Қазақстан республикасының сыртқы саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра : КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Факультет: МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Реферат
Тақырыбы: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ»
Орындаған: 2АИ-2 тобының студенті:
Шабақова Ш.Е
Өскемен қаласы, 2010
МАЗМҰНЫ
1.КІРІСПЕ.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Алғашқы тәжірибе және алғашқы сабақтар.
2.2 Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз елдің сыртқы саясатының негізін қалаушы.
2.3 Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері.
2.4 Қазақстанның ЕҚЫҰ –на төрелік етуі
3. ҚОРЫТЫНДЫ.
4.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Сыртқы саясат - мемлекеттің өзге мемлекеттермен саяси,
экономикалық, әскери және әлеуметтік-мәдени
қарым-қатынасының жиынтығы. Мемлекеттің
қауіпсіздігі, аумағының біртұтастығы,
сырт мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас
жасауы сол елдің
Халықаралық қатынастар арқылы анықталатын сыртқы саяси міндеттерді жүзеге асыру мен ішкі саяси бағытқа арналған қолайлы сыртқы саяси жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында кем дегенде екі жақтың, яғни екі елдің өзара қарым – қатынас орнатуы сыртқы саясатқа тән сипат болып табылады. Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: шекара қауіпсіздігі, қорғаныс, сыртқы экономикалық байланыс, сыртқы сауда, мәдени байланыстар, ақпарат алмасу, ғылыми – техникалық байланыстар, инвестициялық қызмет және т.б.
Дүниежүзілік
қауымдастықтың мүшелері арасын
Сондықтан
да Президент Н.Ә. Назарбаев
ел ішіндегі демократиялық
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
КСРО құлағаннан кейін Қазақстан қиын таңдау алдында тұрды: өз мүдделерініңді барынша тиімді қорғау үшін қандай саясат жүргізу керек деген сұрақ тұрды. Бұл міндетті жас мемлекеттің өзіне тән геосаяси орналасуы және сонау отарлық заманнан бері мұра болып қалған күрделі демографиялық жағдайы қиындата түсті. Тіпті М. Горбачевтың өзі дербес мемлекет ретіндегі Қазақстанның болашағына сенімсіздікпен қарағаны мәлім. Негізгі ұлт азшылықта қалған республиканың ішкі тұрақтылық үшін қалыпты жағдай жасауды қамтамасыз етуге қабілеті жоқ, ол мүдделі державалардың араласуына мәжбүр болады деп есептеді ол. Сол кездерде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін.
Тәуелсіздік алып, егемендігімізді жариялағанмен, әлемдік қауымдастық Қазақстанға бірден құшағын жая қойған жоқ. Халықаралық қатынастардың тізгінін қолға алу үшін көптеген проблемаларды шешіп, қиын кедергілерді жеңу қажет болды. Қазақстан әлемдік саясаттың қайнаған қазанына түсті, оған назар аударғандар аз болмады. Бұған себеп — табиғи байлыққа тұнып тұрған кең-байтақ жер ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағынан Қазақстан еншісіне тиген ежептәуір ядролық қару да еді. Мұңдай жағдай және Қазақстан жайында шындықты білмеу Қазақстанды ядролық қаруын қоқандатқан мұсылман елдерінің қатарына жатқызуға болатындай түсінік тудырды. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық – мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады.
90- жылдардың басында Қазақстанға М. Тэтчер, Дж. Бэйкер сияқты белгілі саясаткерлер келіп қайтты. Олар республикадағы саяси және экономикалық жағдайды барлап қарады. Республиканың қайта Президенті Н. Назарбаевты АҚШ Президенті үлкен Дж. Буш кездесуге шақырды. Мәскеуде болған бұл сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылды. Батыста Қазақстанға халықаралық қатынастардың әлеуетті субъектісі және орталық азия аймағы бойынша серіктес ретінде қарайтыны айқын болды. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа белсенді түрде кірісе бастады.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Н.Ә. Назарбаев тағдыр шешетін қадамдар жасады. Алдымен Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Мұндай шешімге келген Қазақстан халықаралық қауіпсіздік мәселесіне өзінің жауаптылықпен қарайтындығын білдірді және де аумағының бүтіндігімен қауіпсіздігіне қуатты ядролық державалардың кепілдемесін алды. Ядролық қаруды таратпау және оны сынауды тоқтату ісіне Қазақстанның қомақты үлес қосқандығын көпшілік мойындап отыр, ал Президент Н.Ә. Назарбаевтың ынтасымен 1999 жылы тамыз айында Республикаының Қарусыздандыру жөніндегі Конференцияға толық құқылы мүше болып кіруі осының дәлелі1. Ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа (1968 ж) және ядролық сынауға тыйым салу режимін бұдан былай күшейтуді батыл қолдап отыр. Сөйтіп Қазақстан ядролық қарусыз мемлекетке айналды. Бұл жақсы ма, жаман ба? Бұл мәселенің төңірегіндегі пікірталастар әлі күнге дейін толастаған жоқ. Қабылданған шешімге күмән білдіріп қана қоймай, оған қатты сын айтатын адамдар да аз емес. Қазақстан өзін - өзі ерікті түрде қарусыздандырады, демек, жаңа қауіп – қатердің алдындағы ұстаным әлсіретіп алды деп санайды.
Алайда 90- жылдардың басындағы жағдайға
қайтып оралайық. Ол кезде ядролық
кеудемсоқтық Қазақстанға
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың дамуы көбіне - көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасы өз саясаттың негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие»2. Қытай мен Қазақстан арасындағы алғашқы ресми жақындасу 80- ші жылдардың орта шенінде байқалды. Ол кезде кеңес –қытай қарым қатынастарында екі аса ірі социалистік державалардың тайталасы мен егесінің екпіні әлі басылған жоқ еді. Дегенмен де болашақтағы ретке келу белгілері көрініс бере бастаған: ҚХР- бұқаралық ақпарат құралдарында кеңеске қарсы насихаттың бұрынғы пәрмені бәсеңсіді. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенеді. Өз кезегінде, ҚХР-ның аумақтық тұтастықты құрметеуге міндеттенді. 1994 жылы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті.
1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы арасында «Шекара ауданындағы әскери саласындағы сенімді нығайту туралы» келісімге қол қойылды. Осы аталған бес ел «Шанхай бестігін» құрды. Бұл ұйымның негізгі міндеттері: терроризмге, экстремизим мен сепаратизмге қарсы іс- әрекеттер болып табылды. «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» қазіргі кезде өзінің саяси, қауіпсіздік және экономикалық күш – қуаты жағынан Азияда ғана емес, әлемдегі ең беделді ұйымдардың біріне айналып отыр3.
Қазақстанның БҰҰ- дағы позициялары нығаюда. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай болған жоқ, бақандай төрт жылдан астам уақытқа созылды.
Тәуелсіз
Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2
наурызы Қазақстанның Біріккен
Ұлтар Ұйымының мүшелікке
Енді біздің географиялық жағдайымыздың келер болсақ, жеріміздің тиімсіз де жерлері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы. Қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып отыр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Екі елдің ара-қатынасы дұрыс болса, ел тыныш болады. Сонымен, 1992 жылғы наурыз айының өзінде Н. Назарбаев Ресей Федерациясымен түпкілікті шарт әзірлеуге кірісуге тапсырма берді. Бұл құжаттың маңыздылығы туралы айтып жатудың өзі артық. 1992 жылғы 25 мамырда Президенттер Н. Назарбаев пен Б. Ельцин Қазақстан Республикасымен мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа салтанатты жағдайда қол қойылды.
Өмір бойы көршілес болып, шаруашылығымыз, мәдениетіміз тығыз байланысып, араласқан Орта Азия елдерімен қатынастарға алдыңғы қатарлы орын берілді. Тегі бір, тарихы тамырлас, рухани бауырлас Туркиямен екі арада өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, мәдени байлықтармен алмасуға деген екі жақсы ұмтылыс бар. Сол сияқты Иран елдерімен де достық, ынтымақтастықты дамытып, бекітуге келді. Екі ел Каспий теңізін Қазақстанды Солтүстік Иранмен және Парсы шығанағымен байланыстыратын көлік артериясына айналдыру туралы уағдаласты. Сонымен қатар Таяу Шығыс аймағындағы негізгі мемлекеттер Египет, Сирия, Сауд Арабиясы, Оман және Израильмен саяси және іскер байланыстар орнатуда
Президент Н.Ә. Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдарының біріне айналды. Тәуелдсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Қазақстанның бұлжытпай жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз өмірін кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіруіне жағдай тудырады, оның экономикалық дамуына жол ашады. Қазақстан әлемдік қауымдастықта терезесі тең серіктес болудың қиын жолына түсті. Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы, дүние жүзі алдында оның беделін көтерудегі Н.Ә. Назарбаевтың атқарған рөліне ғалымдар алдағы уақытта баға беруге тиіс. Сөз жоқ, адамның жеке басына туа біткен қасиеттің атқарар рөлі зор.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптеріне оның неғүрлым маңызды және іргелі нормалары жатады, сол принциптердің мәнін және оларға тән сипаттарды қамтитын бұл нормаларда ең жоғарғы императивтік заң күші бар. Қазіргі халықаралық қатынастардың негізгі принциптері мәртебесі жоғары халықаралық ұйымдар мен форумдардың құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы Халықаралық құқық принциптері туралы Декларацияда, 1975 жылғы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінде бекітілген.
1. Мемлекеттердің егеменді теңдігі принципі БҰҰ Жарғысында бекітілген, онда: «Ұйым өзінің барлық, мүшелерінің егеменді теңдік принципін негізге алады» делінген4. Бұл принцип мемлекеттік егемендікті құрметтеуді және оған мүше мемлекеттердің тең құқылығын және олардың өз тағдырын өзі шешу құқығын мойындауды білдіреді.
Көреген және келешектен үлкен үміткер басшылардың бірі ретінде Н.Ә. Назарбаев бұл принципті еш уақытта назарынан тыс қалдырған емес.
2. Басқа мемлекеттердің
ішкі істеріне араласпау принципі
егеменді теңдік принципімен
тығыз байланысты. БҰҰ Жарғы-
сында «Өз мәнінде белгілі
бір мемлекеттің ішкі кұзырына жататын
істерге араласуға тыйым салынған». Бұл
түсінікті тек аумаққа
қатысты деп қарастыруға
болмайды.
Республиканың сыртқы саясатының алдында тұрған мақсаттардың ойдағыдай жүзеге асырылуы үшін халыкаралық жағдайдың қолайлы болуы шарт.
«Бірақ қандай жағдайда болмасын, Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін дамытып, нығайту сыртқы саясат саласындағы басты бағыт болып қалады. Біздің еліміз келесі ғасырда ғалам көп полюсті болудан, өзіне тартатын күштер мен бөлетін сызықтардан, біріне-бірі қарсы келуден, ішкі істерге араласудан және саяси үстемдіктен арылады деген пікірге қосылады»5.
3. Мемлекеттердің халықаралық
ынтымақтастығы принципінің
мәні мынада:
- мемлекеттер халыаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау
максатында бірімен-бірі ынтымақтастықта болуға тиіс; - әлеуметтік жүйелерінің әртүрлі болуы мемлекеттер ынты-
мақтастығына әсер етпейді; - мемлекеттер экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық
сипаттағы халықаралық проблемаларды шешу мақсатында ынты-
мақтасулары қажет.
4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі. Бұл принциптің негізінде «шарт орындалуға тиіс» деген бұрыннан келе жатқан қағида бар. БҰҰ Жарғысының 2-бабында, оның мүшелерінің, өздері қабылдаған міндеттемелерді адал орындауға міндетті екендігі айтылған6. Осы принципке сәйкес Н.Ә. Назарбаев тиісті органдардың «шарттық базаларды жүзеге асыруға қатысты күнделікті салалық жұмысты жолға қоюын талап етеді. Мемлекеттік аппараттың барлық деңгейіндегі қызметкерлер мынаны білуге тиіс: егер мемлекет басшысы шетелдегі келіссөздерінде ынты-мақтастықтың белгілі бір бағытын немесе жобасын қолдаса, бұл жоғары деңгейде қол жеткенді үзіп-созу, оған жете мән бермеу қатаң жазалануы тиіс»1-.
5. Күш қолданбау немесе қолданамын деп қорқытпау принципі. Күш колданбау немесе қолданамын деп қорқытпау принципі. БҰҰ Жарғысында былай делінген: «Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық мүшелері өздерінің халықаралық қатынастарында кез келген мемлекеттің аумақтық дербестігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы да, Біріккен Ұлттардың мақсаттарымен сыйыспайтын басқадай жолмен де күш қолданудан және қолданамын деп қорқытудан тартынады»7. Күші немесе күшпен қорқытуды қолданбау принципі қазіргі халықаралық қүқықтың қол жеткізген табысы. Оның маңыздылығы сонда, ол мемлекеттердің соғыс ашу қүқығына тыйым салды.
6. Шекаралардың мызғымастық принципі. БҰҰ Жарғысының және 1990 жылғы Халықаралык құқық принциптері туралы Декларацияның мазмүндарынан бұл принциптің күш қолданбау принципінің құрама бөлігі екендігін көреміз. Ол 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісінде жеке дара бөлінді, онда «әрбір мемлекет басқа мемлекеттің халықаралық шекараларын бұзу мақсатында күш қолданудан немесе күшпен қорқытудан тартынуға міндетті» деп жазылған. Актіге сәйкес, шекараларды зорлық әдістермен бұзуға жол берілмейді. Бірақ, шектес жатқан мемлекеттердің араларынан өтетін шекараларды олардың өз келісімімен, ықтиярымен өзгертуге тыйым салынбайды.
«Олар үшін дәлелді құқықтық база құру қажет. Бұл жерде барлық мүдделі ведомстволардың, бәрінен бұрын сыртқы саяси ведомствоның, қоян-қолтық жұмысы қажет».
7.
Мемлекеттердің аймақтық
Қазақстан өзінің сыртқы саясатын нағыз бейбіт жолға салды, сондықтан да оның шекараларының бойын бойлай, саяси және халықаралық-құқықтық арқауы бар, сенімге, тату көршілікке және достыққа негізделген белдеу құрылды.
Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, бұған Қазақстанда «көршілерге деген ешқандай аумақтық, саяси немесе басқалай талаптардың болмауы, олардың занды мүдделерін құрметтеу, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастыкқа біздің шын ұмтылып отырғандығымыз»8 әсер етті.
8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі халықаралық қауіпсіздік пен әділдікке қатер төндірмеу үшін мемлекет-
тер өзара дауларын тек бейбіт, күш қолданылмайтын құралдармен және әдістермен шешуге тиіс екендігін білдіреді.
9. Халықтардың, ұлттардың өзін-өзі
анықтау принципі. Бұл
принципке сәйкес барлық халықтар еркін
сырттан басқаның ара-
ласуынсыз және қысымынсыз өз саяси мәртебесін
өзі анықтауға
және өз даму процесін өзі жүзеге асыруға
құқылы. Әр халық, әр
ұлт өз жолын өзі тандауға
ерікті. Бұл принципті жүзеге асыру ка-
питалистік, отаршылдық жүйелердің де,
социалистік жүйенің де
ыдырауына алып келді, біріншісі — XX ғасырдың
50-60 жылдары,
екіншісі — 80-90 жылдары болды. КСРО ыдарағаннан кейін Қазакстан
халқы өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырып, егемен,
тәуелсіз мемлекет құрды.
10. Адамның кұкығын және негізгі
бостандыктарын құрметтеу
принципі - халықаралық құқықтың негізге
алынатын прин-
циптерінің бірі, ол соңғы онжыдцықта
(Адам құқығының бүкіл-
әлемдік декларациясы, 1948
жылы қабылданған) халықаралық
жағдайға ықпалы артып келе
жатқан өзінше тақырыпқа айналуда. Осы себептен ғана бүл тақырып ұзақ уақыт
бойы идеологияның шашбауын көтеріп келді. «Батыс»
пен «Шығыстың» біріне бірі қарсы қолданар қаруы болды.
БҰҰ-ға мүше болғандықтан Қазақстан өзінің
сыртқы саяса-тында халықаралық құқық
принциптерін негізге алады. Қазақстан, ЕҚЫҮ-ға мүше болғандықтан,
өзінің сыртқы саясатында 1975 жылы Хельсинкиде
қабылданған Қорытынды Акті декларациясының
10 принципіне сүйенеді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Қазақстанның сыртқы
Республиканың сыртқы саясатындағы байланыстардың және стратегиялық мүдделердің қазіргі жағдайын ескерсек, мына бағыттардың алар орны ерекше, олар: ТМД, АТА, Азиялық, Еуропалық, Америкалық бағыттар.
1. ТМД
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО кезіндегі соңғы уақиғалармен тікелей байланысты. Қеңестік қоғамның экономикалық және саяси жүйесін мүлдем қайта құру қажеттігін алғашқылардың бірі болып терең сезінген Президент Н.Ә. Назарбаев еді. Принципті мәселелерде әрқашан батылдық танытатын ол, қоғамды демократиялық жолмен қайта құру үшін, нарықтық экономикаға көшу үшін нақты жол бар екендігін басқалардан бұрын көрегенділікпен көре білді, ақылға сап пайымдады.
Бұл бағытқа бет бұрғанда солшылдыққа жол берілмеу керек екенін қатаң әрі дер кезінде ескертті. Н.Ә. Назарбаев өзінің ТМД бойынша әріптестеріне Достастық - біртұтас халық шаруашылығы кешенінің не екенін (КСРО тарағанға дейінгі), ондағы еңбекті бөлу және мамандандыру жүйесінің қандай екенін пайымдап ой елегінен өткізу қажеттігін айтты.
Достастықтың негізгі мақсаты – саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді өзара тиімді жағдайда бірлесіп шешу мақсатында бұрынғы кеңес кеңістігі республикаларының интеграциясын қамтамасыз ету.
2. АТА. Президент Н.Ә. Назарбаев «Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдеріне шығуға мүмкіндік беретін Пекин — Сеул — Токио бағыты озық технология аймағы, ірі инвестициялар бере алатын несие көзі ретінде біз үшін маңызды, ол келешекте өнімдерімізді өткізетін және кейбір жобаларымызды жүзеге асыру үшін жұмысшы күшін тартатын рынок» - деп санайды92.
Қазақстан, басқа да Орталық Азия мемлекеттері сияқты, Еуропа мен Азияның орта тұсында орналасқан, сондықтан да Қазақстанды тұрақты даму даңғылына түсіретін бір жол жаңа ғасырда Азия-Тынық мүхиты аймағындағы елдерме экономикалык, өзара байланысты күшейту арқылы жатыр» - деп есептейді Н.Ә. Назарбаев.
Сыртқы саясаттың азиялық
бағытында Қазақстан-Қытай қаты
АТА-ға Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур және басқа индустриялды жаңа елдер кіреді, олар тарихи қысқа мерзімде әлеуметтік – экономикалық мешеуліктен арылып, әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындады.
3. АЗИЯ БАҒЫТЫ. «Басты назар Туркияға аударылады, ол өнім өткізетін әлуетті рынок және нарықтық экономиканы қалай дамыту керек екендігінің үлгісі. Араб Шығысындағы және Орталық Азиядағы елдермен ынтымақтастық экономикаға инвестиция тарту үшін қажет». Туркия Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныды, оның Қазақстанға осы жылдары көрсеткен көмегі қормақты әрі нақты, оны бағаламасқа болмайды. 1990 жылдың аяғында қаланған мемлекеттік деңгейдегі бірқатар құжаттарда ол өз бекемін тапқан. 1991 жылы қыркүйекте екі ел басшылары Қазақстан мен Туркия Республикасы арасындағы өзара қатынастардың принциптері мен мақсаттары туралы Декларация қабылдады.
Сонымен, Туркиямен арадағы саяси да, экономикалық та бағыттар нығайды. Қазақстан үшіңн баламалы, экспорттық құбырлардың бірі ретінде Баку – Жейхан жобасын іске асыру жөніндегі белсенді жұмыс атқаруда.
4. ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТ. Біздің саясаттағы еуропалық вектордың Қазақстан үшін маңыздылығы барған сайын артуда. Бұл Батыс Еуропадағы ықпалдастықтың жоғарғы деңгейде болуымен байланыстиы. Еуропалық Одақ, саяси және экономикалық тартымды орталықтардың бірі ретінде, Қазақстанның ең ірі сауда – экономикалық серіктестігіне айналды. Қазақстанның бұл Одақпен өзара әрекеттігінің барлық аспектілері (әскери саладағы және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан басқалары) 1995 жылғы Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестіе және ынтымақтастық туралы Келісімде көрініс тапқан, ол құжат 1999 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енді.
5. АМЕРИКАЛЫҚ БАҒЫТ. Аса мол қаржы ресурстары мен басқадай экономикалық қуат, ұлттық шектен тыс корпарацияларға, ХВҚ, Дүниежүзілік Банкке, басқа халықаралық қарды институттарына, осы күнгі байланысжәне ақпарат құралдары жүйесіне, оның ішінде Интернетке бақылау жасау, БҰҰ-да, ЕҚЫҰ-да және басқа әмбебеп ұйымдарда саяси басымдылыққа ие болу, жойқын әскери қуаты, қоғамдық құрылыстағы даусыз жетістігі, әлемдік және саяси өмірінің шарықтауы АҚШ-ты әлемдік көшбасшы державаға айналдырды. Сондықтан да Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың республика үшін маңызы зор деп санайды.
Тәуелсіз еліміз дүниежүзілік саяси сахнада орнықты орны бар аса беделді халықаралық ұйым – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық етуде. Әрине, еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Еуропаның бұл Ұйымның төрін қазақ жұртына ұсынуы – оңайлықпен келген жоқ. Бұған біз мемлекетіміздің ұстанған саясаты мен батыл қолға алған бастамаларының арқасында қол жеткіздік. Бұл төрағалық – Қазақстан үшін үлкен абырой әрі мәртебе. Барлығымызға белгілі, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында “Қазақстан Республикасы – әлеуметтік-демократиялық, зайырлы мемлекет. Оның негізгі құндылығы – адамның өмірі мен бостандығы” деп жазылған. Міне, осы қағиданы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап берік ұстанып келеді. Осы уақыттан бері демократиялық қоғам құру, адамның бостандығы мен құқығы бірінші орынға шықты. Біздің осы егемендікке қол жеткізген жылдардан бастап қабылдаған заңдарымыздың, тыныс-тіршілігіміздің барлығы – осы адам құқығын қорғау мен адамның бостандығына, сондай-ақ адам өмірінің жоғары деңгейге көтерілуіне тікелей бағытталған десек, артық айтқандық болмас. Сондықтан да, бүкіл Еуропа елдері мен жалпы Еуропа әлемі Қазақстанның осындай басымдықтарын бағалап, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына өз төрін ұсынды. Ұсынып қана қоймай, еліміздің осы Ұйымға төрағалық етуін жан-жақты қуаттап қолдады. Енді, міне, Қазақстан – өзінің аршынды қадамымен Ұйымға төрағалық етуге бар ынта-ықыласымен белсене кірісіп те кетті. Бұл ретте біз төрағалықтың екі қыры бар екендігін есте сақтауымыз керек. Біріншісі – әлемнің ең беделді де белді Ұйымына Қазақстанның төрағалық етуі – бұл ел үшін, жұрт үшін сөзсіз абырой, сөзсіз мәртебе. Ал екіншіден, бұл төрағалық Қазақстанға үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі, төрағалыққа қол жеткізуіміз – біздің еліміздің күллі ТМД елдері мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы беделін айқындап қана қоймай, олардың арасында бұл мәртебені бірінші болып иеленгендігін көрсетеді. Яғни, бұл Қазақстанның осы елдердің арасынан суырылып шығып, “бірінші мемлекет” болғандығын айғақтайды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ға Қазақстанның төрағалығы тек қана Қазақстанның мүддесін ғана ойлап қоймай, осы біздің географиялық жүйедегі ТМД, Орталық Азия мемлекеттерінің де мүдделерін қорғайтын болады. 1 қаңтарда Қазақстан КСРО елдерінің ішінен бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығын қабылдады.
Күні кеше ғана Елбасымыз осыдан 10 жылға жуық уақыттан бері аталған Ұйымның саммиті өтпегендігін атап айтқан болатын. Осы ретте Мемлекет басшысы бұл саммитті биыл, яғни 2010 жылы Қазақстан елордасы – Астанада өткізу туралы бастама көтерді. Осы орайда, аталған саммитте көп мәселе шешімін табар. Бұл шешімдердің бір тетігі – төзімділік мәселесіне келіп тіреледі дер едім. Себебі, төзімділік – Қазақ елінің беделді Ұйымға төрағалық етуі кезінде ұстанатын басты ұрандарымыздың бірі болып саналады. Толеранттылық, яғни төзімділік өз тамырын Қазақстанда кеңінен жайған деуге болады. Себебі, дәл қазіргі таңда еліміз түрлі конфессиялар мен түрлі этностар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, дінаралық татулық бағытында батыл бастамалар көтеріп жүрген жас мемлекет ретінде айдай әлемге танылды. Бүгінде елімізде 140 этнос өмір сүріп, 40-тан астам конфессия өз жұмыстарын еш кедергісіз жүргізуде. Бұл ненің белгісі? Бұл, ең алдымен, мемлекет саясатында төзімділік ұстанымының берік орнағандығының, түрлі этнос арасындағы мамыражай, тату-тәтті тіршіліктің көрінісінің бір белгісі. Ал осы төзімділік ұстанымын кеңінен сөз еткенде мынаны айтуға болады. Төзімділік мәселесінде басқа мемлекеттерге ұқсамайтын Қазақстанның өз жолы, өз тәжірибесі бар. Қазіргі таңдағы біздің мемлекетіміздің ең негізгі саясаттарының бірі – ол Қазақстанда шоғырланған 140 этнос пен 40-тан астам конфессияны бір тудың астына біріктіру. Бұл ретте Қазақстан өз ұстанымын жоғары деңгейде жүзеге асырып келеді деуге болады. Бұған біз айтып отырған конфессияаралық, этносаралық татулық дәлел бола алады.
Қазақта “Бірлік болмай, тірлік болмас” деген жақсы мақал бар. Біздің негізгі ұранымыз да осы. Осының арқасында біз толеранттылық деген қағидамызды әлемге танытып келеміз. Ол біздегі түрлі діндер арасындағы тату-тәтті тіршіліктен көрінеді. Астанада үш мәрте өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездерінде рухани қалыпты, адам бойындағы моральдық құндылықтарды, ұлттар арасындағы бірлік пен өзара сенімді сақтау үшін не қажет деген өзекті сауалдар төңірегінде қаншама пікір алмасылды. Мұны халықты төзімділікке жетелейтін батыл бастама ретінде әлемнің жетекші мемлекеттері қазірдің өзінде мойындап үлгерді. Екіншіден, біздегі Қазақстан халқы Ассамблеясын алып қарайықшы. Бұл – әлемде үлгісі жоқ қазақстандық жоба. Яғни, ешқандай елде мұндай жоба жоқ десек те болады. Міне, сол себепті біз “Әртүрлі этносты бір тудың астына біріктіру” деген ұстанымды дүние жүзіне танытуымыз қажет. Танытып қана қоймай, таратуымыз қажет. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі 4 ұранның бірі – төзімділік осы мақсатты көздейді. Бұл, ең алдымен, бүкіл әлемдегі еларалық ынтымақты, бірлікті, татулықты көздегендіктен туып отыр.

- Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасының сыртқы экономикасы
- Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі
- Қазақстан Республикасының топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
- Қазақстан Республикасының туризм саласындағы маркетингті дамыту және жетілдірі жолдары
- Қазақстан Республикасының салық құқығы
- Қазақстан Республикасының салық саясаты
- қазақстан республикасының саяси жүйесі
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
- Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
- Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- Қазақстан Республикасының су ресурсы