Ақыл-ойдың артта қалуымен жалпы психопотологиясы

                                        Шығыс Қазақстан Облысы ғылым және білім министрлігі

                     Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ақыл-ойдың артта қалуымен жалпы психопотологиясы

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

                                                     Орындаған: Қайратова Ә.Қ

                                                     Тексерген: аға оқутушысы Қайсанова Т.Т

 

                                 

                                 Өскемен қ.2014ж

Жоспар:

I.Кіріспе бөлім

Ақыл - ойдың кемістігі

II.Негізгі бөлім

а) Ақыл – ойы кем балалардың іс – әрекет ерекшеліктері

ә) Ақыл – ойы кем балалардың жеке тұлғалық дамуы мен эмоциональды – ерік  саласының даму ерекшеліктері

б) Ақыл – ойы кем балалардың түйсігі мен қабылдауы

в) Ақыл – ойы кем балалардың зейін ерекшеліктері

г) Ақыл – ойы кем балалардың есте сақтау ерекшеліктері

ғ) Ақыл – ойы кем балалардың ойлау ерекшеліктері

д) Ақыл – ойы кем балалардың  сөйлеуі

III.Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия),көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.

Деменция (ағылш. dementia; нем. . Demenzf, Schwachsinn; лат. dementia – слабоумие, безумие) Ой өрісінің әлсіздігімен, бұрын алған білімді жоғалтып, жаңа білім алуға деген қиындықтармен, жалпы психиканың нашарлығы, тәртіптің өзгеруімен бейнеленетін психиканың терең де қайтарылмас зақымы. Өмір барысында пайда болған жарыместік (тумысынан болған олигофренияға қарама-қарсы).

Деменция — жоғары психикалық фуикциялардың жете дамымауының не семуінің салдары болып табылатын кемақылдық. Бастапқы деменция — тұқым қуалаған аурудың, туа біткен зақымдаушы факторлардың немесе баланың өсуінің ең алғашқы кезеңдеріндегі жоқшылықтың салдарынан зияттың жете дамымаушылығы. Екінші деменция — жаттығулардың, эмоциялық қуаттаулардың (әлеуметтік, жастық, дәрі- дәрмектік, ауру-сырқаулық) үнемі әсер етуі себепті психикалық функциялардың сипатына байланысты сенильдік (қарттық), алкогольдіх, эпилепсиялық, жарақаттанудан кейін болған және т.б. деменциялар түрлері болады. Деменция — жалпы алғанда зияттылық қабілетінің әлеуметтік және кәсіптік функциялардың қалыпты орындалуы мүмкін болмайтындай болып жоғалуы. Термин көп функциялы бұзылуларды белгілеуге арналған. Мұндай кезде ес болмайды, пайымдау және басқа да жоғары психикалық процестерге қабілеттілік қалмайды. Әдетте, когнитивтік процестердің мұндай бқзылулары тұлғаны жеке әлеуметтік өзара әрекеттестік қабілеттерінің бұзылуына ұласады

Дебильность — латынның сөзі. Оның қазақ тіліндегі аудармасы деліқұлы деген ұғымға тура келеді. Баланың іштен жетілмей туатын физикалық және психикалық дамуындағыпатологиялық кемістігін «дебильность», — деп атайды. Дебильность олигофренияның идиот пен имбецилден кейінгі үшінші тобына жатады. Дебиль балалардың ақыл-ой қаблеттерінің таяздығы идиот пен имбецильге қарағаңда әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан да олар өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгереді жөне сонымен қатар қарапайым қол жұмыстарымен атқарылатын енбектің түрлерімен шұғылдануға бейімделеді. Алайда бұл кемістік патологиялық процестің негізінде пайда болғандықтан дебиль балалардың физикалық дамуында да болмашы жеңіл ауытқулар байқалып тұрады. Бірақ ол ауытқулар жайшылықта көп біліне бермейді. Тек кейбір иіліп-бүгілуі, қайырылып-бұрылуы қиын күрделі қимыл-қозғалыстарда ғана байқалады. Мысалы, футбол, волейбол, баскетбол, ұзындық пен биіктіктен жүгіре секіру сияқты және басқа да спорт ойындарының кимыл-қозғалыстарын талапқа сай орындай алмайды. Дегенмен де, педагогикалық тәсілдердің қағидасымен жүргізілетін түзету — тәрбие жұмыстарыниың нәтижесінде дебиль балалардың физикалық дамуындағы патологиялық кемістктерінің тіпті де білінбей кететіндері соншалықты олардың кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуына мүлде кедергісі болмайды. Дебиль балалардың сөйлеу тілдері идиот псн имбецильдердікі сияқты соншалықты ерескел бұзылмайдъі. Олар күнделікті қарым-қатынаста қолданынатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсініседі. Ал, мазмұны күрделі, мағынасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл-ойларының зерделілігі жетпейді. Олигофренияның дебильность тобына жататыңдардың өздері ауыр жоне жеңіл дәрежелі болып екіге бөлінеді. Өйткені олардың ақыл-ойларының даму процестері мен сейлеу тілдерінің бұзылулары біркелкі болмайды. Сөйлеу тілі акыл-ойдың ең негізгі құралы ретінде оның даму процесіне байланысты бірынғай жетіледі.

Имбецильдік (миғула) – анағұрлым төмен дәреже. Логикалық үдерістер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде. Олардың үдерістер, талдау, ойлау қабілеттері өте төмен деңгейде. Олардың кейбірі, көмекші мектепте оқиды, басым көпшілігі оқымайды.  Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар  халықты әлеуметтік  қорғау министрлігінің қарауында тәрбиеленеді. Кейде , күрделі емес өзіне – өзі қызмет ету немесе жұмыс оперецияларына үйретіледі.

Идиотия (милау) – қабылдау қызметініңм мүлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға деген ортаға реакциясы жоқ. Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін, арнайы мекемелерде тәрбиеленеді.

Ақыл-ойы кем оқушылардың көпшілігін ата-аналары жоқ, толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әр түрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Жеке тұлғаның көптеген қасиеттер жиынтығына адам белсенділігінің кез-келген көрінісіне әсер ететін эмоциясы ерекше орын алады. Ақыл-ойы кем баланың эмоциясының көрінуі оның жасына, кемістік құрылымының сапалық ерекшелігі мен тереңдігіне және оны қоршаған әлеуметтік ортаға тәуелді.

Мұндай балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.Олар ұнамсыз және еркелету эмоцияларын ажыратады. Бірақ өз эмоцияларын вербалды түрде көрсете алмайды. Өзінің адамдарға деген қатынасын жымиюмен, бетіне қараумен білдіреді. Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсоқ, сенімсіз әрекет етеді. Олардың эмоциялары әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді. Олар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындын түсінбейді. Ал кейбіреулері сөйлемейді, жан-жағына үреймен қарайды, ата-аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.

Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек іс-әрекетінде көрініс береді. Қалыпты дамыған мектепке дейінгі балалардың жетекші іс-әрекетінің түрі -ойын болып табылады, ал ақыл-есі кем мектепке дейінгі балалардың дамуында ойын қажетті орын иеленбейді. Мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгере алмайды. Ересектердің көмегімен ғана ойын барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бастамасымен ойын ұйымдастыра алмайды. Жекелеген ойын іс-әрекеттерін байқатуы мүмкін, бірақ мазмұны жағынан толық емес болып келеді. Ақыл-ойы кем балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық іс-әрекетпен қатар негізгі іс-әрекеттің бірі – еңбек іс-әрекеті болып табылады.

Олар тапсырманың мақсатын түсінбейді. Бұл іс-әрекет үрдісінде баланың әрекет ету тәсілдері, тіпті олар анық қате болғанда да, талап ететін нәтижені алып келмейтін болғанда да өзгермейді. Ақыл-ойы кем балалардың көпшілігіне өздерінің мүмкіншіліктерін бағалай алмауы тән. Олар кез-келген тапсырманы орындауға заттарды дайындау тәсілдерінің ретін түсінбей жатып орындауға дайын тұрады. Қажетті талаптарды орындамайды. Өздерінің нәтижелеріне сыни көзқарастары жоқ, оның үстіне ересектердің бақылауын және көмегін қажет етеді.

Мұндай балаларға іс-әрекеттің «қысқа» түрткісі (мотивациясы), сондай-ақ қарым-қатынастың қарапайым, әлсіз мотивациясы тән. Қарапайым іс-әрекетті орындау барысында ынталарының тез әлсіреуі байқалады. Ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. Қорыта айтқанда ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кейбіреулерінде мүлдем қалыптаспайды.

Қазіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруде. Ақылы кем балаларға жан-жақты педагогикалық қолдау көрсетіп, әрбір оқушы шама-шарқына қарай білім көлемін меңгеруі қажет.

Барлық білім түрін бақылау, балаларды ынталандыру, іс-әрекет мүмкіндігін дәлелдеу, ойлау қызметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру, сезіну – сөздік логикалық жүйе мен практикалық ойлау қызметінің құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, үлкендер жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қабілетін дамыту және тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін факторлардың ішіндегі маңыздысы педагогтың, мектеп психологының бағалауы болып табылады.

 

Оқыту үдерісі бұл мұғалім мен оқушылардың іс – әрекетінде  
көрінетін екі жақты үдеріс. Мұғалім балаларды білімдермен  
қаруландырып, ал оқушылар болса оларды меңгеріп, тәжірибеде қолдануға  
міндетті.  
Олигофренопедагогика түзету педагогиканың құрамдас бөлігі  
ретінде келесі бағыттарды, байланыстарды қарастырады:  
– оқыту теориясы;  
– тәрбие теориясы;  
– арнайы мектепті басқару жүйесі – мектептану.  
Арнайы мектеп дидактикасы – бұл оқыту теориясы және ақыл-ойы  
кем балалардың тапсырмаларды, міндеттерді, мазмұнның принциптерін,  
әдістерін және оқу іскерлігінің формаларын анықтайды. Ол оқушылардың  
білім мен іскерлік пен дағдыны қарулану тәсілдерін ойлап табады, өндіріс  
саласындағы тәжірибелік іскерлікте мектеп түлектерін даярлайды.  
Негізгі концептуалды үйлесім болып, мектеп оқушыларының білімді  
игеру қасиеттері және оларды қарапайым жағдайларды мұғалімнің бақы-  
лауымен қолданулары табылады.  
Педагогикалық үдеріс жүйе ретінде өзінің созылу жүйесімен бірдей  
емес. Жүйе ретінде халыққа білім беру толығымен – оқу мекемесі, мектеп,  
сынып, ұстаздар мен балалар ұжымдары болады.Бұл жүйелердің  
әрқайсысы нақты ішкі және сыртқы шарттарды жүйелейді. Сыртқы  
шарттарға табиғи орта, әртүрлі орталықтар, материалдық техникалық  
қамтамасыздандыру, педагог кадрларының саны және т.б. жатады.  
Ішкі шарттарға оқу процессінің бағыттары оның құрамдары жатады:  
бағдарламаларымен қамтамасыз ету, оқу жоспары, оқулықтар. Ұстаздар-  
дың – ақыл ойы бұзылған балалардың мүмкіндіктерін білу және олардың  
актуалды және жақын даму шектерін білу. Оқу үдерісінің нәтижесі оқушы  
мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей және технологияны пайдалануға  
болады.  
Педагогикалық үдеріс педагогтердің, оқушылардың тәрбие шарттар-  
дың оқыту жүйесі болып табылады.  
Оқытудың құраушысы түзетулік оқытудың моделі болып есептеледі.  
Ақыл-ойы кем балалардың қарапайым мектептердегі даму ерекшеліктерін  
моделді оқыту толықтырады.  
Оқыту-тәрбиелік үдерістің жалпы дидактикамен түзетулік мазмұ-  
нын жалпы және арнайы білімнің негізгі шарты болып табылады, себебі  
оқу жүйесінің негізгі үйлесімдерін белгілейді, жалпы қоғамда жеке  
тұлғаның қажеттіліктері мұғалімнің іске асыру құралы болып табылады.  
Негізгі құраушылары: мектеп білімінің оқу міндеттері мен мақсат-  
тары принциптері, әдістері оқушыларға ықпал ету формаларымен жалпы  
білім беру үдерісі болып табылады.  
Ақыл-ойы бұзылған балалар оқу-таным іскерлігіне тез арада  
қосылмауы мүмкін, оның бірнеше себептері:22  
– дефект құрылымының сапалық өзгешелігі, оның түрлі балаларда  
көрінуі;  
– алғашқы дефект басқа да екі қайтара және үш қайтара көрінуіне  
әкеледі;  
– психикалық үдерістің барлық деңгейлерінің төмендігі (жад, сөз  
әрекеті, ойы, қабылдауы, ерік, қызығушылығы);  
– алынған ақпаратты өңдеу, ұғындыру, аз мүмкіншілігін қабылдау;  
– әлеуметтік салалардың әсерлік ерекшеліктері (бала ортасы –  
мектеп, отбасы, ересектер, құрбылар және т.б.) ақыл-ойы бұзылған тұлға –  
жасөспірім.  
Оқу үдерісі ақыл-ойы бұзылған балалардың барлық себептерін  
тиісті түзетулік бағытын алып жүру керек.  
Оқу үдерісі, педагогикалық тәсілдер арнайы, оқушының тұлғасына  
әсер ету ретінде қолданылады, оларда орын толтыру үдерісін дамыту  
танымдық мүмкіншіліктерін, ынталандырушы түзетулік деп аталады.  
Арнайы (түзету) мектепте оқытуда оқушылардың ерекшеліктері  
ғана емес, олардың мүмкіншіліктерін іске асырып есепке алынады. Әрбір  
ақыл-ойы кем жасөспірім – өзінің оқуымен, қимыл мүмкіншілігімен,  
мінезімен, қылықпен көрінетін ерекше тұлға

Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың шығармашылық жаңа мүмкіндіктерді ашу, өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік қажет етеді. Шығармашылыққа деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Шығармашылықтың деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты.

Шығармашылық арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасақан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами мүмкіндік.

Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, және басқалардың зерттеулері көрсеткендей қабілет тек ақыл-ойы кем бала жаңа білімді меңгергенде ғана емес шығармашылық мүмкіндіктерін біліммен, тұлға ретінде өзін дамыту, қалыптастыру барысында оқу-тәрбие барысында анықталады.

Даму жоспарында осы қасиетті ашуға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қиялдай білмейтін балалардың тұлғалық мүмкіндігі шектеледі, шығармашылық ойлауы төмендейді, өнерге деген қызығушылық жойылады.

Шығармашылық қызығушылығы дамымайды. Ал ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық дамуын ұштау үшін ерекше ұйымдастыру және арнайы түзете-дамыту жұмыстары жүргізілуі керек.

Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа материалдарды қабылдау және тану танымдық тұрғыда іске асырылады. Қабілет тек адамға ғана тән. Ол еңбектің жемісін көрсетеді. Сурет салу не құрастыру немесе басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүле басқаша көрінеді. Қабілет үдерісі анаметика-синтетикалық бағытта болады. Қабілет бейнесі әртүрлі элементтерді біріктіру арқылы оны жан-жақты пысықтау негізінде болады. Бір нәрсені үлкен немесе кіші әр түрлі бейнелерді көріп нақтылау жұмысы қабілетпен байланысты. Өмірдің әр қырына байланысты қабілет белсенді және белсенділігі аз болады. Бейелердің ерекшеліктері мен өз беттерінше істеуі де қабілет жетілдіреді. Сол себепті көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың қабілеті төмен деңгейде болады. Осы көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың қабілетін дамытуымызға да болады ол үшін арнайы түзету яғни коррекциялық әдіс-тәсілдерді қолдануымыз керек. Қабілет қоршаған ортаға бағытталған ерекше зияткерлік қызмет атқарады. Бейнені шындыққа айналдыру үшін тек қана көру емес, айтылған сөз де тірек болады.

Қабілет негізінен бала тәжірибесінде бір нәрсені анықтай алмайтын қиындықтардан туады. Осындай мәселелер қабілет ойды жетілдіреді. Л.С. Высотский көрсеткендей бұл екіүрдіс бір-бірімен тығыз байланысты.

Ой алған әсерді көрсетсе, қиял оны толықтырады, ойлаған тапсырманы шешуді нақтылайды, жүзеге асырады. Шығармашылық қабілет ақыл-ойы кем балалардың көрген нәрседен алған әсерлерімен тығыз байланысты.

Арнайы педагогтың педагогикалық тәжірибесі ақыл-ойы кем баланың тәжірибесін кеңейту және түзету-дамыту болып табылады. Бала мүмкіндігінше көп көріп, естіп, білсе оның қабілеті соғұрлым дамиды.

Білім мен тәжіриебенің жинақталуы ол шығармашылық қабілеттін дамуы болып табылады. Шығармашалық қабілет тек осындай ерекшеліктермен ғана шектелмейді. Қабілеттің дамуы үшін дұрыс бағыт мақсат анық көрсетілуі керек. Идеяларын дұрыс басқару ішкі ойды ерекше дамытудың әсері бар. Сондықтан балалардың қабілетін дамытуда дұрыс бағыт беру маңызды. Толық қамтылған әдіс болмайтыны белгілі. Барлық әдістер белгілі бір жағдайда қолданылады. Ол нақтылы арнайы педагогикалық жағдайды шағырмашалық танымдық мәселелер шешуі қажет. Сондықтан бала қабілетінің дамуы шындықпен жанасуы керек. Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық дамыунда тежелу байқалады. Айтылған психикалық қабілеттің тежелуде жүргізілетін түзетулері дұрыс нәтиже беруі үшін дефектолог белгілі мақсатқа бағытталған және екі кезеңнен тұратын жұмыс жасауы керек. Бірінші кезең алғашқы ойда шығармашылық қызмет қалыптастырады. Жетістікке қол созу әсіресе белсенді емес, өз-өзіне сенімсіз дамуы бұзылған балалармен жұмысында және дамыту әдіс-тәсілдерде керек. Арнайы педагог үшін бала жұмысына қанағаттана ма, жоқ па, деген сауалдың маңызы бар. Көмекші мектептегі оқушыға берілген тапсырма тек қызықты ғана емес, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы керек. Ол өз жұмысынан жақсы нәтиже көруі тиіс. Бала қорқынышты, өз-өзіне деген сенімсіздікті жеңгенде ғана жетістікке қол жеткізеді. Үлкендер балаға жаңа қызмет, жаңа тапсырманы орындауда көмектеседі. Арнайы педагогтың көмегі баланың өзіне сенімін мүмкіндігі мен күшін арттыруы керек. Оның осы тапсырманы орындай алатынына сенімін арттырады.

Жетістікке жетуге көрсетілетін көмек ашық және жасырын түрде болады. Мәселен, ашық көмекте оның құрылымы туралы айтылуы мүмкін. «Қане, мынаны өленді бірге айтайық», «айта алмасақ тағы да көреміз» мыне, жасырын көмек осы негізде іске асырылады. Мысалы:

  • Сен ғана өз ғанақ айтсаң жақсы болар еді.
  • Осы жұмысты сен жасасаң бәріне ұнар еді.

Яғны көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балаларды мақтау-мадақтау арқылы және де балалардың шығармашылын дамыту үшін ойын жаттығуларын қолдану керек. Бұлар қиялды дамытады. Сезім-эмоцияналды қасиеттерін жетілдіреді. Балалардың осындай қасиеттерін ашып дамытатын эстетикалық ойындар қажет. Даму мүмкіндіктерін қиындықты жеңу өз ойын айту сияқты қабілеттерін шығармашылық жұмыс арқылы қанағаттандыру қажет. Осы айтылғандардың барлығын пысықтай отырып ата-аналар, мұғалімдер балаға ең маңызды қасиеттер жан сұлулығын, жүрек тазалығын, дарындылық қасиеттерін беруі керек. Шын мәнінде ашылып, дамуы қажет басқа қасиеттер осының нәтижесінде қалыптасады. Өзін сүю, сенімсіздік, менмендік, зұлымдық аясындағы талант адамның өзі мен айналасындағыларға зиянын тигізеді.

Баланың дамуы үлкендер тарапынан үлкен назар қажет етеді. Баланың дайындалуына психологиялық жағдай жасаудың жаңа шығармашылықты бастауда қолдаудың маңызы зор. Баланың шығармашылық қадамы жайлы жақсы пікір қалыптастырып қиындықта қолдау көрсету керек. Баланы көбіне жалғыз қалдырып, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай жасау керек. Ата-аналар тарапынан көрсетілетін ерекше қамқорлық бала шығармашылығының дамуына кедергі келтіреді. Баланың шығармашылық мүмкіндігін ашуға жағымды жағдай тудыру қоғамдық көзқарастарды ажыратуға көмектеседі. Баланың шығармашылыққа қызығуын қолдан шығарып алмау керек. Сонымен қатар көмекші мектептегі ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық арнайы түзете-дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.

Сөйлеу-тілдің тарихи қалыптасуының қарым-қатынас формасы.Адамның сөйлеу қабілеті ең жақсы ерекшеліктерінің бірі. Сөйлеу тілі арқылы адамның қарым-қатынас процесін құрайды.  
Тіл-қарым-қатынас құралының жүйесі.Тіл сонымен қатар адамның жинаған білім қорын ұрпақтан ұрпаққа алып келуші.Тілде адамзаттың ғылыми және мәдени жетістіктері бекітілген. Тілмен сөйлеу, шындық өмірдің айнасы, спецификалық формасы.  
Тіл дамыту жұмысында ауызша сөйлеу мен жазбаша тілінің бір бірімен байланыстылық принципі басты орын алады. Адам сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасайды.Сөйлесу барысында көркемдік құралдарды пайдаланады. Мысалы, салыстырып, әсерлеп, мақал-мәтелді пайдаланып сөйлейді.Ауызша сөйлеген жазбашаға қарағанда оңайға түседі.Себебі, оқушы жазғанда тек өз ойын жеткізіп ғана қоймайды. Оны дұрыс, қатесіз, тыныс белгісін сөйлем интонациясына қарай үйренеді.  
Білім беру жүйесі мектептерде оқушының тілін дамыту, қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық тұлғаларын меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдылырын қалыптастыру.Қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөзтіркесін жасау арқылы оларды сөйлемдерде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы өз ойын басқаға жеткізіп, басқаның сөзін тусіну де тіл дамыту ұғымына жатады. Адам ойын жазбаша және ауызша түрде жеткізеді. Сондықтан оқушының тілін дамыту екі бағытта жүргізіледі. А 
уызша және жазбаша тілді оқытуда екі бағытта қатар байланыста жүргізіледі.  
Бірақ қазақ тілін оқытудың ең алғашқы кезеңінде ауызша тіл дамыту басымырақ келеді. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамыту басымырақ келеді. Сөйлеу тілі кейінірек жазба тілді дамытуға негіз болады. Адамның сөйлеуінде қолданылатын тілдік нұсқаулар- дыбыс, сөз, сөзтіркесі, сөйлем. Бұлар тілді оқытудағы негізгі мәселелер.Тіл дамытуда тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру, тілдік орфоэпияны меңгерту жұмыстарын жүргізеді.  
Сөйлеу тілінің бұзылуы басқалармен қарым қатынас жасау.

 

Ақыл-ойында ауытқуы бар балалар

қәзіргі таңда еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қадыр-қәсиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуына жәрдемдесетін толыққанды жағдайларда лайықты өмір сүруде. 

ал, ақылы кем балаларға жан-жақты педәгөгикәліқ қолдау көрсетіліп, әрбір оқушы шама-шарқына қарай білім көлемін меңгеруде. жалпы, ақыл-ойында әртүрлі ауытқуы бар балалардың көбі толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шығады. мұндай балалар өз өтбәсімен толық қарым-қатынас жасай алмайды және бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді.

интеллектуәлдіқ жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әртүрлі әспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. олар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді. дегенмен, ұнамсыз және еркелету емөтсяләрін ажыратады. бірәқ, өз емөтсяләрін вербәлді түрде көрсете алмайды. өзінің адамдарға деген қатынасын жімюмен, бетіне қәрәумен білдіреді. мектепке деиінгі жастағы ақыл-ойы кем балалар селсөқ, сенімсіз болады. олардың емөтсяләрі әлсіз, алайда күйзелістері тұрақты, терең болып келеді. мұндай балалар айқайлауға, жүгіруге, рұқсатсыз зат алуға, шулауға, қырсығуға болмайтындығын түсінбеиді. ал, кеибіреулері сөйлемеиді, жан-жағына үреимен қарайды, ата-аналарының, тәрбиешілерінің артына тығылады, қарым-қатынастан бас тартады.

ақыл-ойы кем балалардың емөтсяліқ көңіл-күйі көбінесе ойын және еңбек ыс-әрекетінде көрініс береді. қалыпты дамыған мектепке деиінгі балалардың жетекші ыс-әрекетінің түрі – ойын болса, мектепке деиінгі ақыл-есі кем балалардың дамуында ол қәжетті орын иеленбеиді. мұндай балалар сюжеттік-рөлдік ойындарды өз беттерінше меңгере алмайды. ересектердің көмегімен ғана ойын барысында сатушыны, сатып алушыны және т.б. рөлдерін ойнайды, алайда өз бәстәмәсімен ойын ұйымдастыра алмайды.

сондықтан, осындай балаларға арналған оңалту орталықтарында танымдық ыс-әрекетпен қатар оларды еңбекке баулимыз. себебі, ақыл-ойы зақымданған балалар мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормасын, қарым-қатынас дағдысын меңгеруде үлкен қиындыққа кездеседі. қорыта айтқанда, мұндай балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері нормаға қарағанда анағұрлым кеш байқалады, ал кеибіреулерінде мүлдем қалыптаспайды. барлық білім түрін бақылау, балаларды ынталандыру, ыс-әрекет мүмкіндігін дәлелдеу, ойлау қізметін жинақтап, қорыту оның ішіндегі білім мен икемділікті жаңа жағдайға көшіру, сезіну – сөздік лөгикәліқ жүйе мен прәктикәліқ ойлау қізметінің құрамды бөлігімен ара-қатынасын анықтау, тапсырманы өз бетінше шешу, үлкендер жағынан көрсетілген көмекті қабылдау қәбілетін дамыту және тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін фәктөрләрдің ішіндегі маңыздысы педәгөгтің, мектеп психөлөгінің бағалауы болып табылады.

 
 

IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақ энциклопедиясы 7- том Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет

 


Ақыл-ойдың артта қалуымен жалпы психопотологиясы