Қазақстан Республикасының қор нарығы

Қазақстан Республикасының  қор нарығы 

Қор нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі, бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын, ал олардың бағасы сұраныспен және ұсыныспен  айқындалатын нарық (ұйымдасқан және биржадан тыс нарық). Ағылшын әдебиетінде "қор нарығы" деген ұғым "қор биржасы" деген ұғыммен бірдей, қор биржасының негізгі атқарымы бағалы қағаздарды инвесторларға сату жолымен жария компанияларға, мемлекетке және жергілікті билік органдарына капитал тарту мүмкіндіктерін беру. Қазақстан заңнамасында "қор нарығы мен "бағалы қағаздар нарығы" деген ұғымдар мәндес.Қор нарығындағы акциялар, облигациялар, олардан туындаған бағалы қағаздар, опциондар, фьючерстік келісімшарттар, т.б. Айырбасқа түседі.Қор нарығының атқарымына бағалы қағаздардың эмитенттері,инвесторлар және бағалы қағаздар нарыгының кәсіпқой қатысушылары қатысады. Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарушысы (эмитенті) — Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, ол бағалы қағаздар нарығында басымдыққа ие мемлекеттік бағалы қағаздарды, мемлекеттік қарызхат облигацияларын қазынашылық вексельдер, т.б. шығарады. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар корпоративтік бағалы қағаздар шығарады. Дивидендтік, пайыздық немесе алып-сатарлық табыс алу мақсатымен қор нарығында бағалы қағаздарды сатып алушы жеке және заңи тұлғалар инвесторлар ретінде әрекет етеді. Қор нарығының кәсіпқой қатысушылары — бағалы қағаздармен операциялар жасауға лицензиясы бар заңи және жеке тұлғалар — қор биржалары инвестициялық қорлар мен компаниялар, дилерлік және брокерлік ұйымдар, тіркеушілер, депозитарийлер, т.б. Бағалы қағаздардың биржалық нарығы және биржадан тыс нaр ы ғ ы түрлеріне бөлінеді. Биржадағы сауда-саттыққа бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары — биржа мүшелері қатысады; биржада осы биржаның листингіне, яғни осы биржада бағаланатын бағалы қағаздар тізбесіне енгізілген акциялар сатып алынады және сатылады; әрбір биржа бағалы қағаздарды листингіге енгізу тәртібін белгілейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қор нарығы халықтық IPO ол қалай өткізіледі? 

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан»  ХДП-ның ХІІІ съезінде Үкіметке «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ-ның құрамына кіретін компаниялардың акцияларын халық арасында орналастырудың бағдарламасын әзірлеуді тапсырған  болатын. Алдағы наурыз айында акцияларын қор нарығына орналастыруға болатын компаниялардың нақты тізімі анықталмақ.

 Жалпы,  халықтық IPO (Initial Public Offering) дегеніміз  жалпы халық арасында бағалы  қағаздарды тұңғыш рет мейлінше  көп орналастыруға мүмкіндік  жасау деген ұғымды білдіреді. Олай болса, Ел Президенті көтеріп отырған әлеуметтік һәм бизнестік бастама — «халықтық ІРО» жасаудың біздің қоғам үшін үлкен маңызға ие болады деуге негіз бар. Неге десеңіз, еліміздің экономикасында үлкен әлеуетке ие ұлттық әл-ауқат қорының құрамында 400-ге тарта компания бар екенін ескерсек, соңғы жылдары олардың қаржылық көрсеткіштерінің ерекше қарқынмен өсіп отырғанын байқау қиын емес. Яғни, республикадағы мұнай-газ, электр қуаты, металлургия және байланыстың барлық түрлерінің тізгінін ұстаған осынау отандық алпауыт компанияларда шоғырланған активтерге иелік етуге қарапайым тұрғындардың да қолы жететіндей мүмкіндік тумақ. Бұл — әр азамат ұлттық компаниялардың акционері бола алады деген сөз.

 Халықтық  ІРО — әлемнің көптеген дамушы  және дамыған елдерінде кең тараған тәжірибе. Мысалы, өткен ғасырдың 70-80 жылдарында Малайзия үкіметі мемлекеттік компанияларды жаппай жекешелендіру жүргізді. Нәтижесінде қор нарығына инвестор ретiнде 8 млн. адам тартылды. Қазіргі таңда бұл компаниялардың акциялары — Малайзияның қор нарығындағы ең өтімді акциялар. Өткізгелі жатқан халықтық ІРО аясында жеке инвесторларға дивидендтер мен бағалы қағаздың бағасының өсімі арқылы ұлттық компаниялардың табысында қатысуы үшін сенімді және табыстылық деңгейі жоғары инвестициялық құрал ұсынылатын болады. Бұл өз кезегінде отандық қор нарығының дамуына зор септігін тигізбек. Алайда, аталған халықтық ІРО-ға қатысуға кімнің мүмкіндігі бар деген сауал туады. Қарапайым ел азаматының мың акцияға дейін иеленуіне қауқары жете ме, мәселе сонда. Жасыратыны жоқ, мемлекеттік компаниялардағы үлестер мен акцияларды қор нарығына шығарған сәтте қолында ақшасы бар қалталы топ қана сатып алып, қаймана жұрт акционер атанудан ада қалмай ма деген де күдік бар. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, дәл қазіргі уақытта еліміздің қор биржасында 130-дай эмитент бар деседі. Әйтсе де, олардың барлығын бірдей қор нарығында ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан іргелі компания деуге келмейді. Сондықтан, акция сатып алардағы таңдаудың өзі осындай талаптарға түсетіні белгілі. Оның үстіне еліміздің қор биржасына ақшасын салып отырған инвесторлардың саны 10 мыңның маңайында ғана екен. Бұл республика тұрғындарына шаққанда өте аз көрсеткіш екені дау тудырмаса керек.

Қазіргі таңда құзырлы мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстанның барлық азаматтарына баршаға бірдей мүмкіндік беру мақсатында халықтық ІРО өткізу бойынша белгілі бір шектеулер қою бойынша мәселелер қарастырылып жатыр. Мысалы, шектеулер бір қолға бірнеше акциядан артық емес, не болмаса максималды инвестиция көлемі белгілі бір сомадан аспауы керектігі бойынша болуы мүмкін. Бұл — баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті жүйе. Жалпы осы халықтық ІРО өткізу үшін халықтың алдын-ала қаржылық жағдайы зерттелінген болатын. Статистика агенттігінің мәліметтерін қолданып жүргізген есептеулер нәтижесіне сәйкес өткен жылдың тоғыз айы бойынша үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы номиналды табысының 39% номиналды жинақ ретінде (номиналды табыс минус тұтынуға кеткен шығындар) тұрғындардың қолында қалды. Осы жинақтардың 9,3% банктердің депозиттеріне салым, 12,3% зейнетақы қорларына жинақ, 0,17% сақтандыру қорларына ерікті жарналар ретінде жіберілді. Номиналды жинақтардың қалған сомасын бос ақша қаражаттары ретінде санауға болады. Бос ақша қаражаттарының бары, сонымен қатар, 2007 жылы өткізілген табысты заңдастыру акциясы нәтижесімен де жанама түрде дәлелденеді. Сол акцияның нәтижесінде 5,3 млрд. АҚШ долларына тең мүлік заңдастырылды, оның ішінде 3 млрд. доллары ақшалай күйінде болатын. Алайда, ол акция тұрғындардың тек 10% ғана қамтыған болатын. Зерттеулер нәтижесінде жалпылай алғанда халықтың қолында 5 миллиардтан 12 миллиард АҚШ долларына шейін нақты экономикаға жұмыс істемейтін бос қаражат бары есептеліп отыр. Бұл қомақты сома және соның бір бөлігін ұлттық экономиканың дамуына тарту қажет.

Десек те, халықтық ІРО-ға аудит қалай жүргізіледі? Бұл тұрғыда инвестор өз қаржысын кім басқаратынын және оның қалай  жұмыс істейтінінен толық хабардар болуы тиіс. Ол үшін нарыққа үлесін сатқан компанияның қызметі мен  қаржылық ахуалы, тіпті, оның құрылтайшыларының тізіміне дейін анық болғаны жөн. Себебі, біздің қоғам үшін елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік кәсіпорындарды былай қойғанда, отандық компаниялардың қызметі туралы да нақты мәліметтердің сирек кездесетіні анық. Осынау жайттарды шешіп алмай жалпы халықты инвесторлыққа тарту ісінің аса нәтиже бере қоймайтыны белгілі. Халықтық ІРО-ны өткізу барысы Үкіметтің жіті назарында болады. Сол себепті, мемлекет барша тұрғындардың қатысуы үшін максималды қолайлы жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында тәуекелдің әрқашан болатынын ескеру қажет. Оның үстіне үлестік бағалы қағаздар акциялар бойынша тәуекелдер басқа бағалы қағаздар түрлеріне қарағанда жоғары болады, дегенмен, олар бойынша табыстылық та жоғары. Бірақ, осы халықтық ІРО аясында тұрғындарға ең табысты деген ұлттық компаниялардың акциялары ұсынылмақ. Акциялары сатылымға шығарылатын компаниялар қаржылық көрсеткіштері ең жақсы, орнықты және мемлекеттік қолдауға ие компаниялар болып табылады. Бұл инвесторлар тарапынан сенімділіктің жоғары болуына алып келеді.  
 
 

«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO»  Форумының қатысушыларының  қарары 

2010 жылғы  24 қараша, Алматы қаласы 

«Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының  шеңберінде Президент 2020 жылға қарай  Алматының Азияның жетекші қаржы орталықтарының бірі ретінде қалыптасуының аса маңызды шарты ретінде отандық қор нарығын үдете дамытудың маңыздылығын атап айтқан Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын Қазақстанның қор нарығын дамытудың мақсаттары мен міндеттері талқыланды. 

 Өткен  Форумға қатысушылар Қазақстанның  дағдарыстан соң дамуындағы ұлттық  компаниялардың KASE-те IPO рөлі туралы, KASE-те IPO жүргізу шарттары туралы, сондай-ақ Қазақстандық қор нарығының  инвестициялық әлуеті туралы  мәселелерді талқылады. 

 Форумның  мәселелерінің маңыздылығы Қазақстан  Республикасының Премьер-министрінің  Форумға қатысушыларға жолдауынан  байқалды, онда қазір Қазақстанның  қор нарығына «Самұрық-Қазына»  қорының құрамына кіретін ұлттық  компанияларды шығару қажеттілігі айқындығы атап айтылды. 

 «Қазақстанның  қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының  барысында қатысушылар төмендегідей  тұжырымдар жасады: 

- «Қазақстанды  дағдарыстан кейін дамытудағы  ұлттық компаниялардың KASE IPO рөлі»  сарапшылық пікірсайыстың шеңберінде: 

1. Ел  ішінде «көгілдір фишкалардың»  акцияларын орналастыру елдің  экономикасын дағдарыстан кейін  дамытуды жылдамдатуға және мемлекеттің  бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға  жәрдемдесетін болады. Оған нақты  сектордың кәсіпорындарының қорландыру  базасына елдің ішінде жинақталған қорларды тарту арқылы оны кеңейтудің есебінен, сондай-ақ шетелдік инвестициялар ағынының арқасында қол жетеді. 

2. Қытай,  Малайзия, Түркия, Оңтүстік Корея  және Жапония секілді Азия  елдерінің табысты мысалы ішкі  қор нарығының жоғары өтелімдігі мен оның тиімді жұмысына ұлттық компанияларды («көгілдір фишкаларды») отандық қор биржаларына тартудың есебінен қол жететінін көрсетеді. 

3. Сонымен  қатар, ұйымдастырушылардың пікірі  бойынша, «Самұрық-Қазына» ұлттық  әл-ауқат қорының құрамына кіретін компаниялардың, тіпті егер олардың жоспарларына жақын арадағы жылдарда IPO кірмейтін болса да, KASE листингіне енгізілуі маңызды болмақ. Бұл халықаралық және отандық сарапшылардың тарапынан олардың қызметінің көлегейсіздігін бағалауды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Ірі ұлттық компаниялар корпоративтік басқару, ақпаратты жария қылу және еркін айналыстағы акциялардың минималды талап етілетін санын қамтамасыз ету саласында үлгі көрсететін болуға тиіс.  

- «KASE-тегі IPO. Өткізілу шарттары» сарапшылық пікірсайыстың шеңберінде:  

1. Тек  зейнетақылық қорларды ғана емес, сонымен қатар басқа да институционалдық  инвесторларды: сақтандыру компанияларын,  екінші деңгейдің банктерін қамтуға  тиіс инвесторлардың шеңберін  кеңейту үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің заңнамалық кесімдеріне өзгертулер енгізу қажет.  

2. Эмитенттерге  ақпаратты жария қылу бойынша,  соның ішінде қор нарығының  құралдарының көмегімен, әсіресе,  облигациялық қарыздар шығару  арқылы тартылған қаражаттардың  нысаналы пайдаланылуы бойынша  қойылатын талаптарды күшейту  қажет. 

3. Қазақстан  қор нарығының инфрақұрылымы, соның ішінде «Қазақстан қор биржасы» АҚ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO өткізуінен, соның ішінде тұрғындардың – жеке тұлғалардың арасында «халықтық IPO» өткізуге әзір.  

- «KASE-тегі IPO. Инвестициялық әлуеті» сарапшылық  пікірсайыстың шеңберінде:  

1. Қор  нарығына шығу арқылы жинақтаушы  зейнетақылық қорларды капиталдандыруды  ұлғайту мүмкіндігін қарастыру  қажет.  

2. Жинақтаушы  зейнетақылық қорлардың оларға  инфляцияның деңгейінен асуға  мүмкіндік беретін табыстылығын  ұлғайту мәселесін шешу қажет. Қазіргі сәтке қарай зейнетақылық қорлар жоғары табысты қамтамасыз ететін құралдардың жетіспеушілігін бастан кешіп отыр. Осындай құралдардың бірі Қазақстанның «көгілдір фишкаларының» акциялары бола алады.  

3. Қазақстандық  инвесторлардың ішкі инвестициялық әлуеті «көгілдір фишкаларды» отандық қор нарығына шығарған кезде сұранысты қанағаттандыру үшін жетерліктей жоғары.  

4. Шетелдік  инвесторлар Қазақстанның «көгілдір  фишкаларын» «Қазақстан қор биржасы»  АҚ-ның листингіне шығарған кезде  оларға инвестициялауға әзір.  

 «Қазақстанның  қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумының  уақытында айтылған пікірлердің  негізінде, Президенттің Әкімшілігіне  және Үкіметке, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының қызметін  реттеу жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның (бұдан әріде – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) өкілдеріне жүгінеді және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның компанияларын Қазақстанның қор нарығына шығару бағдарламасын әзірлеген кезде төмендегі ұсыныстарды ескеруді қажет деп санайды:  

1. 2011 жылдан  бастап, азат айналыстағы акциялардың  саны бойынша тиісті талаптарды  ұстана отырып, отандық қор биржасының листингіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның құрамына кіретін компанияларды – «көгілдір фишкаларды» сатылап енгізу үдерісін бастау қажет. Бұл орайда «Қазақстан қор биржасы» АҚ және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ азат айналыста жүрген акциялардың үлесін арнайы айқындау тұрғысынан Қазақстан үшін стратегиялық маңызы компаниялар үшін листингінің жекелеген шарттары туралы мәселені қарастыруға әзірлігін білдіреді.  

2. Мемлекеттік  пакеттерді орналастыру мерзімдерін  (нақты жылдың бірінші немесе екінші жартыжылдығы) көрсетіп, және Қазақстан қор биржасының листингінің бірінші және екінші санаттары бойынша талаптарды сақтай отырып, сатылап жүзеге асырылуға тиіс екенін ескеру қажет.  

3. Бюджеттік  қаражаттардың нысаналы пайдаланылуының  көлегейсіздігін арттыру мақсатында, мемлекеттік дотацияларды тек KASE листингінде тұрған компанияларға (жоспарда залалды компанияларды қоспағанда) бөлу ұсынылады. Аталған шара компаниялардың Қазақстан қор биржасының листингіне шығуына жәрдемдесетін болады.  

4. Қазақстанда корпоративтік басқару институтын жетілдіру және одан әріде дамыту мәселесіне, соның ішінде корпоративтік хатшылардың рөлін арттыруға ерекше көңіл бөлу керек.  

5. Халықтың  ішкі жинақталымдарын тарту және  бөлшек инвесторлар табын қалыптастыру  мақсатында, «халықтық IPO» өткізуді көздеу ұсынылады. KASE алаңшасында мемлекеттік қатысу үлесі бар әлдебір компания IPO өткізетін кезде, «көгілдір фишкалардың» мемлекеттік акциялар пакетінің мардымсыз бөлігі тұрғындарға (жеке тұлғаларға) мүмкіндігінше қол жетерлік баға бойынша ұсынылуға тиіс.  

6. Тек  зейнетақылық қорларды ғана емес, сонымен қатар басқа да институционалдық  инвесторларды: сақтандыру компанияларын,  екінші деңгейдің банктерін қамтуға  тиіс инвесторлардың шеңберін  кеңейту үшін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің пруденциалдық нормативтеріне өзгертулер енгізу қажет.  

7. Екі-үш  жылдың барысында капиталдандыру  деңгейі орташа компанияларды  отандық қор нарығына шығару  және IPO өткізу перспективасымен оларға қаражаттарын инвестициялауға тиіс мемлекеттің қатысу үлесі бар IPO дейінгі қорларды дамыту мүмкіндігін қарастыру қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасының қор нарығы маңдай алды күйде еместігін бәріміз білеміз.  Қазіргі құралдардың тартымдылығы  жақсы тілеуге алып келеді.  Бұл ахуалды жақсарту үшін мемлекет не істейді және соның салдарынан не өзгеретіні жайлы бізге мемлекеттiк қарыз алуды жоспарлауды департамент және экономиканың министрлiгiнiң несие беруi және ҚРдың бюджеттiк жоспарлауын директор Мәулен Өтеғұловтың айтқанын тыңдасақ

      - Нелiктен, сiздiң көзқарасыңыз бойынша,  бiрлескен бағалы қағаздардың  белсендi саудалары Қазақстан  жоқ ? Және  ахуалдың өзгерiсi  үшiн не  жасауы керек? 

- Бағалы  қағаздар нарғы елдiң экономиканың дамуының ең маңызды бағыттарының бiрi бүгiн болып табылады. Акциялардың нарығы инвесторлардың түбегейлi құралдарын жинақтап және олардың экономиканың нақты секторына бағыттауға мүмкiндiк бередi. Болғанша акциялардың Қазақстанында нарық мемлекеттiк бағалы қағаздардың қуатты нарығының фонында бiрақ жеткiлiксiз тарқатқан.

Сонымен қатар бұл мәселе  Қазақстан  қаржыгерлер ассоциациясы және ЦентрКредит  банкі ұйымдастырған  конференцияда жақсылап талқыланған болатын. Қор нарығының артта қалуының   коптеген себептері бар. Солардың бірі халықаралық  нарық капиталына деген төмен пайыз ставкалары болып келеді.

      Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік  облигациялар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.

     Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін  жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.

     Сонымен қатар бұл мәселе  Қазақстан  қаржыгерлер ассоциациясы және ЦентрКредит  банкі ұйымдастырған  конференцияда  жақсылап талқыланған болатын. Қор нарығының артта қалуының   коптеген себептері бар. Солардың бірі халықаралық нарық капиталына деген төмен пайыз ставкалары, ақпараттың жоқтығы, инвесторлардың аздығы болып келеді.

     Эмитенттер  дефолттары мəселелерін реттеу бойынша  ҚҚА қабылдаған

шаралары

Қабылданған шаралар:

-ҚҚА,«Қазақстан  қаржыгерлерінің қауымдастығы»  ЗТБ жəне ҚҚҚ мүше қаржы ұйымдарының арасындағы 2010 жылғы 17 ақпандағы Өзара түсіністік жəне ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды;

-қор  биржасының ресми тізімінің «борыштық  бағалы қағаздары» секторының «буферлік ссанаты» құрылды;анаты» құрылды;

-қор  биржасының ресми тізімінде болу  үшін эмитенттердің меншікті  капиталына жəне

таза  пайдасына қойылатын талаптар төмендетілді (2012 жылға дейін қолданыста

бболады);

-эмитенттер  ерікті түрде қабылдайтын шектеулер тізбесін (ковенант) белгілеу көзделген;

-«ҚаҚзақсқтан  Республикуасының кейбңірр заңнамңалық  акқтілерріне ипотекалыққ крреддит берру

жəне  қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың жəне инвесторлардың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңында белгіленген талаптарды сақтаған 14 жағдайда эмитенттердің орналастырылған облигациялар бойынша міндеттемелерін қайта

құрылымдау  мүмкіндігі көзделеді.

Проблема: дағдарыстан кейінгі кезеңде эмитенттер дефолттарының айтарлықтай саны 2

     Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру  бойынша қабылданған

шаралар:

-Дүниеежүүззілік  Банактің “DoionggBuussineessss” рреейтингіссінддеегі Қааззааққсстаанныңң пооззиццияссын жааққссаарртуу

мақсатында  əзірленген “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру жəне қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың жəне инвесторрлардың құқықтарын қорғаумəселелеррі бойынша өзгерісртеррмен толықтқырурлуар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 ақпандағы Заңында мыналар

көзделеді:

 * лаууазымды тұлғұалардырң қабылайтын шешімдеррі үүшін жауаупкершрілігін күшүейту;у

* акционерлерге  лауазымды тұлғалардың ірі мəмілелерді  жəне/немесе жасалуында

мүдделілігі бар мəмілелерді жасасу туралы шешім қабылдауы салдарынан қоғамға

келтірілген шығындарды өтеу жөніндегі шағым  талаппен сотқа жүгіну құқығын беру;

* нəтижесінде  қоғам активтері мөлшерінің 10% жəне одан көп сомасына мүлік сатып

алынатын  немесе иеліктен шығарылатын мəміленің мəні болып табылатын мүліктің алдын

ала нарықтық құнын бағалауды жүргізу арқылы акционерлер алдындағы АҚ қызметінің  айқындылығын қамтамасыз етуге; жылдық қаржылық есептілігінің түсіндірме жазбасында ірі мəмілелер жəне (немесе) мүделілігі бар мəмілелер туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды белгілеу.

Эмитенттер  қызметінің айқындылығын арттыру бойынша  қабылданған шаралар:

 Бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне мыналар туралы ақпаратты енгізу

арқылы  проспектідегі эмитенттің қызметі туралы ақпараттың тізбесі кеңейтілді:

*эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын жəне əрбірактивтің

сіитенəж  нын ұқіі іті шарттардың қолданылуы аяқталған күнін көрсете отырып,

сенімгерлікпен  басқаруға тапсырылған активтердің  жалпы көлемінің 10% кем еместі

құрайтын  активтері туралы;

*облигацияларды ұстаушылардың өкілі туралы;

*облигациялық заемның нысаналы мақсаты туралы.

ҚР заңнамасына  мыналарды көздейтін түзетулер  дайындалды:

*проспектіде  эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу

жəне  олардың онда болуы туралы мəселелері жөніндегі қаржылық кеңесшісі туралы, сондай-ақ

ээмитенттің дивидендтік саясаты туралы ақпаратты  ашуды;митенттің дивидендтік саясаты  туралы ақпаратты ашуды;

*эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты жəне оның қаржылық

есептілігін қаржылық есептілік депозитарийі сайтында жəне KASE сайтында 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Әдебиеттер  тізімі 

  1. Финансовый  бизнес. - М., 2000-2006гг.
  2. Финансовые вести. - М., 2000-2006 гг.
  3. Вопросы экономики. - М., 2000-2006гг.
  4. http://www.rfca.gov.kz
  5. http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1002
Қазақстан Республикасының қор нарығы