Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
ЖОСПАР
Кіріспе
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
1.1 Әлемдiк
экономиканың үрдiстерiн
1.2 Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары
1.3
Индустриялық-инновациялық
1.4
Ғылымды көп қажет ететiн және
жоғары технологиялы
1.5
Қазақстанның инвестициялық
1.6 Қазақстанның Даму Банкi
1.7 Инновациялық қор
1.8 Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация
Қорытынды
Кіріспе
Қазақстан
Республикасының Индустриялық-
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк
экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан
экономикасы бiрқатар проблемаларға
тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға
мыналарды жатқызуға болады: бiр
жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк
экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi,
ел iшiндегi салааралық және өңiраралық
экономикалық ықпалдасудың босаңдығы,
iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге
деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы
(шағын экономика), өндiрiстiк және
әлеуметтiк инфрақұрылымның
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделiп отыр.
Бұл
ретте осы институттар қосылған
құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және
олардың жұмыс iстеп тұрғандарын
дамытуға және келелi салаларды кешендi
талдау, олардың ең маңызды элементтерiн
анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық
зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау
көрсетуге инвестициялау
Стратегия
елде ғылымды және инновациялық қызметтi
ынталандыруға бағытталған
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiнде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.
Жалпы
алғанда Стратегияны iске асыру
нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы
сервистiк-технологиялық дамуға өтуге
дайын болуы керек.
I-ТАРАУ. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
- Әлемдiк экономиканың даму үрдiстерiн талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды.
Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.
Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады.
Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды.
Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi.
Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады.
Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық
теория тұрғысынан алғанда экспортқа
негізделген саясаттың табысты
болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының
әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң
экономикалық даму процесiн тоқтатпау
үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға
мәжбүр болады. Латын Америкасының
елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып,
нақты бәсекелестікке емес, жасалған
әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда
негізделген салаларды
Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:
дамыған
елдерде индустриялық экономикадан
сервистiк-технологиялық
ғаламдану;
экономиканы ырықтандыру;
ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.
Экономикасы
дамыған елдерде зияткерлiк
- Қазақстан
экономикасы құрылымын
әртараптандыру проблемалары
Тәуелсiздiк
алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық
экономикада әлемдiк тауар
Қазақстанда
пайдалы қазбалардың iрi қорларының
болуы оның салыстырмалы экономикалық
артықшылығы болып
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiптiң
шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды
тарту және қаржы саласында құрылымдық-
Бүгiнгi
таңда Қазақстанды әлемдiк
Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7,2 % болуы керек.
Стратегиялық
жоспарды iске асыру саласында
ел экономикасының жақсы қарқын алғанын
атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде
қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен
қатар экономика мен
Сонымен
қатар Қазақстан отын және минерал
шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған
шағын экономика ретiнде
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың
шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден
шектен тыс толығу қаупiн ескере
отырып және мұнай бағасының күрт
төмендеуiнiң зардаптарын
Бұл
шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы
жүйесiне түсетiн валюта қысымын
жоюға және экспортты ынталандыратын
және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн
теңгенiң айырбас бағамын
Құрылымдық-институционалдық
реформалар саласындағы жетiстiктердi,
қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң
Өңдеушi
өнеркәсiпте металлургия
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:
экономиканың шикiзат бағыттылығы;
әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
өңдеушi
өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң
iшкi
рынокта (шағын экономика)
өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
отандық
ғылымның нарықтық экономика жағдайларына
нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық
өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң
ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның
салдарынан тұтастай алғанда инновациялық
ұсыныстар деңгейiнiң төмен
мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
экономиканың
өңдеушi секторларына инвестициялар
салуға отандық қаржы институттары
үшiн ынталандыру көздерiнiң
менеджменттiң
экономиканы ғаламдану
ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейге жақындауда.
Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.
Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000 ж. 13,8 % құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу есебiнен қол жеткiзiлдi.
Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42,1 % құрады. Көлiк құралдары - 41 %, ғимараттар 36,5 % тозған.
Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi.
Бұл
жабдықтың шығарылу жылына қарай
және моральдық тұрғыдан алғанда
ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге
түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар
етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын
өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын
болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және
Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш
0,22-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0,4-0,6,
Канада мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт сағатты
құрайды.
Өндіріске
жұмсалатын электр энергиясының
шығындары (ЖІӨ-нің 1
долларына шаққанда
кВт/сағ)
| 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | |
| ТМД | ||||||
| Армения | 4,35 | 3,88 | 3,66 | 3,28 | 3,09 | 3,13 |
| Беларусь | 2,36 | 1,63 | 1,85 | 1,54 | 2,18 | 2,51 |
| Қазақстан | 4,01 | 2,80 | 2,35 | 2,20 | 2,82 | 2,81 |
| Қырғызстан | 8,24 | 7,87 | 7,13 | 7,07 | 10,56 | ... |
| Молдова | 0,83 | 0,83 | 0,78 | 0,71 | 0,94 | 0,70 |
| Ресей | 2,55 | 2,02 | 1,95 | 2,98 | 4,37 | 3,38 |
| Украина | 5,24 | 4,11 | 3,55 | 4,13 | 5,59 | ... |
| ҰӘлемнің басқа да елдері | ||||||
| Ұлыбритания | 0,30 | 0,29 | 0,26 | 0,25 | 0,25 | 0,23 |
| Германия | 0,22 | 0,23 | 0,26 | 0,26 | 0,26 | 0,27 |
| Италия | 0,22 | 0,20 | 0,22 | 0,22 | ... | ... |
| Канада | 0,96 | 0,94 | 0,91 | 0,92 | 0,88 | 0,82 |
| Қытай | 1,44 | 1,32 | 1,26 | 1,17 | 1,21 | 1,22 |
| Республика Корея | 0,42 | 0,44 | 0,52 | 0,75 | 0,66 | 0,58 |
| АҚШ | 0,45 | 0,44 | 0,45 | 0,44 | 0,42 | 0,30 |
| Турция | 0,51 | 0,52 | 0,54 | 0,54 | 0,59 | 0,56 |
| Франция | 0,32 | 0,33 | 0,36 | 0,35 | 0,36 | 0,38 |
| Япония | 0,19 | 0,21 | 0,24 | 0,27 | 0,24 | 0,22 |
Алынған көздері:
1)
ТМД Мемлекетаралық
2) "International Financial Statistics" Халықаралық Валюта Қорының статистикалық жинақтары, 2002.
Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатерлер болуына байланысты операцияларға бара алмайды.
Ашық
экономикалы шағын ел болғандықтан,
Қазақстан әлемдiк бағаларға
Өткiзуден
түсетiн табыстың 1 теңгесiне жұмсалатын
шығындардың көрсеткiшi еңбек және
материалдық ресурстарды
Қазақстан
экономикасында 2002 жылы мұнай және
табиғи газ өндiру (0,39) кезiнде, қаржы
қызметiнде (0,48), темекi өнiмдерiн өндiруде
(0,58), түстi металдар өндiруде (0,55) өндiрiлген
капитал мен адам күшін пайдаланудың
жоғары тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген
өнiмнiң 1 теңгесiне жұмсалған шығындардың
төмен деңгейi ауыл шаруашылығында
(0,91), химия өнеркәсiбiнде (0,85), электр
энергиясын, газ және су өндiру мен
бөлуде (0,86), құрылыста (0,85), сусындарды
қоса алғанда тағам өнiмдерiн
Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға және жарнамаға жұмсалатын шығындарды есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.
Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнiмнiң материал және энергия сыйымдылығын төмендету кәсiпорынның табыстылығын жоғарылатудың резервтерi болып табылады.
Индустриялық саясат дегенiмiз
мемлекеттiң бәсекеге түсуге
Индустриялық-инновациялық
дамудың мемлекеттiк
Стратегияның
басты мақсаты шикiзаттық бағыттан
бас тартуға ықпал ететiн
Өңдеушi
өнеркәсiпте және қызмет көрсету
саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi
және экспортқа негiзделген
Бәсекеге
түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық
кәсiпорындардың экспортқа
Экономиканың шикiзаттық секторын дамыту Үкiметтiң салалық және секторлық стратегиялары бойынша жүзеге асырылады.
Стратегияның мiндеті:
өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
ғылымды
көп қажет ететiн және жоғары технологиялық
экспортқа негiзделген
елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
дүниежүзiлiк
ғылыми-техникалық және инновациялық
процестерге қосылу арқылы әлемдiк
шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға
ықпалдасуды үдету болып
Стратегия мынадай қағидаттарға негiзделедi:
жеке сектормен серiктестiк;
инвестициялық
және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің
шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн
тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк
қабiлетiн арттыруға

- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
- Қазақстан Республикасының конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде
- Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының мәнің терен түсіну
- Қазақстан Республикасының конституциясы
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасының Конституциясы
- Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің
- Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы
- Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы
- Қазақстан республикасының инвестициялық заңнамасы
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі
- Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы
- Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы