Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Мазмұны
|
Кіріспе
Негізгі бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1. Қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалаудың маңызы
мен қажеттілігі. Клиент 2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау 3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
Қазіргі кезде коммерциялық банктер несиелеу процесінде, нарық қатынастарының қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекеттің экономикасы мен қаржыларын нығайтуға, айналымда ақша массасының негізсіз өсуін шектеуге, инфляция процестерін болдырмауға және ұлттық валютаның (теңге) нығаюына ықпал етуге міндетті.
Коммерциялық банктер несиелерді өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді.
Несие – бұл белгілі мерзімге пайызбен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиенің өтеу мерзімін ұзарту және қарыз алушының несие міндеттемесі сатып алу түрінде беріледі.
Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелрді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Неиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Сондықтан да банк қарыз алушыларға несиені бермес бұрын, оның несие қабілетін анықтап алу қажет. Қарыз алушылардың несие қабілетін анықтау ол әр банктің өзінің несиелік саясатына және банктің клиентурасына байланысты болып келеді.
Қарыз алушының несие қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банк өтімділігіне ықпал етеді.
Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
- Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
- Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
- Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу
Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік қабілеті – бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға себепкер болатын көптеген факторлардың іс әрекетімен байланысты болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін факторларды оқып-үйренуге жағдай жасайды.
Қалыз алушының несиелік қабілеті – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемесі бойынша толық және уақытылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы – онда өткен кезеңдегі немесе қандайда бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, ал жықын перспективадағы қарызды өтеу қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында иек ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиенттің несиелік қабілетсіздігі туралы қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын көрсетеді.
Клиенттің несиелік қабілетінің
деңгейі, банктің нақты қарыз
алушыға беретін нақты
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің мынандай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі), капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылыу (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі
деп оның заңды тұлға ретіндегі
беделі және менеджерлерінің беделі,
қарызды қайтарудағы
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің (жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдалығына (білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдық сапасына, жеке қаржылық және отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге, несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқығының болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі – оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауды мынадай екі шарттың маңызы зор:2
- Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктік тарапынан жарғылық қордың (акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левередж коэффициенті негізінде талданады;
- Несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, сол ғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының ақтивтерінің құны және несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауына кепілдік береді. Кетілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы, салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық жағдай, саяси факторлар жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий – бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қазмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы: салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банкттік несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктік стандартына, сол сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
- Іскерлік тәуекелді бағалау;
- Менеджментті бағалау;
- Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
- Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
- Ақша ағынын талдау;
- Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
- Орналасқан жеріне бару арқылы қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
- Қарыз алушының қаржылық жағда
йын талдау
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай- ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:
- шарушылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру;
- несиені қайтару;
- жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
- бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық- қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.
ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек 1994 ж.мәжілісінде №26 қаулы бойынша бекітілген “Қарыз алушының несиелік қабілетін
талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы”, сондай-ақ АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-
Халықаралық және Қазақстандық банктік тәжірибеде клиенттің несие қабілетін бағалау үшін әр түрлі қаржылық коэффициенттер қолданылады. Оларды таңдау үшін біріншіден, банк клиентурасының ерекшелігін, екіншіден, қаржылық қиындықтар себептерінің мүмкіндігін, үшіншіден, банктің несиелік саясатын анықтаумен байланысты болып келеді. барлық пайдаланылатын коэффициенттерді бес топқа бөлуге болады:
І - өтімділік коэффициенті;
ІІ – тиімділік немесе айналымдылық коэффициенті;
ІІІ – қаржы левередж коэффициенті;
IV – пайдалылық коэффициенті;
V- борышты өтеу қызмет
көрсету коэффициенті. Әрбір топқа
кіретін несие
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
Ағымдық активтердің қанша есе
ағымдық міндеттемелерді
|
Ка.ғ. |
= |
Ағымдық активтер |
Ағымдық міндеттемелер |
Шапшаң (оперативті) өнімділік коэффициенті (Кш.ө.) - өтімділік активтер ағымдық міндеттемелердің тек қана сол бөлігін, қайсысы қарызды өтеу үшін дайын қолма қол ақшаға тез арада айналатын бөлігін көрсетеді. Өтімділік активтерге әлемдік банктік тәжірибеде ақшалай қаражаттар мен дебиторлық бөлшектерді жатқызуға болады, ал Қазақстанда да жылдам өткізілетін босалқы қор бөлігін жатқызуға болады.
|
Кш.ө. |
= |
Өтімділік активтер |
Ағымдық міндеттемелер |
Шапшаң өтімділік
Тиімділік (айналымдылық) коэффициенті – бұл бірінші коэффициенттер тобын,яғни өтімділік көрсеткіштерді толықтырады және неғұрлым дәлелді қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік көрсеткіштерінің өсуі дебиторлық қарыздың көбеюінің арқасында болса және босалқы қордың құны бір уақытта баяуласа, онда қарыз алушының несие қабілетінің класын жоғарлатуға болмайды. Тиімділік коэффициенттер тобына жататындар:5
- босалқы қордың айналымы:
а) Кезең ішіндегі босалқы қордың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден түскен түсім = Айналым күнінің ұзақтығы;
б) Кезең ішіндегі өткізуден түскен түсім / кезең ішіндегі босалқы қордың орташа қалдықтары = Кезең ішідегі айналымның саны;
- Күндік дебиторлық қарыздың айналымдылығы:
Кезең ішіндегі қарыздың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден түскен түсім;
- Негізгі капиталдың айналымдылығы (нақты активтер):
Өткізуден түскен түсім / Кезең ішіндегі қорлардың орташа қалдық құны;
- Активтердің айналымдылығы:
Өткізуден түскен түсім / Кезең ішіндегі активтердің орташа мөлшері;
Тиімділік коэффициенті динамика негізінде
талданып, сонымен қатар бәсекелесуші
фирмалардың коэффициенттері
Қаржы левередж көрсеткіштері қарыз алушының меншікті капиталымен қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды.
Жоғарыдағы кестеден
көріп отырғанымыздай, коэффициенттердің
есеп айырысуы үлгілерінің әр түрлі
болуы мүмкін, бірақ экономикалық
мағынасы бір: ол меншікті капитал мөлшерін
және клиенттің тартылған
Пайдалылық коэффициенті; барлық капиталды, сонымен қатар оның тартылған бөлігін қоса пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Бұл коэффициенттердің мынадай түрлері бар:
- пайдалық нормасының коэффициенті:
а) Пайызбен салықты төлеуге дейінгі жалпы пайда / Өткізуден түскен түсім;
б) Таза операциялық пайда (пайызды төлегеннен кейін, бірақ салыққа дейінгі пайда) / Өткізуден түскен түсім;
в) Пайызбен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда / Өткізуден түскен түсім;
- рентабельділік коэффициенті:
а) Пайызбен салықты төлегенге дейінгі пайда / Активтер немесе меншікті капитал;
б) Пайызды төлегеннен кейінгі, бірақ салыққа дейінгі пайда / Активтер немесе меншікті капитал;
в) Таза пайда (пайызбен салықты төлегеннен кейінгі пайда) / Активтер немесе меншікті капитал;
Үш түрлі рентабельдік коэффициенттерді салыстыру арқылы, салық пен пайыздың фирманың рентабельділігінің деңгейіне әсерін көрсетеді.
- Акция пайдасының нормалық коэффициенті:
а) Акция табысы = Жай акциялар бойынша дивидендтер / Жай акциялардың орташа мөлшері;
б) Дивиденттік табыс (%) = Бір акцияның жылдық дивиденті * 100/ Бір акцияның орташа нарықтық құны;
Борышты өтеуге қызмет көрсету коэффициенті (нарықтық коэффициенттер) пайданың қай бөлігі пайыздық және нақты төлемдерге жұтылатындығын көрсетеді. Олардың есеп айырысудың жалпы сомасы келесіде көрінеді:
Пайызды өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда / Кезең аралық пайыздық төлемдер;
Пайыздық төлемдерді өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда / Пайыз + Лизингтік төлемдер + Артықшылығы бар акция бойынша дивидендтер + Басқа да нақты төлемдер.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:
- ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
- жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды. Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
- жеңіл іске асырылатын тауарлы- материалдық құндылықтар (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың
салалық ерекшеліктеріне
Несие қабілетінің класы негізгі көрсеткіштер деңгейінің балдық шкаласы бойынша анықталады. Мысалы, І класс – 100-150 балл, ІІ класс – 151- 250 балл, ал ІІІ класс – 251 –300 балды құрайды. Балдарды есептеу үшін класс көрсеткіштерінің нақты маңызын нормативпен салыстыру жолымен анықтау, сонымен бірге маңыздылық (рейтинг) көрсеткіштерін пайдалану.
Рейтинг немесе маңыздылық көрсеткіші - әрбір қарыз алушы табысын берілген коммерциялық банктің саясатына тәуелді етіп, клиенттің ерекшелігіне, балансының өтімділігіне, нарықтық жағдайына байланысты жеке анықтайды. Мысалы, қысқа мерзімді ресурстар үлесінің көптігі, жабдықтаушылар алдында несие және төлем бойынша өткен мерзімдегі қарыздарды шапшаң өтімділік коэффициентінің рөлін күшейтіп, ол өз алдына кәсіпорынның ақша қаражатынан тез арада босату қабілетін бағалайды. Тұрақты запастарды несие арқылы банк ресурстарынан тарту және меншікті капитал көлемінің төмендігі – қаржы левередж көрсеткіштерінің рейтингісін өсіреді. Экономикалық несие шекараларының бұзылуы, клиенттердің несие алу барысындағы несие қабілетін бағалаудың ағымдық өтімділік коэффициентінің деңгейін бірінші орынға көтереді.
Клиенттің несие қабілетін жалпы бағалау балл арқылы беріледі. Балдар несие қабілетінің класының әрбір көрсеткіштер рейтингісі сомасымен ұсынылады. І класқа 100-150 балл, ІІ класқа 151-250 балл және ІІІ класқа 251-300 балдар қосылады.
3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері
Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма “Dan & Bred ford” 3 млн-ға жуық АҚШ-ң, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.
Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.
PARSER:
P – Person – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;
A – Amount – сұрайтын немесе сомасының негіздемесі;
R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;
S – Security – қамтамасыз ету құралы;
E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;
R – Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.
CAMPARI:
C – Character – қарыз алушының беделі;
A – Ability – қарыз алушының беделін бағалау;
M – Means – несиеге деген қажеттілігін талдау;
P – Porous – несиенің мақсаты;
A – Amount – несие сомасының негізделуі;
R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;
I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.
Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде “алты С (си) ережесі” қолданылады:
- Character (қарыз алушының сипаты;
- Capacity (қаржылық мүмкіндігі);
- Cash (ақшалай қаражаты);
- Collateral (қамтамасыз етуі);
- Conditions (жалпы экономикалық жағдай);
- Control (бақылау).
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда «25 белгіні» қолданады:
Қарыз алушының тарихына байланысты «белгілер»:
- Таяу арадағы қарыз алушының қаржылық тұрақсыздығы;
- Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама-қайшылық.
Қарыз алушының жетекшілері мен басқармасына қатысты «белгілер»:
- Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;
- Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
- Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мүшелері арасындағы билік үшін күрестің болуы;
- Басшылардың жиі ауысуы;
- Басшылардың салмақсыздық мінезі;
- Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы.
Қарыз алушының өндірістік қызметін көрсететін «белгілер»:
- Қарыз алушының жабдықтаушыларым мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;
- Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
- Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
- Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі.
Несиелеуді ұйымдастыруға
- Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсатының болмауы;
- Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
- Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
- Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынанн материалдық қамтамасыз етілмеуі;
- Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;
- Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып сұрауы;
- Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
- Несиенің қайтару мерзімі жеткізікті негізделмеуі.

- Қарыз капиталы және қарыз пайызы
- Қарым-қатынас
- Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
- Қарым қатынас психологиясы
- Қарым-қатынас теориялары
- Қасақана қылмысты істеу сатылары
- Қасиетті «жеті» саны қайдан шыққан
- Қаржы: ұғымы, маңызы және міндеттері
- Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
- Қария науқастардың күтімі
- Қар Көшкіні
- қар көшкіні жалпы сипаттама және қорғану шаралары
- Қарқаралы ұлттық саябағы
- Қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі