Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс



1. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 4 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат С.Т.Ибрагимов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.М.Жамалов, А.Д.Дүйсекеев, М.Ш.Шаханов.

Заң жобасы “Субсидиялар  және өтемақылық шаралар туралы” және “Демпингке қарсы шаралар туралы” Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша Бас Келісімнің VI бабын қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. 

Заң жобасының негізгі мақсаттары ішкі нарықты шетелдік мемлекеттер субсидиялайтын импорттық тауарларды жеткізушілер тарапынан жосықсыз бәсекеден қорғау және отандық өндірушілер үшін теріс салдарларды жою, сондай-ақ отандық өндірушілерді демпингтік тауар импортынан туындайтын жосықсыз бәсекеден қорғау және демпингке қарсы шараларды енгізу жолымен отандық өндірушілер үшін теріс салдарларды жою болып табылады.

Бұл заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 19 қазанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2005 жылғы 21 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.   

2. “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 30 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар М.С.Итеғұлов, Р.Р.Мәдинов, Б.Ә.Өтепбаев, М.Б.Тінікеев, Т.М.Мұхамеджанов, Ғ.М.Шалахметов.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді және экономика салаларын диверсификациялау мен дамудың шикізаттық бағытынан ауытқу арқылы еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізуді көздейді.   

Заң жобасында Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері белгіленіп, оны мемлекеттік қолдаудың шаралары айқындалған. 

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 28 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы   23 наурызда қол қойды.      

3. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 30 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар С.Ж.Оспанов, Б.Б.Баймағамбетова, Ұ.Қараманов, С.И.Бояркин, А.С.Таспихов, Д.Ж.Нөкетаева.   

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді. 539 түзету енгізілді. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты 2005 жылғы  18 ақпандағы Жолдауын,  Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының жекелеген аудандарының әкімдерін эксперимент түрінде сайлауды өткізу туралы” 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1485 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді. 

Заң жобасында мемлекеттік органдар қызметінің мынадай: жол қозғалысы, қоршаған ортаны қорғау, пошта жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығы, жер ресурстарын басқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, бәсекені қорғау, халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім және мәдениет, статистика салалары қамтылған.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 16 қарашада мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2005 жылғы 21 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 10 қаңтарда қол қойды.   

4. “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 26 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, В.А.Доскалов, А.Қ.Тшанов, Б.Ө.Әлімжанов, А.М.Жамалов, В.А.Нехорошев.   

Заң жобасында табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қолданудың он екі айлық мерзімін, сондай-ақ тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту мерзімділігін он екі айдан жиі болмайтындай етіп белгілеу арқылы тарифтар мен тарифтік сметаларды бекітуді тұрақтандыру ұсынылады. Бұл ретте, аталған қолданылу мерзімі мен мерзімділік оңтайландырылған тәртіптегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту жағдайларына қолданылмайды.

“Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2005 жылғы 16 қарашада мақұлданып, Сенатқа жіберілді.                   2005 жылғы 28 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 14 қаңтарда қол қойды.   

5. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне             2005 жылғы 11 тамызда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Е.Б.Абасов, З.Ө.Алшымбаев, Р.А.Аяшов, О.Аяшев, А.А.Бейсенбаев, С.И.Бояркин. 

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Заң жобасы жеке кәсіпкерлік саласын реттейтін нормаларды бір ізге салу қажеттігіне байланысты әзірленді. Заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді, тексерулер жүргізу тәртібін және тағы басқаларды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктіңбіршама ауқымды мәселелерін қамтиды.  

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары кәсіпкерлікті дамыту, өнімдердің, қызметтердің, процестердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, әкімшілік кедергілерді жою және еліміздің ішінде де, одан тысқары жерлерде де кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.    

Заң жобасы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді: кәсіпкерлікті қорғаудың тәсілдерін және оларды мемлекеттік қолдауды, мемлекеттік бақылау принциптерін, мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекетінің тәртібін, коммерциялық құпияның сақталуын, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы жауапкершілігін айқындайды.

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 7 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2006 жылғы 12 қаңтарда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 31 қаңтарда қол қойды.   

6. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 16 тамызда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Е.Б.Абасов, З.Ө.Алшымбаев, Р.А.Аяшов, О.Аяшев, А.А.Бейсенбаев, С.И.Бояркин. 

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 64 заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.    

Заң жобасының реттеу мәні жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау болып табылады.

Заң жобасы бақылау-қадағалау функцияларын, тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуді және олардың мерзімділігін ретке келтіруді көздейді.   

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 7 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2006 жылғы 12 қаңтарда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 31 қаңтарда қол қойды.   

7. “Электр энергетикасы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 14 желтоқсанда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, А.Ә.Түсіпов, С.К.Есжанов, О.Ш.Қалқабаев, К.Ә.Ағатаева, В.Н.Котович.     

Заң жобасында электр энергиясының баланстық нарығын енгізу мерзімдерін түзетуді, уәкілетті органның мемлекеттік энергетикалық қадағалау мәселелері бойынша құзыретін белгілеуді, электр энергиясын орталықтандырылған сату нарығын жетілдіруді, концессиялық келісімдердің негізінде электр энергетикасы объектілерін салуды көздейтін нормалар енгізіледі.  

Жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді. Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 25 қаңтарда мақұлдап, Сенатқа жіберді.

2006 жылғы 28 наурызда Сенат заң жобасын Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберді. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 11 сәуірде қол қойды.   

8. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы  23 ақпанда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.И.Тарасенко. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.Ә.Түсіпов, Е.О.Омаров, Ұ.Қ.Қараманов, Н.Ғ.Итемгенов, Т.М.Мұхамеджанов, Д.Ж.Нөкетаева.   

Заң жобасы мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктердің қызметін регламенттеу мақсатында әзірленді. Мәслихат депутаттарының саяси партиялар фракциялары түріндегі депутаттық бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді, депутаттық топтарды құру құқығын бекітеді. Заң жобасында фракция және депутаттық топ ұғымдарының анықтамалары қарастырылады.   

Заң жобасы жергілікті өкілді органдардағы депутаттық бірлестіктер қызметін одан әрі дамытуға бағытталған.

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.   

9. “Мемлекеттік монополия туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент депутаттары (Б.Ә.Әбішев, Т.О.Әубәкіров, А.Т.Өтегенов, Т.У.Сыздықов, Б.Қ.Тілеухан, Р.М.Шаекин) бастамашы болып, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы  28 желтоқсанда енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, В.Я.Бобров, С.В.Киселев, З.Ө.Алшымбаев, О.Аяшев.  

Заң жобасында мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерінің тізбесін, уәкілетті органның мемлекеттік монополия саласындағы бақылауды жүзеге асыруы мен қызметті реттеуінің тәртібін белгілеу ұсынылады. Заң жобасы мемлекеттік монополия саласында өз қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілерінің, оның ішінде тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік монополия субъектілерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу мақсатында әзірленді.      

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 28 маусымда қарайды.   

10. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына депутаттар (Б.Ә.Әбішев, Т.О.Әубәкіров, А.Т.Өтегенов, Т.У.Сыздықов, Б.Қ.Тілеухан, Р.М.Шаекин) бастамашы болып, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 28 желтоқсанда енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, В.Я.Бобров, С.В.Киселев, З.Ө.Алшымбаев, О.Аяшев.  

“Мемлекеттік монополия туралы” негізгі заң жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшін мына заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады: “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын туралы”, “Күзет қызметі туралы”, “Мемлекеттік сатып алулар туралы”, “Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы”, “Өсімдіктерді қорғау туралы”. Енгізілетін түзетулер Қазақстан Республикасының заңнамасындағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды.      

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 28 маусымда қарайды.   

11. “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне             2006 жылғы 26 қаңтарда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Р.М.Шаекин. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, Е.Б.Абасов, Т.М.Мұхамеджанов, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.Дүйсекеев.  

Заң жобасында лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары, экономикалық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат ету жүйесін қалыптастыруға тұжырымдамалық көзқарас енгізілген. Негізгі бағыттар мыналарды:  

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерінің толыққанды тізбесін;  

лицензия алу кезінде “бір терезе” принципін енгізуді;  

уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының осы функцияларды мемлекеттік емес бірлестіктерге бергені үшін жауапкершілігін нақты регламенттейтін лицензиарлардың бақылау функцияларының тізбесін      қамтиды. 

Заң жобасы Комитеттің қарауында.    

12. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 26 қаңтарда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Р.М.Шаекин. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, Е.Б.Абасов, Т.М.Мұхамеджанов, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.Дүйсекеев.  

Заң жобасының негізгі мақсаты лицензиялау саласындағы салалық заңнамалық актілерді экономикалық қызмет түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат ету жүйесін қалыптастыруға тұжырымдамалық көзқарастарға, атап айтқанда, жаңа редакциядағы “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру болып табылады.    

Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасының 55 заңнамалық актісіне, оның ішінде 8 кодекске: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Салық кодексіне, Кеден кодексіне, Жер кодексіне, Орман кодексіне және Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.  

Заң жобасын қабылдау қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін, жекелеген рұқсаттарды қысқарту, лицензиялар алу рәсімін жеңілдету бөлігінде қолданыстағы лицензиялау жүйесін ықшамдауға мүмкіндік береді.   

Заң жобасы Комитеттің қарауында.    

13. “Концессиялар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына депутаттар (Б.Ә.Әбішев, Қ.М.Алпысбеков, Қ.Ж.Ережепов, С.О.Есімханов, Ұ.Қараманов, М.Ж.Көпеев, В.И.Макалкин, Е.Н.Сағындықов, Р.М.Шаекин) бастамашы болып, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2004 жылғы 11 маусымда енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.О.Рахметов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар В.А.Доскалов, А.М.Жамалов, Е.А.Рамазанов, М.Ә.Кәрімов, С.К.Қонақбаев, В.Н.Котович.     

Заң жобасы концессиямен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасасудың, орындаудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібін белгілейді, концессионерлерді мемлекеттік қолдаудың кепілдіктері мен шараларын айқындайды.    

Заң жобасы мемлекеттік меншікті тиімді пайдалану және оны мемлекеттік емес заңды тұлғаларға уақытша иелену мен пайдалануға (жалға, сенімді басқаруға) беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орнын толтырады. Заң жобасы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климаттың тартымдылығын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 15 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.   

14. “Концессия туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы             4 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Р.М.Шаекин. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар В.А.Доскалов, А.М.Жамалов, Е.А.Рамазанов, М.Ә.Кәрімов, С.К.Қонақбаев, В.Н.Котович.     

Заң жобасы нормаларының 2004 жылғы 11 маусымда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болған заң жобасында көрсетілгенін ескере отырып, Үкімет заң жобасын 2006 жылғы 14 маусымда кері қайтарып алды.   

15. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 25 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.О.Рахметов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар В.А.Доскалов, А.М.Жамалов, Е.А.Рамазанов, М.Ә.Кәрімов, С.К.Қонақбаев, В.Н.Котович.     

Заң жобасында Қазақстан Республикасының заңнамасына концессия институтын кедергісіз енгізу мақсатында “Автомобиль жолдары туралы”, “Теміржол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасында заңды тұлғаларға мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иелену мен пайдалану құқықтарын, сондай-ақ жаңа объектілерді салу (құру) және кейіннен оларды пайдалану құқықтарын берумен байланысты қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі нормалар қамтылған.

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 15 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.   

16. “Ойын бизнесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне             2006 жылғы 4 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Т.У.Сыздықов, А.А.Бейсенбаев, О.Ш.Қалқабаев, Н.Ғ.Итемгенов, С.К.Есжанов, О.А.Аяшев.  

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында ойын бизнесін реттейтін бірыңғай салалық заңнамалық акт жоқ. Бұл заң жобасы негізгі принциптерді, құмар ойындарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындау, ойын мекемелерінің ұйымдастырушыларына қойылатын нақты талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді. Заң жобасының міндеті негізгі әлеуметтік проблемаларды, атап айтқанда, казинолар мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жеке аумақта орналастыруды шешу, сондай-ақ құмар ойындарға қатысу үшін жас шектеуін белгілеу болып табылады. Заң жобасында ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган арқылы іске асыруға жеке мән берілген. Қазақстандық және халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, заң жобасында Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің жаңа жүйесі ұсынылады, онда ойын бизнесінің түрлері: казинолардың, ойын автоматтары залдарының, тотализатордың, букмекерлік кеңселердің қызметі айқындалды. Заң жобасында қызметтің осы түрі үшін лицензия алуға қойылатын біліктілік талаптары белгіленген.

Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.       

17. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 4 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Т.У.Сыздықов, А.А.Бейсенбаев, О.Ш.Қалқабаев, Н.Ғ.Итемгенов, С.К.Есжанов, О.А.Аяшев.  

Заң жобасының басты міндеті салық салу, әкімшілік жауапкершілікті және ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін белгілеу саласында ойын бизнесі субъектілерінің қызметін реттеу болып табылады.

Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.          

18. “Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 6 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.Ә.Түсіпов, Т.М.Асанов, А.А.Бейсенбаев, Ұ.Қ.Қараманов, С.И.Бояркин, Т.М.Мұхамеджанов, Б.Ө.Әлімжанов.  

Заң жобасы Қазақстан Республикасының астанасы тыныс-тіршілігінің саяси, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындау мақсатында әзірленді. Жергілікті басқару органдарының міндеттерін айқындайды, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары үшін ауқымды өкілеттіктер қарастырады, жер қатынастарын нақты регламенттейді. Заң жобасында астана үшін айрықша болып табылатын функциялар тізбесі нақты белгіленген.         

Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.          

19. “Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы              6 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.Ә.Түсіпов, Т.М.Асанов, А.А.Бейсенбаев, Ұ.Қ.Қараманов, С.И.Бояркин, Т.М.Мұхамеджанов, Б.Ө.Әлімжанов.  

Заң жобасы заңнаманы “Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңы жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Заң жобасы мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою туралы талап-арыз беру мерзімдерін өзгертуді көздейді.     

Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.          

20. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 12 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Ұ.Б.Елеубаев, С.Ж.Оспанов, М.Ә.Кәрімов, О.Ш.Қалқабаев, Н.Ғ.Итемгенов, Ғ.М.Шалахметов.  

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің “Экономиканың мемлекеттік секторын басқаруда мемлекет мүдделерін одан әрі қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты            2006 жылғы  1 наурыздағы Жолдауының ережелеріне сәйкес әзірленді. 

Бұл заң жобасында Қазақстан Республикасының 10 Заңына: “Акционерлік қоғамдар туралы”, “Мұнай туралы”, “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы”, “Пошта туралы”, “Теміржол көлігі туралы”, “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”, “Қазақстанның Инвестициялық Қоры туралы”, “Қазақстанның Даму Банкі туралы”, “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы”, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” өзгерістер енгізу көзделеді. 

Жоғарыда аталған өзгерістерді енгізу “Самұрық” мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг” пен “Қазына” тұрақты даму қоры” акционерлік қоғамдарының тиімді жұмыс істеуі үшін заңнамалық базаны құру мақсатында қажет.

“Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен жұмыс барысында 16 ескертпе мен ұсыныс келіп түсіп, олар жұмыс тобының 3 отырысында қаралды.

Заң жобасы 2006 жылғы 31 мамырда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралып, Сенатқа жіберді. 2006 жылғы 17 маусымда Сенат өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Келісім комиссиясы құрылды.        

21. “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 23 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.Т.Өтегенов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Т.М.Асанов, Ұ.Б.Елеубаев, О.Ш.Қалқабаев, С.И.Бояркин, А.Қ.Тшанов, Б.Қ.Тілеухан.  

Заң жобасы Қазақстан Республикасының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға шетелдік жеке және заңды тұлғалардың заңды негізде қатысуына кедергі болып отырған құқықтық жағдайларды жою және осы бөлікте Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін қажетті халықаралық талаптарға сәйкессіздіктерді жою мақсатында әзірленді.    

“Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабына өзгеріс енгізу шетелдік капиталдың құрылыс қызметтері нарығына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.   

Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.          

22. “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 24 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар М.В.Трошихин, В.А.Доскалов, Б.Б.Баймағамбетова, Ғ.М.Шалахметов, А.М.Жамалов, Д.В.Клебанова.  

Заң жобасында табиғи монополия субъектілерін реттеу тәртібін жеңілдету мақсатында “қуаты шамалы табиғи монополия субъектісі” деген ұғымды енгізу ұсынылады. Белгілі бір тауарларды тікелей тауар өндірушілерден міндетті түрде сатып алу туралы норманы белгілеу ұсынылады, мұндай тауарлардың тізбесін Үкімет белгілейді. Заң жобасы     табиғи монополия субъектісіне, егер де сатып алулардың жылдық көлемі құны жағынан табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген соманың шекті мөлшерінен аспайтын болса, тендер өткізбей-ақ тауарлар сатып алу құқығын береді. Бұл ретте осы ереже сатып алынатын тауарлардың негізгі құралдарға жататынына немесе жатпайтынына қарамастан қолданылатын болады. Сондай-ақ, табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер бойынша міндетті түрде ақпарат беру шектерін белгілеу ұсынылады.  Заң жобасын қарау барысында “Электр энергетикасы” және “Теміржол көлігі туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады, осыған байланысты заң жобасының тақырыбы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы болып өзгертілді.

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.   

23. “Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 29 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Б.Ә.Әбішев, В.А.Доскалов, З.Ө.Алшымбаев, Ғ.М.Шалахметов, А.М.Жамалов, В.А.Нехорошев.  

Заң жобасында бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті орган жүйесінің вертикалды құрылымы айқындалады.

Экономикалық шоғырлануды реттейтін нормалар, нарық субъектілерінің монополистік қызметті, бәсекелестікке қарсы әрекеттерді жүзеге асыруына, үстем жағдайын теріс пайдалануына және нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салу нақты белгіленген. 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс