Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................2

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының  құрылуы, негізігі ережелері,  қызметтері және құрылымы

1.1. Дүниежүзілік  сауда ұйымының пайда болуы....................................................4

1.2. Дүниежүзілік  сауда ұйымының негізгі ережелері  мен нормалары.................4

1.3. Дүниежүзілік  сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері...................................5

2. Қазақстан Республикасы  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар

2.1. Қазақстан  Республикасы және Дүниежүзілік сауда ұйымы...........................11

2.2. Дүниежүзілік  сауда ұйымы кірудегі іс –  шаралар, жобалар..........................11

2.3. Қазақстан  Республикасының ДСҰ-ға кіруі( SWOT-анализ).........................12

3. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі

3.1. Қазақстан  Республикасының ДСҰ-ға кіргендегі  жағдайы.............................13

3.2. Қазақстан  Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі қиыншылықтары........................................................................................................16

3.3. Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіруде пайда  болған қиыншылықтарды шешу жолдары......................................................................................................................18

Қорытынды.................................................................................................................20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................22  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

Кіріспе      

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткен уақыттан бері экономикасы түрлі жағдайларды бастан өткерді. Алайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білікті басқаруы мен жүргізген күрделі стратегиялық саясаты ұлттық экономиканы шұңқырдан биікке жетелеуде.     

Қазақстан бұдан әрі қарй даму үшін және экономикасын байыту үшін дүниежүзілік саудада орын табу керек. Қазақстанның дүниежүзілік саудада өз орнын табуы үшін алдымен ДСҰ-ға кіруі қажет. Бұл ұйымға кіруіміз үшін ДСҰ-ның барлық шарттарын орындауымыз қажет, бұл жайлы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008  жылғы жолдауында: "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" деп айтып өткен.

"Қазақстан  Дүниежүзілік Сауда Ұйымына тараптардың барлығына тиімді болатын, әрі біздің еліміздің стратегиялық және экономикалық мүдделеріне сәйкес келетін шарттармен кіруді көздейді. Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттермен келіссөздер аяқталды. Дегенмен, әлі бірқатар келісімдерге қол қою үшін келіссөздер жүргізуіміз керек. Осыған байланысты мен осыған дейін ең жоғарғы деңгейде уағдаластыққа қол жеткізген Америка Құрама Штаттарының, сондай-ақ, Еуропалық Комиссия өкілдігінің, Австралия, Үндістан және Моңғолия елшіліктерінің басшыларына мынаны айтқым келеді: - біздің елдеріміздің арасында орнаған жоғарғы деңгейдегі экономикалық және сауда қатынастарын ескере отырып, сіздердің үкіметтеріңіз Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру ниетіне қолдау білдіріп, екіжақты келіссөздерді келер жылдың басында аяқтайды дегенге сенемін."[1]      

Курстық жұмыс тақырыбының  өзектілігі: Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге байланысты проблемаларды терең зерттеу және маңызжы амалдар, шаралар қолдануды қажет ететін ел экономикасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне әсер ететін күніміздегі экономикалық құбылыс болып отыр. Бүгінгі күні Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру немесе өнеркәсібімізді дамытып ағаннан кейін кіру мәселесі зерттеу жүргізу өзекті мәселе болып отыр.     

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кірудің дайындығы үстінде екені баршаға мәлім. Қазақстанның беделді ұйымға кіруінің артықшылықтары мен қиыншылығы неде? Қазақстанның ДСҰ-ға кіргені дұрыс па? деген сұрақтарғажауап табу болды,  яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру барысындағы мәселерді қарастыру болды.

Мен курстық  жүмысты жаза отырып алдыма міндеттер  қойдым:

  • ДСҰ-ның атқаратын қызметі
  • ДСҰға кіру барысындағы қиыншылықтарды қарастыру.
  • Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі мәселелерін шешу

 

     Осы міндеттрді алдыма қоя отырып, курстық  жүмысымда жауап беруге тырысам.     

Курстық жұмыстың ақпараттық негізі Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары, шетелдік және отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет торынан  алынған ақпараттар.     

Зерттеу құрылымы - Кіріспеден, негізгі үш бөлімнен. қорытындыдан тұрады.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының  құрылуы

1.1. Дүниежүзілік сауда ұйымының  пайда болуы        

 Дүниежүзілік  сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық  сауда ережелерін либерализм  принциптеріне қарай реттейтін  халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан Уругвай кезеңінен бастап жұмыс істей бастады. Ол  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған Тарифтер және сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғасы болып табылады. ГАТТ механизмі саду дамуының қазіргі уақыттағы кезеңі үшін жетілдіріліп, жаңартылған болатын. Оған қоса, ГАТТ жүйесі, халықаралық ұйым бола тұрып шындығында бұл мәртебеге ие болған жоқ, ал Дүниежүзілік Сауда Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің арнайы мекемесінің заңды мәртебесіне ие блды. Алғашқы кезеңде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына 77 мемлекет кірсе, 2008 жылғы қазан айына байланысты соңғы мәлімет бойынша оған 153 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. Ол мүше елдердің санына қарай халықаралық ұйымдардың арасында Біріккен Ұлттар Ұйымынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие. Ұйымның соңғы мәліметтер бойынша 169 миллион швейцариялық франк шамамен 90 миллион АҚШ доллары. Бас штабының орналасқан жері Швейцария мемлекеті, Женева қаласы. Ұйымда 500 штатты жұмыскер қызмет етеді. Ол бас директормен басқарылады. [2]

1.2. Дүниежүзілік сауда ұйымының  негізгі ережелері мен нормалары     

     Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.

Дүниежүзілік  сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің үлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.

Дүниежүзілік  сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды. [3]        

 ГАТТ  пен Дүниежүзілік сауда ұйымы екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі басты принциптер - бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.

Төрт  негізгі элемент:

  • ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ);
  • ұлттық режим;
  • тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде  
    қолдану;
  • транспоренттік пен ашықтық.

Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелері басқа мүше елден импортталатын  тауарлар мен қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу, қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары. 

1.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы  мен қызметтері          

 Дүниежүзілік  сауда ұйымының жоғарғы органы  болып ұйымның барлық қатысушыларының  өкілдерін біріктіретін Министрлік конференция табылады. Конференцияның сессиялары Уругвай кезеңі келісімдеріне қатысты басты мәселелер бойынша шешімдерді талқылау мен қабылдау мақсатында екі жылдың ішінде кем дегенде бір рет өткізіледі. Бірінші конференция 1996 жылдың желтоқсан айында Сингапурда, ГАТТ/ДСҰ елужылдық қызметінің нә- тижелері талқыланған екінші сессия 1998 жылдың мамыр айында Женева қаласында өткізілген, Соңғы Министрлік конференция 2001 жылдың қараша айында Доха қ. (Катар) өткізілді, оның нэтижесінде көп жақты келіссөздердің жаңа кезеңі басталған болатын. Келесі конференция 2003 жылдың 10-14 қыркүйек аралығында (Канкун қ., Мексика) өткізілетін болады.

Дүниежүзілік  сауда ұйымы Министрлік конференциясы Сауда және даму жөніндегі комитетті, төлем балансын қамтамасз ету мақсатында шектеулер жөніндегі комитетті, Бюджет, Қаржылар және әкімшілік жөніндегі комитетті, сондай-ақ Қоршаған орта жөніндегі комитетті бекітеді.        

 Министрлік  конференция Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директорын тағайындайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Супачай Панитчпакди мырза. Бас директор Дүниежүзілік сауда ұйымы Хатшылығының бөлімшелерінің қызметкерлерін тағайындайды және олардың міндеттері мен Министрлік конференция бекіткен ережелерге сәйкес қызмет ету шарттарын анықтайды.         

 Қажет  болағанда, сессиялар арасында (жылына 8-10 рет) күнделікті және рәсімдеу  мәселелерін шешу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымы барлық қатысушыларының өкілдерінен тұратын Бас кеңес шақырылады. Оған қоса, Бас кеңес Дауларды шешу жөніндегі органның және сауда саясатын шолу жөніндегі органның қызметін реттейді. Бас директордың басқаруымен Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызметтер саудасы кеңесі және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелерін жөніндегі басқа органдар жұмыс істеуде. Тауарлар мен қызметтер саудасы жөнінлегі комиттің шеңберінде Келісмідер жөніндегі комитеттер мен келіссөздер жүргізетін топтар құрылған. Кеңестер мен комиттердегі мүшелік Дүниежүзілік сауда ұйымы кез келген мүшесі үшін ашық. Сонымен қатар, плюрилатералдық (көп жақты) келісімдерді жүзеге асыруды бақылау жөніндегі органдар қызмет етуде.

Дүниежүзілік  сауда ұйымында шешімдер консенсус  негізінде жиі қабылданады. Ол жоқ  болған жағдайда, басқасы белгіленбесе, шешім дауыстардың көпшілігі  негізінде қабылданады. Тауарлар, қызметтер, зияткерлік меншік, жүктеген міндеттіліктерден  босату жөніндегі Келісімдердің  ережелерін түсіндіру бойынша шешімдер дауыстардың көп бөлігімен қабылданады. Қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне әсерін тигізбейтін түзетулер, сондай-ақ жаңа мүшелерді қабылдау дауыстардың 2/3 бөлігін талап етеді (тәжірибе көрсеткендей, консенсус негізінде).        

 Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіру процессі  өзара байланысқан үш сатыдан  тұрады:

1. Қосылуға  жоспарлайтын елдің сыртқы сауда  режимін және оның Дүниежүзілік  сауда ұйымының көп жақты сауда келісімдерімен сәйкес келуін қарастыру.        

 Бұл төмендегідей  жолмен жүзеге асырылады: қосылуға  жоспарлайтын ел сауалнамалар  мен жауаптар барысында қарастырылатын  сыртқы сауда режимі туралы  меморандумын ұсынады, одан кейін  қосылу шарттарын белгілейтін  Жұмыс Тобының Баяндамасы мен  қосылу хаттамасы дайындалады.  Қосылудың осы сатысы көп жақты  негізде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүдделі мүшелердің қатысуымен жүзеге асырылады, әйткенмен, сыртқы сауда режимге қатысты кейбір мәселелер қосылуға жоспарлайтын және Дүниежүзілік сауда ұйымының жекелеген мүшелері арасындағы ресми емес екі жақты немесе көп жақты келіссөздерді талап етуі мүкін.        

 Қазақстанның  қосылуы жөніндегі келіссөздер  барысында төмендегідей салаларда  сауалнамалар туындайды:

- бағаны  түзетуді реттеу ережелері мен тәжірибесі;

- салықтандыру  жүйесі;

- жекелеген  экономикалық, ең алдымен ауыл шаруашылық салалардағы субсидиялар;

- шетел  инвестициялардың режимі;

- төлем  балансы;

- импорттың  кедендік тариф, сонымен қатар  кез келеген тарифтік преференциялар, кедендік баждар, тарифтік алымдар  саласындағы ескертулер, т.б.;

- қорғау  шаралары мен ұлттық өндірушілерді қорғау шаралары (антидемпинг және өтемдік шаралар);

- импорттық  лицензиялау;

- экспортты  реттеу;

- мемлекеттік  сауда кәсіпорындары;

- импорт  тауарларын стандартизациялау және  сертификациялау жүйесі, санитарлық  және фитосанитарлық шаралар;

- валюта  айырбастау;

- сыртқы  сауда жөніндегі статистика мен басылымдар;

- зияткерлік  меншік құқықтарын қорғау жүйесі.

2. Тауарлар  саудасы саласындағы міндеттіліктер  жөніндегі келіссөздер (ең алдымен  импорттық тарифтердің көлемін  азайту мен өзара үйлестіру  арқылы).

Осы келіссөздер  қосылуға жоспарлайтын елмен екі  жақты негізде басты сауда серіктерімен (әдеттегідей негізгі және ең маңызды экспортер) жүргізіледі. Тарифтік ауыл шаруашылық саласындағы арнайы босаңдықтарды (дәлірек айтсақ, нарыққа қол жеткізу, экспорттық субсидиялар мен ішкі қолдау шаралары) қоса, тарифтік босаңдықтардың тізбесі қосылу жөніндегі хаттаманың ажырамас бөлігі бола тұрып, РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерне таралады.

3. Қосылуға  жоспарлайтын елдің қызметтер  саудасы саласындағы міндеттіліктерді  жетілдіру жөніндегі келіссөздер  де екі жақты негізде жүргізіледі,  олардың нәтижесінде қосылу хаттамасымен  қоса ұсынылатын міндеттіліктер  тізбесі әзірленеді. Осы тізбе  РНБ негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының басқа мүшелеріне де таралады. Оған қоса, қосылуға жоспарлайтын елдің жекелеген елдер - сауда серіктері үшін РНБ алып тастауды келістіру мүмкіндігі бар.        

 ДСҰ-ға  қосылуға үміттенетін елдер үшін ең маңызды шарт – ұлттық сыртқы экономикалық қызметін реттейтін заңнамасы мен тәжірибесін  «Уругвай кезеңі» атты келісімдер жиынтығының ережелеріне сәйкестіру.        

 Соңғы  кезең қосылатын елдің заң  шығару органының кұжаттар пакетін  бекіту болып табылады.                     

 Кірудің мақсаттары мен міндеттері:         

 Дүниежүзілік  сауда ұйымының айқын ерекшелігі  өзара тиімді шарттар, ашықтық  пен ұйымға мүше елдердің теңдігіне  негізделген еркін сауда шараларын  камтамасыз ету мақсатында сауданың  халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.        

 Еркін  сауда саясатының шағын ішкі  нарығын иеленетін және кеңейтіліп  бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына  шығуды қажет ететін Қазақстан  үшін маңыздылығы анық. Халықаралык  құқығына негізделген және алдын  ала болжалатын Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.        

 Кез келген  елдің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады. Соның ішінде Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:       

   Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.         

 Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.

Қысқа мен  орта  мерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.        

 Қазақстанның  экспорттық тауарларына, ең алдымен  антидемпинг тексерістері барысында  қолданылатын сауда дауларына  қатысты ДС¥-ның режимі маңызды бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымы белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып, дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруге қатысуға құқықты иеленуді жоспарлай алады.        

 Сонымен  қатар, сыртқы экономикалық саясат  пен үкіметтер, Дүниежүзілік сауда  ұйымына мүше елдердің ниеттері  туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып, нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.

Оның  ішіне ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, кызметтер мен ішкі инвестициялардың ендірілуін белсендету нәтижесінде ұлттық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа стандарттарын ендіру жатады. Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу тауарлардың кеңейтілген қатарына қолы жетеді.        

 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігінен жоспарланатын нәтижелерге жету Қазақстанның осы ұйымға кіру шарттары және тауарлар мен қызметтер отандық нарығына шығуды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан жүктейтін міндеттемелердің деңгейіне байланысты.         

 Кіру барысының ағымдағы жағдайы.         

 Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру  жөніндегі келіссөздер негізінде  Дүниежүзілік сауда ұйымының  Женева қаласындағы Хатшылығында  Жұмыс Тобының мүдделі мүше  елдерінің қатысуымен жүйелік  мәселелер, ауыл шаруашылық мәселелері  жөнінде көпжақты отырыс түрінде, ал тауарлар мен қызметтер нарығына қол жеткізу мәселелері жөнінде екі жақты отырыс түрінде өткізілді. Келіссөздер барысында төрт негізгі бағыт талқыланды:

1 .Тауарлар  нарығына қол жеткізу жөніндегі  келіссөздер Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен бірлесіп, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылысымен, қолдану құқықтарын иеленетін импорттық кедендік баждарды үйлестірудің ең жоғарғы деңгейін анықтау мен келісуді қамтиды.

Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс Топ құрамына кіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының 36 мүше елінің қатарынан 15 ел, олардың ішінде АҚШ, ЕО, Жапония, Канада, Австралия, Швейцария ең маңызды бола тұрып, тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі екі жақты келіссөздер жүргізуде.         

 Қазақстанның тарифтік ұсыныстары төмендегідей негіздерді есепке алу нәтижесінде жетілдірілген:

Бірінші негіз - 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының мемлекеттік индустриалды-инновациялық дамудың бағдарламасы және 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасында белгіленген жоспарлар негізінде ұлттық экономиканың қысқа және орта мерзімді қорғалудың тиімді деңгейін қамтамасыз етудің қажеттілігі.

Екінші  негіз - Қазақстанның ЕурАзЭҚ-дағы мүшелігінің  шарттарын мүмкіндігінше есепке алу. Қазақстанның тарифтік ұсыныстарының негізінде салалық министрліктер мен отандық тауар өндірушілерінің ескертулерін есепке алумен жетілдірілетін импорттық кедендік баждарының бағамаларын үйлестіру деңгейлері жатыр.

2. Шетел  қызметтер жабдықтаушыларының қазақстандық нарыққа қол жеткізу шарттарын келістіру мақсатында қызмет нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөздер. Келіссөздердің негізін Қазақстанның қызметтер нарығына қол жеткізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау құрайды. Қазіргі таңда қазақстандық қызметтер нарығына қол жеткізу шарттары жөнінде келіссөздерді Жұмыс Тобының 8 мүше елі, атап айтқанда, Австралия, ЕО, Канада, Латвия, Польша, АҚШ, Швейцария, Жапония жүргізіп жатыр.        

 Қазіргі  уақытта Қазақстан қызметтер  нарығына қол жеткізу жөнінде  Біріккен Ұлттар Ұйымы Топтастырғышының 155 қызмет көрсету салаларының жалпы санынан 76 (немесе 49%) сала бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Қазақстандық экономикасы үшін тиісті қорғау дәрежесін талап ететін сезімтал қызмет көрсету салаларының тізбесіне қаржылық, құқықтық, сауда-саттық, көліктік, телекоммуникациялық, туристік, құрылыс қызметтері енгізілген.

3. Ауыл  шаруашылық жөніндегі көп жақты  арнайы келіссөздер. Күрделі табиғи-климаттық жағдайлармен, ескірген техника мен технологиялармен, тауарларды сату нарықтарына географиялық алыстығымен, теңіз жолдарына тікелей шығудың жоқтығымен сипатталатын Қазақстан үшін ауыл шаруашылық жөніндегі келіссөздер, Қазақстан халқының 44 пайызы ауыл түрғындары болғандықтан, әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды.        

 Қажетті  тарифтік қорғау деңгейін қамтамасыз  ету, ауыл шаруашылығының ішкі  қолдау көлемін және экспорттық  субсидиялардың дәрежесін қамтамасыз  теу мақсатында Жұмыс Тобының  мүше елдері ауыл шаруашылық  жөніндегі көп жақты келіссөздерді өткізуде. 

4. Жүйелі  мәселелер жөніндегі келіссөздер Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретінде міндеттіліктерін орындау үшін заң шығару және оны пайдалану саласында қолданылатын шараларды анықтау мақсатында өткізіледі. Келіссөздердің негізін жұмыс Тобының Баяндамасы құрайды. Аталған келіссөздер барысында экономикалық саясаттың, атап айтқанда, валюттік айырбастау мен төлем жүйесі, инвестициялық режим, мемлекеттік меншік пен жекешелендіру, баға түзу, бәсекелестік саласындағы саясат сияқты жүйелі мәселелері Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерімен талқыланады. Оған қоса, тауарлар мен қызметтер саудасына әсерін тигізетін саясатты жетілдіру және жүзеге асыру механизмі жөніндегі мәселелер қарастырылады.            

 Жоғарыдағы сызбада ДСҰ-ның құрылымы көрсетілген. Бірінші сатыда Министрлер конференциясы көрсетілген. ДСҰ – да жоғарғы деңгейдегі шешімдерді Министрлер конференциясы қабылдайды. Олар ең азы екі жылда бір рет жиналады.     

Министрлік  конференциясына бас кеңес бағынышты болады, ағымдағы жұмыстың орындалуына жауап береді және ВТО мүшелері өкілдерінің құрамымен Женевада штаб - пәтерде жылына бірнеше мәрте жиналады. Бас кеңес басқаруында екі арнайы орган болады: сауда саясатын талдау және пайда болған дауды шешуге бағытталған. Сонымен қатар бас кеңеске сауда және даму комитеттері; шек қоюлар, сауда теңдігімен байланысты; қаражатпен , қаржыға және әкімшілік сұрақтарға байланысты комитеттер есеп беруге тиіс.

Бас кеңес  иерархияның келесі деңгейдегі үш кеңеске  функцияларын делегаттайды: тауарлар мен сауда кеңесіне, қызметтермен сауда кеңесіне және интеллектуалды меншік құқық сауда аспектісі кеңесіне.     

Тауар сауда кеңесі, өз кезегінде, мамандандырылған комитеттердің қызметімен басшылық етеді , тауарлармен сауда сферасында -1994 ДСҰ принциптерінің сақталуын және ГАТТ келісімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.     

Қызмет  сауда кеңесі ГАТС келісімдерінің орындалуын қадағалайды. Оның құрамында қаржылық қызметтермен сауда комитеті және кәсіптік қызметтер жөніндегі іскер топ болады.     

Интеллектуалды  меншік пен құқық  сауда аспектісі кеңесі (ТРИПС) келісімдерінің дұрыс орындалуын қадағалаудан басқа жасанды тауарларға байланысты болатын халықаралық саудадағы мәселелерді шешумен айналысады.

 

2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру маңызы және жүргізілген іс-шаралар мен жобалар

2.1. Қазақстан Республикасы  және Дүниежүзілік сауда ұйымы      

 Дүниежүзілік  сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның  экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен  бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды.  Қазақстан халықарылық стандарттарға  сәйкес болуы және халықаралық  сауда жүйесіне барынша қатысуы  тиіс. ДСҰ-на мүшелік – бұл сонымен қатар серіктестік және ынтымақтасу туралы келісімге (осы қатынастарды реттейтін негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл директиваларына сәйкес Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.

Қазақстан ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті 1996 жылы берді. Осы үрдісті басқару үшін Индустрия және сауда министрлігі жанынан Жұмыс тобы және Ведомствоаралық комиссия құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, Сыртқы саудалық режим туралы меморандум әзірленген болатын. Көп тарапты келіссөздер (Қазақстанға деген елеулі экономикалық мүдделер бойынша он сегіз мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды. Қазақстанның қалыпты сауда серіктестері (Ресей Федерациясы сияқты) де ДСҰ-ның мүшесі болуын көздегендіктен, бұл процесс қолайлы жағдайда өтуде. Мүшелік негізгі ұлттық басымдық ретінде қарастырылуда және ол Үкімет әрекеттерінің ресми бағдарламасына енгізілген. [2]        

 Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіру ұлттық  заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары, техникалық регламенттер мен  сәйкестілікті растау рәсімдерінің арасындағы үйлесімділікті күшейту жөніндегі шараларды қажет етеді. Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға және Фитосанитарлық шараларға енгізілген. Осыған қол жеткізу үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға бағытталған реттеудің бұрынғы жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім стандарттарын қабылдау арқылы сәйкестендіруі және сәйкестілікті растау рәсімдерін қайтадан қарастыруы тиіс. 

2.2. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі  іс – шаралар, жобалар          

1999 жылы  бекітілген Қазақстанмен Серіктесу  және ынтымақтасу туралы келісімге  сәйкес Еуропалық одақ экономикалық  реформаларды күшейту жөнінде  біршама жобалар мен тығыз  экономикалық байланыстарға бастамашылық жасады. Осы жоба ДСҰ-ның және ЕО-тың айрықша талаптарына сәйкес болу үшін Қазақстанға құқықтық әрі техникалық көмекті қамтамасыз ету үшін әзірленді. Бұл өнім стандарттары мен сәйкестілікті растау рәсімдері бойынша ынтымақтастықты және оны іске асыру жөніндегі шаралардың күшейтілуін көздейді.        

 Жобаның  негізгі серіктесі – Индустрия  және сауда министрлігі, Техникалық  реттеу және метрология жөніндегі  комитет. Жоба командасы сонымен  қатар Қазақстандық Стандарттау  және сертификаттау институтымен  және оның Ақпараттық орталығымен тығыз жұмыс істейді. Жоба осы тараптардың стратегиялық қажеттіліктеріне жауап беру үшін және барлық жұмысты нақты ұйымдастырып, олардың талаптарына сәйкес жүргізілуі үшін іске асырылатындығын атап өту абзал.         

 Осы жұмыстың  негізгі мақсаттары, бұл:

  • Техникалық реттеу және стандарттау жөніндегі осы заңнамалық ортаны ДСҰ-ның СТТ келісіміне және ЕЭҚ-ның тиісті заңнамасына сәйкес келтіру.
  • Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің, Қазақстандық Стандарттау институтының, ДСҰ Департаменті қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесін жақсарту және Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеттің Ақпараттық орталығы мүмкіндіктерін арттыру.
  • Қазақстандық және Еуропалық Стандарттау, аккредитациялау, метрология жөніндегі органдар арасындағы кооперацияны күшейту.

Осы мақсаттарға  жету үшін, жоба батыл шаралар орындауда, ол:

  • Заң жобаларын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс топтарын қолдау арқылы заңнаманың үйлесімділігін күшейту, қолда бар қосымша 34 заңдар бойынша түсініктемелерді қамтамасыз ету, 150 өнім стандарттарын қамтамасыз ету және 600 техникалық стандарттарға шолу жасау.
  • Адам ресурстарын дамыту және техникалық регламенттерді, стандарттауды, аккредитациялауды құру рәсімдері бойынша оқыту және нарықты бақылау арқылы әлуетті арттыру, Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті Стандарттау және сертификаттау институтының Ақпараттық орталығы (МемСтандарт) үшін тренингтер мен құрал-жабдықты қамтамасыз ету.
  • Ақпараттық кампаниялар мен БАҚ үшін нақты тұжырымдалған жолдаулар арқылы ДСҰ-ның мәселелері жөніндегі ақпараттылықты арттыру.
  • Тестілер мен сертификаттарды өзара мойындаудан пайда алу үшін стандарттау және аккредитациялау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жекелеген топтарына Қазақстанның қатысуын және мүшелігін күшейту, Салалық жұмыс топтарға ықпал ету және ақпаратпен алмасу.
Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі