Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

 Жоспар

 

 

 

І. Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігі---------------------------3

 

1.1 Қаржы министрлігінің тарихы, құрылуы және құзіреттері--------------------3

1.2 Қаржы министрлігінің  атқаратын міндеттері------------------------------------5

1.3 Қаржы полициясы агенттігі----------------------------------------------------------6

1.4 Қаржы министрлігінің  құқықтары--------------------------------------------------9

1.5 Қаржы министрлігінің функциялары---------------------------------------------10

1.6 Қаржы полициясы агенттігінің басқару органдары----------------------------12

 

Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қазақстан  Республикасының Қаржы министрлігі

1.1 Қаржы министрлігінің тарихы, құрылуы және құзіреттері

Қаржы Министрлігінің мынадай  құзіреттері бар:

    • Қазынашылық комитеті,
    • Қаржылық бақылау комитеті,
    • Салық комитеті,
    • Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
    • Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.

          Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныстағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.

Қазынашылық органдары  мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:

республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;

касса бірлігі қағидатын  негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;

мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру т.б.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық  департаменті Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай-ақ қолда бар қаржылық ресурстардың шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылгы 18 қыркүйектегі N 239 "Қаржылық жоспарды жасау және қолма-қол ақшаның ағысын болжау жөніндегі" Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығымен енгізілген өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық  рұқсаттар береді.

  Қазынашылық ұйымдарында  министрліктің 2-үлгідегі шешімінің және төменде тұрған бюджеттік қаржыларды басқарушының 2-үлгідегі шешімінің негізінде ұйымдардың шығыстарына және орталықтандырылған шараларға бір бюджеттік шот ашылады.

    • Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
    • акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық меншіктегі басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;
    • өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
    • бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;
    • бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;
    • қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;
    • ұлттық және шетелдік валютада банктік: операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға;
    • өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.

1.2 Қаржы Министрлігінің  атқаратын міндеттері

 

Қаржы Министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып  табылады:

    • республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
    • салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
    • өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
    • мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
    • мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
    • банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау;
    • алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу;
    • өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру;
    • Министрліктің құзыры шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Қаржы Министрлігі жүйесіндегі ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы 6асқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестіру мен айналысады.

Қаланың қалалық қаржы  басқармасының құрылымы мыналарды қамтиды:

    • Басшылық (меңгеруші, оның орынбасарлары);
    • Кадр бөлімі;
    • Бюджет бөлімі;
    • Бюджет қаражаттарының атқарылуын бақылау жөніндегі бөлім;
    • Бөлім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
    • Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
    • Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бөлім;
    • Материалдық өндіріс пен өндірістік емес сфера салаларын қаржыландыру бөлімі;
    • Халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі;
    • Басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі;
    • Қаржы органдарын қаржыландыру бөлімі.

Елімізде Республикалық  бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитеті айналысады, ол Президентке  тікелей бағынатын және есеп беретін  республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

 

1.3 Қаржы полициясы агенттігі

Қаржы полициясы агенттігі  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының кұкық  қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі  шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының құқық корғау қызметін жетілдіру мақсатында құрылды.

Қаржы полициясы агенттігін ұйымдастыруды  және қызметін реттейтін негізгі  заң актілері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазакстан Республикасы Үкіметінін қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер, соның ішінде Қазақстан Республикасының халыкаралык шарттары мен ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен25 бекітілген "Қаржы полициясы агенттігі туралы" ереже болып табылады.                                                     

Қазіргі кезде ҚР Қаржы полициясы  агенттігі өз кызметін елдің экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Қаржы полциясы агенттігі Үкіметтің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ; максатында экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылыктардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мен тергеу бойынша басшылыкты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте -салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.

Агенттік құқық қорғау органы болып табылады. Агенттіктің негізгі міндеттері: 1)  экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзу-шылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;

2)  Қазақстан Республикасының  экономикалык қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша, сон-дай-ақ салықтарды, кеден алымдарын және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттарды немесе өзге де мүлікті заңдастыруға (тазартуға) байланысты қаржы полициясы органдарының тиімді іс-қимыл жасауын ұйымдастыру;

3)  экономика және қаржы кызметі саласында құқық бұзушылықтар жасаған немесе соларды жасағанына күдікті адамдарды  іздестіруді жүзеге асыру,  сондай-ақ мемлекетке келтірілген зиянды өтеуге шаралар қабылдау;

4)  республикадағы  жедел жағдайды талдау және  болжау, экономика және қаржы кызметі саласында заңдылықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу әрі қаржы полициясы органдарының кірісуін талап ететін мәселелер бойынша жедел әрекет шараларын қабылдау;

5)  экономикалық және  қаржылық қылмысқа қарсы күрес нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын айқындауға қатысу;

6) өз құзыретінің мәселелері бойынша жалпы республикалық және аймақтық жедел-іздестіру мен алдын алу іс-шараларын үйлестіру және жүргізу, қолда бар күш пен құралдарды колдану жөнінде оңтайлы шешімдер әзірлеу, бағынышты органдар мен бөлімшелерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету, оң жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату;

7)  қаржы органдары  қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының салық және кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8)  өз құзыреті шегінде қаржы полициясы органдары құрылымын жетілдіру, оны оңтайландыру, қаржы полициясы органдарының қызметтері мен бөлімшелерінің өз арасындағы және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жаксарту жөнінде шаралар әзірлеу;

9)  өз құзыреті шегінде қаржы полициясы органдарының қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және кадрлық, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету;

10) ведомствоға қарасты ұйымдарға, оньщ ішінде оқу орындарына жалпы басшылықты жүзеге асыру;

11)  Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес Агенттікке  жүктелген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

 

 

 

1.4 Қаржы министрлігінің  функциялары

Агенттік Қазакстан  Республикасының заңдарына сәйкес мынадай функцияларды:

1) Қазақстан Республикасының  каржы полициясы органдары жүйесіне  жалпы басшылықты, олармен жедел  баскару жүйесінің іс-қимыл жасауын  қамтамасыз етеді;

2)  қаржы полициясы  органдары қызметінің басым бағыттарын айқындайды, оларды іске асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық тетіктерін әзірлейді;

3)  қаржы полициясы  органдарына жүктелген міндеттерді іске асырады, оларды төмен тұрған қаржы полициясы органдарының атқарушы бақылайды, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін әлсірететін факторларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады;

4) жедел жағдайдың  жай-күйі мен болжамын ескере  отырып, қаржы полициясы органдары  қызметінің тиімділігін зерделеуді және осы қызметті жетілдіру жөнінде шаралар әзірлейді;

5)  стратегиялық жоспарларды әзірлеуге қатысады, іс-шаралардың тактикалық жоспарларын, сондай-ақ өзіне бағынышты органдар мен бөлімшелердің, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердіц қызметін реттейтін кесімдер әзірлейді;

6) қаржы полициясы  органдарының және оның барлық буынының құрылымын әзірлейді, өз құзыреті шегінде оны жетілдіреді;

  7) қаржы полициясы  органдарының кадрларын іріктейді,  ор-ңаластыруды, окытуды және тәрбиелеуді ұйымдастырады әрі ведомствоға қарасты оқу орындары қызметін қамтамасыз етеді;

8)  қаржы полициясы  органдары қызметінің көкейтесті бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірленім жүргізуді ұйымдастырады;

9) жедел-іздестіру қызметін, заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттар мен өзге де мүлікті заңдастыруға (тазартуға) қарсы күресті жүзеге асырады, сондай-ақ көрсетілген қызметті Агенттік аумақтық органдарының жүзеге асыруын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және бақылайды, оларға практикалық әрі әдістемелік көмек көрсетеді;

10)  экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзу-шылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасасады, халықаралық ұйымдар қызметіне қатысады;

11)  бөлінген материалдық  ресурстардың және бюджеттік  қаржының мақсатты да тиімді  пайдаланылуын қамтамасыз етеді,  олар бойынша есеп жүргізу мен есептілікті, сондай-ақ қаржы   полициясы   органдарының   қаржы-шаруашылық қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;

12)  республикадағы  экономикалық кауіпсіздіктің жай-күйі және оны нығайту жөнінде қаржы полициясы органдары қабылдап жатқан шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді;

13)  экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету, қаржы полициясы органдарын ұйымдық-штаттық, кадрлық және материалдық-техникалық нығайту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

14) заңнамамен өзіне  жүктелген өзге де функцияларды  жүзеге асырады.

 

1.5 Қаржы министрлігінің құқықтары

 

Агенттіктің өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:

1)  заңды немесе жеке тұлғаларға орындауы үшін міндетті нұсқама беру;

2)  салықтар төлеуден  жалтаруға байланысты қылмыс  белгілерін көрсететін жеткілікті  негіздер болған ретте, салық

органының нұсқамасы негізінде салық органымен бірлесіп салық тексерістерін жүргізу;

3) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату және алу;

4) меншік нысанына  қарамастан ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан, сондай-ақ жеке адамдардан заңнама бұзушылықты жоюды талап ету және оның орындалуын бақылау;

5)  жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және алдын ала тергеуді жүзеге асыру;

6)  ғылыми-зерттеу,  оқыту, баспа қызметін жүзеге  асыру;

7)  Қазақстан Республикасында  қылмыска қарсы күрестің басқа  құқық қорғау органдарымен бірлескен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

8)  әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамамен көзделген басқа да шаралар   қабылдау;

9)  ведомствоға қарасты ұйымдарды, оның  ішінде оқу орындарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша Үкіметке ұсыныстар енгізу;

10) мемлекеттің экономикалық  қауіпсіздігі мәселелері және қаржы полициясы органдарының кызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін әзірлеуге қатысу;

11)  экономика және  қаржы қызметі саласында құқық бұзу-шылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу мәселелері бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіру, халыкаралық келісімдер жасасу;

12)  Қазақстан Республикасының   заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

 

 

 

1.6 Қаржы полициясы агенттігінің басқару органдары

Агенттікті Қазақстан  Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және кызметтен бо сататын орынбасарлары болады.

Төраға Агенттік жұмысын  ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес және Агенттіктің қызметі үшін жеке жауапты болады.

Төраға мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Агенттік кызметіне  басшылық  жасайды;

2) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге ұйымдарында Агенттіктің атынан өкілдік етеді;

3) өз орынбасарларының, сондай-ақ Агенттік департаменттері мен өзге де құрылымдық бөлімшелері бастықтарының құкықтары мен міндеттерін анықтайды;

4) өз құзыреті шегінде қаржы полициясы органдарының атқаруы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұскаулар береді, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың атқаруы үшін міндетті кесімдер шығарады;

5)  өз номенклатурасы  бойынша каржы полициясы органдарының  қызметкерлерін қызметке тағайындауды  және ұызметтен босатуды жүргізеді;

6)  азаматтарды ұаржы полициясы органдарының кадр құрамына қабылдайды, оларға қаржы полициясы полковнигіне дейін қоса алғашқы және келесі арнайы атақтарды береді;

7) Қазақстан Республикасының  Президентіне ұаржы полициясы органдары ұызметкерлеріне жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;

8) заңнамамен белгіленген  тәртіпте қаржы полициясы органдарының қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза колдану мәселелерін шешеді, заңнамамен    белгіленген    тәртіпте    оларды    Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға және  құрметті атақтарын беруге ұсынады;

9) заңнамаға сәйкес  өз құзыреті шегінде Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың Жарғыларын бекітеді;

10) Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес өзге де  өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Агенттіктің Төраға жанында  консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Алкасы болады. Алқаның саны мен жеке құрамын Агенттік төрағасы бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.  1995 жылғы 30 тамыздағы  ҚР Конституциясы

2.  Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Респуб-лике Казахстан: Оку қүралы. - Астана: ИКФ "Фолиант", 2000.

3.   Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы: Оқу-әдістемелік күрал. - Алматы: Дәнекер, 2000.

4.  Правоохранительные органы Республики Казахстан: Оқу-әдістемелік материалдар. - Алматы: Дәнекер, 2001.




Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі