Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2
Қазақстан Республикасының Конституциясы
Тарихы
Қазақстан Республикасының
Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған
1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан
өз мемлекеттік тәуелсіздігін
1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз
Қазақстанның бірінші
1995 ж. наурызынан бастап
егемендіктің тағы бір белесі
басталды. Ол республиканың
1995 жылы 30 тамызда республикада
бүкілхалықтық референдум өтті,
нәтижесінде Қазақстанның жаңа
Конституциясы қабылданды. Дауыс
беру еліміздің қалалары мен
ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде
жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы
Конституциядан айырмашылығы
1995 ж. желтоқсанда екі
палаталы (жоғарғы палаталы —
Сенат, төменгі палаталы —
1995 жылғы 30 тамызда республикалық
референдумда қабылданды.
Республикалық референдум нәтижесі
жарияланған күні, яғни 1995 жылғы 5 қыркүйекте
күшіне енді.
Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, Қазақстан
Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы
Заңымен, Қазақстан Республикасының 2011
жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің
1995 жылғы № 2454 «Қазақстан Республикасының
Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес
Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте
сақталады.
Қазақстан Парламентінің Сенаты
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты - әрбiр облыстан, респ. мәндегi қаладан және ҚР астанасынан екi адамнан, тиiстi облыстағы, респ. мәнге ие қаладағы және ел астанасындағы барлық өкiлеттi органдар депутаттарының бiрлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттың жетi депутатын Парламенттiң өкiлеттiк мерзiмiне Президент тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады.
Қазақстан Республикасының кемiнде 5 жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары бiлiмдi және кемiнде 5 жыл жұмыс стажы бар, Республика аумағында кемiнде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы 6 жыл өкiлеттiк мерзiмге Сенат депутаты бола алады.
Сенат депутаттарын сайлау — мәслихат депутаттарының бiрлескен отырыстарында өткiзiледi.
Конституцияның 55-бабына сәйкес, Сенаттың ерекше құзырына мыналар жатады: Президенттiң ұсынысы бойынша Жоғ. сот төрағасын тағайындау және қызметтен босату, Президенттiң Бас прокурорды және Ұлттық Қауiпсiздiк к-тiнiң төрағасын тағайындауына келiсiм беру; Бас прокурорды, Жоғ. сот төрағасын дербес құқықтылығынан айыру; жергiлiктi өкiлеттi органдардың өкiлдiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату; Президенттi қызметтен кетiру туралы Мәжiлiс көтерген мәселенi қарау, т.б.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі
Парламент немесе Парламент
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс
сайлауы тиісінше Парламент немесе
Парламент Мәжілісінің
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады
Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді
Мазмұны [жасыру] 1 Мәжіліс тарихы 1.1 Бірінші сайланым (1996 - 1999) 1.2 Екінші сайланым (1999- 2004) 1.3 Үшінші сайланым (2004-2007) 1.4 Төртінші сайланым (2007-2011) 1.5 Бесінші сайланым (2012 жыл - ) 2 Сыртқы сілтемелер 3 Дереккөздер |
Мәжіліс тарихы
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген
бүкіл халықтық референдум
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қолданыстағы
Конституцияны қабылдағаннан
Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті.
Парламенттің қос палаталы құрылымы саяси жағынан толысқан, еліміздің саяси болмысындағы жаңа элементке айналды және әлемдік практикада қабылданған парламентаризмнің қағидаттарына сай болды. Ең бастысы, Қазақстанда қос палаталы Парламентті құру қабылданатын заңдардың сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бірінші сайланым (1996 - 1999)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.
Депутаттық корпуста жергілікті
атқарушы органдардың және мәслихаттың б
Мәжіліс Төрағасы - Марат Тұрдыбекұлы Оспанов.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Василий Иванович Осипов.
Екінші сайланым (1999- 2004)
1999 жылдың күзінде енгізілген
конституциялық өзгерістерге
Парламент Мәжілісіне сайлау
қорытындылары бойынша бір
Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б болды.
Мәжіліс Төрағасы - Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - Сергей Александрович Дьяченко.
Үшінші сайланым (2004-2007)
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.
Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі
мен атағы бар, олардың ішінде
13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым
докторы болды.
Соңғы жылдар ішінде Палатада
парламенттік стажы бар депутаттар
саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы
сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші
және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта,
12 депутат бұрын әртүрлі
Мәжіліс Төрағасы - МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байқонысұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады.
Төртінші сайланым (2007-2011)
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 проценттік барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы
сайланымның депутаттық корпусынан
– 39 депутат, мемлекеттік басқару
органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару
органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан
– 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет
саласынан – 8 адам және басқа салалардан
9 адам кірді. Палатада білімі бойынша
әр түрлі біліктілігі бар
Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.
Мәжіліс Төрағасы - МУСИН Аслан Есболайұлы. Өкілеттігін 2008 жылғы қазанда тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасы - МҰХАМЕДЖАНОВ Орал Байғонысұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович. 2010 жылғы наурызда депутаттық өкілеттігін тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ЖҰМАҒҰЛОВ Бақытжан Тұрсынұлы. Депутаттық өкілеттігін 2008 жылғы сәуірде тоқтатты.
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - КӘРІБЖАНОВ Жәнібек Сәлімұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - БОБРОВ Владимир Яковлевич
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.
Бесінші сайланым (2012 жыл - )
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды.
Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7 %-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19 %).
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан - 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан – 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 43 депутат өтті. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктіліктегі инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депутаттың ауыл шаруашылығы білімі бар. Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, философтар, тарихшылар, саясаттанушылар, әскери адамдар, журналистер, мәдениет және өнер қызметкерлері өкілдері мен өзге де мамандық иелері бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 60 парламентарийдің екі жоғары білімі бар. Палатада түрлі ұлт өкілдерінің құрамы кеңейді. Депутаттық корпус құрамында 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, кәріс, өзбек және ұйғыр бар. Депутат әйелдердің саны – 26.
Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 56 жасты құрайды, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 47 депутат, 60 жастан асқандар – 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер – 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер - 4 депутат.
Мәжіліс Төрағасы - НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ДЬЯЧЕНКО Сергей Александрович
Мәжіліс Төрағасының орынбасары - ІЗМҰХАМБЕТОВ Бақтықожа Салахатдинұлы

- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекттің негізгі заңы
- Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің қалыптасуы
- Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайы
- Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері
- Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі
- Қазақстан Республикасының қаржылық саясатының ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
- Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде
- Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну
- Қазақстан Республикасының конституциясы
- Қазақстан Республикасының Конституциясы