Археологиялық тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК  ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  ИНСТИТУЫ

«БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Реферат

 

 

 

Тақырыбы: Археологиялық тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы

 

 

 

 

                     Орындаған: Гео 12-1 тобының студенті Хасанова А.Р

               Тексерген: аға-оқытушы Джонова З.З

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы 2013

 

 

 

Жоспар:

 

 

I.Кіріспе бөлім

 

Археологиялық тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады.

 

II.Негізгі бөлім

 

Ескерткіштер әрбір елдің  тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін  саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа  тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.

 

III.Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

   Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз пен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған.Соның ішінде археологтардың пайымдауынша Түркістан аумағында тізімге алынған ескерткіштер саны 2000-ға жуық деп есептелінеді.Киелі Түркістан аумағында  сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Аталған ескерткіштердің 150-ге жуығын қазіргі таңда «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық мұражайы тізімге алған. Осы ескерткіштердің басым бөлігі Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында және  Түркістан қаласына қарасты  ауылдық округтерде орналасқан. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері - қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен ғалымдардың назарына іліккен. Қзақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтан кейін, белгілі шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольдтің қосқан үлесі зор. Сондай-ақ П.П.Румынцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.И.Левшин, В.В.Радлов т.б көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу еңбектері өткен тарихымыздан сыр шертед

   Шойтөбе қалашығы

  Жоғарыда атап өткендей “Әзірет Сұлтан” қорық мұражайының құрамында типтік құрамына қарай археологиялық және діни-рухани ескерткіштер көптеп саналады. Олардың басым бөлігі Түркістан қаласына қарасты ауылдық округтерде орналасқан. Қорық мұражай жыл сайын ескерткіштерді тиімді қорғау мақсатында  бақылау-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, жаңадан табылған археологиялық мұраларды есепке алып, оларды жоюдан, бүлдіруден қорғау мақсатында іс-шаралар атқарып келеді. Тізімге алынған әрбір ескерткіш орналасқан аумағына қарай, қалада мейлі елді-мекен болсын сол жердің өткен тарихынан хабардар ететін, ұлт байлығының рухани қазынасы екенін өкінішке орай жергілікті халық жете түсіне алмай отыр.

      Ескерткіштерді  түпнұсқа қалпында сақтау қазіргі  таңда өзекті мәселенің бірі  болып отыр. Ескерткіштерді қорғау  мен пайдалануды айқындау және  олардың қорғау аймақтарын анықтау  мақсатында  Тарихи-мәдени мұра  объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын  және қорғалатын табиғи ландшафт  аймақтарын айқындаудың ережелерін  және пайдалану режимін бекіту  туралы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы  №1218 қаулысында көрсетілгендей  Сәулет және қала құрылысы  ескерткіші жерден оның биік  нүктесіне дейінгі арақашықтық  көлеміне тең, бірақ 20 метрден  кем болмайтын қорғау аймағымен  қоршалуы тиіс, ал археология  ескерткіші50 метрболатын қорғау  аймағымен қоршалуы тиіс деп  көрсетілген. Ауылдық округ аумағында  орналасқан тарихи-мәдени мұралар  жеке тұлғалардың жауапсыздығынан  өзгерістерге ұшырап, кейбір жағдайда  жойылып кету қаупі төніп отырады.  Осы орайда жергілікті халық  аталған тарихи мәдени мұраларымызды  бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа  ескерткіштерді қорғау елдің,  бүтін халықтың баға жетпес  асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап, мектептерде өтілетін  тәрбие жұмыстарына енгізсе келешек  ұрпақты өз елінің мәдениетіне,  өткен тарихына жанашырлықпен  қарайтын, ұлтжанды етіп тәрбиелеудің  маңызы зор.

     Тарих және  мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау  мемлекеттік деңгейдегі шара  болып табылады. Қазіргі таңда  «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени  қорық мұражайының Археология  және тарихи-мәдени ескерткіштерді  қорғау бөлімі осы бағытта  тыңғылықты жұмыс жасап келе  жатыр.Бөлім мамандары жыл сайын археологиялық зерттеулер арқылы Түркістан аумағынан ғасырлар куәсі болған қалашықтар мен қорған-обаларлың орнын тауып зерттеп, тізімге алып келеді.

   Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деп жазған.   Ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау өткен көне замандарда да өткір мәселенің бірі болып отырған. Ежелгі грек елінің жылнамашысы Полибий: «Болашақтағы жаулап алушылар, өздері бағындырған қалаларды қиратпауды, өз елдерін басқа халықтардың қайғысы мен көз жасымен байытуды үйренбейді деп сенгім келеді» деген екен.  Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың зақымдануы кез-келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне, жоюлуына алып келеді.Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр шетіп, бүгінгі күнге дейін сақталынып жетіп отырған ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.

 

Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің туризмдегі рөлі

 

Бұл тарихи  туристік —  экскурциялық   сапарлардағы орны  ерекше.  Архиологиялық ескерткіштердің  кез келген нысандары туристік экскурция  жұмыстарында маңызды орын алады. Соның  ішінде Жетісудағы сақ қорғандары,  Талхиз  қалашығы,  Оңтүстік Қазақстандағы  Отырар,  Сайран,  Батыс  Қазақстандағы  Сарайшық,  т.б. көне қалалардың орнына туристердің  қызығушылығы мол.   Архилогиялық – тарихи ескерткіштердің  қазірге  дейін  жеткен  нысандарының ішінде  қорғандар  мен мазарлардың  маңызы  зор.  Қола  дәуірі ескерткіштеріне  жартастағы петроглифтерді атауға  болады.  Оларға  әйгілі бірегей  ғибадатханалар:  Аңырақай  тауының   Таңбалы сайындағы,  Көксу  өзеніндегі  Ешкіөлмес ғибадатханасы,  сондай – ақ, Шолақ, Кіндіктас,  Баян жүрек  тауларындағы  тастағы суреттер  жатады.  Біздің  дәуірімізге  дейінгі 6 – 3 ғасырлардан қалған  сақ қорғандары,  Бесшатыр қорымындағы   жерлеу  камерасы  және  сақ  әскері киімін киген “Алтын адам”,  2001 – 2002  жылдары  Шығыс  Қазақстан  облысындағы Катынқарағай ауданының  Бердіел (Берікел)  қорғанында табылған “Сақ патшайымы” архиологиялық туристік нысандарға  жатады. Орта  ғасырлық Түркістан, Отырар, Жаркент, Тұрбай,  Құлан, Мерке,  Талхиз қалалары, т.б. елді – мекендер қазіргі  туристік нысандар  болып табылады. Түркістан  – қазақ хандығының  алғашқы  астанасы.  Онда Қожа  Ахмет  Яссауи кесенесі  салынған, кесене іші мен  айналасына қазақ мемлекетінің негізін  қалаған Тәуке,  Тәуекел, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайран т.б.  орта ғасырлық  көне  қалалар  туристер үшін тартымды нысандар.  Тәуеп  ету   (діни) туризм  нысандары  республика аумағында  көптеп кездеседі.  Оларға  түркі  әлемендегі қасиетті  Түркістан қаласы,  Қожа Амет Яссауи кесенесі, Абаб – Араб  мешіті,  Гауһар ана зираты, Әли Қожа  бейіті, т.б.  жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп Аллаға сиыну үшін келеді.  Одан басқа  қоғам  адамдар маңында  (Отырар ауданы) Арыстанбаб кесенесі,  Ибрахим ата бейіті,  Қарашаш ана кесенесі, Тұраба  ауданында Исмаил ата мазары орналасқан. 

 

Жамбыл облысында  Айша  бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі,  Қызылорда  облысында Артық,  Айман  кесенелері,  Балхаш  қаласы  маңында  Тектау ата,  Әуез  бақсы, т.б.  киелі орындары  бар. Қазақ халқының  азаттық  күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға  деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді.  Бұларға  Райымбек  пен  Қарасай  батыры ескерткіштер.  (Алматы облысы),  Қордайдағы  (Жамбыл облысында) Өтеген батыр, 

