Аудиторлық қызметпен айналысу үшін лизензия беру тәртібі

Аудиторлық қызметпен айналысу үшін лизензия беру тәртібі

Аудиторларды аттестациялау  бойынша біліктілік комиссиясы аудиторлар палатасының республиқалық конференциясында мекемелік (коммерциялық емес мекеме) ұйымдастыру – құқықтық түрінде  ұйымдастырылады. Біліктілік комиссиясыныњ  құрамына кіретіндер:

  • жалпы санының 2/3 қөп емес - әр аудиторлар палатасынан өкілдер;
  • жалпы санының 1/3 бөлігінен кем емес ҚР ұқіметі анықтаған мемлекеттік  ұйымдар өкілдері;

Біліктілік комиссиясының  негізгі функциясы:

Біліктілік талабы негізінде емтихандар өтқізу жолымен аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтау; «аудитор»  біліктілігін куәлік және аудитордың жеке мөрін беру арқылы «аудитор»  біліктілігін беру жөнінде шешім  қабылдау; біліктілік куәлігін жою туралы шешім қабылдау және ол шешім туралы департамент және ҚР  Ұлттық банкке ақпарат жеткізу;

Аудиторлықтан үміткерлерді аттестациялау туралы ереженің 1.2 п. көрсетілгендей “аттестациялау бұл  біліктілік комиссиясының аудиторлықтан  үмітқерлердің біліктілік деңгейін өқілетті ұйымның бекіткен біліктілік талаптары негізінде емтихан  өтқізу арқылы анықтау”.

Аудиторлардың білімінің  элементтері: базалық білімі; іскерлік тәжірибесі; арнайы кәсіптік білім. Базалық  білімі ол жоғары экономикалық немесе заңгерлік білім болуы керек

Іскерлік тәжірибесі сәйкесінше еңбек өтілі мен сәйкес лауазымдарда жұмыс атқаруды қамтиды.

Арнайы кәсіби білім алу  ұшін аудиторларды дайындау және қайта  дайындау бойынша оқу-әдістемелік  орталықтар мен ұйымдарда білім  алулары керек, сол сияқты аудиторлық фирмаларда сынақтан өтуі қажет.

Аудит қызметі басқа қызметтер  сияқты пайдасы көп болу керек. Осы  мақсаттарыды жүзеге асыруда аудитор  алдында келесідей негізгі міндеттер  тұр:

  1. Кәсіпорынның финанстық есеп берушілігінің нақтылығын қамтамасыз ету және финанстық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелділіктің деңгейін төмендету.
  2. Компоненттік мәліметтерді жинау жәнеыч  бағалау.
  3. Кәсіпорынның немесе оның жеке түрлерінің экономикасын жүйелі және жан-жақты талдау.
  4. Кәсіпорын қызметінің оның уставына, бизнес-жоспарына сәйкестілігін тексеру.
  5. Заңдылықтардың сақталуын, бухгалтерлік есеп, есеп берушіліктердің жүргізілуін және мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектінің финанстық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етілуін бақылау.
  6. Алғашқы құжаттарды тексеру.
  7. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және жүргізуде клиенттерге консультациялық қызметтер көрсету.
  8. Клиенттермен қатынасты нығайту және өсуіне әрекет жасау.

Шаруашылық субъектілерінің  жұмысы өзінің жарғылық құжатына сәйкес жүргізіледі де, ал жұмыскерлер сол  заңның талабына сәйкес белгіленген  тәртіпке байланысты өз қызметін атқарады.

Аудит қызметінің  негізгі  мақсаты – ол те жоғарғы деңгейдегі мамандар арқылы аудит қызметін көрсеті. Ондай қызмет атқару үшін тек қана білгір маман болып қана қоймай өте  мәдениетті, тәрбиелі, әдепті, адал адам болуы қажет. Этикадеген сөзі, оның мағынасы – нағыз тиянақты, әдепті, текті кісі деген түсінік береді. өз кезегінде адам әдепті болуы үшін тек түсінігінде, білгірлігінде  ғана емес оның жан дүниесі, мәдениеттілігі, адалдығы таза адам деген сияқты түсінікке  тұратындай адам болуы крек. Этикада  мамандардың әлеуметтік көзқарасыда  ерекше орын алады.

Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ этиканың теориясы бар. Онда әртүрлі  мамандардың этикалық бейнесі бар. Сондықтан да этика кодексі арнайы категория ретінде тарап кеткен. Ол кодексте әртүрлі мамандар үшін әдет-ғұрып, тәртіптілік, ізеттілік  көрсету жолының құрамы анықталған. Арнайы мамандар тілімен айтқанда жалпы  этика екі трүге бөлінеді. Ол –  жалпы жан дүние этикасы және мамандық этикасы. Қандай мамандық болса  да олардың этикасы мамандық негізінде  қалыптасқан қызмет саласының ерекшелігне  негізделген әдептілік,ізеттілік, философиялық тұрғыдан анықталған. Аудитор өз жұмыында объективтілік көрсету үшін ол жұмыс  барысында барлық фактілерге әділ көзбен қаап өз ойын объективтілікпен тұжырымдауы  қажет.

Мамандар этикалық кодексінде аудитордың дербес, туелсіздік көрсету  жолына көп көңіл бөлінген. Ондағы негізгі мәселе тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін, алдымен объективтілікті  және күдіктілікті жібермей жұмыс істеу.

Біріншіден, тапсырушымен қарым-қатынаста  тіуелді болу жағдайына немесе аудит  принциптерін бұзу жағдайына жол  бермеу керек. Әрине, аудит қызметнің  барысында  аудитор тапсырушымен үздіксіз байланыста боады, ал жеке аудиторла  болса гонорар алу үшін тәуелсіздік  жағдайда болады деуге де болады. Сонда  да болса аудитор өзінің тәуелсіздігін, тапсырушыларын сақсатуға тиісті.

Екіншіден, аудитор өзінің дербес, тәуесіздігін қамтамасыз ету  үшін тапсырушылармен туыстық, семьялық, таныстық қатынасының жоқ екеніне  күмәнсіз болуы керек. Себебі, тапсырушы  мен аудитор фирмасының немесе жеке аудитордың жоғарыда айтылғандай байланысы  болса онда аудит қызметінің тәуелсіздігіне күмән туғызады.

Үшіншіден, аудит этикасының кодексіне ерекше айтылған ой ол –  аудитор өзінің дербестік этикасын сақтау үшін тапсырушы кәсіпорынмен материалдық, қаржылық байланыста болмауы  керек. Ол кәсіпорынмен инвестициялық  немесе акционерлік қарым-қатынаста  болса оны үзуге міндетті. Сол  сияқты аудитордың әйелі немесе балаларының  инвестицияға, акцияға, құнды қағаздарға қатысы болмауы керек.

Төртіншіден, аудитор сыйлық алудан, қонаққа барудан немесе несиеге  ақша алудан тікелей бас тартуы қажет.

Аудит этикасының кодексінде тағы ерекше айтылған жағдай ол – соттасу  немесе сол тергеуінен алуақ болуы  керек.

Аудитор этикасын дайындауды, үлкен жұмысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы жүргізіп отыр.Этика  кодекснің анықталған тәртібі мыналар:

  • адалдық, объективтілік, аудитор сырттан жасалған қысымға ерік бермей, өзінің тәуелсіздігін сақтауы қажет;
  • конфиденциалдық. Аудитор құпиялықты сақтауға міндетті, тапсырушының рұқсатынсыз ешқандай мәліметті жария етуге немесе басқа біреуге беруге құқысы жоқ;
  • білім, тәрбиелік, қызметкерлік. Аудитор тапсырушыдан жұмыс алу үшін өз біліміне сенімді болуы қажет;
  • аудитордың тексеру жұмысы техникалық және мамандығы жағыан бухгалтерлік есептің ереже-нұсқауына, стандарт талабына сәйкес болуы қажет. Сонымен қатар аудитор тапсырушы талабын бұлжытпай орындауға міндетті.

Қорыта келгенде, дүниежүзілік әртүрлі аудит этикасын қарастырғанда, оған үлкен мағына берілетіні қатал  талап қойылатыны айқындалады. Олар өз кезегінде әділетті экспорт деңгейінде жұмыс істейді, оған үлкен сенім  артылады, ол өз кезегінде соны ақтауға  міндетті.

Талап қоятын ереже 

Аудитордың алдына қойылатын  осы топтағы талап-міндеттер:

  • біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру;
  • шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу;
  • тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу;
  • ұжымдағы қызметкерлерімен сенімді, сыйлы қатынаста болу;
  • өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделн көтеру;
  • келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру;
  • аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру;
  • аудитті тексеру барысында анықталған шаруашылық, зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды – тапсыруды ұсыну;
  • аудиторлық тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығында нақты қылмыстық фактілер анықталса аудит қызметін жүргзуден бас тартуы қажет;
  • аудит қызметін төлем ақысына, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау.

Аудитор этикасы дегеніміз  – аудит қызметінің сапалы жүргізілуіне тікелей әсерін тигізеді. Сондықтан, сол аудит этикасына, тәртібіне  бір жүйелі бақылау жасап отыру  үшін Қазақстан Республикасының, аудитор  Палатасының жанынан тәртіптілік-бақылау  комиссиясын ұйымдастыруға дұрыс  бола еді ол тапсырушының шағым-арыз, аудиторлармен келіспеушілік болған жағдаларын талдап, қажет болған жағдайда аудиторларды жазалап, айыптап отырады.

Бухгалтерлік  стандарттар бойынша комитет  әзірлеген «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» «елеулілік» ұғымына былайша анықтама берілген: «Егер ақпаратка рұксатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының каржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе акпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалык шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулілік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалануына катысты уәж-пікір қабылданады. Яғни, елеулілік көбінесе есеп берудін табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және кандай да бір пайдасын тигізетін акпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» (15).

Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұнын білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық катынастағы елеулі бұрмалауларды анықтау максатында елеуліліктің қолайлы деңгейін белгілейді.

Жоспарлау кезеңінде  аудитор қаржылык есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есеп шоттардың сальдосымен және операциялардың кластарымен байланысты елеуліліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу кажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мэселелерге катысты аудитордң бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл колайлы деңгейге дейін аудиторлык тәуекелдікті кемітетін аудиторлык процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.

Елеулілік пен  аудиторлык тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліліктің денгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым тө.мен немесе осыған керісінше болады. Елеулілік пен аудиторлык тәуекелдіктің арасындагы кері байланысы аудитор аудиторлык процедураның сипатын, орындалу мерзімін жэне көлемін анық-тау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулілік»).

Аудиторлық қызметті лицензиялау ҚР «аудиторлық қызмет туралы заңы» 20.11.1998 жыл (2009 ақпан айындағы өзгертулер мен толықтырулар) сәйкес:

1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады.

3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.

Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.

5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Аудиторлық қызметті лизензиялау тәртібі

 

Аудит - қызметтің  лицензияланатын түрі, сондықтан оның "Лицензиялау туралы" заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш занда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.

Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін тоқтата алады:

  • егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар лицензия   алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;
  • егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді (бұзушылықтарды) жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.

Лицензия алушы  лицензиялық алымды белгіленген  мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.

Қазақстанда аудитордың білім алуы

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңында аттестациялауға жоғары білімі бар және экономика, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-ревизия немесе құқық қорғау салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған, сонымен бірге жоғарғы оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысатын және жоғарыда аталған салаларда соңғы бес жылдың екі жылынан кем емес мерзім ішінде тәжірибе жинақталған тұлғалар жіберілетіндігі айтылған.

Жоғарыда айтылғандардан аудиторлық қызметпен айналысуға қойылатын негізгі талаптардың бірі — аудитордың білім алуы екендігін көреміз.

Аудитор алуға  таісті білімінің негізгі элементтері  төмеңдегілер болып табылады:

  • негізгі (базалық) білім;
  • жұмыс тәжірибесі;
  • арнайы кәсіптік білім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Шетелдерде аудитті ұйымдастыру

 

  1. Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы.

Аудит жұмысы, нарықты қатынас  жүйесінде дамыған елдерде жедел  дамыды. Мысалы, Ұлыбритания, Франция  елдерінде аудит міндетті түрде  жүргізілетін болды. Оның құқылығын  қамтамасыз ету үшін ол елдерде бірінші  болып аудит заңы қабылдаңды. Ал АҚШ-та аудит қызметі Британия үлгісінде  іс жүзінде қолданыла бастады. 1896 жылы АҚШ-та аудит заңы қабылдаңды. Қазіргі кезде, нарықты қатынас  жүйесінде дамыған елдерде түгелдей заңдастырылған инфраструктуралық  құрылымы бар қоғамдық аудит институттары бар. Ол елдердің барлығында ерекше мамандандырылған бухгалтер-аудитор ұжымдары, қоғамдары  бар. Мысалы, Ұлыбритания елінде (1880 ж.) мәртебелі бухгалтерлер институты, АҚШ-та дипломды бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда - аудиторлар институты (1932 ж.) және аудитор Палатасы, Францияда  сол жылы бухгалтер-сарапшы Палатасы және сенімді бухгалтерлер ұжымы, есеп комиссарлары қоғамы құрылған.

Дамыған елдерде дербес аудитор  қызметі ерекше орын алатын сырттай  бақылау, тексеру больш саналады. Шет елдердегі аудит жұмысының  мазмұн-мағынасын, ұйымдастыру принциптерін, бақылау-тексерудегі қойылатын талаптарын аудиторларды бекіту, тағы басқа да ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, негізінде олардың арасында бірлестік бірдей талап қоюшылық бар екені анық. Сол себептен аудит қызметі халықаралық деңгейде даму алып бірлескен фирма ашу қажеттігіне алып келді.

Аудит қызметінің жедел даму әсерінен шет елдерде ірі халықаралық  ондаған аудитор фирмалары ашылып, олар барлық Еуропа елдерін қамтитын, аудиторлық қызмет көрсететін мекемелерге  айнадды. Қазіргі кезде дүние  жүзінің барлық елдеріне аудит қызметін көрсететін алты аудитор фирмасы  бар.

Қазіргі кезде, барлық дүние  жүзі елдерінің экономикасының арасындағы байланыс ерекше тығыз байланыста даму жолына көшуіне байланысты, бухгалтерлік есептің мағынасының көтерілуіне  сәйкес халықаралық қоғамдар құрылды. Себебі, барлық елдер арасыңдағы экономикалық байланыс сол елдердегі есеп жүйесінің бір салада болуын, барлық жерде бір жолмеі дамуын талап етеді. Соның нәтижесінде халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит стандарты шығарылуда.

Ол бухгалтерлік қоғамдар мынадай:

1.    Бухгалтерлік  стадарттар   дайындайтын   халықаралық комитет (1973 ж.), оның  құрамына жүз бухгалтерлік қоғамнан 7 елдің өкілі қатысады.

2.  Халықаралық бухгалтерлік  федерациясы (1977 ж.). Оның мақсаты,  біріншіден, бухгалтер мамандарының  біліктілігін көтеру, стандарттарды  жетілдіру, даму жолын анықтау.  Екіншіден, аудит және есеп  туралы халықаралық нормативтік  құжаттарды дайындау.

3. Дүние жүзілік мемлекеттер  талабына сәйкес құрылған, өкіметаралық бухгалтерлік есеп және есеп стандарты туралы құрылған – экспорт жұмысшылар тобы (1979 ж.). Бұл қоғамға дуние жүзінің барлық  елдері мүше.  Бұл қоғам жыл  сайын өткізетін  өзінің  сессиясында  қаржы  мәліметі  жағдайындағы бухгалтерлік   есеп   проблемасын   қарастырып,   талдау-зерттеу жасап,  бухгалтераралык әлеуметтік, экономикалық факторлардың әсерін талдайды. Халықаралық деңгейде бухгалтерлік есеп процесін үйымдастыру мәселелерін, халықаралық бухгалтерлік термин сөздіктерін құрастырады.

. Шет елдерде аудит  ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік  есеп жүргізуде, экономикалық  талдау жасауда, басшылық жүргізуде  үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында  басшылық жүргізуде, шаруашылықта  бақылау жасауда, оған бірден-бір  негізболатын, бухгалтерлік есеп  және аудит қызметі екеніне  үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан  да, шет елдерде ерте кезден  бастап арнайы бухгалтер-сарапшы,  аудитор дайындау өте қажет  жұмыс деп танылған.

Америка Құрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысына: «бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны  мен мағынасына ерекше көңіл бөліп  қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымыздаоны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару  ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді»-деп  жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде  әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухалтері, Англияда – ревизор, Францияда – бухалтер-сарапшы  немесе есеп комиссары,  Германияда- шаруашылық  басқарушысы және тағы  басқадай деп де атайды. Айтылуындағы  өзгешеліктеріне  қарамастан  олардың  барлығы  бір ғана мақсатпен жұмыс  істейді. Шаруашылық қызымет жасаушы  субъектілердің бухалтерлік қорытынды  есебін тексеру, оның  ішінде  қаржылық  деңгейін  тексеріп  анықтау  ерекше  орын  алады.  Аудитордың  ең  негізгі  мақсаты  сол  тексеру  нәтижесін  тұжырым жасау арқылы аудиториялық  қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп  – атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды  алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде  әртүрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру  туралы, салық мекемесімен есеп айырысу  тәсілдері туралы, банк операцияларын  жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әртүрлі қызмет көрсете  алады.

Аудит жұмысының тағы бір  ерекшелігі ол – шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен  шұғылдануда. Олай дейтініміз, ірі аудит  фирмаларыүлкен информатика орталығын  қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысын  ақша, құнды қағаз қаржысымен кәсіпкерлік  жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің  қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметерін тексеріп өзінің аудиторлық қорытындысын жасауы. Өз кезегінде осы аудитор қорытындысы  ақша, құнды қағаз айналу операцияларын  жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара  немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен  жұмыс істеуіне кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор қорытындысына  сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкер күдіксіз өзара карым-қатынасқа  түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің  тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит  қорытындысы арқылы анықтайды. Сол  сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара  қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болуы қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит  ерекшеліктерін іс жүзінде қолдануүшін  экономикасы жоғары дамыған елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік қорытындылары, бухгалтерлік отчеты  тек қана аудиторқорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне  қажет, сенімді кәсіпорындармен  қарым-қатнасқа түседі. Яғни, анық мәлімет  алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың  дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының  қажеттілігін тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

 


Аудиторлық қызметпен айналысу үшін лизензия беру тәртібі