Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі
Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
құқық қорғау міндетінің болуы;
құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;
заңмен қатаң түрде регламенттеу;
белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі
болып табылады.
Белгілерін негізге ала отырып, құқық
қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен
ажыратуға болады. Мысалы, республикалық
«Барлау» қызметінің негізгі міндеті
- еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру
мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау
қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде
қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы
өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық
қорғау органы емес.Құқық қорғау қызметінің
мақсаты - құқықпен міндетті қорғау олардың
қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету,
нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны
үшін жауапкершілік шараларын қолдану.
Міндеттер айқындалған соң оның негізгі бағыттары (нысандары):
конституциялық бақылау;
сот төрелігі;
прокурорлық қадағалау;
әділет органдарының қызметі;
қылмыстық қудалау;
адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады:
а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;
ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен;
б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады. Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді. Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар:
1) қылмысты істер полициясы, ол
қылмыстарды болдырмау және
2) патруль полициясы – көшелер
мен елді мекендерде, басқа да
қоғамдық орындарды қоғамдық
тәртіпті сақтауды
3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды;
4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу;
5) полицияның арнайы отрядтары
– күзетілген маңызды
Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.
Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге;
әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға;
заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға;
бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға;
қылмыс жасаған адамдардың
ізіне түсу кезінде
Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады. ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.
Қаржы полициясының құқықтары төмендідей:
салықтарды төлемеуге байланысты құқық бұзуларды анықтау және болдырмау;
салықтар төлеуден жалтаратын адамдарды іздестіруді жүзеге асыру; салықтық құқық бұзушылық пен мемлекеттітке келтірілген залалдарды өтеу жөнінде шаралар қолдану;
салық қызметі органдарындағы жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау; алдын ала тергеу, анықтау жүргізу;
өзінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі.
Құқық тәртібін қорғауға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органдары үлкен рөл атқарады. ҰҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда құрылған аумақтық органдарға жұмыс істейді. ҰҚК жүйесінде барлау бөлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз етуге арналған үкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы түрлерімен жабдықтайтын орган және басқа құрылымдар жұмыс істейді. ҰҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҰҚК органдарының басты міндеті ҚР қауіпсіздігіне қатер төндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген адамдарының барлау және дұшпандық қызметімен күрес болып табылады. Бұл күрес заңға сәйкес жария, сондай-ақ жария емес құралдар мен әдістерді қолдану жолымен жүргізіледі.
ҰҚК органдарының
Мысалы, ол мыналарды қадағалауды жүзеге асырады.
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау заңдылығын;
г) сот органдарының үкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Өздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды, оны сотқа жібереді және мемлекеттік айыптаушы ретінде көрінеді. Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жүргізуге рұқсат беруге, заңнамалар талаптарын бұзуға әкелуі мүмкін, жұмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті болатын жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар. Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар.
Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді. Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті:
1) заңдылық;
2) адамның құқықтары мен
3) барлығының заң алдындағы
4) құқық қорғау органдары
Бұл жөніндегі ҚР Конституциясының 23-бабында
тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ұлттық
қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау
органдарының қызметкерлері мен судьялар
партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға,
қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс». Құқық қорғау органдары қызметінің
барлық аталған қағидаттары олардың саяси
күреске тартылмауына, халықтың алдында
жоғары беделі болуына, республикада қатаң
заңдылық құқықтық тәртіпті қамтамасыз
ету жөніндегі өздерінің жауапты қызметтерін
тәуелсіз орындауға, халыққа адал қызмет
етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары
арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі
жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы
қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және
қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар
өздерінің тікелей биліктік міндеттерін
атқаруда өзара тығыз байланыста және
бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік
органдар арасында құқық қорғау органдары
айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық
тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура,
Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.
Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар. Оларға жататындар:
— Жалпыға бірдейлік қағидаты. Заңдылықтың жалпыға бірдейлігі жағдайына, шеніне және дәрежесіне қарамай, жалпы жұртқа және әрбір адамға бірдей міндеттілігі. Заң алдында жұрттың бәрі бірдей жәнө бәрі де оған бағынуы тиіс, керісінше болған жағдайда жауапкершіліктен ешкім кашып құтыла алмайды.
— Бірлік қағидаты. Заңдылық бірлігінің мәні. Бұл талап елдің бүкіл аумағына таралады.
— Заңның үстемдік қағидаты. Ол дегеніміз — мемлекеттің өмір сүруі лауазым иелерінің өздерінің міндеттері мен құқықтарын қатаң іске асыруы арқылы тек заң негізінде ғана жүзеге асырылуы тиістігін білдіреді. Мемлекет құқық Корғау органдарының қызметкерлеріне өз ұйғарымы бойынша еркін әрекет етуге, өз дегенімен шешім шығаруға, қандай да бір себептермен заңды орындап не орындамауына жол бермейді.
— заңдылықты іске асырудың тұрақтылық қағидаты. Заңдылықты іске асырудың тұрақтылығы кез келген заң бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан оның жолы кесілетіндігін, заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктен құтылмайтындығын білдіреді.
— Заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қоюға болмайтындық қағидаты. «Жоғары мүдделер», «халық талабы», «мораль (өнеге) талабы» деген желеулермен заңылықтан кез келген кері шегініс қоғамның тұрақсыздығына әкеліп соқтырады, құқықтық нигилизмнің (немқұрайлықтың) өсуіне жағдай жасайды. Егер заң ескіріп, оны пайдалану орынды болмай қалса, онда оны тек заң арқылы белгіленген рәсімге сәйкес өзгерту, толықтыру қажет, Заң өзгеріс енгізілгенге дейін өмір сүреді, әрекет етеді. Бұрынгылар «заң қатал болса ғана заң» («Dura lex, sed lex») деп бекер айтпаған.
— Заңдылық пен мәдениеттілік қағидаларының байланыстылығы. Мәдениеттіліктен ада заңдылық туралы әңгіме болуы да мүмкін емес: тұтас алғанда қоғамның, жекелеген азаматтардың мәдени деңгейі жоғары болған сайын, заңдылықтың да деңгейі жоғары болады.
Басқа бір құқықтық құбылыс — құқықтық тәртіп заңдылығымен байланысты. Құқықтық тәртіп — бұл заң мен құқыққа негізделген қоғамдық қатынастардың тәртіптілік жай-күйі. Бұл құқықтық талаптарды іске асырудың құқықтық нормаларды, яғни заңдылықты сақтаудың, орындаудың түпкі нәтижесі. Заңдылық — талап, құқықтық тәртіп — осы талаптарды орындау тәжірибесі. Құқықтық реттеудің мақсаты құқықтық тәртіп, нақ осыған қол жеткізу үшін өзге де нормативтік құқықтық актілер шығарылады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайту жөніндегі шаралар жүргізіледі. Құқықтық тәртіп пен заңдылық арасында бір-біріне тікелей тәуелділік бар: заңдылықтың нығайтылу құқықтық тәртіпті нығайтады, ал бұған керісінше, егер заңдылық бұзылса, онда құқықтық тәртіп те іле-шала бұзылады.
Құқық қорғау қызметі кез келген тәсілмен ғана емес, ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады. Олардың қатарына заңмен белгіленетін мемлекеттік мәжбүрлеу және жазалау шараларын жатқызуға болады.Мемлекеттік мәжбүрлеудің төрт түрі белгілі:
1) қылмыстық-құқықтық (қылмыс жасаған жағдайда)
2) азаматтық-құықтық (қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырмайтын мүліктік зиян келтірілген жағдайда);
3) әкімшілік-құқықтық (әкімшілікке теріс қылық жасау; мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу);
4) тәртіптік (өзінің еңбек ету
және басқа міндеттерін
Заң құқық қорғау органдарынан заңның немесе өзге де құқықтық актілердің белгіленген тапсырмаларына ғана сәйкес келетін заң жөнімен ықпал ету шараларын қолдануды талап етеді. Егер заң бойынша суық қаруды сақтау тәртібін бұзғаны үшін айыппұл түріндегі санкция қарастырылған болса, әкімшілік жолымен тұтқынға алуды қолдануға болмайды. Құқық қорғау қызметі белгілі бір тәртіптің аясында орындалады. Мысалы, қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану шегін қажетті тексерулер жүргізбей тұрып айқындауға болмайды.
Құқық қоргау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың жағымсыз зардаптарын жояды. Қылмыстың жасалуына итермелеген себеп пен жағдай және қылмыстылықтың жолын кесу шараларын қабылдау.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес қарау жене шешу жөніндегі құқық қорғау қызметінің бір түрі.
Сот әділдігі мынадай белгілермен сипатталады:
— Сот әділдігін тек қана сот жүзеге асырады.
— Сот әділдігі қатаң түрде заңға сәйкес қылмыстық және азаматтық істерді қарайды және шешеді. Сот әділдігінің барлық маңызды мәселелерін тек қана заң анықтайды.
Сот шешімі жалпыға міндеттілік күшіне ие. Бұл Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен заңды және жеке тұлғалардың міндетті сот шешімінің заңды күшіне енгенін көрсетеді. Сот шешімін орындамау мемлеттік мәжбүрлеу, тіптен бостандығынан айыру шарасын қолдануға алып келеді. Қазақстан Республикасында сот әділдігі соттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Ешқандай басқа мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар сот әділдігін жүзеге асыра алмайды. Соттың шығарған шешімдерін бұзуға немесе өзгертуге тек қана соттардың ғана құқығы бар.
Сот билігін жүргізуші — судья. Судья сот әділдігін жүзеге асыруды айыпталушының кінәсіздігін дәлелдеу қағидасына сүйене отырып атқаруы тиіс. Кінәсіздігін дәлелдеу азаматты жазықсыз соттап жіберуден қорғайды. Әр азамат заң жүзінде кінәлілігі дәлелденгенше кінәлі емес деп есептеледі. Тек сот үкім шығарғаннан кейін ғана оны қылмыскер деп айта аламыз.
Әділет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін атқарушы биліктің орталық органы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аумақтық әділет мекемелеріне, нотариалдық кеңселерге, азаматтық хал актілерін тіркеуді жүргізетін органдарга (АХАТ), қылмыстық атқарушылық жүйеге, оку орындары мен ғылыми мекемелерге басшылық қызметін атқарады.
Әділет министрлігінің негізгі міндеттері:
Саяси, экономикалық, әлеуметтік өмірдің құқықтық негіздерін бекітуге ықпал ету;
заң жобалау жұмыстарын ғылыми және тәжірибелік жағынан қамтамасыз ету;
заң жобаларын құқықтық және қылмыстық тұрғысынан сараптауды қамтамасыз ету;
қабылданатын заңдардың тиімділігін болжау.
Ұлттық қауіпсіздік органндары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын арнаулы мемлекеттік органдар. Олардың міндеті — өздеріне берілген өкілеттіктер мен жеке адамдар мен қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекеттің егемендігін, аумақтық тұтастығын; елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын қорғауды қамтамасыз ету.
Ұлттық қауіпсіздік органдары:
жеке адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жасап, іске асыруға қатысады;
Қазақстан Республикасының мүдделеріне сәйкес барлау ақпараттарын іздестіріп табады;
Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға, қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталган терроризм сияқты қауіпті қылмыстар мен өзге де әрекеттерден сақтандырып, олардың жолдарын кеседі;
мемлекеттік органдарды, еліміздегі ұйымдар мен әскери құрылымдарды ақпараттық және кодталған (астыртын) байланыстармен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де қүрылымдық бөлімшелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы үкіметтік байланыс органдары, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен өзге де ұйымдар ұлттық қауіпсіздік органдарының біртүтас жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге тілек білдірген, өздерінің моральдық (өнегелік) және іскерлік қабілеттеріне, жасы, білімі мен денсаулығына қарай өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтар ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке орналаса алады. Кедендік бақылау органдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік қызмет республиканың кеден шекарасыарқылы тауарлар мен көлік құралдарының (тасымалдаушының) қозғалысына кедендік иідемдер мен салықтар алу, кедендік рәсімдеу, кедендік бақылау және кедендік саясаттың, басқа да құрамаларын іске жұмылдырудың шарттары мен тәртіптерін құрайды. Кедендік органдардың лауазым иелері билік өкілдері болып табылады, олардың заңды талаптары мен өнімдерін мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар орындауғa міндетті.
Кедендік органдар жүйесіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрамындағы кедендік бақылау агентігі, кедендік басқармалар, кедендер, кедендік бекеттер кіреді. Сонымен, құқық қорғау қызметі дегеніміз — заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі арнайы мемлекеттік органдардың қызметі. Бұл қызмет мемлекеттің, жалпы қоғам мен әрбір жеке адамның құқықтары, еріктері мен заңды мүдделерін қорғаудан тұрады. Құқық қорғау қызметі заңды ықпал ету шараларымен заңға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.[1]
Жергiлiктi соттарға мыналар жатады:
1.Облыстық және оларға
2.Аудандық және оларға
2.Бiрдей өкiлеттiктер берiлген бiркелкi құрылымды соттар сот буындарына бөлiнедi.
Сот жүйесiн шартты түрде 3 деңгейге (буын) бөлуге болады:
1.Негiзгi буын (аудандық, қалалық және ауданаралық соттар, гарнизонның әскери соты)
2.Орта буын (облыстық және оларға теңестiрiлген соттар)
3.Жоғарғы буын (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)
Сот жүйесiндегi ұйымдастыру құрылымы қағидасымен, юрисдикцияларының айырмашылығымен және әкiмшiлiк аумақтық мәртебесiнiң ортақтылығымен сипатталатын соттардың жағдайларын бiлдiрiтiн ұғымды сот деңгейi (буыны) деп атаймыз.Соттардың iстердi қарастыру кезеңдерiн, шешетiн мәселерiнiң шеңберiн, атқаратын функцияларын сипаттайтын түсiнiк сот инстанциясы деп аталады.Сот инстанцияларының мынандай түрлерi бар:
1.Бiрiншi инстанция соты.
2.Аппеляциялық (екiншi) инстанция соты.
3.Қадағалау инстанция соты.
Сот жүйесiндегi сот әдiлдiгiн жүзеге асыру барысында негiзгi салмақ негiзгi буын соттарына — аудандық және оған теңестiрiлген соттарға түседi. Бұл соттар азаматтық және қылмыстық iстердiң, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы мәселелердiң көп бөлiгiн қарастырады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және “Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” Конституциялық заңға сәйкес құралатын жергiлiктi соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға аудандық, облыстық және оларға теңестiрiлген соттар жатады.
Сот жүйелерiнiң негiзгi буынын—аудандық және оған теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар) құрайды.“Сот жүйесi және судьялар мәртебесi туралы” 25.12.2000 жылғы Конституциялық заңының 6-бабына сәйкес аудандық және оған теңестiрiлген соттарды уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк – аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк –аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық соттар құруы мүмкiн.
Аудандық сот құрамы төрағадан және тұрақты судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады.Аудандық сот үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Бұл соттардың судьяларын және төрағасын қызметке әдiлет министрiнiң әдiлет бiлiктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
Аудандық сот бiрiншi инстанция соты болып табылады және өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды, сот статистикасын жүргiзедi, заңда көзделген басқада өкiлеттiктердi жүзеге асырады.Аудандық сот төрағасы судья қызметiн және сот төрағасы қызметiн бiрге атқарады.
Соттың қалыпты қызметiн қамтамасыз ету үшiн және сот тәжiрибесiн зерделеу мақсатында аудандық сотта кеңсе құрылады, оның штат санын сот төрағасымен келiсе отырып, облыс бойынша сот әкiмшiсi белгiлейдi. Сот қызметiнiң бекiтiлген тәртiбiн жүзеге асыру үшiн соттар жанында сот приставтары болады.
Орта буын соттары болып облыстық және оған теңестiрiлген соттар (республика астанасының және республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, Қазақстан Республикасы әскерiнiң әскери соты) табылады. Облыстық соттарды уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады. Бұл соттар бiрiншi, апелляция және қадағалау инстанция соттары ретiнде болады. Бiрiншi инстанция соты ретiнде облыстық соттар:
1.Ауырлататын мән-жайлардағы
2.Талап арызы суммасы 25 мың айлық
есептiк көрсеткiштен асатын
Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарауды жүзеге асырудан басқа да iстердi, атап айтқанда сот статистикасын жүргiзедi, сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды және басқа да заңда көзделген өкiлеттiктердi жүзеге асырады.Облыстық соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 82 бабының 2 тармағына сәйкес әр облыста құрылады. Жалпы облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қазiргi саны-17Облыстық сот құрамы – төрағадан, алқалар төрағаларынан және судьялардан тұрады. Бұл соттардың органдары:
қадағалау алқасы
азаматтық iстер жөнiндегi алқа
қылмыстық iстер жөнiндегi алқа
соттың жалпы отырысы
Сот алқаларын алқа төрағалары, ал қадағалау алқасы сот төрағасы басқарады. әрбiр алқадағы судьялар саны сот төрағасының ұсынысы бойынша жалпы (пленарлық) отырыста белгiлейдi. Облыстық соттың жалпы (пленарлық) отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi және де облыстық сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi (2/3) қатысқан жа¬дайда заңды болады.Облыстық соттың жалпы отырысын облыстық сот төрағасы шақырады және оған төрағалық етедi.Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң жоғарғы буыны болып Жоғарғы Сот табылады.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс-жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. Ол өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдары бойынша бiрiншi, апелляциялық және қадағалау инстанция соттары қызметiн атқарады, сонымен қатар заңда көрсетiлген жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық және азаматтық iстердi қарастырады.
Жоғарғы Сот құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi. Жоғарғы Сот органдарына:
-қадағалау алқасы
-азаматтық iстер бойынша алқа
-қылмыстық iстер бойынша алқа
-соттың жалпы отырысы жатады.
Жоғарғы Соттың қадағалау алқасын Жоғарғы Сот төрағасы басқарады және алқа судьялары соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгiленедi.Мемлекеттің егемендігін, оның құқықтық жүйесін қылмысқа қарсы іс-қимыл тұрғысында нығайту және дамыту – мемлекеттің және Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты қамқорлық нысанасы.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет деп бекіту мемлекеттің, оның органдары мен арнайы уәкілетті тұлғаларының заңдылық пен құқық тәртібін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күресті тұрақты әрі дәйекті қамтамасыз етуіне объективті түрде байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы құқықтық реформа процесіне айтарлықтай серпін мен нақтылық берді, онда құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың арнаулы бағдарламасы негізінде құқық қорғау органдарын жүйелі түрде одан әрі реформалау міндеті қойылған.

- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты
- Қазақстан республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары
- Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- Қазақстан Республикасының қоғамдық өміріндегі өзгерістер
- Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіндегі пластикалық карточкалар
- Қазақстан Республикасының қор нарығы
- Қазақстан Республикасының қорықтары
- Қазақстан Республикасының қорықтары
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот