Азамат соғыс жылдарындағы Қазақстан
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Қазақстан азамат соғысы қарсаңында
2. Алашорда үкіметінің құрылуы
3. Қазақстандағы азамат соғысы
4. Қазақ зиялыларының
большевиктермен жүргізген келіссөзі
5. Қызылдармен ымыраға келмеген М.Шоқай
6. Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері
Қорытынды
Кіріспе
Бірінші дүниежүзілік соғыс та қазақ халқына аса ауыр азап әкеледі. Өйткені, жергілікті халықтан жиналатын алым-салық үш-төрт есе өсті. Аса бағалы тағам бидайдың пұты қырық сомға дейін қымбаттады. Соғысып жатқан әскерді азық-түлікпен, жылы киіммен қамтамасыз ету мақсатымен қазақ елінен мыңдаған бас қой, ірі қара, таңдаулы ат алынды, аяқ киім жиналды, киіз үй әкетілді. Мұнша мал-мүлік езгімен жаншылған жергілікті халықтың өзіне де қажет етеді. Енді ол аз дегендей 1916 жылғы 25 маусымда патша бодан халықтары майдан мен ішкі аудандарға қара жұмысқа шақыру жөнінде жарлық шығарды. Орыстар өлімге ұшырағанда неге бұлар сыртта қалады деген пиғылмен мұсылман халықтарының 19 бен 31 аралығындағы жігіттерін майдан шебіндегі окоп пен траншеяларды қазуға және тылда жолдар салуға, басқа да қара жұмысқа жегуге ұйғарды. Майданға миллиондаған қазақ, өзбек, қырғыз т.б. ұлттардың жастарын қаруландырмай, соғыс әдістеріне үйретпей аттандыру, оларды тірідей өлімге айдаумен бірдей еді. Бұл отаршылдардың бодан халықтардың санын азайта берудегі айда-шарғысының бір шырғалаңы болатын. Оған қоса, Ресей өзіне қарсы соғысып жатқан Түркияға мұсылман халықтарын қарсы қойып, оларды өзара қырқыстыру қиямпырыстығын да ойластырды.
Патша жарлығына сай ең әуелі соғыс барысында қираған әскери бекіністер мен қорғаныс қамалдарын қалпына келтіруге 391065 жігіт жіберілуі тиіс болды. Бұған барлық жерде бұқара наразылық білдіріп, ереуілге шығады. Кісі жібермеу антына қол қояды. Ежелгі жаумен белдесуге шыққан елдің бірі Жетісу жұрты болды. Столыпин реформасының әлегінен ата-баба қонысынан айрылып, қанаты қайырылған Жетісу сол 1916 жылдың жаз айларында ұлт-азаттық қозғалыстың туын тікті. Олар қарсылық қозғалысына қол жинап жатқанда қазақтардың ата қонысына орналасқан қара шекпенді мұжықтарды отарлау әкімшілігі қаруландырып үлгерді. Теміржол торабы арқылы Жетісуға бүкіл Түркістан өлкесіне жазалаушылар қосыны келіп жетті. Ойдым-ойдым көтеріліске шыққан халықты патша жазалаушы қосындары қанға бөктірді. Көтерілісті бастаушылар Жәмеңке мен Ұзақ аяусыз жазаланды. Ал абақтыдан қашуға әрекет жасады айыбымен 59 адам атып өлтірілді. Қырғын хабарын естіген бес мың қарқаралықтар тамыздың ортасында жендеттермен шайқасып, жазаушылар қол астына қараған жәрмеңкені басып алады, бұл жерді қыркүйек бойына қолдарында ұстайды. Халық көтерілісін басу үшін патша әкімшілігі жеті атқыштар ротасын, бес қазақ жүздігін, үш ерікті әскери жасақ және 14 зеңбірек, тағы басқа қару-жарақ жөнелтеді. Сол қарулармен тек Қарқарада емес, бүкіл Жетісу облысында ойран салып, адамдарды қан жоса қылады. Тұрғылықты халықтың мал-мүлкін тағылықпен тартып алады. Қырып-жоюдан қашқан 300 мың адам Қытай жаққа жер ауып кетеді. Тек Албан руының он төрт болысындағы 12453 түтіннің 10163-і шекара асып кетуге мәжбүр болды. Жетісу көтерілісінің басшысы Бекболат Әшкейұлы Алматы жанында дарға асылды.
1. Қазақстан азамат соғысы қарсаңында
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда Орынбор қазақтары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкіл ресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917 ж. І (13) қарашасында Жетісу казактары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады.
1917
ж. қарашасында революцияға
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардиялармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж. Жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж. ІІ маусымында Семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.
Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін қайта құру жөніндегі күрес негізінен партизандық харекет түрінде жүргізіледі. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.
1918
ж. Жазында кеңес өкіметі тек
Жетісу мен Сырдария
2. Алашорда үкіметінің құрылуы
Жұмысшы-шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Міне, осындай жағдайда Бөкейханов пен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысы мен ұйымдастыруы бойынша 1917 ж. 5 — 13 желтоқсанда Орынбор қ-нда қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпы қазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе — кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша “Ұлт Кеңесін” құрып, оның аты “Алашорда” болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ казактар мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерін орталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918 — 19 ж. Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда Орынбор қазақтары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкіл ресейлік съезінің делегаты С.Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда да болды, 1917 ж. І (13) қарашасында Жетісу казактары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырады. Верныйға (қазіргі Алматы) кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсатымен ақгвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады.
1917
ж. қарашасында революцияға
1917
жылдың желтоқсанындағы екінші
жалпықазақ құрылтайы ұзақ
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардиялармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай, 1918 ж. жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро-Венгрияның тұтқын солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштермен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918 ж. ІІ маусымында Семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.
Алашорда жетекшiлерi Кеңес үкiметiмен байланыс жасауға тырысты. 1918 ж. наурызда Ж.Досмұхамедұлы және Х.Досмұхамедұлы Мәскеуге барып, В.И. Ленин мен И.В. Сталинмен келiссөз жүргiздi. Сондай-ақ, 1918 ж. сәуiрдiң басында Х.Ғаббасов Семейден төте желi арқылы ұлт iсi жөнiндегi халық комиссары Сталинмен байланысқа шықты. Келiссөз барысында Кеңес тарапынан 2-Жалпықазақ съезi шешiмдерiнiң мойындалуы, Алашорданың кеңес өкiметiн тануы, автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегi, бүкiлқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бiтiмге келу мәселелерi қозғалды. Автономияны кеңес тұғырына аудару жайында құрғақ уәделер болды. Ұзамай, кеңестiк билiк автономияның тек депутаттар кеңесi арқылы таптық негiзде берiлетiнi жайындағы қағидасын алға тартты. Сонда Алашорда мемл. құрылымын өз бетiнше жасауға мәжбүр болды, сонымен бiрге 1918 жылдың күзi мен қысында атаман А.И. Дутовпен, Самарадағы құрылтайшы жиналыс мүшелерi к-тiмен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сiбiр (Колчак) үкiметiмен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы алашорданың ұстанар бағытын айқындауды қажет еттi. Қазақ автономиясы өлкеде әлеум.-саяси негiзi жоқ кеңес өкiметiне қарсы ақтармен бiрге күреске шықты.
Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, Торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп Семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандарда кеңес өкіметін қайта құру жөніндегі күрес негізінен партизандық харекет түрінде жүргізіледі. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.
1918
ж. жазында кеңес өкіметі тек
Жетісу мен Сырдария
3. Қазақстандағы азамат соғысы
Антанта елдері үкіметтерінің меңзеуімен, Чехославак корпусы көмектесіп, Самарада – эсер-ақгвардияшыл үкімет – Комуч - құрылтай жиналысының комитеті, Омбыда адмирал Колчак басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарында қуылған атаман Дутов, 1918 ж, 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, Орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Азамат соғысы өршіп, етек алған, Қазақстан аудандарының көпшілігінде кеңес өкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш Орда Орынбордағы Дутовпен одақтасып, Омбыдағы Сібір уақытша үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен (Комуч) тіл табысып түсініп, Орал мен Сібір, Жетісу қазақтарымен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек болады. 1918 ж. Маусымында Алаш Орда үкіметі бірқатар жарлық шығарады, бұл жарлықтарға сәйкес алаш территориясында кеңес өкіметі шығарған күллі құжаттар, заң актілері түгелдей күшін жояды деп жарияланып, коммунистерді қуалау заңды деп табылды.
Алаш
орданың басшысы Ә.Бөкейханов Ә,Ермеков,
әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ.Тоқтамысов
үшеуі бірге 1918 ж. шілдесі мен тамызында
Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір уақытша
үкіметтері әскери ведомстволары өкілдерімен
кездесіп, Алаш Ордаға көмек беру және
оның қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер
жүргізді. Алаш Орда Батыс бөлімінің басшылары
Х. мен Ж. Досмұхамедовтар Комуч арқылы
Самарадан 600 винтовка мен пулемет алады
және таяу уақытта 2000 адамнан қазақ отрядын
ұйымдастыруға уәде береді, Торғай тобына
300 берданка мылтығы, 20 мың патрон, әскери
киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегімен
екі атты полк: біреуі - Қостанайда, екіншісі
– Ырғызда құрыла бастады. 1918 ж. тамызында
Семей қаласында құрамында 38 офицер мен
750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер
полкі ұйымдастырылды.
Қазақстандағы
қарулы тайталас Ресейдегі азамат соғысының
құрамды бір бөлегі еді. Сол себепті
де Қазақстан майдандарындағы
Азамат соғысы жағдайында Қызыл Армияны құру ісі де ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара бастайды. Бүкіл ресейлік Атқару Комитетінің 1918 ж. мамырдағы жарлығымен әскерге еркімен бару ісі жалпыға міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылады. 1918 ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды. Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік үйездері (Торғай мен Ырғыз) табан тірер негіз болды.
1919 ж. Степен Разин атындағы бірінші Орынбор қазақ полкі ұйымдастырылады. 1919 ж. сәуірі мен шілдесі арасында Орал қаласын қорғауға қазақ эксадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ полкі қайта құрылады.
Ақгвардияшыларға
қарсы күреске Қазақстан
4. Қазақ зиялыларының большевиктермен жүргізген келіссөзі
Қазақтың
бірінші ерекше дивизионы — 1919 ж.
21 наурызда Оралда құрылған әскери бөлімше.
Орал қаласы мен төңірегіндегі қазақ
ауылдарындағы жастардан
Байтұрсынов 1919 ж. наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды. Большевиктер үстемдігі тарихи шындыққа айналды. Ұлттық автономиядан не атымен қол үзу, не большевиктермен келіссөз жүргізу керек болды. Бұған дейін автономия төңірегіндегі кереғар пікірлерді үйлестіруге үнемі ұйытқы боп келген Ахмет Байтұрсыновқа бұл міндетті өз мойнына алуға тура келді. Ағарту ісіндегі, әдебиет пен ғылымдағы, әлеуметтік қызметтегі табандылығы, білімдарлығы, бірлікшілдігі арқасында түрікшілердің де, орысшылардың да, қазақшылдардың да, либералшылдардың да, тапшылдардың да алдында үлкен беделге ие айтулы қайраткермен келіссөзге большевиктер де пейілді болды.
Қайта бұл оқиғаның төңірегінде үлкен даңғаза жасауға тырысты... Ұлттық автономия идеясын су түбіне жібергісі келмеген Ахмет Байтұрсынов 1920 жылы кеңес мемлекеттік басшыларының тікелей қолқасымен Коммунистік партия қатарына өтуге мәжбүр болды, бірақ бір жылдан соң енжарлығы үшін шығып қалды. Ол мұндай қатерлі қадамға бармаса, тек қазақтардың ғана емес, күллі Түркістан халықтарының мемлекеттік дербестігі көктей солатын еді. Уақытында жасаған мәміле арқасында қазақтарға көпұлтты Ресей құрамында таптық негіздегі автономия берілді. Қалған Орта Азия халықтарына Түркістан республикасы құрамында автономия берілді. Кейін Қазақ автономиясы Ресейдің құрамынан шығып, дербес республика боп жарияланды. Оған Түркістан республикасының құрамындағы жерлер қайтып берілді. Сөйтіп, таптық негізде болса да, қазақ жері аумақтық тұтастығын қалпына келтірді. Қазақ халқының дербес мемлекеттікке қақылы екендігі заң жүзінде мойындалды. Бұның бәріне де Ахмет Байтұрсынов тікелей еңбек сіңірді. Ол үшін дұшпанның жаласына да, достың табасына да төзуге тура келді. Бұл шын мәнінде халқының алдындағы үлкен ерлік еді. Кейін біздің егемендік алып, тәуелсіздік жариялауымызға да сол жанқиярлықпен жүзеге асқан жағдай бірден-бір құқықтық негіз болды. Әрине, Ахмет Байтұрсынов өзі армандаған ұлттық-аумақтық мемлекетілікке қол жеткізе алмады. Бірақ біз қиял дүниесінде емес, нақты тарихи аяда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасыр басында өз тәуелсіздігі жолында қазақтардан кем күш жұмсамаған, бірақ шартты да болса, әлгідей мәртебеге қол жеткізе алмай қалған бауырлас халықтардың тағдыры өлге дейін дүдамал күйде екенін ұмытпауымыз керек. Ендеше, бұл тағдырымызға да тәубе деп, соның жолында аянбай еңбек еткен аяулы азаматтарымызды алғыспен еске алуымыз қажет. Солардың ішінде аузымызға алдымен Ахмет Байтұрсыновтың ілігуі әбден заңды. Өйткені ол бұл мақсаттың жолында мүмкін нәрсеге де, мүмкін емес нәрсеге де тәуекел ете білді.
1919
ж. 10 шiлдеде В.И.Ленин Қазақ
1919 жылғы шілдеде А. Байтұрсынов РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынов бұл тарихи кезеңде “патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық” деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п.). 1920 ж. В.И. Ленинге Кеңес үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады (қ. Байтұрсыновтың В.И. Ленинге хаттары). Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск обл-на қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсыновтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. Байтұрсынов 1920 ж. сәуірде РК(б) құрамына ену туралы арыз берді. Бірақ көп ұзамай 1921 ж. партия құрамынан шықты. Қайраткердің бұл шешімінің арғы жағында большевиктердің Қазақстандағы іске асырған шараларымен және алған бағытымен келіспеушілік жатқандығы даусыз болса керек. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920 — 21 ж. Қазақ АКСР халық ағарту комиссары қызметінде болды. 1922 ж. Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922—25 ж. Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынов түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген. 1921—25 ж. Орынбордағы, 1926—28 ж. Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
Кеңес өкіметі 1919 — 20 ж. Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешірімнен кейінгі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 ж. Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариаты коллегиясының мүшесі, 1922 ж. ұлттар істері жөніндегі Халық комиссариаты (Мәскеу) жанындағы Орт. баспаның ғыл. қызметкері, 1926 — 27 ж. Ресей ҒА-ның ғыл. қызметкері болды.
Дулатов Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде 1917 ж. Орынборда өткен 1- және 2-жалпықазақ съезіне белсене қатысып, “Алаш” партиясының бағдарламасын жазған. 1917 ж. Қызылжарда сот мекемелерінде, 1918 — 20 ж. Ташкент қ-нда Түркістан Республикасының “Ақ жол” газетінде қызмет атқарған. 1922 ж. Большевиктер жеңіп, Алашорда таратылып, енді Кеңес өкіметі жағына шыққан һәм елдегі ересен күрт өзгерістен кейін аз-кем демалып, ес жиған Жақаң 1920 жылы Ташкентке келеді. Сол кездегі Түркістан республикасының органы — "Ақ жол" газетіне қызметке орналасады. Бірақ ол жерде кешегі Алаш көсемдерінің бірі ретінде көзтүрткі бола бастады ма екен, кім білсін, көп тұрақтамай, қыр елін басып кері қайтады да, Семейге қарай бет алады. 1921 жылы сонда облыстық сотта істейді де, 1922 жылы қамауға алынады. Сөйтіп, бұдан 11 жыл бұрын патшалық тұсында жыл жарым отырған Семейдің түрмесіне тағы түседі. Бірақ бір тәуірі, бұл жолы көп отырмай, өзімен бірге ұсталған Әлихан Бөкейханов екеуі Орынборға жөнелтіледі. Онда барғаннан кейін екеуі де қамаудан босатылады.
1922 ж. 9 наурызда Семей қаласында қазақ зиялылары бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу үшін сенімді азаматтарды елге шығарып, шаруасы күйлі азаматтардан жылу ретінде мал жию керек деген байламға тоқтайды. Дулатов пен Ж.Аймауытов осы іске басшылық жасап, екі-үш айда 15 мың бас ірі қара жиып, ашыққан елді мекендерге жібереді.
Большевизм лидерлерінің ұлттық зиялы қауым өкілдерімен ымыраға келуге өздері құлық танытты. Өйткені соларға революциялық құрылыс пен ағарту жұмыстарын жүктемек болды. И.Сталин: «өзіміздің ісіміз үшін осы жергілікті зиялы топты аластаудың қажеті жоқ. Қайта оларды осы іске жегу керек». 1920 жылы РКП (б) ОК Қырбюро төрағасы В.Г. Юдовский 1920 жылы «Қырғыз интеллигенциясына қарап сап түзеңдер!» деген ұрандап және мемлекеттік құрылысты жолға қою негізінде уақытша болса да таптық көзқарасты ысыра қоюға тырысайық деп үндеу тастады.
Бірақ осы сөздердің астарында да зиялы қауымға деген сенімсіздіктің бар екенін большевиктер жасыра алмады. Мұндай пиғылды біз Сталиннің Ахмет Байтұрсынов туралы РКП (б) ОК хатшысы Е.Д. Стасоваға жазған қызметтік жазбасынан байқаймыз: «Мен оны революционер-коммунист деп санамймын, және ол бізге қол ұшын беретін адам деп те ойламаймын, дегенмен оның ревком мүшесі болуы қажет деп ойлаймын». Қазревкомға Алашордашылар енгеннен кейінгі қақтығыстардың өзі мұндай үрдістің бар екенін айқындайды. Мысалы, 1919 жылдың қазан айында большевик В.Лукашев пен А. Байтрсынов арасындағы орын алған қақтығыс нәтижесінде В.Лукашевтың амалсыздан Мәскеуге қайта кетуіне тура келді.
Бірақ «ұлтшылдар мен большевиктер» арасындағы уақытша ымыраға келу саясаты 1920 жылдардың алғашқы жартысында Кеңес өкіметінің нығая түсуіне мүмкіндік берсе, екінші жағынан елдің экономикалық жағдайының тұрақтануына жол ашты. Бұл алаш зиялыларының қазақ халқы алдындағы ең маңызды істерінің бірі. Олар осы жылдары Қазақ АССР-нің территориясының шекараларын ретке келтіруге мол еңбек сіңірді. Азамат соғысына олар әрине қазақтың сойылын соғу үшін алғашқыда қару алып қызылдарға қарсы шықты, бірақ таразы басы қызылдар жағында болғаннан соң амалсыздан большевиктермен тез арада келіссөздерге отыруға мәжбүр болды. Сөйткенімен де олар азамат соғысында бар мәселе саяси биліктің тек орыстар арасында жүріп жатқанын, ал жергілікті жердегі қаймана қазақтың онымен ісі шамалы екенін пайымдай білді. Және интеллектуалды жетілген, саяси күрестерде шыңдапған алаш зиялылары кеңестер үкіметінің өздерімен тек амалсыздан және уақытша ғана мұндай келіссөздерге келіп отырғандығын түсінді...
5. Қызылдармен ымыраға келмеген М.Шоқай
Өкімет басына Уақытша үкімет келген соң, оның басшысы А.Ф.Керенский М.Шоқайға министрдің портфелін ұсынады, бірақ Мұстафа бұл ұсыныстан бас тартады.
1917
жылғы Ақпан төңкерісі М.Шоқай
тобының Түркістанда біртұтас
Түркістан федерациясы
1917
жылдың наурызында М.Шоқай
1917
жылдың Қазан төңкерісін
1917
жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық
саяси партиялар мен
1918
жылдың қаңтарында қарулы
1920 жылы қызыл армия Грузияға келгенде, М.Шоқай Түркияға қоныс аударады, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады.
6. Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері
Қазақстанда құрылған алғашқы қызыл армия бөлімдері — 1918 — 20 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған Азамат соғысы жылдарында ұйымдастырылған ұлттық әскери құрамалар. 1919 жылдың бас кезінен жасақтала бастады. Ордада құрылған қазақ атты әскер полкінің құрамында 6 эскадрон, пулеметшілер командасы, кіші командирлер даярлайтын мектеп болды. Полк негізінен Қызыл Армия қатарына өз еркімен келген қазақ жігіттерінен жасақталды. Полкті ұйымдастырушы және оның тұңғыш командирі Мұхамедияр Тұнғашин, комиссары Бисен Жәнікешов болды. Жас командирлер арасынан Хамит Чурин, Шәкір Жексембаев, Жұмағали Сәрсенов, Ғұсман Әзірбаев, т.б. ерекше көзге түсті.
1919
— 20 ж. Қазақстанның басқа

- Азамат соғысы
- Азамат соғысы және социалистік құрылыстың басталуы
- Азаматтардын касипкерлик кизмети
- Азаматтардың жазбаша жолдауы
- Азаматтардың құқық қабілетгілігі
- Азаматтардың медициналық көмек алу құқығы
- Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері
- Ажарлау аспаптарының пішіндері
- Ажырасу салдары
- Ажыратқыштар. Олардың түрлері және жетектері
- Ажыратылған және тұрақтандырушы жүйелер
- Азамат
- Азамат кукык катынас субъектилери жане объектилери
- Азамат құқығы