Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы
Кіріспе.
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1. Ауылшаруашылық өнімдерінің нарығы.
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер.
Кіріспе
Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады.
Ауыл шаруашылығы – бұл
Аталған тақырыпта мен барынша
ауыл шаруашылығының жағдайын, оған
мемлекет тарапынан
I. Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы.
Адамзаттың техникада және өндірісте қолы жеткен прогресі қандай айбынды болғанымен , оның барлық өмірі табиғатқа байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Ол адамдарға өте үлкен және алуан түрлі ресурстарды пайдалануға береді.
Алдымен керегі бұл адамдардың тамағы. Ол болса табиғаттың негізгі ресурсы- жер арқылы өндіріледі, алынады. Шындығында жерсіз адам сүре де алмайды. Экономика ерекшілігінің бірі барлық ауыл шаруашылығы өндірісі осы жерде орналасқан. Біріншіден , ол табиғаттың , ауа-райының жағдайына толық байланысты , бір жыл екінші жылға ұқсамауы мүмкін. Екіншіден, шаруашылықты жүргізу маусымды және бір келкі емес, ал тұтыну болса жыл бойы жүреді.Үшіншіден, оның басқалардың өніміне қарағанда бір жермен бір орында емес, шашыранды , оларды бір жерге жинау мүмкін емес , тиімді болмайды.Төртіншіден, ауыл шаруашылық өндірісі, онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің өмір сүріп, жұмыс істеуіне өз белгісін қалдырып отырады. Жұмыскердің жұмыс уақытымен санаспай істеуін талап етеді.Бесіншіден , бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда сұраным оралымдылығы мен икемділігі төмен, ол экономикаға екі жақты зардап алып келуі мүмкін: бірінші ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі , оның оның тұтынуын азайтпай, керісінше көбейтіп, сонымен бірге шығындардағы инерцияның күшеюіне , ал , өнеркәсіп өнімдері, алдымен ауыл шаруашылығы өзі пайдаланып отырған өрімдердің қымбаттауына (трактор , машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп соқтырады: екіншіден , бағаны төмендету, өнімдерді өткізу көлемін және фермерлердің табысын молайту да өз әсерін тигізе алмайды, себебі, табыстан артылып қалған қаржыны фермер өнеркәсіп орындарының өнімдерін сатып алуға жұмсайды.Міне,осының барлығы агроөнеркәсіп шаруашылығының жалпы экономикалық прогресте арнайы орын алатынын, әлеуметтік шиеленушіліктің пайда болатынын көрсетеді.
Дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей техниканың қандай болғанымен агроөнеркәсіп шаруашылығында өнімді көбейту- бұл жанұялық шаруа қожалығы болып отыр.
Шаруа қожалығы дегеніміз бір жағынан , ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа түрі, екінші жағынан , бұл кеңшар мен ұжымшарлардан ескі формалардың бірі болып саналады. Агроөнеркәсіп шаруашылық экономикасында шаруа қожалықтары, кооперативтер т.б.формалары арға ғасырдан екле жатыр. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен “Ұлы сталиндік өзгеріске ” дейін жұмыс атқарып халыққа өз өнімін беріп келген. Орыстың ұлы ғалымы , ауыл шаруашылық экономисі Александр Васильевич Чаянов атағандай кеңшар мердігерлік әдістер, соның ішінде жеке және отбасылық мердігерлік, кооперативті, шаруа қожалығы т.б. түрлері өмір сүріп , халыққа қызмет көрсете алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.Мысалы, ҚХР-дағы тұрғындардың 80 пайызына дейін ауылдарда тұрады. Бір ерекшілігі –ауыл шаруашылық мекемелерінде емес, ауыл шаруашылығына жатпайтын ұйымдарында (ұжымшарлар мен кеңшарлар емес) барлық айдалатын жердің 90 пайызы отбасылық , жалгерлік, кооперативтік әдіспен жұмыс істейді екен. Жерді 50 жылға дейін жалға келісім шартпен алып жұмыс істеп, әр алуан өнімдер өндіреді. Осы өндірген өнімнен жалгерлер мемлекетке жылдық ақы есебіне 3 пайыз, кооператив ұйымдарына 7 пайыз беріп , қалған 40 пайызын мемлекетке жоғары бағамен сатып отырады. Енді қалған өнімнің 50 пайызы жалгерлік ұйым мүшелері өздері бөледі ,не мемлекетке , немесе басқаларға нарықты еркін бағамен сатады.
Ал, АҚШ ауыл шаруашылығында істейтін фермерлік шаруашылықтар барлық штаттар бойынша өндірілген өнімнің 60 % береді. Әрі жеке меншікті жанұялы фермерлер 1 мың доллардан 20 мың долларға дейін өнім өндіріп, сатады. Бұған қосымша ауыл шаруашылық өнімдерін тағы да 16 % бірігіп жұмыс атқаратын туысқан адамдардан құралған серіктестік фермалар береді екен.
Дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибелері көрсеткендей экономикалық мүддесінен қол үзгені, жерінен айырылған шаруа елді тойдыра алмайды және ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы қандай көлемде болса да, құмға сінген су сияқты еш жердем тигізе алмайды және саланы ілгері дамыта алмайды.
Нарықты қатынастарға көшкен мемлекеттерде агроөнеркәсіпті шаруашылығы саласында фермерлер , шаруа қожалықтары, кооперативтер , жалгерлер, акционерлік қоғамдар т.б. жұмыс істейді. Осылардың әрқайсына қысқаша түсінік берелік .
Шаруа қожалықтары- бұл фермерлерге ұқсас сияқты. Фермер ауыл шаруашылығының еркін тауар өндірушісі есебінде көрінсе, шаруа қожалығы бұрыннан-ақ бізде болған , өнім өндіріп келген кішігірім құрылымдар. Сонымен, шаруа қожалығы- өз еңбегімен жұмыс атқарып , өнім өндіріп,өзін-өзі қаржыландыратын ,заңды, дербес шаруашылық.
Шаруа қожалықтардың ерекшеліктері:
· Өз қызметін жанұя, оның мүшелері арқылы жүргізеді;
· Жер мемлекеттік актімен бекітіліп берілгеннен кейін ,оның заңды иесі бола алады және жұмыс істейді;
· Барлық жағынан заңды түрде мәртебе алып, өзінің атынан жергілікті органдарда өз шешімдерімен бекітіп, шарт жасасып отырады, өзінің мөрі , банкде шоты, кіріс, шығыс баланстары болады. Шаруа қожалығы басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасайтын өндіріс орны да болып табылады;
· Өндірген өніміне және құрал жабдықтарына, тапқан табысына заңды түрде ие болып қожалық жасайды, сөйтіп алған дүние мүлкі аткімен бекітіледі;
Өз жағдайларына , мамандандырылынғанына қарай не өндіретіндерін, қалай өндіретіндерін, қандай технологияны пайдаланатынын, алған өнімдерін қайда, кімге сататынын өздері дербес шешеді. Ол өз кірісін ,табысын өзі біліп , өзі билейді, өзі бөледі. Әкімшілік түрде ол еш кімге бағынышты емес. Сондықтан оның ішкі жұмысына ешкім араласа алмайды. Олар мемлекеттік , кооперативтік , өздері сияқты шаруа қожалығымен қолма-қол ақшалай, ақша немесе аудару арқылы қарым-қатынас жасайды;
Өз өндіріс орнында дербес жұмыс істегендіктен кеңшар, ұжымшылардың істеріне араласпайды;
Өндірілгген өнімнің 70-80 пайыз тауарлығы, яғни сатылатындығы болғандықтан, аның тауарлығының жоғары екендігін көрсетеді;
Шаруа қожалығының негізгі мақсаты – шаруалардың жанұя мүшелерін азық -түлкпен қамтамасыз ету , сонымен бірге , өндірген өнімдерді сату арқылы пайда табу.1998 жылғы наурыздың 31-де “ Шаруа қожалығы туралы ” Қазақстан Республикасының заңы өмірге келді. Бұл заң Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтарын құрудың және олардың жұмыс істеуінің құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін белгілейді.
Енді ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын
айтпай кетуге болмайды және оны келесідей
қарастыратын боламыз.
II Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
2.1 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы.
Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы бойынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығын құру үшін мемлекеттік тапсырыстың міндеттілігін жою , оның орнына экономикалық жағынан дербес тауар өндірушілер құрамын жасақтау , нарықтық инфроқұрылымын қалыптастыру, тауар өндірушілерлің дайындаушы ,ұқсатушы және басқа ұйымдармен еріктілік пен өзара тиімді негіздегі шарттық қатынастарына көшу.
Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қуатты тұтқасы болып келген директивалық мемлекеттік тапсырыс индикативті жоспарлауға орын беруі тиіс. Бұл орайда тапсырыс –ұсынысқа және шартқа айналдырылуы тиіс.
Мемлекет нарыққа шыққанда басқа да сатып алушылармен құқықтық болуы керек. Ол тауар өндірушілерге сатып алатын өнім көлемі мен түр-түрі, сапасы, бағасы, жеңілдіктері, көтермелеу шаралары мен басқа да шарттары жайында алдын –ала хабарлайды.
Нарыққа көшкенде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің аса маңызды өзіндік ерекшеліктері болды. Олар мыналар:
-Еліміз бойынша әсіресе пайдаланылатын жер көлемі жөнінен орташа кәсіпорындар басым болып отырғанда негізінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының болуы. Бұл, өз кезегінде , жер реформасын жүзеге асыру және өндіріс құрал –жабдықтарына меншікті иелікке беру формаларына әсер етеді;
- Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің шикізтқа бағытталуы негізінен алғанда өндіру , ұқсату, сақтау, өткізу кезеңдерін қамтитын , оның салалары арасындағы сақталып келе жатқан тепе-теңсіздікке байланысты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі бөлегі ұқсатылмаған күйінде басқа аймақтарға жіберіліп , республикада құралған таза табыстың дені соларда қалып қояды;
- ауыл шарушылығының дәстүрлі түрлері бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жағынан артта қалған көптеген аудандардың болуы.
Ауыл шаруашылығы экономикасындағы күрделі проблемалардың тағы бір түрі- сататын және сатып алатын тауарларға бағанын тепе-теңдігін жасау.
Бағаның тепе-теңдігі- бұл қаламен ауыл аралықтарындағы екі жақты айырбас кезіндегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнімдері құндарының ара қатынасы.
Тең бағаны жасау қиындықтары барлық елдерде жиі кезесіп отырады. Ол ең алдымен өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы ерекшеліктер. Біріншіден, ауыл шаруашылық өндірісінде өндіретін өнімдер маусымдық сипатта болады, сондықтан өнім бағалары өзгеру уақыты бойынша жалпы баға өзгерістерінен қалып отырады. Екіншіден, фермерлер өздеріне керекті өнімдерді ірі жеке өнеркәсіп монополистерінен сатып алып отырады, ал олар болса жоғары бағаларды ұсынады. Мысалы, астық жинайтын комбаиндар Ресейде екі жерде ғана жасалады. Комбайндардың бағалары болса өте қымбат. Ал фермер, шаруа өз өнімдерін көпшілікке сатады, сондықтан жоғары баға сұрау қиынға түседі. Үшіншіден, ауыл шаруашылық өнімдерінің дүние жүзілік нарығындағы бәсекелік фермерлерге тең бағалы өнімдерді ұстауға үлкен кедергі жасайды.
Осының салдарынан өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне әр уақытта “бағаның қайшысы ” пайда болады.
Баға қайшысы- бағаның тепе-теңдігі бұзылу дәрежесі, яғни ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп өнімдерінің бағаларының өсу қарқынының айырмашылығы.
Бағалар тепе-теңдік проблемаларын нарықты механизмдер арқылы шешу өте қиын, сондықтан көп елдердің үкіметтері бұл тепе-теңдіктерді шешу үшін фермерлердің өндірген өнімдеріне кеткен шығындардың біразын өз мойындарына алады.
Мысалы, Еуропалық экономикалық бірлестік дүние жүзілік нарықта өз фермерлерінің астығын нақтылы бағасынан 15 пайыз төмен бағаға сатады. Ал, Америка үкіметі ферлердің өндірген астығын 50 пайыз бағамен сатады, қалған 50 пайызын үкімет өз қалтасынан төлейді, ол төлем фермерлерге жәрдем ақша есебінде болып, ауыртпалығы салық төлеушілерге түседі.
Жәрдем ақша- тауар өндірушілерге, олардың тауарларына бағаны тұрақтандыру, немесе оларды жұтатын кететін жағдайдан аман сақтау үшін берілетін мемлекеттік қайтарылмайтын жәрдем.
Адамзаттың тарихи тәжірибесі ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде ұстау үшін ерекше әдіс ойлап шығаруға мәжбүр болды- бұл таза нарықты тетіктер. Оларға алдымен биржалық сауда жатады.
Бірақ биржалық тетіктердің саудасы көпестер мен тауарлар келісімдеріне де бейімделген. Тауарлар биржасында тек үлкен көлемде және кқп уақыт сақталатын талапқа сай сапасы бар тауар сатылады. Бұл талаптарға шикізат жатады, ал ол шикізаттар ауыл шаруашылығында өндіріледі. Мысалы: астық, ет, мақта, табиғи кауччук.
Қазіргі дамыған елдерде 50-ден артық ірі тауар биржалары бар. Оларда тауарлардың 160 түрі сатылады. Бұл көтерме сауда арқылы жылына 100 трлн. доллардың саудасы жүреді, яғни бұл елдердің өндірген өнімдерінің төрттен бірі.
Көтерме сауда- тауарларды үлкен партияларымен сатудағы келісім , мұнда сатып алушы көтерме сауда фирмасы болып табылады, ол бөлшек сауда бағасымен дүкендерді немесе өндірістік фирмаларды тауарлармен қамтамасыз етеді.
2.2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау, яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті «ағысына» жіберілмеген.
Кейбір
кәсіпкерлер бизнес
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе – жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік
салық саясатында ауыл шауашылығына
қатысты жеңілдікпен салық салу
арқылы олардың ынталандырушы
Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ.
Әрине шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін. Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы 3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі. Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2 жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері туралы тоқталып кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан 500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады. Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола алады.
Ресей,
Өзбекстандағыдай өнім арқылы
лизингтік несиемен есеп
Айта
кету керек, лизинг
Өкімет басшылығымен құрылған компания қызметі – Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын қарқынды дамыту.
Мақсаттары:
- лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;
- өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;
- ел
экономикасына сыртқы және
Міндеттері:
- инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді лизингілік қаржыландыру;
- Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;
- ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.
«ҚДБ- Лизингтегі» лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:
- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары
- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін
- Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес белгілеу; т.б
III ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
Серпінді жобаларды іске асыру, саланың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өте маңызды ықпалын тигізеді.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті астық экспортының жыл сайынғы көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік астық экспорттаушы бестіктің қатарына кіруі жөнінде міндет қойды.
Осы міндетті орындау үшін Каспий жағалауы және оған жақын орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық маңызы өте жоғары.
Қазіргі
уақытқа дейін осы нарықтарға
Қазақстан астығын тасымалдау
Ресей, Өзбекстан және
Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу
нарықтарына отандық астықты жеткізу
және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында
орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын,
Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық
баламалы бағытты дамыту туралы шешім
қабылданды.
Айтылмыш
бағытта өткен жылдан бастап
Ақтау портында астық
Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы
экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту
мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад
(Иран) порттарында астық терминалдарының
құрылысы бойынша қосымша жобалар іске
асырылуда.
Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің
ең қысқа жолы - Қара теңіз (Украина) порттарының
бірінен астық терминалын сатып алу жобасын
іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске
асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін
өздерінің әлемдік астық нарығындағы
қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын
қамтамасыз етеді. Одан басқа, халықаралық
талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы
бар қазіргі заманға сай бордақылау алаңдарын
ұйымдастыру бойынша жобаны іске асыру
жоспарлануда. Бұл отандық еттің бәсекеге
қабілеттілігін және сапасын арттырады,
ет өнімдерінің экспорттық көлемін елеулі
түрде өсіреді және етті өткізудің «жайылымнан
дастархан басына» кепілдендірген жүйесін
бір ретке келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға
берілген.Мақтаны қайта өңдеу саласын
дамыту үшін мақталықтың сортты тұқымдық
материалын өндіру бойынша зауыт құрылысының
жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоспардың
ТЭН әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды
жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар, «Алатау Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк» АҚ компаниясының тобы «Meridian Capital» ЖШС сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша серпінді жобаны іске асыруды жоспарлайды. Жобаны іске асыру орны - Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, мегаферманың болжаулы қуаттылығы – 110 мың тонна сүт, 220 мың тонна сүт өнімдерін, 15 мыңға жуық ірі қара мүйізді мал басын өндіру. Жобалық-сметалық құжаттарды (ЖСҚ) дайындау аяқталды, жеке қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, азықтық дақылдардың күздік егістігі жүзеге асырылды, мегаферманың қажетті инфрақұрылымының құрылысы үшін жер белгіленді. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі» АҚ жобаға қатысуы лизингке малдар, жабдықтар және арнаулы техникалар, сонымен қатар өзінің еншілес ұйымы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы өндіріс қуатының құрылысына несиелік қарыз берумен болжанады. «Meridian Capital» ЖШС қаржыландыруға өзінің өтінімдерін қалыптастыруды жүзеге асырып жатыр. Жобаның операторларын мемлекеттік қолдау көрсету шаралары – жеңілдік және субсидия беру мәселесі ынталандырады.
«Халық банкі» АҚ компаниясының тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180 мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы 400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері – 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы жабдықтар алып берумен талқыланды.
«Қазақстанның
астық өңдеушілер және

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқығы
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік стратификация мәселесі
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi
- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
- Қазақстан Республикасының
- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы халық санағы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
- Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері
- Қазақстан Республикасының Ата заңы
- Қазақстан Республикасының атқарушы органдары