Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері
Қазақстанда нарықтық
қатынастардың орнауы және оның кезеңдері
Қазақстан республикасында
қалыптасқан жағдайдан шығудың
жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды.
Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық
қалыптасуы аса күрделі болып
отыр. Бұрынғы одақтық республикамен
шаруашылық-экономикалық байланыстарының
үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды
одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің
барлық салаларын қамтыған экономикалық
дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан
жағдай материалдық өндірістегі барлық
салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен
және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен,
сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы
тұрақсыздығымен сипатталады
Қазақстан экономикасында,
басқа одақтас
Нарықтық экономика
саясатының негізгі белгілері:
Экономиканы мемлекет
иелігінен алу
Жекешелендіру
Кәсіпкерлікті
дамыту
Монополияны жою
Бағаны босату
Қатал ақша-несие
және қаржы саясатын жүзеге асыру
Құнсыздану қарқынын
реттеу
1990 жылдары нарықтық
қатынастардың дамуындағы
жекешелендіру
монополоиялық
басқару құрылымын тарату
қарыз ақша және
қаржы саясатын қауырт жүзеге асыру
еркін баға.
Қайта құру идеяларын
өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың
орталықтанған жүйесiнен бас
1995 жылы Қазақстан
Республикасында әлімнің 34 елінің:
АҚШ, Германия, Қытай, Түркия, Италия,
Чехославакия, Ұлыбритания, Франция,
Швейцарияның фирмаларымен екі
мыңнан астам жаңа бірлескен
кәсіпорындар тіркелген.
Қазақстан экономикасындағы
күрделі мәселе - өз өнімдерімен
тұтынушыларға шарт қоятын ірі кәсіпорындармен
бірлестіктердің үстемдік етуі (монополизм)
еді. Сондықтан бірлескен
Қазақстан аумағында
мұнай, газ өндіру мен және өндеумен
айналысатын бірлескен кәсіпорындар пайда
болды, мысалға, “Шеврон” Америка фирмасымен
“Теңіз-Шеврон” бірлескен кәсіпорындар
құрылды. Теңіз бен Корелевск кен орнын
бірлесіп игеруден түскен валюта (қаржы)
Қазақстанның үдемелі даму бағдарламасын
жүзеге асыруға бағытталады.
Тәуелсiздiк алғаннан
кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы
реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды.
Мемл. экон. саясаттың базалық бағыттары
мыналар болды: 1) соц. экономикадан
кейiнгi қайта құру; 2) дағдарысқа қарсы
бағдарлама; 3) макроэкон. тұрақтандыру;
4) дүниежүз. экон. дағдарысты еңсеру; 5)
экон. өрлеудi қамтамасыз ету.
Реформалар: бiрiншi
кезең (1991— 92)
Бiрiншi кезең
Қазақстанда соц. экономикадан кейiнгi
экон. жағдайдың шиеленiсiп, құлдырауымен
сипатталады. Бұл 70-жылдардың аяғында
КСРО экономикасы нақты секторының жаппай
үдере қожырауы салдарынан туған едi, оның
үстiне өзгерiске ұшыраған сыртқы және
iшкi әлеум.-экон., қоғамдық-саяси бағытта
жүргiзiлген экон. саясат өрiстеп кете алмады.
90-жылдардың
басында ҚР-ның экон. саясаты соц.
экон. жүйенi өзгертуге және ұлттық нарықтық
экономиканы құруға бағытталды. Негiзгi
бағыттар мыналар болды: экономиканы ырықтандыру:
сыртқы реттеуiштердi енгiзу, әлеум.-экон.
аяға мемлекеттiң қатысуын шектеп, қамқорлығын
азайту, сыртқы экон. қызмет нысандарын
кеңейту, сырттан инвестициялар тарту,
валюталық тәртiптi тұрақтандыру; көп ұстынды
экономиканың негiздерiн қалыптастыру:
экономикада жекеше сектордың жұмыс iстеуi
үшiн жағдай жасау, шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерге нарықтық нышандар үлгiлерiн
енгiзу, кәсiпкерлiктi, шағын және орташа
бизнестi дамыту, толымды нарықтық бәсекенi
өрiстету үшiн жағдай жасау.
Республиканың
жалпы iшкi өнiмi 1991 ж. ағымдағы бағамен
— 85863,1 млн. сом., 1992 ж. — 1217689,2 сом болды.
Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей
түскен инфляцияға байланысты жалпы iшкi
өнiм ағымдағы бағамен 15 есе көбейдi. Тұтыну
бағасының индексi 1992 ж. 3060,8%-ды құрады,
мұның өзi 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе
(247,1%) көп. Нақты бағамен жалпы iшкi өнiм
деңгейi 5,3%-ға төмендедi. 1991 жылмен салыстырғанда
1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша
өндiрiс көлемi күрт азайды. Өнеркәсiптiк
өнiмнiң құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды,
саудада 17,4%-ды, көлiкте 19,4%-ды құрады. Өндiрiстiң
өсуi тек а.ш-нда ғана тiркелдi. Сатып алу
қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша орта есеппен
жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм 1991
ж. 5756 АҚШ дол., 1992 ж. 5561 АҚШ дол. болды. 1992
ж. Қазақстанның стратегиялық дамуының
алғашқы бағдарламасы — “Қазақстанның
егемендi және тәуелсiз мемлекет ретiнде
дамуының қалыптасу стратегиясы” қабылданды,
мұнда мемлекет дамуының басым бағыттары
айқындалды және экономика аясында стратегиялық
мақсаттар белгiлендi, олар: бәсекеге негiзделген,
экон. және әлеум. өзара байланыстардың
жалпы жүйесiнде әрқайсысы өз мiндеттерiн
орындайтын негiзгi меншiк нысандары (жекеше
және мемл.) ұштасатын және өзара байланыста
болатын әлеум. нарықтық экономика құру;
адамның экон. өзiн-өзi билеуi қағидатын
iске асыру үшiн құқықтық және басқа жағдай
жасау.
Реформалар: екiншi
кезең (1993 — 94)
Екiншi кезең
экон. дағдарыстың түйiндi кезеңiне айналды,
бұл дағдарыс мыналардан көрiндi: Ресей
Федерациясымен шаруашылық байланыстардың
үзiлуi және осының салдары ретiндегi
төлем төленбеу дағдарысы: кәсiпорындардың
өзара борыштары 1993 — 94 ж. және 1995 жылдың
басында 634913 млн. теңге болды; инфляция
(гиперинфляция) өрши түстi: 1993 ж. тұтыну
бағасының индексi 2265% деңгейiне жеттi (Ресей
Федерациясының жаңа рублiнiң инфляциясы);
өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы: өндiрiлген
ұлттық табыс 1991 — 93 ж. 1976 жылғы деңгейге
дейiн төмендеп, жалпы құлдырау 38,2% болды.
90 жылдардың басындағы жалпы экон. дағдарыс
халық тұрмысының күрт нашарлауына әсерiн
тигiздi: 1990 жылдан 1994 жылға дейiн тұтыну
қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша жан басына
шаққанда орта есеппен жалпы iшкi өнiм 20%-ға
азайып, 4711 АҚШ долл. болды. Бұл кезеңде
халықтың жаппай көшi-қоны басталды, ол
1994 ж. терiс сальдоға жеттi (–410387 адам).
Жалғастырылған реформалардың мақсаты
мына шараларды көздедi: меншiк қатынастарын
қайта құру жеке меншiктi заңдастыру жағына
ойысты; “рубль аймағынан” шығу және
ұлттық валюта — теңгенi енгiзу (1993 ж. қараша);
валюта-қаржы және банк жүйесiн өзгерту;
инфляция мен бюджет тапшылығын кемiтуге
қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге
асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей
түсу. Бұл кезеңде үкiмет дағдарысқа қарсы
шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция
деңгейiн азайтуға және өндiрiстiң құлдырауын
шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретiн
қарыздардың көлемiн шектеуге қосымша
несиенiң “бағасын ұтымды ету” талабы,
яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгiлеу
қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның
өсуiне септiгiн тигiзетiн, қарыз қорларына
жұмсалатын шығынның өсуi себептi банк
секторының қарыздарына жалпы сұранымды
қысқартуға жәрдемдесетiн барынша тиiмдi
шаралардың бiрi ретiнде қарастырылды.
Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкiметi басшылық
нұсқамасымен “директивалық” несиелер
беру есебiнен кәсiпорындарға талғамалы
қолдау көрсетуге тырысты: 1994 ж. оның көл.
14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы
шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға
қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi
көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды.
1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн.
теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан
бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде жалпы
iшкi өнiмнiң серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен
сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай
жалпы iшкi өнiмнiң көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда
61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның
нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi
тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар
өсуге тиiс едi. Алайда, жинақ қаражат күткендегiдей
өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9
млн. теңгеден (1.1. 1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн
(1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы,
есеп айырысу және депозиттiк шоттардың
қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден
12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың
нақты секторында болған тұрақсыздану
өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек
1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен
астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу
қатаң экон. саясат жүргiзудi талап еттi,
соның салдарынан әлеум.-экон. ахуал одан
әрi нашарлады. Қазақстанның экон. саясатына
түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика
дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика
тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк
туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықар. валюта
қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру
үшiн нысаналы несие бөлдi.
Реформалар: үшiншi
кезеңде (1995 — 97)
Үшiншi кезеңде
Макроэкономиканы тұрақтандыру бағдарламасы
қабылданды, ол қатаң шектеу арқылы
инфляцияны төмендетудi көздедi. Тұрақтандыру
бағдарламасы мынадай мақсаттарды алға
қойды: нарықтық экон. ин-ттары мен инфрақұрылымды
дамыту; халықар. стандарттарға сәйкес
екi деңгейлi банк жүйесiн жаңғырту, инвестициялық
және сақтандыру компанияларын, биржалар
мен аудиторлық фирмалар құру; қатаң ақша-несие
және нысапты бюджет-салық саясатын жүргiзу;
ұлттық валюта бағамының тұрақтылығына
қол жеткiзу; атаулы жалақыны шектеу; берiлетiн
несиелердi шектеу және ақша массасының
қатаң көлемiн (11722 млн. теңгеден аспайтын)
белгiлеу. Нарық экономикасына көшу мынадай
компоненттердің: сұраныс пен ұсыныстың;
табыстар мен шығындардың; ақша массасы,
айналым қаражаты мен инвестициялық ресурстардың
белгілі бір келісілуін білдіреді. Бұған
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді
жүргізу, яғни жеке меншік институтын
енгізу жолымен ғана қол жеткізуге болатын
еді.Мемлекеттік экономикалық саясат
ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык,
инвестициялық, технологиялық саясат
кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк
жүйесін құруды, алтын-валюта резервінің
қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және
басқа органдар секілді жаңа мемлекеттік
институттарды қалыпта дамытуды талап
етті. Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар
үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында
тұрып жатуымыздан жағдай күрделі болып
қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер
Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз ақша
эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға
ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның
өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды.
Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын
қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік
бақылау орнату керек. Екінші нұсқа ескі
кезеңдерден әлдеқайда қалыпты болып
көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар
қисынына қайшы келетін.
Біз өз жолымызды
таңдадық, ол ұлттык. валюта енгізуді көздеді.
Қазақстан бұған бұрынғы Одақ
елдерінің ішінде соңғысы болып барды,
өйткені басқаларға қарағанда Ресеймен
экономикалық байланыстары әлдеқайда
берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне
жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашадан бастап
біз экономикалық тәуелсіздіктің аса
маңызды нышаны — ұлттық валютамыз теңгеге
ие болдық. Жуырда біз аса маңызды жетістігіміз
болып, одан кейінгі ауқымды өзгерістерге
кеңістік ашқан сол оқиғаның 10 жылдығын
атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны
бәсеңдетуге, ал 1995 жылы оны екі таңбалы
көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін
ауыздықтауға мүмкіндік берді.
Тікелей тәуелсіздік
алғаннан кейін бірінші кезекке
дербес бюджет, салық және кеден
жүйелерін құру мәселелері де шықты.
Іс жүзінде оларды тақыр жерден түзуге
тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес
нормативтік-құқықтық базаны жасау талап
етілді.
Ескі жүйені
қирату алғашқы жылдары мемлекеттік
бюджеттің өте үлкен
Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі ұлғайту орынды емес, өйткені бүл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті каражат болмады.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы ретінде де қарастырыла бастады.
Енді экономикалық
тұрақтану кезеңі басталғаннан кейін
салық жүйесінде біз екпінді
өндіріс саласынан айналым
Қазақстанда принципті
тұрғыдағы жаңа және осы заманғы
екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны
халықаралық барша қаржы
Бюджет жүйесін
реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы"
Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі
бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк
кредиттерін алу практикасынан бас тартып.
қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін
пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі
мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен
бірлесе келіп, макроэкономикалық тұрақтанудың
негізіне айналды.
Мемлекет иелігінен
алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялык,
саясатқа байланысты мәселелерге жеке
тоқталғым келеді. Ақша массасының
қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің
кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай
бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты.
Өзара есептесудің негізі бартер болды.
Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер
төнді.
Қарапайым қисын
мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз
нарыққа нақты көшудің мүмкін
еместігін еске салып тұрды. Бұл
қадам нарық субъектілерін қүру тұрғысынан
ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында
меншік иесі психологиясын қалыптастыру
тұрғысынан да маңызды.
Сондықтан да біз
ауқымды жекешелендіруге
Екінші кезең
"Қазақстан Республикасында
Сол кезде шағын
және орта бизнесті дамытуға белгі
берілді. Көтерме сауда буынын қоса
алғанда бұрынғы кеңестік сауда
жүйесін өзгерту басталды.
Көтерме-бөлшек
сауда, сауда-саттық және автокөлік
бірлестіктері шағын
Біз нарықтық экономиканың
негізгі субъектісі маркетинг пен
менеджменттің прогресшіл де тиімді
әдістерін пайдаланатын меншік иесі
болып табылатынын білдік. Купондық
жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді,
меншікті жайдан-жай бөліп, үлестіріп
беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал
мен технологияларды тартуға кабілетті
болуы тиіс.
Үшінші кезең
1995 жылғы желтоқсанда заң күші
бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен
басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы
сәттен бастап ол тек ақша қаражатына
жүзеге асырылды.
Шетелдік компаниялар
өзімен бірге сондайлык қажетті
инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін
әкеледі деп білуіміз орынды екен.
Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз
дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа
жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты
жалақы ала бастады.
1999 жылдан кейін
бірінші кезекке мемлекеттік
мүлікті басқаруды жетілдіру
мәселелері шыкты. Сондықтан
Экономикалық реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы байкалады. Мәселен, 1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мүндай өзгерісі осы заманғы жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66 пайыз, Ұлыбритания мен Германияда — 71 пайыз.
Экономикалық
жүйенің қалыптасу кезеңінде
инвестициялық саясат басым сипатқа
ие болды. Шетелдік инвестицияларды
тартуға бағдарлану негізгі бағытқа
айналды, мұның өзі қолайлы
1997 жылы-ақ инвестициялар
тартатын басым секторлар
Қорытындысында
қазіргі сәтте жан басына шаққандағы
игерілген тікелей
шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша
Қазақстан ТМД елдерінің
Инвестициялық
тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші
біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды,
соның ішінде мұнай-газ саласындағы
ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы
мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі,
негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның
өзі орасан кен орындарын толық мәнінде
игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік
инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың
іскер әлемінде экономикалық әріптес
ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы
мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан
күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон"
корпорациясының келуі және онымен бірегей
Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы
баскд трансұлттық корпорациялар үшін
өзіндік белгі болды.
Инвесторлардың
мұнай-газ саласына белсене келуі
осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда
өлемнің аса ірі мүнай
Соңғы 30 жылда
коры 10 миллиард баррель деп бағаланған
аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен
Қазақстан мұнайдың барланған қорлары
бойынша әлемде жетекші орындардың біріне
шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі
біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін
өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік
рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым
жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын.
Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған
Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары
жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш
және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий
тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның
іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын
белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты
жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий
бойынша келіссөз процесінде сірескен
сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен
стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы
бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге
асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба
кұбырының құрылысы басталады.
Біздің еліміздің
экономикалық дамуындағы мұнай факторының
рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында
да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл
әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру
1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру
көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал
Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі
деңгейді енді ғана калпына келтіре бастады.
Шынында да, мұнайдың
арқасында біз экономикалык, жүйені
өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ
та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге
энергия сақтаушыларға деген әлемдік
бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған
жок,- Бұл — экономикалық өзгерістердің
нәтижесі.
Бүгінде мемлекеттік
бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының
есебінен қалыптасады. Тікелей инвестициялар
қара және түсті металлургияның тиімділігін
көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс"
корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн.
доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ
мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді
9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі
кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың
үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет
өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам
жұмсады. Қарметкомбинат металдармен
және полимерлермен қапталған металл
табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру
кезеңінен өтті.
Қазхром мен Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.
Нақ осы салалар бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың бірі.
Алдағы кезде
бюджет жоғары қосымша құны бар дайын
өнімнің, шағын жөне орта бизнес пен өңдеу
салаларын дамыту түсімдері есебінен
барған сайын көбірек толығатын болады.
Экономикадағы
реформалар өздігінен қатардағы
азаматтар тарапынан меншікке деген
көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік
бере алар еді, түрғын үйді жекешелендіру
кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие
ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне
әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык
психология өткенге кете бастады. Енді
өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың
өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылықты одан өрі өзгерту кажеттілігі
пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың
пәтер иелерінің кооперативтері тұрпатындағы
өз ұйымдарына екпін түсірілді.
2. Табысты орнықтыру
және экономикалық өсу
Осы сәттен бастап
реформалар жүйелік деңгейге көшті.
Реформалардың басымдықтары институттық
өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық
әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық
ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді.
Бұл процесс
Қазақстан кезекті сынаққа —
1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына
тап болған сәтте де тоқтамады. Іс
жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың
тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу
үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға
тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың
жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар
көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет
келді.
Бұл дағдарыс біз
үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның
алдында мұнайға деген жоғары
бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай
долларларын өңдеу салаларын
дамытуға және осы заманғы бәсекеге
қабілетті экономика құруға бағыттай
отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін
түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға
деген әлемдік бағалардың өзгерісіне
тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер
еді.Қазақстан ТМД елдерінің арасында
бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық
дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы
факторларға тәуелділікті азайту үшін
Ұлттық қор құруға кірісті.
Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызга мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған.

- Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
- Қазақстанда орналасқан елді мекендердің жерлерін бағалаудағы ерекшеліктер
- Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда логистиканың даму тарихы
- Қазақстанда мұнайдың дамуы
- Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды құру