Азамат
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Құқық негіздері пәні бойынша
№2 Семестрлік жұмыс
Тақырыбы: «Отбасы құқықтық қатынастарының субъектілері»
Есиркегенов Н.Ж
Алматы 2012
Жоспар
Кіріспе
1. Ата-аналардың қамқорсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.
2. Бала асырап алудың күшін жою.
3. Бала асырап алуды жарамсыз деп тану.
4. Қорғаншылык және қамқоршылық.
5. Ата-ана құқығынан айыру тәртібі.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кірспе
Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алуыдың өзгеде нысандарынан туындайтын мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын ныңайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Некеге, отбасыға балалардың асырап алу, оларға қамқорлық жасау, ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру және т.б. осы сияқты қатынастарды 17 желтоқсан 1998 жылы қабылданған ҚР Неке және отбасы туралы Заңдары реттейді.
Отбасылық құқықтық қатынастар – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар. Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілері: ерлі-зайыптылар, балалар, басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары, заңмен белгіленген басқада адамадар.
Бұл жұмыста ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары жайлы, яғни балаларды асырап алушылар қорғаншылар мен қамқоршылар, патронаттар, асырап алудың Неке және отбасы Заңнамасы туралы қалай жүзеге асатыны, сонымен қатар ата-аналарды ата-ана құқығынан айыру туралы қарастырамыз.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің негізгі нысандары, баланы асырап алу және оларға қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу болып табылады.
Бала асырап алу бұл дегеніміз тегі жағынан бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ адамдардың арасында ата-аналар мен балалардың арасында болатындай құқықтық қатынастар орнату болып табылады.
Бала асырап алудағы мақсат
– ата-анасы жоқ, отбасының қамқорлығынсыз
қалған, материалдық жағынан
Бала асырап алу асырап алушының сотқа берген арызы бойынша жүзеге асырылады. Баланы асырап алу үшін баланың туған ата-анасының (егер олар тірі болса) келісімі қажет. Заң ата-аналардың екеуініңде және ажырасуларына байланысты балалармен бірге тұрмайтындарының да келісімінің болуын талап етеді. Бала асырап алу үшін неке және отбасы туралы Заңның 82-бабында көрсетілген басқа да адамдардың келісімі қажет.
Бала асырап алу үшін ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе белгілі бір тәртіп бойынша әрекетке қабілетсіздігі анықталған, сондай-ақ бала асырап алудың алдында бір жыл бойы олардың тұрағы туралы еш хабар болмаса, ата-аналардың келісімі талап етілмейді. Сондай-ақ бала асырап алу үшін алты айдан астам уақыт балаларымен бірге тұрмаған және ешқандай негізсіз балаларын бағып күтуге, тәрбиелеуге араласпай отырған ата-аналардың келісімі де міндетті емес («Неке және отбасы туралы» Заңның 83-бабы).
Бала асырап алушының отбасында баланың өсуіне, тәрбиеленуіне және білім алуына жағдайлар болғанда ғана бала асырап алуға рұқсат беріледі.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 80-бабына сәйкес екі жыныстыңда кәмелетке толғандары бала асырап алуға құқылы, бала асырап алуға тек мыналарға тыйым салынады:
- Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар.
- Сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптылар.
- Сот арқылы ата-аналық құқықтарынан айырылған немесе сот ата-аналық құқықтарын шектеген адамдар.
- Өзіне заңмен жүктелген міндетті тиісіншще орындамағаны үшін қамқоршылық міндеттерден шеттетілген адамдар.
- Егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдар.
- Денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Бір-бірімсн некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына болмайды.
Некеде бар адамдар
бала асырап алғанда оның біреуі ғана
со-ған тілек білдірсе, онда бала
асырап алу үшін екіншісінің келісімі
қажст. Мұндай келісім жазбаша түрде
жасалуы керек Егер, ерлі-зайыптылар
іс-жүзінде некелік
Кәмелетке толмаған балаларға қатысты жағдайда ғана солардын мүддесі үшін бала асырап алу жузеге асырыла береді. Он жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі кажст ("Неке және отбасы туралы" Заңның 84-бабы).
Бала асырап алу жөніндегі шешімде асырап алынатын баланың аты, әкссінің аты, жөні, тегі жөнінде мәліметтер болуы тиіс. "Неке және отбасы туралы" Заңның 86-бабына сәйкес жеке адам туралы бұл мәліметтер негізінен бұрынғыша сақталуға тиіс. Әдетте асырап алушының тілегі бойынша бұған кейбір өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Сонымен балаға жаңа есім беру асырап алушының еркімен жүзеге асырылады, ал оның әкесінің аты мен тегі асырап алушының аты мен тегіне қарай белгіленеді. Егер асырап алушы әйел болса, онда асырап алынушының әкесінің аты асырап алушының айтуымен қойылады.
Бала асырап алу, бір жағынан, асырап алынушы мен оның ұрпақтарының, екінші жағынан бала асырап алушы мен оның туыстарының арасында заң бойынша тегі бір туыстар арасында белгіленетін барлык құқықтық қатынастардың қалыптасуына қол жеткізеді ("Неке және отбасы туралы" Заңнын 89-бабы). Бала асырап алудың (қыз асырап алудың) құпиясы заңмен қорғалады.
Бала асырап алудың күшін жою.
Баланы тәрбиелеп, бағуға жағдай жасауға қол жеткізілмесе, онда бала асырап алудағы мақсаттың орындалмағаны. "Неке және отбасы туралы" Заңнын 95-бабы, егер бала асырап алушы бала тәрбиелеу жөніндегі өзінің міндеттерін тиісіншс орындамаса, балаға қамқорлық жасамаса, ата-аналық құқықтарынан айырудың түрлі себеп-салдарларына сай келетін басқа да негіздер бойынша, егер мұны баланың мүддесі талап етсе, онда шын мәнінде бала асырап алудың күшін жою шараларын белгілейді. Бала асырап алудың күшін жою тек сот арқылы жүзеге асырылады.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану.
Заң бала асырап алудың күшін жоюдан басқа, бала асырап алуды жарамсыз деп тануды да қарастырады. "Неке және отбасы туралы" Заңның 92-бабына сәйкес бала асырап алу мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1.асырап алу туралы шешім жалған құжаттар негізінде қабылданғанды;
2. заң бойынша міндетті болеа да бала асырап алу ата-аналардың келісімінсіз жасалғанда;
З. некеде тұрған адам жұбайының келісімінсіз бала асырап алғанда (қыз асырап алғанда);
4. заң бойынша бала асырап алуға құқығы жоқ адамдар бала асырап (қыз асырап) алғанда.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізіледі.
Қорғаншылык және қамқоршылық.
Қорғаншылық пен қам-қоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен айырылған адамдардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Қазақстан Республикасының
Заңдарымен қорғаншылық пен қамқоршылықтың
мынадай түрлері қарастырылған:
1) кәмелетке толмаған балаларға
қорғаншылық пен қамқоршылық
жасау; 2) психикалық аурулардың салдарынан
немесе ойлау қабілетінің төмендігінен
сотпен әрекетке қабілетеіз деп танылған
адамдарға қорғаншы болу; 3) әрекетке
қабілетті, бірақ күшқабілетінен айырылған
адамдарға өздерінің айтуы
Кәмелетке толмағаңдарға қорғаншылық пен қамқоршылық жасау баланың ата-анасының ауыруы, қайтыс болуы, олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуы салдарынан, немесс басқа да себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін белгіленеді. Қорғаншылар мен қамқоршылық жасаушылар тәрбие меселесімен қатар, балалардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауды да жүзеге асырады. Қорғаншылық жасау 14 жасқа дшінгі балаларға, ал камқоршылық ету 14-тен 18-ге дейінгі жасөспірімдерге белгіленеді.
Псикикалық аурудың салдарынан
немесе, ақыл-есінің кемдігінен өз іс-әрекетіне
жауап беретін азаматтарға
Ал, әрекетке қабілетті және
өзінің іс-қимылына жауап бере алатын,
бірақ күш-куаты жоқ
Мұндай адамдарға қамқоршылық
жасау тек қана олардың арызы
бойынша белгіленеді. Өздерінің
құқықтары мен міндеттерін
Спирттік ішімдіктерге немесе
есірткі заттарға салынуы салдарынан
әрекетке қабілеттілігі сотпен шектелген
адамдарға қамқоршылык
"Неке және отбасы
туралы" Заңның 107-бабы қандай
да бір азаматты (адамды) әрекетке
қабілетеіз немесе әрекет
Қорғаншылық пен қамқоршылықтың
құқыктық режимі бір-бірінс сәйкес келмейді.
Заңды әрекеттерді өз бетінше
жүргізе салмайтын адамдарға
қорғаншы белгіленеді, сондықтан қорғаншы
қорғаншылыққа алынғандардың
Қорғанышы немесе қамқоршы
болатын адамдар қамқорлыққа
алынатындардың келісімімен ғана белгіленеді.
Қорғаншы мен қамқоршылыққа ббірінші
кезекте қамқорлыққа
Егер қамқорлыққа
Қорғаншы немесе қамқоршы
бола алмайтындарға мыналар жатады:
18-ге толмаған, әрекет қабілетсіздігі
сот арқылы анықталған немесе әрекет
қабілеттілігі шектелген
"Неке және отбасы
туралы" Заңның 112-бабы 2-тармағы қорғаншы
және қамқоршы адамдарға
Қорғаншы және қамқоршы болу
жөніндегі міңдеттер тегін
Қамқорлыққа алынушылардың
қаражат жағдайы болмаған кезде
қорғаншы және қамқоршы органдар оларды
бағып, күтуге арналған жәрдем төлеуді
белгілеулері керек. Қорғаншылық жасаушылар
қамқорлыққа алынушылардың
Қамқоршылық жасаушы адамдар мәмілені өз бетінше жасай береді, бірақ бұл ретте қамқорлыкқа алынушылардың келісімі қажет, онсыз келісім заңсыз деп табылады.
Кейбір мәмілелерді
Қорғаншылардың және қамқоршылардың әрекетіне кез келген адам қамқорлыкқа алынушының мүдделеріне сай қорғаншы және қамқоршы органға не оның тұрғылықты жері бойынша шағым жасай алады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 117-бабы).
Қорғаншылық және қамқоршылық жасаушы адамдар ауруға шалдығуына орай немесе басқа да себептермен кызметтерін атқара алмай тын болса, өздерінің өтініштері бойынша бұл міндеттен босатылады.
Өзінің өкілеттігін теріс пайдаланған жағдайда қорғаншыны (қамқоршыны) қорғаншы және қамқоршы орган міндетін орындаудан босатуы мүмкін.
Заңда қарастырылған шарттар
көзделген мақсат үшін орындалмаса,
мысалы баланы басқа біреу асырап
алатын болса, онда қорғаншылық пен
қамқоршылық жасау тоқтатылады.
Кәмелетке толған, әрекетке қабілетті
адамдарға (мүгедектер, жасы келген адамдар)
қамқоршылық жасау олардың
Заң жекелеген жағдайларда
қорғаншылық пен қамқоршылық
жасауды патронат нысанына да белгілейді.
Патронат деп баланы тәрбиелеуге
алуға тілек білдіруші адам мен
қорғаншы және қамқоршы органдар арасында
жасалған келісім бойынша баланың
сол отбасындағы азаматтың
Патронат тәрбиешілер тәрбиеге алынған балаға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты құқықтар мен міндеттерге ие болады және оларға да осылармен бірдей талаптар қойылады. Патронат тәрбиешілер сңбегіне қарай ақы алуға, қорғаншы және қамқоршы органдардан кемек сұрауға, тәрбиелеуге алынған балалар санына қарай жеңілдіктерге ие болуға құқылы ("Неке және отбасы туралы" Заңның 119-123-баптары).
Ата-ана құқықтарынан айыру.
Егер ата-аналар (олардың біреуі):
- ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтарса;
- өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;
- өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;
- балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;
- заңдарда белгіленген төртіп бойынша маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.
Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін («Неке және отбасы туралы» Заңның 67-бабы).
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде бала тәрбиелеу құқығынан, баланың мүддесін қорғау мен оның атынан өкілдік алу, баланы бөтен адамдардың қысымынан қорғау, кәмелетке толған балаларынан алимент алу, олар қайтыс болған жағдайда зейнетақымен қамтамасызетілу, балаларының мүліктерін мұраға алу құқықтарынан айырылуға және т.б. әкеп соғады («Неке және отбасы туралы» Заңның 69-бабы).
Ата-ананың бірі ата-ана құқықтарынан айырылған кезде бала оның екіншісінің қарауына беріледі. Ал, ата-аналардың екеуін де атаана құқығынан айырғанда бала қорғаншы және қамқоршы органдардың қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқығынан айыру оларды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.
Ата-ана құқығынан айыру айыру ұзақ мерзімге белгіленеді. Сонымен бірге балалардың мүддесін қажет ететін болса, заң ата-ана құқықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру тек сот шешімімен жүзеге асады. Сот мұндай істі қараған кезде ата-аналардың мінез-құлқы, тұрмыс салты өзгергенін және олардың балаға дұрыс тәрбие бере алатынын ескере отырып шешім қабылдауға тиіс. Егер баланы басқа біреу асырап алған болса және асырап алудың күші жойылмаса, сондай-ақ ол жарамсыз деп танылмаса, онда ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге болмайды («Неке және отбасы туралы» Заңның 70-бабы).
Неке және отбасы туралы жаңа Заң ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айырумен бірге оларды құқықтарынан айырмай-ақ, оны шектеу мүмкіндіктерін де қарастырады («Неке және отбасы туралы» Заңның 71-73-бабы).
Қорытынды
Қорытынды жасайтын болсақ, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін ҚР Неке және отбасы туралы Заңында бекітілген талаптарға сай келу керек. Балаларды асырап алу жөнінде Неке және отбасы туралы Заңның 80-бабына сәйкес шарттарында көрсетілгендер, кәмелетке толған адамдардан басқаларға, бала асырап алуға шектеулер бар. Заң бала асырап алудың күшін жоюдан басқа, бала асырап алуды жарамсыз деп тануды да қарастырады. "Неке және отбасы туралы" Заңның 92-бабына сәйкес бала асырап алу осы бапта қарастырылған жағдайларда жарамсыз деп танылады. Қорғаншылық пен қам-қоршылық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен айырылған адамдардың жеке және мүліктік мүдделерін қорғау үшін белгіленеді.
Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде бала тәрбиелеу құқығынан, баланың мүддесін қорғау мен оның атынан өкілдік алу, баланы бөтен адамдардың қысымынан қорғау, кәмелетке толған балаларынан алимент алу, олар қайтыс болған жағдайда зейнетақымен қамтамасызетілу, балаларының мүліктерін мұраға алу құқықтарынан айырылуға және т.б. әкеп соғады («Неке және отбасы туралы» Заңның 69-бабы).
Ата-ананың бірі ата-ана құқықтарынан айырылған кезде бала оның екіншісінің қарауына беріледі. Ал, ата-аналардың екеуін де атаана құқығынан айырғанда бала қорғаншы және қамқоршы органдардың қамқорлығына беріледі.
Ата-ана құқығынан айыру оларды өз баласын асырау міндетінен босатпайтынын есте ұстау керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Ғ.Төлеуғалиев.Қазақстан Респуб
ликасының азаматтық құқығы. 1-том.-Алматы 2001ж. - С.Д.Баққұлов.Құқық негіздері.-Алматы 2004ж.
- Ғ.А.Жайлин. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ерекше бөлім.1,2-том.Алматы 2003ж.
- Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы 2003ж.
- Қ.И оспанов. Құқық негіздері. Алматы «Жеті жарғы» 2006ж.

- Азамат кукык катынас субъектилери жане объектилери
- Азамат құқығы
- Азамат соғыс жылдарындағы Қазақстан
- Азамат соғысы
- Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы
- Азаматтардын касипкерлик кизмети
- Азаматтардың жазбаша жолдауы
- Аеродинаміка літаючої моделі
- Аерозольні лікарські форми
- Аеропорт «Бориспіль» – головні авіаційні ворота України. Історія і сучасність
- Ажарлау аспаптарының пішіндері
- Ажырасу салдары
- Ажыратқыштар. Олардың түрлері және жетектері
- Ажыратылған және тұрақтандырушы жүйелер