Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
Жоспар:
Кіріспе
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
ΙΙ Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға жету үшін қаржылық саясаты нысанында пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты маңызды рөл атқарды. Оны жасап, жүзеге асыру процесінде қоғам алдында түрған міндеттерді орындаудың шарттары қамтамасыз етіледі. экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі құралы болып табылады.
Қаржы саясаты өте маңызды болып табылады және мемлекетті реттеуде негізгі орындардың бірін иеленеді. Жоғарыда айтып кеткендей, қаржы саясаты макроэкономикалық ықпал етудің бірден бір құралы. Ел ішіндегі және сол елдің сыртқы жағдайлары осы қаржы саясатына тікелей байланысты. Ол әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мақсатында қаржы қатынастарының аясын реттеп отырады. Қазіргі кезде көп адам әлі «қаржы» мен «қаржы саясаты» ұғымдарын және олардың халық өмірін реттеудегі алатын орнын түсіне қоймайды. Мұнымен қатар барлық адамдар экономикалық тұрғыдан көздері ашық болуы керек. Оған қоса қаржы саясатының нысандары біздің тұрмысымыздың барлық жақтарын қамтып, өмірімізге тікелей араласып отырады. Демек, қаржы саясатының ерекшеліктері мен оның әдіс-құралдары мен нысандарын жетік білуіге тиіспіз. Сол себепті «қаржы» және «қаржы саясаты» ұғымдарына терең талдау жасау керек
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттары — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттары бар. Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі. Фискалдық саясат мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру.
І Қаржы саясаты және экономикалық реттеудегі рөлі
1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
Қаржы саясаты — бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның иақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын — ұлттық, геосаясатты, әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Осы бес бағьптың жиынтығы мемлекеттік саясатты жүргізудің негізгі құралы болып табылатын қаржы саясатын анықтайды.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай мемлекеттгің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезендері ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі анықталып отырады.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы тактикасы орамдылығымен (икемділігімен) ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың, әлеуметтік факторлардың жөне басқалардың ширақтылығымен алдын ала анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші учаскелері мен басты проблемаларын анықтай отырып, тактика әдістерді өзгерту, қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім ішінде ысырап пен шығындарды ең аз жұмсап, қаржы стратегиясы белгіленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы саясаты қазіргі кезеңде қарама-қайшылықты міндеттерді шешеді, демек, қаржы саясаты баланстандырылған болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу.
Қаржы саясатының бағыттары фискалдық және экономикалық саясат болып табылады. Фискалдық саясат ең маңыздысы мемлекеттік бюджет болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік қорларды толықтырумен, экономикалық саясат экономикалық процестерді реттеумен байланысты. Фискалдық саясат салық төлемдерін алу, "қоғамдық тауарларды" өндіру кезінде ресурстарды орналастыру, оларды бөлу, ақша қаражаттарының трансферттік ағындарының қозғалысы жөніндегі бөлу жөне қайта бөлу әрекеттерін, үкімет пен жергілікті органдардың экономикалық және әлеуметтік сфераларда қаржыны пайдалану жөніндегі басқа іс-қимылдарын қамтиды.
Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық циклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Икемсіз фискалдық саясат экономикалық циклдің түрлі фазаларындағы
өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылатын автоматты немесе «кіріктірме тұрақтындырғыштың» іс-әрекетін қажет етеді. Сондай-ақ бюджет тапшьшығына қатысты фискалдық саясатты ажыратады.
1.2 Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда — өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және т.б. Сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Қаржы саясаты - аса маңызды саясаттардың бірі. Оның мемлекеттік маңызы өте жоғары. Дағдарыстан шығу болсын, экономиканың «қызып» кетуінің алдын алу болсын, барлық жағдайда қаржы саясаты негізгі экономикалық тетік ретінде қарастырылады. Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық саясат түрлерінің де ерекшеліктерін байқап отырмыз. Фискалдық саясаттың халық тұрмысындағы алатын орны да ерекше. Салық, мемлекеттік шығыстар, Орталық банктің қызметі, мұның бәрі қаржы саясатының тұтқалары. Ал олардың экономикаға әсерін асырып айту мүмкін емес.
2 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Елдің қаржы жағдайы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс
- инвестициялаудың ауқымы
- негізгі қорларды (капиталдарды) жаңартудың қарқындары
- еңбек өнімділігінің өсуі
- халықтың тұрмыс деңгейі
- мемлекет бюджетінің тапшылығы.[1]
Соңғы жылдардағы Қазақстанның қаржы жүйесі мемлекет бюджетіне төленбеген төлемдермен сипатталады. Жүйелі төлем қабілетсіздігінің салдарынан мемлекеттің борышын арттыруға тура келеді.
Қаржылық тұрақтандырудың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) тұрақты
бағалар (инфляция нөлге жуық). Алайда
инфляция
жылына шамамен 1,8% тең болатын дамыған
елдерде де болады;
2) бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2-3% аспайды;
3) мемлекет
борышы аз соманы құрауы тиіс және тек
ЖҮӨ-
нің өсуімен өсуі тиіс.
Қаржы саясатына қойылатын маңызды талап қаржы саясатын жүргізгенде, яғни дамудың белгілі бір кезеңінің негізгі міндеттерін орындауға шаралар бағыттау жолымен қаржы жүйесінің барлық буындарында жүргізілетін шараларды келіскенде кешенді көзқарасты сақтау, сондай-ақ экономикалық саясаттың құрамды бөліктері арасында қаржы, кредит, баға белгілеу, жалақы салалары саясатында тығыз өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезеңде қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің
ерекшеліктері
негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым
мүмкін болатын көлемін
жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау
б) экономикалық
дамудың белгіленген бағыттарын орындау
үшін тиісті қаржы механизмін
жасап, оны үнемі жетілдіріп
отыру.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға коп коңіл болінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын болу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.[5]
Қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау.
- қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамта-
- масыз ету;
- қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
- қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі)
- мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
- Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарга мыналар жатады:
- объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
- нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
- өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Жеке (өзгеше) қағидаттарға мыналарды жатқызуға болады:
- қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрылымын, қаржы қатынас-тарын жоспарлы ұйымдастыруды жөне қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету.
- қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі.
- бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау.
- салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық жөне әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
- негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу.
- қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-теңдігі.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жөне қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық-шаруашылық механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын үйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Ол кезегінде, бүл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарьшьщ қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы-шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі қурльшы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын жөне әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрылымы қаржы қатынастарын топтастыру түрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.
Қаржылық жоспарлау қаржы тұтқалары мен ьшталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режимі, қаржыны үйымдастыру.
Қаржы механизмінің элементі — бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушьшардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент бірыңғай қаржы механизмінің қүрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр.Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды үтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет мемлекеттің шығыстары пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, үлттық табыстарға көсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай — күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Мультипликаторлардың іс-әрекеттерінің мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары түжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды қарастырады:
- мемлекет шығыстарының көбеюі;
- салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
- мемлекет шығыстарының азаюы;
- салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың үйлесуі.
Дискредициялық емес фискалдық саясат акцентті нарықтық өзін-өзі реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуын қажет етеді.
Дискредициялық емес фискациялық саясат автоматты, яғни кіріктерме тұрақтандырғыштардың кіріктірме тұрақтылық механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бүл жағдайда экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді, өрлеу кезінде сүранымды шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық өсуді тежейді, құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете отырып, салық түсімдері төмендейді. Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады, бүл инфляцияны тежеуге жөрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталаңдыратын бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.[2]
Практикада тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:
- фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы (уақыттың кешеуілдеуі);
- ығыстыру әсерінің іс-әрекеті, бүл ақша рыногында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қы-қаруында көрінеді;
- сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бүл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;
- ашық экономикада ұлттық өндіріс жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалын басынан кешіреді.
Стафляцияны жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі - өңдіріс шығындарын төмендету жөніңдегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніңдегі шаралар мыналарды қамтиды:
1) өндіріс шығындарына қосылатын салықтарды қысқарту;
- еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің өсу қарқынын оган ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);
- өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының ауысымдылығын арттыру, бос тұрып қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына жету);
- өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу.
Бүл бағытта зандылыққа сәйкес Филлипс ауытқымасы бойынша анықталғандай тұрақтандыруға және инфляцияны төмендетуге жұмыссыздықтың өсуі есебінен жетуге болмайды.
XX ғасырдың аяғында жаңа теория - тұрақты даму теориясы қалыптасты, онда қазіргі кездегі жағдайлар тұрғысынан ғаламдық экономикалық және қаржылық процестер түсіндіріледі, күрделі шаруашылық жүйелердің тұрақты эволюциялық дамуы жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Елдің ақша өлшемінің құрамындағы ресми алтынды азайту немесе басқа елдердің валюталарына қатынасы бойынша оның бағамын төмендету арқылы жүзеге асырылады; бір нәрсенің құндылығының, маңызының жоғалуы, құнсыздану.
Тұрақты даму теориясында тұрақты жүмыс істейтін жүйелерді - төменгі шаруашылық жүргізуші субъектіден ұлттық экономика мен бірнеше елдің экономикалық одағына дейінгі жүйелерді дағдарысты құбылысқа алып келетін себептер айшықталады. Бұл теория мына қағидаттарға негізделген.
- Кез келген ауқымдағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін қамтып көрсететін эволюциялық қағидаты. Бұл осы теориядағы өзекті қағидат.
- Экономикалық мүдделерді үйлестіру қагидаты қалыптасқан тепе-теңдікті тұрақсыздандыратын сан алуан факторлардың үздіксіз өзара іс-қимылының күрделі жағдайларында өзара іс-әрекет ететін тараптар мүдделерінің балансын сақтауды қажет етеді.
- Эволюциялық қағидатының логикалық дамуы мен оны нақтьшау ретіндегі ортараптандыру қағидаты. "Әртараптандыру" термині кең мағынада экономикалық жүйенің құрамды бөліктерінің әр алуан түрлерінің, тұрпаттарының жиынтығы, құрылымдық нысандардың әр түрлілігі, функциялық әртарап-тандыру ретінде пайдаланылады.
- Экономикалық жүйедегі оның дамуына қарай иерархиялық саралау қағидаты. Орташа деңгейді бөліп көрсетуді қажет етеді.
Бір жағынан, дағдарыстық құбылыстардың терең себептерін және екінші жағынан, өндірістің қүлдырауына қарсы іс-әрекет ету механизмдерін анықтау тұрақты дағдарыссыз дамудың негізгі қағидаттарын айырып, ажыратады, оларды қолдану келеңсіз факторлардың әсерін айтарлықтай төмендетуге және тіпті экономикалық жағдайдың жалпы дүниежүзілік нашарлау кездерінде де экономикалық өсуді қолдап отыруға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамьпудың басты бағьптарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Экономика дамуының қазіргі
кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің
міндеттері өндірісті кеңінен
Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

- Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
- Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
- Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
- Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
- Қария науқастардың күтімі
- Қар Көшкіні
- қар көшкіні жалпы сипаттама және қорғану шаралары
- Қаржы ресурстары
- Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс
- қаржы саясаты
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты
- Қаржы саясаты және қаржы механизмі