Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009

1 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік  кешені

Ф.4.09-02

01.02.2009 ж.


                                                                 

Заң  факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

 

 

                                               БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор  – оқу-әдістемелік

                                                                             жұмыстар  жөніндегі  проректор

                                                                           _____________ Л.Қ. Еркінбаева

                                             

                                                                                  «_____»_______________ 2012 ж.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  жер  құқығы пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

 

 

 

Мамандықтар: 5В030100 «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған 2012 ж.

 Оқу -  әдістемелік кешенді  типтік  оқу  бағдарламасына  сәйкес     және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану»  мамандығына   з.ғ.м., аға оқытушы А.М. Байжұманова құрастырған.

 

 

 

____________________________

                 (оқытушының қолы)

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

« » 2012 ж.  № хаттама

 

Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., доцент Н.Ш. Шеримова

«_____»__________ ___2012 жыл. №______хаттама

заң факультетінің  әдістемелік  бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның  төрайымы  А.Б. Жүніспаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

СМЖ ЖМУ Е/ОӘК. 09-2009

1 басылым

САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Оқу-әдістемелік  кешені

Ф.4.09-02

01.02.2009 ж.


 

Заң  факультеті

Мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

С И Л Л А Б  У С

 

 

Пәні: Қазақстан Республикасының жер құқығы

мамандықтар:  5B050300 «Құқықтану»

оқу формасы: күндізгі, сырттай

курс:   3

семестр:  6

кредит саны:    2

барлық аудиториялық сағат:    90,  оның ішінде:

дәріс:  15

практикалық сабақтар:  15

ОСӨЖ:  30

СӨЖ:  30

Емтихан:  6 семестр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған  2012 ж.

Оқытушы жөнінде мәлімет:

Байжұманова Айгерім  Мажибекқызы   –   мемлекеттік және азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы, з.ғ.м.                                   

Байланыс телефоны: 87014268039, 149. e mail: Nurai310707mail.ru

Сабақ   бекітілген  сабақ  кестесі  бойынша  жүргізіледі.

Пәннің  пререквизиті:

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» курсының бағдарламасы   құқық қорғау органдары қызметкерлерін  даярлауға  арналған.

Пререквизиттер (жіберілуі үшін қандай міндетті курстарды өту қажет): «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР салық құқығы», «ҚР азаматтық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім), «ҚР еңбек құқығы», «ҚР әкімшілік құқығы», «ҚР қылмыстық құқығы» (жалпы және ерекше бөлім).

Пәннің  постреквизиті: «ҚР экологиялық құқығы», «ҚР аграрлық құқығы», «Халықаралық құқық».

Пәнге  қысқаша   сипаттама: Жер құқығы – бұл жоғары заңи оқу орындарында оқытылатын оқу пәні болып есептеледі және азаматтық құқық пәнінің бір саласы болып табылады, жер құқығының негізгі қайнар көздерін, дер құқығының маңызын, жер құығының қатынастарын, құқықтық реттелу ерекшеліктерін, жер құқығының объектілерінің құқықтық режимін және олардың құқықтық қорғалу мәселелерін теориялық зерттеу. Осыған байланысты жер құқығы түсінігі, жүйесі; жер құқығының құқық субъектілерінің және оларға құқықтардың қорғалуы әдістері сияқты мәселелер қарастырылады.

Курстың мақсаты және міндеттері: Жер құқығының түсінігі, реттеу пәні және әдісі туралы жер құқығы  қатынастары туралы, жер заңнамасының құрамы және олардың әрекет етуі туралы, және оның жерге байланысты талаптары туралы, міндеттері туралы,жерді құқықтық қорғау туралы жалпы білімгерлердің ұғынуы. Оқу пәні ретінде жер құқығы пәні жерді пайдалану мен қорғауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың құқықтық негіздерін, оларды ретке келітурге байланысты құқықтық реттеушілік мүмкіндіктерін, меншік құқығы мен жерді пайдалану субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, жер қатынастарының аясындағы мемлекеттің рөлі мен қызметінің бағыттарын анықтау үшін қажет.

Курсты  оқытудың мақсаттры мен міндеттері:

  • студенттерге жер құқығының негізгі теориялық ережелерін түсіндіру;
  • нарықтық экономика құрудағы жер заңнамасының маңызын ашу;
  • ҚР жер қоры санаттарының құрамы мен құқықтық режимін оқыту;
  • Жер заңнамасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын зерттеу;
  • Студенттерге жер қатынастарының әртүрлі жағдайларына құқықтық нормалар дұрыс қолдану тәжірибесін қалыптастыру;
  • әдетте жер құқығының нормаларын талқылағанда кететін қателіктерге, жер құқық ғылымымен әлі қарастырылмаған не шешімі табылмаған күрделі теориялық сұрақтарға студенттердің назарын аудару;
  • жер заңнамасының негіздері туралы білім алу;
  • жер заңдарының нормаларын тәжірибе жүзінде қолдануды меңгеру;
  • жер қатынастары аясында болашақ заңгер мамандарды мемлекеттің, заңды тұлғалардың, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілеті қалыптастыру.

Көрсетілген мақсаттар  мен міндеттер осы оқу курсының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Бұл пәнді оқыту оған дейін  өтілуі тиіс әкімшілік, еңбек құқығы, қылмыстық құқық және т.б. пәндерді білуді қает етеді және сол білімге негізделеді.

Игеруге  тиіс:

Пәннің  зерттеу  мақсаты  мен  міндеттері  жайлы, оның  мазмұны  және  негізгі  жер құқықтық ұғымдары  мен анықтамалары  туралы   білімдерді  алу керек.

Іске  асыра  алатыны:

- негізгі жер құқықтық ұғымдары  мен анықтамалардың     мазмұнын  және  мәнін  ұғып  түсіну;

- оқу-танымдық   іс-әрекет  барысында  алған  білімдерді   өз  бетінше   пайдалану;

- болашақ  практикалық   іс-әрекетінде  жер құқықтық білімдерді  қолдану.

Осы  оқу  пәнін  оқып-білу  барысында  студенттің  міндеті:

Өзіндік жұмысқа және ОСӨЖ сабағына әр тақырыпқа тіркелген оқулық пен әдебиеттермен дайындалу керек. Бір семестр уақытында студент төмендегі жұмыс көлемін орындауы қажет.

  • таңдаған тақырып бойынша рефератты дайындау және қорғау
  • СӨЖ (студенттердің өзіндік жұмысы) тақырыптары бойынша коллоквиум тапсыру
  • Екі бақылау жұмысын жазу
  • Қорытынды емтиханды таңдаған формасы бойынша тапсыру (тест: ауызша, жазбаша)

 

Пән бойынша студенттің білімін  балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар

(позиция)

1-8 аптадағы бағалау  мөлшері

9-15 аптадағы бағалау  мөлшері

Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері

Электронды журналға балл қоюдың кезеңі

Ағымдық бақылау

7

7

Әрбір бағалауға 100 баллдан

Апта сайын (бірінші аптадан басқа)

СӨЖ

2

2

Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан

4,7,11,

14 апталарда

Аралық бақылау

1

1

Әр аралық бақылауға 100 баллдан

8 және 15 аптада

Кіру рұқсатының рейтенгісі

1

R1

100

8 апта

Кіру рұқсатының рейтенгісінің

 

R2

100

15 апта

Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі

R= (R1 + R2)/2

100

15 апта

Емтихан

Е

100

16-19 апта

Қорытынды баға

І = R*0.6+E*0.4

100

 

 

 

       Силлабуста  әрбір бақылау түріне қойылатын  баллдың критерии  көрсетілуі  тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген  талаптарды да ескеруі тиіс.

      «Ағымдық  бақылау» параметрінде сабаққа  қатысу, практикалық, лабораториялық  және  үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың  тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға  ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін,  сыни тұрғыдан ойлауына;  практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін,  тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын  пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

          СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл  тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

         Әр  пәннің мақсаты мен міндеті  ескеріле отырып, білім алушының  дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

       Бағдарламада  көрсетілген студенттің қосымша  іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядалық конкурс,  жарыстарға қатысуы халықаралық  грант, жобаларға қатысуы және  т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау  қарсанында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда  балл кемітіледі.

       Аралық  бақылау нышанын (форма) оқытушының  өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе, жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі  арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген  баға

Бағаның  цифрлік эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі түрде бағалау

A

4.0

95-100

Өте жақсы

A-

3.67

90-94

B+

3.33

85-89

Жақсы

B

3.0

80-84

B-

2.67

75-79

C+

2.33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2.0

65-69

C-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 

Кредиттік технологя  жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қолданылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады.  Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

 

Баға қоюдын критерилері

 

Бақылау түрі

Максимальдық  баға

Оқытушының  журналына балл қойылатын мерзімі

Ағымдық бақылау:

қатысу: 1 сағ.-5 балл

үй тапсырмасын орындауы

лаборатиориялық сабақтың орындалуы

белсеңділігі (лекция барысындағы  жауаптары....)

100

10

30

35

25

Әр сабақта

СӨЖ 1*

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Тапсырма 4

Тапсырма 5

Тапсырма 6

Тапсырма 7

Тапсырма 8

Тапсырма 9

Тапсырма 10

100

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

СӨЖ тапсырмаларының  тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 2

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Тапсырма 4

Тапсырма 5

Тапсырма 6

100

20

10

10

20

20

20

СӨЖ тапсырмаларының  тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 3

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Тапсырма 4

Тапсырма 5

Тапсырма 6

Тапсырма 7

Тапсырма 8

Тапсырма 9

Тапсырма10

100

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

СӨЖ тапсырмаларының  тапсыру кестесіне сәйкес

СӨЖ 4

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Тапсырма 4

Тапсырма 5

Тапсырма 6

Тапсырма 7

Тапсырма 8

100

10

20

10

10

20

10

10

10

СӨЖ тапсырмаларының  тапсыру кестесіне сәйкес

Аралық бақылау 1: Жоба қорғау

Жоба идеясы

Жоба сипаттамасы

Жобаның тұсаукесері

100

10

50

40

 

3апта

6апта

8апта

Аралық бақылау 2: коллоквиум

Сұрақ 1- баға 1

Сұрақ 2- баға 2

Сұрақ 3- баға 3

Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3

100

100

100

100

15 апта


 

*СӨЖ  мазмұны силлабустағы  СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

 

Лекциялардың  күнтізбелік-тақырыптық жоспары

 

Тараулар бойынша лекция тақырыптары

Сағат саны

Апта

Әдебиет

1

Жер құқығының түсінігі, пәні және әдістері.

1

 

 

1-апта

1,2,4,5,9

2

Қазақстан Республикасының  жер заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары.

1,3,5,6,10,23

3

Жер құқығының қайнар көздері.

1,2,4,6,9,11,16,19

4

Қазақстан Республикасындағы  жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.

1

2-апта

1,2,4,7,21,25,29

5

Жер-құқық қатынастары.

1

3- апта

1,2,6,7,8,9,12,17,19

6

Қазақстан Республикасындағы  жерге меншік құқығы мен басқа  да құқықтар.

1

4-апта

1,2,3,8,16,11,19,22,25

7

Жер пайдалану құқығы.

1

5- апта

1,2,3,8,16,11,19,22,25,30

8

Жерге ақы төлеу.

1

6-апта

1,2,3,5,9,10,17,19,20,22,24,28

9

Жерді пайдалану мен  қорғауды мемлекеттік бақылау.

1

7- апта

1,2,3,4,5,21,15,19,10,6

10

Жерді тиімді пайдалану  мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

1

8- апта

1,2,22,4,3,9,15,19,10, 11,8

11

Жерге орналастыру, жер  мониторингі мен жер кадастры.

1

9 - апта

1,2,4,6,9,11,16,19

12

Жер іс жүргізуінің түсінігі, жер іс жүргізушілік нормалар және олардың түрлері.

1

10 – апта

1,2,4,7,21,25,29

13

Жер заңдары бұзғаны  үшін заңды жауапкершілік. Жер дауларын шешу.

1

11 - апта

1,2,6,7,8,9,12,17,19

14

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық тәртібі.

1

12-апта

1,2,4,5,9

15

Елді мекен жерлерінің құыққтық тәртібі.

1,3,5,6,10,23

16

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына  арналмаған жерлердің құқықтық тәртібі.

1

13-апта

1,2,4,6,9,11,16,19

17

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жерлерінің, сауықтыру, рекреаациялық  және тарихи- мәдени мақсатындағы жерлердің  құқықтық тәртібі.

1

14-апта

1,2,4,7,21,25,29

18

Орман қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

1

15-апта

1,2,6,7,8,9,12,17,19

19

Су қоры жерлерінің құқықтық тәртібі.

1,2,3,8,16,11,19,22,25

20

Босалқы жерлердің құқықтық тәртібі.

 
 

Барлығы

15

   

 

 

Дәрістер кешені.

 

         1 тақырып.   Жер құқығының түсінігі, пәні және жүйесі.

Жоспар:

1.Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретіндегі түсінігі.

2.Жер құқығының пәні.

3.Жер құқығының әдістері және жүйесі.

4.Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және арақатынасы.

           Негізгі ұғымдар: жер, жер құқығы, жер құқығының пәні, құқық саласы.

Жер -  бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты  құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның  маңызды бөлігі.

Құқықтық және жер құқығының  жалпы теориясына сәйкес жер құқығының  пәні болып объектісі жер болып  табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары  табылады.

Жердің айырықша ерекшеліктері болып оның көлемінің шектелгендігін, орналасу орнының тұрақтылығы, ауыспайтындығы және жылжымайтындығы табылады. Сонымен қатар, жер өз құрамы, құнарлығы, ландшафттығы, өсіп-өну мүмкіндігі,  экологиялық, рекреакциялық және шаруашылық мақсаттары бойынша біртектес емес.

Жердің басқа да табиғи ресурстарымен, әсіресе, су ресурстарымен, жер қойнауымен, өсімдіктер әлемімен, соның ішінде, орманмен, байланысының мәні ерекше. Олар үшін де жер орналасқан орны және өмір сүру жағдайы болып  табылады.

Олардың барлығы жер  қатынастарының құқықтық реттеудің  мазмұнына әсер етеді.

Әдіс дегеніміз пәнді  құрайтын қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер ету құралы. Жер құқығында  құқықтық реттеу әдісі ретінде ҚР-ның  жер заңдарының мақсаттары мен міндеттерін  ескере отырып, реттелген қоғамдық қатынастарға мемлекеттік құқықтық әсер етудің экологиялық, императивтік және диспозитивтік тәсілдері.

Жер қатынастарын мемлекеттік  басқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.

Жерге меншік құқығын  және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын  сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға  жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.  

Жерге табиғи объект ретінде  экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін  есепке алуды білдіреді.

Жер құқығы әдістерінің  түрлері:

1)    диспозитивтік;

2)    императивтік;

Диспозитивтік әдістің  түрлері:

1)    ұсынушы;

2)    санкциялаушы;

3)    құқық беруші;

Императивтік  әдістің түрлері:

1)        құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;

2)        тыйым салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);

3)         экологиялық әдіс.

Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде  жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

Жалпы ережелерден  тұратын, әрекеті реттелетін жер  қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

1)    Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;

2)    ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;

3)    Жер құқығының тарихы;

4)    Жер құқығының қайнар көздері;

5)    Жер құқығы қатынастары;

6)    Жерге меншік құқығы;

7)    Жер пайдалану құқығы;

8)    Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;

9)    Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;

10)Жер үшін  төленетін төлем;

11)Сервитуттар;

12)Жер құқығы  қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;

13)Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру,  мониторинг және жер кадастры;

14)Жер заңдарын  бұзғаны үшін заңды жауаптылық;

15)Жер даулары;  

Жер құқығының  ерекше бөлімі келесі институттардан тұрады:

1)    Ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің құқықтық режимі;

2)    Елді мекен жерлерінің  құқықтық режимі;

3)    Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлердің құқықтық режимі;

4)    Ерекше қорғалатын аумақтар жерлерінің құқықтық режимі;

5)    Су қоры жерлерінің құқықтық режимі;

6)    Орман қорлары жерлерінің құқықтық режимі;

7)    Босалқы және пайдалануға жарамсыз жерлердің құқықтық ремимі.

 

           2 тақырып. Қазақстан Республикасының жер заңнамасының міндеттері,       

          мақсаты және қағидалары.

Жоспар:

          1.  Жер құқығының қағидалары.

         2. Жер заңнамасының міндеті.

         3. Жер заңнамасының мақсаты.

        Негізгі ұғымдар: жер қатынастары, жер қатынастарының даму тарихы,    

         жерге  меншік.

       Бірінші кезең өз бетінше бірнеше кезеңнен тұрады:

      1. Қазақстан аумағында Қазақ хандығының қалыптасуымен байланысты. Бұл    

      кезеңнің ерекшелігі арнайы жер заңдарының жоқ болуында.

      2. Шыңғыс ханның отаршыларының саясаты. Қазақстанда осы кезеңде жер жеке    

      меншікке берілді ма әлде жоқ па ? Бұл жөнінде екі түрлі көз қарас бар.

      а)жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік қоғам   

      меншігі.

      б) Жеке меншік болғанын дұрыс деп қарайды.

      Екінші кезең. Қазақстан Ресей империясына кірген кезден басталады. Бұл кезең       

      1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы қазақ жерінде отаршылық  

     саясатын жүргізіп отырып Ұлы және Орта жүздің жерлерін әскери күшпен басып  

     алады.Өз билігін жүргізу үшін қазақ жерінде Ресей өз өкіметін құрады. Олар   

     генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал губерниялар болды. 1861 ж.

     орыс шаруаларының крепостное право деген құқығы жойылды. Орыс шаруаларын  

     жақсы жерлермен қамтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп қону саясатын жүзеге

     асырды.

     Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.

     1917 ж. Жер туралы декреті шығарылды.

     1919 ж. жерді социализациялау заңы шықты.

     1921-28 ж.ж. арасында жер, су реформасы жүзеге асырылды.

     1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол 

     автономиялық Республика болып табылады. 1936ж Қазақ ССР ның тұңғыш  

     конституциясы қабылданды.

     1969ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды.           

     Осының арқасында әр бір республикада өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет  

     жасай бастайды.

     1917-1971ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп   

Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің