Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
Мазмұны
Кіріспе
І. Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
1.1. Қаржылық құқықтың пәні, ұғымы
1.2. Қаржылық экономикалық
1.3. Қаржылық құқықтық қатынастың
өзге құқықтық қатынастан
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қаржы (“қолма қол ақша”, “табыс” ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған, француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сиапты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалй қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты (ерекше белгісі) болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде “қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржылық қатынастар экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашанда мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процесінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді.
Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процессіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу кездерінде оларды бөлу (жұмсау) процесінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың обьектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынастардың субьектілері болып табылады.
“Қаржы” термині 2 мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:
- материалдық мағынада
- экономикалық категория ретінде
- Материалдық (ақшалай) мағынада “қаржы”
деп, мемлекеттің өз қарамағындағы,
меншігіндегі ақша қаражаттары
қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл
жерде айта кететін бір жәйт,
азаматтар көбінесе қаржыны
- Экономикалық категория
Мемлекет қаржысының функциялары мынадай болып келеді: 1. бөлу және қайта бөлу функциясы;
2. бақылау функциясы
Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.
- Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін ғана еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.
- Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырлу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргзіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жәнемуниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қржыларын кірістіреді.
Мемлекеттің қаржылық жүйесі мынадай 3 бөлікті қамтиды:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржы аппараты
ҚР қаржы жүйесінің :
1. Жалпы мемлекеттік қаржы
2. Шаруашылық жүргізуші
3. Халықтың қаржысы болып
- Жалпы мемлекеттік қаржы: мемлекеттік бюджет, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит болып келеді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы, әлеуметтік мәдени мұқтаждықтарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждықтарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттерді кірістіреді
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Мемлекеттік кредит – мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
2.Шаруашылық жүргізуші
- Материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігінің қаржысы
- Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белігіл бір табыс алуды мақсат етпейді
3. Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы
қаржы жүйесінің ерекше бөлігі
болып табылады. Халық өзінің
ақша қаражаттарымен
Қаржы қатынастарының мемлекеттің бюджеті, арнаулы бюджеттен тыс қорлар; мемлекеттік кредит бөліктері орталықтандырылған қаржыларға жатады. Ал шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады.
Қаржылық құқық егемен мемлекеттің өз мұқтаждықтары мен мүдделерін қажетті қаржыларын қалыптастыруға, яғни қаржылық қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға көмегін әрі ұйымдастырушы – реттеуші ықпалын тигізетін әлеуетті құрал болып табылады. Мемлекет пен мемлекеттік қаржылар және қаржылық құқық әрдайым өзара тығыз байланыста болады, сондай-ақ олар бір- бірінсіз көрініс таба алмайды. Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлары дамуының материалдық негізі болып саналады.
Қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастар қаржылық құқықтың пәні болып есептелінеді.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:
- Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады
- Бұл қатынастар әрқашанда бөлу сипатында болады;
- Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі болып табылады;
- Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді;
- Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады
- Бұл қатынастар әрдайым қаржылық құқықтық қатынастар түрінде кездеседі
Осы аталған экономикалық және құқықтық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығуға мүмкіндік береді.
Қаржылық құқықтың реттеуші әлеуеті көбінесе мемлекеттің қаржылық қызметінің аясына және қаржылық қатынастардың нақты қатысушыларына әмірлі өктем билік әдісі мен диспозитивтік қаржылық – шартты әдіс жатады.
Қаржылық құқық дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтық нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сиаптталады.
- Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормалармен реттелген қатынастар болып табылады;
- Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып саналады;
- Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік-өктем сипатта болады;
- Қаржылық құқықтық қатынастардың тұрақты субьектілеріне мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады
- Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.
Қаржылық құқықтық қатынастардың обьектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субьектілерінің қызметтернің нәтижесін айтамыз.
Қаржылық құқықтық қатынастардың субьектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқақтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылады.
Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: “Қаржылық құқықтық қатынастар деп, мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем-мүліктік сипатта болатын, қаржылық құқықтық нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметтерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынстарды айтамыз.
Қаржылық құқықтың пәні деп мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз
Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды реттеуді 2 әдісі қолданылады:
- Мемлекеттік -өктем, императивті әдіс;
- Қаржылық шартты, диспозитивтік әдіс;
Императивті құқықтық реттеу әдісінің мынадай өзіне тән белгілері болады: мемлекеттің әмірлі талабы нормативтік сипаттағы біржақты құқықтық акті нысанында көрініс тапқан; осы әмірлі талап екі жақтың өзара құқықтары мен міндеттері мемлекет тұрғысынан туындайды және олар осы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актіде белгіленген; өздері үшін міндетті болып табылатын мемлекеттің әмірлі талабын атқарудан екі жақтың да бас тартуға құқылары жоқ; мемлекеттің әмрлі талабын бұлжытпай орындау мемлекеттік уәкілетті органдар біржақты түрде не болмаса сот арқылы жүзеге асыратын мәжбүрлеу механизмімен қамтамасыз етіледі; екі жақтың да жүріп - тұру қағидаларын таңдауға мүмкіндіктері мүлдем болмайды, ал болған жағдайда елеусіз, болымсыз мән- уәкілетті органы ретінде қатысатын субьект, мемлекеттің әмірлі талабын мәжбүрлеп орындатқызуға мүмкіндік беретін өктем өкілеттілікпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында негізінен императивтік - әмірлі құқықтық реттеу әдісі жиі қолданылады. Сонымен бірге, қажетті кездерде диспозитивтік – шартты құқықтық реттеу әдісінің де жеткілікті көлемде қолданылатынын білу қажет. осы диспозитивтік құқықтық реттеу әдістьері мынадай өздеріне тән айрықша белгілерімен көзге түседі: екі жақтың құқықтары мен міндеттері осы қатынасты реттейтін нормативтік актілер мен өзара жасалған шарттың негізінде қалыптасады; мемлекеттің біржақты - өктем әмірлі талабы қаржылық қатынастағы мән жайларды толығымен қамтитын сипатта болмағандықтан, осы қатынастың субьектілеріне өз еріктерін білдіру құқығын қалдырады; қаржылық құқықтық қатынастағы екі жақтың құқықтары мен міндеттері, императивтік әдіске тән өктем билік және тәуелділік сияқты үзілді – кесілді формуламен көрсетілмей, сәл болса да теңдестірілген, яғни өктем уәкілетті субьектінің де өз контрагентінің алдындағы тиісті заңи міндеттері айқындалған, мемлекеттің өз контрагентінің жүріс-тұрысына тигізетін реттеуші ықпалы тек біржақты - өктем мәжбүрлеу нысанында болып қана қоймай, сонымен бірге экономикалық ынталандыру мен материалдық мүдделеуді пайдалану арқылы қызықтыру нысанында да көрініс табады; қаржылық-құқықтық шарт қаржылық қатынасқа қатысушы екі жақтың құқықтары мен міндеттерін туындатуымен қатар, ол мемлекетке немесе оның уәкілетті органына қажетті құқықты көбірек береді; диспозитивтік әдістің көмегімен реттеу кезінде қаржылық –құқықтық шарт қаржылық қатынастың заңи нысаны ретінде көрініс табады.
Қаржыны жоспарлау – бұл белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған қаржы жоспарларының жасалу және олардың белгілі мерзімдерде орындалуын ұйымдастыру үдерісі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржылқ саясаттың құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді жүзеге асрыуға мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлаудың
объектсі болып шаруашылық
Жоспарлау мыналар арқылы сипатталыда:
экстенсивтілігмен (әлемететік – саяси және экономикалық құбылыстардың шеңберін кеңінен қамтиды);
интенсивтілгімен (озық
техника мен әдістерді
тиімділікгімен (нәтижеінде қаржылық басқару қоятын мақстарға жету қажеттігін білдіреді);
Қаржылық жоспарлауда мынадай жолдар қолданылады:
а) атономдық (өткен жылдардң
мәліметтері келесі жылға
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығындары қослып, өткен жылдардың санына бөлінеді);
б) нөлдік база (барлық позициялар қайта есептелу керек. Бұл әдіс нақты қажеттліктер мүмкіндіктермен байланыстырылады).
Нарықтық экономика
жағдайында жоспарлау
Жоспарлаудың маңызды
қағидасы болып үздіксіздік
1)жоспарлау- ұйымдарыдың
өзінің қызмет ету бағытын
әрекет ететін мақсаттар мен
міндеттердің мазмұнын және
2)бағдарламалау – мақсаттарға жету үшін қолданылатын жаңа құралдарды табу және таңдауды білдіреді; Бұл жақын және алыс мерзімдерге жасалатын үдеріс.
3)бюджеттеу – жалпы
көпжылдық бағдарламаларды
Практикада жоспарлаудың келесі әдістері қолданылады:
- экстрополяция: қаржылық көрстекіштерде олардың динамикасын шығару негізінде анықтаудан тұрады; есепті кезедегі көрсеткіштер салыстырмалы тұрақты өсу қарқынына түзете отырып есетеледі; көрстекіштер динамикасы болашаққа экстрополяцияланады.
- Нормативтік (белгілі нормалары бойынша);
- Математикалық модельдеу: үдеріс модельін құру және оны қаржылық салаға ауыстыру;
- Баланстық: қаржылық ресурстарды олардың құрылу көздері ммен пайдалану бағытын реттеу үшін қолданылады;
- Сараптамалық бағалардың негізінде.
Шаруашылықтың нарықтық
жүйесінде индикативтік
Индикативтік қаржылық
жоспарлаудың басты мақсаты –
болжамды дамды қамтамасыз ету
үшін қаржылық ресурстардың
Индикативтік қаржылық
жоспарлау мемлекеттік
Индикативті жоспар
экономикалық үдерістерді
Индикативті жоспар,
сондай-ақ, жергілікті деңгейде жүзеге
асырылуы мүмін. Мұнда мемлекеттің,
аумақтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің (кәсіпкерлердің) мүдделері
мен келісімділік қағидасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Құқық негіздері: Оқу құралы. А.В.Турлаев, А.М.Бакирова, А.Б.Шакирова; Қарағанды мемлекеттік університеті. 2008ж
- Құқық негіздері: Оқу құралы. Қ.И. Оспанов, Алматы. 2006
- Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Қ.Д.Жоламан. Алматы 2006
- Құқық және мемлекет теориясы: оқулық / Т. Ағдарбеков. - Қарағанды : Болашақ-Баспа, 2002
- www.zakon.kz сайты
- kk.wikipedia.org сайты

- Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
- Қария науқастардың күтімі
- Қар Көшкіні
- қар көшкіні жалпы сипаттама және қорғану шаралары
- Қарқаралы ұлттық саябағы
- Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
- Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты және қаржы механизмі
- Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
- Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
- Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі