Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

№1 тәжірбиелік  сабақ

Тақырып: Қазақстан Республикасының  техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі

 

Сабақтың  мақсаты: Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілетін қызметтің ,  процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық  негіздерін белгілеуді студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Стандарттау,метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының  қолданылу саласы
  2. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

Кілті сөздер:

МЕМСТ- мемлекеттік  стандарт

ИСО- халықаралық  стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

 

1-бап.  Негізгі ұғымдар

1) аудит(  сәйкестікті  растау  саласындағы) – сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардың және сынақ знрт/ң  қызметін  жүйелі, тәуелсіз  құжатталған  талдау , сондай-ақ  өтінім берушінің бастамасы  бойынша  жүргізілетін  сертификатталған  өнімнің, көрсетілген қыметтің, процестердің, сапа менеджменті жүйелерінің  белгіленген талаптарға сәйкестігін  бақылау;

2)өнімнің,  көрсетілген қызметтің жән прцестердің  қауіпсіздігі(бұдан әрі- қауіпсіздік)- қауіпті фактордың іске асу ықттималдығы мен оның зардаптарының ауырлық деңгейінің үйлесімін ескере отырып, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіруіне байланысты жол берілмейтін қауіп-қатердің болмауы;

3) үйлестірілген  стандарт- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық  актілерде белгіленген талаптардың орындалуын  қамтамасыз ететін стандарт;

4) мемлекеттік  техникалық реттеу жүйесі- өз құзыреті шегінде тнхниекалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын  мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ  нормативтік құқықтық актілердің,  стандарттардың жиынтығы;

5) техникалық-экономикалық  ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші- техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің жіктеу топтпрының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат;

6) мемлекеттік  стандарт- уәкілетті орган бекіткен  және  тұтынушылардың  көпшілігі қло жеткізе алатын стандарт;

7) техникалық  реттеу саласындағы  нормативтік  құқықтық актілер мен стандарттардың  мемлекеттік қоры- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің,  стандарттың және мемлекеттік органдардың өз құзыреттері шегінде  қалыптастыратын өзге де  құжаттарының  мамандандырылған  қорларының жиынтығы;

8) өнімнің өмірлік циклі- өнімді жобалау, өндіру , пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, кәдеге жарату және жою процестері;

9) мүдделі  тараптар- қөызметі техникалық реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық  актілерді әзірлеумен тікелей байланысты жеке тұлғалар және олардың  қауымдастықтары, одақтары, сондай-ақ қатысуы Қазақстан Республикасының  халықаралық  шарттарында  көзделген өзге де  тұлғалар;

10) өтінім беруші- сәйкестігін растау үшін өнімді, көрсетілген қызметті, процестерді ұсынған жек немесе заңды тұлға, сондай-ақ аккредиттеуге және аудитке)сәйкестікті растау саласында) өтінім берген заңды тұлғалар;

11) сәйкестік белгісі-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу  саласындағы нормативтік құқықтық  актілерде,  стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген  талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

12) өнімді, көрсетілетін қызметті  бірдейлендіру- белгілі бір өнімді, көрсетілетін қызметті ерекшелейтін белгілері бойынша бірмағыналы тануды қамтамасыз ететін рәсім;

13) дайындаушы(орындаушы)- өнімді кейіннен иеліктен шығару немесе өндірістік  мақсаттарда өзі тұтыну үшін өндіретін, сондай-ақ өтеулі және өтеусіз шарт бойынша жұмыстарды орындайтын немесе заңды тұлғалар;

14) инспекциялық  тексеру- сертификатталған өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен жүзеге  асыратын  тексеруі;

15) сынақ  зертханасы(орталығы)-өнімнің  стандарттау жөніндегі нормативтік  құжаттарда  белгіленген талаптарға  сйкестігіне сынақ  жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы;

16) стандарттау  жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі нормативтік құжат- стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принцптерді белгілейтін құжат;

17) техникалық  реттеу саласындағы нормативтік   құқықтық акт- осы Заңға және «Нормативтік құқұықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдаған, техникалық реттеу саласындағы құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін,  тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысанадағы жазбаша ресми құжат;

18) міндетті  сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен өнімнің, көрсетілген қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау нысаны;

19) сәйкестікті міндеті растау - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқұықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

20) сәйкестік  растау жөніндегі орган-сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

21)негізге  алынатын стандарт- қолдану саласы кең немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;

22) сәйкестікті  растау- нәтижесі объектінің техникалық реттеу  саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

23) беруші-өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

24) өнім- прцестің немсе қызметтің нәтижесі;

25) процесс-өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге жету жөніндегі өзара байланысты және дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы;

26) стандарттау  жөніндегі өңірлік ұйым – географиялық немесе экономикалық бір ғана өңірдің стандарттау жөніндегі тиісті органдары қызметіне қатысу үшін ашық болатын стандарттау жөніндегі ұйым.

27) өңірлік  стандарт – стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;

28) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, стандарттарды есепке алу құжаты;

29) қауіп-қатер- зардаптарының ауырлық деңгейі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға,оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиян келтіру ықтималдығы;

30) сәйкестік сертификаты-өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

31) сәйкестік  растау схемасы- объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін(сынау,өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып айқындау тәсілдері;

32)техникалық кедергі- техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және стандарттарда қамтылатын талаптардың әр түрлілігі немесе өзгермелілігі салдарынан туындайтын кедергі;

33)стандарттау  жөніндегі техникалық комитет- бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды  әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін  ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңнсші орган;

34)техникалық сарапшы-сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

35)техникалық реттеу-сантарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестігі растау, аккредиттеу және  белгілнген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қызметті қоса алғанда өнімге, көрсетілетін қызметке, прцестерге қойылатын міндеттіжәне

ерікті талаптарды анықтауға, белгілеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және  нормативтік реттеу;

36) уәкілетті  орган-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау мен аккредиттеу мәселелері ббойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының  атынан  өкілдік етуге  уәкілетті мемлекеттік орган;

37) көрсетілетін  қызмет- беруші мен тұтынушының тікелей өзара іс-қимылының және берушінің тұтынушы қажеттіктерін қанағаттандыру жөніндегі ішкі қызметінің қорытындылары;

38) сәйкестікті  растау нысанасы- нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға  сәйкестігінің дәлелі  ретінде қалатын іс- қимылдардың жиынтығы;

39) сәйкестікті  растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор- уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман;

Стандарттау, метрология және сертификаттау жүйесіндегі, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының  қолданылу саласын үйрету.

       1. Осы Заң өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне

(бұдан әрі-процестер) қойылатын міндетті және ірікті талаптарды  айқындау, белгілеу, қолдану және орындау, олардың сәйкестігін растау, аккредиттеу және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

     2. Өнім, көрсетілетін қызмет, прцестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

      3. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының  азаматтық заңнамасына сәкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылды.

         Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

        1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз ету;

3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды  жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу;

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін  арттыру болып табылады.

       2.Техникалық реттеу:

1) Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

2) Біріңғай терминологияны, өнімге көрсетілетін қызметтке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;

3) Техникалық реттеу мақсаттарының  орындылығы мен  қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

4) Отандық және импортталатын өнімге көрсетілетін қызметке және оларды белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;

5) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалануы;

6) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;

7) Мемлекеттік құпияларды және  заңмен қорғалатын өзге де құпияны  құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігі;

8) Стандарттарды  қолдану мақсатында оларды ерікті түрде  таңдау;

9) Сәйкестікті растаудың біріңғай жүйесі мен  ережелері;

10) Бір органның аккретиттеу және сәйкестігі растау жөніндегі  өкілеттіліктерді қоса атқаруын болдырмау;

11) Бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;

12) Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан(орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан  тәуелсіздігі;

13) Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін  болдырмау принциптеріне негізделеді.

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

   Мемлекеттік  технгикалық реттеу жүйесінің  құрылымын:

1) Қазақстан  Республикасының үкіметі;

2) Уәкілетті орган;

3) Өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) Мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы  сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы  техникалық кедергілер, санитарлық  және фитосанитарлық  шаралар  жөніндегі ақпарат орталығы(бұдан  әрі-Ақпарат орталығы) ;

6) Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) Сәйкестікті растау жөніндегі  органдар, зертханалар;

8) Сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі  сарапшы- аудиторлар;

9) Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Аудит( сәйкестікті  растау  саласындағы) және өнімнің, көрсетілген қызметтің жән прцестердің қауіпсіздігі дегеніміз не?
  2. Үйлестірілген стандарт, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі дегеніміз не?
  3. Техникалық реттеу саласындағы  нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры дегеніміз не?
  4. Мемлекеттік стандарт,техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші және өнімнің өмірлік циклі және мүдделі тараптар дегеніміз не?
  5. Өтінім беруші, сәйкестік белгісі және өнімді, көрсетілетін қызметті  бірдейлендіру дегеніміз не?
  6. Дайындаушы(орындаушы), инспекциялық тексеру және сынақ зертханасы(орталығы) дегеніміз не?
  7. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат, техникалық реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық акт дегеніміз не?
  8. Міндетті сертификаттау, сәйкестікті міндеті растау, сәйкестік растау жөніндегі орган дегеніміз не?
  9. Стандарттау жөніндегі техникалық комитет,техникалық сарапшы,техникалық реттеу,уәкілетті орган дегеніміз не?
  10. Көрсетілетін қызмет,сәйкестікті растау нысанасы,сәйкестікті растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор дегеніміз не?
  11. СМС жүйесінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі заңының  қолданылу салалары
  12. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері қандай
  13. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары қандай
  14. Техникалық реттеу саласы талаптары
  15. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымдары

 

Қолданылатын  әдебиеттер:

1. « Техникалық  реттеу туралы» : РҚ заңы алматы 2004

2. Лифиц И.М  Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. Учебник 2-е изд.  М. Юрайт М 2001-272 с

3. Крылова Г.Д    Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации. М : Изд ЮНИТИ-ДАНА 2000-487

4. Авторский  коллектив под. ред. Тазабекова К. А   Основы стандартизации, метрологии, сертисфикации  и менеджмента качества . Алматы: Казахстанская ассоцияция маркетинга, 2003 г

5.  Смагулов А. К. И др Качество и безопастность с/х пищевой продукции  Алматы 2002 г

6.   Швандар В. А. др Стандартизация  и управление качеством продукции Москва 1999 г

7. Таныгин В.А  Основы стандартизации и управление качеством .Москва издательств стандартов 1989 г

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 тәжірбиелік сабақ

Тақырыбы: Стандарттаудың нормативтік құжаттарын жүйелеу

 

Сабақтың  мақсаты: Нормативті-техникалық құжаттар мен стандарттар туралы түсінікті студенттерге таныстыру.

Сабақтың  жоспары:

  1. Нормативті-техникалық құжаттар
  2. Стандарттар кешені

Кілті сөздер: 
МЕМСТ-мемлекеттік стандарт

ИСО- халықаралық стандарт

ТШ- техникалық шарт

ҚР- Қазақстан  Республикасы

СТАКО- стандарттаудың ғылыми зерттеу комитеті

 

Техниканың  кез - келген басқа салалары сияқты стандарттау саласындағы қызметтің сәтті болуы үшін де нақты, ғылыми тұрғыдан негізделген анықтамалар қажет. Анықтамалардың жүйесіздігі мамандардың бір - бірін өзара түсінулерін қиындатады, ортақ әдістемелік қүралдарды жазуға кедергі береді, халық шаруашылығын бақаруға арналған жаңа, есептеуші техниканың енуіне кері әсерін тигізеді.

"Стандарттау"  терминінің анықталуы ұзақ дамыған жолдан өтті. Адамдардың стандарттау туралы түсініктері ғылым мен техниканың дамуы және өндіріс әдісі мен түрінің өркендеуі үрдісінде қалыптасты. Ұлттық халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстардың кеңеюімен бірге аталмыш терминнің нақтылануы стандарттау дамуымен қатар жүзеге асып, оның даму деңгейінің әр кезеңіне әсерін тигізді. Стандарттау бойынша (ИСО) халықаралық ұйым 1952 жылы стандарттаудың (СТАКО) ғылыми мақсаттарын зерттеу бойынша Комитет құрды. Оларға халықаралық ұйым тарапынан, стандарттауға тиісті негізгі терминдердің анықталу түсінігін беру туралы міндет қойылды. СТАКО тарапынан стандарттау, стандарт, мамандану, функционалды және өлшемді өзара алмастырушылық сияқты маңызды терминдердің анықтамасы дайындалып шығарылды. СТАКО ұсынған осы терминдердің анықтамасы ИСО Кеңесімен қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесімен белгіленген анықтама негізіне сәйкес келді. ИСО құжаттарында "стандарттау" термині төмендегідей түсінікпен анықталады: "Стандарттау - белгілі бір саладағы реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған ғылым, техника және экономика салаларында қайталантын міндеттерге арналған шешімдерді табудағы қызмет". Жалпы түсінікте бүл қызмет стандарттарды қолдану, жариялау және дайындау үрдісінде көрініс табады.

Бұл анықтау стандарттаудың барлық түрлерінен көрініс беріп, оның реттеуге бағытталған белсенді қызметін тек техникада емес, сонымен қатар қызметтің басқа да салаларында сипаттайды. “тандарттау" термині Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңында және Қазақстан Республикасының стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінде төмендегідей анықталған: "Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты әрекет ететін  міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет". Стандарттау ғылым, техника және озық тәжірибенің нысанды жетістіктерінде негізделіп, тек қазіргі дамуды ғана емес, сонымен қатар болашақтағы дамуды іске асырып, ғылыми - техникалық дамумен қатар үздіксіз жүзеге асуы тиіс. Стандарттау әлемнің қай географиялық, экономикалық және саясаттық аймағы стандартты қабылдағанға байланысты әр түрлі деңгейде жүзеге асады. Стандарттау бойынша жұмыстардың көлеміне байланысты ол халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық бола алады.

Халықаралық стандарттау - бұл кез - келген елдің  сәйкес келетін органының қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.

Қатысушы  елдердің тікелей, дайындау немесе ұлттық стандарттарды қайта қарау кезінде пайдаланылатын халықаралық стандарттар, халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі болып табылады.

Мемлекетаралық  стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандар стандарты бойынша қызмет.

Аймақтық  стандарттау - бұл әлемнің бір  ғана географиялық, саясаттық немесе экономикалық аймағы елдерінің сәйкес органдары үшін мүмкіндік беретін стандарттау.

Аймақтық  және халықаралық стандарттау, халықаралық  ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандарымен жүзеге асырылады.

Ұлттық  стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Сонымен қатар ұлттық стандарттау мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар мен мекемелер деңгейінде жүзеге асырыла алады.

Стандарт. Бұл терминнің дұрыс анықталуы  маңызды мағынаға ие. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым мынандай анықтамаларды қабылдады: "Стандарт - бұл белгілі салада реттеудің оптималды деңгейіне жетуге бағытталған, сондай - ақ мойындалған орган тарапынан бекітілген консенсус негізінде жасалған нормативті құжат (терминнің анықтамасы ИСО2/МЭКД 991. Басшылығы келісімімен берілген)." Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңына сәйкес стандарт - ереженің жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған қызметінің әр түріне немесе олардың нәтижелеріне қатысты жалпы мақсаттар мен сипаттамалар белгіленетін екі жақты мүдделердің негізінде дайындалған құжат. Стандарт ғылыми зерттеулердің жалпылама нәтижелерінде, техникалық жетістіктерде және тәжірбиеде негізделуі тиіс, сонда оның пайдаланылуы қоғам үшін оптималды пайда әкеледі.

Стандарттау бойынша нормативті құжат - бүл стандарттау  немесе оның нәтижелері бойынша әр түрлі қызмет түрлеріне қатысты  норма, сипаттама, мақсаттар мен ережелерді белгілейтін құжат.

Стандарттау жүйесі - бұл өнімге, үрдіске, жұмысқа және қызметтерге деген талаптарды белгілейтін стандарттау мен нормативті құжаттар қатысушыларының жиынтығы.

 

Cтандарттаудың  заңдылық және нормативтік базасы

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік стандарттау жүйесінде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:

- Қазақстан  Республикасының мемлекеттік стандарттары - ҚР СТ;

- техникалық - экономикалық  ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері - ТЭА МЖ;

- мемлекетаралық  стандарттар - МЕМСТ, техникалық-экономикалық ақпарат жіктегіштері, ережелер мен ұсынымдар;

- белгіленген  тәртіппен қолданылатын халықаралық,  аймақтық және ұлттық стандарттар,  техникалық-экономикалық ақпарат  жіктегіштері, техникалық шарттар,  ережелер, нұсқаулықтар, қағидалар, нұсқаулар, әдicтeмeлiк нұсқаулар мен ұсынымдар;

- ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдар мен баска  да қоғамдық бірлестіктердің  стандарттары;

- ұсынымдар;

- фирмалық стандарттар;

- техникалық шарттар.

Стандарт - әр түрлі қызмет түрлері немесе олардың нәтижелеріне қатысты ережелер, жалпы мақсаттар немесе сипаттамаларды жалпы және көп рет пайдалану үшін белгіленетін, мүдделі тараптар мен мойындалған орган келісімі негізінде әзірленген құжат.   

Мемлекеттік стандарттар   салааралық  мәні  және  көп мәрте ұдайы өндіру және (немесе) пайдалану перспективасы бар өнімге, үрдістерге (жұмыстарға), қызмет көрсетуге, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы нормалар мен талаптарға әзірленеді және олар Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Олар Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарымен бекітілген.

Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктегіштері - өнімнің, үрдістің (жұмыстың), қызметтің техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының жүйелі кодтар мен атауларын көрсететін құжат.

Фирмалық  стандарттар – тек осы заңды немесе жеке түлғалармен қолданылатын және бір заңды немесе жеке түлғамен әзірленген нақты өнім, үрдіс (жұмыс), қызмет түрлеріне талаптарды белгілейтін стандарттар. Бұл стандарттарды әзірлеушілер дербес бекітеді.

Ғылыми-техникалық, инженерлік қоғамдардың және басқа  да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары  іргелі, қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің білімінің түрлі салаларында алынған нәтижелерін тарату мен пайдалану үшін әзірленеді және қолданылады.

Техникалық  шарттар - нақты өнімге, үрдістерге, қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі нормативтік құжат. Бұл құжатты жеке және заңды түлғалар әзірлейді және бекітеді.

Ұсынымдар - стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қандай да бір болмасын қызметтің түрін үйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін және кеңесті немесе нұсқауды қамтитын ережені белгілейтін нормативтік құжат.

Стандарттардың  түрлері: негіз алынатын стандарттар; өнім (қызмет) стандарттары; үрдіс (жұмыс) стандарттары; бақылау (сынау) әдістері стандарттары; терминдер мен анықтамалар стандарттары; стандарттар кешені.

Негізге алынатын стандарт – кең таралу саласы немесе белгілі қызмет саласы үшін жалпы ережелері бар стандарт.

Өнім  стандарты  - өзінің тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өнім немесе біркелкі өнім топтарын қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.

Үрдіс (жұмыс) стандарты – үрдіс тағайындалуына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін үрдіс (жұмыс) қанағаттандыратын талаптарды белгілейтін стандарт.

Бақылау (сынау) әдістері стандарты - әдістер, тәсілдер, қабылдау, сынаулар, өлшеулер және (немесе) талдау жүргізетін әдістемелерді белгілейтін стандарт.

Терминдер мен анықтамалар стандарты – түсінудің қажетті жеткілікті белгілері бар анықтамалар берілетін терминдерді белгілейтін стандарт.

Стандарттар кешені – жалпы бағыттық мақсатпен бірлескен және өзара байланысты стандарттау объектілеріне келісілген стандарттарды белгілейтін өзара байланысты стандарттар жиынтығы.

Стандарттар кез - келген субъектіге бағынуға дайын  болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттың жасалуында онда иелік ететін кез - келген мүдделі адамдар қатыса алады.

Стандарттар саудада  техникалық тосқауыл болмауы тиіс.

Оларды  жасау кезінде халықаралық стандарттарды, ережелерді, халықаралық ұйымдардың нормалары мен басқа елдердің ұлттық стандарттарын ескеру қажет; олар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен, сондай - ақ талаптармен бірге үйлесуі тиіс.

Стандарт  жасалуының мақсатқа лайық болуы  сараптау, және оның әлеуметтік, экономикалық және техникалық аспектілерде қажет болуы жолымен анықталады. Тікелей экономикалық тиімділік қорлардың үнемделуіне, техникалық және ақпараттық сәйкестілік сенімділігінің жоғарылауына алып баратын стандарттарды қалыптастырады. Адамдар өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар әлеуметтік тиімділікті қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі