Қазақ философиясы
Қазақ
Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі;
тұрмыс пен танымның ортақ принциптері,
адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы
ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның
жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ
халқының даналық өрісінде дүние мен адам
туралы дүниетанымдық көзқарастардың
тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды.
Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні
жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық
ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде Анахарсис, Қорқыт, Жүсіп
Баласағұни, Қожа Ахмет Йасауи, Әбу Наср
әл-Фараби, Махмұт Қашқари, т.б. данышпандар
даналық дәстүрлерін жасады, олар табиғи
түрде қазақ этносының дүниетанымдық
ойлау мәдениетінің бастау арналарына
айналған.
Екінші кезеңде қазақ халқының төл дүниетанымы
мен философиясы қалыптасып, дамыды. Қазақ
философиясының төл тарихы Асан Қайғы
мен Мұхаммед Хайдар Дулаттан басталады.
Асан Сәбитұлы – жырау, ойшыл, мемлекет
қайраткері. Ол қазақ этносын әрі мемлекетін
қалыптастырып, нығайтуда «Жерұйық» ілімін
дүниеге әкелді. Бұл – халықтың қауымдасып
ұлттық мемлекет құру идеясы болатын.
Асан Қайғы өз жыр-толғауларында, шешендік
сөздерінде хандық мемлекетті нығайту,
елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін
насихаттайды. Оның Асан Қайғы атануы
– ғұламаның ойшылдығының, парасаттылығының
айғағы. Асанның қайғысы тек өз заманына
қатысты емес, оны қайғыға салып отырған
– болашақ туралы болжамдары, халық қайда
бара жатыр, ертеңі қандай болады деген
күрделі сұрақтар. Асан Қайғы – түркі
жұртының әйгілі ойшылы Қорқыттың дүниетанымын
жалғастырушы. Қазақ философиясы бастау
алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері
– М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде
түркі дүниесінің рухани тұтастығы және
оның дүние жүзі халықтары өркениетімен
тығыз байланысы нақтылы мысалдармен
баяндалған. Дулат философиялық антропологияның
басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол
заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп,
талдау жасаған. Асан Қайғыдан басталған
жыраулар легі (Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз,
Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Үмбетей,
Бұқар, т.б.) қазақ қауымында хандық мемлекет
жойылғанша болды. Хандық жойылған соң
жыраулар дәстүрі жалғаспай қалды. Қазақ
ақын-жырауларының шығармалары көшпелі
болмысты, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі
әлеум. жағдайларға, батырлық, көркемдік,
адамгершілік, өмір мәселелеріне байланысты
бола тұра, терең мағыналы философиялық
ойларға толы. Қазақ поэзиясындағы философиялық
бағыттың негізін салушылардың бірі –
Шалкиіз жырау Тіленшіұлының шығармасында
философиялық ой кешу, жыр толғау әдістері
ерекше. Жырау дүниеде тұрақты, мәңгілік
ештеңе де жоқ деп тұжырымдайды. Ақтамберді
Сарыұлы өз жыр-толғауларында елді ерлікке,
бірлікке шақырады. Оның жырларынан қазақ
халқының ой-арманы, мақсат-мүдделері,
олардың бар болмысы, ерекшеліктері, дүниеге
өзіндік көзқарасы аңғарылады. 18 ғасыр
жыраулары ішіндегі аса көрнекті тұлға
– Бұқар жырау Қалқаманұлы да дүниедегінің
барлығы өзгеріске ұшырап отыратындығын
атап көрсетеді. Шығыстық ойлау жүйесі
хакімдік діни философияны теріске шығармаған.
Мыс, Қожа Ахмет Йасауидің сопылық ілімі
ұлттық ойлау мәдениетіне нық еніп, оның
қалыптасуының бір рухани негізі болды.
Қазақ тіліндегі ақыл, парасат, тәуба,
қанағат, шүкіршілік, хал, амал, сыр, шапағат,
т.б. көптеген сөздер – сопылық дүниетанымның
ұғымдары мен түсініктері. Төрт ғасырға
тарта дербес мемлекет құрып, хандық дәуірде
өмір сүрген қазақ халқының заманға сай
құндылықтар жүйесі қалыптасты («Алпамыс
батыр», «Ер Тарғын», «Ер Едіге», «Қамбар
батыр», «Ер Қосай», «Қырымның қырық батыры»,
т.б. жыр-дастандарындағы ерлік философиясы).
Ерлік философиясы Махамбет Өтемісұлы
жырларында өз жалғасын тапты. Шығыс поэзиясының,
сопылықтың ықпалы және төл түсініктер
негізінде қалыптасқан ғашықтық философиясына
қатысты құндылықтар «Қозы Көрпеш – Баян
сұлу», «Қыз Жібек», «Еңлік – Кебек», «Қалқаман
– Мамыр», т.б. жырларға негізгі өзек болды.
Қазақтың дербес мемлекеттілігі жойылғаннан
кейін жүз жылға созылған Зар заман дәуірінің
ақындары (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай
Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б.) халықтың
басына түскен отаршылдық нәубетін сары
уайымға салыну, торығу сарынымен жырлады.
Дулат Бабатайұлы өз шығармаларында қайырымдылық
пен зұлымдық, мырзалық пен сараңдық, білім
мен надандық мәселелерін талдап, шығармаларына
негізгі арқау етті. Дулаттың әлеуметтік
философиясы – жер, суды, елдің бірлігін
сақтап қалу идеясы, басқа жұртқа күш көрсетпеу
философиясы. Зар заман ақындарының ірі
өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы
басты сарын – жер мәселесі, ата қоныс,
бас бостандығынан айырылған тұтас елдің
мұң-зары. Шортанбай заманақыр таяғанда
табиғат та азады десе, Мұрат керісінше,
заманның азуын адамнан көреді.
Қазақ философиясы тарихында әйгілі ғалым
Ш.Уәлихановтың орны ерекше. Ол «Даладағы
мұсылмандық жөнінде», «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы», «Тәңір (құдай)»
деген еңбектерінде философияның негізгі
мәселесіне қатысты пікірлер айтқан. Уәлиханов
сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір
сүретіндігіне шек келтірмейді. Ол қазақ
жерінде шамандықтың орын алу себебін
түсіндіргенде «сыртқы дүние: күн, ай,
жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет
болып табылады» деп көрсетеді. Оның еңбектерінен
себептілік заңдылығын құптайтындығы,
себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл
сенетіндігі байқалады.
Қазақ ағартушылығының көрнекті
өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының
философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып,
осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет
сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев
заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын
тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты.
Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан,
демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың
тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген
Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты
сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан
Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің
үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның
жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ
жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді
Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық
адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын
жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық
қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек,
қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы
да қазақ елін қалай мәдениетті елдер
қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім
Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында
ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте
Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан
деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге
негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін
жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық
еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық
шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар
шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен
негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық,
адамгершілік идеяларымен сабақтасып
жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы
ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі
мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына
сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі
кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен
ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан
басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа
да қазақ ойшылдарының шығармаларында
жалғасын тауып, кең өріс алды.
20 ғасырдың басында С.Торайғыров, А.Байтұрсынов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов, т.б. озық ойлы қоғам қайраткерлері
саяси сахнаға шығып, ең алдымен «Зар заман»
(М.Әуезов) дәуірі өкілдерінің ой-пікірлерін
дамытты. Олар өз шығармаларында отаршылдық
бұғаудан құтылу, қазақ халқын өз алдына
тәуелсіз ел ету, халықтың санасын ояту,
надандықтан арылу мәселелерін көтерді.
20 ғасырдың 30-жылдары қазақ зиялы қауымының
қуғын-сүргінге ұшырауымен Қазақстанның
философиялық ой-пікірлер жүйесінің дамуы
үзілді. 20 ғасырда қазақ халқының болмысына
ерекше әсер еткен тұлға – М.О.Әуезов.
Ол қазақ халқының келешегін айқындауда
құнды мәдени-философиялық тұжырымдамалар
ұсынды. Әуезов «бесігіңді түзе, бесігін
түзей алмаған халықтың болашағы жоқ»
деген терең ой айтты. Қазақстан үшін 1917
жылдан бастап отаршылдықтың жаңа түрі
– кеңестік құндылықтар қалыптаса бастап,
коммунизм туралы ілім негізге алынды,
маркстік-лениндік философия үстемдік
етті. Мұндай жағдайда қазақ халқының
даналық ой-пікірлерін зерттеуге мүмкіндік
болмады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
бастап құлдық психологияның орнына демократия,
өркениеттік құндылықтар орныға бастады.
Қазіргі әдебиеттерде қазақ философиясы
ұғымымен қатар «қазақстандық философия»
деген ұғым қолданысқа енді. Ол Қазақстанда
өткен ғасырдың 60-жылдары қалыптаса бастады,
келе-келе «Қазақстандағы философиялық
мектеп» деген түсінік орнықты, оның жетекшісі
академик Ж.М.Әбділдин болды. Қазақстандық
философтар неміс философиясын зерттеді,
әсіресе, Гегельдің «Логика ғылымы» еңбегі
негізінде қалыптасқан диалектика, логика,
таным мәселелерімен айналысты, диалектикалық
логиканың өзекті мәселелерімен шұғылданып,
бұл салада айтарлықтай нәтижелерге жетті.
Қазақ философиясы туралы зерттеулер
нышаны егемендікке аяқ басқан кеңестік
жылдарда аңғарыла бастады, бірақ толық
мүмкіндік Қазақстанның тәуелсіздігінен
бастап шындыққа айналды. Қазақ философиясының
тарихы мен оның мәселелері туралы жүйелі
ғылыми-зерттеулер жүргізіліп, кандидат,
доктор диссертациялар қорғалды, арнайы
ғылыми кітаптар жазылды. Қазақ философиясын
дүниежүзілік фиолософиялар жүйесінде
әрі өркениеттік негізде зерттеу егемен
елдің қоғамдық санасының жетіліп-толуының
басты арнасының біріне айналып келеді.
мақсаты: Қазақ философиясының
қалыптасу мен даму ерекшеліктерімен
таныстыру
Негізгі сұрақтар:
1. Қазақ философиялық
ойының қалыптасуының
2. Көне түріктердің дүниетанымдары мен көне түрік ойшылдары
3. Ш. Уәлиханов философиялық ойларының ағартушылық, саяси реформациялық сипаты
4. Абай мен Шәкәрімнің философиялық ойлары
1. Қазақ философиялық ойының қалыптасуының ерекшеліктері:
· Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді. Әсітесе көшпелі тұрмыс тіршілігінен және менталитетінен, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени ортаның тигізген әсері қатты байқалады.
· Қазақ жерінде ең тиімді шаруашылық көшпелі мал шаруашылығы борлды. Осымен байланысты ата-бабаларымыз табиғат ырқына көніп, оған табынды.
· Қазақ философиясының
ерте кезеңіне тән сипат ретінде синкретизмді («
· Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер - өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп, ойтұжырымдап отырды.
Қазақ философиясының дүниетанымдық ізденістерін мына төменгідей мәселелерге бөліп болады:
- қарапайым диалектика;
- ерлік пен батырлық мәселесі;
- еріктілік пен бостандық мәселесі;
- адам болмысының этикалық жақтары: жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, ар-намыс, аброй катигорияларын тереңінен қарастыру;
- әлеуметтік әділетілік мәселе;
- аксиологиялық мәселелер.
- дін және еркін ойшылдық туралы ойлар;
- адам мәселесі, оның өмірі мен тіршілік етуінің мәні туралы философиялық ізденістер;
- адамгершілік және мораль мәселелері;
- ұлттық бірлік пен саяси-әлеуметтік мәселелер және т.б.
Қазақ философиясының 3 негізгі тарихи кезеңнен тұрады:
- алғы философия (ерте кезеңнен IX ғ. дейін):
- қазақ халқына тән аңыздардағы дүниегекөзқарастар;
- Анахарсис, Төныкөк, Күлтегін жырларындағы философиялық ойлар
- Ұлттық философия (XIғ. – XIXғ.):
- ортағасырлық философия: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауи;
- ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Жыраулар дүниетанымы: Сыпыра жырау (ХІҮ ғ.), Асан қайғы, Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮ ғ.), Доспанбет, Шалкиіз (ХҮІ ғ.), Жиембет, Марғасқа (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді, Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын (ХҮІІІ ғ.)
- ХІХ ғ. ағартушылық философия: Шоқан уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев
- ХХ ғ. философиясы: Шәкәрім Құдайбердіұлы;
- ХХғ ағартушылық-демократиялық философия: Жүсіпбек Аймаутов, ахмет Байтұрсынов, Әлиххан Бөкейханов, Мыржақып дулатов, Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев. Ұлттық демократиялық қозғалыстың жетекшілері, „Алаш" партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға тырысқан.
- Кеңестік дәуірдегі отандық философия: Ж.Әбдилдин, А.Нысанбаев, М.Хасанов, М.Сәбитов,З.Мұқашев, А.Балғанбаев, В.Зорин, М.Изотов т.б.
- Қазіргі заман философиясы: қазақ халқының мыңжылдарды қамтыған рухани дүниесі қайта қаралып зерттелуде, сол сияқты әлемдік философияның соңғы тыныс-тіршілігін талдап зерттеулер жүргізілуде: Ә. Нысанбаев, М.Орынбеков, С. Ақатай, Б. Нұржанов, А. Қасабеков, Т. Ғабитов, Қ. Нұрланова, Т. Аитқазин, Т. Бұрабаев, Ғ. Есім т.б.
Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни сенімдер мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірнеше наным сенімдері (шаманизм, тотемизм, Тәңіршілдік, анимизм, фетишизм) болған. Соның ішінде ежелгі қазақтардың дүниетанымын толықтай ашатын Тәңіршілідік діні еді. Тәңіршілдікте басты құдай – Тәңірі, ол аспан әлемнің жалпы сипатын беруші, жердегі өмір образын қадағалаушы. Тәңіршілдіктегі Құдай өзімен-өзі пайда болған немесе батыстық тілмен айтсақ, өзіне-өзі себеп абсолюттілік емес, ол табиғат құбылысы. Оның барлық әрекеті табиғаттың тылсым күштері арқылы адамға танылып отырады.
Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінде „Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаратылған ..." – деп жазылған.
Көне Түркілердің нанымында ерекше орынға ие болған Ұмай ана – үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түркі ескерткішінде Ұмай анаға арналған қоштасу сөздері жазылған). Қазақтардың дүниетанымындағы екі құдай да табиғаттың бір бөлшегі ретінде болса, өзі сол табиғат бөлшегіне тәуелді жан ретінде айқындалған.
Ертедегі ата-баалардың тотемі ретінді қасқырды есептеген. Түрік қағандарының патшалық рәміздерінде қасқыр бейнесі болған.
Көне түркілер үшін қайырымды рухтар – ата-баба рухтары болған.оларға арнап құрбандық шалынған. Бұл жөнінде батырлар жырларда сәбиге зар болғандар жөнінде: „Әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып" деп, олардың тілеуін де сол әулелер қабыл еткен.
Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойдың бастааушысы Анахарсис (Анарыс). Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауын жайлаған тайпалардан шыққанын айтады. Гректер оны жеті дананың бірі деп есептеген, оған арналған ескерткіште Анахарсистің „Тілің мен құлқыныңды, нәпсіңді ауыздықтай біл" – деген сөзі жазылған.
Орта ғасырдағы қазақ философичясынң өкілдері: әл-Фараби, Қорқыт, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Дулати, Яссауиді жатқыза аламыз.
Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, , ескіні сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты, өлімнен қашып өлместікті іздеген Қорқыт әрекетінен оның өлімнен қорыққандығын білеміз. Қорқыт өмірдің шекті, мәңгі еместігін өлімнен қашып құтылуға болмайтынын айтқан, өмір мен өлім мәселесімен толғанған. „Қорқыт ата кітабы" – түркі тілдес халықтардың өмір салты, тарихы, әдет-ғұрпы, ақындық дәстүрден хабардар ететін эпикалық-тарихи туынды. 12 дастаннан тұрады.
3. Шоқан Уәлиханов (1835-1865) еңбектері қазақ халқының тарихына көз жүгіртіп оның дүниетанымымен танысуға, 18-19 ғғ. қазақ халқының тұрмыс тіршілігінің жандануына, өзіндік әлеуметтік-реформасының қалыптасуына негізделген.
Шоқан қоғамда жасалатын өзгерістер адам мүддесіне сәйкес келуі қажет екендігін атап көрсетті. Ол: «халыққа етене жақын, ең маңызды соның мұқтажына тікелей қатысты реформа-экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек. Өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адамзат қауымдасып, өзінің бірегей түпкі мақсаты-материалдық әл ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз-осы» дейді. «Сот реформасы жайында хат» деген еңбегінде сол кезде қазақ даласында жүргізіліп жатқан саяси әлеуметтік реформаларды талқылады. Әлеуметтік болмыс жөніндегі көзқарасында географиялық детерменизм бағытында болған.
«Қырғыздардағы шамандықтың іздері» еңбегінде Шоқан зорастризм және шаманизм дінідерін қазақтардың ежелгі діні деп, ондағы наным-сенімдердің тамырын зерттеген. Сол белгілерді қазақ халқының күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сөздерімен де дәлелдеп береді.
Ш. Уәлиханов шығармашылығы қазақтың рухани дүниесін зерттеуге арналған.Халықтық жыр-дастандары мен аңыздарының түрлі нұсқаларын қағазға түсірген: «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Едіге», «Ер Қосай», «Ер Көкше», қырғыздардың «Манас» жыры. Сондай-ақ оның философиялық көзқарасы негізінен ағартушылық идеяларды негіздеуден тұрады.
4. Абай Құнанбаев (1845-1904) өткен замандардың кемеңгер ойшылдарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін қорытып, олар арқылы қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге сол кездегі қазақ қоғамын толғандырған әлеуметтік-философиялық мәселелерге жауап беруге ұмтылған. Абай философиясының
- дүниенің объективтіл
- Философиялық антропологиясында адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, оның бойындағы асыл қасиеттерге былай сипат береді: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
- этика тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне көңіл аударады. «Иман» термині қазақ санасына мұсылманшылық арқылы енген. Ол барлылық, білімділіктің синонимі болып табылады. «Ұят кімде болса иман сонда», «Адам баласына адам баласының бәрі дос» дейді. Мына дүниенің шолақтығын біле тұра бір-бірімен өшігіп, не болса соған көрсеқызарлық, жалауыздық адам жанына берері шамалы деп тұжірімдайды.
- Ағартушылық идеясы басым болған Абай нағыз адам болуды ұрпаққа өсиет еткен.
Ұлы Абайдың жолын қуған Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.). Шәкәрімнің дүниетанымына Абай ықпалы зор болды. Бес жасынан бастап өз бетінше сауат ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін үйреніп, Батыс және Шығыс философиясымен, әдебиетімен танысты.
Шәкәрім философиясының өзекті жақтары:
- онтологиялық көзқарастарында деизм бағытын ұстанды. «Тіршілік, жан туралы өлеңінде:
Жаратылыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлің бір «мән» де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән таратқан,
Қозғалысқа көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейді-
деп, болмыс өзгерісте болатындығын, оны өгеріске келтіретін қозғалыс екендігі, ал сол қозғалыстың өзінің тіпкі мәні болатындығын айтады. Түпкі мән тек қозғалысты тудырып, әрі қарай еш нәрсеге араласпайтындығын, сондықтан ол ешбір өгеріссіз қалатындығын тұжырымдады.
- жан мен тән арақатынасы мәселесінде, жанды алғашқы, ал тәнді екінші ретте санап, жанның қасиеті ақыл-парасатта, сондықтан жан тәнді билейді деп идеалистік бағытты ұстанды.
- таным мәселесінде, қоршаған дүнені тануда таным процессінің сезімдік және рационалды деңгейлерден өтетіндігін, танымның негізі ақиқатта, сол ақиқатқа жету жолында қажырлылық танытуды ескертті.
- Шәкәрімнің этикалық, ағартушылық көзқарастары негізінде «Үш анық» концепциясы қалыптасып, рухани ізденістерінің аумағы айқындалды.
- Алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі дүниенің бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен ондағы кездейсоқтықтың болмайтындығы. Яғни, ойшыл бұндай заңдылық пен үйлесімділіктің түпкі тамырында Құдай жатыр.
- Екінші ақиқат – ғылым ақиқаты, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды алды. Шәкәрімде жанның мәңгілігі рухпен айқындалмайды, оның түсінігіндегі рух ақыл-ой қасиеті.
- Ал жанның азығы ретінде үшінші ақиқат ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның ішкі рухани әлемі, онсыз адам жаннын елестету де мүмкін емес. Ұждан жанның азығы ретінде, адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Шәкәрім ар ілімімен қоғамдық дамытудың негізі мен оның дамуының жолын көрсетіп берді. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын оятып, оны жетілдіру арқылы мүмкін екендігін айқындады. Адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл, ағартушы ретінде өзіндік ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы ар ілімінде көрсетілгендей адамды ең басты құндылық ретінде тану болып табылады. Ойшылдың бұл ойы бүгінгі күннің де мәнді мәселесі екендігі анық. Осы тұрғыда ойшылдың ілімінің құндылығы адамның өзін-өзі тәрбиелеу, мүмкіндіктерін тек жағымды жағдайларға пайдалану, адам деген атқа сай өмір сүру, өзін-өзі жетілдіру, білім мен еңбек арқылы дүниенің кілтіне ие болатындығы туралы ойларынан көрінеді.
- Шәкәрім Құдайбердіұлының ұсынған ілімі гуманизм, ол адам жанын жетілдіру арқылы адамға қолайлы қоғам орнығатындығын, онда тек адами заңдар басшылыққа алынатын, қоғамның ең басты құндылығы адам болып табылатынын тұжырымдады.
Ол өзінің «Үш анық» еңбегінде берген ойы мына өлең шумақтарымен жеткізілген:
Еңбекпенен, өрнекпен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар өмір
Ар ілімі оқылса
Ол адам жолы дегеніміз адам баласына пайдасын тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді.
Анық бақ деп айтарлық
үш-ақ нәрсе бар:
Кірсіз ақыл, мінсіз
сөз, адал еңбек
Бұл үшеуі біріксе
сорды жоймақ,
Шын бақ осы деп бұған ақыл тоймақ.
Әдебиеттер:
1. Қасабек А. Қазақ философиясы. А.,1996
2. Касымжанов А.Х. Духовное наследие казахского народа. - Алматы, 1992.
3. Орынбеков М.С.
4. Сегизбаев О.А. Казахская философия XV - начала XX веков. – Алматы, 1996.
Қазақтардың ежелгі түркілік дәуірі кезеңінде дәстүрлі дүниетанымы болғаны мамандарға белгілі. Кез келген әлеуметтік немесе рухани құбылыстың мағыналық, мазмұндық, құндылықтық көрінісі жеке адам үшін немесе бүтіндей халық үшін құтты, қайырлы болмаса, онда оның өзіндік келбетінің әлеуметтік субъект үшін мәні де жоғалатыны анық. Бұл тұжырымдар өз кезегінде өткен тарихи кезеңдердегі және қазіргі таңдағы әлеуметтік үдеріске, әлеуметтік практикаға берілген жан-жақты және оңды аксиологиялық сипаттама болары сөзсіз. Қазақтың ділін жақсы түсінетін адам оның ұлттық дәстүрінде материалдық құндылықтарды иеленуге ұмтылушылық, оның қызығына дәнігушілік пен құнығушылық сияқты әдеттерді халқымыз өзінің қоғамдық санасында дәріптемейтіндігін байқатты. Сондықтан да болар, мұсылмандық дүниетаным арқылы келген «қанағат», «төзімділік», «сабыр», «тәубе» сияқты терең мағыналы ұғымдар халқымыздың әлемді түсіну көкжиегіне үйлесімді сіңісіп кеткені көрінеді. «Қанағат қарын тойғызар» деген халқымыз әрбір нәрсенің, әрбір құбылыстың өз мөлшері, үйлесімділікке сай келетін өлшемі болады деп түсінген. Олар халықтың дүниетанымында диалектикалық, әдіснамалық, логикалық, экзистенциалдық түсініктердің қалыптасқандығын білдіретін әлемге қатынастардың болғанының дәлелі. Бұл жағынан алғанда сан ғасырлық бай дәстүрлі тарихы бар Шығыстың даналығын қордалаған қытайлықтардың құндылықтық бағдарларымен біршама ұқсастығымыз да бар деуге болады. Ал енді басқа халықтардың әлеуметтік тіршілігіндегі онтологиялық тіректі рухани дүниенің әртүрлі салаларынан таба біліп (жапондар эстетикадан, римдіктер құқықтан, гректер философиядан, қазақтар этикадан, парсылар поэзиядан және т.б.), басқа салаларды сол жүйені тұтастандыра құраушы элементтері ретінде қарастыруы шын мәнінде жалпы өмірдің терең құпиялы мәнін философиялық тұрғыда ашады.
Шынтуайтына келгенде, түркі бабаларымыздың даналыққа толы құштарлығы мен тұжырымдары тек қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы түркі тілдес халықтарға, бүкіл түркі әлеміне, одан кеңірек алсақ, барлық адамзат баласына рухани бағдар болып табылады. Сонау Орхон-Енисей жазбалары мен Абайдың кісілік философиясы, Шәкәрімнің ар-ұят, ұждан философиясы аралығында игерілмеген, өзінің толық философиялық тұжырымдамасын жеткілікті деңгейде ала қоймаған дүниелер әлі де жеткілікті. Мәселен, халықтың діни сенімдері мен ұлттық ділі арасындағы өзара астарласу мәселесі өзінің тыңғылықты философиялық зерделеуін алуға тиісті мәселелердің қатарына жатады. Қазақтың әлемді қабылдауы батыстық үлгілерден айырықша ұстындарға негізделген. Бұл да өзінше философиялық зерделеудің түрі. Ол даналықты, саз бен сөзді жоғары қоюшы жүйе десе де болғандай. Ал қазақ халқының даналық тағылымдары аталған тарихи үлгіні, мәдени парадигманы сабақтастықпен жалғастырып келе жатқан бірегей мәдениет болып табылады.
Қазақ халқының жоғары кісілік және тұлғалық философиялық мәдениетіне мән беріп, назар аударған ғалымдардың көбісі халықтың дәстүрлі дүниетанымында «көркем образдар» әлемі үстемдік ететінін байқайды. Шыныменде, қазақтар әлемді ұғымдық мағынада шегелеп көрсетуден гөрі, көркем бейнелермен астарлап өрнектегенді қалап келген халықтардың қатарына жатады. Оның бұл ерекшелігі оның кемшілігі болып есептелмейді, керісінше, ақынжанды халықтың арманшылдығын, ақкөңілділігін және даналығын білдіреді. Дегенмен, сан ғасырлар бойы ділге әсер еткен ауыр психологиялық соққылар мен саяси қыспақтар бұл ерекшелікті біршама көмескілеп, тұмшалап тастағаны байқалады.
Бұл тұжырымнан
тілді оның материалды жағы алғашқы негіз
болып табылатын құбылыс ретінде қарастыру
қажеттігі туралы әдістемелік принцип
шығады. Әрбір тіл сол тілдің иесі болып
табылатын халықтың материалдық болмысымен
тығыз байланысты. Сондықтан, қазақ тілін
оқыту барысында тілді үйрену ең әуелі
қазақ халқының өмір сүру тәсілімен, шаруашылығымен
терең танысудан басталуы тиіс. Қазақ
халқының дүниетанымы, тілі көшпелі өмір
салтымен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте
көшпелі өркениет туралы ортақ түйін-тұжырым
жоқ. Европоцентризм көшпелі мәдениет
туралы жағымсыз пікір қалыптастырғаны
белгілі. Шындығында, салмақты сараптау
жүргізсек, көшпелі өмір салтының ерекшеліктері,
мәдени-шығармашылық потенциалы өте мықты
екендігін және оның қазақ дүниетанымының
басты ұғымдарының, ұлттық тілінің қалыптасуына
негіз болғанын көреміз. Философия ғылымдарының
докторы, профессор Б.Ғ.Нұржановтың пікірлеріне
сүйене отырып, қазақ халқының көшпелі
өмір салтының мынадай сипаттарын атап
көрсетуге болады:
1. Көшпелі қазақ халқы
табиғатпен біртұтас, «адам-дүние» парадигмасын
ұстанып өмір кешті және осы ерекшелік
айқындаушы болды.
2. Көшпелілік қозғалыспен
тығыз байланысты, ал, қозғалыс жетілгендікке,
жаңаруға үздіксіз ұмтылыс.
3. Көшпелілік өмір
салтына практикалық сипат береді.
4. Көшіп-қону, ұзақ
жол қазақтардың бойында шыдамдылық, өзара
түсіністік, қамқорлық, ұйымшылдық, тәртіптілік
және тағы басқа адамгершіліктік қасиеттерді
тәрбиеледі.
5. Отырықшылықта билік,
еркіндікке ұмтылу мәселесі туындайды,
ал, көшпелі қоғамда адамдардың арасындағы
қатынастар салт-дәстүрлер арқылы басқарылып,
реттеліп отырды.
6. Көшпелі өмір кеңістігінің
шексіздігі ерекше мәдениеттің, өнердің,
шығармашылық шабыттың шарықтауына негіз
болды.
Қазақ халқының көшпелі
өмір салты оның дүниетанымы мен тілінің
негізі болғандығын белгілі неміс философы
Мартин Хайдеггердің «Тіл – болмыстың
үйі» деген тұжырымы да дәлелдей түседі.
Оның тіл философиясын қазақ тілімен байланыстырып
зерттеуді әлі де болса қолға алмай жатқанымыз
жасырын емес. Хайдеггердің тіл туралы
ойлары халқымыздың сөз өнерінің керемет
құндылықтарын тереңірек ашуға жақсы
негіз болар еді. Мысалы, Хайдеггер болмыс
тек тілде ғана беріледі деп есептейді
және қарапайым, күнделікті тілде емес,
поэзия тілі мен философия тілінде. Оның
пікірінше, тіл адамнан күшті, тіл – сөйлеуге
мәжбүрлеу. Ақын емес, музалар ол арқылы
сөйлейді, ойшыл өзінің ойы арқылы емес,
болмыстың естілген даусы оның ойын бағыттап
отырады (бұл ой қазақтың «арқасы бар»
деген сөзін есімізге салады – Г.Н.). Тіл
кеңістікке жол ашады, бұл кеңістіктің
ішінде адам болмыс пен оның талаптарына
сай келуге қабілетті. Осындай философиялық
ұстанымдар қазақ тілін үйренуге ниеттенген
адамды қазақ халқының және оның өмір
салтының қайталанбас ерекшеліктерін
түсінуге бағытталған ынтасын арттырып,
оның санасында «болмысы ерекше халықтың
тілі де ерекше болады» деген ойды қалыптастыратыны
күмәнсіз деп ойлаймыз. Осы тұжырымға
байланысты екінші бір атап көрсететін
нәрсе – қазақ тілінің дамуы оған сәйкес
болмыстың қалыптасуымен тығыз байланысты.
Өкінішке орай, біз қазір осындай толық
қазақы болмысты жасай алмай отырмыз.
Қазақ тілі биліктен
Табиғат әлемі адамдардың мақсаткерлік қызметінің барысында адам әлеміне айналады. Енді қажеттіліктің „темірдей ерік-жігерін” талап ететін табиғи
заңдылықтар емес, адамдардың ерікті қызметі шешуші рөл атқарды. Олар сыртқы жағдайлардың детерминациясы сияқты емес, бостандық заңы бойынша әрекет етті.
Мүліктік теңсіздікке негізделген қоғамдық құрылыстың ұйымдасуы материалдық өндіріс процесінде танымдық баға беру жағдайларының енгенін көрсетеді. Осының өзі жалпы алғанда кейіннен тіршілік етудің дүниетанымдық бағдарына жеткізеді. Қоғамдық санада олардың өзі-ақ әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары, салты, дағдысы ретінде қалыптасады да, адамдардың қауымдастығының, сондай-ақ қазақтың арғы тегінің де өмір сүруін реттеп отырды.
Көшпенді үшін кеңістіктің кең немесе тар болуы аса маңызды емес, ол өзінің жайлылығымен және қажеттілікті өтеуімен пайдалы әрі қолайлы. ¥лы дала осындай қажеттілікке сай мекен болды. Сондықтан да Жетісу қазақтарының ата тегі (түп қазық) „жазды Бұлғар аймағында (Волга - Еділ ) өткізді, ал қыста Баласағұн аймағын мекендеді” (Ибн ал-Асир. Хроника. 1863. Т. IX // История Казахской ССР. Т ІІ..1979, 22 - бет). Әрине, қазір Шудан Еділге дейінгі көш жолы ұғымға сыймайды, бұның шындыққа жақындығы да күмәнді. Әйтсе де бұл көштің ауқымы мен қашықтығы ой салады. Әдетте көш жолының қашықтығы мың шақырымға дейін жетсе керек. Бұл жағдайда малдың негізгі түрі жылқы болғаны шүбәсіз. Баласағұн былай деп жазды: „Олар табындаған жылқы бағады. Жылқыны тамаққа, сусынға, мініске пайдаланады, айғырлар мен биелер, сондай-ақ жүк артар жылқы солардан келеді. Қымыз, сүт, жүн, май, ірімшік және құртты тамаққа, киімге және үй жабдықтарына қолданады.”
Аса маңызды философиялық категориялардың бірі уақыт ұғымы болып табылады. Қоғамның біртіндеп дамуымен, тайпаның тарихи есінде қалған жекелеген құбылыстар мен
белгілі бір оқиғаларға байланысты адамдарда уақыттың сезінуі ояна бастады. Жұт, аштық, оба, мал індеті, соғыс т. б. сияқты табиғи және стихиялы апаттар адамдар санасында өз ізін қалдырып, белгілі бір уақыт қарқынының анықтамасы ретінде қызмет атқарды. Әйткенмен, бұл дамыған уақыт ұғымын ауыстыра алмады. Өнім жинаумен, аңшылықпен, жабайы егіншілікпен айналысқан тайпалар уақыт ұғымын түсіне алмады, уақыттық ингреденттерді ғана сезімдік заттармен байланыстырды. Уақытты түсінушілік жекелеген адамдар үшін ғана мәні болғанымен әлемдік жаратылыстың өтпелі компоненттерімен берік байланыста болды.
Л.Н.Гумилев былай деп жазды: „Халықтың әл-ауқат жағдайын анықтайтын, классификация үшін аса ыңғайлы индикаторлардың бірі этникалық сананың (әрбір халықтың) уақыт категориясына қатыстылығы болып табылады” (Этнос и категория времени// Доклады отделении и комисии географического общества СССР. Л., 1970, 145-бет ). Бұл тұрғыда алғашқы көшпенділер іргелес халықтарға қарағанда неғұрлым дамыған уақыттық сезімдерге ие болды. Алыс көш жолдары, бай жайлау мәселесі, су бастаулары, жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгерістері, басқа да көптеген себептері көшпенділерді уақытты қандай да бір абсолют деп түсінуге мәжбүр етті. Оған аптап ыстық, жайылымдардың күйіп кетуі, өткел бермес сең, көктемгі алғашқы балауса шөп, күзгі сарғайған шөп, суаттардағы қабыршақ мұз, қардың түсуі және оңтүстікке, жылы жаққа, күнгейге көшудің қажеттілігі уақытқа тәуелді болды.

- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы қалыптасуы
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы
- Қазақ философиясы