Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері
Тақырып: Астыртын экономиканың мәні және негізгі белгілері
Жоспар:
Кіріспе
- Астыртын экономика,түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы
- Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі
- Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кiрiспе
Осы тақырып бойынша әлемдiк практиканы зерделеу экономиканың көлеңкеге, яғни астыртын кетуiне ықпал ететiн проблемалардың кешендiлiгiне байланысты көптеген елдердiң мемлекеттiк органдары жұмысының практикасында көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі бiрыңғай шаралардың пайдаланылмағанын көрсеттi. Қабылданып жатқан шаралар көлеңкелi экономиканың қандай да бiр себептерiн жоюға, мысалы, салық салуды жетілдiруге, бизнес үшін рұқсат беру рәсімдерін оңайлатуға, есiрткi айналымына қарсы күрестi күшейтуге және т.б. бағытталды.
Қазақстанда қазiрдiң өзiнде көлеңкелi немесе астыртын экономика көрiнiстерiнiң барлық дерлік бағыттары бойынша мемлекеттiк және салалық бағдарламалар қабылданды, ал жекелеген проблемалар заңнамалық тұрғыда айқындалған. Осыған байланысты бұл құжаттың ерекшелiгi қазірдің өзiнде қабылданған мемлекеттiк және салалық даму бағдарламаларын iске асыруға сүйенетiндiгi болып табылады. Бұл көлеңкелі экономиканың барлық дерлiк қызмет салалары мен түрлерiне қатысты, сондай-ақ аумақтық өзгешелiктерi бар ерекшелiгiне байланысты.
Осыған байланысты,
бұл Бағдарламада жасырын
Бағдарламаны
iске асыру экономикалық
Бұл жұмыссыздықты қысқарту, шағын кәсiпкерлiктi дамыту бөлігінде елдiң экономикалық әлеуетiнiң деңгейiмен және халықтың әл-ауқатымен байланысты және басқа факторлардың әрекетiне жұмсартушы әсер етедi. Сонымен қатар экономикалық қылмыс құрылымының сапалық жағынан өзгеруiн, қылмыстық мiнез-құлықтың жаңа әрi неғұрлым күрделенген нысандарының пайда болуын күту қажет. Мұның бәрi мемлекеттік органдардың көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқарту саласындағы экономикалық, заңнамалық және тергеу шараларын жасауда үйлескен жұмыс жүргiзуiн талап етедi.
Iске асырылуы қажет шаралар экономикалық қылмыс көрiнiстерiнiң аталған нысандарынан бұрын әрекет етуге тиiс. Бұған әлемдiк тәжiрибенi зерделеу және осы құбылысқа қарсы күрестiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгізу ықпал ететiн болады.
- Астыртын экономика, түрлері, негiзгi ұғымдары және пайда болуы
Халықаралық практикада көлеңкелi экономиканың мынадай анықтамалары бар:
1) экономикалық
қызметтiң жария етілмеген
2) экономикалық
қызметтiң қандай да бiр
3) қоғам бақылау жасамайтын тауарлар мен қызметтерді өндiру, тарату, айырбастау және тұтыну.
Бiрiккен ұлттар ұйымының ұлттық шоттар жүйесi (бұдан әрi - ҰШЖ) негізiнде әзiрленген қадағаланбайтын экономика мөлшерiн бағалаудың есептiк-статистикалық әдiсi неғұрлым көп таралған болып табылады.
ҰШЖ-да
экономикалық қызметтiң
Қадағаланбайтын экономика көрiнiс беретiн негiзгi сегменттер:
1) формальды
емес қызмет - әдетте, статистика
және салық салу органдарында
тіркелмеген жеке тұлғалар
2) жасырын қызмет - ресми тiркелген, салық төлеуден жалтару мақсатында өз кiрiстерiн статистикалық есептен жасыратын кәсiпорындардың тауарлар мен қызметтердi өндiруi;
3) заңсыз (заңға қайшы) қызмет - заңнамада тыйым салынған тауарлар мен қызметтердi (есiрткi, қару-жарақ, жезөкшелiк, адамдарды сату және т.б.) өндiру және әдетте заңды қызметке жататын, алайда рұқсаты жоқ өндiрушiлер айналысқан жағдайларда заңсыз сипатқа ие болатын өндiрiстiк қызмет.
Көптеген
елдерде заңсыз қызметтен
Ұрлық, алаяқтық, бопсалау және басқалары сияқты заңға қайшы iс-әрекеттер өз мәнiнде экономикалық болып табылмайды және көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде оларды статистикалық органдар есепке алмайды, өйткенi:
мұндай
iс-әрекеттер барысында жаңа
бұл
iс-әрекеттер контрагенттер
Астыртын экономика,түрлері және пайда болуы
Астыртын экономика бірнеше онжылдықтан бері зерттеліп келе жатқанымен, оны нақты талдайтындай анық түсінік қоғамтанушыларда әлі қалыптасқан жоқ. Жалпы анықтама ретінде мына түсінікке жүгінуге болады: Астыртын экономика - заңға қайшы келетін экономикалық қызмет түрі, яғни түрлі деңгейдегі қылмыстық істермен байланысты болатын заңсыз шаруашылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады немесе материалдық игіліктерді ресми статистикада қарастырылмай, қоғамдық бақылаудан тыс өндіріс, тұтыну, айырбастау және қайта бөлу болып табылады.
Астыртын экономиканы мынадай үлкен үш блокқа бөлуге болады:
- Ресми емес экономика («екінші» немесе «ақ жағалы» Астыртын экономика). Бұл бұрын жасалған ұлттық табыстың жасырын түрде қайта бөлінуіне алып келетін, «ақ» экономика қызметкерлерінің өз жұмыс орындарында жасайтын заңға қайшы іс-әрекеттері. Ол пара алу, жемқорлық, алаяқтық, т. б. болуы мүмкін. Көбінде бұл қызмет түрлерімен «ақ жағалылар», яғни басқару аппаратындағы қызметкерлер айналысады. Сондықтан да бұл экономика түрін «ақ жағалы» деп те атайды. Қоғам көзімен қарасақ, Астыртын экономиканың бұл түрі қызметтер мен тауар түрлерін өндірмейді, бір адамның пайдасы екінші адамның пайдасы арқылы келіп отырады.
- Фиктивті экономика («сұр» Астыртын экономика). Заңмен рұқсат етілген, бірақ тіркелмеген қызметтер мен тауар өндіруге байланысты экономикалық іс-әрекеттер. «Ақ жағалы» экономика «ақ» экономикамен тығыз байланыста болса, бұл онымен салыстырғанда «ақ» экономикадан бөлектеу өмір сүреді. Астыртын экономиканың бұл секторында өндірушілер салықтан, лицензия алуға байланысты, т. б. шығындардан жалтару үшін саналы тұрде ресми есепке тұрудан қашқақтайды немесе бұндай қызмет түрлері туралы есеп мүлдем қарастырылмайды.
- Қылмыстық экономика («қара» Астыртын экономика). Бұл заңмен шектелген, аса дефицит және тиым салынған қызмет пен тауар түрін өндіруге және айналымға жіберуге байланысты экономикалық іс-әрекеттер болып табылады. «Қара» Астыртын экономика ресми экономикадан «сұр» Астыртын экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде бөлектенген. Қылмыстық экономикаға ұрлық, тонау, рэкет, наркобизнес, ұйымдасқан қылмыс, т. б. іс-әрекеттер жатқызылады.
Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, Астыртын экономиканың пайда болуының себептері ретінде экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейін; кірісті мемлекет пен қалған экономика арасында регламенттейтін заңнаманың жетілмеуі; бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерінің реттелуі, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады; жасырын экономиканы бағалау әдістерінің және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетілмеуі; әкімшілендіру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілікті дамытылмауы; қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы жіне төлем карточкаларын қабылдау жүйесі дамуының әлсіз деңгейі.
Осы себептерден пайда болған астыртын экономиканың салдарлары көп және ауыр болуы мүмкін. Олардың бірі экономика саласында кландардың құрылуы, клан – бұл мемлекеттік билік органы түрінде «шатырға» ие, түрлі жолдармен жиналған үлкен сомаға ие және үлкен масштабты коммерциялық қызмет жүргізетін тұрақты билік шаруашылық құрылымы.
Мұндай кландардың құрылуының бірінші салдары: қаржы нарығындағы, негізгі тауарлар нарығындағы, тіпті ішкі саудадағы бәсекенің құлыпталынып қалуы. Екінші қайғылы салдары: үлкен табыстарды кішкене адамдар тобының иемденіп, халықтың көп бөлігінің кедейленуі. Үшінші салдар: бюджет жүйесінің деградациясы (кландар бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік меншікке байланысты операцияларды пайдалана отырып, бюджет жүйесіне зиян келтіреді), мемлекеттік қарыздардың өсуі (мұндай жағдайларды қоғамның қаржылық мәселесінің шешімі амалсыздан осыған келіп тіреледі). Төртінші салдар: ұлттық табыстың элиталық топтың пайдасына бөлінуі. Ол өсе береді, ал тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласы құлдырауға кетіп барады. Бесінші салдар: елімізге қатысты алатын болсақ, Қазақстан капиталының шет елге сатылуы.
- Қазақстандағы астыртын экономика деңгейі
Астыртын экономиканың Қазақстанда қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.
1-этап.1980 жылдары Астыртын экономика дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам 1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.
2-этап. 1989 - 1992 жылдар, бұл этаптың басты ерекшелігі өнеркәсіптің және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық қорлар секілді ұйымдарға криминализацияның экспансиясы.
3-этап. 1992 - 1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның басына қарай (1993 г.) Астыртын экономика орбитасына тек сауда коммерциялық, сонымен қатар қаржылық құрылымдар( банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.
4-этап.1993 жылдың соңы - 1998 жыл. Бұл этаптың сипатты белгісі басқару сферасындағы коррупция. Экспорттық сұрау негізінде коррупция мына салаларда анағұрлым дамыған:
әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);
шаруашылық экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);
құқықтық (сот құқық қорғау және салық органдары) - III орын (55%).
5-этап. 1999 жылдан осы уақытқа дейін. Астыртын экономика мәселесі ұлттық масштабтағы сипаттағы.
Қазақстандағы астыртын сектордың дамуының негізгі көздері мен себептері:мемлекеттегі жұмыссыздық, қылмыс, өмір сүрудің төмен деңгеймен сипатталатын жалпы әлеуметтік экономикалық жағдай, кәсіпкерліктің даму базасының нормативті құқықтық кемшіліктері, салық заңнамасының толымсыздығы.Бақылау ревизиялық, құқық қорғаушы органдардың әрекеті Астыртын экономиканы ығыстырудың негізінде оны тудыратын себептерді жою болып табылады.
Астыртын экономиканың дамуына әсер ететін факторлар:
А. «тікелей әсер» факторлары:
- Атқарушы биліктің тиімсіз басқару іс-әрекеттері;
- Бақылау-ревизиялық органдардың біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;
- Мемлекет саясатындағы басымдылықтар мен стратегиялық бағыттар,
- Геосаяси жағдай мен
сыртқы экономикалық
- Басқару органдарының жемқорлықтың деңгейі;
- Халықтың мүліктік жағдайындағы айырмашылық.
Б. «Жанама әсерлердің» факторлары:
- Тұрғындар табыстары арасындағы үлкен айырмашылығы;
- Халық менталитетінің ерекшеліктер.
- Астыртын экономика дамуына тән факторлар:
- Әлеуметтік салаға шығындардың азаюы;
- Қазақстандық капиталды шетелге шығару;
- Аймақтардың дамуының тепе-теңдігінің бұзылуы;
- Қоғамның криминализациялануы, экономикалық қылмыстың артуы;
Астыртын экономиканы шектеу тәжірибесінде белгілі бір механизмдер жұмыс істейді. Мұнда қылмыстық жағымен ғана емес,сонымен қатар құқықтық әдістерді де енгізу керек. Капиталды ел экономикасына қызмет еткізу үшін:
а) салық мөлшерін азайту және оларды алу процедурасын жеңілдету;
ә) кәсіпкерлікті тиімсіз ететін заңдардағы құқықтық олқылықтарды жою;
б) өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға кететін табысты салықтық қысымнан босату;
в) жинақтар мен капиталдардың сақталуын мемлекеттік қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні елімізде астыртын экономиканың қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Онымен күресудің басты тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған жайдың ауыздықталған түрі көрінбейді.Қаржы полициясының мәліметі бойынша, астыртын экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион теңгені құрады. Бұл астыртын экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен, ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып отыр. Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет.
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 Қаулысында келесі міндеттер айқындалған:
1. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері
2. Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл, сондай-ақ
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
4. Астыртын экономиканың деңгейін төмендету.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері.
Бірінші
міндетті іске асырудың
- 2016
жылға дейін Сыбайлас
- 2015
жылға қарай Қазақстан
жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі:
- уақытын
және шығындарын қоса алғанда,
бизнесті тіркеу мен жүргізуге
(рұқсаттар, лицензиялар,
- берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы - 7 %, 2012 жылы - 20 %, 2013 жылы - 50 %, 2014 жылы - 70 %, 2015 жылы - 100 % құрайды;
- мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша «
- жеке
және заңды тұлғалардың
- 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.
Үшінші
міндетті іске асырудың
- мемлекеттің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
- халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.
Төртінші
міндетті іске асырудың
- жалпы ішкі өнімнен астыртын экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай - 19,4 %, 2015 жылға қарай - 19,3 %-ды құрайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы 3 қыркүйек күні мемлекеттік органдарда қаржылық тәртіпті қатал жолға қоюды, Астыртын экономика үшін заңнамалық кедергілер құруды, сондай-ақ еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдетуді тапсырды.
Сонымен,астыртын экономика – бұл мемлекетке салық төлеуден жалтаратын және заңсыз түрде пайда табуды көздейтін экономикалық қызмет.Астыртын экономика ауқымын және оның аясындағы табыс көлемін анықтау өте қиын,алайда сарапшыларды бағалауынша ЖҰӨ-гі оның үлесі АҚШ-та 8-14%,Англияда 6-8%,Франция мен Канадада 5-8%,Швеция мен Норвегияда 6-17%,Италияда 30%-құрайды.Шетелдік мамандардың бағалауынша,бұрынғы КСРО-ның «жасырын экономикасы» дүниежүзіндегі дамыған 20 елдің қатарына кірген.Олардың есептеуінше,ЖҰӨ-нің 5-7% «Астыртын» секторда өндірілген. Астыртын экономиканың мұндай ауқымы мемлекеттік меншіктің монополиялық үстемдігіне байланысты.
Қазақстан Республикасында астыртын немесе жасырын экономиканың қазіргі экономикада мынадай элементтері орын алып отыр:жасырын меншік түрлері мен негізгі тәсілдері көптен бері қалыптасқан жалған экономика субъектілердің әрекет етуі.Олармен күресу шараларын арнайы құқық сақтау органдары жүргізеді.Отандық ғалымдар Астыртын экономикамен күресудің бірден-бір тәсілі болашақта жаппай электрондық ақша жүйесіне көшу деп есептейді.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің жедел деретері бойынша 2010 жылы ЖІӨ-нің көлемі ағымдық бағалармен есептегенде 21 513 473,3 млн. құрады және 7,0 %-ға өсті.
3. Астыртын экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру
Экономикалық саясаттың көлеңкелi немесе астыртын экономиканы есепке алу әдiстерiн жетiлдiру саласындағы басты бағыттары:
экономикалық процестердi есепке алу мен бағалаудың тiкелей және жанама әдiстерiн жетiлдiру;
барлық
макроэкономикалық
көлеңкелi экономика мөлшерiн бағалаған кезде салықтар мен төлемдердi жинаумен, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылыққа қарсы күреспен айналысатын ведомстволардың ақпаратын ескере отырып, кешендi тәсiлдi пайдалану;
көлеңкелi
экономиканың ауқымын есепке
алудың және бағалаудың
құқық
белгілейтiн және құқық
рыноктық
айналымға тартылған жердi бағалаудың
бiрыңғай стандарттарын
өнiмнiң
ұтымды пайдаланылуын
орман
және балық ресурстарын
мал
шаруашылығы саласындағы және
ауыл шаруашылығы шикiзатын
экономиканың
қолма-қол есеп айырысу басым
салаларындағы есепке алуды
ауылдық
статистиктер институтын
ауыл
шаруашылығы санағын
Жұмыстың
осы бағыттарының бәрi
Қорытынды
Осы елімізде таралып бара жатқан індеттің алдын алуға әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Оған, тіпті, бізден айрықша күш-қуат, қосымша жұмыстану талап етілмейді. Бар болғаны, сауда жасаған кезде сатушыдан кассалық аппараттың чегін талап етсек те жеткілікті көрінеді. «Бұл өзі ұсақ-түйек, қарапайым нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, әрбір сауда жасаушы адам кассалық аппарат чегін талап ететін болса, Астыртын экономика көрсеткіштерінің азаюына үлкен үлес қосқан болып шығады. Қандай ауру болмасын, алдымен осындай ұсақ-түйектен басталатынын ұмытпауымыз керек. Кассалық аппарат чегіне тіркелмеген табыстардың өзінен миллиондаған қаржы көлеңкеге кетеді. Тіпті, елімізде «Кассалық аппарат чегін талап етейік» акциясын ұйымдастырса да артық болмас еді».
Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» шарасын айта кеткен орынды. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жүргізілген «мүлікті заңдастыру» шаралары да жақсы нәтиже берді. Еліміздегі әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер халық алдында өздерінің табыстарын жария етті. Мүлікті заңдастыру бойынша көптеген бай азаматтар өздерінің табыс көздерін, мүліктерін, қаржыларын тасадан шығарып заңдастырды. Ерікті салық төлеушіге айналды. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде көлеңкеден миллиондаған қаржы шығарылып, ел бюджетінің толығуына өз үлестерін қоса бастады. Еліміздегі осындай акцияларды шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болатынын атап өткен болатын.
Қолданылған әдебиеттер:
- «Экономика теория негіздері», Алматы «Санат» 1998 жыл
- «Экономическая теория», В.Д.Камаев, Москва 1998 жыл
- Ғаламтор желісі материалдары.

- АСУ дорожного движения
- Асу на железнодорожном транспорте
- АСУ на речном транспорте
- АСУ – предшественники современных информационных систем
- АСУТП очистки сточных вод текстильной промышленности
- Асфальтный раствор
- Асфальтобетон
- Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттерi
- Астық массасының қасиеттері. Астық массасы сақтау объектісі ретінде
- Астық массасының физикалық қасиеттері
- Астық түйірдің және дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы
- Астық түйірдің және дәнді дақылдардың жалпы сипаттамасы
- Астықтың зақымдануы
- Астықтың зақымдануы