Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы. 2
І – Бөлім.
- 1 Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы
Қазақстан Республикасы жаңа ғасыр табалдырығын аттай отырып, басқа мемлекеттер сияқты қоршаған орта туралы күрделі мәселелерге тап болды. Қазақстанда ондаған жылдар бойы қоршаған ортаға экстремалды жоғары техногенді жүктемелерге байланысты табиғатты пайдаланудың шикізатты басым жүйесі жіктелді. Бұл пайда болудың ғана себепшісі емес, сонымен қатар, біздің республикамызда ауыр зардаптар түрінде қалған экологиялық мәселелердің тұрақты өсуіне де байланысты болды.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Президент Жарлығымен бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеген. Осы тұжырымдаманың негізі «2030 Стратегиясында» салынған, онда «қоршаған ортаны қоректендіру, тазалығын жақсарту және экология» біздің мемлекетіміздің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жалпы түсінігі дәстүрлігі-мен қатар, дәстүрлі емес сипаттағы қатерлердің кең спектрін енгізеді, олардың арасында қоршаған орта жағдайының нашарлауы негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздіктің негізгі стратегиялық компоненттері және мемлекеттік басымдықтардың маңызды аспектісі болып табылады, себебі адамзат дамуының осы кезеңінде экологиялық проблемалар тірі қалу проблемасына өтуі мүмкін кезде биосфераға мүмкін әсер ету шегінде болады.
Қазіргі кезде біздің республикамыздың көптеген өңірлерінде экологиялық ахуал тек қолайсыз ғана емес, сонымен қатар, өте апатты жағдайда. Бүгінгі кезде барынша қауіптісі экологиялық дағдарыстың пайда болуы болып табылады, техногендік босауға, топырақтың құлдырауы, су ресурстарының азаюы мен ластануы, ормандар санының қысқаруы, биологиялық әртүрліліктің қайтарымсыз қысқаруы және тірі табиғаттың генетикалық қорының бұзылуы, радиациялық бұзылу, қауіпті және улы заттардың жинақталуы жатады.
Қоршаған ортаны ластаушы және табиғат жүйесінің құлдырауын тудыратын негізгі көздері өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, автомобиль көлігі, басқа антропогендік факторлар болып табылады. Биосфера және қоршаған ортаны қорғаудың қосылған компоненттерінің арасынан атмосфера барынша сезгіш болып табылады, оған тек газ тәріздес ластаушылар ғана емес, сонымен бірге сұйық және қатты заттар да келіп түседі.
Атмосфералық ауаның ластануына Қарағанды (жылына 1 млн. тоннадан артық), Павлодар (400 мың. тоннадан артық), Шығыс-Қазақстан (200 мың. тоннадан артық) облыстары негізгі үлес қосады. Барынша ластанған қалалар және өнеркәсіп орталықтары Өскемен, Алматы, Шымкент, Риддер болып табылады.
Атмосфераны ластау көздері
сондай-ақ авто және темір жол көлігі
болып табылады. Жылжымалы көздерден
жыл сайын шығатын
Антропогендік артық жүктемелер
және рационалды емес табиғат ресурстарын
пайдаланудан пайда болған қазіргі
заманғы экологиялық
Демек, күлі көп Екібастұз көмірі қоршаған ортаны ластай отырып, сол жерде жанып кетеді, ал таза энергия негізінен республикадан тыс тұтынатын жерлерге жіберілді. Республиканың топырақ қабатына түзетуге келмейтін залалды әскери өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары тигізді. Осы уақытқа дейін бұл топырақ және олардың орналасқан жері құпия күйде ұсталды.
Топырақты радиоактивті ластау
зардаптары орасан қауіп төндіреді.
Топырақтың күшті ластануы Ақтау
қаласына жақын Қарақия ойпаты. Ұзақ
мерзімді уақыт бойы уран рудасын
өндірді және оны Каспий маңындағы
тау-кен-металлургия комбинаты
Семей ядролық полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруларды сынау қоршаған табиғат ортасына және адамдардың денсаулығына орны толмас зардаптарын әкелді, халықтың өлім-жітіміне, жалпы ауру түрлерінің артуына әкелді. Семей өңірінің барлық аумағы, Павлодар, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарына шекаралас жатқан полигон экологиялық зардап-тар аймағы болып танылған.
Планетаны Арал теңізі проблемасы
алаңдатуда, оның өміршең қажетті
су ресурстарын қалпына келтіру
үшін ғалымдардың күштері
Макроөңір шаруашылығын аумақтық ұйымдастыруды жетілдірудің маңызды бағыты су шаруашылығы проблемаларын шешу болып табылады. Қазақстанда шамамен суландыру үшін жарамды 50-60 млн. га жер есептелген. Сол уақытта су ресурстары тек 8-10 млн. га жерді суландыруға жетеді. Мұндай жағдайда суармалы егіс алқаптарын дамытудың жолдарын дұрыс таңдау керек, экожүйені бұзудың қайтарымсыз процестеріне жол беруге болмайды.Қазақстанның экологиялық жағдайын экономика мен қоғамды, заңды тұрғыда экологияландыру арқылы оң бағыттарға қарай өзгертуге болады.
Адамзаттың алдында тұрған ғаламдық экологиялық проблемалардың бірі климаттың өзгеруі болып табылады. Климаттың өзгеруіне теріс әсер ететін, парник газының атомосфераға лақтырындысын регламенттейтін жалғыз халықаралық құжат Киото хаттамасы болып табылады. Киото хаттамасын Қазақстанда ратификациялау мәселесі қоршаған орта сапасын тұрақтандыру бойынша ведомство аралық комиссиясында қарастырылған. Осы мәселе бойынша парламенттік тыңдаулар жүргізілді және Киото хаттамасын ратификациялау туралы Заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімінде қаралуда.
Экология және климатты ғылыми-зерттеу институттары Қазақстан аумағында парник газдарының эмиссиясын жыл сайын түгендеу және осы проблема бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Келесі ғаламдық мәселе – Жердің озон қабатының бұзылуы. Озон қабатын қорғау бойынша міндеттемелерді іске асыру мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды тұтынуды азайту, оларды сатудан алып тастау, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынушы-кәсіпорындар технологияларын айырбастау және қолдау бойынша іс-шараларды енгізетін іс-әрекеттер жоспары мен жобасы әзірленді және іске асырылуда.
Био әртүрлілікті сақтау мәселелерін шешу шеңберінде ЮНЕСКО Бүкіл әлемдік мұра тізіміне табиғи объектілерді енгізу жұмысы жүруде, олардың арасынан ең бірінші объектілер Алтай аумағы және Қорғалжың және Наурызым мемлекеттік табиғи қорықтары болып табылады.
Тағы да бір ғаламдық экологиялық мәселе - жердің сортаңдануы болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан Республикасы аумағындағы шөлейтке айналу процесін қалпына келтіру және алдын алу бойынша шараларды қарастыратын «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы күрес жөніндегі бағдарламасы» Үкіметтің Қаулысымен әзірленді және бекітілді. Қазіргі уақытта Ғаламдық экологиялық қор жер ресурстарын басқару бойынша Орталық Азия елдерінің Бастамасын мақұлдады және бес мемлекет үшін 10 жылға шамамен 1 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру қамтамасыз етіледі.
Қазақстан алдында ғаламдық экологиялық мәселелермен қатар ұлттық экологиялық мәселелер тұр. Орталық Азия мемлекеттерін қосу жөніндегі Қазақстан бастамасын және шекаралық су ағындарын және халықаралық көлдерді қорғау мен пайдалану бойынша Хельсинки конвенциясын қолдау мәселесі жүргізілуде. Осы мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру шеңберінде Орталық Азия елдеріндегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне сол елдердегі тиісті органдармен көрсетілген құжатқа олардың қосылуы туралы мәселелерді қарастыру туралы тапсырма берілді. Сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігіне су мәселесі бойынша халықаралық және аймақтық конференциялар, семинарлар, симпозиумдар жүргізу бағдарламасына аталған ұсыныстарды енгізу туралы мәселені қайта қарауға жіберілді.
«Арнайы экологиялық талаптар
және Каспий қорық аймағындағы және
Каспий маңындағы өңірлердегі
Ғылыми бюджеттік
Осы үшін радиоактивті көздерді түгендеу және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеу және көму бойынша мамандандырылған ұйымдастыруды жасау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарына, Арал теңізіндегі Возрождение аралы аумағын бактериологиялық залалсыздандыру зерттеулерін жүргізуге басты назар аударылуда.
Адамзат жаңа ғасыр табалдырығын аттар алдында өткеннен қорытынды шығара отырып, өркениеттің жетістіктерін мойындай отырып, болашаққа көз жүгірте отырып, экологиялық мәселелер ғаламдығын тани алады, тұрақты даму жолындағы оларды шешу мен алға жылжу есебінен өз қызметін жоспарлай алады. Осының негізінде ғылыми жұмыс барысында ҚР жер ресурстарын қазіргі таңда мазалап жүрген көптеген мәселелері қарастырылды.
ІІ –Бөлім.
2.1 Еліміздің тұрақты дамуындағы кедергілермен күресу шаралараның бастамасы. (Өзіндік зерттеу)
Егеменді Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң 1997 жылы 15 шілде айында қабылданды. Бұл заңның құзіреті-адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін қоршаған табиғи ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқылық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін түсіндіріп, адам қызметінің қоршаған табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтаумен табиғатты ұтымды пайдалануға бағытталған.
Біздің елімізде маңызды
табиғи байлықтардың бірі – жер
ресурстары болып табылады. Жер - биосфераның
ең маңызды элементтерінің бірі ретінде,
бірінші кезекте қоғамның өмір сүруінің
материалдық жағдайы болып
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі. Жер мониторингінің мазмұны мынадай кешенді бақылаулардағы өзгерістерді сипаттайды:
- табиғи ландшафттарды, жер пайдаланулармен жер иеленулердің шекараларын және аудандарын анықтау;
- кеңейтілген таңдау параметрлері бойынша топырақтардың жағдайын (су эрозиясы, құрғап кетуі, жайылымдардағы топырақтардың тозуы, су басып кетуі, батпақтануы, ылғалдануы, тұздануы, егістікті бұталардың басып кетуі) зерттеу;
- гумус қорын, қышқылдығын, макро және микроэлементтердің болуын, пестицидтердің, ауыр металлдардың, химиялық элементтердің, радиоактивті элементтердің және басқа да токсиндер қалдықтарын анықтау ;
- геологиялық орта, бедер, гидрографиялық желі жағдайын зерттеу (жер беті бедерінің формалары, су балансы, жер асты суларының химиялық және гидробиологиялық құрамының режимдері, теңіздердің, көлдердің, су қоймаларының, лимандардың жағалау сызықтары);
- өндірістік объектілерінің кері әсерлеріне ұшыраған жерлердің жағдайын қарастыру (мелиоративтік жүйелердің, көліктің, ЖЖМ қоймаларының, үгілмелі тыңайытқыштар қоймаларының, автокөлік тұрақтарының, радиоактивті, физиологиялық активті химиялық өндіріс қалдықтарын жинау орындарының жағдайы).
Осындай бірнеше жұмыстарды қарастыра келіп, еліміздегі жылдар бойы зардабын тарттырып келе жатқан мәселелердің бірі және ең ірісі – Семей жерінің экологиялық мәселесі.
2009 жылы 19 маусымда Қазақстан
Республикасы «Невада-Семей»
Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр.
ҚР Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар үш облыс аумағында орналасқан, сынақ алаңы 18500 км2, периметрі шамамен 600 км алып жатыр. Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр. Демек, бұл жерлер жарамсыз болып отыр деген сөз.
Семей полигонынан басқа,
Батыс Қазақстан және Атырау облысы
шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ
полигоны болды: Азғыр атом полигоны,
Мемлекеттік Жазғы-сынақ
Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м3 болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты. Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті жоғары дәрежеде. Ядролық жарылыстардан кейін қалған жер асты қуыстары қатты ластанған биологиялық қауіпті радиоактивті заттарды сақтау үшін «зираттар» ретінде пайдаланылады. Олардың кейбіреуі су деңгей жиектерінен тұз ерітіндісімен толтырылды және осы уақытқа дейін өз радиоактивтілігін сақтайды. Бұл ретте ластанған топырақ көлемі 24000 м3 құрайды.
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.
Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады: Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.
Радиациялық ластану –
иондаушы сәуле шығару әсерін тудыратын
физикалық ластану түрлерінің бірі,
оның көздері осындай сәуле шығару
құрылғылары немесе радиоактивтілікті
меңгерген кейбір химиялық заттар болуы
мүмкін, яғни осы химиялық элементтердің
атомдық ядроларының
Қазіргі уақытта мамандардың
ұйғарымы бойынша Қазақстан аумағындағы
радиоактивті ластанудың жалпы деңгейі
Чернобыль АЭС апаты
Жер үсті ядролық жарылыстары ауада жарылған жарылыстарға қарағанда үлкен әсерін тигізді.
Атмосфералық сынақтар нәтижесінде
радиоактивті материалдың бір бөлігі
сынақ алаңынан алыс емес жерге түседі,
қандай да бір бөлігі атмосфераның,
төменгі қабатында кідіріп
Қазіргі кезде Ұлттық ядролық
орталық деректері бойынша
18.12.1992 жылғы азаматтарды
әлеуметтік қорғау туралы
Семей өңірі полигонның әсерін
сипаттайтын аурулар мен
Полигон аумағында Ұлттық
ядролық орталығы мекемелерімен
радиоэкологиялық ахуалды нақтылау
және оның тұрғындар денсаулығына әсерін
бағалау бойынша зерттеулер жүргізілді.
Бұл материалдар БҰҰ 53 Ассамблеясы
резолюция және ССЯП өңіріндегі тұрғындарды
сауықтыру жобасын даярлау
ССЯП ядролық сынақты сынау нәтижесінде Қазақстан халқының денсаулығына залал келтірген шығындарды бағалау жүйесі түпкілікті әлі шешілген жоқ. Сәулеленудің қосынды дозасына және сәулеленуге ұшыраған контингент санын негізге ала отырып, аурудың жекелеген нозологиялық түрлеріне және демографиялық ахуалға әсер етудің мүмкін көрсеткіштерін талдау арқылы халық денсаулығына жүргізілген ядролық сынақтардың келеңсіз әсерінің қатерін бағалауға мүмкіндік беретін әдістеме бар.
1992 жылдың мамырында 52605
орындалған есептелген
Республикалық СЭС есептеулері бойынша ССЯП өңірінде атмосферадан сынақ мерзімі ішінде тұрғындардың алған ұжымдық дозасы шамамен 100 мың адамды құрайды, ал бұл 100 мыңдаған адам өмірін қиды.
Бұдан басқа, сәулеленудің шағын дозасы алшақ әсерлерді тудырады, жеке индивидумда тексеру мүмкін емес, бірақ ұжымдық доза бойынша олардың шығаруын жобалауға болады. Болжамдалған әсерлер ретінде бүгінгі күні қатерлі ісіктер және іштен туа біткен аурулар танылған. Шағын доза иммунитет жүйесіне қысым түсіреді, халықтың сәулеленуге ұшыраған тобының және оның ұрпақтарының иммунитетін азайтуға, барлық патогенді факторлардың әрекет етуіне, ауруға шалдығуына әкеледі. Бұл барлық нозологиялық пішіндер және демографиялық көрсеткіштердің нашарлауы бойынша ауру түрлерінің өсуіне әкеледі.
Шығыс Қазақстан облысының Абай, Абыралы, Бесқарағай және Жаңа семей аудандары тұрғындарында қан аздығы жағдайының жоғары жиілігі белгіленген. Қан аздылыққа көбінесе кішкене сәби балалар, соның ішінде жасы үшке дейінгі сәбилер барынша жиі ұшырайды.
Семей өңірінде жүйкенің тозуы және басқа психикалық ауру түрлерінің жиілігі тым жоғары.
Азғыр кентінің тұрғындары арасында орташа облыстықпен салыстырғанда ауру түрлері жоғары: туберкулез бойынша – 608 есе артық, эндокринді ауру – 19 есе, асқазан жарасы ауруы – 16 есе жоғары. Өмір сүру ұзақтығы өте қысқа, ауру санының жалпы өсімі өршу үстінде.
Осылайша, Қазақстан өз аумағындағы
геологиялық құрылыс
Бүгінгі күні мемлекет үшін
ең басты проблема аумақты ластанған
радионуклидтерден сауықтыру
2.2 Балқаш көлінің
және жағалау жерлерінің
Еліміздің өзге аймағы Балқаш көлінің мәселесіне келсек, ол келесідей сипаттамаларға ие болды.
Балқаш көлі Каспий теңізінен және кеуіп бара жатқан Арал теңізінен кейінгі үшінші тұрған ағынсыз континент ішілік су қоймасы. Балқаш маңында Қазақстан халқының шамамен 16% тұрғыны тұрады. Бұл жерде өзен ағыстарының шамамен 24 км3 жиналады, ал бұл республиканың шамамен 25% су және 42% гидроэнергетикалық ресурстарын құрайды. Жер асты су қоймаларының белгіленген қоры жылына 3,2 км3 құрайды (шамамен 13% жер үсті сулары). Қазіргі кезде бекітілген қордың 2% пайдаланылуда. Бұл дұрыс, өйткені жер асты суларының үлкен бөлігі тау етегіндегі аймақтарға шоғырланған, олардың жердің үстіндегі сулармен байланысы әлі түпкілікті шешілген жоқ. Бұдан басқа, Балқаш маңындағы жер асты сулары қатты ластанған, сондай-ақ жер үсті сулары да ластанған, бірақ соңғысына қарағанда олар өзі тазартатын қабілетке ие емес. Жер асты сулары биоценозы тіршілік ету әрекеті әлсіз.
Өңірде ірі полиметалл рудаларының, тас көмір, құрылыс материалдарының кен орындары орналасқан. Үлкен жер аумағы дәстүрлі түрде жайылым ретінде пайдаланылды, сондықтан осы жерде мал шаруашылығына арналған өнімділігі жоғары жайылым орналасқан. Суармалы егіс алқабы үшін үлкен жер аумағы 2 млн. га-дан асады; олардың 30 % көне дәуірде пайдаланылды.
Қазіргі кезде суармалы жер үшін Қазақстан тарапынан шамамен 600 мың га жер және Қытай тарапынан шамамен 300 мың га Балқаш көлі басейнінен жер пайдаланылады. Көптеген ғалымдар, әсіресе қытай ғалымдары Балқаш маңындағы жер және су ресурстарын дұрыс пайдалану кезінде тиімді өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге болады деп санайды. ҚХР Үкіметі СҰАР Орталық Азиядағы барынша дамыған және өркендейтін өңірге айналдыруға барынша күш жұмсауда.
Балқаш маңында өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, балық және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары даму үстінде. Осы өңір үлесіне Қазақстан өнеркәсібінің 16 % және ауыл шаруашылығының 13 % тиесілі, 44 % астамы балық аулау, 75 % пайдаланылатын жер тиесілі. Бұдан басқа, көлдің жағалауына түсті металлургияның алыбы – Балқаш мыс балқыту комбинаты орналасқан. Қаратал өзенінің жағалауында мырыш-қорғасын комбинаты жұмыс істейді, тас көмір, полиметалл рудаларының карьерлері барланған және қазып алу басталған, сондай-ақ жергілікті шикізат базасында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны жұмыс істеп тұр.
Көптеген шаруашылықтар мал шаруашылығын дамытуға мамандандырылған. Ауыл шаруашылығының өнімдері мал шаруашылығының 63,7 %-нан алынады, 36,3 % өсімдіктер өсіруден алынады, алғашқы келтірілген сан 38,6 % қой шаруашылығымен (жүні, терісі, еті) анықталады және 25,5 % мал шаруашылығына тиесілі (сүт, ет, тері).
Қазақстан шегінде ауыл шаруашылығын
енгізу технологиясы өте төменгі
деңгейде. Жылдам нәтижелер алу үшін
жанталасқан кезде мал
Осындай жылдам және экологиялық негізсіз технология өсімдіктерден де байқалады. Соңғы 20 жыл ішінде қысқы бидай мен себілген шөптердің егісі маңызды түрде азайды, ал оның орнына жүгері, күнбағыс, көкөніс дақылдарының егісі ұлғайды.
Бұл ретте суды үнемдейтін
технологияларға жеткіліксіз
Көлді үлкен және тікелей ластаушылар Солтүстік Балқаш маңындағы өнеркәсіптік объектілер болып табылады, олар ағынды суға көптеген тармақты қоймалардың жауын канализациясы арқылы шығарылады және күкіртті ангидрит және басқа газдар келіп түсетін атмосфералық ауа арқылы тарайды. Мысалы, Балқаш тау кен-металлургия комбинаты Тораңғылық шығанағына ағын суларын лақтырады. Ондағы мыстың концентрациясы 35-48 ШРК (шекті рауалы концентрацияға) жетеді, ал апатты лақтырындылар кезінде 300 ШРК асып түседі.
Соңғы жылдары су ағыстарын гидрохимиялық режиммен бақылау балық шаруашылығы пайдаланатын су қоймаларында сульфаттың (ШРК) артуы байқалады. Мысалы, шағын Сарышағанда сульфаттың құрамы ШРК тен 8-8,9 есе артық, Бертіс қайнауында 7,7-9,5есеге, Балқаш маңында. 7,7-8,1 есеге артық. ШРК артуы хлоридтер құрамында да байқалады: шағын Сарышағанда 1,3-1,5 есеге, Бертіс қойнауында 1,3-1,5 есеге және Балқаш маңында 1,3-1,6 есеге артық.

- Қазақстан республикасының инвестициялық заңнамасы
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметі
- Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы
- Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы
- Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
- Қазақстан Республикасының ғалымдары: А.Р. Чокин, Р.И. Самарин және
- Қазақстан Республикасының Евразиялық
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
- Қазақстан Республикасының Еңбек құқығының негіздері
- Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттейтін заңдар
- Қазақстан Республикасының жер құқығы пәнінің
- Қазақстан Республикасының жер ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы