Қаржылық есептеме аудитінің процесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті
«Информатика
және Есеп және аудит» кафедрасы
Тақырыбы: Қаржылық
есептеме аудитінің
процесі
Орындаған: Есеп жәе аудит
4- курс Алжанова А.Е
Қабылдаған:
Телагусова
Алматы-2011ж.
Қаржылық
есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті
кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне
сипаттама беретін белгілі
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы –
ресурстардың қолда барын,
Қаржылық есеп берудің
Қазіргі
нарықтық қатынастар жағдайында есеп
беру көрсеткіштерінің рөлі басқару
шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы
жағдайын анықтаү кезінде өте
маңызды болмақ.
Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
ҚР-ның президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» жарлығына сәйкес:
- Бухгалтерлік баланстан;
- Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
- Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.
Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме хаттардан сондай ақ басқа да қосымша ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын диаграммалардан тұратын қаржылық есепті меншік формасы мен қызмет түріне тәуелсіз заңды тұлғалар құрастырады.
Бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны мен форматы бухгалтерлік есептің тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.
Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда көрсетілген есеп шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.
Баланс «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.
Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:
- Активті;
- Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
- Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.
Осынау есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты форма болып табылады. Есепті жасауға қажетті бүкіл деректер регистрлерден және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей алынған.
ҚР-ның шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер шегіндегі негізгі арналарын көрсетеді.
Қаржылық есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары артық күйінде қалады. Түсініктеме хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға да және сол кәсіпорын басшыларына да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға көмектеседі.
Қаржылық есептің алдына қойған мақсатына қол жеткізу үшін ол осы есептің негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген белгілі бір принциптері мен талаптарына сәйкес келуі керек.
ҚР-нда
енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері
бойынша халықаралық
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек сіңіріліп табылғаннан кейін аударылады, ал шығындар шығарылған соң есептелінеді, яғни операциялар мен оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.
Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің түпкі нәтижесін бұрмалайды.
Есеп беру мен баланс статьяларының бағасын бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік деректер берген басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Қаржылық
есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға
тиіс. Көрсетілу единицасы – мың
теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы
орындалуына жауап беретін
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Заңды
тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі
тұтынушылар үшін жариялануға ашық
болып табылады. Ондағы ақпараттың
анықтығын заңды тұлға
Сөйтіп,
нарықтық қатынастарға көшу жағдайында
қаржылық есептің рөлі елеулі түрде
артады екен. Қазіргі заманғы білікті
бухгалтер есепті қолданылып жүрген
нормативті ережелер мен талаптарға
сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін –
тұтынушыларды субъектінің
Түсініктеме хат.
БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік хат та кіргізілген.
Оның
құрылымы экономика саласының
Аудиторлық палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзінөзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыраитын ұйым болып табылады.
Қаржы
аудиты деп оған уәкілеттігі бар
ұйымдар мен мамандардың
Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында алғашқы бухгалтерлік – аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда «Міндетті аудит туралы заң» шықты. Франция мұндай заңды 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.
Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып отыр.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-қарашасынан бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, зады және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Аудиторлық
қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін
жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік
қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық
ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша
қаржылық есептеме аудитінен басқа
да қызметтер көрсете алады.
Аудиторлық қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- тәуелсіздік;
- объективтілік;
- кәсіби біліктілік;
- құпиялылық.
Аудит
Қазақстан Республикасының
Аудиттің
түрлері – міндетті аудит және
бастамашылық аудит.
Міндетті жыл сайынғы аудитке мыналар жатады:
- банктер
- кредиттік серіктестіктер
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар
- сақтық ұйымдары
- жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар
- шетел қатысатын кәсіпорындар
- ашық халықтық қоғамдар.
Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге жағдайларда да міндетті болып табылады.
Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген нақтылы міндеттр, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.
Аудит
сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы
аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны,
ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші
субъектісін бақылаудың ведомстволық
немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық
жүргізуші субъектісінің тілегі
бойынша және шартымен жасалды.
Аудит
мынадай дәйекті стадиялар
- жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме;
- аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
- аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
- аудит рәсімін жүргізу;
- аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Аудитор – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы – шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудитордың
міндеттері мемлекеттік бақылаудың
міндеттерімен ұқсас: тексерілетін
ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының
қолданыстағы заңға сәйкестігін
анықтау. Сонымен бірге аудиторлық
қызметтің қаржы – шаруашылық
қызметін тексеріс нысанында жүзеге
асрытын мемлекеттік бақылаудан
айтарлықтай айырмашылығы бар:
- аудиторлық қызмет кәсіпорындардың қаржы – шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі бірінші кезекте мемлекеттің мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал етудің сан алуан түрлерін қолдана отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
- аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас, әкімшілік белгілеу ретінде болады;
- аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган төлейді. Тексеріс доғары орган немесе мемлекет төлейді;
- аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
- аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
- аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.
Аудиторлар
мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін
қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан
Республикасындағы алғашқы және
ең ірі аудиторлық ұйым – «Қазақстанаудит»
компаниясының мысалынан көруге болады.
Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік
қызмет көрсету, бағалау және оны саралау,
кедендік кеңестер, қаржы – шаруашылық
қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын
жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық
рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары
– компания көрсететін қызметтердің толық
емес тізбесі осындай. «Қазақстанаудит»
компаниясының Астана қаласында және
республиканың барлық облыстарында құрылымдық
бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің
қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.
Қаржылық есептеме аудитінің процесі
Ірі халықаралық және отандық аудиторлық фирмалардың іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі он шақты кезеңге бөлінуі мүмкін. Нақты компаниялардың тексеру ісін ұйымдастырудың тәртібі мен стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей жүйемен жүгізіледі.
ТМД елдерінің озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудитті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру мен есеп берудің мүмкіндігі.
Қаржылық есеп беру аудитінің бірінші кезеңінде тексерілуге тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жете зерттеледі. Фирма басшылығы осы орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсету керек:
1) фирманың клиенттері қандай ?
2) өнімнің жаңа түрлерін жасау жүргізіле ме ?
3) өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу жағдайы;
4) өндірістік
процестің ұйымдастырушылық
5) өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өткізу.
Қызмет бабындағы
жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында
кәсіпкерлік іс-қызметтің
Қаржылық есеп
беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының,
негізгі процедуралары
1) компания-клиенттің
обьектілері мен іс-қызмет
2) аудиторлық
тәуекелдіктің елеулілік
3) баланс баптары
мен Бас кітаптың баптарын
тексеру, шығындар және қаржы
нәтижелерінің шоттары мен
4) өнімнің,жұмыстың
және көрсетілетін қызмет
5) сатып алу циклінің аудиты;
6) өндірістің
және ресурстарды жұмсау
7) еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;
8) таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;
9) бюджетке салық төлеудің уақытылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;
10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;
11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеру;
12) дебиторлық және кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;
13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, кауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);
14) ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар,құнды қағаздар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.
Үшінші кезеңде құзыретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен обьектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жалпы жоспарды және аудит бағдарламасымен өзара тығыз байланысты. Аудитті орындағанда тексеру стратегиясын, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

- Қаржылық есепті құру және ұсыну
- Қаржылық есептілік
- Қаржылық есепті ұсыну
- Қаржылық жағдай мен қаржылық тұрақтылықтың теориялық негіздері
- қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық есеп
- қаржылық есеп берудің элементтері
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
- Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері.
- Қаржылық есеп пен басқару есебін салыстыру