Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері

 

Ті(3)с 1) Тіл білімі(лингвистика) – тіл жєне оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімі – тілдің  әр түрлі жаќтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді.

Тіл – қоғамдағы  адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен ќарым-ќатынас жасау құралы. әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы жєне грамматикалыќ ќұрылысы болады. Тілдің осы аталѓан жаќтарын тіл білімінің салалары ќарастырады. Тіл білімінің фонетика( тілдің дыбыс жүйесін зерттейді), лексикология (тілдің сөздік құрамын зерттейді), грамматика (тілдің грамматикалыќ құрылысын ќарастырады) атты салалары бар. Бұл салалар өз ішінде бірнеше салаѓа бөлінеді. Сонымен ќатар, тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрѓан ќалпы ќарастырып, сипаттама беретін тіл білімі – синхрониялыќ тіл білімі немесе  сипаттама тіл білімі, ал тілді шыѓуы мен тарих бойында дамуы тұрѓысынан зерттейтін тіл білімі – диахрониялыќ тіл білімі немесе тарихи тіл білімі деп аталады.  Тіл білімі таѓы екі түрге бөлінеді: жалпы жєне жеке тіл білімі.

Жеке  бір тілдің   жүйесі  мен құрылысын және  оның даму   заңдарын  зерттеп   айқындайтын тіл білімі   жеке  тіл білімі деп аталады.Ғылым ретіндегі тіл білімінің теориясы  болып саналатын   тіл білімі   жалпы тіл білімі  деп аталады .Жалпы тіл білімі  нақтылы бір тіл туралы немесе   оның дамуының жалқы заңдары туралы емес,қатынас құралы  ретінде қаралатын   адам баласы  тілінің дамуының  жалпы заңдары туралы  ғылым.

 

Жа(3)б 2)Жеке тіл білімі – бір ғана тіл туралы ілім. Ол ғылым нақты бір тілдіңі жүйесі мен құрылысы, ерекшеліктерін және оның даму заңдарын зерттеп айқындайды. Мұндай нақты бір тілді зерттейтін ғылымның бәрі де жеке тіл білімі деп аталады. Мысалы: қазақ тіл білімі, қазақ тіл білімі қазақ тілінің жүйесін, құрылымын, ерекшеліктерін, барлық байлығын зерттейді, қазақ тілінің қарым-қатынас, пікір алысу, өзара түсіну, ойды жеткізу құралы ретіндегі қызметін, басқа тілдермен қатынасын, баю, толығу, даму жолдарын т.б. тексереді      Осы сияқты, әрбір тіл білімі сол тілдің қыр-сырын ашу, баяндау, нормалары мен заңдылықтарын түсіндіру т.б. мәселелермен айналысады.

   Жалпы тіл білімі - лингвистиканың теориялық-методологиялық негізі. Бұл тілдің жалпы теориясы туралы ғылым. Бұл ғылым жеке, нақты тілдерді, туыстас тілдер тобы мен семьяларын егжей-тегжей зерттеу, солардың орта   заңдылықтарын ашу, айқындау негізінде жасалынған. Яғни, жалпы тіл білімі-  нақты бір тіл туралы немесе оның дамуының жалқы заңдары туралы емес, қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Жалпы тіл білімі мен жеке тіл білімі  бір емес, алада, бұл екеуінің арасында өзара байланыс пен қарама қатынас әрқашан сақталады. Тіл білімінің жалпы теориялық саласы болып саналатын жалпы тіл білімі әдетте, бір ғана тілдің емес, көптеген тілдердің деректерін есепке алады, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін сүйеніш етеді және осылардың барін жинақтай келеіп, жалпы теориялық топшылаулар мен қорытындылар жасайды.       Жалпы тіл білімі тідлің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарасытырады, тілдің даму заңдылықтарын айқындайды, тілдің зерттеудің методтарые белгілейді, дүние жүзіндегі тілдерге олардың грамматикалық құрылысына қарай, шығу тегінің бірлігі мен туыстық дәрежесіне қарай классификация жасайды, тіл білімінің әр түрлі салаларының ара қатысы мен байланысын ғылымдар жүйесінде тіл білімінің алатын орнын айқындайды.

 

 

Ті (1)с 3) Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Таңба – жіберушісі мен қабылдаушылары бар белгілі бір ақпараттың көрсеткіші болып табылатын материалдық дене.

Тілдік таңбаның екі жақты сипаты оның ең мәнді  белгілерінің бірі болып саналады. Таңбаның екі жағы – таңбалаушы және таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракциясы, сәулеленуі түрінде тіркеледі, сөйлеушілердің санасында мағыналар түрінде және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады.

Шартты жүйелердің таңбаларында бір таңбалаушыға, әдетте, бір ғана таңбалаушы сәйкес келсе, тілдік таңбаның екі жағы бір-бірімен басқаша пропорция бойынша қатынасқа түсуі мүмкін. Мұны былайша көрсетуге болады: «біреу; бірнешеу» (бір ғана таңбалаушы: бірнеше таңбаланушы) немесе «бірнешеу: біреу» (бірнеше таңбалаушы: бір ғана таңбаланушы). Тілдік таңбаның таңбалаушы және таңбаланушы жақтарының мұндай қатыстарының салдары үлкен және олар тілдегі полисемия мен омонимия құбылыстарынан, синонимия құбылысынан және тіл жүйесіндегі синкретикалық формалар мен дублет формалардан көрінеді. Тілдік таңбаның екі жағының белгілі бір автономиясы таңбалаушының өз қызметінен басқаша қызметке ие болуына, ал таңбаланушының оның таңбасының өз формасынан басқаша құралдарымен айтылуына мүмкіндік береді. Тілдік таңбаның екі жағының ара қатысының өзіндік ерекшелігі таңбаланушының таңбалаушыға әрқашан сәйкес келе бермеуінен гөрі таңбалаушы мен таңбаланушының элементтерге мүшеленуінің бір-бірімен сәйкес келмеуінде деп түсіну дұрыс болмақ.

Дыбыс тілі қатынас  құралының ең маңызды түрі болғанымен оны қолдану мүмкін де тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әртүрлә материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер таңба деп аталады. Таңба деп басқаларға білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына қолданылатын сезім мүшелерінің бәріне тән заттық,құбылыстық,дыбыстық т.с.с.белгілерді айтады. Таңба екіге бөлінеді: таңбаланушы белгілі бір нәрсені білдіру хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш. Таңбаланушы білдіріп тұрған мағына, мазмұн. Таңбаларды зерттейтін ғылым сеиотика деп аталады.

 

Та(0) т 4)   Таңба  деп басқаларға білдірмекші  болған  белгілі  бір  хабардың орнына,қолданылатын сезім мүшелерінің біріне білінетін  заттық,құбылыстық,дыбыстық,сәулелік,әрекеттік,тағы солар сияқты белгілерді  айтады.Белгілі нәрсені білдіру,хабарлау қызметін атқарып  тұрған материалдық  көрсеткіш,яғни таңба,таңбалаушы деп аталады да,ол білдіріп тұрған мағынатаңбаланушы деп аталады.Таңбалар іштей екіге бөлінеді:1.Негізгі таңба. Негізгі таңбаға тілдік таңбаның барлығы жатады. ;2.Көмекші таңба. Көмекші таңба материалдық сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: графикалық, акустикалық, заттық, ақша таңбалары, сәуле таңбалар, ымдау-нұсқау таңбалары, символ таңбалары.Графикалық таңбалар.Бұғанматематика,физика,химия,логика  ғылымдарында қолданылатын таңбалар және әр түрлі жазулар,мөр таңбалары  жатады. Акустикалық таңбалар.Бұған  сөйлеу  мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбаларын,белгілі мақсат  үшін  берілетін алуан түрлі дыбыстар жатады.Олардың барлығы есту мүшесі арқылы қабылданады. Заттық таңбалар.Бұған жол бойына,көшелерге ,кәсіпорындары мен  мекемелердің маңдайшаларындағы таңбалар,белгілер,көрсеткіштер және әр әлеуметтік топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары,значоктар мен гербтер,әскери  белгілер,түрлі  жалаулар арқылы берілетін сигналдар,хабарлар,ентаңбалар жатады.Ақша таңбалары.Бұған әр елдің,әр дәуірдің қағаз,күміс,бақыр ақшалары жатады.Сәуле  таңбалары.Бұған жарық арқылы берілетін әр түрлі белгілер,сигналдарсветафорлар,су жолында қолданылатын маяктар,бакендер жатады.Ымдау,нұсқау  таңбалары.Семиотикалық таңбалардың күрделі бір саласыымдау,нұсқау,яғни әр түрлі,дене қимылқозғалыстары арқылы белгі беріп,бір нәрсені хабарлау,түсінісу әрекеттері.Семиотика ғылымы  таңбаларды табиғи таңба,жасанды  таңба  деп екі түрге  бөледі.Табиғи таңбаны кейде белгілі таңба,семптом деп атайды.Семиотикалық таңбаларды өз ішінен сигналдық,тілдік,субституттық таңба деп бөлушілік те кездеседі.Сигнал  таңбаларкөру,есту арқылы қабылданатын таңбалар.Мұның қатарына:қоңырау,дабыл,темір жолда,көше бойындағы белгілер жатады.Символ таңба комекші таңбалардың басқа түрлеріне қарағанда анағұрлым күрделі,ол дерексіз,бейнелі ұғымдарды білдіреді.Субституттық таңбаларлингвистикалық  семиотиканың негізгі обьектісі болып табылатын негізгі таңбалар.Олардың көмекші таңбалардың  барлық  түрлерінен де ерекше боп тұратын көптеген күрделі өзгешеліктері бар,сондықтан оларды ерекше бөліп қарайды.

 

Ті(4)т 5) Тілдің шығуы  туралы мәселені сөз еткенде,екі  түрлі проблеманы бірбірінен ажыратып алу қажет.Оның бірі –жалпы адам баласы тілінің шығуы,яғни адамның сөйлеуді,ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселеде,екіншісіжеке,нақтылы тілдердің.мысалы,орыс тілі,ағылшын тілі,араб тілі,испан тілі,француз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе.

Адам баласы тілініњ  пайда болуы туралы мєселе ерте замандардан  бері ќарастырылып келеді. Бұл мєселе жайында әр түрлі теориялар бар. Солардыњ бірі дыбысќа еліктеу теориясы. Тілдің шығуы туралы дыбысќа еліктеу теориясының тарихы ежелгі грек философтарынан басталады. Бұл теория әсіресе ХVІІІ-ХІХ ѓ. кең өріс алды. Дыбысќа еліктеу теориясын латын жазушысы Августин (Vѓ.), неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716) жаќтады. Бұл теория бойынша тілдер алѓашќы адамдардың дыбысќа еліктеуінен туған. Мысалы, адамдар өзеннің сылдырын, жануарлар мен жєндіктердің дауыстарын, ќұстың сайрауын естіп, соларѓа еліктеуден түрлі дыбыстар шыѓарѓан. Осы табиѓаттаѓы дыбыстарѓа еліктеуден алѓашќы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналѓан. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар тілді қоғамдық құбылыс емес,табиғат құбылысы, табиғаттын сыйы деп қарайды.

 

Ті(2)т. 6) Тілдің шығуы  туралы мәселені сөз еткенде,екі  түрлі проблеманы бірбірінен ажыратып алу қажет.Оның бірі –жалпы адам баласы тілінің шығуы,яғни адамның сөйлеуді,ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселеде,екіншісіжеке,нақтылы тілдердің.мысалы,орыс тілі,ағылшын тілі,араб тілі,испан тілі,француз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Адам баласы тілінің пайда болуы туралы мәселе ерте замандардан бері ќарастырылып келеді. Бұл мәселе жайында әр түрлі теориялар бар.ХVІІІ-ХХ  ғасырларда кең таралған       теориялардың бірітілдің шығуының эмоциональды теориясы. Бұл теория XVIII-XX ѓ. кең тараѓан. Бұл теорияны Ж.Ж. Руссо(1712-1778) жаќтаѓан. Тілдің шыѓуының эмоциональды теориясы  ќұштарлыќ дауыстың алѓашќы дыбыстарын шыѓарды, алѓашќы тілдер әнді, сазды болып, кейінде ќарапайым тілдерге айналды деп тұжырымдайды. Яѓни дыбыстар адамның эмоциясынан, ќұштарлыѓынан туѓан деп  түсінеді

 

 

Ті(2)от  7)  Тілдің шығуы туралы мәселені сөз еткенде,екі  түрлі проблеманы бірбірінен ажыратып алу қажет.Оның бірі –жалпы адам баласы тілінің шығуы,яғни адамның сөйлеуді,ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселеде,екіншісіжеке,нақтылы тілдердің.мысалы,орыс тілі,ағылшын тілі,араб тілі,испан тілі,француз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Адам баласы тілініњ пайда болуы туралы мєселе ерте замандардан бері ќарастырылып келеді. Бұл мєселе жайында әр түрлі теориялар бар.Бұл теория Ж.Ж. Руссоның «эмоциональды теориясы» теориясынан келіп ұласты. Бұл теория бойынша алѓашќы адамдар айналадаѓы заттармен танысќанда, өздерінің сезімдер мен алѓан єсерлерін еріксіз шыѓарылѓан дыбыстар – одаѓайлармен білдірген. Одаѓай теориясы бойынша, єр түрлі эмоцияны білдіретін еріксіз шыѓарылѓан дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болѓан. Бұл теорияны жаќтаушылар – орыс лингвисі Д. Кудрявский (1887-1920) одаѓайлар адамның « ең алѓашќы сөздері» болды; одаѓайларда дыбыс, леп, маѓына алѓашында бір-біріне кірігіп, кейін де одаѓайлардың сөзге айналу барысында дыбыс пен маѓына бір-бірінен ажырасты деп тұжырымдайды.Бұл теорияның қате екендігі мынада:одағай теориясын жақтаушылартілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді де,оның негізгі қызметікомуникативті қызметін ескермейді.Бұл теория тілдің қоғамдық  табиғатына мән бермейді

 

Ті(3)шт 8) Тілдің шығуы  туралы мәселені сөз еткенде,екі  түрлі проблеманы бірбірінен ажыратып алу қажет.Оның бірі –жалпы адам баласы тілінің шығуы,яғни адамның сөйлеуді,ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселеде,екіншісіжеке,нақтылы тілдердің.мысалы,орыс тілі,ағылшын тілі,араб тілі,испан тілі,француз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Адам баласы тілініњ пайда болуы туралы мєселе ерте замандардан бері ќарастырылып келеді. Бұл мєселе жайында әр түрлі теориялар бар.Бұл теория бойыша алѓашќы адамдар сөздерді өз ара келісіп, таңдап алѓан да, осыдан келіп тіл жасалѓан.  Тіл туралы «келісу» үшін ол адамдардың бұрыннан тілі болуы дєлелдеуді керек етпейтін аќиќат екенін ескерсек, тілдің шыѓуы туралы «ќоѓамдыќ шарттасу» теориясы ешбір дєлелсіз болып ќалады. Бұл теорияны жаќтаушылар тілдің шыѓуында адамдардың саналы ќызметі айрыќша ќызмет атќарады деп ойлап саналыќтыњ өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындыѓын ескермейді.

Ті(3)т 9) Тілдің шығуы  туралы мәселені сөз еткенде,екі  түрлі проблеманы бірбірінен ажыратып алу қажет.Оның бірі –жалпы адам баласы тілінің шығуы,яғни адамның сөйлеуді,ойын айтып жеткізуді қалай үйренгендігі туралы мәселеде,екіншісіжеке,нақтылы тілдердің.мысалы,орыс тілі,ағылшын тілі,араб тілі,испан тілі,француз тілі немесе қазақ тілінің шығып жасалуы туралы мәселе. Адам баласы тілініњ пайда болуы туралы мєселе ерте замандардан бері ќарастырылып келеді. Бұл мєселе жайында әр түрлі теориялар бар.

Бұл теорияны ХІХ ѓ. философ Л.Нуаре жасады, оны Карл Брюхер жаќтады.

Бұл теория бойынша тіл алѓашќы адамдардыњ енбек ету кезінде шыѓарѓан рефлексті айќайларының негізінде пайда болѓан. Тілдің шыѓуы туралы «еңбек» теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен ќатар шыѓарѓан айќайынан, ең алдымен, етістік сөздер жасалған деп байымдайды. Бұл теорияның қателігі, оның авторлары тілді ќатынас ќұралы ретінде емес, тек ќана ењбекті ќостаушы екінші ќатардаѓы көмекші ќұрал ретінде ќарап, тілдің шыѓуын осы соңѓы позиция тұрѓысынан түсіндіреді.

Та(1)т 10) Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Таңба – жіберушісі мен қабылдаушылары бар белгілі бір ақпараттың көрсеткіші болып табылатын материалдық дене.

Тілдік таңбаның екі жақты сипаты оның ең мәнді  белгілерінің бірі болып саналады. Таңбаның екі жағы – таңбалаушы және таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракциясы, сәулеленуі түрінде тіркеледі, сөйлеушілердің санасында мағыналар түрінде және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады.

Шартты жүйелердің таңбаларында бір таңбалаушыға, әдетте, бір ғана таңбалаушы сәйкес келсе, тілдік таңбаның екі жағы бір-бірімен басқаша пропорция бойынша қатынасқа түсуі мүмкін. Мұны былайша көрсетуге болады: «біреу; бірнешеу» (бір ғана таңбалаушы: бірнеше таңбаланушы) немесе «бірнешеу: біреу» (бірнеше таңбалаушы: бір ғана таңбаланушы). Тілдік таңбаның таңбалаушы және таңбаланушы жақтарының мұндай қатыстарының салдары үлкен және олар тілдегі полисемия мен омонимия құбылыстарынан, синонимия құбылысынан және тіл жүйесіндегі синкретикалық формалар мен дублет формалардан көрінеді. Тілдік таңбаның екі жағының белгілі бір автономиясы таңбалаушының өз қызметінен басқаша қызметке ие болуына, ал таңбаланушының оның таңбасының өз формасынан басқаша құралдарымен айтылуына мүмкіндік береді. Тілдік таңбаның екі жағының ара қатысының өзіндік ерекшелігі таңбаланушының таңбалаушыға әрқашан сәйкес келе бермеуінен гөрі таңбалаушы мен таңбаланушының элементтерге мүшеленуінің бір-бірімен сәйкес келмеуінде деп түсіну дұрыс болмақ.

Тр(1)т 11) Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция (Транскрипция - латынның   tгаnsсгірtiо - «қайта   жазу»деген сөзінен термин) ғана атқара алады. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдеттегі жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ. Бұл - бір. Екіншіден, графика сөздің дыбысталуын әрқашан дәлме-дәл көрсете бермейді. Ал транскрипцияның ең негізгі қызметі - сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету. Бір әріп ыңғайына қарай әр түрлі фонемаларды белгілей алса, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Бір фонема жазуда (графика) әр түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол (фонема) әрқашан бір ғана таңбамен белгіленеді.

Транскрипцияның екі түрі бар: 1) фонематикалық (немесе фонологиялық) транскрипция, 2) фонетикалық транскрипция. Фонетикалық транскрипцияда фонемалардың барлық реңкі (оттенки) бір ғана таңбамен берілсе, фонематикалық транскрипцияда фонеманың әрбір реңкі әр басқа таңбамен белгіленеді.

Фонематикалық транскрипция әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындап белгілеу үшін жасалады да, фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі немесе тілдердің тобындағы дыбыстық ерекшеліктерді түгел қамтып көрсету үшін жасалады.

Транскрипциядан транслитерацияны (Транслитерация-латын  тілінің  tгаns-«арқылы»  және  litега-«әріп» деген сөздерінен алынған; бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен беру дегенді білдіреді) ажырата білу керек. Транслитерация жазылғанды бір алфавиттен екінші алфавитке, мысалы, орыс алфавитінен латын алфавитіне немесе, керісінше, аударып жазуда қолданылады. Транслитерация әсіресе географиялық атауларды және т. б. жалқы есімдерді жазуда жиі қолданылады. Бір тілдің алфавит құрамы екінші тілдің алфавит құрамына сай келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда транслитерацияны қолдану кейбір қиындықтарға соқтырады. Мысалы, Stосkһоlm дегенді орыс әріптерімен транслитерация жасау қиын. Бұлай болатындығы орыс алфавитінде латын алфавитіндегі с, һ әріптеріне сәйкес келетін әріптер жоқ. Сондай-ақ латын алфавитінде орыс тіліндегі Ярославль, Щербаков тәрізді жалқы есімдерді жазуға керекті әріптердің жетіспеуі бұл сөздердің транслитерациясын қиындатады. Мұндай жағдайда сөздің жазылуын емес, дыбысталуын жазып беру үшін шартты (жартылай) транслитерация колданылады. Кейде бір тілде бар әріптер ғана емес, сонымен бірге дыбыстар да екінші бір тілде болмауы мүмкін. Мұндайда ондай дыбыс екінші бір тілдегі сәл болса да ұқсастығы бар әріппен беріледі. Мысалы, неміс, ағылшын және т. б. тілдегі фаргинал һ дыбысы орыс тілінде болмағандықтан, ол көбінесе г әрпімен беріледі (мысалы: Гейне). Аталған тілдердегі һ дыбысына дыбысталуы жағынан орыс тіліндегі х дыбысы да жақын келеді. Осыған орай соңғы кезде һ әрпі орыс тілінде х әрпімен де беріліп жүр (мысалы: Хирт, Хьюлет және т. б.).

 

Жа(4)к  12)     Жазу өрте ерте заманда жасалып,мыңдаған жылдар бойы өзгеріп,дамып келді.Жазудың мыңдаған жыл ойында дамып жетілуімен бірге,оның принциптері де өзгеріп отырды.

Жазудың жүйесі таңбалардың  жиынтығынан құралады.Ол таңбалар бүтіндей сөзді,не буынды,не дыбысты белгілейді.Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы,белгілі бір мағынысы болады.Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды,не жеке сөзді,не буынды,не дыбысты белгілеуіне қарай,жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1)пиктографиялық жазу,2)идеографиялық жазу,3)буын жазуы,4)әріптік немесе дыбыстық жазу.1.Пиктогрфиялық жазу.Бұл-жазудың ең алғашқы түрі. Пиктогрфиялық жазу-суретке негізделген жазу.Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды.Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған.Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады.Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес,оның мазмұнын бейнелейді.Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның,қайықтың,малдың,тоғайдың т.б суреттері қолданылған.Адамдар баска біреулерге нені қабылдап білдіргісі келсе,соның суретін салған.Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырып тоғайдың және аңның суреті салынған.2.Идеографиялықнемесе логографиялық жазу.Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында  идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады.Пиктографиядан  идеографиялық жазуға көшу өте баяу боды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап,ақырында олар белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып,шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографиялық таңба не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді.3.Буын жазуы.Жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды.Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді.4.Әріп жазуы.Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды.Таза күйінде константты-дыбыстық жазу 2 мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса,вокалданған дыбыстық жазу біздің заманымыздың 1 мың жылдығының басында пайда болған.

Пи(0) ж 13) Пиктографиялық жазу (Пиктография - латынның  (рісtus -«суретті» («живописный») және «жазамын» деген   сөзінен   жасалған   термин). Бұл -жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу -суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары (суреттері) пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма.) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың мағынасын әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың т. б. суреттері қолданылған. Адамдар басқа біреулерге нені хабарлап білдіргісі келсе, соның суретін салған. Мысалы, «мен аң аулауға кеттім» дегенді білдіру үшін адамның суретіне қатарластырылып тоғайдың және аңның суреті салынған.

Пиктографиялық  жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әр түрлі белгілердің, магазиндер мен шеберханалардың жарнамасындағы бас киімнің, аяқ киімнің түрлерінің суреттері, сағаттың, примустың және т. б. суреттерінің пиктографиялық сипаты бар.

 

 

Ид(2)ж 14)  Идеографиялық  немесе логографиялық жазу (Идеография  - грек   тілінің   іdеа-«идея»   grарһо-«жазамын»     деген сөздерінен алынған. Логография - грек тілінің Іоgоs -«сөз және grарһо -«жазамын» деген сөздерінен алынған). Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болды. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды және пиктограммалардан пайда болған идеограммалардың алғашында пәлендей айырмашылығы да болмады. Идеографиялық жазудың даму барысында идеограммалар пиктограммалардан біртіндеп алшақтап, ақырында олар (идеограммалар) белгіленетін заттың сыртқы формасына дәлме-дәл негізделуден қалып, шартты таңбалар ретінде қолданыла бастаған. Идеографияның пиктографиядан ең басты айырмашылығы таңбалардың формасында емес, олардың мағынасында. Идеографиялық таңба (идеограмма) не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін (мысалы, қытай тілінде бір буынды сөздерден құралған күрделі түбір морфемаларды немесе жапон және корей тілдеріндегі грамматикалық жақтан өзгеретін сөздердің негіздерін) белгілейді.

Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді; олар сөздің дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Сондықтан қытай тілінде омонимдер әр түрлі иероглифтермен белгіленеді, бірақ олардың дыбысталуы мен морфологиялық құрылысы біркелкі болады. Жазудың идеографиялық принципін қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, «5» деген цифрды алалық. Бұл цифрдың сандық мағынасын орыс та, қазақ та, неміс те, ағылшын да, басқалар да түрліше емес, бірдей ұғынады. Бірақ бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әр түрлі. Осы ерекшелік - идеограммалар мен идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді таңбалар деп түсіну керек.

Қазіргі кездегі  идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық және т. б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестерімен айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді. Мысалы: О - «кислород», √ - «түбір»т.б.

Пиктографиялық  жазуға қарағанда, идеографиялық жазудағы идеограммалар өзінің мағыналары арқылы тілді дәлірек бейнелейді. Идеографиялық  жазу сөйлеудің мазмұнын білдірумен бірге, оның бөлшектері - сөздерді, сөздердің  синтаксистік орын тәртібін, кейбір жағдайда сөйлеудің фонетикалық жағынан да ажыратып бере алады.

Қазіргі ғылыми таңбаларды логографияның айрықша бір түрі ретінде қарауға болады. Бұл таңбалар әдеттегі сөздерді емес, терминдерді белгілейді, солардың «орынбасарлары» ретінде қолданылады. Терминдер сөздердің айрықша бір түрі болып саналатыны сияқты, ғылыми таңбалар да логограммалардың бір түрі болып саналады.

Египет, шумер, қытай  жазулары логографикалық жазу болды. Логографиялық  жазу жүйелерінің барлығында да нақтылы  мағынасы бар сөздер заттар мен құбылыстардың  бейнесімен немесе схем атүрінде беріледі. Мысалы, егиепт жазуында үкі, көгершін, арыстан, қоян, аяқ деген сөздер осылардың бейнесімен берілсе, қала, су дегендер бейнелі-схема түрінде берілген.

Логографиялық жазудың  бірсыпыра кемшіліктері бар. Олар мыналар: логограммалардың көптігі, логографиялық  жазудың өте-мөте күрделілігі және логограммалар арқылы грамматикалық формаларды білдірудің қиындығы.

 

 

 

Ті(8) б 15)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады.

Ғылымдардың интеграциясы өте-мөте күрделі процестерді,заттарды,шындық болмыстың құбылыстарын бір сыпыра ғылымдардың бірлесе комплекті зерттеу түрінде де,әр түрлі ғылымдардың басқа ғылымдарға кірігуі, әр баска ғылымдардың предметтері мен методтарының өз ара жақындасуы түрінде де жүріп жатады.Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де баска көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп,солармен қанаттаса дамып келеді.Тіл білімінің этнолингвистика атты бір саласы  археологиямен,этнографиямен байланысты.Тіл ойлаумен тығыз байланысты.Яғни,ойлау котегорияларымен ойлаудың заңдары туралы ғылым-логикамен,ойлау процестері мен олардың тілде көрінуі туралы ғылым-психологиямен байланысты.

Дыбыстардың артикуляциясы  жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зерттейді.Тілдің күрмелу себептерін медицина ғылымының мамандары психаторлар,дефектологтар,логопедтер зерттейді.Электронды машинамен аударма жасаудың ,информация теориясының және кибернетиканың бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен матеметика ғылымдырының байланысын тудырып отыр.     Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.Білімнің бұл екі саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты.Ақын-жазушының творчествосын зерттеу,оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды,өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі».Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды,өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады.Тіл білімінің стилистика деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты болады

Психология психикалық құбылыстарды,атап айтқанда,түйсік пен қабылдау,елес пен ой,сезім  мен тілек,бейімділік пен қабілет,ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді.Сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау,пікір алысу,біреудің сөзін қабылдау,оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.Бұлай болатындығы мынадай - тілдік жүйе адамның санасында сақталынады,адам бұл жүйенің элементтерін де өз ара байланысты элементтер ретінде ұғынады.Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысы-психикалық байланыс.Заттардың өзіне тән белгілері бойынша аталуы және ол белгілердің таңдалынып алынуы-психологиялық факт. Тіл тарихы-сол тілді жасаушы және сол тілді қолданушы халықтың тарихының бір саласы.Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы,қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса,халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жаткан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажет.Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы,тұрмыс салты жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары  тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып,олар жайында мағлұмат береді.Тіл-солардың бәрін ұзақ замандардың бойында  ұрпақтан ұрпақққа жеткізген және сақтап қалған құрал.Өлі тілдерді зерттеу және ол тілдерді иеленушілерді айқындау,олардың таралу шегін белгілеу лингвистиканы археологиямен жақындастырады.Археология археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы халықтардың  материялдық мәдениетінің тарихын зертейді.Көне тарихқа қатысты мәселелерді қарастыруда архиологиялық зерттеулер мен лингвистикалық зерттеулер және олардың деректері бірін-бірі толықтырып дәлдей түседі.     Тіл білімі математика ғылымымен,біріншіден,машиналық аударма мәселелері бойынша,екіншіден,тілді зерттеуде математикалық статистика методтарының қолданылуы жағынан байланысады.Кибернетика мына жайларды негізге алады-тірі организм  мен машинада байланыс пен меңгеру және бақылау процестерінің кейбір ортақ белгілері болады.Бұл белгілердің электронды машиналарға қатысы бар.Электронды есептеуіш мащинасы ғылыми-техникалық әдебиеттерді аударуда қолданылып жүр.Электронды-есеп машиасының механизмінің құрылысы машина мен тірі организмнің атқаратын қызметінің ұқсастығына негізделеді.Машина да,тірі организмде сырттан болатын сигналдарды қабылдап,соған жауап беретін меңгеруші және меңгерілетін бөлшектер болады.Сигналдар адамның әрекеті мен машинаның  жұмысына әсер етіп,айқындай алатын информатциялар береді.    Тіл білімі философиямен біріншіден,методологиялық қағидалар жағынан байланысса,екінші жағынан,зерттелінетін ортақ проблемалар жағынан жақындасып байланысады.Себеп пен салдарды,жалпы мен жалқыны,мүмкіндік пен шындықты және олардың ара қатынасымен материялистік тұрғыдан түсіну тілдік және құбылыстар-фонетикалық,лексикалық,грамматикалық құбылыстарды және олардың шығуы мен тарихи дамуының ғылыми тұрғыдан баяндауға көмектеседі.Тілдің мәні,ойдың таңбалық сипаты,тілдің шығуы мен дамуы,ойлау мен тілдің ара қатынасы туралы проблемаларды зертеп шешу үшін,философия тіл біліміне бағыт-бағдар сілтейді,аталған проблемаларды шешудің принципін белгілейді.Логика-ойлаудың заңдары мен ой формалары туралы ғылым.Ал ойлау,әдетте,тіл арқылы көрінеді,тіл арқылы жарыққа шығады.Анығырақ айтсақ,адамның ойлауы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып ,түсінікті бола алады.Логикада ойлаудың заңдары,ойлаудың формасы мен құрылысы зерттелінсе,тіл білімінде тілдің  заңдары мен құрылысы ,тілдегі әр түрлі формалар мен құрылымдық элементтер зерттелінед

 

Ті(3)б 16) Ғылым  екі топқа бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл білімі мен  әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді.Білімнің бұл екі  саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты.Ақын-жазушының творчествосын зерттеу,оның шығармасының тілі мен стилін зерттеуді де қамтиды,өйткені «тіл-әдебиеттің бірінші элементі»Лингвистер тілді зерттеуде әдеби шығарманың тіліне назар аудармай тұра алмайды,өйткені әдеби шығарма лингвистер үшін құнды материал болып саналады.Тіл білімінің стилистика деп аталатын саласы әдебиеттану ғылымымен өте-мөте тығыз байланысты болады.

 

Ті(2)б 17)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл білімі психологиямен байланысты. Психология психикалық құбылыстарды,атап айтқанда,түйсік пен қабылдау,елес пен ой,сезім  мен тілек,бейімділік пен қабілет,ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейді.Сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау,пікір алысу,біреудің сөзін қабылдау,оны ұғыну процесін түсіндіру психологияның жәрдемін керек етеді.Бұлай болатындығы мынадай - тілдік жүйе адамның санасында сақталынады,адам бұл жүйенің элементтерін де өз ара байланысты элементтер ретінде ұғынады.Заттың біздің санамызда сақталған атауымен байланысы-психикалық байланыс.Заттардың өзіне тән белгілері бойынша аталуы және ол белгілердің таңдалынып алынуы-психологиялық факт.психология адамның психикасын, адамның ойлау заңдарын тексереді. Психология адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану сияқты жайлардың мәнін, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін т. б. түсінуді жеңілдетеді. Соңғы. кездерде адамның сөйлеу қызметін арнайы зерттейтін ілім - психолингвистика дамып келеді.

 

 

Ті(4)аб 18)

Ғылым екі топқа  бөлінеді:біріншісі-жаратылыстану ғылымдары,екіншісі-қоғамдық ғылымдар.Тіл-қоғамдық құбылыс,сондықтан оны зертттейтін-тіл білімі де қоғамдық ғылымдардың қатарынан орын алады

Тіл тарихы-сол  тілді жасаушы және сол тілді  қолданушы халықтың тарихының бір  саласы.Сондықтан белгілі бір тілдің тарихын сол тілді жасаушы,қолданушы және оның иесі – халықтың тарихымен тығыз байланысында зерттеу қаншалықты қажет болса,халық тарихын сол халықпен бірге жасасып келе жаткан оның тілінің тарихымен байланысында зерттеу соншалықты қажет.Халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы,тұрмыс салты жайындағы этнографиялық ұғымдардың атаулары  тарихи сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып,олар жайында мағлұмат береді.Тіл-солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан ұрпақққа жеткізген және сақтап қалған құрал.Өлі тілдерді зерттеу және ол тілдерді иеленушілерді айқындау,олардың таралу шегін белгілеу лингвистиканы археологиямен жақындастырады.Археология археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы халықтардың  материялдық мәдениетінің тарихын зертейді.Көне тарихқа қатысты мәселелерді қарастыруда архиологиялық зерттеулер мен лингвистикалық зерттеулер және олардың деректері бірін-бірі толықтырып дәлдей түседі.

Асамбаев А. Ж. Жасанды интеллект негіздері