Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі. 2

Жоспары

 

Кіріспе

 

1. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі

2. Сот билігінің конституциялық негіздері

3. Сот билігінің функциялары

4. Қазақстан Республикасындағы судьялардың  конституциялық –құқықтық  мәртебелері

5. Қазақстан Республикасының сайлау органдары

5.1 Сайлау комиссияларының құқықтары мен міндеттері

5.2 Сайлау округтері

5.3 Сайлау учаскелері

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Кіріспе

 

Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. 
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. 
          Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     1   Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі

 

Республиканың Сот жүйесі Конституциямен және Республиканың  конституциялық заңмен белгіленеді.ҚР-ның соттар жүйесін Жоғарғы Сот және Конституцияға сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық, Астана қаласының, ҚР әскерлерінің Әскери Соттары) аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады.

Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа  органдардың лауазымды тұлға  немесе басқатұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ. Сонымен  қатар Конституция қандай да бір  атумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді. Дегенмен ҚР мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік,  т.б.) соттар құрылуы мүмкін.

ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы  «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі.

- сот төрелігін конституциялық  принциптерге сәйкес жүзеге асыру;

- сот жүйесінің Конституциямен  және Конституциялық заңдармен  белгіленуі;

- соттарды құру тәртібімен;

- сот билігін сот  ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру;

- соттардың бірыңғай  заңдарды қолдануы;

- заңды күшіне енген  сот шешімдерінің Республиканың  бүкіл аумағында орындалу жүйесі;

- барлық соттардың  ркспубликалық бюджет есебінен  қаржыландыру.

ҚР сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.

 

    1. Сот билігінің конституциялық негіздері

 

Құқықтық мемлекет белгісінің бірі – сот билігінің заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңмен және беасқа да заң актілерімен белгіленеді. Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот – құқытық реформаны одан әрі жетілдіру болды.

Сот жүйесінің қазіргі  даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік тармақтарының «тежемелік» әрі «тепе-теңдік» жүйесін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.

Жоғарыда аталған конституциялық заң сот тәжірибесін жинақтап, қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа мазмүнмен байланысты. Онда:

1) Жоғарғы Сот төрағасының  өкілдіктерін кеңейтуге, судьялардың  құқықтық мәртебесін көтеру мен  әлеуметтік қамтамасыз етуге  бағытталған бірқатар прогресшіл  ережелер енгізілген.

2) судьялар әкімшілігі  – судьяларды ұйымдық, материалдық-техникалық  қамтамасыз ету жөніндегі функциялар  түсінігі енгізіледі, оны ҚР Жоғарғы  сотының жанындағы қайтадан құрылған  Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке  жүктеді. Бұрын бұл өкілеттілік  Әділет министрлігінің құзыретіне кіргізілген болатын;

3) облыстық соттардағы  және Жоғарғы Соттағы алқалар  мен Жоғарғы сот пленумының  орнына қадағалау төралқалары  мен жалпы отырыстар құру көзделді.

Сот төрелігін тек  Конституцияда көзделген сот  органдары – алқалар ғана жүзеге асыратын болады. Сот қызметіндегі жалпы ұйымдастыру мәселелерін шешетін болады.

4) сот өндірісін бір  ізге салу мақсатында республика  соттарындағы шаруашылық және  азаматтық істер жөніндегі алқалар  біріктіріледі;

5) Жоғарғы сот жанындағы  әскери алқа таратылады.

6) судьялардың тәуелсіздік  кепілдіктері күшейтілді. Мысалы, бұрын  сот органдары мен Әділет министрлігі  органдарының судьяларға қатысты  тәртіптік істерді қозғау құқығы  болса, енді бұл құқық тек  республика судьяларының күллі  ісіне қатысты – Жоғарғы сот төрағасына және облыстық сот төрағасына ғана тиесілі

Судьялар лауазымдарына  тағайындау рәсімдердің ашыұқтығы  мен жариялылығын қамтамасыз етуге  – аудандық және облыстық соттар судьяларының лауазымдарына конкурстық негізде  тиісінше Әділет біліктілік алқасы мен Жоғарғы сот кеңесінің кандидаттар іріктеуін жүзеге асыруды көздейтін нормаларда бағытталады.

Жоғарғы сот алқалары төрағалары мен судьялары, жергілікті соттар төрағалары, алқалар төрағалары бос лауазым органдарына кандидаттарды  ұсыну, сондай-ақ республика судьялары өкілдіктерін тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу тек қана Жоғарғы Сот төрағасы  құдіретіне жатқызылады.

Сот крпусының спалы  құрамын жақсарту үшін судья лауазымына кандидаттарға қойылатын жаңа қосымша  талаптар – біліктілік емтиханың  табысты тапсырған тұлғаллардың міндетті түрде тағылымдамадан өтуі белгіленеді.

7) судьяларға қойылатын  талаптар қатайды.Заңда тәртіптік  – біліктілік алқаларының өкілдері  едәуір кеңейтілді.

 

    1. Сот билігінің функциялары

 

1. Қазақстан Республикасында  сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.

Қазақстан Республикасында  сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салады.

Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін  немесе сот билігі функцияларына  иеленуге құқығы жоқ.

Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар  мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

2. Сот билігі Қазақстан  Республикасының атынан жүзеге  асырылады және азаматтар мен  ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүддерлерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әркімге мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың, лауазымды  және өзге де адамдардың Республиканың  Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс- қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.

Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алалмайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

Сот билігі азаматтық, қылмыстық  және заңда белгіленген өзге де сот  ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.

3. Судьялар сот төрелігін  іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіәретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Сот төрелігін іске асыруда  сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп  соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот шешімдері мен  судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың  лауазымды адамдары, жеке заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

4 Қазақстан Республикасындағы судьялардың конституциялық құқықтық мәртебелері

Қазақстан Республикасының  барлық соттары судъяларының мәртебесі бірдей болады және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Судьялардың құқытық жағдайы Қазақстан  Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгіленеді.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс  функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқы тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.

Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының  Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады.

Заңда қолданған кезде судья  төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс:

1) адамның кінәлі екендігі заңды  күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

2) бір құқы бұзушіліқ үшін  ешкімді де қайтадан қылмыстық  немесе әкімшілік жауапқа тартуға  болмайды;

3) өзіне заңмен көзделген соттылығын  оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне  болмайды;

4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

5) жауапкершілікті белгілейтін  немесе күшейтетін, азаматтарға  жаңа міндеттемелер жүктейтін  немесе олардың жағдайын нашарлататын  заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан  кейін ол үшін жауапкершілік  заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін  дәлелдеуге міндетті емес;

7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі  жақын туыстарына қарсы айғақ  беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі  кез келген күдік айыпталушының  пайдасына қарастырылады;

9) заңсыз тәсілмен  алынған айғақтардың заңды күші  болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

10) қылмыстық заңды  ұқсастығына қарай қолдануға  жол берілмейді. 

Судьяның өкілеттігі тек қана осы Конституциялық заңда  көзделген негіздер мен тәртіп бойынша  тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.

Судъялардың тәуелсіздігі. Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.

Ешкімнің сот төрелігін  жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Судья қаралған немесе қаралып  жатқан сот істерінің мәне жөнінде  қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.

Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот  төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының  есебінен жүргізіледі.

Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен  нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде  ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған  жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.

     Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:

- судьяның сот төрелігін  іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сайламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеуімен;

- судьяның ешкімнің  тиіспеуімен;

- судьяны қызметке  сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін  тоқтату және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

- судьяларға мемлекет  есебінен олардың мәртебесіне  сәйкес материалдық жағдай жасау  және әлеуметтік қамсыздандыру,  сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым  салу арқылы.

Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің  қарауында болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.

Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот  төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

 

5  Қазақстан Республикасының сайлау органдары

 

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
  • аумақтық сайлау комиссиялары;
  • округтік сайлау комиссиялары;
  • учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының  өкілеттілік мерзімі — бес  жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

 

5.1 Сайлау комиссияларының  құқықтары мен міндеттері

 

Сайлау комиссияларының  мүшелері мемлекеттік органдардың  өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері өз өкілеттіліктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады. Сайлау комиссиясының басқа мүшелерін сайлау өткізу кезеңінде олардың келісімінсіз жұмыс берушінің ұйғарымы бойынша жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Сайлау комиссиясының мүшесі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, комиссия құжаттарымен танысуға құқылы. Заңда сайлау комиссиясы мүшелерінің міндеттері нақты көрсетілген. Олар:

  • ҚР-ның Конституциясы мен заңнамаларын сақтау;
  • жалпы жұрт таныған әдеп нормаларын сақтау;
  • азаматтардың сайлау құқықтары мен занды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
  • шешімдер қабылдау кезінде әділ және тәуелсіз болу;
  • кандидаттар мен партияның тізімі ұсынған саяси партиялардың қызметіне жария баға беруден аулақ болу;
  • аталған комиссия орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұруға міндетті.

 

5.2  Сайлау округтері

 

Сайлауды өткізу үшін еліміздін әкімшілік аумақтық бөлінісі және сайлаушылардың мөлшері шамамен  бірдей деңгейлес сайлау округтері  құрылады. Сайлау округтерінің — бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық деп аталатын үш түрі бар. Сайлау нәтижесі бойынша тек бір ғана депутат сайланатын округ — бір мандатты сайлау округі деп аталады. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 67 депутаты осы жүйе бойынша сайланады. Осыған сәйкес Қазақстанның барлық аумағы 67 округке бөлінеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органының бірнеше мүшесі сайланатын округ — көп мандатты округ деп аталады. Мұндай округтер қалалық. және селолық кауымдастықтардың аумақтарын қамтиды. Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтитын, Президент, сонымен қатар партиялық тізімдер негізінде 10 Мәжіліс депутатын сайлайтын округ — біртутас жалпыұлттық сайлау округі деп аталады.

 

 

5.3 Сайлау учаскелері

 

Аудандар мен қалаларда  дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Қорытынды

 

ҚР сот жүйесінің  бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар ҚР Президенті бірнеше  аумақтық-әкімшілік бірліктерде  бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік  бірлікте бірнеше сот құруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  барлық соттары судъяларының мәртебесі  бірдей болады және бір-бірінен тек  өкілеттіктерімен ерекшеленеді. Қазақстан  Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгіленген  тәртіппен сульяға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, олөз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
  2. “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

 


Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі. 2