Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс

Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс 

     1990- жылдардан бастап дамып, PR қаржылық компаниясы өмірінде, «Investor Relations» деген атаумен белгілі болған компания, үлкен роль атқарады. 

     PR банк қызметін сөз еткенде ең алдымен олардың табысқа жетуінің басты тұтқасы банк қоғамымен байланыс болып табылады. Қоғам деген сөздің мәнісін бұл жерде ең соңғы тұтынушы нарқы деп қана қоймай, сонымен бірге инвесторлар да бар деп ұққан жөн. Егер көптеген компаниялар инвесторлармен байланыс жасағанда ең алдымен қаржы тарту  жағын ойластырады, ал банк оларға тұрақты түрде назар аударып тұруға мәжбүр, өйткені  қаржы түсіру банк қызметінің негізгі құрамы десек те болады. 

     Қандай  ақпарат болса да, қоғамдық санада пісіп-жетіледі, мына немесе ана өнімді нақтылы қабылдау, банк саясаты немесе оның түгелдей беделі де  осындай жолдармен анықталады. Жәй ғана мысал ретінде алатын болсақ, тұтынушының көзімен  бәсекелестік артықшылықтары болуы мүмкін, ал инвестордың көзқарасы, оның қабылдауы бұған тіпті қарама-қарсы. 

     Банк  беделін  жолы түзу несие саясатымен қалыптастыра алсақ, онда біз несиелік өнімдерді сату деңгейін де ұлғайта аламыз, алайда банктің несие портфелін сатып аламын деп тілек білдіруші инвесторларды сақтандырғанымыз жөн. Банк өнімінің несиесін алға тарта отырып, біз тек тұтынушылардың басымдығын (алғашқы жарнасыз несиелер, «қоңыр» кірістер есебі, төменгі құжаттар жинағы, т.б.) байқаймыз, ал  осы өнімдер инвесторлар үшін кірісі төмен және  жоғары тәуекелге бел буып, бару қажеттігіне тәуекел етеміз. Әрине, бұл жерде инвесторлар өз таңдауын жасайды, ол баспасөздегі мәліметтерге қарап емес, өздерінің ой елегінен өткізіп, нақтылы тұжырымға келеді. Бұл жерде атап өтетін жайт -  банкті позиционерлеу стратегиясы қалыптасқан кезде  банктің беделі мен  банктің әр өнімі  қай нарықта да болмасын бәсекелестікке түсіп, өзіне тартуы шарт. Демек банктің мұндай ерекшеліктері оны нақтылы хабарлама ретінде жүзеге асыратын БАҚ-тың мақсатты бағытына қарай  сауатты жазылғаны жөн.  

     Қаржы саласындағы PR қызметі қаржылық біліммен қатар жұртшылықпен тіл табысу жағын да қос тізгіндей қатар ұстауды талап етеді. Ол төмендегідей қоғамдық топтармен жұмыс жасауды ұсынады:  

     қаржылық  сарашылармен; 

     акция ұстаушылармен; 

     қаржы журналистерімен; 

     брокерлермен  және басқалармен. 

     Қаржы саласындағы PR түпкі мақсаты – компания акцияларының өзінің нарықтық бағасына жетуін қамтамасыз ету. 

     Акцияның  жоғарғы бағасы: 

     компанияның жоғарғы құндылығы инвесторлардың, сарашылардың, кеңесшілердің және басқалардың  көздеріне бірден шалынады. 

     олардың да менеджменттерін осындай бостандық іс-қимылмен қамтитын  жұтқыш-компаниялардың  акцияларын сатып алудан осы компанияны сақтайды; 

     қаржы жинаудың үміт пен пайдалылығын куә  ретінде есептей отырып, акционерлердің акция сатуын тоқтатады. 

     Инвесторлармен  қарым-қатынастың негізін,  мамандардың пікірінше, компанияның ақпараттық саясаты салады, өйткені  олар осы салаға қызығушылық тудыру үшін стратегиялық сеніммен қамту бағытын ұстайды. 

     Демек қаржы мамандары  компанияның  бірлескен стратегиясын ойлап жасалған дұрыс шешім деп қабылдауы  керек. Мысалы, компанияны сатып алу немесе сату жеткілікті ойластырылған ба? 

     Стратегиялық  сенім дегеніміздің өзі  компанияның  қызығушы тараптарының ұғымында ( қаржы  сарашылары, инвесторлар, клиенттер, мамандандырылған БАҚ) олардың мақсаты мен атқаратын  қызметін түсіну болып табылады. Стратегиялық сенім  бірлескен ақпараттардың негізінде – жылдық есеп,   бас директордың қаржы сарашыларының алдында  сөйлеген сөзінің стенограммасы, бірлескен бедел мен  абыройдың қалыптасуына байланысты басқа да құжаттар. 

     Ричард Хиггинстің тұжырымы бойынша,  стратегиялық сенім  бірнеше фактолардың жиынтығы ретінде қаралады, солардың ішінде негізгілері мыналар: 

     компанияның стратегиялық шамасы; 

     компанияның өткен іс-қимылының тиімділігі; 

     компанияның жоғарғы басшылығына, әсіресе бас директорға сенім дәрежесі; 

     қызығушы  топтың компания стратегиясынан хабардарлығы.  

     Стратегиялық  сенімнің нәтижесі  қаржылық бірлестіктер мен акционерлермен қарым-қатынаста  көрінеді. Компания қызметкерлерінің моральдық жағдайын жақсарту да  маңызды деп санаған жөн. 

     Стратегиялық  шама стратегиялық сенім факторының кілті деуге әбден болады, өйткені  компаниядағы жұмыстың өрбу  деңгейі  және тиімді стратегиялық жоспарлау  осыған байланысты құрылады. Дегенмен кейбір стратегиялық шамасы төмен компаниялардың өзі  жоғарғы тиімділікпен жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда инвестициялық бірлестіктер де  стратегиялық сенім көрсете алады. Соған қарағанда компанияның іс-қимылының тиімділігін стратегиялық сенім факторымен таразылайтын болсақ  өткенге де көз жүгірткен дұрыс. 

     Стратегиялық  сенімнің тағы да маңызды факторларының  бірі  компанияның бас директорының жұртшылық алдындағы беделі мен  абыройы. Егер ол көпшіліктің көз  алдында  белгілі, беделді маман  ретінде көрініп, құрмет пен атаққа ие болса, оны компанияның бірінші тұлғасы деп есептейді. 

     Түптеп  келгенде,  стратегиялық сенімнің  маңызды факторларының бірі  қызығушы тараптың  компанияның стратегиясы  жөнінде мағлұматы болуы. Осыдан келіп инвесторларды  компанияның  мақсаты, алға қойған міндеті және стратегиялық дамуы жөнінде  нақты ақпараттармен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. 

     Ақпараттық  хабарлар төмендегі талаптарды қанағаттандыруы  қажет: 

     ақпараттың  ашықтығы;

     нақтылығы; 

     уақыт талабына сәйкестігі. 

     Компания  күнделікті жұмыстары туралы қаншалықты ашық ақпарат бере алады? Компания өзінің жеткен биіктігін жұртшылық алдында қалайша бағалайды және  мүлт кеткен жақтары мен сәтсіздіктері үшін жауапкершілікті мойындарына ала ала ма? Ұсынған ақпараттары қаншалықты нақтылы және уақыт талабына сәйкес? 

     «Хоум Кредит энд Финанс- Банк» ООО сайтынан алынған компания жағын қызықтыратын ақпараттық бағдарламалар  

     Қаржы саласындағы PR міндеттері 

     Акция ұстаушылардың, қаржы сарашыларының, заң шығарушылардың, мемлекеттік  ұйымдар басқармаларының компания, жеке кәсіпорын мен түгелдей сала туралы қалыптасқан пікірлер бағасы. 

     Тұтастай  компания есебінен клиенттермен өзара  қарым-қатынас жасауды жақсарту жөнінде менеджментке көмек. 

     Қаржы жөніндегі әдебиеттерді дайындауға ықпал ету: 

     Акцияның  жаңа ұстаушыларына хаттар;

     Аралық  және жылдық есептер;

     Дивидендтер туралы ақпарат беретін қосымша  беттер;

     Брокерлік фирмаларды зерттеуге арналған ақпараттар; 

     Ақпараттық  материалдар ұйымдастыру және қамту, қаржы саласы бойынша іскерлік кездесулер өткізу, кәсіпорындарға саяхат жасату, инвесторлар топтарының, сарашылар мен қаржы саласын жазып жүрген БАҚ өкілдерінің тұсаукесерін өткізу. 

     БАҚ қаржы саласындағы жаңалықтарға байланысты материалдар жазу. Қаржы  саласын жазып жүрген БАҚ өкілдерімен  сұрақ-жауап.

     Қаржы саласын жазып жүрген БАҚ өкілдерімен  баспасөз мәжілісіне дайындық және оны өткізу.

     Арнаулы шараларды өткізуге  дайындық: барлық  өкілдіктер мен аймақ филиалдарына қатысты мерейтойларды, салтанаттарды, және т.б.  

     АҚШ-та  компанияның жаңа акционерлерімен  алғашқы байланысқа маңызды назар  аударылады. PR -менеджер соңғы қаржы есебін, буклеттерді немесе компания жайындағы кітапшаны дайындап, «Сәлем - хат» есебінде акционерге жібереді. PR міндетіне сондай-ақ инвесторлармен де хат жазысу кіреді: олар биржа бағаларын зерттеу жөніндегі ақпараттарды, дербес акцияларды жиірек сұрайды, оған қоса  компанияның қоғамдық-саяси және моральдық мәселелері туралы көзқарастарын да білгісі келеді. 

     Қаржы мәселелері бойынша қоғамдық ортамен  байланыстыратын сәтті кезең  жылдық есеп болып табылады. (АҚШ-та  бекітілген мемлекеттік комиссиямен арнаулы үлгіде басылады). Ол компанияның  қала экономикасына, әлеуметтік және экономикалық  мәселелер бойынша қамқорлық жасауға, басқаша айтқанда,  бүгінде жылдық есеп компанияның  қоғамдық маңызды іс-қимыл атқарып отырғандығына және оның қоғамдағы орнына басты назар аударады. 

     Жекелеген үлкен компанияларды жылдық есеппен  бөлек бір тұлға – PR меншікті маманы немесе PR-агенттігінен кәсіпқой кеңесшісі шұғылданады. Қандай жағдайларда болмасын олар компанияның қаржы жөніндегі жетекшісімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 

     Американдық мамандардың пікірінше, тиімді жылдық есептің барлығын немесе көп бөлігін  төмендегілер құрауы керек: жоғары кәсіптік дизайн, болжап айтсақ, 

     Сыртқы  мұқабасының өзі компанияның  іс-қимылын жарқырата көрсетіп, өзіне  тартып тұруы керек; 

     Есепті  құрған кезде  ондағы кескіндемелер, суретпен салынған бейнелер оқырмандарға бір шолып өткенде-ақ тез және жеңіл ойларында жатталып қалатындай берілуі тиіс. 

     Мазмұны маңызды ақпараттарды бөліп көрсету; 

Директорлар кеңесі мен жоғары басқару қызметшілері мүшелері жөнінде қысқаша ақпарат;  

Өткен жылғы  маңызды оқиғалар қорытындысы мен  болашаққа белгіленген жоспар туралы бас басқарманың өтініші немесе хаты; 

Кірістің  тұтас көлемі, акция бойынша пайыздың өсуі және жыл ішіндегі ақша айналымының көлемі; 

Қаржы көрсеткіштерін салыстыру, ең болмағанда, өткен жылмен, әдетте өткен 5-10 жылдармен; 

Аудитордың есебі; бухгалтерлік ұстаным бойынша қалыптасқан  өзінің ешкімге тәуелсіз емес жолын  берік ұстауы; 

Инвесторлармен  басқа да қарым-қатынастардың бірі – жыл сайынғы жиналыстар. АҚШ-та мұндай бас қосу арнаулы мемлекеттік комиссия арқылы реттеледі. 

Жыл сайынғы  жиналыста PR атқаратын қызметі төмендегілермен анықталады: 

Дайындық және өткізуге көмек; 

Тегін таратылатын  кітапшалар, материалдар, сыйлықтар дайындап, тарату, үлестіру; 

Экскурсия жасату; 

Журналистерді барлық қажетті материалдармен қамту; 

Компьютерлермен, телефондармен, факстермен, модемдермен қамтамасыз ету; 

Фотосуреттердің маңыздылығы; 

Жиналыстан кейінгі  сұхбаттар; 

Жиналыстың кеңінен жария болуына мән беру. 

      Жоғарғы басшыларға арнап  мүмкіндігінше  сұрақ-жауап парақшаларын дайындау. Басшылар тек акционерлердің сұрақтарына  ғана емес, осы оқиғаны баспасөзде ашып көрсететін журналистердің де сауалдарына  мүдірмей жауап беретіндей дайындықпен келгендері жөн. Өйткені көптеген компанияларда алдын-ала жаттығулар жүргізіледі, басшылар акционерлер үшін негізгі роль атқаратын PR-менеджерлердің, репортерлердің қиын деген, «аттап» кетуге болмайтын сұрақтарына тыңғылықты жауап іздейді. 

      Аймақтарда  өкілдіктер мен филиалдар ұйымдастыру және атаулы күндерді мерекелеу барлық елдерде  қазіргідей дағдарыс жағдайында «қысқа жіп күрмеуге келмейтіні» секілді мүмкін болмай жатады, тіпті банк қызметкерлерінің өзінің түрлі сылтаулармен бұл іске немқұрайды қарайтыны жасырын емес. Тағы да Американы мысалға алсақ, ондағы көптеген банктер  алдыңғы қатарлы әкімшіліктерге хабарлама дайындау сияқты қызықты әдістерді енгізу арқылы өздеріне тартады. Ресейде бұл әдісті  атақты «Имиджленд» PR агенттігі табысты қолданып жүр. 

Алдыңғы қатарлы әкімшіліктерге  берілетін маңызды хабарларға жатады: 

Басшылықтың мереке және мерекелік шаралар туралы бұйрығы; 

Аймақта шаралар өткізуге жауапты әкімшіліктің өзін құттықтау; 

Шараға  дайындық жөніндегі әкімшіліктің нұсқауы; 

Жергілікті  үкіметке ұсынылған саяси мәнді үгіттер;  

Аймаққа бейімделу жөніндегі стандартты баспасөз парақшасы; 

Жарнама материалы; 

Жергілікті  баспасөзге жариялау үшін орталық басылымдардың  жағымды мақалалары; 

Басшының  қызметкерлерді құттықтаған  сөзі жазылған бейнетаспалар. 

Жергілікті  ТВ мен радио үшін сюжет, банктің  референтті тобының сұхбаты (клиенттер, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік құрылымдар, т.б.)  

Қаржылық-дотациялық баланс; 

Ел бойынша  атаулы күндердің жоспар-сценарийі; 

Баспасөз  өкілдерінің мүмкін деген сұрақтары және оған толымды жауаптар; 

Акционерлерді құттықтаған радио-концерт; 

БАҚ өкілдері үшін басшылықтың сұхбаты; 

Арнаулы оқиғаларға байланысты атаулы күндерге арналған баспасөз парағы; 

Қызметтің тікелей жарнамасының макеті; 

Мүшелтойға  байланысты қызметкерлерге арналған жеңілдіктер; 

«Luginin Capital Partners» инвестициялық банк кеңесі компаниясының іс-қимыл үлгісі. 

Компанияны  позиционерлеу. 

     «Luginin Capital Partners» инвесторлармен тығыз қарым-қатынас ұйымдастырудың стратегиялық жоспарын жекелей байланысу көмегі арқылы, сонымен бірге әлемдегі ірі баспалармен де жұмыс жасау жолымен дамытып отыр. Біздің қызметіміз  облигациялық заемдар мен  нарық қорындағы акцияларды алғашқы болып жұртшылыққа жариялауға дайындық жүргізу барысында айқын көрінді. Бизнестің шапшаң түрде алға басуы  адамдар мен компания арасындағы байланыстың да жедел дамуынан туындайды. Біздің қосымша артықшылығымыз деп  кеңейтілген БАҚ базасын айта аламыз.Осы сәтте  жалпыұлттық басылымдармен тиімді жұмыс жасайтын қызметтің де  ертеңі қуантады.

     «Luginin Capital Partners» басты компаня ретінде көптеген елдердің нарығында жұмыс жасайды. Біз еліміздің әр түкпірінде орналасқан және онда түрлі аудитория өкілдері бар түрлі қаржылық және экономикалық баспалармен қызмет жасаймыз. Алға жылжудың қаржылық-технологиялық әдісін кеңінен пайдалана отырып, «Luginin Capital Partners» біздің клиенттеріміздің ескі нарық құрығынан жаңаға өтуіне, ондағы қаржы мен инвестицияларын тиімді жұмсауларына жағдай жасайды. 

     Инвесторлармен  қарым-қатынас және БАҚ салалары  бойынша компанияның бағдарламасы 

     Бұл бағдарлама пайдалы болуы мүмкін: 

     Жаңа, оның ішінде шетелдік нарықты меңгерген  Ресей компанияларына; 

     Жақын маңда көптен күткен шеттен келген нарыққа алып шығатын Ресей компанияларына; 

     Активтер  сатып алып, оны шығаруды жоспарлап отырған ресейлік компанияларға; 

     Ресей биржаларына өз акцияларын орналастыруға  шешім қабылдаған компанияларға; 

     Бизнестегі  шетелдік капиталға қатысуды жоспарлаған  компанияларға; 

     Шетелдік  қаржы нарығына шығу жолын қабылдаған компанияларға; 

     Қор нарығына өз акциялары мен облигацияларын орналстырып үлгерген компанияларға; 

     Бағдарламаның міндеттері: 

     Компанияның стратегиялық жоспарлары туралы  инвесторлардың кеңейтілген ортасына ақпарат беру; 

     Қаржы нарығымен арадағы байланысты жоспарлау;

     Орынды  пікірлер білдіретін сарашылар мен журналистерді ұйымдастыру; 

     Компанияның инвестициялық бағыт-бағдары мен  IR жылдық жоспарын қайта өңдеу; 

     Инвестициялық қоғамда және БАҚ-та бірінші тұлғаның кескін-келбетін таныту; 

     Халықаралық корпоративті басқару стандарты  мен қаржылық есеп-қисаптан хабардар етіп, көрсету; 

     Жұртшылық алдында өткізілген барлық шараларды  қолдауды ұйымдасытурды қамтамасыз ету. 

     Қойылған  міндеттер 

     «Комплекс Ойл» компаниясы халықаралық капитал  нарығына шығуды жоспарлауда. Бірінші  кезеңдегі алға қойылған міндеттердің бірі -  инвесторлар алдында  инвестициялық бағдарламаның тұсау кесерін өткізуге дайындық.  Сонан соң  міндетті түрде инвесторлар алдында инвестициялық бағдарламаның тұсау кесерін өткізетін әлеуетті инвесторларға  вексельдің алғашқы траншын орналастыруға қолайлы жағдай жасау. 

     Шешім 

     «Luginin Capital Partners» компаниясы  күрделі жағдайды талдай отырып,  сарашылармен, инвесторлармен, БАҚ өкілдерімен арнаулы жұмыс жоспарын құрды. «Комплекс Ойл»  даму жоспарларына сәйкес сәйкес, қуатты ақпараттық ресурс жасақтап, өздері және ұжымның қаржылық көрсеткіштері туралы  ұғымын кеңейтті. Осыдан «Комплекс Ойл» компаниясының сайты өмірге келді. Өздерінің ресурстары мен осы сала жөніндегі ой-пікірлерін жинақтай келіп,  «Luginin Capital Partners» пен «Комплекс Ойл» компанияларын инвесторларға арналған арнаулы бөлім ашты. «Luginin Capital Partners» компаниясының қаржы жөніндегі кеңесшісі бұдан кейін қаржы тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистермен және «Комплекс Ойл» компаниясының топ-менеджерлерімен бірнеше кездесулер  ұйымдастырды. Осындай пайдалы бас қосулардың арқасында баспасөз беттерінде  бизнес ауқымының кеңейгендігі және компаниялардың мүмкіндіктері туралы қызу талқылаған материалдар жарық  көрді. Келесі кезең бойынша біздің компания қаржылық сарашылармен өзара байланысты дамыта отырып, капитал нарығына арнаулы шолу жасады, мұны негізінен өз еріктерімен «Комплекс Ойл» компаниясы дайындаған болатын. Әрі қарай түрлі тақырыпта осы кәсәіпорынның ағымдағы атқарып отырған іс-қимылын баяндайтын бірнеше баспасөз парақшалары дайындалды. Осымен қатар «Luginin Capital Partners»  компаниясы  инвесторлар үшін инвестициялық меморандумның тұсаукесерін ұйымдастырды. Инвесторламен бірге өткізілген осындай жұмыстар аясында әр аймақтан келген инвесторлардың қатысуымен бірнеше рет телемәжілістер өткізілді. Компанияның осындай дайындықтары негізінде сарашылар да оларды жақсы, жан-жақты танып, өз тұжырымдарын айтуға мүмкіндік алды. 

     Аймақ инвесторларының өзара танысып-білісуіне, тәжірибе алмасуына толық жағдай жасалып, Мәскеу, Новосібір және Нижний Новгород  сияқты үш қаланың инвесторлары бас қосып, сұхбаттасуға мүмкіндік алды.  Тұсау кесер сияқты шараның осындай қалаларды қамтуы инвесторлар үшін  компанияның жоспарын ғана емес, олардың векселге деген қызығушылығын туғызды. Тұсау кесер құжаттарында  компанияның жоспары мен оның құрылымы толық сипатталды, сонымен бірге ағымдағы және болашақтағы қаржылық нәтижелері де көрсетілді. 

     Жұмыс қортындысының тағы бір ұтқан  жері -  нарықта векселдерді орналастыру  сәттілігі. Нарықтық жария ету кезінде қаржыландыруға тартудың барлық  жолдары мен оның көрсеткіштері айқындалды. Уақыттың сәтті таңдалуы және заемның құрылымы  келешекте облигацияны шетке шығару нарығына жол ашты. 

    1. Қоғаммен  кәсіпорын және коммерциялық қызметтер  бойынша қатынастар
 

     Коммерциялық және өнеркәсіптік сала бойынша басқарудың маңызды да , басты функцияларының бірі PR болып табылады. Кез-келген ұйымда пайда табу мақсаты үшін PR бөлімі әуелі өз шығындарын өтеуі тиіс, сонан соң ғана  компанияның негізгі табысына үлес қоса алады. 

     Коммерция мен өнеркәсіптегі  PR негізгі міндеттері 

     Келесі  қоғамдық топтармен байланыс орнату: 

     тұтынушылармен; 

            акционерлермен; 

      қызметшілермен; 

      мемлекеттік үкімет және басқару және басқару  органдарымен. 

      Тауарлардың сатылуы және компания қызметі  қызу бәсекелестік шарттарымен  өтуі керек. 

      PR қатысуымен сол ортада қалыпты жағдай  болуы керек, басқаша айтқанда  акционерлер өздері салған қаржысының жеткілікті түрде қайтарымын көре алатындай мүмкіндік туғызылуы қажет. Бұл нені білдіреді: PR ұжымға жаңа клиенттер тарту арқылы бұрынғы клиенттерін де  тауар және сауда жағынан қанағаттандыруларын ойластырады.  

      Бұдан келіп PR дербес іс-қимыл бағыты – тұтынушылармен қарым-қатынас арасы ашылады. 

      Бастапқыда  бұл қарым-қатынастар  өтініш –арыздар мен шағым-талап төңірегінде ғана болса, қазір оған  келесі мәселелер қосылды: 

      менеджментке  арналған тауарлар мен қызметтің  бағалық әдісі;  

      тұтынушылардың  тұтынуды жүзеге асыру бағдарламасы және сатуды ұлғайту; 

     қызметшілерді оқыту бағдарламасы; 

     компанияның тұтынушылармен жұмыс тиімділігіне баға беру бағдарламасы; 

     тұтынушылармен  қарым-қатынастың басты мақсаты -  сату көлемін ұлғайту; 

     Мұндай  мақсатқа жету үшін келесі міндеттер  шешіледі:

     Өндіруші-фирмалардың  артықшылықтарын  көз алдарында көрсете отырып, жаңа тұтынушыларды тарту; 

     Бұрынғы тұтынушыларды тауар және қызметпен  қанағаттандырып, қамту есебінен ұстау. 

       Бас тарту жүргізуге бақылау жасау. Көптеген ірі фирмаларда  бас тарту жөіндегі арыз-шағымдарды есепке алып, талдап, оларға жауап беріледі.Арыз - шағымды қабылдаған маман тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасты жақсартып, кім-кімнің де сауалын шұғыл түрде қанағаттандыруы тиіс. Сонымен бірге  бас тартуларға түсетін арыз-шағымдар тауар немесе қызмет көрсету жөнінде болса да оған мұқият тексеру жүргізіп, компания нарық барысында  өз бағытын жоғалтып алмауы керек. 

     Жаңа  тауарлар мен қызмет маркетинг. Тұтынушылармен қарым-қатынастың негізі   жаңа тауарлар мен қызметтердің алға жылжуы болып  табылады. Оған мысалы,  жаңа тауарлар мен қызметтер туралы нақтылы мәліметтер беретін  тегін телефон анықтамалығын айтуға болады. 

     PR бөлімі  маркетинг бөліміне айтарлықтай қолдау жасайды. Ол қолдау келесілер: 

     Өндірістегі жаңа тауарлар мен қызмет көрсету  және олардың жетілдірілгені жөніндегі  жаңалықтар мен оқиғаларды жария ету; 

     Маркетингтік  басқа да құралдармен бірге PR  нарық сатысына шығып, белгілі болып қалған жаңа тауарлары мен қызметтерін алға жылжыту; 

     Жоғары  сапалы тауарлардың, қызметтің және сервистік  қызметтің жұртшылық  алдында беделін көтеріп, абыройын асқақтату; 

     Компания  жетекшілерінің жұртшылық алдына шығып  сөйлеуін, халықпен қоян-қолтық қарым-қатынасын  ұйымдастыру; паблисити; 

     Қоғамдық  сұрау салу; 

     Сату  көлемін ұлғайтуға бағытталған  сату қорытындысы, сауда  көрмелері  және басқа да оқиғаларға байланысты  ұйымдастырылған мәжілістерге баспасөз өкілдерін көбірек тарту; 

     Тұтынушылардың  құқын қорғауға байланысты  бағдарламаға  ықпал етіп, көмек көрсету; 

     PR  коммерциялық құрылымының бірі – жарнама болып табылады. 

     «Қазіргі  заманғы коммерциялық жарнама орасан зор қуатты күшке айналды, ол тұтынушының ұстанған бағытын өзгертуге, идеясын ескі үлгіде қалып қоймай жаңартуға (БАҚ кеңінен пайдалану құралы ретінде) және сатушыға да  тиімді бағыт ұсынуға көмектеседі». 

Қаржы саласындағы қоғамдастықпен байланыс