Аспан денелері арқылы жергілікті жерді бағдарлау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Аспан денелері
мен жергілікті заттардың
1.1 Бағдарлану туралы түсінік.......................
1.2 Ақиқат және магниттік азимут,
оны анықтау...................
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын
түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру..........................
2. Жергілікті жерде топографиялық карта бойынша бағдарлану
2.1 Топографиялық карта жайлы
түсінік.......................
2.2 Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлану....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жердің әлпетін зерттеумен ежелден бері география, геодезия, топография, картография шұғылданады. Бұл ғылымдар өзара байланысты және түптеп келгенде шешетін негізгі міндеті бір — планетамыздың бітімін, мөлшерін және сыртқы әлпетін дұрыс және дәл көрсету.
Әскери топография жергілікті жерді зерттеу әдістерін, онда бағдарлануды және әскердің ұрыс қимылдарының мүддесіне сай жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады, әр алуан жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде топографиялық карталар мен аэрофотосуреттерді пайдалануды үйретеді.
Әскери топография зерттейтін мәселелердің жеке құрамның жауынгерлік міндетті орындау кезіндегі практикалық қарекетіне тікелей қатысы бар. Әскери топография бойынша алған білім мен машықтар жағдайды жақсырақ бағалауға, неғұрлым ұтымды шешімдер қабылдауға, бөлімшелердің басқарылуын, бақылау мен атыс жүйесін жақсы ұйымдастыруға, жергілікті жердің тактикалық және қорғаныш қасиеттерін ұрысты ойдағыдай жүргізу мүддесі үшін неғұрлым толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: әскери топографияны оқып-үйрену жеке құрамның анғарғыштық, дәлдік, бақылау нәтижелерін талдай білу және жергілікті жердің жауынгерлік міндетті орындауға ықпалы туралы қорытынды жасау секілді маңызды қасиеттерін дамытады.
Курстық жұмыстың мақсаты: жергілікті жерді бағдар жасауды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Бағдарлану туралы түсінікті қарастыру;
- Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау;
- Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүруді айқындау;
- Топографиялық карта жайлы түсінікті қарастыру;
- Жергілікті жерде карта бойынша бағдарлануды зерттеу.
1 Аспан денелері мен жергілікті заттардың белгілеріне қарап көкжиек жақтарының бағыттарын анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Бағдарлану туралы түсінік
Адамдар қадам басқан сайын өз Жерін, өз үйін біле түсті. Олар ежелгі замандарда-ақ буырқанған теңіздер арқылы алыс сапарларға шығып, көрмеген жерлерді ашты. Мұндай сапарларда Күн, Ай, жұлдыздар сенімді жолнұсқарлар болды. Батыл теңізшілер оларға қарап өз кемелерін бағыттап отырды.
"Бағдарлану" деген сөз латынның
деген шығыс деген ұғымды
Жергілікті жерде бағдарлану дегеніміз көкжиектің тұстарына (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс) қатысты және бірден көрінетін жергілікті заттарға (бағдарларға) қатысты өз тұрған орныңды анықтау, қозғалыстың көрсетілген не таңдап алынған бағытын бұлжытпай ұстану. Ұрыс жағдайында жергілікті жерде бағдарлану өз әскерлері мен қарсылас әскерлеріне қатысты өз тұрған орныңды анықтауды да қамтиды. Жергілікті жерде тез және дәл бағдарлана білу бейтаныс жерде, орманда және көрінім шектеулі жағдайларда жауынгерлік міндетті ойдағыдай орындауға себептеседі.
Жергілікті жерде топографиялық картаны пайдаланып және онсыз да бағдарлануға болады. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану кезінде көкжиектің тұстарын анықтап алу қажет [8].
Жергілікті жердің сипатына, тәуліктің уақыты мен көрінімділікке байланысты көкжиектің тұстары Күнге, Темірқазыққа, Айға қарап, жергілікті заттардың белгілеріне қарап және басқадай әдістермен анықталады.
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады.
Ұрыста жергілікті жерді зерделеп, барлау жүргізу және оны дұрыс бағалай білу ғана емес, сонымен қатар оған ыңғайлана білу қажет. Жергілікті жерге дұрыс бейімделу дегеніміз жергілікті заттарды жасырын қозғалыс үшін толық пайдалану және қаруды, әскери техниканы ең жақсы деңгейде қолдану.
Әрбір жауынгер ұрыс даласында табысты әрекет етуі үшін, тек қаруды меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті жерде жақсы бағдарлана білуі қажет. «Бағдарлану» сөзі латынның oriens, яғни “шығыс” деген сөзінен шыққан. Бұл кездейсоқтық емес, өйткені шығыс ежелгі уақыттан бері маңызды тұс болып саналған: шығыс жақтан күн шығады. Ал Күн – Жердегі жылу мен жарықтың қайнар көзі.
Жергілікті жерде бағдарлану – яғни бұл көкжиек тұстарына қарай бағыт табу – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс, айналадағы жергілікті заттар қатынасында, бедер пішінінде өз тұрған орнын анықтау; қозғалыста керекті бағыт табу және осы бағытта жолда ұстанып жүру [8].
Бағдар деп жақсы айқындалатын жергілікті заттар мен бедер элементтері қатынасында өз тұрған орнын анықтап, қозғалыс бағыты және нысаналар мен объектілердің орындарының көрсетілуін айтамыз. Бағдардың жергілікті жерде көзге бірден көзге түсуі үшін, бағдар маңында орналасқан басқа элементтердің пішіні, мөлшері немесе бояуы жағынан ерекше айқындалып тұруы тиіс.
Жергілікті жерді зерделеу және есте сақтау өз маңайынан үш-төрт ерекше көзге түсерлік бағдарларды іріктеп алудан басталады. Олардың сыртқы түрі мен өзара орналасуын жақсылап есте сақтап және ол қажет болған жағдайда оны маяк ретінде өз тұрған орнын анықтап тексеру немесе қажетті бағытта қозғалыс жолын табу үшін қолдану керек.
Көкжиек тұсы жергілікті жерде құлабыз (компас), аспан шырақтары және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Көкжиек тұсын анықтаудың көп тараған тәсілі – құлабыз көмегімен анықтау. ҚР ҚК-нде Адрианов құлабызы кеңінен қолданылады. Құлабыз корпусында 120 бөлік белгілермен сақина орналастырылған, оған екі қатар сандар салынған.
Бөлік белгілерінің үстінде тікелей орналасқан сандардың бір қатары сағат меңзерінің жүрісі бойынша градустық шамада берілген; сағат меңзері жүрісіне қарсы орналасқан сандардың келесі қатары бұрыш өлшегіштің бөлік белгілерін білдіреді. Корпустың үстіңгі жағына лимб айналасында айналмалы ойықты және қарауылды қақпақ бар. Ол кез келген бағытты нысанаға алады, ол кезде қарауыл үнемі бақыланатын заттың бағытына бағытталады.
Көкжиек тұсын анықтауда тежеуішті босатып, құлабызды көлденең орнатып, оның магнит меңзерінің солтүстік ұшы шкаланың нөлдік бөлік белгісіне қарсы тұруы тиіс. Құлабыздың бұл орналасуында В-Ю-З-әріптері – шығыс, оңтүстік, батысты, ал нөлдік бөлік белгісі – солтүстік бағытын көрсетеді.
Көкжиек тұстары Күн бойынша мейлінше тез анықталады, бірақ жуық нәтижелі болады [9].
Көкжиек тұстары Күн бойынша сағат көмегімен күндіз, кез келген уақытта келесі әдістермен анықталады. Сағат көлденең орналастырылып және сағат тілінің ұшы Күнге қарай бағытталып бұрылады. Сағат меңзері мен күнге бағытталған циферблаттағы 1 санының бағыты арасын ортасынан бөлетін түзу оңтүстік бағытын көрсетеді. Түске дейін 13 сағатқа дейінгі, ал түстен кейін 13 сағаттан өткен доғаны ортасынан бөлеміз. Оңтүстік бағытын біліп алған соң, көкжиктің басқа да тұстарын оңай анықтауға болады.
Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта орналасқан Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.
Ол үшін көрсетілген шоқжұлдыздың шеткі екі жұлдызы а және в арқылы өтетін түзуді ойша жалғастырамыз; осы екі жұлдыздың арасындағы қашықтықтай қашықтықты бес рет көзге көрінетіндей түзу бойына саламыз, соңғы қашықтықта Темірқазық жұлдызы көрінеді.
Көкжиек тұстары мейлінше жиі кездесетін келесі жергілікті белгілер арқылы шамалап анықталады.
Ағаш қабығының солтүстік жағы бұжырлау және күңгірттеу болып келеді. Бұл әсіресе қайыңның қабығынан байқалады.
Мүк пен қына ағаш діңі мен тастың солтүстік жағына шоғырланады. Ауа райының ыстық кездерінде қылқан жапырақты ағаштардың оңтүстік беткей жағына шайыр көбірек жинақталады.
Құмырсқалар өз илеуін ағаштың, түбірдің немесе бұтаның оңтүстік жағына салады. Илеудің оңтүстік жағы түйетайлы, солтүстік беткейі одан гөрі қиялау келеді.
Жемістер мен жидектер оңтүстікте ерте өң беріп, пісіп жетіле алады. Қар оңтүстік беткейде тезірек ериді (еру кезінде, қарда оңтүстікке қарай созылған, сопақша келген шұңқыр пайда болады). Күнге қарап бағдарлану. Көкжиек жақтарын күнге қарап анықтағанда оның оңтүстікте берілген сағаттық белдеу үшін орта есеппен сағат 13-те, ал жазда бағат 14-те болатынын және сағат тілінің бағытымен сағатына шамамен 15° қозғалатынын есте ұстау керек. Осы мәліметтер күннің қай уақытында болсын Күнге қарап оңтүстік бағытты білугі мүмкіндік береді - бұл үшін оңтүстік бағыттан Күннің неше градусқа жылжуға тиіс екенін не жылжығанын біліп, одан соң осы бұрышты жергілікті жерге салса жеткілікті.Айталық, сағат 11. Демек күн оңтүстік нүктеге дейін :М" жеткен жоқ. Бұл жағдайда бұрыш сағат тілінің бағытымен, яғни оңға қарай салынады. Егер бақылау уақыты 13-тен көп болса, демек Күн оңтүстік нүктені өтті деген сөз. Сондықтан бұрышты сағат тілінің жүрісіне қарсы, яғни солға қарай салу керек. Бұрышты қарапайым әдіспен, сағат арқылы салуға болады, бір сағаттық аралық 15°-қа сәйкес келеді. Күн мен сағат бойынша көкжиектің тұсын анықтаудын тағы бір әдісі бар. Сағатты көлбеу қалыпта ұстап, сағаттың тілін Күнге бағыттап қою керек (сурет 1).
1-сурет.
Көкжиек тұстарын Күн мен
Сағат тілі мен 1 цифрының бағыты арасындағы аралықты қақ бөледі. Осы бұрышты қақ бөлетін сызық шамамен оңтүстік бағытты көрсететін болады.
Жолнұсқар жұлдыз. Мұнда әңгіме Темірқазық туралы болатынын аңғарған боларсыздар. Басқа жұлдыздар арасынан оны қалай табатынын айта кетейік.
Сыңсыған сансыз жұлдызды түнгі аспанға қарасақ Жетіқарақшы шоқжұлдызының жеті жарық жұлдызын көреміз, олар шөмішке ұқсап орналасқан. Жеті қарақшының "шөмішінің" шеткі екі жұлдызын ойша сызықпен қоссақ және осы сызықты тағы осындай бес кашықтыққа ойша созсақ темір-қазыққа тірелеміз, ол Кіші Жетіқарақшы шоқжұлдызына кіреді және ордайым солтүстік бағытта болады [8].
Толық және толық емес Ай бойынша. Ай көк жүзінде Күн сияқты орта есеппен сағатына 15° бұрыштық жылдамдақпен қозғалады. Егер Ай толық болса, онда көкжиек тұстарының бағыттарын Күнге қарап анықтағандағы секілді анықтайды. Өйткені толған Ай Күнге қарама-қарсы тұрады, яғни айырмашылық 12 сағат, түн ортасында (қысқы уақыт бойынша түнгі сағат 1) ол оңтүстікте, сағат 19-да шығыста, сағат 7-де батыста болады. Бұл айырмашылық сағат циферблатында көрінбейді.
Көкжиек тұстарын толық Ай бойынша анықтаған кезде Күнге қарап анықтағандағы секілді әдістерді қолдануға болады. Жарықтың аздығын ескеріп бұрыштарды бақылаушьшы бұру арқылы көзбен мөлшерлеп салуға болады. Түн ортасына дейін бұрылысты оңға қарай жасау керек, ойткені бұл уақытта Ай әлі оңтүстік нүктесіне жетпейді, ал түн ортасынан кейін солға қарай жасалады. Бұрылу бұрышы түн ортасына жетпеген не түн ортасынан асқан әр сағатқа 15° болады. Толық Ай Жерден айына бірнеше түн байқалады. Көбіне оның оң не сол жағы көрінеді. Мұның бәрі күннің жарығы айдың қай бөлігіне түсетініне байланысты. Көкжиек тұстарын анықтайтын әдістер көп. Олардың кейбіреуі мынандай: Толық Ай бойынша көкжиек жақтарының бағытын біршама оңай анықтайды. Демек, ең алдымен осы уақытта толық Ай болатындай бағытты тауып алу керек.
Бетіңізді айға қаратып тұрыңыз, оның жарық түспеген бөлігін байқаңыз да, осы бағытта бұрылыс жасаңыз. Қай жаққа бұрылу керек екенін есте сақтау үшін ай доғасын ойша толық шеңберге жеткізіп алсаңыз, ол өзінің дөңестігімен бұрылыстың бағытын көрсететін болады. Айталық, сіз Айдың сол жартысын керіп тұрсыз. Оңға 90° бұрылыс жасасаңыз, сонда алдыңызда толық Айдың жағдайы болады. Егер Ай дөңгелегінің жартысынан азы көрініп тұрса, бұрылыс 90°-тан кем болуға тиіс.
Бұл әдісті қалай игергеніңізді тексеру үшін Ай бойынша оңтүстікке қарайғы бағытты анықтаңыз. Бетіңізді сол бағытқа беріп тұрыңыз да, одан соң 180°-қа бұрылыңыз. Егер тура алдыңызда Темірқазық тұрған болса, Ай бойынша көкжиек жақтарын дұрыс анықтаған болып шығасыз.
Православие шіркеулері мен протестант кирктерінде алтарьлар әркезде шығысқа, қоңыраулар батысқа қаратылады. Крестердің колденендері солтүстік-оңтүстік бағыт бойынша, крестердің колденеңдерінің көтеріңкі ұшы солтүстікке бағыталып тұрады (2-сурет).
2 сурет – Көкжиек жақтарын
жергілікті заттардың
Көкжиек жақтарын жергілікті заттардың белгілеріне қарап анықтау жергілікті заттардың Күнге қатысты жағдайына негізделген. Мысалы, ағаштарды, үлкен тастар мен жартастарды солтүстік жағынан мүк басады, орманда құмырсқа илеулері әр уақытта ағаштың оңтүстік жағында болады, илеудің солтүстік жағы оңтүстік жағынан тіктеу келеді, жеміс-жидектер оңтүстік жағынан пісе бастайды [9].
Оңтүстікке қараған беткейлерде кектемде қар солтүстікке қараған беткейден тезірек ериді, ерудің нәтижесінде қарда кемтіктер оңтүстік жақтан пайда болады; жыралар мен терең өзектердің солтүстік беткейлерінде қар керісінше оңтүстік беткейлеріндегіден тезірек ериді.
Жергілікті заттарға (бағдарларға) қатысты өз тұрған орның (тұрған нүктең) туралы баяндау кезінде кокжиек жағын анықтағаннан кейін баяндаушы тікелей түбінде тұрған жергілікті затты және көкжиек жақтарының бағытын көрсететін жергілікті заттарға (бағдарларға) дейінгі қашықтықты атау қажет. Мысалы: "Орманның солтүстік шетінде тұрмын: 600 м солтүстікке қарай — зауыт трубасы, 500 м батысқа қарай — елді мекен, 300 м оңтүстікке қарай — озен, 200 м шығысқа қарай — жол".
1.2 Ақиқат және магниттік азимут, оны анықтау
Көкжиектің жақтарын анықтауға болатын магниттік компасты әрқайсымыз білеміз. Осы бір керемет аспаптың ойлап шығарылуы өркениеттің дамуы үшін бірінші кезекті маңңызы болған азғана ашылыстардың қатарына жатады.
Компастың алғаш қашан және қайда пайда болғанын айту қиын. Америка ғалымдары Мексиканың Сан-Лоренцо елді мекеніндегі қазба жұмыстары кезінде қолмен өңделгенінің ізі жақсы корінетін магнитті теміртастың сынығын тапты. Мұқият зерттегеннен кейін зерттеушілер бұл сыныққа шамамен үш мың жылдай болған және ол ежелгі компастың бір болігі болған деген қорытындыға келді.
Компастың құрылымы біртіндеп жетілдірілді. 1302 жылы итальян зергері Флавио Джойя магнит инені қағаз дөңгелек-катушкамен бекітіп, шеттеріне градустық боліктер салды, ал ортасынан белгілі бір бағыттар мен румбаларға сәйкес 32 сәуле жүргізді. Джойяны компасты ойлап шығарушы деп есептеп, дән риза Неаполь тұрғындары 1902 жылы ойың құрметіне ескерткіш орнатты.
Ұзақ уақыт бойы ғалымдар магниттік меңзердің солтүстік-оңтүстік бағыта тоқтайтын жұмбақ қасиетін дұрыс түсіндіре алмады. Бұл құбылыстың ғылыми негіздемесін тұңғыш рет 1600 жылы ағылшын ғалымы В. Гильберт — ағылшын патшайымының сарайдағы емшісі берді. Ол темір шарларды магниттеп олармен әр түрлі тәжірибилер жасайтын. Кейін "Магнит, магнитті денелер туралы және ең үлкен магнит —Жер туралы деген шығарма жазды.
Осылайша, 1600 жылы адамдар Жердің магаит өрісін білді. Қомпастың жеңіл меңзеріне әрекет етіп, оны солтүстік-оңтүстік бағытында ұстайтын осы өріс еді.
Әрекет принципі магниттелген меңзердің солтүстік-оңтүстік магниттік меридианын бойлап орналасу қажетіне негізделген компас бойынша көкжиек тұстарын анықтау үшін (3-сурет), әуелі қарауылды лимбаның нөлдік бөлінісіне үйлестіру қажет.
3-сурет.
Көкжиек тұстарын компаспен
Ұзына бойларымен компастың магнитті меңзері тоқтайтын магниттік меридиандар бір полюстен екіншісіне төте жолмен келмейді, ирек сызықтардың күрделі жүйесін құрайды. Жер бетінің кез келген нүктесінде магниттік меридиан жалпы жағдайда географиялық меридианмен қайсыбір бұрыш түзеді, ол магниттік бейімделме деп аталады. Жер шарында магнитгік бейімделмелердің мәні кең аралықта: — 180°-тан (батыс бейімделме) + 180°-қа дейін (шығыс бейімделме) өзгеріп отырады [9].
Компас ойлап шығарылғаннан бері жүздеген жыл өтсе де, осы бір мүлдем қарапайым аспап бүгін де қолданылады. Оны ұшқыштар, теңізшілер, туристер, саяхатшылар және алуан түрлі мамандық адамдары қолданады.
Одан соң компасты бағдарлау керек. Бұл үшін компасты көлденең жағдайға бекітіп, меңзерді босату керек. Компасты бұрып магнитті меңзердің солтүстік ұшы лимбаның нөлдік бөлінісіне қарама-қарсы болып шығатындай жасау қажет. Компастың бағдарланған жағадайында меңзердің лимбаның нөлдік бөлінісіне бағыталуы солтүстікке бағытталу болады. Осыдан соң ойықша мен қарауыл арқылы дәлдеп жергілікті затты байқайды, бұдан соң ол солтүстікті көрсетуге пайдаланылады. Солтүстік бағытгы білгеннен кейін көкжиектің басқа тұстарын анықтау оңай.
Белгіленген маршрутпен компас арқылы жүре білу қиын жағдайда талай адамды қиындықтан алып шыққан.
Азимут бойынша жүрудің мәні. Компас арқылы көрсетілген не белгіленген бағьпты тауып, ұстана білу және белгіленген пунктке дәл шыға білу. Сонда азимут деген не?
Жергілікті затқа бағытты анықтау кезінде әдетте магниттік азимутты пайдаланады. Магниттік меридианнан солтүстік бағыттан затқа қарайғы бағытқа дейінгі сағат тілінің жүрісі бойынша өлшенетін бұрыш магаиттік азимут деп аталады. Оның мәні 0-ден 360°-қа дейін болады.
Компас арқылы жергілікті затқа магниттік азимутты анықтау үшін бетті осы затқа қаратып тұрып, компасты бағдарлау керек. Бұдан соң компасты бағдарланған жағдайда ұстап тұрып, дәлдеу құрылғысын ойықша-қарауыл дәлдеу сызығы жергілікті затқа қарайғы бағытпен қабысатындай етіп орнықтыру қажет. Осы жағдайда қарауыл түбіндегі көрсеткішке қарсы лимбадағы есеп жергілікті затқа қарайғы магниттік (тура) азимуттың (бағыттың) шамасын көрсетеді.
Кері азимут дегеніміз жергілікті заттан тұрған нүктеге қарайғы бағыт. Ол тура азимуттан 180°-қа ерекше. Оны анықтау үшін егер ол 180°-тан кем болса, 180° қосу керек, егер 180°-тан артық болса 180°-ты алып тастау керек.
Жергілікті жерде белгіленген магниттік азимут бойынша бағытты анықтау үшін қарауыл көрсеткішін белгіленген магниттік азимуттың шамасына тең есепке қойьш компасты бағдарлау керек. Бұдан соң компасты бағдарланған жағдайда ұстап тұрып, жергілікті жерде ойықша-қарауыл дәлдеу сызығы бойынша шалғайдағы затты (бағдарды) белгілеп алу керек. Осы затқа (бағдарға) қарайғы іздеп отырғанымыз болады. Компаспен жұмыс істегенде оны сол қолда көздің деңгейінен 10 см төмен ұстау қажет; орнықты болу үшін шынтақты бүйірге қысып алу керек болады.
1.3 Маршрут бойымен жүру сызбасын түзу және жергілікті жерде азимут бойынша жүру
Азимут дегеніміз – берілген нүкте арқылы өтетін, меридианның солтүстік бағытынан сағат меңзері жүрісімен зат бағытына дейін өлшенетін көлденең бұрыш. Егерде өлшеу ақиқат меридиан қатынасында жүргізілсе, онда ақиқат азимуты (А), ал магниттік меридиан қатынасында жүргізілсе, онда магниттік азимут (М) болып табылады. Магниттік меридианды жергілікті жерде бос ілінген магнит меңзері еркін көрсетеді. Солтүстік бағыттағы ақиқат және магниттік меридиандар арасындағы бұрыш магниттік бұрылу (б) деп аталады. Егер де магнит меңзерін солтүстік ұшы ақиқат меридианнан шығысқа ауытқыса, онда бұрылу шығыстық және оң деп есептелінеді, батысқа ауытқыса, бұрылу батыстың алу белгісімен көрсетіледі. А=М+(+ - б).
Магниттік азимутты анықтау үшін бетпен затқа қарсы тұрып, меңзерді тежеуіштен босатып, құлабызды бағыттау керек (құлабызды бұрып, меңзердің солтүстік ұшын лимб нөлдің бөлік белгісіне сыйыстыру). Құлабызды бағытталған қалпында ұстап, қақпақты бұрап, ойықты-қарауылды берілген бағытта нысана бойынша кезейді (құлабыздың нысана бойын затқа сыйыстыру көзқарасты көп қайтара нысана бойын затқа кейін ауыстырумен қол жеткізіледі) осылай түзу азимут анықталады, яғни жергілікті жерде өзінің тұрған нүктесінен, қандай болмасын, басқа нүктеге азимуттың бағытталуы.
Кері азимут – ол жергілікті заттар тұрған нүктеге беттелуі: түзу азимуттан ол 180 градус айырмашылығы бар. Бұл шама түзу азимутқа қосылады, егерде түзу азимут 180 градустан кіші болса алынады. Жергілікті жерде берілген азимуттық бағытты табу үшін лимбта өлшем көрсеткішін қарауыл түбіне берілген магниттік азимутты орналастыру қажет, меңзерлердің тежеуішін босатып, оның солтүстік ұшына лимбтағы нөлді әкелу қажет, жергілікті жердегі берілген бағытқа бетпен қарап тұрып анықтайды; лимбтағы нөлге меңзердің солтүстік ұшын дәл әкеледі; ондағы меңзердің қалпы – ойықты-қарауылды бағыт сызығы болып табылады. Құлабызбен жұмыс істегенде, оны көздің деңгейінен 10см төмен сол қолға ұстайды, шынтақ тұрақты тұру үшін бүйірге қысу керек.
Азимут бойынша жылжу. Азимут бойынша жылжудың мәні – құлабыз көмегімен жергілікті жерде берілген азимут бойынша керекті бағыт таба білуден, жылжуда осы бағытты ұстап белгіленген пунктке шығудан тұрады.
Азимут бойынша жылжу кезінде бір нүктеден келесі нүктеге жүйелі түрде ауысады, қосалқы немесе аралықтағы бағдар бағытын ұстай отырып, жұп адымды есеп жүргізіледі. Бастапқы және басқа да келесі бұрылыс нүктелерінде құлабыз көмегімен берілген азимут бойынша жергілікті жерде қозғалыс бағытын табады. Бұл бағытта нақты жағдайларға сәйкес аса қашықтау (қосалқы) бағдар немесе қозғалыс маршруты бұрылыс нүктелеріне жақын орналасқан бағдар есте сақталады және таңдап алынады. Егер аралық бағдарда бұрылыс нүктесі көрінбейтін болса, онда келесі бағдарды анықтайды.
Жалаң бағдарлы ашық жерлерде жылжу бағыты тұстама бойынша ұсталынады. Қозғалыс бағыты бастапқы нүктеде құлабыз бойынша келесі нүктеге анықталады. Осы бағытпен жылжи отырып, кейбір қашықтықтарда бірінен соң бірін, қандай болмасын, белгілер қалдырады. Сосын мезгілімен оларға бұрылып қарап, алдағы қозғалыс бағыты түзу сызықпен сәйкес келуін қадағалайды. Қарлы жерлерде тұстама ретінде өз қозғалысының іздері пайдаланылады. Бақылау үшін кері азимут және аспан шырақтары бойынша қозғалыс бағыты мезгілімен тексеріліп отырады, берілген бағдарлар қол жеткізілген бағдарлармен үнемі салыстырылады, ал карта бар болғанда, онымен жергілікті жер мен қозғалыс маршрутын беттестіреді. Сол жолмен кері қайту қажет болғанда маршруттың бұрынғы сызбасы пайдаланылады, бірақ алдын ала тура азимуттар кері азимуттарға ауыстырылады [9].
Түнде аралық (қосалқы) бағдарлар ретінде жергілікті заттардың нұсқасы және жарық жұлдыздар пайдаланылады; егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда құлабызбен бағыт ұсталынады, яғни құлабызды еркін түсірілген меңзермен барлық уақытта бағытталған жағдайда өзінің алдында ұстайды, ал бағыт үшін түзу, ойық және қарауыл арқылы өтетін қозғалысты қабылдайды.
Қыс мезгілінде бағдарлар ретінде маршруттың бұрылыс нүктелеріндегі қар жамылғыларының үстінде немесе алыстан жақсы көзге түсетін жергілікті заттарды таңдап алады.
Бөгетті айналып өту керек болған жағдайда, мынадай сипат жасалынады: бөгеттен қарама-қарсы жағына қозғалыс бағыты бойынша бағдар белгіленеді, оған дейінгі қашықтық анықталады және оны осы көлемде жүріп өткен жолдың ұзындығына қосады; бөгетті айналып өтеді және үзілген жол бағытын құлабыз бойынша алдын ала анықтап, таңдалып алынған бағыттан қозғалысты жалғастырады. Азимут бойынша қозғалыстың нақтылығы жолдың, шамамен 1/10 бөлігін құрайды. Сондықтан, егер тиісті қашықтықты жүріп өткенде сілтемелі бағдарды кездестірмесе, онда шығу нүктесіне белгі қойылады, ал жүріп өткен бұрынғы бағдардан осы нүкте айналасындағы радиусы 1/10-ге тең жол ұзындығын айналып өтіп, бағдар іздестіріледі.
Азимуттар бойынша жүру үшін жүру маршрутындағы әр пункттен магниттік азимуттарды және пункттер арасындағы қашықтықты жұп адыммен есептеп білу керек (орта бойлы адам үшін жұп адым 1,5 м деп алынады). Бұл мәліметтерді бөлімше (взвод) командирі дайындайды да, жүру маршрутының сызбасы (4-сурет) не кесте түрінде (1-кесте) қаттайды.
4-сурет. Азимуттар бойынша жүру маршрутының сызбасы (қ.қ.-жұп адым)
Жүру кезінде бағдарларды бетке ұстап және жұп адым санын есептеп отырып бір пункттен екіншісіне өтін отырады. Белгіленген азимут бойынша бастапқы және бұрылыс пункттерде компас арқылы жүру бағытын табады. Осы бағытта не неғұрлым шалғай бағдарды (қосалқы) не жүру маршрутының бұрылыс пунктіне жақынырақ орналасқан аралық бағдарды таңдап алып есте сақтайды. Егер аралық бағдардан бұрылыс пункті көрінбейтін болса, келесі бағдарды анықтайды.
1-кесте Азимут бойынша қозғалыс мәліметтері
№ |
Маршрут бөлігі |
Магниттік азимут град. |
Қашықтық ж.а. |
1. 2. 3. |
Сарай — мұнара Мұнара — қорған Қорған — жалғыз ағаш |
80 88 78 |
610 580 850 |
Кедергіні орағытып өту (көрінетіндей жағдайда) үшін былай амалдайды: кедергінің қарама-қарсы жағында жүру бағыты бойындағы бағдарды таңдап алады, оған дейінгі қашықтықты анықтайды да, осы шаманы өткен жолдың ұзындығына қосады; кедергіні орағытып өтеді де? компас бойынша үзілген жолдың бағытын алдын ала анықтап алып тандап алынған бағдарлардан әрі қарай жүреді.

- Аспан сферасы
- Аспекти корпоративної соціальної відповідальності
- Аспекти розвитку дзюдо за межами Японії
- Аспект маркетинговой деятельности туристической фирмы "Нойе-Вельт"
- Аспекты адаптации человека
- Аспекты анализа основных средств
- Аспекты взаимоотношений человека и природы
- Асортимент та технологія халви
- Асортимент хлібобулочних виробів
- Асосий воситалар хисоби
- Асоциальная психология о социальном поведении
- Асоциальное поведение
- Асоцианистская теория
- Асоціація з Єврозоною та зменшення ВВП в найближчі роки