Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі

          Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Аль- Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Реферат 

      Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            Орындаған: Экономика және бизнес

                                  факультеті   

                                   сырттай оку болімі 

                                                Сейтбеков Е.А.

                         Тексерген :   Керімбекова Н.Н

                    

                                 
 

Алматы 2011

                   

Қаржы жүйесінің құрамы. 

  

«Қаржы  жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес. 

Жоғарыда  көрсетілген ұғымның  анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы  жүйесінің сыныпталуының  қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады: 

1)     қаржы қатынастарының жиынтығы; 

2)     ақша-қаражат қорларының  жиынтығы; 

3)     басқарудың қаржылық  аппараты. 

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға  сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны  жоспарлау, бақылау  және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады. 

Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық критерийден  басқа қаржы жүйесін  звенолар бойынша  шектеуге мүмкіндік  беретін қаржы  субъектілерінің  нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді. 

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар. 

Материалдық өндіріс саласындағы  шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қаржыларықаржының  негізін құрайды  және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны болып табылады, өйткені материалдық  өндірісте нақты  өнім қоғаның қаржы  ресурсының негізгі көзін құрайды. 

Өндірістік  емес саладағы қржыныңқаржы жүйесіндегі орны мен ролі оның ұлттық табысының қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады. 

Халықтың  қаржылары қаржы  жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік  қаржылық жүйесімен  және  меншіктің  барлық нысанындағы  материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі. 

  
 

                                         Мемлекеттік қаржылар.

  

Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.  

1.       Мемлекеттік бюджет  – экономиканы,  әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік  басқару қажеттіліктерін  қаржыландыруға бағытталған  елдің елдің ортақтандырылған  бюджет  қорын  құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді. 

2.       Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны. 

           Оның негізгі қалыптасу  көздері: 

           А) арнайы мақсатты  салықтар, займдар; 

           Ә) бюджет субсидиялары; 

           Б) қосымша табыстар  мен үнемделген  қаржы ресурстары; 

           В) ерікті түрдегі  жарналар. 

Бюджеттен тыс қорлар маңызды  әлеуметтік шараларды  уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады. 

3.        Мемлекеттік несие  – мемлекет пен  заңды және жеке  тұлғалар арасындағы  ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану. 

  Қаржы жүйесіне  сақтандыруды да  жатқызуға болады, біраұқ көптеген  ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды. 

Сақтандыру  – сақтандыру оқиғаларына  орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге  тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының  ақшалай салымдары  есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.

                          

               Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары. 

  

         Қазақстан Республикасында  макро- және микроэкономиканың  қаржы жүйесін  реттеліп отыратын  қаржы қатынастары  мен ақша ресурстарының  жиынтығы және  оларды жұмылдыруды,  ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды. 

         Бүгін де Қазақстанның  қаржы жүйесінің  құрамы қаржы қатынастарының  біршама дербес  мына сфераларынан  тұрады: 

     -    мемлекеттің бюджет жүйесі; 

     -    арнаулы бюджеттен тыс қорлар; 

    -  мемлекеттік несие; 

   -      жергілікті қаржы; 

     -   шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы; 

     -    халықтың қаржысы. 

         Қаржы қатынастарының  алғашқы үш бөлігі  жапымемлекеттік,  яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады. 

         Жергілікті қаржы  мемлекеттің қаржы  жүйесінің маңызды  құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының  әлеуметтік ролі, оның құрамы мен  құрылымы бүтіндей  жергілікті органдарға  жүтелінген функциялардың  сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады. 

         Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі  ірілендірілген бөлікке  біріктіріледі: 

         мемлекеттік және  муниципалдық қаржы; 

         шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. 

         Мемлекеттің қаржысы  қаржы ресурстарының  орталықтандырылған  қорын жасаудың  экономикалық нысаны  мен мемлекекттің  негізгі қаржы  жоспары ретінде  мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды  мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды. 

         Несие қатынастарының  қаржы қатынастарынан  айырмашылығы болғанымен  мемлекеттік несие  қаржы жүйесіне  қамтылады. Бірақ  несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады. 

         Қаржы қатынастары  сфераларының әрқайсысының  ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне  қаржы қатынастарын  топтастырып, мақсатты  ақша қорларының  құрамы мен арналымына  белгілі бір әсер  ететін субъектк  қызметінің сипатына  қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы. 

         Қаржы жүйесінің  әр буыны өз  кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді. 

         Мемлекеттердің көпшілігінде  қаржы жүйесін  құрудың қағидаты  – фискалдық (қазыналық)  федерализм қағидаты. Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы  мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

          біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет; 

         екіншіден, тұтастай  алынған қаржы  жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс. 

         Қаржы жүйесін  құрудың негізіне  мына қағидаттар  қойылған: 

         Қаржы жүйесін  ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

      Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.

     Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды. 

         Кәсіпкерлік секторда  қаржы дербестігі  неғұрлым толық  көрінеді: оның қатысушылары  мемлекеттің қаржы  жүйесі алдындағы  міндеттемелерді  орындағаннан кейін  қаржы ресурстарын  еркін иемденеді.

         Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр. 

  

                                    Қаржы жүйесінің қағидаттары. 
 

         Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттармен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында (бірлігінде), олардың қозғалысының  өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражаттарды аймақтар, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады. 

         Қаржы жүйесінің  жеке құрамды элементтерінің  функциялық арналымының  қағидаты қаржының  әр буыны өз  міндеттерін шешіп  отыратындығынан көрінеді. Оған айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады. 

         Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. 

         Ұлттық шаруашылықты  басқарудың сатылас  қағидаты жоғары  органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төмнегі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржы аппаратының тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бұдан басқа, қаржы аппаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарурдың ерекшіліктері қамтып көрсетіледі. 

         Қазіргі кезе қаржы  жүйесі терең өзгерістерге  ұшырап, қайта құрылуда. Қаржы жүйесін  қайта құрудың  басты міндеті оның Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтадырып, одан әрі тездетуге ықпал етуді күшейту, ұлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады. 

         Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналыу тиіс. 

         Қаржы және ең  алдымен бюджет  жүйесі жалпы ішкі  өнімнің өсуіне  және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро- және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды. 

         Қоғамда істің  жайы қаржы ахуалымен  анықталады, сондықтан  тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарыннда – өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы әлеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету. 

         Сыртқы экономикалық  қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен  тұтыну рыногын  толықтыру проблемасын  шешу шаралары  тұр. Қаржы шараларының  ішінде иннвестицияларды  оңтайластыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейінде үнемдеу режімін қатаңдандыру қажет: экономиканың төменгі деңгеінде – залалдылықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет. 

           Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары  

2007 – 2008 жылдары қабылданған  шаралар

Өткен жылдың күзінде Қазақстан  қаржы дағдарысының алғашқы толқынымен кезікті.

2007 жылдың қазанында  Үкімет, Ұлттық Банк  және Қаржы нарығы  мен қаржы ұйымдарын  ретте және қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Қаржылық қадағалау агенттігі) халықаралық қаржы және азық-түлік нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсарту үшін бірқатар бірінші кезекті шаралар қабылдады. 2007 жылдың күзінен бастап мемлекеттік бюджеттен шамамен 550 млрд. теңге бөлінді.

Меншікті  немесе қарыз қаражатын  үлестік құрылысқа  салған азаматтарды  тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс  салушыларға екінші деңгейдегі банктер  арқылы 184,7 млрд. теңге  бөлінді.

Шағын және орта бизнестің  іскерлік белсенділігін қолдау үшін олардың жобаларын шамамен 155 млрд. теңге сомаға қаржыландыру қамтамасыз етілді.

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге 135 млрд. теңге жіберілді.

Осы шараларға қосымша  өтімділік тапшылығының проблемасы жедел шешілді және ұлттық банк жүйесінің келесі сыртқы қауіптерге дайындығының қажетті деңгейі қамтамасыз етілді.

Бірінші кезекті шаралар  кешенін іске асыруды  ескере отырып, ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі төмен деңгейде тұр және 7%-дан аспайды. Тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8%-ды құрады, бұл жылдық болжамның кемінде 10%-ына сәйкес келеді. Қазақстандық банктер өздерінің ішкі және сыртқы міндеттерін ойдағыдай орындауда. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы кредиттеуі өткен жылдың соңындағы деңгейде сақталды. Ағымдағы жылдың 10 айы ішінде банктердегі депозиттер 21,8%-ға дерлік, оның ішінде, халықтың депозиті 2%-ға ұлғайды.

Ағымдағы  жылдың басынан бастап Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын  реттеу және қадағалау  агенттігі ішкі және сыртқы нарықтағы  экономикалық жағдай мониторингін күшейтті және қосымша бірқатар шараларды қарастырды.

«Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әзірленіп, қабылданды, онда қаржы ұйымдарының қасақана төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізгені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қатаңдатылды. Үкімет белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзып отырған қаржы ұйымдарының қызметіне араласуға қажетті нарық құралдарын ала отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуға құқық алады. Өз кезегінде, банктерге шығарылған облигацияларды және құрылатын Стресті активтер қорының акцияларын мерзімінен бұрын сатып алу құқығы берілді.

Банктерге деген сенімді  сақтап қалу мақсатында заңда жеке тұлғалардың  салымдары бойынша  кепілді қайтару  сомаларын бұрын  көзделген 700 мың  теңгеден 1 миллионға  дейін, ал 2012 жылға  дейін (3 жыл ішінде) - 5 млн. теңгеге дейін ұлғайту көзделген.

Ағымдағы  жылдың 18 қарашасынан  бастап ішкі міндеттемелер  бойынша ең кіші резервтік  талаптар 5%-дан 2%-ға дейін, ал өзге міндеттемелер  бойынша 7%-дан 3%-ға дейін  төмендетілді. Бұл  банктерге олардың  ресурстық базасын  шамамен 350 млрд. теңге көлемінде ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2009 жылдың 1 қаңтарынан  бастап жаңа Салық  кодексі қолданысқа  енгізілетін болады, оның шеңберінде  салықтық жүктемелерді, ең алдымен, экономиканың  шикізат емес секторы  үшін салықтық  жүктемелерді едәуір  төмендету көзделген.

Корпоративтік табыс салығы кезең-кезеңімен 2009 жылы 30%-дан 20%-ға дейін, 2010 жылы 17,5%-ға дейін  және 2011 жылы 15%-ға дейін  төмендейді.

Қосылған  құн салығының  ставкасы келесі жылдан бастап 13-тен 12%-ға дейін  төмендейді. ҚҚС салынатын айналымның ең аз көлемі 2 есе 38 млн. теңгеге дейін ұлғаяды.

Әлеуметтік  салық ставкаларының  регрессивті шәкілінің  орнына 11% мөлшеріндегі бірыңғай ставка енгізілетін  болады.

Экономиканың  барлық кәсіпорындары  үшін инвестицияларды  жүзеге асыру үшін салық преференциялары көзделген. Атап айтқанда, өндірмейтін секторлар үшін жедел өтеу, мұнай өндірушілер үшін - өтеудің екі есе нормасы көзделген.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары  үшін корпоративтік  табыс салығы бойынша  аванстық төлемдерді төлеу туралы талап алынып тасталады.

Сонымен қатар, барлық кәсіпорындар үшін залалдар мерзімдерін 3 жылдан 10 жылға дейін  ауыстыру көзделді.

Жалпы, салықтық жүктеменің төмендеуі тек 2009 жылы кәсіпорындарға 500 млрд. теңге босатуына  және оларды экономиканы  дамытуға жұмсауына мүмкіндік береді.

Ағымдағы  жылдың үшінші тоқсанында «Мемлекеттік сатып  алу туралы» Қазақстан  Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң  жедел түрде қабылданды. Ішкі сұранысты ынталандыру  және отандық кәсіпорындарды қолдау үшін мемлекеттік сатып алу тек қазақстандық өнім берушілерге басымды түрде бағытталатын болады. Жедел шешімдер қабылдау, кепілдіктер, ұзақ мерзімді тапсырыстар беру есебінен отандық бизнеске нақты көмек көрсету үшін мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялар мемлекеттік сатып алуды реттейтін заңнамалар әрекетінен шығарылды.

Үкімет  әлемдегі қаржы және шикізат нарықтарындағы жағдайдың нашарлау мүмкіндігіне байланысты 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қажеттілікпен  қалыптастырды. Осы  кезеңдегі бюджет кірістері мұнайдың бір баррелі үшін 60 АҚШ долларындағы әлемдік бағасын негізге ала отырып есептелген. Үкімет орта мерзімді кезеңде фискалдық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының параметрлерін түзетті. 2009 жылы бюджет кірістері мұнайдың әлемдік бағасының бір баррелі үшін 40 АҚШ долларына төмендеуін ескере отырып нақтыланды. Басымды емес шығыстар қысқартылды, ал бірқатар бағдарламаларды қаржыландыру кейінгі мерзімге қалдырылатын болады. Бұл ретте әлеуметтік шығыстар қысқартылған жоқ.

2009 – 2010 жылдары республикалық  бюджет тапшылығы  ЖІӨ-ге 3,4-3,5% көлемінде  жоспарланған, ал 2011 жылы ЖІӨ-ге 2,4%-ға  дейін төмендетілетін  болады.

Үш  жылдық республикалық  бюджет ағымдағы жағдайда экономикалық белсенділікті қолдау үшін түйінді құрал болып табылады. Жиынтықты сұраныс пен іскерлік белсенділік бірінші кезекте, басымды инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды қаржыландыруға, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ адами капиталды дамытуға бағытталатын бюджет шығыстарының жоғарғы деңгейін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.

Тұтастай  алғанда, 2009 – 2011 жылдары  мемлекеттік бюджеттен шығатын инвестициялар 1,5 трлн. теңгеден аса өседі. 
 
 

Бағдарламаның мақсаты мен бағыты

Шикізат ресурстарына әлемдік  бағаның құлдырауы  әсерінен және капиталдың сыртқы нарығына қол  жеткізудің болмауына  байланысты Қазақстан  экономикасына жаңа әлемдік экономикалық шындықтарға бейімделудің күрделі кезеңін бастан өткізуге тура келеді, бұл экономикада құрылымдық өзгерістердің болуын талап ететіні сөзсіз.

Қазақстан экономикасының ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан  алтын-валюта резервтерінің  және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы 1 қарашада 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ЖІӨ-нің 1,5%-ынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ЖІӨ-нің 2%-ынан аспайды.

Үкімет  қалыптасқан жағдайды экономиканы сауықтыруға және оның болашақта тиімді жұмыс істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа  жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі  мынадай бес бағытта  шоғырланатын болады.

1. Қаржы секторын  тұрақтандыру

2. Жылжымайтын мүлік  нарығындағы проблемаларды  шешу.

3. Шағын және орта  бизнесті қолдау.

4. Агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту.

5. Инновациялық, индустриялық  және инфрақұрылымдық  жобаларды іске  асыру.

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі