Қазақстанда нарықтың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
1
Нарықтың ұғымы, мәні, пайда болуы мен
даму кезеңі
Қоғамдық
өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің
қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық
байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың,
салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық
комплекстердің), халық шаруашылығының
экономикалық қан тамыры іспетті, осы
байланыстар арқылы өндірістің “қан айналымы”
жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады.
Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына,
экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты,
дегенмен нарықтың біраз дербестілігі
бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің
барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен
тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы
күнге дейін теориялық айтыстар толастай
келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде
“нарық” деген терминнің мәні осы күнге
дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі
нарықтық қатынасты стихиялық күштер
үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, кәдімгі
базар мен теңесе, ал енді біразі нарықты
экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын
керемет “күш” деп те дәріптеуде. Саяси
экономикалық мағынада нарық - айырбас
қатынасын білдіретін экономикалық категория
деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар
жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды
сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен
нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден
жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық
бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген,
сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі
әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, бөлу
әдістеріне негізделген басқару жүйесі
жағдайында нарық проблемалары тиісті
ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ
жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің
идеологиялық тұтқынында болып келген
экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы
мен орны туралы даурықпалық көзқарас
басым болды. Нарық мәселелерінің қоғамдағы
қайта құру теориясы мен практикасында
алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін
мемлекеттердің және Қазақстан ғылым
экономикасының арасында нарық туралы
бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты
нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік. Нарық
- өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері
мен шарттарын айырбастауға байланысты
болатын өндірістік қатынастардың белгілі
бір бөлігі немесе жүйесі. [2] Нарық - бұл
сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы
тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты
қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы. [3] Нарық - тауарларды сатып алу
және сатумен байланысты орын алатын экономикалық
қатынастар жиынтығы. (Саяси экономия
- Алматы,“Ана тілі”). Нарық тауарларды
өткізуге байланысты сатушылар мен сатып
алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі
болып табылады. [5] Келтірілген көзқарастардың
қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді,
бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды.
Шын мәнінде тауар – ақша, нарықтық байланыстар
сату, сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде
басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы
қатынастарға емес, өндірісте болатын
қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі
тек осы жерде ғана өнім жасалады және
оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар
- ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда
болатынын көрсететін экономикалық байланыстар
пайда болады. Экономикалық дамудың объективті
жағдайы нарықты және оның категорияларын
(баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б) өмірге
әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі
басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі
үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды.
Соңғы жылдары басқарудың экономикалық
әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып
отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық
модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік
нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық
механизмін қайта құру барысындағы заңды
көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде
экономикалық реформа барысында өндіріс
құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу
арқылы нарықтық тепе - теңдік қалыптастырылды.
Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке
байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл
жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда
нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың
әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту
бағытында қызмет істей бастады. Соңғы
уақытта теориялық дискуссияларда нарық
пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып
жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы
ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін,
экономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы
аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы
өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы.
Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан
жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды
бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет
ететінін естен шығармаған жөн. Нарық
түралы ілім. Ағылшын экономисі А.Смит
экономика туралы бір ғана еңбек жазғанымен,
оның дербес ғылымға айналуының негізін
қалаған ғылым деп саналады. Оның еңбегі
Халық байлығы 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің
досы Давид Юм алғашында оны оқып түсінетін
оқырмандар саны көп болмас деген пікірде
жүрді. Алайда Юм қателескен екен, аталған
кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт
бойы талмай оқып үйренуде. А. Смиттің
ойынша, ұлттың басты байлығы, өзге экономистердің
түсінігінше, алтын және күміс қорын жинауда
емес, яғни байлық дегеніміз - еңбек түрін
атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын
қарапайым адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз
жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы
қаланған теорияны талдау және оны толықтыру
бағытында дамуда. А.Смиттің нарық туралы
ілімі Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде
дамытылған. Оның ілімі бойынша, нарық
деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған
әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің
айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалықтың
белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ; ол тек
бәсекелестік мақсатты жалғастырады;
солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың
алдында қоғам мақсаттарының қайсысы
бірінші орындалу керектігіне кепілдік
бермейді. А.Смиттің ілімінен шығатын қорытынды
мынадай: нарықтың тиімділігі және бәсекелестердің
әрі олардың әрқайсысы өздерінің экономикалық
мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін
арттыра беретіндігі. Капиталистік қоғамның
дамуы деалектикасының өзі нарықтық экономиканы
ұйымдастыруға әкелетіні аян. “Айырбастау”
-дейді В.И. Ленин,- “адамдарды нарық арқылы
біріктіреді”. В.И. Лениннің айтуынша,
“Нарық” ұғымын қоғамдық еңбек бөлінісінен
айыруға болмайды. Міне, сондықтан да социализм
орнатуда және социалистік шаруашылықты
ұйымдастыруда нарықтық қарым-қатынастарды
толық пайдаланудың қажет екендігі туралы
В.И. Лениннің көзқарасы көптеген жағдайларға
байланысты өзгеріп отырған. Олардың ең
бастылары: В.И.Лениннің көзқарасында
нарық мазмұнының өзгеруі, оның еркін
бәсекелестік капитализмнен монополистік
капитализм сатысына көшу барысында атқаратын
рөлі; Халқымыз орнатқысы келіп отырған
қоғам мен оның қозғаушы күштері туралы
жалпы теорияның айқындала түсуі; Өтпелі
дәуір кезеңіндегі экономиканы мемлекет
тарапынан басқару механизмінің дамуы;
Нарықтың пайда болу себептері. Нарықтық
қарым-қатынастың қажеттілігі қоғамдағы
еңбек бөлінісін тудыратын себептерден
туындайды. Адамдардың өндірістік мүмкіндігі
олардың қажеттілігіне қарағанда, табиғи
түрде шектеулі болады. Кейбір қабілеті
бар адамдар тек белгілі бір салада ғана
жұмыс істеп, белгілі затты ғана өндіре
алады, бірақ олардың қажеттілігі миллиондаған
атауы бар әр түрлі тұтұну игіліктері
мен қызметтерін қамтиды. Экономикалық
ресурстарға: жер, еңбек, техника, шикізат,
ақпарат және т.б. жатады. Ресурстарға
тән нәрсе - олардың сиректігі немесе шектеулігі.
Экономикалық теорияда бұл феномен шамасы
“Ресурстар Заңы” деп аталады. Бұл жағдайда
пайда табу мен молшылықты қамтамасыз
ететін тетік әлде кімнің даналығы немесе
ақылдылығының нәтижесі емес, ол еңбек
бөлінісі мен нарыққа байланысты көрініс
береді. Мұны адамдардың өмірге қажетті
әр түрлі ресурсттар алу үшін өз еңбек
өнімдерін бір-бірімен айырбастауға деген
табиғи қажеттілігінен және бейімділігінен
туындайтынын көреміз. Осыған байланысты
А. Смиттің зерттеген «Көрінбейтін
қол» деген теориясына назар аударайық.
Бұл теория бойынша, адамдардың экономикалық
шаруашылық субъектісі ретіндегі біреулердің
әр түрлі еңбек өніміне деген мұқтаждық
түсіндіріледі. Әдетте ол саналы түрде
қоғамға пайда келтіруді ойламайды, тіпті
оған қаншама пайда келтіріп отырғанын
сезбейді де. Ол тек қана өз мүддесін ойлайды
және оның басты мақсаты - өзіне ғана пайда
түсіру, сөйте тұра, әлдебір көрінбейтін
қол, оны өзі басшылыққа алмаған мақсатқа
қарай бағыттап отырады.
1.2 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Нарықтық
экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың
жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік
бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас
пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен
байланысты. Нарық қатынастарының дамуын
мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
нарық әлемінің пайда болуы; натуралдық
айырбас кезеңі нарығы; тауар болмысы
кезеңінің нарығы; тауар емес балама кезеңінің
нарығы;
2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы
2.1
Нарық қызметтері
Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды қызметтер атқарады:
- Тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Бұл мына жағдай арқылы көрінеді: тауарға сұраныс өскенде, өндірушілер өздерінің өндіріс көлемін көбейтіп, бағаны жоғарлатады, нәтижесінде өндіріс қысқара бастайды;
--Ынталандыру қызметі. Баға төмендегенде, өндірушілер өндіруді азайтады, осымен қатар, олар жаңа техника, технологиялар енгізу, еңбек ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздестіреді;
--Өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі. Бірақ, бұл қызмет тек тапшылық жоқ өндіріс жағдайында жүзеге аса алады, сатып алушылардың таңдауы бар болғанда, өндірісте монополия болмағанда, бірнеше өндірушілер болып олар өзара бәсекелес болғанда;
- Реттеу
қызметі. Нарық арқылы экономикадағы,
өндірістегі және айырбастағы негізгі
микро және макро пропорциялар белгіленеді;
Шаруашылық өмірді демократияландыру,
өзін - өзі басқару принциптерін жүзеге
асыру қызметі. Нарықтық құралдар әсері
мен қоғамдық өндіріс экономикалық жағынан
қолайсыз элементтерден арылып отырады
және осының арқасында тауар өндірушілер
әркелкі түрге, буындарға бөлінеді, яғни
дифференциялданады.
2.2
Нарық инфрақұрылымы
Нарық экономикасының қызмет етуі оның белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды.
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі - өндірушілер мен тұтұнушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар, өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді.
Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі - баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз: 1 баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі коньюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. 2 осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін транскациондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Нарық экономикасының төртінші орталық буыны - екі құрылымнан сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтұнушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін нарық механизмінің өте маңызды элементі.
Нарық
механизмінің бесінші элементі – бәсеке.
Бұл пайданың жоғары болуын тілейді және
осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді
қамтамасыз етеді. Бәсеке нарығы субьектілерінің
өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады.
А. Смит бәсекені нарықтың “көрінбейтін
қолы” деген. Көрінбейтін қол идеясының
мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес өздерінің
қара басының қамын ойластырып әрекет
етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғамдық
пайдаға шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі
экономиканың реттеушілерінің: бағаның,
пайда нормасының, проценттің т.б. мөлшерін
анықтау болып табылады. Нарықтың маңызды
элементтеріне нарықтық инфрақұрылым
жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме
және бөлшек сауда құрылымдарының құрылуын
және қызмет етуін талап етеді.
| ||||||||||||||||||||||||||
1 сурет
– Нарықтың инфрақұрылымы.
Нарық
конъюнктурасы. Нарық инфрақұрылымының
тиімділігі көбінесе экономикалық конъюнктураға
байланысты, яғни нарыктың белгілі мерзімдегі
уакытша жағдайы. Конъюнктура туралы төменде
көрсетілген көрсеткіштер жүйесі мәлімдейді:
б)-циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде әсер етеді (оған ең, алдымен ғылыми-техникалық прогресс жатады);
в) кездейсоқ (уакытша, тез өтетін) құрғақшылық, аурулар, мода.
Экономикалық конъюнктураны жақсартудың әдістері:
а) Инвестициялық ахуалды қалыптастыру;
б) Фирмаларға мемлекеттік заказдардың берілуі мен көлемінің өзгеруі;
в) Салық және процент ставкаларының дәрежесін қайта қарау;
Халықтың
ақшалай жинақтарының мөлшерін реттеу.
- Маржиналдық
(шекті) талдауға;
Маржиналдық талдау принциптері негізінде нарық субъектілерінің іс-қимылы жүріп отырады. Олардың әрекеттеріне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар болады. Осының нәтижесінде нарықты тауарлармен толық қамту, нарықтық бағаның өзгеруі, нарық экономикасының бір жағдайдан басқашаға ауысуы бірте-бірте жүріп отырады. Жаңа шекті субъектінің пайда болуы, нарық экономикасына, ондағы сұраныс пен ұсынысқа мәнді әсер етпейді. Жетілген нарық жағдайында, яғни үлкен және үнемі болатын ұсыныс кезінде, шаруашылық жүргізушілер өте көп болғанда, олардың әркайсысының нарықтағы жеке үлес салмағы шексіз аз шамада болады. Маржиналдық бағыт нарыктық ортаның, үзілмей қызмет етуін қамтиды деуге болады; сұраныс пен ұсыныстың күрт тербелуіне жол бермейді; тауар өндірушілер мен тұтынушылар тепе-теңдік болмысын қамтамасыз етіп отырады.
Балама таңдау шығындарының принциптері. Балама таңдау шығындарына тікелей шығындар және ресурстарды пайдаланудың немесе кәсіпкерлік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және тікелей шығындардың жиынтығы жатады. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариантты таңдап алынуы. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Экономикалық рационалдық принцип табыс пен шығындарды салыстырып отыруға негізделеді. Раңионалдық талдау өзгеріп тұратын варианттардан жасалады. Осы варианттардың ішінен мүмкін болатын пайда ең аз көлемде болса да, күмәнсіз табысты қамтамасыз ететін вариант алынады. Рационалдыктың критериі - табыс төтенше құқықтың болуымен байланысты. Фирма неғұрлым өзінің пайдасын көбейтуді көздейді, ал тұтынушылар - капиталды шектеп пайдалана отырып, барынша өздерінің хал-ахуалын жақсартуды көздейді. Нарық экономикасын осы аталған принциптер негізінде құру тепе-теңдік болмысына жетуді қамтамасыз етеді. Осы болмыс – нарық механизмінің орталық проблемасы. Бұл жағдай екі қарама-қарсы күштерді колдануға негізделеді: бір жақтан сұраныс пен ұсынысты, екінші жақтан нарықтағы бағаны.[11]
Сирек кездесулік мәселесі нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. "Сиректік" деген түсінік - экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе, тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын құрал. Демек, шекті пайдалылық теориясында "сиректік'' деген негізгі және ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық
мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит
"сиректік" түсінігін күнмен байланыстырады.
Олардың айтуынша, сиректік еңбектің санымен
қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды
факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық
қатынастар теориясында "сиректіктік"
түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап
отыр. Егер бұрын сиректік табиғи және
әлеуметтік факторлармен баланыстырылған
болса, қазір сиректік нарықтың қызмет
өту мерзімімен байланыстырылып отыр.
Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте
және толығымен кажеттіліктерді қамтамасыз
ете алмайды. Бұл үшін белгілі бір уақыт
мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректік
мол болған сайын, осы игіліктің кажет
санын өндіруге соншама мол уакыт керек.
2.3 Нарық экономикасының элементтері және сегментациясы
Нарық
құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың
барлық сферасында өз әрекетін жүргізеді.
Нарықтың экономикалық құрылымы мынадай
жағдайлармен белгіленеді:
2.4 Мемлекеттің нарықтық экономикада атқаратын рөлі.
Мемлекеттің
макроэкономикалық процеске қатысуы осы
процестің бө-лінбейтін элементіне айналды.
Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық
экономика көлемінде жүргізіледі және
ол белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әлбетте,
мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан,
бүгінгі таңда өркениетті елдердің экономикасы
өзінің нарықтық негізін сактауда. Осыған
байланысты «экономика-мемлекет» қарым-қатынастары
қарама-қайшылықты мазмұндағы құбылыс.
Неге? Себебі аталған қарым-қатынастардың
екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Шын мәнінде, нарықтық экономика таңдау
және еркін кәсіпкерлікке
3 Қазақстанда
нарықтың экономика жүйесінің
қалыптасуы мен дамуының
3.1 Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
Жалпы
нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық
шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы
жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе
берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының
анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің
сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық
және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке,
бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде
нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын
ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық
негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет
өз мойнына алады. Экономикалық қызмет
саласында мемлекет заңнама негізінде
сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер
нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі.
Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық
араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе
ресурстарды тиімді пайдалануға және
экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді,
алайда оның жағымсыз жақтары да болады.
Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік
топтарды жіктеуге алып келеді
Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық
экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық,
құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын
жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес
Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған
Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік
жарияланғаннан кейін қарқынды түрде
жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған
сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы
негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж.
7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау)
басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке
меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді,
жеке меншік институтын қалыптастыратын
реформа жүргізіле басталды және ол төрт
кезеңді қамтыды. Жекешелендіру - азаматтардың
немесе олардың барлық бірлестіктерінің
немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің
акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу
болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен
алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды
меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік
емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға
болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта
- теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж.
экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама
қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996
ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді;
1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай
жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың
нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың
негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде
нәтижелі жұмыс істеп жатыр.[8]
3.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері
Еліміздің
нарыққа өткен кездегі бастан кешкен
қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды.
Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс
ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан
бастап, сауда ауқымындағы монополиялар
және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің
тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының
экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық
және имандылық түсініктер жағынан елдің
стратегиялық дамуына кешенді жағдайда
келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре
алады. Мұның өзінде табыс шарты болып
- дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады.
Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру
үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан
адамдар тобының, саяси тұрақтылық және
қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы
шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке
қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған
жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік
рынокпен байланыста емес еді, халықтың
психологиялық дайындығы, адамдардың
рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі
болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды
дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық
бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте
зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық
бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік
және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық
және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық
құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны
және ішкі қаражатты мол тарту арқылы
экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты
өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы
тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым
(әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы
тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен
және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен,
аталған осынау басымдылық тізбесінің
өзі Қазақстан басшылығының экономикалық,
әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық
түсініктер жағынан елдің стратегиялық
дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын
күмәнсіз куәлендіре алады. «Қазақстан
- 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше
бағдарламалар жасап, оларды іске асыру
үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың
басында Қазақстанда нарықтық жүйенің
негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі
басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір
сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.
Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға
иелік артып және барлық қарқынды экономикалық
реформаларды "сонан кейін" деп кейінге
қалдыра берсек қателік болар еді, сол
себептен “голландық ауруға” немесе
«семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін.
Экономикамызды ары қарай жемісті түрде
ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру
үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық
Стратегияны іске асыру керек. Нарықтық
экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі
– Қазақстан Республиксының президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз
күні Қазақстан халқына жолдауында - «Қазақстанның
әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясында»:
Нарық қағидаттары негізінде мемлекет
пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық
өзара қатынастардың тиімділігін арттыру.
Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын
әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз
керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін
қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы
заманға сай ойлай білетін және түпкі
нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана
қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім
– шарттық қатынастарды дамыту мен жеке
меншік институтын нығайту үшін қосымша
заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ
даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз
тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Келісім–шарттық
міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық,
әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік
билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ
экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін
қолданылуға тиіс. Біз үшін маниторлық
акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын
қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың
болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен
қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер
берілуін қарастыру қажет. «Электрондық
үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін
әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік
органдар қызметінің тиімділігін арттырып,
сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді
кемітуге қол жеткізеді» делінген. Міне,
Республикамыздың нарықтық экономиканы
жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары
жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің
әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.

- Қазақстанда орналасқан елді мекендердің жерлерін бағалаудағы ерекшеліктер
- Қазақстанда социологиялық көзқарастардың қалыптасу негіздері
- Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
- Қазақстанда логистиканың даму тарихы
- Қазақстанда мұнайдың дамуы
- Қазақстанда нарықтық инфрақұрылымды құру
- Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері