Қазақстан Республикасының атқарушы органдары

Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары 

      Қазақстан Республикасының атқарушы органдарына  ҚР Үкіметі, министрліктер, комитеттер, агенстволар, департаменттер, әкімшіліктер және оның басқарушы органдары жатады.

      Атқарушы  билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент  қамтитын атқарушы билік тармағына  жатады. Парламенттің қатысуымен Президент  басқарады, оның дербес құзыретті алқалық  шешуші органы. Кабинат мүшелері бүкіл  халық сайлаған Президент алдында  дербес жауап береді. Үкіметтің нақты  егемендігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі  – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда  және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасының  Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы  конституциялық күші бар жарғымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 

1-тармағы  бойынша жүзеге асырады және  бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне  басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының  Үкіметін премьер-министр, оның  орынбасарлары, Республика Үкіметі  аппаратының басшысы, Республика  министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

      Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

      Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

      Үкiметке  мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:

  • ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
  • мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
  • әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
  • Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
  • ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
  • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
  • баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
  • мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
  • мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
  • еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
  • мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
  • аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
  • ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
  • табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
  • құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
  • келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
  • ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
  • сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
  • сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
  • халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
  • Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

      Үкiмет  өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда  және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.

      ҚР-ның  Премьер-Министрi үкiмет қызметiн  ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке  Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары  жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

      Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын  жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

      ҚР-ның  Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның  Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан  түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.

      Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының  Үкiметi туралы” конституц. Заңмен (18.12.1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитетi) туралы үлгi ережемен және әрбiр министрлік, агенттiк, комитет туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

      ҚР-ның  Министрлiгi мемл. басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орт. атқарушы орган  болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., респ. мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.

      ҚР-ның  агенттiгi де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк  комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет  құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.

      Премьер-министр(ағылшын тілінде prіme — бірінші, mіnіster — басқарушы) — үкіметті басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Премьер-министрді барлық елдерде ресми түрде мемлекет.[2] басшысы тағайындайды. Абсолюттік монархия, дуалистік монархияларда жәнепрезиденттік республикаларда мемлекет басшысы жеке-дара өз қалауымен тағайындаса, парламенттік елдерде парламентте көп орынға ие болған партияның жетекшісі премьер-министр болады. Премьер-министр үкімет жұмысына жауап береді, үкімет отырысын ұйымдастырып, оған төрағалық етеді, үкіметтің күн тәртібін белгілейді, министрлергетапсырма береді, олардың жұмысын бақылайды, үкімет қаулыларына қол қояды, өз атынан қаулы мен өкім шығарады. Премьер-министр қызметтен босаса, бүкіл үкімет мүшелері де қызметтен кетеді. Көп елдерде премьер-министр мәртебесі бойынша мемлекет басшысынан кейін екінші лауазымды тұлға болып табылады. Мемлекет басшысы өз міндетін атқара алмаған жағдайда оның өкілеттігі уақытша премьер-министрге ауысады. Премьер-министр қылмыстық жауапкершілікке айрықша тәртіпте тартылады (мемлекеттің бас прокуроры ғана іс қозғай алады, ол істі тек жоғарғы сот қарайды, т.б.).

      Сонымен қатар атқарушы органдарға Республика министрліктерімен ведомстволары жатады.

      Министрлік  тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай»-ақ заңдармен көзделген  шекте салалық шүй»лестіруді  жшүзеге асыратын Республика орталық  атқарушы орган болып табылады.г  Республикада мынадай» министрліктер  бар: Ішкі істер; Денсаулық сақтау; Сыртқы істер; Білім және ғылым; Әділет; Қорғаныс; Ауылшаруашылық; Көлік және камуникация; Еңбек, Кіріс т.б. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ведомстволары, департаменттер мен басқармалар болып табылады.

      Ішкі  істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

      Ішкі  істер органдарының бүкіл жүйесінің  қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

      Ішкі  істер органдарының негізгі қызметі:

  • облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу және оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  • Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік және консультативтік көмектер көрсету;
  • ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы және құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру.

      Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының ішкі істер бөлімдері  өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті  сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде1946 ж. наурыздан қызмет етіп келеді.ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы Жарлығымен ҚР Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде қайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2001ж. 16қарашадағы қаулысымен министрлік туралы ереже бекітілді. 2002 ж. 1 қаңтардан министрліктің ведомстволары құрылды: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті және Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті. Ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардың денсаулығын сақтау саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылды.

      Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды:

      Халықтың  денсаулығын сақтау саласындағы  бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу; азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін  медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді үйымдастыру; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі  іс-шараларды ұйымдастыру және олардың  орындалуын бақылау; халықты емдеу  және алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; денсаулық  сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды белгілеу; ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың материалдық- техникалық базасын дамыту; министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту. ҚР Үкіметінің 2003 ж. 7 қарашадағы қаулысымен Министрлік туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілді: министрлік қосымша медициналық және фармацевтикалық білім саласында арнайы атқарушылық, бақылау-қадағалау функцияларын және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады; министрліктің негізгі міндеттері медициналық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім саласында біртұтас саясатты жүргізу міндетімен толықтырылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығымен министрліктің медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті реттеу саласындағы функциялары ҚР Индустрия және сауда министрлігіне берілді.

      ҚР  Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы қаулысымен  министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Медициналық қызмет көрсетулер сапасына бақылау жасау жөніндегі комитеті құрылды, оған министрліктің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру функциялары берілді.

      Министрліктің Фармацияфармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті министрліктің Фармация комитеті болып қайта құрылды, оған қайта ұйымдастырылған комнтеттің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті реттеуден басқа функциялары берілді. Министрлік басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте азаматтардвщ денсаулығын сақтау, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

      Қазақстан Республикасының білім жцәне  ғылым министрлігі– мемлекеттік орган. Оған білім, ғылым, тех. саласына басшылық жасау және заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіру міндеттері жүктелген. 1999 ж. ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт мин-лігін қайта ұйымдастыру негізінде құрылған. Құрамы: Жалпы орта білім, Кәсіптік бастауыш және орта білім, Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім,Ғылым, Мемл. инспекциялау және мониторинг, Бюджет, жоспарлау және қаржы, Әкімш. департаменттері; Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы, Жоғары аттестациялау к-ті. Мин-ліктің қарамағында 100-ге жуық кәсіпорындар мен білім және ғыл. ұйымдары бар. Негізгі қызметі: азаматтардың мемл. оқу орындарында кепілді білім алуын қамтамасыз ету; ғыл.-зерт. ұйымдарын жетілдіру, білім мен ғыл. саласындағы ақпараттандыру; қорларды шоғырландыру, тікелей инвестицияларды тартуға қатысу; заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; білім, ғыл. мен тех. саласындағы жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруға қатысу. Ол өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес ғыл.-тех. бағдарламаларды орындаушы ұйымдардың респ.бюджет есебінен жүргізетін ғыл., конструкторлық және технол. жұмыстарын үйлестіреді; өз қызметі аясында халықар. ынтымақтастықты жүзеге асырады; халықар. шарттар мен келісімдердің жобаларын дайындауға қатысады; өз құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялайды; ғыл.-тех. ақпараттың мемл. жүйесін жетілдіреді, мемл. бюджет есебінен жүргізілетін ғыл.-зерт. жұмыстарының, іргелі бағдарламалардың, қолданбалы зерттеулердің, қорғалған диссертациялардың мемл. тіркеуден өткізілуін қамтамасыз етеді; ғыл., пед. кадрларды даярлау, қайта даярлау, аттестациялау ісін ұйымдастырады.   Ведомство – республиканың орталық атқарушы органының комитеті, оның аумақтық бөлімшелері болуы мүмкін. Ол Республиканың орталық атқарушы органы құзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау міндеттерін, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың ішкі саласын салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асырады. Оның құрылымын, құзыретін және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Үкімет белгілейді. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі министрліктерінің  және өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне  басшылық жасайды. Бұлардың актілерінің  қолданылуын толық не бір бөлігінде  жояды немесе тоқтата тұрады.

      Республика  Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық  атқарушы орган – Қазақстан Республикасының  агенттігі болып табылады. Агенттіктің  құрамын оның басшысы – төраға бекітеді және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Ол өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  салааралық үйлестіруді, сонымен бірге  өзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. ҚР Конституциясы  Үкіметінің орнынан түсу туралы мәселелерді  белгілейді. Бұл бірнеше жолмен жүзеге асырылады:

  1. Үкімет және оның кез-келген мүшесі Республика Президентіне өз ықтиярымен орнынан түсу туралы өтініш етуге хақылы;
  2. Президент өз бастамасы бойынша Үкіметінің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтатылғанын білдіреді;
  3. Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін ретте Үкімет орнынан түсетін туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Орнынан түсуді қабылдай немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің не оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министрдің орнынан түсін қабылдау бүкіл Үкіметтің немесе оның мүшесінің орнынан түсуін қабылдамаса, онда өз міндеттерін одан әрі жүзеге асыра береді.
 
 
 
 
 
 

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
  3. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi.
  4. Қазақстан Республикасының Министрлiгi.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 6 том.
  2. "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2001 ж. 17 қазандағы № 705 Жарлығы (Ағымдағы мүрағат).
  3. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық.Алматы, «Мектеп» баспасы, 2007.
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-

2005 жж.). Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйіг, 2007.

Қазақстан Республикасының атқарушы органдары