Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қазақстан Республикасының білім және Ғылым
министірлігі
Д.А Қонаев атындағы Университет
«Қылмыстық құқық , криминалистика және құқық қорғау
органдары қызметі » кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Қылмыстық құқық» пәні бойынша
тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықы бойыншы жазанның мақсаты»
АЛМАТЫ 2011
КІРІСПЕ.......................
I. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МӘНІ, ҚҰРАМЫ. МАҒЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ
1.1 Қылмыстық құқықтың жалпы ұғымы.........................
1.2 Қылмыстық құқықтың құрамы мен маңызы........................
II. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ....................
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.....................
2.2 Жазаның тағайындау түрлері.......................
III. ТАРАУ: ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ.......................
3.1 Бірнеше қылмыс бойынша жазаның максаты.......................
3.2 Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. {4: 46-48б.}
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.{1:29-34б.}
1.1 Қылмыстық құқықтың жалпы ұғымы
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.
Жалпы бұл жұмыста, қылмыстардың көптігінің түсігіні, оның жекелеген қылмыстардан ерекшелігі, ажыратылуы туралы айтылып кеткен. Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. {5: 25-29б.}
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді. Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:
1. қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2. қылмыстардың жиынтығы;
3. қылмыстың қайталануы.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады (3-бап).Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі.
Адамның (қылмыс субьектісінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың обьективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықтан істеуі (қылмыс субьективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.
Қылмыстың обьектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, Қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыс құрамы болатынын білдік.Іс-әрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол қылмыстық жауаптылыққа тартылатын негіз жоқ.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.{1: 31-34б.}
1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.
Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:
1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.
3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.
Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.
Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.{1:1-5б. }
1.2 Қылмыстық құқықтың құрамы мен маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген.
Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды.Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді.
Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстың құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады.Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады.Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады.Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компаненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы. Мысалы, бөтен мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады.Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады.Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ.Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның көптеген белгілері аталып көрсетілген.Мұның өзінде диспозициялардың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді.
Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында ұрлықтың оған тән белгісі – басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипаталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тәне белгілер қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. {7: 30-33б}
Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады.Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды.Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі – оны жасырын ұрлау.Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы - тонау болады.
Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқылық нормада – бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап – қызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немес бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істелген қылмыстары көрсетіледі.
Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге оқталғанда қылмыстың зардабы – адам өлімі жоқ.Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды.Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді.Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар.Қылмыс құрамының заңдылықты сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты.Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиетті борышы.Бұл азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру болып табылады.
Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, оның әрекет немесе әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады.
Қылмысты саралау дегеніміз адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген, нақты қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме-дәл жатқызу болып табылады. {3: 2-8 б.}
Қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет.Егер адамның іс-әрекетінде бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның бірнеше баптары немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу, істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан ажырататын белгілерді анықтау керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы ерекше болып отыр.
Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде –бір адам, егер оның істеген іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа тартылу немесе жазалануға тиісті емес.Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықтан істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.
Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді.
Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз.
Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады.Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.
Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз.
Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98- бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру).Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады.Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 1-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар жатады. {14: 1-3 б.}
Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.
Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана обьектісі, бір ғана обьективтік жағы ғана болуы.Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады.
Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (обьект,обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы). Мысалы, екі обьектіге бірдей қол сұғуын (179-бап – қарақшылық).Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап,2-бөлігі және т.б.).
Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз.Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату.
Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше.Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы деп бөлінеді.
Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды.Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап).
Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық қылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (314-бап).Пара беру, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс дер саналады.Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын-ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді.Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз.
Келте қылмыс құрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалтыру (116-бап,1- бөлігі) жатады.Бұл құрам бойынша заң шығарушы аяқтау уақытының зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген.Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Келете қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады.Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді.{11:}
2.1 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» № 1 қаулысында былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыс жасаған адамға белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау «Жаза тағайынаудың жалпы негіздері» деп аталатын арнайы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз — әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген. {2: 14-21 б.}
Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Мұнда «сәйкес» термині бір ғана ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес, әлеуметтік жағынан және арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз - соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-нің 52-бабы 2-бөлігінде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс...» деп көрсетілген. Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды.
Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:
1). Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
2). Кінәлінің жеке басы;
3). Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-қ±лқы;
4). Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
5). Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
6). Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі - бұл ҚК-нен қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының объективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық қ±қық теориясында екі категория: қоғамға қауіптілік сипаты (сапалық белгі) және қоғамға қауіптілік дәрежесі (сандық белгі) арқылы ашылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты — қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бір-бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі — қылмыстың сандық категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, объектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты; кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тәсілі; субъектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі көбінесе қылмыстың объективтік жағымен, ал қоғамға кауіптілік сипаты — қылмыстың объектісімен және субъективтік жағымен сипатталады. ҚР Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» қаулысының 2-тармағына сәйкес «жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабы талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты т.б.) жағдайының барлығын ескеруі тиіс». Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша жинақталған барлық объективтік және субъективтік белгілерін есепке алу қажет.{6: 8-10 б.}
Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігімен қатыстылығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді, сонымен бірге сотталушының отбасы анықталғаннан кейін тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі қажет.
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәт.
Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне, сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді.
Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.
Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.
Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды басшылыкқа алады.
Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге кандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынадай үш критерийден тұрады. Сот жазаны:
1) ҚК-тің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар шегінде;
2) ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;
3) қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, қылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.
Осы критерийлерді қарастырайық:
1. Сот жазаны ҚК-тің тиісті баптарында белгіленген шекте тағайындайды. Бұл — сот жазаны ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкер жасаған қылмыс сараланатын баптың санкциясы шегінде ғана тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігінің санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот бұл баптың санкциясы бойынша белгіленген ең көп және ең аз мерзімдер шегінде жаза тағайындауға тиіс.
Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
Балама санкцияларда екі және одан көп негізгі жазалар көрсетіледі, сот оның кез-келгенін таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың көпшілігі балама. Олар жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін анықтауға көп мүмкіндік береді.
Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды (мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша жеті жыл).
Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады. Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің бабындағы санкцияда көзделген ең төменгіден (төменгі шектен) төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік принципінің өзінше көрінісі.
2. Сот жазаны ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп тағайындайды. Бұл жазаның кейбір түрлерін қолданудың мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне қатысы бар ҚК-тің жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың басшылыққа алуы тиіс екендігін көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 359-бабындағы санкцияда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Бұл бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, ҚК-тің 48-бабындағы жағдайларды ескергенде, алты ай деп белгіленген. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда сот алты айдан екі жылға дейінгі мерзімді тағайындау керек.
Жаза тағайындай отырып сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды, жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті екендігін анықтайды.
Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-жайларды есепке алу жөніндегі ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын ескереді.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшері жөніндегі 57-баптың 1 бөлігіндегі жағдайды соттың ескеруі тиіс.
Егер адам бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды күшіне енгенше қамауда ұсталған уақытты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның мерзіміне жатқызу жөніндегі 62-баптың 3 бөлігінің талабын соттың ескеруі қажет.
Жаза тағайындай отырып, сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген мақсаттарды көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы орын алса, онда сот ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал кайталанған қылмыс болса - ҚК-тің 59-бабында белгіленген тәртіп бойынша жаза тағайындайды. Соттың ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған басқа жағдайларды да ескеруі қажет. Атап айтқанда, шартты түрде соттау немесе жаза өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады (ҚК-тің 63, 72,74-баптары).
Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңның жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасағанда заңдылықтың өрескел бұзылуы болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.
Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа қылмыстық заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді.{9:}
Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.
Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.
Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен немесе жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.
Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза да қатаң болуы тиіс, және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдану керек.
Сонымен қатар соттар жасалған қылмыстың тек коғамға қауіптілік сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға қауіптілік сипаты - сапалық көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі — сандық көрсеткіш.
Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі) қауіптілігі аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2 бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген теңіз қарақшылығынан қауіптірек.
Қылмыстың бір түрінің өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа мән-жайлардың жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне, айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі заң талабы әділ жаза тағайындаудың бірден бір алғы шарты болып табылады.
Егер сот қылмысты кімнің жасағанын, жазаны кімге қолданатынын дұрыс анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда жалпы қылмыскер деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.
Әдебиеттерде «адамның жеке басы» деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға ретінде көрсететін, оның өзіндік қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген.
Адамның жеке басы деген ұғым - оның қоғамдық мәнін, адамның әлеуметтік-психологиялық және дара биологиялық ерекшеліктерін қамтиды.
Арнаулы алдын алу, қылмыскерді түзеу сияқты жазаның мақсаттарына қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол жеткізуге болады.
Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар екендігін білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын, үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін, жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.Заң және қылмыстық заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.
Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.{8: 44-48 б.}
ҚР Жоғарғы сотының практикасында заңның бұл талабына баса назар аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты есепке алу қажеттігіне соттар әрқашан да мән береді. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке қабілеттігін, еңбекке, оқуға көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау керек.
Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде әлеуметтік түбір бар.
Сыртқы жағдай айыпкердің мінез-құлқына ықпал жасай отырып оның сана-сезімін, ерік-ынтасын қалыптастырады, психологиялық келбетіне мазмұн береді. Әркімнің ой-түсінігі өзінше. Әрбір адамның өз көзқарасы, сенімі, дағдысы, жұмысқа, отбасына, айналасындағы адамдарға және тірліктегі басқа құндылықтарға деген өз түсінігі болады. Әр адам өмір құндылықтарын өзінше сатылап, бір жүйеге келтіреді, оны А.И.Чучаев «өмір құндылықтарының сатысы» деп дұрыс атаған, ол сатыда әр құндылықтың өз орыны бар, ал түзеу процесі дегеніміз — сол құндылықтарды «ауыстыру» арқылы әрқайсын өзінің лайықты орынына қою.
Адамның сана-түсінігінің бұзылу сипаты жасалатын қылмыстың түрін анықтайды, ал оның қаншалықты бұзылғандығы - қылмыстық мінез-құлықтың сипатын көрсетеді. Жаза тағайындаған кезде сот сол адамның өмір құндылықтарына көзқарасын, оның ой-түсінігінің бұзылу сипатын және қаншалықты бұзылғандығын қалайда ескеруі тиіс.
Сонымен қатар адамның әлеуметтік қасиеттерінің маңыздылығын да бағалау керек. Сот айыпкерді тек қылмыстық жауапкершілікті көтере алатын жәй субекті ретінде ғана емес, қоғамның, белгілі бір адамдар ұжымының мүшесі, адам ретінде қарастыру керек. «Адам - қоғамдық қатынастар жиынтығы, адамның ой-түсінігі әуелбастан-ақ қоғамдық өнім, ол адамға тән ерекшелік болып қала береді», - деген К. Маркс{15:}
Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары немесе төмен екендігін көрсететін оның әлеуметтік қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза тағайындаған кезде сот сотталушының мынадай әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге тиіс: еңбек міндеттемелерін орындауға көзқарасын, нормативтік міндеттеулер мен этикалық ережелерді сақтауын, тұрмыстағы мінез-құлқын, т.б.
Айыпкердің жеке басын сипаттайтын мән-жайларды жаза тағайындау кезінде ескермеу жазаның немқұрайды тағайындалуына жол береді.
Жаза тағайындаудың басты негіздеріне істің жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларын есепке алу жөніндегі заң талабы жатады.
ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында көзделген бұл мән-жайларды айыпкер жасаған қылмыстың сипаттамасына да, оның өз жеке басының сипаттамасына да жатқызуға болады, олар сот тағайындайтын жазаның түрі мен мөлшеріне ықпал жасай алады.
Жеңілдететін мән-жайлардың болуы жасалған қылмыстың, не қылмыскердің жеке басының қауіптілігін азайтады, басқадай барлық тең жағдайларда жеңілдеу жаза тағайындауға мүмкіндік береді.
Ауырлататын мән-жайлар, ондайлар болмаған жағдайларға қарағанда, ауырырақ жаза тағайындауға себеп болады.
Заңда көрсетілген ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды есепке алу соттың құқығы емес, міндеті. Сондықтан да, жаза тағайындаған кезде істегі ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға назар аудармаған соттар заңда көзделген міндеттерін бұзады. Егер сот ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды жаза тағайындаған кезде ескеріп, оны үкімде көрсетсе, сотталған адам үшін де, сот мәжілісіне қатысқандар үшін де үкім дәлелді болып көрінеді, үкімнің жаза тағайындауға қатысты бөлігі бойынша заңдылықтың сақталғанын тексеруде жоғары тұрған сот сатысының қызметін жеңілдетеді.
Жаза тағайындағанда сот сотталған адамға, сол жазаның оны түзейтіндей ықпалы болатынын, жазалаудағы мақсаттың орындалатынын болжауы керек, сонан соң барлық мән-жайларды ескеріп, жазаның түрін және оның мөлшерін анықтауы тиіс. Сонымен қатар адамгершілік принципін басшылыққа алып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасына немесе асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына қандай әсер ететіндігін де сот ескеруге тиіс.
Жаза тағайындағанда сот бұл талаптың материалдық және психологиялық жақтары бар екендігін ескеруі қажет. Мысалы, айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және т.б., яғни айыпкерді қандай да бір дүние-мүліктен айыруға байланысты жаза тағайындалса, ал оның асырауында адамдар болып, оларды өзі ғана асырап отырса, әрине жаза оның отбасының тұрмыс жағдайына әсер етеді, бұл жағдай да ескерілуге тиіс. Мұндай жағдайды сот жазаны жеңілдететін мән-жайға жатқызса, ал айыпкердің өзінің отбасы алдындағы жауапкершілігі байқалса және оның қартайған, қаражатсыз ата-анасы, еңбекке жарамсыз көп баласы болса, ал сотталған әйелдің артында жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған баласы қалса, мұның түзелуге ықпалы болады. Егер айыпкер өз отбасы мүшелерін жәбірлеп ұрып-соғатын болса, өз балаларына немесе асырауындағы адамдарға қатыгез мінез көрсететін болса, онда жоғарыда көрсетілген мән-жайды сот ескермеуге тиіс.{12:}
Бірақ, тағайындалған жазаның айыпкердің отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына тигізетін ықпалын ғана ескеруге болмайды, себебі, егер бұл мән-жайлар ескеріліп, ауыр қылмыс жасаған немесе қоғамға аса қауіпті адамға өте жеңіл жаза тағайындалған болса, сол адамның қылмысынан жәбір шеккен адамның алдында да, жалпы қоғам алдында да әділдік үміті ақталмайды.
Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындағанда сот, осы қарастырылған мән-жайлардан басқа, оның өмір кешу және тәрбиелену жағдайларын, психикалық даму деңгейін, жеке басының өзге де ерекшеліктерін, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардан қандай ықпал болғанын ескереді. Бұл өте дұрыс, себебі кәмелетке толмаған айыпкердің есейіп қалыптасуында маңызды рөл атқаратын бұл мән-жайлар оған жаза тағайындағанда ескерілуі тиіс.
Жазаны жеке даралау принципінің бір жүйемен міндетті түрде жүзеге асырылуы, әрбір нақты жағдайда істің барлық мән-жайларының жиынтығы, қылмыстың сипаты мен қауіптік дәрежесі, қылмыскердің жеке басын сипаттайтын мән-жайлар ескерілсе ғана мүмкін болады.
2.2 Жазаның тағайындау түрлері
Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау процесі екі кезеңнен тұрады:
1) жиынтыққа кіретін қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау;
2) сол қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеу.
Жиынтықты құрайтын қылмыстардың әрқайсына бөлек жаза тағайындау ҚК-тің 58-бабының маңызды талабы, одан ауытқуға жол берілмейді. Жаза тағайындаудың мұндай тәртібі сотталғаннан кейін айыпкерге қылмыстың әрбір нақты түрі бойынша рахымшылық немесе кешірім жасауды қолдануға мүмкіндік береді. Қылмыстық істі кассациялық немесе қоғамдық тәртіпте қараған жағдайда әрбір бөлек қылмыс үшін тағайындалған жазаны, егер негіз болса, жеңілдетуге немесе үкімнен тіптен алып тастауға мүмкіндік болады. Сонымен қатар кейбір қылмыс үшін жаза тағайындай отырып заң оның құқыктық салдарын қарастырған. Мысалы, қылмыстың қайталанғандығының орын алғандығын анықтау (ҚК-тің 13-бабы), бас бостандығынан айырғанда колонияның нысанын белгілеу (ҚК-тің 48-бабы), т.б.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза тағайындау әрбір қылмыс бойынша тағайындалған жазаларды жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу принципі бойынша жүргізіледі.
ҚК-тің 58-бабының 2 бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана соттың сіңіру немесе қосу принциптерін тандауға кұқы бар, яғни ауырлығы шамалы қылмысты жасағаны үшін жаза тағайындағанда ғана. Басқа жағдайларда (егер жиынтықка тек ауырлығы шағын ғана емес, басқа санаттағы да қылмыстар кірсе) сот тек жазаларды қосу принципін ғана колдануға міндетті.
Сіңіру принципін қолданғанда сот ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкердің әрекеті сараланатын бабын назарға алмайды, жасалған әрбір қылмыс үшін осы санкциялар шегінде тағайындалған нақты жазаларды назарға алады. Жеңілірек қатаң жаза ауырырақ қатаң жазаға сіңіріледі. Егер сот сотталғанға ҚК-тің 221-бабының 2 бөлігі бойынша үш жыл бас бостандығынан айыруды белгілесе, ал ҚК-тің 341-бабының 1 бөлігі бойынша екі жыл бас бостандығынан айыруды белгілесе, қатаңырақ жаза - үш жыл, жеңілірек жаза екі жылды өзіне сіңіреді, ал жиынтық бойынша түпкілікті жаза — үш жыл бас бостандығынан айыру болады. Жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін әртүрлі жаза тағайындағанда да осы принцип сақталады.
Мысалы, бірінші қылмыс үшін сот айыпкерге бір жыл мерзімге түзеу жұмыстарын, жалақысының 20%-ін ұстауды тағайындады, ал екінші қылмыс үшін — үш жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қосу принципін қолданып, сот, бұл жағдайда, айыпкердің түкпілікті жазасы ретінде үш жыл бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Жазалардың қатаңдығын салыстырғанда сот ҚК-тің 39-бабындағы, яғни жазалар жүйесіндегі көрсетілген жазалардың ретін басшылыққа алады.{1: 5-13 б.}
Жекелеген қылмыстар үшін тағайындалған жазаларда қосу толық немесе ішінара болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жекелеген қылмысқа тағайындалған жазаның кез-келгенінен қатаң болуға тиіс. Жазаларды толық қосқанда олардың жиынтығы жеке жазалардың қосындысына тең болуға тиіс. Жазаларды ішінара қосқанда басқа қылмыс үшін тағайындалған жазаның бір бөлігі қатаңырақ жазаға қосылады.
Жазаларды қосуға белгілі бір шектеу қойылған (ҚК-тің 58-бабы). Егер қылмыстардың жиынтығы тек ауырлығы шамалы қылмыстарды қамтитын болса, онда қосқаннан кейінгі түпкілікті жаза жасалған қылмыстардың ең ауыры үшін жауаптылық жөніндегі Ерекше бөлімнің тиісті бабының санкциясында көзделген жазаның ең көп мерзімінен немесе мөлшерінен асуға тиіс. Мысалы, адам ҚК-тің 182-бабының бірінші бөлігі және ҚК-тің 253-бабы бойынша сотталады. Бұл қылмыстың екі түрінің біріншісі ауырырақ болып саналады, ол үшін ең қатаң жаза - екі жылға бас бостандығынан айыру. ҚК-тің осы көрсетілген баптары бойынша бөлек тағайындалған жазаларды қосу принципін қолданып, сот тек 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады. Егер қылмыстар жиынтығы орта ауырлықтағы қылмысты, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарды қамтыса, онда түпкілікті жаза тек жазаларды косу принципін қолдану жолымен тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза қолданылған қылмыстық заң нормаларының ауқымымен шектелмейді, тіптен 20 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Егер қылмыстар жиынтығы жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза көзделген кемінде бір ерекше ауыр қылмысты қамтыса, бұл жағдайда да түпкілікті жаза тек жазаларды қосу принципі жолымен ғана тағайындалады. Бұл жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 25 жылға дейінгі мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Сонымен соттың қылмыстар жиынтығы болғанда жаза тағайындау принциптерін, сондай-ақ жазаларды қосу принципін қолданғанда бас бостандығынан айырудың ең көп шегін таңдау мүмкіндігін заң реттейді (ҚК-тің 58-бабы) және ол жиынтық құрайтын қылмыстардың қай санатқа жататындығына және олардың арасында 20 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не бас бостандығынан өмір бойы айыру түріндегі жаза карастырылған қылмыстардың бар-жоғына байланысты. Мысалы, егер сот айыпкерге ҚК-тің 288-бабының 1 бөлігі бойынша алты ай мерзімге қамауға алу, ал 101-баптың 1 бөлігі бойынша екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындаса, ол толық қосу принципіне сәйкес 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жиынтық бойынша түпкілікті жаза тағайындауға құқылы. Егер сот ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігі бойынша 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаса, онда тек ішінара қосуды ғана қолдана алады, яғни 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруға 288-бап бойынша тағайындалған 6 ай қамауға алудың 3 айын ғана қоса алады, себебі ҚК-тің 101-бабының 1 бөлігінде көзделген мерзімнің ең көп мөлшері 3 жыл, сондықтан түпкілікті жаза одан аспауға тиіс. Сонымен жазаларды қосқанда жазаның ең көп мөлшерін түпкілікті анықтау, егер осы мысалға қатысты алсақ, жиынтыққа кіретін екі қылмыстың да ауырлығы шағын қылмыстар санатына жатқандығына байланысты.
Осы келтірілген мысалда орын алып отырған әртекті жазаларды косу тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні, бас бостандығын шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні, қоғамдық жұмыстарға тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.
Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар емес жазалар тағайындайды.
Мысалы, бір қылмыс үшін - айыппұл салу, екінші үшін - бас бостандығынан айыру, үшінші үшін — белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға — бас бостандығынан айыруға сіңіру принципін қолдануға болады (егер негіз болса). Бірақ бұл жағдайда жазалаудың ықпалы, әсіресе сіңірілген жазаның жеке сақтандыру мүмкіндігі пайдаланылмайды. Сондықтан да айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу сияқты жазаларды бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру түріндегі жазалармен қосқан кезде жазалардың бірінші тобы дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін қосымша жазалар тағайындалса, онда олар да, негізгі жазалар сияқты, бірін бірі сіңіре алады немесе біріне бірі қосыла алады. Әртекті қосымша жазаларды қосқан күнде де (мысалы, айыппұл салу мен мүлікті тәркілеуді) олар дербес орындалады. Қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша жазаларды түпкілікті тағайындау тәртібін ҚК-тің 58-бабының 5 бөлімі реттейді, онда қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін делінген. Қосқаннан кейінгі түпкілікті қосымша жаза қылмыстың осы түрі үшін белгіленген ең көп мерзімнен немесе мөлшерден асуға тиіс емес (ҚК-тің 40,41, 50, 51-баптары).{11:}
ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді. Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-бабы белгілеген тәртібі қолданылады.
ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде көрсетілген жағдайларда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мынадай үш кезеңнен өтеді:
1) сот жаңа үкім бойынша, яғни кейін ашылған қылмыс үшін жаза тағайындайды;
2) екі үкім бойынша тағайындалған жазалардың жұмсақтауын қатаңдауына сіңіру жолымен немесе жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен, бұрынғы шығарылған үкімдерді ескере отырып, түпкілікті жаза тағайындайды.
3) ҚК-тің 62-бабының ережесіне сәйкес бірінші үкім бойынша жазаның нақты өтелген мерзіміне есептеу жасалады. Жаза мерзімін есептеу дегеніміз - егер адам үкім шыққанша бас бостандығынан айырудың алты айын өтесе, ал сот оған үкім бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша екінші үкім шығарылған кезге дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек.{9:}
3.1 Бірнеше қылмыс бойынша жазаның максаты
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ, жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы орын алады. Сонымен:
1) адамға жаза тағайындаған үкімнің болуы;
2) ол жазаны сотталған адам әлі толық өтемесе;
3) жаңа қылмыс үкім шыққаннан кейін, бірақ
жазаны толық өтегенге дейін жасалса, бұлар үкімдер жиынтығының белгісі болып табылады.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда жаңа қылмыс адамды бұрын жасаған қылмысы үшін сотталғаннан кейін жасалынады. Бұл мән-жай айыпкердің қоғамға қауіпті адам екендігін, заңда оған қатаң жаза қарастырылуға тиіс екендігін көрсетеді.
ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаса, сот жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс. Егер үкімдер жиынтығына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы заңда көзделген тым болмаса бір қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған үкім кірсе, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Үкімдер жиынтығы бойынша белгіленген түпкілікті жаза жаңа жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың бұрынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмей қалған бөлігінен де катаң болуға тиіс.
Жазалардың бірдей, сондай-ақ әртекті түрлерін қосу (оның ішінде қосымшаларын да) ҚК-тің 58 және 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі (бұл тәртіпке өткендегі мөселені қарастырғанда түсініктеме берілген).
Сонымен сот үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда мына тәртіпті сақтайды:{14: 15:}
1) алдымен жаңа жасалған қылмыс үшін жазаны анықтайды;
2) сол жазаға сот алдыңғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады.
Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібінің ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіптен айырмашылығы сол, бұл жерде тек жазаларды қосу принципін ғана қолдану көзделген (ал ҚК-тің 58-бабында жазаларды сіңіру принципі де көзделген). Екінші айырмашылығы — бас бостандығынан айыру сияқты жазаның үкімдердін жиынтығында жиі колданылатын түрін қосқандағы ең көп мерзімге қатысты.
Сотталған адамға жаңа қылмыс жасағаны үшін , қылмыстың осы түріне белгіленген ең жоғарғы жазаны тағайындау сот практикасында кездесіп калады. Мысалы, бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан адамға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады. Бұл жағдайда сот бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға сіңіру принципін қолдануға мәжбүр болады (бұл принципті қолдану заңда көзделмесе де).
Қосуға болмайтын жазалар, оның ішінде қосымша жазалар дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Қылмыстың қайталануы болған жағдайда сот жазаны үкімдер жиынтығы бойынша тағайындай отырып, жаза тағайындаудың ҚК-тің 59-бабында белгіленген ережесін сақтауға тиіс. Бұл ережелер жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаның түрін, мерзімін және мөлшерін анықтауға қатысты. Мысалы, егер бұзақылық үшін жаза өтеп жатқан адам ҚК-тің 181-бабының 1 бөлігі бойынша қорқытып алушылық жасаса, онда жасаған екінші қылмысы үшін сот тек 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруды ғана тағайындай алады.
Жаза - сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұлсалу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б. Бұрын қылмыс жасамаған азаматтарға жаза белгілеу кезінде жазаны жеңілдететін мән-жайлар ескеріледі. Ол мән-жайларға мыналар жатады: байқаусыз жеңіл қылмыс жасау; айыпкердің кәмелетке толмауы; айыпкердің жас балалары болуы; зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсетуі; қылмыспен келтірілген шығынды толтыруға көмектесуі; ауыр мән-жайлардың тоғысуынан; қылмыс жасауға жәбірленушінің заңға қайшы, адамгершілікке жатпайтын қылығының түрткі болуы; шын ниетпен өкіну, айыбын мойындап келу; қылмысты ашуға, қылмысқа басқа да қатысушыларды әшкерелеуге, қылмыс жасау арқылы қымқырылған мүлікті іздеуге көмектесу, т.б. Сонымен бірге айыпкер үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар да ескерілген.{1: 7-10 б.}
Оған мыналар жатады: бірнеше қылмыс жасау; қылмыс а

- Қазақстан республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Нышандары
- Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы
- Қазақстан Республикасының қор нарығы
- Қазақстан Республикасының қорықтары
- Қазақстан Республикасының қорықтары
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының жүйесі
- Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы