Ақша қаражаттарының қозғалысы
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1. Ақшаның пайда болуы, қажеттілігі және оның мәні
2. Ақша қаражатының есебі
3. Ақша қозғалысы туралы есеп
4. 7
IAS Халықаралық қаржы есептілігінің
стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бұл рефераттің негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойынша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.
Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Ақша қаражаттары ең тез қолданылатын активтер қатарына жатады. Тез қолданылатын себебі , ақшалай есептесу арқылы кез келген операцияны жүргізуге болады және міндеттемелерді орындау үшін ұзақ уақыт талап етілмейді. Ақшалай қаржының болуы, алашақтары барлармен, бюджетпен, қызметкерлермен дер уақытында есептесіп отыруға мүмкіндік береді.
Ақша
қаражатының есебін жүргізу үшін , шоттардың
үлгілік жоспарындағы 1010-1060 счеттарының
тобы пайдаланылады.
1.
Ақшаның пайда болуы,
қажеттілігі және
оның мәні
Жалпы
ақша ұғымының пайда болу тарихына
тоқталатын болсақ, зерттеуші ғалымдардың
айтуынша ол тауар айырбасының дамып
жетілуі нәтижесінде пайда
Қоғамның алғашқы даму кезеңдерінде тауар айырбасы өте қарапайым түрде, кез-келген тауарды баспа-бас айырбастау арқылы атқарылды. Мұндай тауар айырбасы – жай тауар айырбасы деп аталды және ол натуралды шаруашылықтың тұсында кеңінен орын алды. Кейін қоғамның дамуы мен еңбек бөлінісінің тереңдеуі жай тауар айырбасынан жүйелі тауар айырбасына көшуге негіз болды. Бұл кезеңде тауарларды өзара салыстыратын тұрақты бірнеше айырбас құралдары, яғни салыстырмалы өлшемдер қолданылады. Мысалы, бір қой бір қап бидайға немесе екі балтаға болмаса екі қыш құмыраға айырбасталады.
Бұл тауар айырбасын тіпті қиындаты жіберді. Өйткені бір тауардың құнын анықтау үшін оған айырбасталатын басқа бірнеше тауарды іздестіру керек болды. Мұны оңайлату үшін адамзат кез-келген тауар айырбасына жарайтын, ортақ қолайлы бір тауарды іздестіре бастады. Соның нәтижесінде тауар айырбасына жүретін ортақ тауар пайда болды, бірақ ол әр жерде әр түрлі болды. Мәселен араб және грек елдерінде– мал, славяндарда – аң терісі, қытайда – тұз, металл өңдеуді игерген елдерде – мыстан, қоладан, темірден немесе олардың қорытпасынан жасалған және екі жағы күміспен жалатылған түрлі формадағы құймалар.
Бұл айырбас құралдары әр жерде әр түрлі болғандықтан оларды өзара салыстыру, ортақ бір өлшемге келтіру мүмкін болмады. Сөйтіп адамзат ортақ бір өлшем – ерекше тауардың қажеттігін, сондай- ақ оның кез-келген тауарға айырбасталатын, ұсақталатын, ұсақ бөлігінің өзі тоқтаусыз айырбасталатын қасиеттері болуымен бірге тасымалдауға, сақтауға қолайлы әрі қолдану аясы кең болуы керек екенін түсінді. Кейін өмір тәжірибелерінің өзі- ақ ақша ролін атқаруға алтынның қолайлы екенін дәлелдеп берді. Оған оның асылдығы, жұмсақтығы тығыздығы, ұсақ бөліктергі бөлінетіндігі сияқты табиғи қасиеттерімен бірге өндіру құнының жоғарлығы себеп болды. Соның нәтижесінде ІХ ғасырдан бастап айырбас ролін атқару қызметі түбегейлі алтынға орнықты.
Алғашында алтын түрлі салмақта, формада қолданылғанымен, кейін алтынның белгілі бір салмағы (0,774274г. Алтын = 1 сом) ақша бірлігі ретінде заңмен бекітіліп, бірыңғай үлгідегі тиындар (монеталар) шығарыла бастады. Бұл ақша қызметін атқару үшін барлық тауарлардыңішінен жеке дара бөлініп шыққан ерекше тауар-ақшаның пайда болатындығын көрсетті. Сөйтіп баспа бас жасалатын тауар айырбасы (Т-Т) жиылып, оның орнына қалаған кез-келген уақытта ақшаның қатысуымен атқаруға болатын ( Т-А-Т) тауар айырбасы орнықты.
Ақша кез-келген уақытта кез-келген тауарға айырбасталатын ерекше тауар немесе жалпыға бірдей эквивалент. Ақшаның өзіне тән басты қасиеттері бар:
Ақша ұдайы өндіріс процесіндегі экономикалық қатынастарды дамыта отырып, жаңадан құн жасайды, оны қайта бөледі және өзінен-өзі капиталға айналады.
Ақша тауарлардың құнын бейнелейді. Ұдайы өндіріс процесінде жасалған құнның немесе оған жұмсалған еңбектіңнәтижесінің өлшемі ақшамен өлшенеді.
Ақша тоқтаусыз кез-келген тауарға айырбасталады. Яғни құн белгілері ретінде нақты және нақты ақшасыз формада тауар айналымына қызмет етеді.
Ақша
кез-келген тауардың, сондай-ақ төлемдер
мен қарыздар, несиелер секілді міндеттемелердің
құнын бағалайды. Бұл қоғамдағы
сан-алуан материалдық
Ақша экономикалық категория ретінде мынадай қызметтер атқарады:
Құн өлшемі қызметі;
Айналыс құралы қызметі;
Төлем құралы қызметі;
Қор, қазына жасау құралы қызметі;
Дүниежүзілік ақшалар қызметі.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Салмақты – килограммен, қашықтықты – километрмен, электрэнергиясын – киловатпен өлшеген сияқтытауардың құны да ақшамен өлшенеді. Тауардың құнының ақшалай өлшемі – оның бағасы болып саналады.
Тауардық құнын өлшеуді толық құнды нағыз ақшалар ғана атқара алады. Алтын ақшалар тұсында тауардың құнын бағалауда құны алтынның белгілі бір салмақ өлшемімен өлшенген ақша бірлігі баға масштабы ретінде қолданылады. Мысалы, 0,987412 г алтын =1сом.
Қазіргі кездегі ақша бірліктері алтынмен өлшенбейтіндіктен және алтынға айырбасталмайтындықтан тауардың құнын өлшеуге жарамайды. Олар тауарлардың бағасын бейнелеуге қатысады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі – ақшаның тауар айналымына дәнекер болып қызмет етуімен көрінеді (Т-А-Т1). Мұнда бір тауардың екінші бір тауарға айырбасталуы ақшаның қатысуымен атқарылып, тауар айналымы жүзеге асады. Тауар айналамы арқылы қоғам мүшелерінің қажеттілігі қанағаттандырылып, өндірістің дамуы мен қоғамның өркендеуі жүзеге асады.
Ақшаның төлем құралы қызметі – ақшалар нақты ақшалай немесе нақты ақшасыз түрде яғни, чектер, вексельдер, пластикалық карточкалар және т.б. төлем құралдарының көмегімен төлемдер жасауға қызмет еткен кезде көрінеді.
Ақшаның қор жасау қызметі – заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарда артық ақшаларын сақтау барысында көрінеді. Толыққұнды ақшалар тұсында ақшаның бұл қызметі – қазына жасау құралы қызметі деп аталады.
Ақшаның дүниежүзілік ақшалар құралы қызметі – ақшаның ұлттық щеңберден шығып әлемдік нарықта төлем және елдің экономикалық жағдайын сипаттаушы құрал ретінде қызмет етуі барысында көрінеді. Дүниежүзілік ақшалардың қызметін еркін айырбасталатын өтімді валюталар: АҚШ доллары, ағылшын фунт стерлингі, жапон иені, швейцар франкі мен халықаралық есеп айырысу бірліктері: СДР, ЕВРО атқарады.
Жалпы алғанда ақшалар бойындағы құнына қарай:
Толыққұнды ақшалар;
Толыққұнды емес ақшалар;
қызмет ету щеңберіне қарай:
Ұлттық ақша бірлігі немесе ұлттық валюта;
Дүниежүзілік ақшалар немесе ұлттық валюталар;
материалдық негізіне қарай:
Алтын ақшалар;
Қағаз немесе кредиттік ақшалар.
болып жіктеледі.
Өзіндік құны мен номиналдық құны сәйкес келетін ақшалар – толыққұнды ақшалар болып саналады. Ақшанаың өзіндік құны оған жұмсалатын материалдық, уақыт, еңбек шығындарынан тұрады. Ақшаның өзіндік құны мен жасалу технологиясы мемлекеттік құпияға жатады. Толық құнды ақшалар ақшаның бес қызметін түгелдей атқара алады.
Номинал құны өзіндік құнынан жоғары болатын ақшалар – толық құнды емес ақшалар болып саналады. Оларға арзан металдардан жасалған ұсақ монеталар, алтынға айырбасталмайтын және мемлекет белгілеген құны бар қағаз ақша белгілері, несиелік ақшалар жатады.
Әрбір мемлекеттің ұлттық заңымен бекітілген ақша бірлігі – ұлттық ақша бірлігі немесе ұлттық валюта деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық ақша бірлігі немесе ұлттық валютасы – теңге болып саналады.
Дүниежүзі
елдерінің келісімімен
Ақша пайда болғаннан бері материалдық негізі, құндылығы, қызмет ету жағдайы, ролінің артуы секілді көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Соның ішінде ақшаның өзгерісіне тоқталатын болсақ, осы кезге дейінгі ақшаның түрі бірнеше рет өзгерді. Атап айтқанда: алтын ақшалар, қағаз ақшалар, кредиттік ақшалар.
Алтын ақшалар. Табиғи тұрғысынан алғанда алтын оңайлықп енерімейтін, тот баспайтын, майда бөліктерге оңай бөлінетін, аса сиреу кездесетін, өте көп шығынмен өндірілетін қымбат металл. Осындай табиғи қасиеттерімен алтын бірнеше ғасырлар бойы ақша ролін атқаруға қабілетті болды. Бірақ К. Маркс айтқандай «табиғи алтыннан ақша жасаған жоқ, қоғам алтыннан ақша жасады».
Алтын ақшалар құнын өзінің бойында сақтайтындықтан құнсыздануға ұшырамайды. Сондықтан олар толыққұнды ақшалар болып саналады, ақшаның барлық қызметтерін атқара алады. Алтын ақшалардың басты ерекшелігі: олар айналыстан тыс уақытта да құнын жоғалтпайды, қазына байлық көзінде сақталады. Осындай қасиетімен алтын ақшалар айналым үшін де, меншік иесі үшін де қолайлы болады.
Алтын ақшалар алғашында сом кесек формасында қолданылғанымен, кейіннен монеталар түрінде шығарылатын болды. Оның формасын, пробасын (тиынның құрамындағы алтынның тазалығын), массасын, монетаның құрамындағы алтынның ауытқу шамасын (ремедиум) мемлекет бекітіп отырды. Егер монетаның номинал құны мен құрамындағы алтынның құны бір-бірімен сәйкес болса, онда ол ақша – толыққұнды ақша болып саналады.
Алтын
жалпыға бірдей ортақ эквивалент
мәнін әлі де жойған жоқ. Оны соңғы
жылдары халықаралық биржадағы
алтын бағамының тұрақты
Қазақстанда алтын кеніштері жетерлік. Атап айтқанда Семей облысындағы Бақыршақ, Жамбыл облысындағы Ақбақай, Солтүстік Шығыс өңірінде Майқайың, Мизек Көкшетаудағы Васильков, Қоңытар пен Жезқазған кен орындары.
Қазақстанда платина да өндіріледі. Ол платиноидтар тобына (осмий, радий, палладий, иридий, рутений) жататын, өте сирек кездесетін, ерімейтін, балқымайтын, тот баспайтын, түрленіп тұратын, алтыннан бірнеше есе қымбат металл. Платина нәзік, аса күрделі электронды аспап құралдарда қолданылады.
Қағаз ақшалар (банкноттар, қазыналық билеттер). Алтын ақшаларды сақтау, тасымалдау қауіпті болы, әрі тұтыну барысында олардың салмағы кеміп, тозатыны байқалды. Жалған алтын ақшалар пайда бола бастады. Сонымен бірге алтын ақшаның кішкентай бөлігінің өзіндік құны жоғары болуымен байланысты бөлшек сауда кезінде біраз қиындықтар келтірілді. Сондықтан халықтың басым бөлігі алтындарын банкке өткізіп ұсақ қағаз ақшалар айырбастауға мәжбүр болды. Бұл қағаз ақшалар – алтын ақша белгілер деп аталды және оларды банктер алатын ақшалардың орнына берді. Бұл ақша белгілерін күнделікті тұрмыста қолдануға қолайлы болғандықтан, кейін олар айналыстағы қызметін одан әрі жалғастыра берді. Мұндай жағдай қағаз ақшалардың белгілі бір бөлігін алтынмен қамтамасыз етпей-ақ айналымда пайдалануға болатынын көрсетті. Осындай тәжірибелер айналымда алтын ақшалармен қатар қағаздан жасалған алтын ақша белгілерің пайда болуына ықпал етті. Алғашқы қағаз ақшалардың құны алтынның белгілі бір салмақ өлшемімен заң неізінде бекітіліп, сол масштаб ьойынша алтынға айырбасталатын болды.
І Дүниежүзілік соғыс шығындарын жабумен байланысты шығарылған қағаз ақшалардың көлемі банктердің алтын қорынан бірнеше есеге артып кетті. Бұл қағаз ақшаларды алтын ақшаларға еркін айырбастау мүмкіндігін жойды. Осы кезден бастап барлық елдерде алтын монеталарды шығару, қағаз ақшаларды алтынға айырбастау тоқтатылып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Сөйтіп алтынды ақша ретінде қолдану біртіндеп жойла бастады. Бұл процесс – демонетизация деп аталды. Кейінгі шығарылған қағаз ақшалардың ресми түрде жарияланған алтын мазмұны болғанымен іс жүзінде алтынға айырбасталмады. 1978 жылы Ямайкада өткен халықаралық конференцияда қағаз ақша белгілерінің алтынмен байланысы ресми түрде жойылды. Осы кезден бастап айналыста заңды түрде ақша бірлігі болып қабылданған, алтынға айырбасталмайтын қағаз ақша белгілері дәуірі басталды.
Мемлекеттік шығындарды жабу үшін Мемлекеттің (Қаржы Министрлігінің) шығарған қағаз ақшалары- қазыналық билеттер, банктердің шығарған ақшалары – банкноттар деп аталды. Банкноттардың қазыналық билеттерден айырмашылығы – банктер оларды нақты айналым сұранысына сай мөлшерде шығарып, олардың көлемін ұдайы реттеп отырады.
Алтын ақшаның құны болса, қағаз ақшаның сатып алу қабілеті болады. Сатып алу қабілеті жоғары және тұрақты болған жағдайда ғана қағаз ақшалар құнды болады. Қағаз ақшаның сатып алу қабілеті – сол ақша өлшеміне сатып алуға болатын тауарлардың көмегімен өлшенеді. Сатып алынатын тауарлардың көлемі баға деңгейімен байланысты болатындықтан, баға сатып алынатын тауардың көлемі баға деңгейімен байланысты болатындықтан, баға жоғарылаған сайын ақшаның сатып алу қабілеті соншалықты төмендейді де, тауарды сатып алуқабілетін арттырады да, тауарды сатып алу үшін көп ақша қажет болмайды. Мұнан ақшаның сатып алу қабілетінің баға деңгейіне тәуелдіекенін көруге болады. Қағаз ақшалар тұрақсыз және құнсыздануға өте бейім болып келеді. Себебі оған кез-келген құбылыс ықпал ете алады. Атап айтқанда саяси немесе экономикалық ахуалдар, айналысқа артық ақшалардың шығарылуы, әлемді кнарықтағы жағдайға орай бағаның өзгеруі, отандық өндірістің жағдайы, валюта және алтын нарығындағы жағдайлар, банктік жүйенің өзгерісі тағы басқадай. Қағаз ақшаның басты тірегі – ақша құнының тұрақтылығын сақтау мақсатында мемлекеттің ұстанатын саясаты. Бұл ақша-несие саясаты мен ақша жүйесін бақылау және реттеуқұралдары арқылыжүзеге асады.
Кредиттік ақшалар. Қағаз ақшалармен бірге айналымда чектер, вексельдер, кредиттік карточкалар да қолданылады. Олар нағыз ақша ролін атқармағанмен жедел нақты ақшаға айнала алады. Мұндай ақшалар – кредиттік ақшалар деп аталады. Олар коммерциялық банктердің де
Депозиттік
, несиелік операцияларының негізінде
пайда болып, банктік шоттарда сақталады.
Кредиттік ақшалар- коммерциялық банктердің
міндеттемелері болып табылады. Нарықтық
қатынастардың тереңдеуіне қарай келешек
мұндай міндеттемелердің саны мен көлемі
арта түсетін болады. Кредиттік ақшалардың
басты мақсаты – төлем талабының жылдамдығын
қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде электрондық
құралдардың дамуымен байланысты электрондық
ақшалар кеңінен тарауда. Атап айтқанда,
интернет-банкинг, пластикалық карталар,
Вестерн Юнион және Свифт секілді электрондық
ақша аударымы жүйесі, т.б.
Ақшалар
есебі
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
-ақшалар
арқылы есеп айырысу
-кәсіпорындар
мен ұйымдардағы ақшалардың
-есеп
айырысу, төлеу тәртібін
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналап отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай , алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын (эквивалентін) дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс (нақты) бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы , есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан , аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақша баламалары(эквиваленті)- бұл ақшаларға ұқсас , бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорының есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары , алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары , жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт дегеніміз кәсіпорының иелігіндегі , яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Ұйымдардағы негізгі есептесу операциялары қолма қол ақшасыз, яғни өзінің есептесу шотынан қоюшының счетына қаржы аудару, болмаса сатып алушылардың счетынан қаржы аударып алу арқылы іске асырылады. Есеп операциялары ұйымға қызмет көрсететін банк арқылы жасалады, есептесудің орындалуы, немесе ақша қаражатының келіп түскені банкілік құжат арқылы расталады, онда әр күн сайын ақтарылған барлық кіріс шығыс операциялары көрсетіледі. Оған қоса, төлемдік тапсырыстар , түбіртектер және т.б. банктің штампымен расталады. Және төлем құжаттарындағы соманың мөлшері, банкі құжатында көрсетілген сомаға сәйкес болуға тиіс.
Ұйым жұмсалған қаржының есебін бақылап отыру үшін , төлемдік тапсырыстардың тізімін тіркеп отыратын арнаулы журнал ашып, онда төленген уақыты, сомасы және алушының атын көрсетіп отырады. Сонымен бірге банк құжатының қандай екендігін жақсы біліп, көрсеткіштерінің ерекшеліктеріне назар аударған жөн.
Банкілік құжат әр мерзімде жасалған операцияларды көрсетіп, растап отырады, оның ішінде жұмсалған сома да, кіріске алынған сома да бар. Банкілік құжаттың құрылымы, бухгалтерлік есептің формасымен сәйкес келеді, яғни келіп түскен ақшалар оң жағында, ал шығысқа кеткендері құжаттың сол жағында көрсетіледі.
Құжатты банк хронологиялық тәртіппен , операциялардың орындалу барысына сай беріп отырады. Әр құжатта жасалған операцияның уақытын ғана көрсетіп қоймай, оның алдында жасалған құжаттың да уақытын көрсетеді. Осыған орай, құжатты, оның қосымшаларын ұрлап кетуге жол берілмейді. Әр күннің соңында құжатта көрсетілген қалдық, келесі күнгі құжаттың басындағы сомаға сәйкес келуге тиіс. Сондықтан ол құжаттарды үнемі салыстырып, тексеріп отыру қажет.
Есептесу счетындағы келіп түскен және шығарылған сомалардың айналымы, немесе жиынтығы, есеп регистрлеріндегі , болмаса жорнал ордерлердегі сомалармен сәйкес келуге тиіс. Оған қоса, есептеу регистріндегі ай соңындағы қалдық, банкілік құжаттағы ай соңында көрсетілген сомамен тең болуға тиісті. Банкілік құжаттағы қалдық сомасы оның төменгі оң жақ бұрышында көрсетіледі. Әрбір банкілік операция құжат түрінде расталып отырады, құжат болмаған жағдайда, оны ұйым шығындарының ішінен алып тастап, оған қосымша салық салынуы тиіс.
Заң бойынша , басқа да қолма қол ақшасыз есептесудің түрлері бар. Оларға чектер, вексельдер немесе оларды шетелдік индоссаментке төлем карточкаларымен , инкассалық жарлықпен беру түрлері жатады. Ақшалай төлем жасап және оны аударудың ережелері мен қолдану тәртіптерінің ерекшеліктері, ҚР Ұлттық банкісінің нормативтік актілері бойынша бекітіледі.
Қолма қол ақшамен операция жасаудың басым көлемі, ұйымға қызмет көрсететін банктегі есептесу счеты арқылы жасалады. Оған, сатудан түскен қаржыны есептесу счетына салу, және еңбек ақы төлеу мен іссапарлар шығынына төленетін қаржыны алу,ж.т.б. операциялар жатады.Ақшаның банкке толық мөлшерде өткізіліп тұруы шығыс ордерлерімен, кассирдің есебімен, банкілік құжатпен, банкілік түбіртектермен салыстырылып, тексеріліп отырады, ондағы сомалар бір бірімен бірдей болуға тиіс.

- Ақша қаражаты
- Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу
- Ақша қаражаты,құндық қағаздары
- Ақша қаражаттарының есебі
- Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қозғалысы
- Ақша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттарының қозғалысы
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
- Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары