Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті экономика факультеті «экономика және халықаралық бизнес» кафедрасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту

 

 

 

 

 

                                                                                                   Орындаған:_______________________

                                                                                                         Жетекші:___________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

2011 жыл   Қарағанды

 

 

Кіріспе

Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жаппай жалпы əлемдік ауқымдағы жəне сол сияқты ұлттық деңгейдегі қаржылық қатынастардың қолданыстағы модельдерінің кемшіліктерін көрсетті. Əлсіз жақтары

мемлекеттік реттеу құрылымында жəне қаржы институттарының өздерінің қызметінде анықталды. Қаржы институттарының проблемалары тəуекелдерді басқару жүйелерінің жетілмеуінде жəне қазіргі заманғы үрдістерге жəне қабылданатын тəуекелдер деңгейіне (дəрежесі бойынша, сол сияқты жəне тəуекел сапасы бойынша) сəйкес келмеуінде, корпоративтік басқару деңгейінің төмен болуында, айқындылықтың жеткіліксіздігінде жəне осының салдарынан теріс үрдістерге сезімтал болып отырған бизнес-модельдердің

тиімсіздігінде пайда болды.

Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету жəне тұрақты əртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету

болып табылады. Егемен Қазақстанның қазіргі заманғы, тұрақты жəне бəсекеге қабілетті қаржы жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Өзінің əлеуетін жоғалтпай, қалыптасып отырған нақты жағдайларды ескере отырып, пысықтау мен жетілдіруді талап ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284

қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы №

90 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

 

Негізгі мақсаттар жəне міндеттер

 

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты басқару мен реттеудің сапалы жаңа деңгейіне көшу бөлігінде қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде төмендегілер арқылы дамыту болып табылады:

1) қаржы секторының тұрақтылығын арттыру;

2) ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық факторларына жəне құбылыстарына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау;

3) дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық шешімдерді іске асыру құралы ретінде инвестициялық белсенділікті ынталандыру;

4) инвесторлар тарапынан, сол сияқты қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылар тарапынан елдің қаржы секторына сенімді нығайту.

Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдырудағы күш-жігері бірінші кезекте ішкі инвесторларға

бағдарланады. Экономиканың ішкі ресурстары өзінің əлеуетін сақтайды жəне ішкі, оның ішінде көлеңкелі

секторда айналыстағы жинақ ақшаны тез жəне ауқымды тарту жөніндегі құралдарды жедел енгізу қажет.

Сонымен қатар Қазақстанның шағын экономикасына қатысты жағдайларда ресурстардың шектеулілігі шетелдік инвесторлардың қаражаттары мен ресурстарын индустриализациялау бағдарламасын қаржыландыру процесіндегі жоғары маңыздылығын айқындайды.

Бұл үшін мемлекеттің ерте кезеңде жүйелік тəуекелдерді жəне олардың көріністерін анықтау, алдын алу жəне еңсеру қабілеттерін арттыру үшін қадағалау жəне реттеу жүйесін нығайту жөніндегі, қаржы

ресурстарын жұмылдыру мəселелеріндегі мемлекеттің рөлін айқындау жөніндегі, қаржы ұйымдары жүзеге асыратын қызметтің айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер іске асырылады. Сонымен қатар

инвесторларды жəне қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушыларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндег  рəсімдер жетілдіріледі. Корпоративтік басқару жəне қаржы ұйымдарының тəуекел-менеджменті одан əрі

дамиды.

Қазақстанның қаржы секторын дағдарыстан кейін дамытудың бірінші кезектегі міндеттері ел экономикасын дамытуды қаржыландырудың негізгі тетігі ретінде мемлекеттік-жеке əріптестік институтын пайдалану, сондай-ақ қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың негізгі қағидаты ретінде контрциклдық қағидатты пайдалану болады.

Осы Тұжырымдамада салық жəне бюджеттік қатынастарды қоса алғанда, Қазақстанның бүкіл қаржы жүйесін дамыту мəселелері қаржы секторын дамыту тұрғысынан ғана қарастырылады. Назарды қаржы

секторына жəне қаржы институттарына ауыстыру салық-бюджет қатынастарының тұжырымдамалық құжаттары (Салық жəне Бюджет кодекстері) жақында ғана қолданысқа енгізіліп, олардың экономикалық

əсерін бағалау күрделі болған жағдайда өзін-өзі ақтады.

 

1-бөлім. Мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру

мəселелеріндегі рөлін айқындау

1.1.           Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі рөлі

 

Көптеген елдердің экономикалық тəжірибесі экономиканы мемлекеттік реттеудің бəсекелестіктің нарықтық тетіктері мен жеке кəсіпкерлік бастаманы мақсатқа сай қатар қолдану шараларының

артықшылығын растап отыр. Осыған байланысты экономиканы шоғырландырылған негізде мемлекеттік жоспарлау мен ынталандырудың рөлі артады. Сонымен қатар, еркін нарықтың бəсекелестік, жеке меншікке

қол сұқпау жəне іскерлік бастаманы қолдау сияқты базалық қағидаттары тұрақты болып қалады, ал жеке сектордың тиімді қызметі ынталандырылады. Ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі міндетті шешу үшін

республиканың қаржы секторына деген сенімді қалпына келтіру басым бағыт болады. Бұл ретте қаржылық қызмет көрсетулер аясын кеңейту жөніндегі жұмыс жандандырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мемлекеттің əлеуметтік саладағы міндеттемелерін қысқарту жəне институционалдық инвесторлардың ерекше сыныбын құру бойынша мемлекеттің алғашқы қадамы

болды.

Бүкіл əлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалаудың қисынды жалғасы халықтың əртүрлі топтарын (мүгедектерді, біреудің асырауында тұратын адамдарды, жұмыссыздарды жəне тағы басқалары)

жəне медициналық қамсыздандыруды толық мемлекеттік қолдау қағидаттарынан одан əрі əлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесіне тек мемлекеттің жəне жұмыс берушінің қаражаты есебінен ғана емес,

сонымен катар қызметкердің өзінің есебінен көшу болып табылады. Жұмыс берушілердің өндірістің зиянды жəне қауіпті түрлерінде міндетті кəсіби жарналар енгізуі мəселесі қаралатын болады. Жинақтаушы зейнетақы, əлеуметтік жəне медициналық қамсыздандыру (сақтандыру) жүйелерін одан

əрі жетілдіру шеңберінде нарықтық қағидаттарды жəне жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларының мүмкіндіктерін неғұрлым кеңінен пайдалана отырып əлеуметтік қамсыздандыру

жүйесінің жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Осы жұмыс шеңберінде күш-жігер тек азаматтардың əлеуметтік қорғалуын арттыруға ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландыруды

қамтамасыз етуге қабілетті институционалдық инвесторлардың мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталады.

 

1.2. Мемлекеттің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы

ресурстарын жұмылдыру бойынша қызметінің бағыттары

 

Қазақстан қаржы секторының сыртқы қарыз алуға тəуелді болуының теріс тəжірибесі қаржыландырудың ішкі көздерін тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды басым бағыт ретінде айқындайды. Бұл ретте ел ішінде қаржы ресурстарын жұмылдыру жөніндегі жұмыстың жинақталған

тəжірибесі мынадай бағыттар бойынша жетілдіруді талап етеді.

Институционалдық инвесторлардың қаражатын тарту. Мемлекеттік органдар мен кəсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғасады, бірінші кезекте мемлекеттік-жеке əріптестік негізінде.

Инфрақұрылымдық кешеннің объектілерін құру Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі болады. Мемлекеттік-жеке əріптестік тетіктерін пайдалану экономиканың

стратегиялық маңызды салаларын түрлендіру процесінің негізгі құрамдас бөлігі болуы тиіс. Əріптестіктің осы түрі бір жағынан алғанда, жеке кəсіпкерлік бастаманың əлеуетін іске асыруға жəне дамытуға əрі

институционалдық инвесторлардың қаражатын тартуға, екінші жағынан алғанда, экономиканың əлеуметтік маңызды секторларында мемлекеттің функцияларын сақтауға мүмкіндік жасайды.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері ретінде ішкі жəне сыртқы ресурстарды тиімді Тарту үшін жағдайлар жасалады. Инвестициялық жобаны іске асыру осы жоба бойынша негізгі өндірістік

тəуекелдерді көтеретін ірі инвестордың болуын көздейді. Ішінара инвестициялық жобаны қаржыландыру оларды жүзеге асыру үшін ресурстар беретін сыртқы жəне ішкі институционалдық инвесторларға

мемлекеттік кепілдік немесе кепілдеме бере отырып борыштық бағалы қағаздарды шығару есебінен жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды жоспарлауды жəне іске асыруды тиісті

дəрежеде бақылауды қамтамасыз ету жəне жауапкершілікті белгілеу, осындай жобаларды қаржыландыру шеңберінде мемлекеттен бизнеске тəуекелдерді қайта бөлу жəне жинақтаушы зейнетақы қорларының

шығындарын өтеу тетіктерін əзірлеу жөніндегі шаралар əзірленеді. Сонымен қатар мемлекеттік-жеке əріптестік шеңберіндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тартылған зейнетақы жинақтарының

сақталуы мемлекеттің негізгі кепілдігінің бірі болып қалады.

Тиімді мемлекеттік-жеке əріптестікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде дамудың басым бағыты алдыңғы тəжірибені мұқият зерделеу негізінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру

үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін тартуды жандандыру болады.

Халықтың жəне кəсіпорындардың жинақ ақшасын тарту. Халықтың жəне заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын қорландырудың негізгі көзі болып қалады. Мемлекет

осы құралға сенімді нығайту жəне оның тартымдылығын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Бұған кірістер деңгейі тұрғысынан алғанда қолайлы болатын, бүкіл депозиттерге толық кепілдік бермей,

депозиттер бойынша өтеуге кепілдік беру, нарықтық тəуекелдерді сақтандыру құралдарын дамыту, қаржы нарықтарының қатысушылары қызметінің жəне олардың құралдарының айқындылығын арттыру, сондай-ақ

халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру арқылы қол жеткізіледі.

Бұдан басқа, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында банкроттық рəсімдері кезінде кепілдік берілген кредиторлардың басымдығын белгілеу жəне жеке тұлғалардың банкроттығы

институтын енгізу бөлігінде жан-жақты зерделеу жүргізіледі.

Отандық нарықтағы қаржы құралдарына инвестициялаудан алынған кірістерге салық u1089 салу ырықты, сондай-ақ түрлі қаржы құралдарына қаржы салу туралы шешім қабылдауға қатысты бейтарап болуы тиіс.

Осыған байланысты инвестициялық қызметтен түскен кірістерге салық салуды одан əрі жетілдіру жөніндегі мəселе зерделенетін болады. Сондай-ақ жинақтаушы сақтандыруға кепілдік беру жүйесін енгізу мəселесі

зерделенеді.

Мемлекеттік қарыз алу құралдарын дамыту. Нөлдік тəуекел дəрежесі бар қаржы құралдары эмитенттерінің бірі ретінде Үкіметтің рөлі айтарлықтай арттырылады. Бағалы қағаздар нарығын жəне жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоса алғанда, қаржы нарығының жекелеген сегменттерін дамыту жəне жетілдіру жөніндегі міндеттермен жəне іс-шаралармен тығыз байланыста бола отырып мемлекеттік

сектордың активтерін жəне міндеттемелерін басқару стратегиясын əзірлеу қажет. Үкімет борышының қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде республикалық бюджет тапшылығының тұрақты қалыпты мөлшерінің

болуы кірістілік ауытқымасын құру, қысқа мерзімді жəне ұзақ мерзімді перспективалардағы күтулерді дұрыс бағалау, қаржы құралдарының тəуекелін дұрыс бағалау, спот-ставкаларды жəне болашақта қарыз алу

ставкаларын белгілеу үшін қажетті айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту сондай-ақ Ұлттық қордан трансферттердің көлемін қысқартуға, Ұлттық қордың активтерін жəне инвестициялық кірістерін ұлғайтуға, сондай-ақ жинақ

құрамдас бөлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, бұл республикалық бюджеттегі тапшылықтың болуын бір дəрежеде өтейді. Шығыстар көлемі жəне тапшылық мөлшері проциклдықтың əсер етуін жоюға

да мүмкіндік жасауы тиіс, бұл теріс əлеуметтік салдарын жұмсарту мақсатында экономикалық циклдың əртүрлі сатысында мемлекеттік бюджеттің өлшемдерін өзгерту тетігін əзірлеуді талап етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының республикалық бюджеттің ақша ағындарының қысқа мерзімді алшақтықтарына жəне бұрын шығарылған

қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу қажеттілігіне негізделген көлемі сонымен қатар нарықтағы сенімді қысқа мерзімді өтімді құралдарға сұранысты ескеруі тиіс.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздарының көлемі ішкі бағалы

қағаздар нарығының сыйымдылығы, оның ішінде қаржы секторы қатысушыларының инвестициялық портфелінің құрылымына қойылатын, заңнамалық түрде белгіленген талаптар ескеріле отырып айқындалуы

тиіс.

Нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша кірістілік бастапқы жəне қайталама нарықтарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қысқа мерзімді, ортамерзімді жəне ұзақ мерзімді айналыскезеңдері бар мемлекеттік бағалы қағаздарының ұсынылуы шартымен айқындалуы тиіс. Əр түрлі кіріктірмеопциондармен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылады: инфляциядан қорғау опционымен, айырбастау

бағамының өзгерістерінен қорғау опционымен, сондай-ақ халықтың жинақ ақшасын тарту үшін шетелдік валютамен номинирленген.

Жинақ ақшаны тартудың балама көздерін дамыту. Жинақ ақшаны тартудың жылжымайтын мүлік қорлары (REIT), хеджерлік қорлар сияқты жеке институттар арқылы балама көздерін дамыту бойынша

жұмыс жандандырылады, оларды енгізуге институционалдық инвесторлардың тəуекелдерді барабар реттеу

жүйесін құру міндеттеріне кедергі келтірмейтін бөлігінде заңнамалық деңгейде мүмкіндік бар. Жылжымайтын мүлік қорларының акцияларына инвестициялау ірі жəне сол сияқты ұсақ инвесторға

кəсіби басқарылатын портфельге қатысуға жəне өзінің тəуекелдерін əртараптандыруға мүмкіндік береді,

себебі жылжымайтын мүлік қорлары акцияларының серпінділігі, əдетте, қор нарығы қозғалысының жалпы бағытына сəйкес келмейді.

Жылжымайтын мүлік қорларын дамыту мақсатында бағалы қағаздар шығару үшін объектілердің жеткілікті пулын қалыптастырған жəне осы жылжымайтын мүлікті жалға беру арқылы тұрақты кірісті

қамтамасыз ететін коммерциялық жылжымайтын мүлікті кəсіби басқаратын компаниялардың ауқымды тобын құруға ықпал жасау қажет.

Ішкі инвесторлардың тəуекелдерін əртараптандыру үшін инвестордың тұрғысынан қарағанда нарықта ресурстарды орналастырудың балама тəсілі ретінде хеджерлік қорларды құру жəне дамыту мəселелері

қарастырылатын болады.

Ресурстарды тартудың қосымша көздерінің бірі ретінде исламдық қаржыландыру одан əрі дамиды.Исламдық қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан əрі — Қаржылық қадағалау агенттігі) жүзеге асыратын болады, ал Қазақстандағы исламдық қаржы құралдары нарығын дамытудың негізгі тұғырнамасы Қазақстан

Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі болады. Қымбат металдарды пайдалану мен айналысы саласында туындайтын қатынастарды реттейтінзаңнамалық базаны əзірлеу мүмкіндігі қарастырылады, бұл қымбат металдармен биржалық сауданы

дамытуға ықпал етеді.

 

2-бөлім. Қаржы секторын қадағалау жəне реттеу жүйесін нығайту

2.1. Қаржылық реттеу саласын қамту тұтастылығы жəне реттеу

тиімділігі

 

 

Орын алған оқиғалар қаржы жүйелеріне тəн проциклдық сипатты растады, бұл сипат кезінде кредиттердің, левередждің жəне активтер бағаларының тым жоғары өсу қарқыны базалық экономикалық

серпінділікті күшейтеді. Сонымен бірге олар бір мезгілде жүйелік тəуекелдердің жəне қаржылық сəйкессіздіктердің үдеуіне ықпал етеді, себебі экономикалық дүрбелең кезеңдерінде тəуекелдердің

жинақталу қасиеті болады жəне олар көп жағдайда бағаланбай қалады жəне кейіннен құлдырау жағдайында ең теріс күйінде көрінеді. Нарықтық тəртіп те, реттеу де жылдар бойы жинақталған, жылдам

инновациялармен жəне заем қаражатының өсіп отырған үлесінен туындаған тəуекелдерді шектей алмады. Активтердің жоғары бағаларына жəне заем қаражатының өсіп отырған үлесіне байланысты қаржы

жүйесіндегі жүйелік тəуекелдердің үдеуіне ықпал еткен ұлғайған макроэкономикалық үйлесімсіздіктер есепке алынбады.

Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың қолданылып жүрген практикасы халықаралық стандарттарға сəйкес келеді қаржы секторының əрбір сегменті бойынша жеке-жеке жиынтық жарғылық капиталдың 50%-ынан аспайтын мөлшерде шектеу жөніндегі

мəселе қаралатын болады. Адал бəсекелестікті дамыту мақсатында қаржы нарығының барлық бөліктерінде

бəсекелестіктің жеткілікті деңгейіне қол жеткізген кезде оның толық шығуына дейін мемлекеттің қатысуын қысқарту қамтамасыз етіледі.

 

2.2. Қаржы ұйымдарын реттеудегі контрциклдық принципін енгізу

 

Ағымдағы дағдарыс нəтижесінде əлемдік қаржы қоғамдастығы жасаған жəне реттеу жүйесін жаңғырту мен осындай дағдарыстарға жол бермеу мақсатында бұдан əрі айрықша көңіл бөлуді талап ететін түйінді

қорытынды қаржылық ұйымдарды реттеудегі проциклдықты барынша аз мəнге жеткізу болып табылады.

Осыған байланысты, қаржы секторын реттеу жөніндегі қызметтің басты бағыттарының бірі контрциклдық реттеу жəне қадағалау қағидаттарына, оның ішінде экономиканың белсенді өсуі кезеңінде провизияларды қалыптастыру, меншік капиталды, резервтерді жəне өтімділікті ұлғайту жəне құлдырау кезеңінде жинақталған əлеуетті пайдалану арқылы одан əрі көшу болып табылады.

Меншікті капиталдың жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды экономикадағы ахуалдың жақсаруынажəне бастапқы өсу белгілерінің пайда болуына қарай көтеру болжанады. Меншікті капиталдың жеткіліктілігін бағалау тəсілі сандық қана емес, сапалық тұрғыдан да жетілдірілетін болады, бұл қаржы ұйымдары капиталы құрылымының сапасын жақсартуды болжайды.

Жоғары тəуекелді операциялардың серпінді өсуі, оларды шоғырландыру шектеледі жəне провизиялар мен резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптарды арттырудан көрініс табады. Қажет болған кезде шоғырландыру лимиттерінің белгіленуі, сондай-ақ тəуекел деңгейі жоғары операцияларды жүргізуге тікелей тыйым салулар енгізілуі мүмкін.

Кредиттік тəуекелді бағалау рəсімін оңтайландыру мен провизиялардың барабар деңгейін қалыптастыру шеңберінде сонымен қатар контрциклдық тəсілді енгізу болжанады, ол тəсіл кезінде

экономикалық өсу кезеңінде ықтимал шығынға резервтерді қалыптастыруға қойылатын талаптар арттырылады, ал құлдырау кезеңінде - төмендейді. Сонымен қатар стресс жағдайлары немесе күйзелістер басталған жағдайда резервтерді қалыптастыру енгізіледі. Қаржы ұйымдарының міндеттемелері бойынша күтілетін шығынды экономикалық құлдырау басталғанға дейін алдын ала тану олардың қаржылық жай- күйіне қысымды төмендете жəне рецессия кезеңінде қаржы өнімдерін ұсынуды қамтамасыз ете отырып,

кірістің жақсы болуы сақталып отырған кезеңге дейін буферлер құруға өз үлесін қосады.

Қазіргі бар резервтерді ауыстыруға емес, арнайы резервтерді толықтыруға арналған серпінді резервтер енгізілетін болады. Серпінді резервтер нақты актив құнының шығынына қарсы, ал шартты міндеттеме

жағдайында - қаржы ұйымының өз міндеттемелерін ықтимал орындауы бойынша шығынға қарсы құрылған резервтер деңгейінде күшті ауытқуларға теңдестіруші ықпал ететін болады. Қаржы ұйымдарының активтері

мен міндеттемелерінің ұлғаюымен бір мезгілде арнайы жəне серпінді резервтер құрылуы тиіс.

Кредиттік дүрбелеңмен қоса жүретін экономикалық өрлеу кезеңінде кредит бойынша маржа кредит берумен байланысты тəуекелдің бағалау деңгейінің төмендеуі салдарынан төмендеу үрдісіне ие болатын

фактіні есепке ала отырып, банк қабылдайтын тəуекелдердің жинақталуы жəне барабар емес баға белгілеу жүргізіледі. Даму кезеңін бағалауға балама тəсіл ретінде бір жағынан, өтімділік пен капиталдандыру, екінші

жағынан кредит бойынша маржа арасындағы кері байланыстың белгілеуге болады. Бұл сонымен қатар банктер тартатын ресурстардың оңтайлы құнын белгілеуге əсер ететін болады.

Баланстан тыс міндеттемелердің өсуін ынталандырмауға қатысты шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте бірінші кезеңде халықаралық ұйымдар ұсынған капитал жеткіліктілігіне кеңейтілген тəсілді есепке ала

отырып капиталдандыруға қойылатын талаптар күшейтіледі. Кейіннен, егер осы шаралар күткен нəтижелерге əкелмесе, осындай операцияларға қатысты тікелей тыйым салуларды белгілеуге дейін,

неғұрлым қатаң əрі батыл шаралар енгізілуі мүмкін.

Қаржы институттары өтімділігінің барабар деңгейін қалыптастыру мақсатында өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау үшін сандық көрсеткіштер, бағдарлар жəне өлшемдер белгіленеді. Банктер салымшылардың сенімдерін жоғалтқан жағдайда белгіленген мерзім ішінде (демалыс күндер басталғанға

дейін) міндеттемелерді орындауға қабілетті жəне қаржы нарығында жалғасып отырған шиеленіскен кезеңдер ішінде тұрақты күйінде қалуы тиіс. Өтімділік деңгейінің артуы сонымен қатар өтімділігі аз

активтер бағасының құбылмалылығына күйзелістердің ықпалын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаржы ұйымдарына қатысты сондай-ақ қаржылық левередж коэффициенттері белгіленетін болады, себебі оған тəн проциклдық ағымдағы жаһандық қаржы дағдарысының бастапқы себептерінің бірі болып

табылды жəне айтарлықтай теріс салдарларға алып келді. Бұл ретте левередждің проциклдық коэффициенттері жеке негізде, сондай-ақ шоғырландырылған негізде де белгіленетін болады.

Қорландыру жəне қайта қаржыландыру тəуекелдерін барынша азайту, сондай-ақ өтімділікті, оның ішінде валюталық өтімділікті жоғалтудың басқарылатын тəуекелдері бар міндеттемелердің құрылымын

қалыптастыру мақсатында банктер міндеттемелерінің құрылымын қайта теңестіруге қойылатын талаптар белгіленеді. Ұйымдардың жəне нарықтардың елеулі зияндарын алдын ала ескерту, портфельдерінің

тұрақтылығын бағалау мақсатында сақтандыру компанияларының инвестициялық қоржындарын иммунизациялау əдістері енгізілетін болады.

Уақыт аралығы бөлігінде банктердің валюталық өтімділігіне қадағалау күшейтіледі. Бұдан басқа, кредиттік тəуекелдің өтімділік тəуекеліне ықпалы активтері жəне шетелдік валютада тұрақты кірістері, сондай-ақ валюталық тəуекелдерді хеджирлеу құралдары жоқ заемшыларға берілген валюталық кредиттерге қатысты провизияларды қалыптастыруға қойылатын неғұрлым қатаң талаптар белгілеумен шектелетін болады.

Банктердің өтімділігін жақсарту жəне қайта қаржыландыру тəуекелін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделеді, бұл банктердің сыртқы борыштың

жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Өтімділікті қалыптастыру көздерін əртараптандыру мақсатында банктердің берілген

кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын ұстап тұру жөнінде қосымша шаралар қабылданады.

Сонымен қатар контрциклдық қағидат бұдан əрі ең төменгі резервтік талаптарды қолдануға қатысты да

дамитын болады.

.

2.3. Күрделі қаржы құралдарын реттеу

 

Қаржы құралдары құрылымының күрделілігі жəне оларды шығару мен сатып алуға байланысты тəуекелдерді толық бағаламау да əлемдік қаржы жүйесінде жаһандық жүйелік тəуекелдердің үдемелі өсуінің

алғышарттары болды.

Осыған байланысты құны мен тəуекелін бағалау барынша күрделі құрылымдық өнімдерді шығару мен сатып алуды реттеу қажет. Реттеу барысында оригинатордың (жасаушының) тəуекелді міндетті түрде толық

немесе ішінара көтеру қағидаттары жəне тəуекелді қадағалау мүмкіндіктері іске асырылады. Шығаруға рұқсат етілген туынды қаржы құралдарының тізімі айқындалады, сондай-ақ туынды қаржы құралдары

туралы ақпаратты көпшілікке ұсынуға жəне ашуға қойылатын талаптар белгіленеді. Қаржы институттарының қызметін капиталдандыру мен қорландыру мақсаттары үшін құрылымдық өнімдерді

пайдалануға тікелей тыйым салу белгіленеді. Сыртқы нарықтарда тəуекелдерді хеджирлеу мəмілелерін тікелей шектейтін тетіктер енгізілетін болады. Ұйымдаспаған нарықтарда айналыста жүретін қаржы

құралдарын шығаруға жəне сатып алуға шектеуді белгілеу жөнінде шаралар қосымша қабылданатын болады. Алыпсатарлық сипаттағы туынды құралдармен мəмілелерді барынша азайту тетіктері əзірленетін

болады.

Қадағалау тұжырымдамасы əлемдік практикада кеңінен пайдаланылатын, тəуекелдерді бағалауға негізделген тəсілге барынша жақындатылады. Реттеу практикасына тəуекелдер карталары енгізілетін

болады. Стресс-тестинг, ертерек ден қою жəне тəуекелдерді шектеу бойынша жоспарларды əзірлеу рəсімдерін бұдан əрі жетілдіру болжануда.

Шоғырландырылған негізде қадағалауды бұдан əрі дамыту қадағалау, бағалау жəне қажет болуына орай жүйелік тəуекелдерге қатысты шаралар қабылдау үшін жекелеген банктік конгломерат институттарының жəне нарықтардың сенімділігіне негізгі көңіл бөлінетін реттеу мен қадағалау құрылымын бағдарға алатын болады. Банктік конгломераттарды реттеу мен қадағалау пруденциалдық реттеуді жетілдіру жəне банктік конгломерат қатысушылары ұшырауы ықтимал əлеуетті тəуекелдерді іс жүзінде анықтауға бағытталған топтарды инспекциялау арқылы күшейтілетін болады. Сонымен қатар басқа елдердің қадағалау органдарымен неғұрлым тығыз ынтымақтастық жəне олармен ақпарат алмасу арқылы трансшекаралық

қадағалауды дамыту қамтамасыз етіледі.

Тəуекелдерді басқару деңгейін арттыру мақсатында қаржы ұйымдарындағы, сондай-ақ жекелеген қаржы өнімдері бойынша тəуекелдерді бағалаудың сандық жəне статистикалық əдістерін енгізуге жəне

қолдануды кеңейтуге қойылатын талаптар біртіндеп арттырылатын болады.

«Ауқымды» коэффициенттер ғана емес, сонымен қатар кредит құнының кепілдікті қамтамасыз ету құнына арақатынасы сияқты неғұрлым айрықша көрсеткіштер белгіленеді деп болжануда. Контрциклдық

қағидатына сəйкес экономикалық циклдің дамуына орай реттеуші осы коэффициентті өзгертуі мүмкін. Барлық жүйелік маңызы бар қаржы институттарын, нарықтарын жəне құралдарын реттеу мен

қадағалаудың тиісті дəрежесін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан əрі - Ұлттық Банк) олардың мөлшерін, левереджді, басқа қаржы ұйымдарымен, нарықтармен жəне құралдармен өзара байланысын, күйзелістерді трансформациялау карталарын жасау əдістемесін, реттеуші ықпал етудің талдау құралдарын қоса алғанда, кең ауқымды факторларды есепке ала отырып, жүйелілікті немесе жүйе

құрушылықты айқындау əдістемесін əзірлейді.

 

 

3-бөлім. Инвесторлардың жəне қаржылық қызмет көрсетулерді

тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту

 

Қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушыларды қорғау, қаржы ұйымдарының тұрақтылығын арттыруарасындағы оңтайлы теңгерімді айқындау қажет. Бір жағынан алғанда, тиімді жұмыс істейтін қаржы

секторы қаржылық қызмет көрсетулерді пайдаланушылардың мүдделерін қорғаудың негізгі шарты болып табылады. Екінші жағынан алғанда, қаржы институттарының мүдделері мемлекеттік саясаттың мақсатты міндеттері мен басымдықтарына қайшы келмейтін тұрғыдан қорғалуы тиіс.

Тиісінше, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың қолданыстағы практикасын бағалау жүргізіледі. Атап айтқанда, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың құқықтық режимі жəне құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау практикасы күшейтіледі. Осы бағыт

Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңді дамыту