Қазақстан Республикасының ғалымдары: А.Р. Чокин, Р.И. Самарин және

«Астана Медицина Университеті»  АҚ

Кафедра: Еңбек гигиенасы, коммуналды гигиена және ОБЖ

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

Тақырыбы: Қазақстан  Республикасының ғалымдары: А.Р. Чокин, Р.И. Самарин және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

Астана 2013ж 

Жоспар :

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Қазақстанда комуналды гигиенаның даму тарихы және      ғалымдары
  2. Чокин Алихан Ризаұлы
  3. Самарин Р.И.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе 

      Коммуналдық гигиена – ол елді мекендер жағдайында тіршілік орта факторларының  адамның  денсаулығына  әсерін зерттеуші және осының негізіне халықтың денсаулығын және тіршілігінің жағымды жағдайларын сақтауын қамтамассыз етуші  гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді құрастырушы гигиенаның тарауы.

      Коммуналдық гигиена оқу пәні ретінде Кеңес Одағының медициналық жоғарғы оқу орындарында осы факультеттерінің ашылу жылында, яғни   1933 жылы санитарлық- гигиеналық ( қазір медициналық- профилактикалық) факультеттерінің оқу жоспарына енген. Коммуналдық гигиена бойынша бірінші бағдарлама І ММИ комуналдық гигиена кафедрасына жасалып, 1936жылы ресми түрде бекітілді.

      Дербес  ғылым ретінде комуналдық гигиенаның  қалыптасуымен бір уақытта оның  одан әрі дифференциясы жүрді.  Қазіргі уақытта коммуналды гигиенаның келесі тараулары толық қалыптасқан деп санауға болады:

  • Су және ауыз сумен қамтамассыздандыру гигиенасы
  • Су қоймаларын санитарлық қорғау
  • Топырақ гигиенасы
  • Елді мекендердің атмосфера ауасының гигиенасы
  • Тұрғын үй  және қоғамдық ғимараттар гигиенасы, емдеу профилактика мекемелерінің гигиенасы

 

 

 

 

 

        Қазақстанда комуналды гигиенаның даму тарихы және      ғалымдары

      Коммуналдық гигиена гигиеналық ғылымның саласы ретінде, санитарлық- эпидемиологиялық қызмет органдарының тәжірибелік жұмысының негізі ретінде және білім беру пәні ретінде сылыстырмалы жас ғалым саласы. Дегенмен, оның дүниеге келуін жердегі адаимның пайда болуымен, баспана мен елді мекендердің пайда болуымен толық байланыстыруға болады.

     Коммуналдық гигиенаның даму тарихы жеке мемлекеттердің экономиалық, саясаттық, әлеуметтік  және мәдениеттік өркендеуімен тікелей байланысты.

      Революцияға дейін Қазақстанда бірде- бір санитарлық дәрігер болған емес, ал бүкіл патшалық Ресейде бар жоғы 210 ғана, олардың барлығы тек қалаларда жұмыс жасаған.

      Революциядан кейін Қазақстанда денсаулық сақтау органдары, оның ішінде санитарлық – эпидемиологиялық қызметі тезд дами бастады. Бірақ санитарлық дәрігерлердің жетіспеуі санитарлық- бактериологиялық зертханаларды ашу, жылжымалы санэпидотрядтарды ұйымдастыру сияқты жоспарлы, санитарлы- эпидемиологиялық шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Осыған байланысты 1930 жылы шілденің 10-шы жұлдызында Қазақстан өкіметінің шешімімен бірінші жоғарғы оқу орны – Алма-Аты мемлекеттік медицина институты ашылған. 1931 жылы наурыз айында 1 курсқа 121 адам студенттер қатарына қабылданған, олардың 54 қазақ балалары.

      Оның бірінші ректоры болып профессор Асфендияров Санжар Жафарұлы тағайындалған, ол 1912 жылы Петербургтың әскери медициналық академиясын бітірген. Орыс, ағылшын, француз және араб тілдерін  жақсы білуі оған Ресей және шет ел әдебиеттерін пайдаланып көптеген тарихи материалдарға талдау жүргізу бірқатар ғылыми жұмыстарды дайындауға мүмкіндік берді. 1989 жылы ақпан айында Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Алма-Атылық  мемлекеттік медицина институтында  Асфендияров Санжар Жафарұлының атын қабылдау туралы қаулы қабылданған.

      1946 жылы осы институтта Қазақстанда алғашқы рет коммуналды гигиена кафедрасы ашылды. Оның бірінші меңгерушісі болып профессор Корякин Иван Сергеевич тағайындалған ( 1898-1969ж).

     Ол 1949 жылы « Қазақстан қалаларының санитарлық – эпидемиологиялық жағдайлары және оларды сауықтандыру тұжырымдамалары » тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Ол 160 ғылыми жұмыстардың оның ішінде 4 монографияның авторы. 1951 жылдан 1959жылға дейін кафедра меңгерушісі болып М.П. Кудияров қызмет атқарды. Оның ғылыми жұмыстары елді мекендерді жоспарлау және санитарлық көркейту бағытынд жүргізілген.

   1959 жылдан 1963 жылға дейін кафедраның меңгерушісі болып профессор Даулыбаев Файзи Ахметұлы жұмыс істеген (1927- 1982ж). Оның докорлық диссертациясының тақырыбы « Қазақстан түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік іркінді суларының санитарлық- гигиеналық сипаттамасы» (1969ж). Ол 4 медицина ғылымдарының кандидаттарын дайындап, 100 аса ғылыми жұмыстар жасаған.

    1964 жылы Алма-Аты  медицина институтындағы санитарылық  гигиеналық факультеті жабылып,  ол қайтадан 1989 жылы ашылды. Коммуналдық  гигиена кафедрасы ұзақ үзілістен  кейін 1991 жылы қайта ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып профессор  Неменко Борис Аркадьевич тағайындалған.  Ол докторлық диссертациясын  мына тақырыпта қорғады: « Қазақстанның  кейбір өнеркәсіптік  және өнеркәсіптік  емес қалаларындағы қоршаған  ортаның ластануы және профилактика  мүмкіншіліктері». Ол 194 ғылыми жұмыстарды  орындап, 2 монография шығарып, 5 медицина  ғалымдарының кандидаттарын дайындады. 

     Санитарлық  – гигиеналық факультеттің ашылуынан  бастап жабылуына дейін (1946-1964ж)  оның деканы болып Әлеуметтік  гигиенасы мен денсаулық сақтауды  ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі  болып, профессор Чокин Алихан Ризаұлы істеген (1925-1996ж). Ол 100-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы.

   Қазақстанда коммуналды  гигиенасының екінші кафедрасы  Қарағанды мемлекеттік медицина  институтында  1963жылы ашылған.  Оның бірінші меңгерішісі болып  доцент Хайт Клара Борисовна  істеді. Ол «Комуналды гигиена  бойынша тәжіриблік сабақтарына  жетекшілік» оқулығының қосалқы  авторы болған.

    1966 жылдан 1976 жылға  дейін доцент Фомин Сергей  Павлович осы кафедраны меңгерген.  Оның кандидаттық диссертациясы  «Қарағанды қаласы жоспарлауына  және көркейтуіне гигиеналық  баға беру» тақырбына арналған.

     1976 жылдан 1986 жылға  дейін кафедра меңгерушісі болып  профессор Шпаков Анатолий Ефимович  істеді. Оның ғылыми жұмысы Ертіс-  Қарағанды каналындағы судың  сапасын гигиеналық бағалаумен  байланысты.

     1986 жылдан 1996 жылға  дейін коммуналды гигиена кафедрасының  меңгерушісі болып доцент Батенко  Эльза Карловна қызмет атқарған. Оның ғылыми жұмысы Қарағанды  қаласын жоспарлау сұрақтарына  арналған. 

    1996 жылдан бастап  қазірге дейін кафедра меңгерушісі  болып м.ғ.д. Шабдарбаева Малика Садықовна қызмет атқаруда. Оның жұмыстары ластанған ауаның, судың және топырақтың халықтың денсаулығына әсрлерін зерттеуге бағытталған.

   Қазақстанда санитарлық- эпидемиологиялық қызметі қарқынды  дами   бастады. 1937 жылы Қазақстанда  2 СЭС болған болса, 1940 жылы олардың  саны 38-ге жетті, ал 1952 жылы 264-ке, 1972 жылы 274-ке жеткен. Қарағанды облысында  1937 жылы 35 санитарлық дәрігер болса, 1941 жылы 72-ге, 1972 жылы 1500 жеткен.

       Қазақстанда  санитарлық қызметін алғашқы  ұйымдастырушылардың бірі- Николай  Николаевич Попов. 1929 жылы Қазақстан  Республикасы өкіметінің шақыруымен  Попов Алма-Атаға келді. Республикады  санитарлық қызметінің дамуына  ол 30 жыл өмірін арнаған. Н.Н.Попов  Қарағанды, Балхаш, Қарсақпай, Лениногор  т.б. сияқты елді мекендерді  сауықтандыру бойынша үлкен жұмыс  атқарды. Алма- Аты, Қарағанды,  Семей қалаларын жоспарлау бойынша  еңбектер жасаған. 1934 жылы оған  профессор атағы берілді, алл  1949 жылы ол «Алма- Аты қаласын  қайта конструкциялаудың санитарлық тұжырымы» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғаған. Оның 50дей ғылыми жұмыстары бар.

      Қазақстанда медицина институттарының кафедраларынан басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттеуді Ғылыми-зерттеу институттары да жүргізген, олар –ҚР ДСМ Еңбек физиологиясы мен гигиенасының ұлттық орталығы және ҚР ДСМ Гигиена және эпидемиологияның ғылыми орталығы. Оларда қоршаған орта гигиенасы бойынша бөлімдер болған.

     Еңбек физиологиясы  мен гигиенасы институтының осындай  бөлімінің іргетасын қалаушы  профессор Амрин Қази Рақымжанұлы. 1975 жылдан 1995 жылға дейін Алма-Аты  медицина институтының жалпы  гигиена кафедрасының меңгерушісі  болып қызмет атқарды. Ол 1977 жылы  «Өнеркәсіптерде суды қорғау шараларын құрастыру мақсатымен су қоймаларының санитарлық жағдайын болжамдау» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Ол 121 ғылыми жұмыстардың авторы, олар қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын, адамның тіршілік ортасының сапасын және қоршаған ортаның ластануымен байланысты сырқаттанушылығын болжамдауға арналған.

    Қазақстанда коммуналдық  гигиенаның дамуына ықпал жасаған,  Ресейдің бірқатар әйгілі ғалымдарының  орасан еңбектерін айтпай кетуге  болмайды. Ең бірінші кезекте  Алексей Петрович Добролавиннің  коммуналдық гигиенасы бойынша  еңбектерін атап айту керек.  Ол Петербург қаласын сауықтыру  шараларын ғылыми тұрғыдан тұжырымадауға қатысып, оны сумен қамтамассыздандыру  және канализациялау сұрақтары бойынша көп еңбек жасаған. А.П. Доброславин Ресейде бірінші болып гигиена бойынша сынақ жүргізген.

   Федор Федорович  Эрисман аты гигиенада ерекше  орын алды. Ф.Ф.Эрисман  коммуналдық гигиенаның іргетасын қалаушы болып саналады. Ол қалалар мен земстволардың әкімшілік органдары өздерінің санитарлық жұмыстарына сүйене алатын біріңғай нормаларды жасау керек деген пікірді алғашқы айтқан. Ф.Ф.Эрисман сумен қамтамассыздандыру саласындағы беделді ғалым.

                                  Чокин Алихан Ризаұлы

                    

Чокин Алихан Ризаұлы ( 25қазан 1925жылы Павлодар облысы Баянауыл Районы – 29 қараша 1996жылы Алматы )- советтік және қазақстандық гигиенист, медицина тарихшысы. Медицина ғылымдарының докторы (1968ж), профессор (1970ж). С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазММУ институтында медицина тарихы кафедрасының негізін салушы. Партиялық қызметкер Р.Ч. Чокинұлы, академик Ш.Ч. Чокиннің немере інісі.

        Биография: А.Р.Чокин Павлодар облысы №10 Баянауыл районында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысына қатысқан, 2 рет марапатталған (Ұлы Отан Соғысы Ордені, Ұлы Отан Соғысы Ордені 1саты) және ауыр жарақат алып, қолына амплутация жасалған. 1949жылы КПСС қатарына қосылды. 1950жылы Алма-Атының медициналық институтында (қазіргі С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазММУ институтында) 1950-1958 жылдары аспирант болған. Содан соң медицина тарихы және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында ассистент болып қызмет атқарды. 1958-1968 жылы осы кафедраның доценті болды. 1968жылы А.Р.Чокин медицина ғылымдарының докторы атағын алды, ал 1970 жылы пофессор болды. 1969жылы А.Р. Чокин АГМИ-да медицина тарихы кафедрасын құрып 1987жылға дейін оның басшысы болды. 1987-1993 жылға дейін сол институтта қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі болды. Қазақстандағы медицина тарихы және әлеуметтік гигиена бойынша алғашқы әдістемелерді А.Р.Чокин құрастырған.

       Марапаттары:        -  2 «Ұлы Отан Соғысы Ордені» 1 саты

          • «Құрмет белгісі» Ордені

 

Самарин Р.И.

        Самарин Р.И. қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушы, медицина ғылымдарының докторы (1960ж), профессор (1961ж), ҚазССр еңбек сіңірген дәрігері (1957ж). 1941жылы  Қазақ медицина институтын аяқтап, фронтқа кеткен. Генерал И.В. Панфиловтың  №8 Гвардиялық дивизиясында кіші әскери дәрігер қызметінде болды. 1942 жылы бригадалық дәрігер болғаннан кейін, Совет армиясымен бірге Румыня, Венгрия, Чехословакия, Австрияға санитарлық қызмет басшысы ретінде барды. 1946 жылы медициналық қызмет майоры атанған. (1946-1947ж Қазақ ССР ДС Министрлігінде ЕАА мекемесінде меңгеруші болып қызмет атқарған. Сол уақытта Қаз ГМИ фармакология кафедрасының аспирантурасына түсті. «В фармакологию ваточника » атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1946-1947жылы медицина институтында мұғалім қызметін атқара жүріп, Қазақстан ИККП-да денсаулық сақтау секторында меңгеруші, кейін әкімшілік ұйымдастыру бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарды. 1957-1987жылы әлеуметтік гигиена кафедрасының меңгерушісі болған, 1960 жылы «Очерки развития здравоохранения Казахстана» тақырыбында медицина ғылымының докторы атағын қорғау үшін диссертация жазды. 28 кандидиат, 3 медицина ғылымы докторларын дайындаған. 100-ден аса ғылыми жұмыстарын жариялаған, соның ішінде «Очерки развития здравоохранения Казахстана» монографиясы да бар. 1960-1963жылы АГМИ-ң ректоры болды. 73 жасында профессор Самарин зейнетке шыққан.

Марапаттары:   -   «Октябрь ревалюциясы» Ордені

                           -  «Ұлы Отан Соғысы » Ордені 2 саты

                           -   «Қызыл жұлдыз» Ордені

                           -   «Құрмет белгісі» Ордені

ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің  Құрмет грамотасымен 2 рет марапатталған.

               Неменко Борис Аркадиұлы

Неменко Борис Аркадиұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазММУ институтында кафедра меңгерушісі. Кафедраның оқу-әдiстемелiк және ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы басқару, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және оның сапасын бақылау, ғылыми-зерттеу жұмысын орындау кезiнде кафедра iзденушiлерiне көмек көрсету, кафедрада еңбек тәртiбiнiң сақталуын бақылау. Кафедра мәжiлiсiн өткiзу. Кафедрада еңбек жағдайы мен санитарлық тәртiптi қамтамасыз ету. Кафедра қызметкерлерiнiң мiндеттерiн бөлу. Практикалық денсаулық сақтау бөлiмiне көмек көрсетудi ұйымдастыру.  Кезектi және мемлекеттiк емтихандарды, консультацияларды  жүргiзудiң ұйымдастырылуын бақылау. Кафедраның оқу-әдiстемелiк, ғылыми  жұмыстарын басқарумен айналысады.

   1989 жылы АММИ-да санитарлық-гигиена факультеті қайта құрылды, және екі пәннен  тұратын 1991 жылы ашылған арнайы кафедра  – комуналдық гигиена кафедрасы болды, бұл кафедраны профессор Неменко Б.А ұйымдастырды. Кафедра өз жұмысын  басынан бастады оқу базасы болған жоқ оқу бөлмесі  жоқ құрал жабдықтарды қай  қайта алу керектігі туындады Оқу құралдарын    қайта өңдеу әдістемелік нұсқауларды  қайта жазу  керек. Кафедраның қайта құрылуына Қазақстан  республикасының  мемлекеттік бас дәрігеріАндрей Андреевич Реймердің  көмегі өте зор болды.  Гагарина көшісінде орналасқан  ғимаратты керекті құрал жабдықтармен   қамтам асыз етуге зор үлесін тигізді. 

Алғашында кафедра Алматы қаласының әртүрлі мекемелерінен шақырылған кішкентай дәрігерлер ұжымынан тұрды. Кафедраны м.ғ.д., Қазақстанның МҒА-ның корреспондент мүшесі, профессор Неменко Б.А басқарды. Ол өзінің еңбек еткен жылдарының 12 жыл бойында гигиена және кәсіптік аурулар ҒЗИ-нің директорының бірінші орынбасар қызметін атқарды және республиканың барлық гигиена ғылымын  бағыттай отырып, Қазақ ССР-ның Денсаулық сақтау министірлігінің  медицина ғалымдары кеңесінің басқармасының бірінші орынбасары қызметінде болды, бүгінгі күнге дейін «Гигиена» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі  «Гигиена қоршаған орта ғылыми негізі» және «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының ғылыми негізі» деп аталатын Бүкіл одақтың проблемалық комиссияларының мүшесі.

1995 жылдан бері профессор Неменко Б.А Қазақстанның медицина ғылымдарының Академиясының корреспондент мүшесі және гигиена секциясының төрағасы. Ол 300 ғылыми еңбек, 4 монография  жариялады, оның жетекшілігімен 15 кандидаттық диссертация қорғалынды.

Профессор Неменко Б.А комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша жоғарғы оқу орындары мен колледждерге  арналған  мемлекеттік және орыс тілінде 5 оқулықтың авторы. Қазір Республиканың барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері осы оқулықтарды  пайдаланады. Кафедра жұмысы қиын жағдаймен басталды: оқу базасы, оқу бөлмелері, жабдықтар болмады.  Әдістемелік материалдарды жасауға тура келді. Алғашқы кафедраның оқу базасы болып есептелетін 2 қабатты ғимарат проф. Б.А.Неменконың көмегінің арқасында АММИ-не берілді. Осы базада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған химиялық лабаратория, фотолабаратория, атомды-адсорбциялық лабараториялар ашылды.

Кафедра ұжымы Қарағанды  Медициналық институтын бітіруші тек санитарлық дәрігерлермен (Уважанова А.С., Оспанова Г.К., Бердалина Р.А.), содан кейін АММИ бітірген түлектер (Абдразақова С.Ө., Жусупов А.А., Адимолдаев Э.Б., Тулебаева Г.Р., Бекказинова Д.Б., Арынова Г.А., Стыбаева Г.С., Елгондина Г.Б., ақырғы екі жылда Досмухаметов А.Т., Илиясова А.Д. Текманова А.К., Сакеев А.О., Кажибекова Р.А.) толықты. Осылардың көпшілігі кейіннен диссертациялық жұмыстар жазып қорғады, аға оқытушы, доцент атағын алып, ғылыми жұмыстармен айналысады. 1997-1998 оқу жылдарында кафедра толық профессорлар оқытушылармен қамтамасыз етіліп, оқытушылар саны 22 адамға жетті. Профессор Неменко Б.А. комуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасынан дәрістер курсын, студенттер мен оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқауларды, мамандық бойынша типтік оқу бағдарламасын дайындады.

Осы жылдар ішінде оқу үрдісін жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде, тестілеу сияқты жұмыстың жаңа түрі енгізілді. Бұл жұмысқа кафедра ұжымының барлығы ат салысты. Комуналдық гигиена мен балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық тарау бойынша тесттік бақылау  жүргізуге және студенттердің білім деңгейін тексеруга арналған сауалдар құрастырылды. Дәрістер жеткілікті дәрежедегі кестелермен, слайдтармен, бір сөзбен айтқанда оқу әдістемелік материалдардың барлық түрімен қамтылған. Кафедраның профессорлық оқытушылары бұрыннан қалыптасқан бірегей бағдарламаларды негізге ала отырып, оқу әдістемесіне жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады.

Мемлекеттік тіл туралы заң шығуына байланысты кафедраның қалыптасуы жылдарында оның алдында оқу үрдісін  осы бағытта қайта құру келелі ісі тұрды. Кафедра ұжымы қысқа мерзімде қазақша білімді  қызметкерлермен толықтырды. Нәтижесінде аз уақытта барлық оқу әдістемелік материалдар, дәрістер, әдістемелік нұсқаулар, көмекші оқу құралдары қазақшаға аударылды. Кафедра қызметкерлері 7 тараудан тұратын комуналдық гигиена бойынша балалар мен жасөспірімдерге гигиенадан басшылық оқу құралын баспадан шығарды.

Кафедра студенттерге оқу үрдісін меңгеру үшін екі пәннен Мемлекеттік және орыс тілдерінде негізгі  терминдер сөздігі жасалды. 2002 жылы мемлекеттік тілде «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» оқулығы шықты, авторлары проф.Неменко Б.А, аға оқытушы Оспанова Г.К. 2003, 2004 және 2005 жылдары  Б.А. Неменконың авторлық басшылығымен мемлекеттік және орыс тілінде медициналық-профилактикалық факультетінің төменгі  және жоғарғы курс студенттеріне арналған  «Комуналдық гигиена» оқулықтары шықты (аудармашылар аға оқытушы Абдразакова С.Ө., асс. Арынова Г.А.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Қолданылған әдебиеттер

  1. «Коммуналдық гигиена» І том – М.С. Шабдарбаева, С.Қ. Омаров
  2. «Коммуналдық гигиена» - Неменко Б.А.
  3. Интернет сайты - http://alumni.kaznmu.kz

 


Қазақстан Республикасының ғалымдары: А.Р. Чокин, Р.И. Самарин және