Ақтөбеде  Есет батыр,  Солтүстік  Қазақстандағы  Ағынтай  мен  Қарасай ескерткіштері,  Астанадағы  Қара Керей Қабанбай ескерткіштері  жатады.  Ордабасы  мен  Аңырақай  сағасының жазығы,  Ұлытаудағы  үш  жүздің басын  қосқан  жер, тарихи орындар  ретінде  Жошы  және  Алаша  хан кесенелері,  Алматыдағы  тәуелсіздік  монументы,  Астанадағы  үш ескерткіштері  қастерлі орындар санатында  туристік  нысандарға  қосылады.  Қазақ тарихындағы құнды  мәдени ескерткіштер қатарына  Қозы Көрпеш – Баян сұлу,  Еңлік – Кебек кесенелері,  Шохан  Уалиханов,  Қажымұқан Мұңайтпасұлы  мемориалдары,  Сұлтан Бейбарыс,  Құрманғазы  және  Дина  Нұрпейісова,  Абай Құнанбаев,  Абылай хан,  Әлия  мен Мәншүк,  Амангелді  Иманов, Ілияс  Жансүгіров,  Сакен Сейфуллин,  Мұхтар Әуезов, т.б. көптеген естелік орындар жатады. Солардың ішіндегі  туристерді  аса қызықтыратын  ерте орта  ғасырлық  сәулет  құрылыс  нысандарының  бірі  — ежелгі  Қойлық қаласының   шығыс  шетіндегі мұсылман  моншасы – Хамам. Ежелгі  Қойлық  қаласының ірі  сауда  орталығы  болғанын  айғақтайтын жақсы  сақталған,  туристік  тұрғыдан  алғанда   ең  тартымды  әрі  маңызды екінші  нысан – ежелгі қаланың  Солтүстік  Батыс шетіндегі ауданы  400 шаршы  метрден  асатын – будда  храмы.  Храм табынатын  кең  орталық  және  оған  жапсарлас   жатқан  бірнеше  қосалқы  бөлмелерден  тұрады. Ауданның 48 — 50 шаршы метрге  жететін  орталық бөлме   өтетін ғибадат  ету қызметін  атқарған. Табынатын  орталық  бөлменің  жан – жағынан ені үш метр болатын қосалқы  бөлмелер  ұзыннан  ұзаққа созылып  қоршап  жатыр.  Кіре беріс бөлме  дәліз қызметін атқарған.  Ғимараттың  биіктігі – 3 метр,  керегелерінің  қалыңдығы – 80 сантиметр.  Ең  астында  іргетас  қызметін  атқаратын    екі  қатар күйдірілген  қыш  кірпіштің  үстіне  5 – 6 қатар шикі  саз кірпіштер  қаланып,  тағы  да  екі  қатар күйдірілген  кірпіштер  қаланған.  Орталық  бөлменің  табанынан   1 – 2 метр биіктікте  бүкіл керегені бойлай көлбей  қаланған арасы  қуыс  екі қатар  кірпіш  бар.  Қуыс  дәлізбен  орталық  бөлмені  бір – бірімен  байланыстыратын есіктің жақтауыда айқын  байқалады.  Ол  бөлмелердің ішін  желдетіп,  керегені  ылғалдан  сақтау  немесе  бүкіл  керегені  бойлай салынған  түтін  шығатын  жылу  жүйесі  қызметін атқаруы  мүмкін. Елбасының  2005 жылғы Қазақстан халқына  дәстүрлі   Жолдауына  сәйкес,  ежелгі  Қойлық  қаласын  туризмнің  ірі  орталығына  айналдыру  үшін  архиологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізілген  шығыс  моншасы, бай саудагердің  үйі,  мұсылман  мешіті,  будда храмы сияқты  маңызды — әлеуметтік  — тұрмыстық нысандарды орта ғасырдағы бастапқы қалпына келтіріп, реставрациялау жұмыстарына мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлінуі қажет. Қаржы тапшылығына байланысты археологиялық жазба жұмыстары жүргізілген сәулет — құрылыс нысандары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып тартымдылығын жоғалтуда. Ендеше, қойлық Қойлық (Қиялық) қаласын туризмнің ірі орталығына айналдыру үшін шығыс моншасымен басқа да әлеуметтік –экономикалық мағынасы бар нысандарды толығымен қайта қалпына келтіріп, ашық аспан астындағы тарихи — археологиялық қорық- бақ ашу болашақтағы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Жинақталған қолда бар деректерді талдай отырып, халықты еңбекпен қамтамасыз етумен қатар әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуда маңызды орын алатын туризмді дамытуға мүмкіндік беретін бірнеше алғышарттарды атап өтуге болады. Олар: еліміздің оңтүстік шығысындағы – дәліз қызметін атқаратын Алматы облысының аумағының қолайлы көліктік жағдайы; Қытаймен тікелей мәдени, сауда — экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолайлы геосаяси жағдайы;

Отандық және шетелдік туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретін  табиғи және тарихи — мәдени ескерткіштердің  халықаралық маңызы бар Алматы —  Өскемен, Алматы — Жаркент – Қорғас тас жолдары мен темір жолдарға жақын

 

Археологиялық ескерткіштер

  

   Археологиялық ескерткіштер - халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері.Оған:қалашықтар мен қалалар,ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың  орындары жатады.

      Вавилон  патшасы Набонид алғашқы архелогиялық  зерттеулерді жүргізген.Геродот  алғаш рет "археология" терминін  қолданған.Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде  "архелогияны" басқа терминдермен  алмастырған.Егерде Платон көненің  бәрі археология десе,европаның  өркендеу дәуірінде  "көне өнер  тарихы" деп атаған.Археологиялық  мәдениет  дегеніміз қазба жұмыстарының  нәтижесінде табылған археологиялық  ескерткіштердің жиынтығы.Бұл ғылымда  зерттеудің объектісі мен пәні  бар.Қазіргі археологияда пән  түсінігіне көне қоғамның материалдық,рухани,тұрмыстық,этногенетикалық,әлеуметтік  мәселелерін қарастырады.Ал зерттеу  объектісіне заттық деректер  жатады.Яғни,археология ғылымы адамзаттың  өткен тарихын заттай деректер  негізінде зерттейтін ғылым.Тарих  ғылымдарының ішінде археологияның  алатын орны ерекше.Өткенді білмей,болажаққа  болжау қиын.Ал, археология ғылымы  адамзаттың алғаш жер бетінде  пайда болып,оның табиғаттан бөлініп  шығып,дами түсуін,еңбек құралдары  арқылы қоғамдағы рөлін хабардар  ететін ғылым саласы.Ол антропология,этнография,қолданбалы  тарих ғылымдарының салаларымен  тығыз байланысты болады.

    Археология-заттай деректерді зерттеу.

    Археос-көне,логос-көне  туралы ғылым.Археология-ең алдымен  алғашқы қоғам тарихына байланысты  материалдар береді.Сонымен қатар  құл иеленушілік,феодалдық формациялар  туралы материал жинайтын ғылым.

     Археология  –жан-жақты ғылым.Ол адамның физиологиялық  дамуынан бастап,қоғамдық ақыл-ойдың  шығуына дейінгі аралықты зерттейтін  ғылым.Археология басқа ғылымдармен  де тығыз байланысты.

  Жер астынан табылған  заттай деректерді археологиялық  деректер дейміз.Олар бірнеше  топқа бөлінеді:

-еңбек құралдар (соқа,кетпен,күрек,балта)

-қару жарақтар (найза,садақ,жебе,айбалта)

-тұрмыстық заттар ( құмыра)

-рухани мәдениеттер (діни  нанымдарға байланысты заттар)

   Археологиялық ескерткіштер-ескі қала тамтықтары,қорғандар,ежелгі қоныстардың,бекіністердің,өндірістердің,каналдардың,жолдардың қалдықтары,тас мүсіндер,жер тастағы бейнелер,көне бұйымдар,ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскілері.

 

 

 

 

 

  Қазіргі Қазақстан территориясы екі ежелгі мәдениеттің тоғысқан жерінде орналасқан – көшпенді және отырықшыл. Олар көптеген ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келген, үздік материалды және рухани жетістіктермен бөліскен. Бұл жерде көп халықтар, ежелгі өркениеттер мәдени ескерткіштері пайда болған.Бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген.Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.Қазақстандағы 25 мың тіркелген ескерткіштер арасында алғашқы адамдардың тұрақтары, мыңдаға жылдар бойғы тарихы бар қалалар бар. Осы маңдаға археологиялық куәліктер арасында ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнерінің құнды қазынасы жатыр. Қызылорда облысындағы б.з.д. IV-II ғғ Баланды-II ескерткіші - кірпіштен жасалған әлемдегі алғашқы күмбездердің бірі. Маңғыстау ескерткіші - өзіндік, автономды сәулет стилінің әлемде қайталанбас дамуы. Жамбыл облысындағы Айша-Бибі кесенесі – Қазақстан территориясында VII-VIII ғасырларда құрылыс технологиясының даму деңгейінің зор екендігін көрсететін тағы бір әлемде қайталанбас сәулет туындысы. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды.

   2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы бері қазірге дейін Айша-Бибі кесенесі, Арыстанбаб, Абат-Байтақ, Есімхан, Қара Сопы, Мақұл Там, Ысқақ Ата, Джабраил Ата, Караман Ата қорымдарында, Петропавл қаласындағы «Резиденция Абылай хана» кешені сияқты 78 тарих пен мәдениет ескерткіштерінде реставрациялық жұмыстар аяқталды, біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу жүргізілген.Соңғы үш жылда «жоқтан» екі мұражай-қорық - Алматы облысындағы Есік және Шығыс Қазақстан облысындағы Берел - мұражай-қорық жасалған.Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды. Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері - қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.Жетісу өлкесінің өткен кезеңдері мен археологиялық ескерткіштерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, қаттау ісі Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда кешірек қолға алынғанмен, ежелден-ақ жиһанкездердің, зерттеушілер мен ғалымдардың назарына іліккен. Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтан кейін, белгілі шығыстанушы ғалым, академик В.В.Бартольдтің қосқан үлесі зор. Сондай-ақ П.П.Румынцев, П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.И.Левшин, В.В.Радлов т.б көптеген ғалымдар мен саяхатшылардың зерттеу еңбектері өткен тарихымыздан сыр шертеді.Өткен тарихымызға деген қызығушылық және облыс тарихы мен мәдениетіндегі көптеген сұрақтарға жауап іздеу, сондай-ақ мәдени мұраларды зерттеу, қорғау және оларды тіркеуге алу мақсатында облысымызда 2009 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» құрылды. Орталықтың құрылуы «Мәдени мұра» бағдарламасының Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылып жатқан археологиялық зерттеулер мен реставрациялық жұмыстардың барысымен танысып, бақылауда ұстауға және ауқымды ақпараттық материалдар жинауға мүмкіншілік ашты. Айталық: «Қазқайтажаңғырту» РМК реставрациялық жұмыстар жүргізген Қапшағай қаласына қарасты Іле өзенінің оң жағалауындағы «Таңбалы тас», Кербұлақ ауданындағы «Бесшатыр обалары» ескерткіштері, Ә.Марғұлан атындағы археология институты археологиялық зерттеулер жүргізіп жатқан Сарқан ауданындағы «Қойлық қалашығы», Еңбекшіқазақ ауданындағы «Түрген-Қаракемер обалары» ескерткіштері, Талғар ауданындағы «Талхир қалашығы», Майбұлақ тұрағында, Таңбалы шатқалының петроглифтерінде, б.д.д. 1500 ғ. Алматы облысында мемлекет қорғауына жалпы 1519 жергілікті маңызы бар жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде: археологиялық-1250, қала құрылысы және сәулет-262, табиғи ескерткіштер-7.Облысымыздағы жүргізіліп жатқан жұмыстар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен бастау тапқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.Жетісу өңіріндегі археологиялық ескерткіштер ішінде көне қорымдардың алатын орны ерекше. Сонау Сақтар мен Үйсіндер дәуірінен бастау алған, бүгінде төбе-төбе болып талай ғасырлардың құпиясын бауырына басып жатқан ескі қорымдар облыстың Кербұлақ, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Балқаш аудандарында көртеп кездеседі.

Орталықта есептік құжаттармен  қамтылмаған ескерткіштерді құжаттандыру жұмысы, Мәдениет басқармасының қолдауымен жүеленіп келеді. Бұл бағытта 2009 жылдан бері 759 археологиялық ескерткіштің есептік құжаттары дайындалып, құжатқа  олардың ЖПС-құралымен анықталған орналасу координаталары және суреттері  түсірілді. Нәтижесінде, 500-ден аса  жаңа археологиялық ескерткіштер анықталып, мемлекеттік тізімнен тыс 873 археологиялық  ескерткіштер қосымша тізімге тіркелді. Биылғы жылы тағы 201 ескерткіште осындай  жұмыстар жүргізілуде. Ол жұмыстарды жүргізуші  «Археологиялық экспертиза» ЖШС-і.Халық құрметіне бөленген біртуар тұлғаларға ескерткіштер қою ісі одан әрі жалғасып, жыл сайын әр жерде ескерткіштер қойылып, олар салтанатты түрде ашылуда. Биылғы жылы да көрнекті қайраткерлерге арналып бірнеше ескерткіштер бой көтереді деп күтілуде. Соның бірі - 2012 жылы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, облыс орталығы Талдықорған қаласына қазақтың біртуар азаматына арнап ескерткіш тұрғызу болмақ. Қазіргі уақытта ескерткіштің орны, яғни «Мүшелтой» шағын ауданы аумағындағы Қонаев көшесі мен Алдабергенов көшелерінің қиылысындағы шағын бақты (сквер) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қаби Баулықов, Қазбек Жарылғапов, Бақытбек Мұхаметжанов т.б. Алматылық сәулетшілер мен мүсіншілердің ескерткішке қатысты дайындаған 17 түрлі эскиздік жобалары конкурска ұсынылмақшы.Алакөл ауданында Қарлығаш аулының тумасы жазушы, қоғам қайраткері Ә. Әлімжановқа арнап, ағымдағы жылдың қазан айында Қабанбай ауылының жаңартылған саябағына, ескерткішін орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта аудан бюджетінен бөлінген 1 млн. 900 мың теңгеге мүсін орнатылатын тұғыры дайындалып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Екпінді ауылдық округіне қарасты Үшқайың ауылындағы орта мектепте жазушыға арналған шағын экспозициясы бар мұражайдың ашылуы қатар өтпек.Жетісу жері аса көрнекті саясаткер, ғалым, этнограф, географ, фольклоршы, ағартушы - демократ Ш. Уәлихановтың мәйіті жерленген жерді қамқорлыққа алып, басына орнатылған обелискті, ескерткішін, мемориалдық музей және туристерге арналған қонақ үйін, бүтіндей бір Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық кешені ретінде Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізген.

  

                                   

 Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы, төменгі палеолит ескерткіштерінен бастап ортағасырлық қалалар өркениеті ошақтарын зерттеді. Ол 1946 жылы ҚР ҒА-ның Тарих, археология және этнография институтында құрылған. Жетекшілері: 1946 – 75 жылдары – Ә.Марғұлан, 1976 – 81 жылдары – М.Қадырбаев, 1982 – 85 жылдары – Ж.Құрманқұлов, 1986 – 89 жылдары – С.Ақынжанов болды, 1990 жылдан – Ж.Құрманқұлов. Экспедиция Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы деп аталғанымен, Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс атқарды. Батыста Сарайшық қаласын, Сырдария өзені бойы мен Қаратаудың терістігінде орналасқан көптеген ортағасырлық қалаларды зерттеді. 1946 – 47 жылдары барлау жұмыстарының нәтижесінде Сарысу өзенінің бойы мен оның Атасу, Манақа, Сары және Қара Кеңгір, Жезді, т.б. салалары және Нұра өзені бойынан адамзат тарихының әрбір кезеңінен қалған жүздеген тарихи ескерткіштер ашты. Оның ішінде әлемдік тарихқа енген Беғазы, Саңғыру, Айшырақ, Бұғылы І, ІІ, Ақсу-Аюлы, Ортау, Беласар сияқты қола дәуірі қорымдары, тастағы суреттер мен таңбалар, түркі-қыпшақ замандарының Ұлытау жеріндегі тас мүсін кешендері, қам кірпішпен әсемдеп өрілген қазақ мазарлары табылды. Сол сияқты ерте заманнан бастау алған Уанас, Хан жолы, Сарысу өзені бойымен жүретін керуен жолдарының бағыттары анықталды.

 

                                

 

Табылған ескерткіштер негізінде  Орталық Қазақстан археологиялық  экспедициясы жетекшісі академик Ә.Марғұлан 1948 жылы экспедиция алдына үш түрлі  мақсат қойды: а) өңірдің отырықшы елді мекендер тарихын зерттеу (VI – 7VII ғасырлар); ә) патриархалдық-рулық құрылыстың ыдырау кезеңіне жататын қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеу, оның ішінде көне кен өндірісіне терең көңіл бөлу; б) адамзаттың көне дәуірлеріндегі палеолит пен неолит кезеңін зерттеу. Бұл мәселелер  осы күнге дейін Орталық Қазақстан  археологиялық экспедициясы зерттеулерінің негізгі өзегі болып саналады. Орталық Қазақстан археологиялық  экспедициясы құрамында үш отряд  құрылды. Қола дәуір ескерткіштерін зерттеу тобын Ә.Оразбаев, қола дәуірінен  ерте темір дәуіріне өтпелі кезең  ескерткіштерін Марғұлан, ал ерте темір  дәуірі тайпаларының мәдениетін М.Қадырбаев  зерттеді. Олармен бірге әр жылдары  Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмысына әйгілі ғалымдар: Л.Кызласов, К.Ақышев, Г.Ц. Пацевич, А.Г. Максимова, Т.М. Сенигова, Г.В. Кушаев, Х.Алпысбаев, С.Жолдасбаев, Н.А. Аванесова, т.б. қатысты.

 

                         

 

Орталық Қазақстан археологиялық  экспедиция ғалымдары 1954 – 55 жылдары  тың және тыңайған жерлерді игеруге  байланысты Қазақстанның орталығы, солтүстік  аймақтарын кең зерттеді. Бірқатар обалар қазылып, көптеген ескерткіштер картаға түсірілді. 1959 – 61 жылдары  Ертіс-Қарағанды каналы, 1972 жылы оның Қарағанды-Жезқазған бағыты зерттелді. 1963 жылға дейінгі ғылыми зерттеулер Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов  атындағы сыйлығын алған “Древняя культура Центрального Казахстана” (авторлары  Марғұлан, Ақышев, Оразбаев, Қадырбаев) атты іргелі еңбекте жарияланды. Кітапта  қола дәуірінің мерзімдік кезеңдері, басты белгілері, өзара сабақтастығы, қола дәуірінің ерте темір дәуіріне өтпелі кезеңінің, яғни Беғазы-Дәндібай мәдениетінің сипаттамасы, оған жалғас ерте темір дәуірінің Тасмола  мәдениетінің ескерткіштері де толық  ғылыми сипатталды. 1979 жылы Марғұлан Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін жеке кітап  етіп шығарды. 1980 – 90 жылдары Орталық  Қазақстан археологиялық экспедициясы (Қадырбаев, Ж.Құрманқұлов) Атасу өзені  бойындағы және Қызылтау, Ортау, Ақтау  аңғарларынан ондаған ескерткіш  тауып, зерттеді. Кең көлемде ашылған  Атасу, Мыржық, Ақ Мұстафа, Ақмая қоныстарынан б.з.б. II мыңжылдықтың орта кезінде металл балқытқан пештер мен металл өңдеген  шеберханалар табылды. Осындай пештер Ұлытау ауданындағы қазіргі кезде  зерттеліп жатқан Талдысай қонысынан  да табылды. Жезқазған, Балқаш, Қарқаралы, Саяқ, т.б. өңірлерден ертеде кен өндірген көптеген орындар табылды. Ерте заманда  кен қазу, металл балқыту істерінің  тарихы, түркі-қыпшақ замандарының тас  мүсіндері қойылған қоршаулар мен  обалар, ғибадатханалар Марғұлан, Қадырбаев, Құрманқұлов, С.Жауымбаев, Л.Н. Ермоленко  еңбектерінде жарық көрді. Сол сияқты Орталық Қазақстан археологиялық  экспедициясыжетістіктері Марғұланның  көп томдық шығармалар жинағына енді. Орталық Қазақстан археологиялық  экспедициясы шын мәнінде Қазақстан  археологиясының өсіп, шыңдалу мектебі  болды. Қазіргі кезде Орталық  Қазақстан археологиялық экспедициясы жұмыстары халықараралық дәрежеге көтерілді. Оның құрамында Италия, АҚШ, Ресей археолог мамандары еңбек  етуде.

 

Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 100км.жерде тас құралдар Ертіс  өңірінің аумағында 1 млн.жыл бұрын  адамның тұрғанын дәлелдейтін көне және бірегей объектілер болып табылады. Олардың материалдары ертістік террасалардың  көне шөгінділерінен жасалған қарапайым  тас индустриясы түрінде көрінеді. Мұндай ескерткіштер кешені Павлодар 60 км. шығысқа қарай Маралды көлінде  ежелден белгілі, оларды зерттеу  әзірше көтеру материалын жинаумен шектелді, себебі мәдени қабат өте тереңде  жатқандықтан бұл ескерткіштерде зерттеу  жүргізудің басқа мүмкіншіліктері  жоқ.

 

Бірнеше жылдар бойы Ескі Екібастұз  аумағында объектілерінің саны 20-дан  асатын тас дәуірінің тұрақ-шеберханалары  мен қоныстары кешеніне зерттеу  жүргізілді. Екібастұз көмір орнының  игерілуіне байланысты бұл кешен  қатты бүлінген, алдағы уақытта толық  жойылып кетуі мүмкін, сондықтан  Қазақстан мен Батыс Сібірдің көне тарихы мен археологияның көптеген проблемалары шешу үшін ас маңызды  оны үнемі зерделеу керек.

Соның ішінде көне гоминидтердің  Қазақ үстіртінің солтүстік шет  аймақтарын бастапқыда игеруі, одан кейін  тас индустриясының дамуы, олардың  Орталық Азияның көрші өңірлерінің  мәдениетіне ықпалы мен тас дәуірінің  аяғында индустрияның одан әрі трансформация  проблемаларын түсіну үшін қажет.

 

Орталық зерделеген ескерткіштердің  басқа тобы – Шідерті өзенінің орта ағысында орналасқан тас дәуірінің  тұрақтары мен көп қабатты  қоныстары. Олар да жергілікті жұрттың  шаруашылық қызметінен едәуір зақымданған. Шідерті 2,3,5 көп қабатты тұрақтары  мұнда барынша перспективалы  болып табылады. Голоценде осы  өңірде тас индустриясының эволюциясы және мәдени дәстүрлердің алмасуы туралы түсінік беретін Солтүстік және Орталық Азиядағы жалғыз көп қабатты  ескерткіш ретінде Шідерті 3 тұрағы соңғы 20 жыл бойы зерделенді. Осы  тұрақта мезолит-энеолит материалдарынан  тұратын 6 мәдени көкжиек анықталып, осы ескерткіштің жоғарғы қабатында  энеолит дәуірінің жаңа археологиялық  мәдениетінің материалдары мен өңірдегі ең көне сол кездегі адамның қабыры табылды. Шідерті өзені алғашқы  жайылма үсті террасасының голоценвтік  шөгіндісінің пачкасына салынған бірнеше  қабыр топырақтары байқалды.

Кейбір топырақтардан  шірінді бойынша радиокөміртекті  даталар мен тұрақтың бүкіл тілігіненшаңды спектрлер алынды. Қазір бұл ескерткіш  Солтүстік және Орталық Қазақстан  аумағында голоценді кешендердің  кезеңденуі мен хронологиясын жаасу  және жаңа археологиялық мәдениеттерді  бөлу үшін эталонды объект болып табылады. Сондықтан Шідерті 3 көп қабатты  өз мәнінде Павлодар облысыынң археологиялық  ескерткіштерінің арасында жалғыз, бірегей  объект ретінде «Мәдени мұра»  республикалық бағдарламасына еніп, осы бағдарламаның шеңберінде 2 жыл  зерделенді.

 

 

Әр түрлі дәуірлердің  бірқатар басқа ескерткіштері де табылды. Бұл-Павлодардан солтүстікке  қарай және Лебяжі ауданы Шарбақты көліндегі неолит, қола және ерте темір  ғасырының қоныстары, Ертіс қаласы мен Мичурино, Григорьевка, Набережное селоларының жанындағы қола дәуірінің  қабірлері, жартас суретті көне қасиет орындары мен бұзыла бастаған және дереу зерттеуді қажет ететін көптеген басқа объектілер. Қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу нәтижесінде археологиялық ақпарат көздерінің елеулі массиві алынды. Елуниндік және шұңқыр типті материалдар табылған Екібастұз қаласының, Шідерті көлінде және Григорьевка селосының маңындағы ерте қола кезеңінің қабірлері мен қоныстары зерттелуде. Арттарында көптеген археологиялық ескерткіштер-қоныстар, тау үйінділерін, топырақты молалар, тас қоршаулар мен қорғандар қалдырған андроновтық мәдени-тарихи қауымдастықтың, отырықшы малшылардың, диқандар мен металлургтердің ескерткіші елеулі ғылыми-қызығушылық туырады. Қаратұмсық, Кенжекөл 1, Черное, Набережное, Қызылжар тас молаларын, сол сияқты Павлодарское селосы Ақбидайық алқабының маңындағы қоныстары және басқа андроновтық тайпалар ескерткіштерін қазу нәтижесінде керамикалық ыдыстардың сандаған үлгілері, қола қару, еңбек құралы, алқалар, тұрғын үйлер мен зират ғимараттарының, көне орындардың қирандылары алынды, олар керамика өндірісінің, тау кен ісі мен металлургияның, құрылыстың, ағаш өңдеудің жоғары жоғары деңгейде дамығанын көрсетеді. Павлодар облысындағы ұзақ жылғы археологиялық зерттеулерге қарамастан бұл - Қазақстанның аса ірі су тамыры – Ертістің орта ағысында ертеде құрылған түрлі географиялық және мәдени – тарихи аймақтардың тоғысында орналасқан Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің аз зерттелген өңірі.

      

 

                       

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орталық қызметкерлерінің зерттеу  нәтижелері Қазақстан мен Россияның  ғылыми басылымдарында жарияланды, дала зерттеулерінің қорытындылар мен алынған  материалдар жарияланатын жаңа еңбектер дайындалуда. Орталық құрылғаннан  бері ертістің Павлодар өңірі мен  көрші өңірлер археологиясының  проблемаларына арналған ғылыми мақалалардың 2 жинағы шығарылды, академик Ә.Х.Марғұланның 100 жылдық мерейтойына арналған «Мағұлан оқулары - 2004» конференциясының материалдары, жартас суретті фотоальбом, археологиялық  терминдер сөздігі, көне тарихтан оқу  құралы жарыққа шықты, жаңа басылымдар дайындалуда. Павлодар археологиялық  экспедициясының 20 жылдық жұмыс қорытындысы  көрініс тапқан. Осы уақыт ішінде Орталық қызметкерлері Қазақстан  мен Россияның ғылыми басылымдарында алпыстан аса мақала жариялап, Ертістің Павлодар өңірінің энциклопедиясы мен  басқа кең тараған басылымдарға жиырмадан аса мақала жариялап, Ертістің Павлодар өңірінің энциклопедиясы мен  басқа кең тараған басылымдарға жиырмадан аса мақала жазды. Археологиялық  ескерткіштерді зерделеу туралы «Очень древняя Азия» оқу – деректі  фильмдер сериялы түсірілді.

Археологиялық тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығы