Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
2.
Қазақстанда сыртқы
экономикалық қызметті
басқаруды ұйымдастыру
2.1.
Мемлекет деңгейінде
сыртқы экономикалық
қызметті басқару
Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті реформалау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сыртқы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы экономикалық қызметке экономикалық қызығушылықтарының артуы бойынша министрліктердің, ведомстволардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың құқықтарын кеңейтуде алғашқы қадамдар жасалды.
Республиканың министрліктері
1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіпорындар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық кешеннің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.
Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамытудың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:
- сыртқы экономикалық байланысқа қатысушылардың тіркелуі;
- мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;
- лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.
Дегенмен,
барлық қолданылған шаралар
Қазақстанның
егемендік алуымен
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жалғастырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнімдердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.
ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік органдарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шығарушы, атқарушы және сот билігі кіреді.
Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс істеу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүмкіндіктері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасындағы жоғары сот билігі Конституциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Төрелік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі тағайындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отандық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет пен оны басқару заң актілерімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қаулылары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие.
Сыртқы экономикалық қызметті басқаруда Қазақстанда атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады:
- ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешімдеріне сәйкес, мемлекеттік сыртқы экономикалық саясатты жасау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және реттеумен айналысады.
Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасауды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, халықаралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді және ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.
Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда Кеңесшілері аппараттарының және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сауда-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
- Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік экономикалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономикалық саясатты қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономикалық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарттар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді.
- ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) республиканың кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қатынасушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы орталық құқыққорғау органы болып саналады.
- ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны шетелде, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар.
- Сыртқы істер министрлігі.
- ҚР мемлекеттік салық қызметі.
- ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.).
2.2.
Аймақтар деңгейінде
сыртқы экономикалық
қызметті басқару
Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жалпы қағидаларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Президентінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік органдарының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады. Осылардың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мемлекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қатынастар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді.
Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекеттік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында маңызды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол аймақтардың өздеріне түседі.
Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті аймақтарының бірі – Қарағанды облысының сыртқы экономикалық қызметін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік.
Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты, Қарағанды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүргізеді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып саналатын, облыстық маслихат; атқарушы билік – облыс әкімшілігі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныстырылған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәслихат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді. ҚР Конституциясымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық байланыс жасауға қатысушылардың қызметін бақылау мен басқаруды жүзеге асырады.
Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бөлімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі:
- сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыттарын анықтау және облыстың халықаралық байланыстарын дамыту;
- шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі экономикалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жасау;
- облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату;
- облыстың валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жасау;
- облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәселелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру;
- облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге асыру;
- облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру;
- облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен халықаралық байланыстардың (кеңестер, конференциялар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) болашақ және ағымдағы жоспарларын даярлау;
- облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру.
Қарағанды облысындағы сыртқы
экономикалық қызметті басқару жөніндегі
бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен,
қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды
сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды
кеден басқармасымен, ірі банктермен,
сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста
жүргізіледі.
2.3.
Кәсіпорындар деңгейінде
сыртқы экономикалық
қызметті басқаруды
ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес, кәсіпорындар сыртқы нарықтағы жұмыстарының формаларын, әдістерін және көлемін өз беттерімен анықтау құқына ие. Сыртқы экономикалық қызметті жеке-дара иемденуді жою (демонополиялау) жағдайында, кәсіпорындар, республикадағы бүкіл сыртқы экономикалық кешенінің дербес әрекет етуші шаруашылық жүргізу субъектісі болып саналады.
Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру формалары маңызды шекте, олар шешуге тиісті міндеттермен және мақсаттармен анақталады.
Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігінің мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдары сыртқы экономикалық қызметті басқаруда айтарлықтай тәжірибе жинақтаған.
Белгілі бір тауарлармен сауда жасауға маманданған фирмалар сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) жетекші құрылымдық бірліктері болып саналады. Фирмаларды директор немесе оның орынбасары басқарады.
Мамандандырылған фирмалар мен сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) функционалдық бөлімдері мен қызметтерін үш топқа бөлуге болады:
- Жоспарлауды жүзеге асырушы топтардың бөлімдері:
а) жоспарлау-экономикалық бөлімі;
б) валюта-қаржылық бөлімі;
в) көлік бөлімі;
г) бухгалтерия.
- Маркетингпен айналысатын топтардың бөлімдері:
а) конъюнктуралар және бағалар бөлімі;
б) жарнамалар және көрмелер бөлімі;
в) инженерлік-техникалық бөлім;
г) бірлескен кәсіпорындар бөлімі;
д) техникалық қызмет көрсету бөлімі.
- Басқару шешімдерін қабылдау мен пайдалануды
қамтамасыз етуші топтардың бөлімдері:
а) дамыту бөлімі;
б) АСУ, ВУ бөлімі;
в) шетел іс сапарлары бөлімі;
г) канцелярия, заң, хаттама бөлімдері;
д) әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
А.М. Прибульский өзінің еңбегінде (А.М. Прибульский, Стратегия и тактика ведения внешнеэкономической деятельности в условиях долговременного экономического кризиса в переходный период. Караганды, 1996) Қазақстанның мұнайхимия кәсіпорындары шеңберіндегі сыртқы экономикалық қызметті жүргізу тәжірибесін жинақтап қорытты. Жұмыс ашық әлемдік нарық жағдайында сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің дәстүрлі сыни тұрғыдан баға береді.
Өйткені, көптеген кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызмет бөлімдері әлі құрылмаған немесе жаңа-жаңа құрылу үстінде, ал Қазақстанның мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін (СЭҚ) ұйымдастыру тәжірибесі нақты мысалдар арқылы іс жүзінде қызығушылық туғызып отыр.
1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ.
Халықаралық экономика, микро-макроэкономика мен қатар экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылады.
Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың тауарлардың халықаралық қозғалысы, қызмет көрсету, өндіріс факторлары және мемлекеттің халықаралық экономикалық саясатын құру саласында қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.
Халықаралық
экономиканың зерттеу пәні дербес болып
келіп, микро-макроэкономиканың
Халықаралық экономика теориясының обьектісі болып:
- Халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыру жүйесі нарығының дамуы және қызмет ету заңдылықтары.
- Әлемдік нарықта тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары.
- Сыртқы сауданың даму тенденциясы (қарқыны).
- Халықаралық экономиканың қызметін қамтамасыз ететін халықаралық қаражаттарды зерттеу.
- Әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер резиденттері мен келісетін келісім шарттар.
- Халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы.
Бірдей экономикалық құбылыстар мен процесстер өту орнына-ұлттық шаруашылық ішінде немесе халықаралық экономика саласында болуына байланысты өз мазмұнын өзгертеді. Халықаралық экономика саласындағы экономикалық қатынастардың ұлтішілік қатынастардың ерекшелігі, мынамен анықталады. Мемлекеттер өз шекараларында тауарлар қозғалысы, қызметтер және өндіріс факторларының қозғалысына шектеу қояды. Сонымен қатар оларға тілдегі және заңдағы айырмашылықтар тежеу болады.
Ішкі және сыртқы экономика арасында ерекшеліктер бар.
Халықаралық экономиканың құрылымдық теориясы, халықаралық микроэкономика мен халықаралық макроэкономикадан тұрады.
Халықаралық микроэкономика нақты тауарлар қозғалысы мен оны халықаралық масштабта өндіру заңдылықтарын ашады.
Халықаралық макроэкономика ашық экономикалардың модельдері мен, халықаралық валюталық және төлем жүйелерінің құрылымы мен принциптерін зерттейді.
Халықаралық
экономика теориясы абстракция және
моделирование әдістерін
Методологиялық жоспарда халықаралық экономика толығымен, мемлекеттер арасындағы қатынастардың экономикалық саласында ортақ микро және макроэкономикалық қағидалардың қолданысы болып табылады.
1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН МӘНІ.
Халықаралық экономиканың пайда болуының себептері мен шарттары болып, халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық нарыққа шығу мақсатында ішкі қажеттіліктерден тыс қызметтермен тауарларды өндіруде өз көрінісін табады. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі түрлері болып-бөлшектік (салалар арасында), бірлік (салалар ішінде), бөлшектік және технологиялық.
Халықаралық еңбек кооперациясы бұл мемлекеттер арасында үлкен экономикалық тиімділік пен өндірілген өнімдермен тұрақты айырбас болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуының маңызды алғышарттары болып, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады.
Халықаралық еңбек бөлінісі және тағы басқа факторлар негізінде халықаралық нарық пайда болды.
Әлемдік нарық - мемлекеттер арасында тауар-ақша қатынастарының тұрақты саласы. Әлемдік нарық халықаралық экономикалық теорияның орталық санаты болып табылады. Әлемдік нарық тауарлардың мемлекет аралық айырбасының саласы болып, өндіріске кімге және қанша өндіру керектігін көрсетеді.
Әлемдік нарықтың негізгі белгілері болып – халықаралық сауда, яғни тауарлар мен қызметтердің ауысуы болып табылады.
Әлемдік нарықтан да жоғары нарықтық экономиканың сатысы болып-әлемдік шаруашылық болып табылады.
Әлемдік шаруашылық – өндірістік мобилді факторларымен өзара байланыскан әлем мемлекеттерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың әлемдік нарықтан айырмашылығы, олар халықаралық тауарлар қозғалысынан емес, халықаралық өндіріс факторлар қозғалысынан көрініс алады.
Әлемдік
шаруашылық әлемдік нарықты, өндіріс
факторларының халықаралық
ХХ
ғасырдың екінші жартысында әлемдік
шаруашылықта, басқару және бақылаудың
ортақ механизмдерінің
Бұның барлығы нарықтың экономиканың әлемдік шаруашылық сапасынан, жаңа жоғары деңгей-халықаралық жағдайға ауысуына әкеп соқты. Негізінде, қазіргі экономика халықаралық болып табылады және әр мемлекеттерде өндіріс факторларымен әртүрлі қамтамасыз ету жағдайымен негізделеді.
Халықаралық экономиканың нышандары болып:
1. Халықаралық сауда түрінде халықаралық тауарлармен айырбастың дамыған саласы;
2. Технология, еңбек күшін, капиталды кіргізу, шығару түрінде халықаралық өндіріс факторларының қозғалысының дамыған саласы;
3.
Трансұлттық корпорация
4.
Өндіріс факторларын қозғалысы
және тауарлардың халықаралық
қозғалысына қызмет көрсетумен
байланыспаған, дербес
5.
Экономиканы халықаралық
6.
Ашық экономика қағидаларынан
шығатын мемлекеттердің
Халықаралық
экономика, халықаралық экономикалық
қатынастардың нақты
2.1. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.
Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.
Егерде басқа елге, қарағанда бір тауарды белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел абсолютті артықшылыққа ие.
Мұндай абсолютті артықшылықтар нақты факторлардан тууы мүмкін-ерекше климаттық жағдай немесе табиғи ресурстардың болуы. Табиғи артықшылықтар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өндірісінде маңызды роль атқарады.
Елдер арасында сауда қатынастарын орнатқаннан кейін сыртқы сауда ағымдарының бағыты өндіріс шығындарының қатынастарының айырмасымен бағытталады.
А.Смит көзқарасы кейіннен Д.Рикардомен толықтырылып, дамытылды. Ол салыстырмалы шығындар теориясын қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес, егерде елдің абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда 2 елге де табыс әкеледі. Салыстырмалы шығындар теориясында балама баға немесе орнын басу шығыны түсінігі қолданылады.
Бұл
түсінік өндіріске жұмсалған
жұмыс уақытының саны арқылы ішкі
нарықтағы екі тауарлы
Орнын басу шығыны түсінігі мазмұны бойынша балама бағаға эквивалентті.
Балама
баға-басқа тауар бірлігін шығаруға
қажетті жұмыс уақытымен
2.2. Өндірістің балама шығындар теориясы.
Қазіргі батыстық экономистер Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылықтар теориясын дамытып балама шығындар моделіне модификациялады. Оның авторы Г.Хаберлер. Г.Хаберлер екі тауар шығарылатын екі ел экономикасын сараптайды. Д.Рикардоның теориясынан айырмашылығы екі тауарды өндіруге барлық ресурстарды және ең жақсы технологияны қолданғандағы өндірістік мүмкіндіктердің әр елге қисығын тұрғызған, бұл олардың нақты ара-қатынастарын көрсетеді.
Тауардың балама шығыны аз ел оның өндірісінде және экспортта салыстырмалы артықшылыққа ие.
2.3. Хекшер-Олинниң халықаралық сауда теориясы.
ХIX ғасыр кезінде құнның еңбектік теориясы бірте-бірте өндірістің факторлар теориясының түрлі нұсқаларымен ығыстырылды. Неоклассик экономистер халықаралық сауданы өндірістін факторлар теориясы арқылы түсіндіре бастады.
Өндірістің факторлар ара-қатынысы теориясы көптеген жорамалдарға негізделген. Олар:
1. екі ел;
2. екі тауар, бірі еңбекті көп қажет етеді, ал бірі капиталды көп қажет етеді;
3. өндірістің екі факторы (еқбек және капитал)
4. әр ел түрлі деңгейде өндіріс факторларымен үлестірілген;
5. екі ел де бірдей технология;
Осылайша факторлар ара-қатынас теориясының маңызды жорамалдары болып, жеке тауарлардың түрлі факторинтенсивтілігі мен және елдердегі түрлі фактортолықтылық .
Факторинтенсивтілік – белгілі тауарды жасау үшін өндірістің салыстырмалы шығындар факторының көрсеткіш.
Фактортолықтылық - елдің өндіріс факторларымен салыстырмалы қамтамасыз етілуін анықтайтын көрсеткіш.
Түрлі салыстырмалы өндіріс факторларымен қамтамасыз етілу теориясы халықаралық сауданың негізі ретінде Хекшер-Олин теоремасы түрінде берілген.
Хекшер-Олиннің теориясына сәйкес әр ел өндіріс үшін қажетті салыстырмалы артық өндіріс факторлары бар факторинтенсивті тауарды экспорттайды, ал өндіріс үшін өндіріс факторлары жетіспейтін тауарларды импорттайды.Осылайша жасырын түрде артық өндіріс факторлары экспорттылық, дефицит өндіріс факторлары импортталады. Бірақ та осы кезде назар аударатыны, ал елдері факторлардың саны емес, ал оның фактор мен салыстырмалы қамтамасыз етілуі.
Хекшер-Олин Самуэльсонның теоремасы бұл Хекшер-Олин теоремасы негізінде Самуэльсонмен шығарылған өндіріс факторларын бағаға теңестіру теоремасы.
Теореманың мазмұны- халықаралық сауда өзара саудаласатын елдерде бірдей өндіріс факторларына деген абсолютті және салыстырмалы бағаны теңестіруге әкеледі. Теорияға сәйкес барлық сатушы елдерде бірыңғай білікті және өндірістік еңбекке жалақы мөлшері, сонымен қатар, бірдей өндірістік пен бірдей тәуекел дәрежесі бар капитал мөлшері де бірдей болу қажет.
Тауарлар мен өндіріс факторларына деген бағаны толық теңестіру халықаралық сауданың тоқталуына әкелетіні теориялық рұқсат етілген.
Бірақ та нақты әлемде өндіріс факторларының бағасы балансталмаған. Елдер арасында еңбек ақы деңгейімен басқа факторлы бағалауда маңызды айырмашылықтар бар. Оның негізгі себебі болып Хекшер-Олин теориясы негізіндегі жорамалдар табылады.

- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытудың және несиелеудің мемлекеттік бағдарламасының негізгі механизмдері
- Қазақстан дүниежүзілік саудаға енуі
- Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
- Қазақстанда логистиканың даму тарихы
- Қазақстанда мұнайдың дамуы
- Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды құру
- Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері
- Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
- Қазақстанда орналасқан елді мекендердің жерлерін бағалаудағы ерекшеліктер
- Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері