Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі

Қазақстандық  қазіргі  заман «Болашақ» академиясының  колледжі

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       Орындаған:

                                                                                               Тексерген:

 

 

Ақтау қаласы 2013ж.

Жоспар:

І. Кіріспе.

1. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы және өсімдіктер дүниесі.

2. Жануарлар дүниесінің дамуы.

3.   Қызыл кітап- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің асыл қазынасы.

ІІ. Қорытынды.

ІІІ. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

     Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.

 Неогенде Торғай бұғазының  суы тартылып, құрғағаннан кейін  екі жағы қосылған. Осы кезде  полтава флорасы шығысқа қарай  тарап, Жайсан көліне дейін  жеткен. Керісінше, шығыста өскен  өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның  нәтижесінде Қазақстанда торғай  флорасы деп аталатын өсімдік  түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек,  т.б. жатады.

  Қазақстанның жануарлар дүниесін қорғау, олардың адам өміріне, халық шаруашылығына келтіретін зиянына қарсы күресу - мемлекеттік шара болып табылады. Жануарлардың сирек және құрып кетуге таяу аз түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға омыртқалылардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 түрі алынған. Олардың ішінде сүткоректілерден (қарақұйрық, арқар, қабылан, қар барысы, тянъ-шанъ қоңыр аюы, шағыл мысығы, күзен және т.б), кұстардан (қоқиқаз, бура және қызғылт бірқазан, қара және ақләйлек, тоқылдақ аққу, дала бүркіті, дуадақ, қырғауыл, ұлар және т.б.), жорғалаушылар, қосмекенділер мен балықтың бірнеше түрлері бар. Елімізде бұрын көп болған кұлан, қарақұйрық, ақбөкен сияқты аңдардың санын қалпына келтіру, сырттан әкелінген жануарларды жерсіндіру бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Өзен бойларында ондатр, Алтай тауларында қара күзен мен балғын, Каспий жағалауында ит тәріздес жанат өсіру қолға алынған. Өзендер мен көлдерге балықтың жаңа тұқымдары жіберілуде.

 Қазақстан табиғатының байлығы  мен жануарларын қорғау максатында  Ұлттық парктер (Баянауыл, Іле  Алатауы, Қарқаралы, Алтынемел,  Ордабасы) мен қорықтар (Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Үстірт, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алакөл) ұйымдастырылған.

 

 

 

 

 

 

Қазақстан өсімдіктері  жамылғысының қалыптасуы және өсімдіктер дүниесі.

  Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000-дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл онша көп емес. Оған Қазақстан жерінде шөлді, шөлейтті аймақтардың көптігі, топырақ пен климат әсер етеді. Екіншіден, Қазақстанның едәуір бөлігі геологиялық тарихы жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңіз астынан неоген дәуірінде ғана босаған. Үстірт пен Бетпакдаланың босауы одан сәл ғана ертерек. Сол себептен бұл өлкелердің өсімдік жамылғысы әлі толық қалыптасып үлгірмеген.

    Өсімдігі жағынан бай өлке Қазақстанның таулы аймақтары болып саналады. Әсіресе, Батыс Тянь-Шаньда Орта Азия мен Жерорта теңізінің бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуірінен қалған грек жаңгағы, платан, бадам, түркістан үйеңкісі, алмұрт және т.б. түрлері кездеседі. Сырдария- Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда 1000-нан асатын өсімдік түрі, оның 150 түрі тек осы ауданға ғана тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсімдіктер. Тянь-Шаньның, Алтайдың, Жетісу Алатауының тау беткейлерінде қылқан жапырақты ормандар таралған. Оларда шыршалардан, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлері өседі. Биік таулы белдеу шымды-шалғынды, бұталы шалғынды болып келеді. Тау алды мен аласа таулы белдеулерде дала зонасына тән өсімдіктер өседі. Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөріжидек бұталары мол. Жетісу Алатауы мен Тянь-Шань тау жүйесінің тау алды жазықтары шөлге ұқсайды. Оларда эфемерлер мен эфемер тәріздес өсімдіктер (қияқөлең, қоңырбас, көкнәр, қызғалдақ және т.б.) кең тараған. Аласа таулы белдеулер теректі, қайыңды, жабайы ағашты, алма, өрікті, доланалы ормандардан тұрады.

Адамда өзінің іс - әрекетімен өсімдіктерге оң және теріс әсер етеді. Қорғау объектісі  ретінде өсімдіктер дүниесін су, топырақ, жерасты және жерүсті деп бөлуге болады.

 Сулы өсімдіктер суқоймалар  мен оларда өмір сүретін жануарлардың  өміріде үлкен рөл ойнайды,  бірақ адам оларды сирек қолданады.

 Топырақты өсімдіктер дүниесі  – бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтардың  жеке түрлері топырақтың құрылу  процесі мен құнарлылығына әсер  етеді.

 Жер үстіндегі 500 түрі бар  өсімдіктер дүниесі (соның ішіндегі  өсімдіктердің 300 мыңнан астам  түрі) адам пайдаланады және адамның  әсеріне шалдығады.

 Қазіргі уақытта қайта орнына  қайтарылмайтын өсімдіктіер планета  бетінен жойылып кеткенін айту  қиын. Алайда көптеген фактілер 30 мыңға жцық түрлі өсімдіктердің  жойылғанын көрсетеді. Біздің  елімізде 20 мыңға жуық түрі есептелген. Соның ішінде 60 пайызы шабындық  жерлерде өсетіндер болып табылады. 530-дай түрі қазіргі кезде сирек  кездеседі. 

 Үлкен аудандардағы адамның  іс-әрекеті нәтижесінде жабайы  өсімдіктер мәдени өсімдіктермен  алмастырылады, яғни адам өз  көзқарастарында өсімдіктер дүниесін  құрастырып отырады. Өсімдіктер  дүниесіне үй және жабайы жануарлар  әсер етеді. Желінбеген өсімдіктер қозғалмаған түрде қалады немесе жануарлармен тапталып қалады. Жүйесіз жайылымдарды пайдалану жайылымдардың дегенерациясына әкеледі және ылғалды және жел эрозиясына ұшыратады.

 Өсімдіктер дүниесінің өсуіне  өндірістік қалдықтар да үлкен  әсерін тигізеді. Атмосфералық ауаға  түсіп, олар нәтижесінде өсімдіктерде  шөгеді. Өсімдіктердің өсуі 2 есеге  дейін кемуі мүмкін. Кейбір өндірістік  қалдықтар жоғарғы токсикалылығымен  ерекшеленеді және өсімдіктердің  құрғауына әкеледі. Бидайдың түсті  металлургия орналасқан аудандарында  өнімділігі 40-50 пайыз, ал ал олардың  құрамындағы ақуыздың мөлшері  25-35 пайызға төмен. Өсімдіктерді  жою және бүлдіру жиі байқалады.  Мысалы, шабындық жерлердің, басқа  да өндірістік қалдықтармен, қоқыстармен  ластанған жерлер бар. Өсімдіктер  дүниесіне сонымен қатар гүлдерді  жаппай жинау, жүйесіз келулер  мен табиғат аясында демалулар  да әсер етеді.

Жануарлар дүниесінің дамуы

        Жануарлар дүниесінің дамуы жағынан Қазақстан палеоарктикалық-зоогеографиялық облысқа кіреді. Ондағы жануарлар дүниесінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдік жамылғысының даму тарихымен ұқсас. Палеоген дәуірінде Қазақстанды тропиктік және субтропиктік жануарлар мекендеген. Олар Үндістан және Африка жануарларының түрлерімен ұқсас болған. Ал мұз басу дәуірінде жылы климатқа бейім жануарлардың кей түрлері қырылып, біразы жылы жаққа қоныс аударған. Олардың кейбір түрлері Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы, Ұзынқара (Кетпен) жотасы) сақталып қалып, мұз басу дәуірінен кейін қайтадан дамып өскен. Қарақұйрық, жолбарыс, қабан, марал, бұғы, аққұтан, қызылқұтан сияқты жануарлар түрлері осы топқа жатады.

 Мұз басу дәуірінде Қазақстанға  материктің солтүстігінен суыққа  төзімді жануарлар ауысқан. Олардың  кейбір түрлері таулы аудандарда  әлі де сақталған. Оларға тундра  кекілігі, жапалақ, т.б. жатады. Мұз  дәуірінен кейін Қазақстанға  Орталық Азия жануарлары мен  құстары өткен. Оларға құр,  тоқылдақ, самыр- құс, ор қоян  жатады. Кейін олар дала және  шөл зоналарына ауысқан.

Жануарлар дүниесі де биосфераның  құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен  энергия айналымында негізгі  рөл аткарады. Қазіргі кезде жер  бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам  түрі белгілі, олардың ішінде тек  жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.

Жануарларды зиянды және пайдалы деп  тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта  мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы  жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.

     Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

    Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.

Қызыл кітап- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің асыл қазынасы.

"Адамзаттың табиғатсыз күні  жоқ, оны айтуға табиғаттың  тілі жоқ" деп, табиғаттың  тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ,  табиғаттың да тілі бар. Оны  да адамзат қолдан жасады. Ол - Қызыл кітап...

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай  аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл  қызыл түс?

       Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

      Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.

Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап  бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен  мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

     Қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.

        Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.    

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз  жануарларға арналған Қызыл кітабы  жарық көрді. Оған буылтық құрттардың  — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің  —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің  — 85 түрі тіркелген (барлығы  96 түр). Қазір бұларға қоса жеке  облыстардың Қызыл кітаптары  жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет  Алматы облысының жануарларға  арналған Қызыл кітабы шықты.  Бұл кітапқа облыс аумағында  сирек кездесетін жануарлар тіркелген.  Соңғы жылдары шығып жаткан  жануарларға арналған Қызыл кітаптарда  жеке түрлер 5 категорияға бөліп  беріледі:

I—жойылып кету қаупі төнген  түрлер;

II— саны күрт азайып бара  жатқан түрлер;

III—сирек кездесетін түрлер;

IV—толық зерттелмеген түрлер;

V— қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітапқа енген түрлер заң  жүзінде катаң қорғалады.

      Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.

 Ғылыми- техникалық прогресс  адамдардың қолына табиғат әлеміне  әсер ететін күшті құралдар  берді. Бұл құралдар қаншалықты  пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты  қалпына келтіру үшін ұзақ  уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды.  Сыңсыған орманның орнындағы  жанған түбірлер, су шайып өткен  тау беткейлеріндегі жыртылған  жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған  өзендер. Осының бәрі сирек  кездесетін көптеген бағалы аңдар  мен өсімдіктердің құруына әкеп  соғады.

 Табиғатта пайда болған әрбір  түр өзінші бірегей және ешқашан  қайталанбайды, сондықтан да оның  жойылуы - орны қайта толмайтын  нәрсе. Және де бұл жоғалту  қауымдастықтың бүтінділігі мен  табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің  бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан  да қазіргі кезде табиғатты  қорғау мәселесі дүниежүзілік  мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе  бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік  мәселе ретінде қаралады.

Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізімі — Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы - Қызыл кітапқа еңгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте  ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың  қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат  алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген  мемілекеттер ішінде жануарлар мен  өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар  құрылып, сирек кездесетін және құрып  бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

Қазақстанның Қызыл кітабында  сирек және жойылып бара жатқан түрлердің  тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және алтай таулары өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай  мемлекеттік табиғи қорығының аумағында  тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының  ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау  және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Қызыл кітап - бұл қауіп - қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін  білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғаліп  кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты  құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік  ереке қорғауға алынады. Оларды жинауға  тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). қызыл кітапқа  енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді )

1 Қалқан асаймұса 

2 Кәдімгі өрік

3 Шолпаншаш сүмбілі 

4 Көктем жанаргүлі 

5 Линчевский кемпіршөбі 

6 Ірі жапырақты алкор 

7 Аққаңбақтүсті аллохруза 

8 Жұмыр бозтүк 

9 Корольков шаяноты 

10 Мияжапырақ таспа 

11 Шегіршінжапырақ тасжаңғақ және т.б.

СҮТҚОРЕКТІЛЕР

  1. Жоңғар  сальпинготусы 7. Тас сусары

2. Жалман                              8. Шұбар күзен

3. Роборовский  атжалманы 9. Түркістан сілеусіні

4. Сары алақоржын              10. Қазақстан арқары

5. Қызыл қасқыр              11. Алтай арқары

6. Сабаншы 

         ҚҰСТАР

1. Қызғылт  бірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы

2. Бұйра бірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар

3. Жалбағай, қалбағай 20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі

4. Қара дегелек 21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс 38. Лашын

5. Қоқиқаз 22. Қарабас өгіз шағала 39. Тұрымтай

6. Сұңқылдақ аққу 23. Қарамойнақ шағала 40. Үкі

7. Кіші аққу 24. Қарабауыр бұлдырық 

8. Қутұмсық  қаз 25. Ұбақ, қолаңтөс 

9. Қызыл жемсаулы қарашақа 26. Балықшы тұйғын 

10. Қара тұрпан 27. Жыланшы қыран, бүркіт 

11.  Дөңтұмсық  тұрпан 28. Бақалтақ қыран 

12. Ақбас  үйрек 29. Дала қыраны 

13. Алтай  ұлары 30. Қарақұс 

14. Ақ тырна 31. Бүркіт 

15. Ақбас  тырна 32. Ақиық субүркіт 

16. Дуадақ 33. Аққұйрық субүркіт 

17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай 

 БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке

2. Зайсан  батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан

3. Үлкен көз  кесіртке 

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР

 

1.Даната  құрбақасы

БАЛЫҚТАР

1.Таймен                      2. Сылан

 

 Шығыс  Қазақстан облысының Қазақстанның  Қызыл кітабын енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және құрып кету бар  өсімдік түрлерінің тізімі

1. Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр

2. Қыртысты  жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар

Ұсақ торлы жуа – сирек түр

Көп тамырлы жуа – сирек түр

Ақшыл секпілгүл  – сирек, жергілікті түр

Ала күлтелі  қызғалдақ – сирек түр

Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр

Ірі гүлді шолпанкебіс  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр

Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр

 Алтай  рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр

 Ақ тұңғиық,  аққугүл – сирек түр

 Дала  шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр

 Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр

 Көктем  жанаргүлі– сирек түр

 Алтай  гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр

 Қар дәуаяғы  – сирек түр, көне түр

 Сабақсыз  ашықжеміс  – сирек, жергілікті түр

 Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр

 Қызғылт  семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан  бағалы түр

 Алтай  суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр

 Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр

 Павлов  итмұрыны – сирек, жергілікті түр

 Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр

 Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр

 Ақ түкті  таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі

 Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр

 Жіңішке  сабақты таспа – сирек, жергілікті түр

 Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр

 Шыбықша  тиынтағы– өте сирек түр

 Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр

 Алтай  қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр

 Тарбағатай  таушешегі – сирек, жергілікті түр

 Су жаңғақ  — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр

 Еуропа орманоты — сирек, көне түр

 Қылтанды  дәлен– өте сирек, көне түр

 Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр

 Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр

 Саз қазанақ  – сирек түр

 Кәдімгі  аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр

 Ұсақ  жемісті мүкжидек – сирек түр

 Тарбағатай  кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр

 Резниченко  кермегі – сирек, көне, жергілікті түр

 Попов  дембеті – сирек, жергілікті түр

 Тарбагатай  дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр

 Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр

 Тарбағатай  қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр

 Резниченко  рияны – сирек, аз жергілікті түр

 Дауыр бақаауызы– сирек түр

 Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр

 Зайсан  лаксасы – сирек, аз жергілікті түр

 Сафлор  тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр

 Таңдамалы  сушырмауық – өте сирек түр

 Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр

 Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

     

Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрі Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Өйткені шөп  қоры мал жайылымы есебінде бағалы, ал орман өндіріс үшін керекті  материал болып саналады.

 Қазақстан дүние жүзі бойынша  орманы аз елдердің қатарына  жатады. Бүкіл аумағының 11,4 млн  гектар жерін (4,2%) ғана ормандар  алып жатыр. Ол табиғатты тазартуда,  топырақты эрозийдан сақтап, оның  тамырын бекітуде, егіндік-шабындық  жерлерді қорғау мен құм көшкіндерін  бөгеуде аса маңызды рөл атқарады. Ауаны шаң-тозаңнан тазартып, аңызақ  желден, құрғақшылықтан сақтауда  да ормандар мен жасыл өсімдіктер  пайдалы.

Қазақстанның жануарлар дүниесі  казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылкұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы, Үстірт), таулы аудандар (Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань, Қаратау, Ұлытау, Қалба, Сарыарқа) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

       Қорыта келгенде  Қазақстанда өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.

     Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 1. “Қазақ Энциклопедиясы”

2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.


Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер