіметі
кезінде оны құлатып кірпіштерінен орыс-қазақ
мектебін салған . А.С.Резанцев 1914 жылы
қайтыс болған, балалары әкелеріне Петербордан
қара граниттен ескерткіш жасатып, әуелі
Семейге, одан сон ат-арбамен Қарқаралыға
жеткізіп, белгісін шеркеуге қарсы қойған.
Бұл ғимарат тарихи ескерткіш ретінде
үкімет қорғауында.Бұл үйде орыс саяхатшысы,
этнограф Г. Потанин тоқтаған және ғимарат
қабырғасында, оның болғаны жөнінде мемориалдық
тақта орнатылған.
Осындай тарихы мол ғимаратта елге,
жерге деген сүйіспеншілікті, аялы
қамқорлықты, өнерге деген ізгі ниетті
, салт-дәстүр, мәдениеттілікке, көпшілік
арасына ғылым мен білім, ізгілік
пен парасаттың дәнін себетін
шаңырақта тарихы 100 жылдан астам орталық
кітапхана орналасқан.Кітапханалар тарихы
– облыстың мәдени өмірінің тарихы, қоғамның
экономикалық және рухани өмірінің көрсеткіші.
Қарқаралы қаласында көпшілік кітапхана
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың
басы аралығында ашылған. Өкінішке қарай,
Қазақстанда кітапханалардың осы кездердегі
құрылуы мен даму тарихы, арнайы емес,
басқа тақырыптармен қоса зерттеген. Сондықтан,
кітапханалар туралы тарихи құжаттар
жоқ. Бұл тақырыпты қарастырғанда біз
тек Н.К. Дәулетова мен Е.Н. Шмелеваның
«Из истории библиотечного дела в Казахстане»,
В.З. Галиевтың «Библиотечное дело в Казахстане
(Вторая половина XIX – начало XX веков)»
ғылыми-зерттеу жұмыстары және «История
библиотечного дела в Казахстане: 1917-1991»
құжаттар жинағына сүйене аламыз.
Облыста бірінші кітапхана 1892 жылы чиновник
Марковтың ұсынысы бойынша Қарқаралы
қаласында ашылған. Оның кітап қоры 626
дана болған. Бірінші күннен бастап 1917
жылғы ақпан революциясына дейін кітапхана
жұмысына жасырын цензура жүргізіліп
тұрған. Мысалы: 1903 жылы Петербургтің баспа
туралы комитеті «Көпшілік кітапханаларда
пайдалануға тыйым салынған шығармалардың
алфавиттік көрсеткішін» жасаған. 1904 жылы
Қарқаралының кітапханасын тексеру үшін
уезд бастығы «Алфавиттік көрсеткішті»
Кітапханалық комитеттің төрағасы, орманшы
Петр Федорович Поповқа берген. Ал Попов
«Бұл көрсеткішті бөтен адамға танысуға,
не болмаса анықтама алуға еш уақытта
бермеуге» міндетті болған. Қарқаралының
көрнекті қайраткерлері қарқаралының
бірінші кітапханасының жұмысына көңіл
аударып, кітапхананың дамуына өз үлестерін
қосқан. 1905 жылдың қаңтар айында Қарқаралы
кітапханасының жұмысы туралы оқырмандар
жиналысы ұйымдастырылған. Жиналыс төрағасы
Итбаев болған.
Жиналыста кітапханалық комитеттің төрағасы болып Қарқаралының ауылшаруашылық мектебінің басқармасы Павел Петрович Белдыцкий және кітапханашы болып Мустафа Баязеитович Мамлеев сайланған. Комитет мүшелері – А. Байтұрсынов, М. Мамлеев, А. Глебов, П. Астерин, С.С. Панфилов. Ол кездері қоғамдық кітапхана жұмысымен оқу орындары шұғылданған.
Сондықтан, сол кездегі Қарқаралы орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі Ахмет Байтұрсынов бес жылдан аса Қарқаралы кітапханасының дамуына көп үлес қосқан. Ол Петербургпен байланыса отырып, 1909 жылы өзінің бірінші кітабы «Қырық мысал»-ды («Сорок басен») жарыққа шығарды.Қарқаралы кітапханасының кітаптарымен мұғалімдер, оқушылар және қала тұрғындары пайдаланған. Оқырмандар құрамында қазақ, орыс, татарлар болған. Кітапхана қоры қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдармен жинақталған. А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, М. Горький, Л. Андреев, В. Короленко сияқты авторлардың шығармалар жинақтары сатылып алынған. Және де философия, география, медицина, математика пәндерінен кітаптар жинақталған. Кітапхана 17 түрлі газет-журналдар алып тұрған. Оның ішінде: «Сибирьская жизнь», «Слово», «Туркестанская туземная газета», тағы басқалар. 1905 жылғы Қарқаралы кітапханасының шығыны 230 рубль болған. Ревизиялық комиссия мүшелері болып Құрманов пен Итбаев сайланған. Өкімет басшылары кітаптар мен газет-журналдардың оқырман көзқарасына ететін әсерін ескере отырып, кітапхана қорларының құрамын мұқият бақылауға алған. Сондықтан, жаңа мерзімді басылымдарға жазылудан бұрын, Петербургтен, Ішкі істер министрлігі жанындағы баспа жөніндегі Бас басқармадан басылым туралы ақпарат сұрастырылған. Патша үкіметі және әкімшілік кітапхана ісінің дамуын өз назарынан тыс шығармаған. Мысалы, Халық ағарту министрлігі 1912 жылы бекіткен халық кітапханалар жайлы Ережелерінің бір пунктісі бойынша «Халық кітапханаларын жазылып алынғандардан басқа мекемелер, қоғамдар, жеке тұлғалар сыйлаған жаңа кітаптар және мерзімді басылымдармен толықтыруға рұқсат етіледі, және сыйға тартушылар басылымдар тізімін халық училищелерінің инспекторына көрсетулері тиісті».
Киелі Қарқаралы жеріне қонақ болып келген еліміздің игі жақсылары іргесі қаланғанына 100 жылдан асқан еңселі ғимаратқа соқпай өтпейді.
Олар кітапханаға өз қолтаңбаларын қалдырып, аталы, ұлағатты сөздерін жазып кітапхананың тыныс – тіршілігімен танысып кетеді.Аудан кітапханаларына оқырмандардың білім танымдарын жетілдіруге, рухани орталықтың байи түсуіне, ақпараттың орталығы ретінде аудан әкімі Н.Омарханов, аудан әкімшілігі баса назар аударып отырады.Қітапханада көпшілік оқулар, мерейтой кештері өткізіліп тұрады, оған оқушылар, мұғалімдер, жергілікті интеллигенция қатысады. Қарақаралы кітапханасының қоғамдық - ағарту қызметі қоғамда демократиялық идеялардың таралуына, халықтың сауаттылығын ашуға әсер етіп келеді.|3|
Флорасы мен фаунасы
Қарқаралы сілемінің орманды бірлестіктерінде 268 өсімдік түрі кездеседі. Негізгі орман түзуші ағаштар- кәдімгі қарағай, ол тау етегінде, беткейлерде, тау басында, кейде тіпті баруы қиын жерлерде өседі. Басқа ағаштардан қотыр және үлпек қайыңдар, көктерек, өте сирек қара қандағаш таралған. Қайың мен көктерек көбіне қарағайлы ормандарда бірге кездеседі, кейде таза өздері ғана өседі. Бақтың флора құрамында қалдық орман түрлері үлесі едәуір: қарағай, көктерек, мойыл, таңқурай, қой бүлдірген, қара қарақат, орман қырықбуыны, алмұртшөп, орман қоңырбасы және басқалар, Бұлардың бар болуы- Қарқаралы, Кент және басқа да орман сілемдерінің Батыс Сібір және Орал солтүстік ормандарымен байланысы бар екендігінің куәсі. Эндемик өсімдіктердің түрлері- қарқаралы бөрі қарақаты, қарқаралы сылдыршөбі, үшкір сала сиякөк, қарқара бидайығы, салалы таспашөп, қарқаралы рэгнериясы. Қазақстан Қызыл кітабына 10% өсімдік түрі енгізілген. Олар: қара қандағаш, қарқаралы бөріқарақаты, жапырақсыз орашық, жатаған қызғалдақ, шарырша қызылшөп, Фукс сүйсіні, дала таушымылдығы, жіңішке көкнәр және мүктің бір түрі- тегіс сфагнум. Аймақ үшін сирек кездесетін өсімдіктер- таспажапырақ күймесгүл, кәдімгі еркек қырыққұлақ, шаш тәрізді қалампыршөп. Көптеген өсімдіктер халық шаруашылығы мен тұрмыста дәрілік (қылша, арша, долана, қырықбуын, құндызшөп, шалфей, бақбақ және т.б.), тағамдық (бүлдірген, қойбүлдірген, таңқурай, қарақат, итмұрын, мойыл, жуа, саңырауқұлақтар- майлы сарғылт басты, груздь, арыш, сыроежка және т.б.): сәндік (қызғалдақтар, таушымылдықтар, жанаргүл, итмұрындар және т.б.) өсімдіктер ретінде қолданылады. Құрылыс және отын ретінде қайын, қарағай, көктерек пайдаланылады. Көптеген өсімдіктер үй және жабайы жануарлар үшін азық болып табылады.
Қарқаралы тауларында
қалдық шымтезекті батпақтар
сақталған олар оқшау және
Қазақстандағы ең қиыр
Омыртқалы жануарлар фаунасынада 170 түр белгілі, оның ішінде 40 сүтқоректі түрі, құс- 114, бауырымен жорғалаушылар- 6, қосмекенділер- 2 және балық -4 түр. Тұяқты жануарлардан сібір елігі, бұлан, арқар, мекендейді. Өткен ғасырдың соңында доңыз бен марал қайта ойдағыдай жерсіндірілді. Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққалақ, сасық күзен, сілеусін, сабаншы кездеседі. Кеміргіштерден дала суыры, сұр суыр, қызылұрт саршұнақ, үлкен және секіргіш қосаяқтар, тоқалтіс пен қантесердің оннан астам түрі таралған: өткен ғасырдың 80- жылдарында ақшыл ақтиін табысты жерсіндірілген. Қалқанқұлақ кірпі, су жертесері, кіші ақтісті жертесер, кәдімгі, тундра, кіші жертесерлер салыстырмалы сирек кездеседі.
Қазақстан Қызыл кітабына арқар мен сабаншы енгізілген. Қоян, тиін, ондатр, және жыртқыш пен тұяқты (қызылкітаптық түрден басқалары) жануарлардың барлық түрі әуесқой және кәсіптік аңшылық нысаналары болып табылады. Құстар фаунасы өте алуан түрлі. Жапалақтардан маубас жапалақ, үкі, күндізгі жыртқыштардан бүркіт, бақалтақ қыран, қара кезқұйрық, жамансары, қаршыға, қырғи, саз және шалғын құладындары, ителгі, жағалтай, тұрымтай, кәдімгі және дала күйкентайы кездеседі. Орманда үлкен шұбар тоқылдақ, ақшылқанат сайрауық, орман жадырағы, үлкен көк шымшық, шұбар шымшық, үлкен түркептер, көкек, мысықторғай, тентекқұс, құр әдеттегі күзде сирек ұшып келетін құстар: самырсын құс, абдырақ, қара тоқылдақ, сұр тағанақ пайда болады. Орман шеті мен алаңқайларында жиі сары торғайлар, сандуғаш торғайлар, отқұйрық торғайлар, ала бұлбұлдар, бозторғайлар, көл жағалары мен өзен тасқын суларында- шалшықшылар мен қазтамақ торғайлар кездеседі. Сирек қара дегелек ұялайды, ол Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар ішіндегі ең көзге түсері. Басқа « қызылкітаптық түрлерден бүркіт, бақалтақ қыран, балықшы тұйғын, ителгі, үкі, қара дегелек мекендейді, сонымен қатар қу тұмсық қаз бен қарабас өгіз шағаланың осы жерден жалғыз- жарым кездескені тіркелген. Аңшылық нысаналары- құр, сұр шіл, бөдене.
Омыртқалылардың басқа түрлері аз. Бауырымен жорғалаушылардан көбінесе секіргіш кесіртке мен өрнекті қарашұбар жылан, сирек – көк кесіртке, қалқан тұмсық жылан, дала сұр жыланы, сарыбас жылан кездеседі. Қосмекенділердің екі түрі- жасыл құрбақа мен сүйіртұмсық бақа бұл аймақта кең таралған. Көлдер мен өзендерде балық көп. Мұнда мөңке балық, шортан, алабұға, торта балық мекендейді.
Омырқасыз жануарлар фаунасы (насекомдар, өрмекшілер, кенелер,молюскалар, құрттар және т.б.) толық зерттелмеген.
Құстар әлемі бай әрі алуан түрлі 67 құс түрі ұялайды және 100- ден астам түрі ұшып өтеді. Ірі көлдер жанындағы су маңы және суда жүзетін құстар ерекше көзге түседі. Бұлар- әр түрлі үйрек, шағала, қарқылдақ, үлкен сұқсыр, әупілдек, көкқұтан, шалшықшылар (қызғыш, шөпілдек, бізтұмсық). Өзінің ашық түсті қауырсынымен от үйрек еріксіз назар аудартады, ол ұясын тауда жартастар қуысына, түлкілер мен суырлар ініне салады. Балапандарын шығарып болғаннан кейін, ұзақ та қауіпті жолды жаяу жүріп, қайта суға келеді. Орман сілемдерінде жыртқыш құстар- жамансары, жағалтай, бөктергі, кезқұйрық; қызылкітаптық түрлер- бүркіт, қарақұс, ителгі; Торғайтектестер отррядының көптеген өкілдері- үлкен көк шымшық, ақ шымшық, орман жадырағы, шұбар шымшық, құралай, бақ сарыторғайы және т.б. кездеседі. Далалы жерлерде дала құладыны және біздің фаунамыздың ең ірі шалшықшысы- үлкен шалшықшы ұялайды.
Қарқаралының басты байлығы таулар болып таблады. Аралшықты қарағайлы орманның Қарқаралы тобы бетегелі- қаулы далалар құрғақ аймақ тармағы далалы аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бұл сақталған аралшық ормандар мұз дәуірі кезінде Оралдан Алтайға дейінгі кең аймақта созылып жатқан үлкен орман сілемі қалдықтары болып табылады. Жылы әрі құрғақ кезең туған кезде, жаңа жағдайға бейімделген орманның көп бөлігі жоғалып кетті. Жекелеген сілемдердің басым көпшілігі тек тау мен шоқылар арасында ғана сақталды.
Орман үшін негізгі жау- өрт (адамның қолынан және найзағай отынан), ағаштарды кесу және малды шектен тыс жаю, бұл ағаштардың табиғи қалпына келуге кері әсерін тигізеді. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі жабын тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері, сондай-ақ әдебиет көздерінде олардың 800-дей түрі барлығы қазіргі кезде тіркелген. Бұл маңындағы дала зонасына қарағанда үш есе көп. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5 енгізілген: қарқаралы бөріқарақаты, тегіс сфагнум, қырғыз қайыңы, жіңішке көкнәр, көктемгі жанаргүл, сібір қисық бұтасы, қалампыршөп.
Қарқаралы флорасында және
Кент таулы-орман алқабында
Қарқаралы саябағының Қазақстан туризмін дамытудағы рөлі
Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы экологиялық туризмді дамыту ісіне де ерекше көңіл бөліп отырғандығын да айрықша атап өткен жөн.
... Баланбайтын бар қымбатқа. алтынға,
Бір кие бар қасиетті халқымда.
Қанша уақыт өтсе дағы бүгінед,
Қарқаралы сол бояғы қалпында
(Серік Ақсұнқарұлы)
Жырлағандай Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы еліміздегі туризмді дамытуға қолайлы табиғаты таңғажайып көрікті аймақ. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Қарқаралы және Кент таулы- орман сілемі құрғақ дала ортасында нағыз көгалды жер, келушілер назерын ежелден аударып келеді. Мұнда демалыс үйлері, санаторий, саяхат орындары ашылған, жылына көптеген демалушылар келеді. Шайтанкөл, Бассейн, Пашенное, Үлкен көл, табиғи «Тас қақпасы», «Палаика» кең үңгірі, Шаңкөз, Көктөбе, Қарқаралы, Тұрсын, Сынтас жартасты шыңдары, Мәліксай сайындағы алғашқы Адам үңгірлері және басқа табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер келушілер арасында кең танымал. Ұлттық бақ міндетіне табиғи ландшафтын қорғау мен қатар, халықтың демалуын реттеу жұмыстары кіреді. Осыған байланысты бақ территориясы әр түрлі тәртіптегі бірнеше аймаққа бөлінеді. Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік фирма мен 5 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны -3, басқа туристік қызметті -2 іске асырады. Орналастыру объектілерінің саны -99, оның ішінде орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.
Туристік қызметпен айналысатын туристік фирмалармен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 3,2 есеге – 99,4 млн. теңгеге көп.
Қарқаралының Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі;
демалыс үйлері: «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;
Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі экологиялық туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді.
Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі экологиялық туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді. «Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді. Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысында Қарағанды облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы) Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.) қатысты.
Облыста туристік саласының дамуын талдау 2007 жылға арналған көрсеткіштерді бағалауға ықпал етеді. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен туристік фирмалар қызмет көрсеткен жалпы азаматтар саны 18,5 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға жоғары (17,1 мың адам).
Туристік ұйымдар қызмет көрсеткен азаматтар саны 2007 жылы көшпелі туризм бойынша 26 адамды құрайды, бұл 2006 жылдың деңгейінен (6 адамға) 4,3 есе, көшпелі туризм бойынша – 13,5 мың адамға (7,9 пайыз), ішкі туризм бойынша – 4,9 мың адамға (8,1 пайыз) көбейеді.
Кең байтақ елімізде туристтерге қызмет көрсететін жерлер көп болса соның бірі- Қарқаралы. Бүгінде жер жанаты атанған Қарқаралы табиғаты көркін бұзбай сақтауымыз қажет. Шаруашылықпен табиғатты қорғау мүддесін сақтай отырып, мемлекеттік табиғи саябақтарды көптеп құру – бүгінгі күннің талабы. Қарқаралы өзінің табиғаты мен шипалы суларының көмегімен әлі де мыңдаған туристтерге жайлы мекен болары анық. Жалпы бұл саябақтың Қазақстан туризімін дамытуда рөлі өте ерекше. |6|
Тақырыпты қорытындылай келе Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи бағы 1998 жылы тау- орман ландшафтысы мен табиғаттың бірегей нысаналарын қорғау, саяхатты дамыту және халық демалысын жақсарту мақсатында құрылған. Қарқаралы ұлттық табиғи саябағының таулы алқабында суы таза, әрі шипалы бұлақтар көптеп кездеседі. Қарқаралы өңірін ерте кездерден бастап, табиғатының қолайлығына байланысты дамдар қоныстанғаны осы өңірден табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады. Қарқаралы алқабының қарағайлы орманы ерте кездерден бастап ақ ерекше бағаланған. Қарқаралының көгалды табиғатына ерекше сұлулық беретін Шайтанкөл, Бассейн, Пашенный және Үлкен Көл сияқты бірнеше көлдер бар. Сол сияқты тауларда жауын суы жиналған шағын-шағын бірнеше суаттар кездеседі.
Қазақстан жері жасыл өсімдіктер әлемі мен жабайы жануарлар дүниесі өкілдеріне бай өлке. өздеріңізге белгілі, олардың арасында туған өлке топрағына ғана тән хайуанаттар мен өсімдіктердің эндемикалық түрлері мен қатар, сонау мұздану дәуірінен бері бізге жеткен реликт және толып жатқан себептерге байланысты азайып кеткен түрлері де аз емес. Айталық, жойылып кету қаупі бар және сиреп кеткендер тізіміне хайуанаттардың 87, өсімдіктердің 306 түрі іліккен екен. Қайткен күнде де, олардың жерімізден ғайып болып кетпеуіне жағдай жасау мол міндеттер жүктейді. Бұл міндеттердің дұрыс шешілуінің көптеген жолдары бар. Солардың ішіндегі ең тиімді жолы – қорықтар мен табиғи парктер, қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырып, ботаникалық бақтар мен хайуанат парктерін құру.

- Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
- Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
- Қарыз капиталы және қарыз пайызы
- Қарым-қатынас
- Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
- Қарым қатынас психологиясы
- Қарым-қатынас теориялары
- Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
- Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
- Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
- Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
- Қария науқастардың күтімі
- Қар Көшкіні
- қар көшкіні жалпы сипаттама және қорғану шаралары