Қазақстандағы қор биржасы
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі
1.1. Қор биржасының міндеттері
2. Қор биржасының мәні
2.1. Қор биржасының қатысушылары
3. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
2
Кіріспе
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылуда. XVI—XVII ғғ, Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
Ал бұл бағалы қағаздарды саудалайтын орынды биржа деп атайды. Біздің елдегі биржалар 1991 жылдары дүниеге келіп біршама оң нәтижелер берген болатын, кейін бірте-бірте олардың ауқымы тарылып дәл қазір бар болғаны екі биржа ғана қалды. Ал бағалы қағаздар нарығы дамымай отыр. Тек қана Үкіметтің бағалы қағаздарымен саудалар жүреді де қояды. Келешекте олар дамып біздер акциялар сатып алып, дивидендтер алып жүретін шығармыз деп ойлаймын.
1. Нарықтық экономикада қор биржасының қажеттілігі
Бағалы қағаздардың екінші реттегі нарығының қайнаған ортасы қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржалардың пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі ішкі зат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарға ауысуын сипаттайды. Белгілі бір ережелермен сипатталатын ұйымдық құрылымы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
- құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді;
- құнды қағаздар курсын тіркейді;
- акция түрлерімен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды;
- бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын белгілейді. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының механизмін зерттейді.
Бүкіл елдің және жекелеген салаларының іскерлік белсенділігінің экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын қайта бағалауға көмектеседі. Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде мемлекеттік меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастырумен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті басқарады.
Қор биржасы дегеніміз - бағалы қағаздар /акция, облигация/ сатылатын және сатып алатын, өзінінің тұрақты орыны мен жұмыс уақыты бар, қатаң белгіленген тәртіппен тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы мекемесі. Қор биржасы, негізіне шығарылған және айналыста жүрген қағаздарды қайта сататын екінші кезектегі бағалы қағаздар нарығына қызмет етеді. Биржаға биржа коммерциясының мұқият тексеруінен /экспертиза/ өтетін бірінші класты бағалы қағаздар жіберіледі.
Нарықты экономиясының маңызды элементі бола тұра, қор биржасы бағалы қағаздарды сату арқылы уақытша бос ақша құралдарын жинақтап таратуға мүмкіндік жасайды. Биржада бағалы қағаздарды сатып алу - сату биржалық курс негізінде жүзеге асырылады. Биржалық курс - бұл қор биржасында айналыста жүрген бағалы қағаздардың сатылу бағасы. Биржалық курс дивидендтің шамасынан тікелей тәуелділікте, ал қарыз процентінен кері тәуелділікте болады. Оны мына формула түрінде көрсетуге болады:
Ан = 100%
Бұңда, Ан -акция нарқы немесе биржалық курс
Д - дивиденд
КП - қарыз проценті.
Бұл формуланың экономикалық мағынасы мынада: егер акцияны сатып алушы банкте дивидендіне тең кіріс алғысы келсе, банкте акция нарқына тең сома салуына тура келер еді.
Мысалы, акцияның ең төменгі (номинальды) бағасы 100 теңге делік. Ал оған алынатын дивидендтің шамасы - 10 теңге. Қарыз процентінің шамасы - 5 процент. Онда акцияның нарқы немесе сатылу бағасы 200 теңге /A = 10 : 5 ∙ 100% болады. Басқаша айтқанда, биржалық курс соғұрлым жоғары болады, неғұрлым акционерлік кәсіпорынның табыстылығы /рентабельділігі/ жоғары болса. Қарапайым акцияның биржалық курсы облигацияның және артықшылықтарымен пайдаланылатын акциялардың курсына жоғары болады, себебі - ол акциялар бойынша табыстың шамасы алдын-ала белгіленбейді, сондықтан олар коньюктуралық ауытқуларға сезімтал келеді. Тіркелген биржалық курс биржа бюллетеньдерінде жарияланады және мерзімді баспасөзде қайта басылып отырады.
Бағалы қағаздар курсы қозғалысының ең белгілі қорытынды көрсеткіші Доу-Джонс индексі болып табылады. Ол XIX ғасырдың аяғынан бері "Доу-Джонс энд компани" фирмасы жариялап келе жатқан, АҚШ-тың бір топ аса іpi компанияларының акциялар курсының орташа көрсеткіші. Берілген индекс, Нью-Йорк қор биржасының жабылу кезеңіндегі белгілі бір компаниялар тобының (30 өнеркәсіп компаниялары, 15 қоғамдық пайдалану кәсіпорындары, 20 теміржол компаниялары және барлық 65 корпорацияның жалпы орташа көрсеткіші) арифметикалық орташа көрсеткіші түрінде көрінеді. Осындай орташа алты облигациялар тобында да есепке алынады.
Қазіргі кезде 60 –тан астам елде 200-ге жуық қор биржалары бар. Cолтүстік Америкада - 15 биржа (Канаданың 5 биржасын қосқанда), Европада - 100-ден астам, Орталық жене Оңтүстік Америкада - 20 биржа бар, ал басқалары Африка, Азия мен Австралияда. Әрбір өндірісі дамыған елде кем дегенде бір қор биржасы бар. Дүниежүзіндегі 14 іpi биржалардың алтауы америкадағы биржалар болып табылады (1-кесте). Біздің елімізде қор биржаларын құру процесі жаңа ғана басталып жатыр.
1-кесте. Дүние жүзіндегі ірі қор биржалары[1]
Биржалар | Млн. доллар |
Нью-Йорк | 1923,2 |
Токио | 392,3 |
Орталық-Батыстық (АҚШ) | 79,1 |
Лондон | 76,4 |
Осако | 61,8 |
Тынық мұхит | 36,8 |
Торонто | 31,7 |
Америка | 26,7 |
Амстердам | 20,0 |
Париж | 19,8 |
Филадельфия | 17,9 |
Бостон | 14,4 |
Стокгольм | 10,8 |
Монреаль | 7,5 |
Жалпылама тілде айтар болсақ биржаны үлкен тоғанға теңеуге болады. Ал тоғанға әртүрлі жақтан сулар ағып келеді, яғни мұнымен қаражаттарды көзге елестетеміз. Ал тоғаннан ағытылған су әр бағытта ағады, яғни мұныңыз өндірістің әр саласы немесе сол саладағы компания деп топшылаймыз. Қор биржасының осы тоғанның байлауларын (шлюздерін) ашатын су мұраптары олар брокерлер. Иә, мен қор биржасын осылайша түсінемін.
Осы қор биржасында істейтін кейбір компаниялар сауда саттықтың қандай бағытта жиі болатынын және қай шамада баға белгіленетінін біліп байиды. Олардың қатарына «Квантум» хеджер қоры бар атақты бай адам Соросты жатқызуға болады. Немесе әлемдегі байлығы екінші орында болып келе жатқан Уоррен Баффетті атауға болады. Біздің елде оқта текте «Қазақмыс» корпорациясының бағалы қағаздары немесе «Казцинк» бағалы қағаздары сатылып жатады, бірақ бұл сирек әрі біз бақылай алатындай жайда емес. Қор биржалары бізде эмбриональдық күйде десек қателесе де қоймаймыз.
1.1. Қор биржасының міндеттері
Қор биржасының міндеттері:
1. Құнды қағаздар саудасын өткізетін орынды ұйымдастыру, яғни орталықтандыру.
Биржаның қатысушылары сауданың жүйесін және биржадағы көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті.
Биржа тек қана биржадағы сауданы жүргізе білетін емес, сонымен қатар биржа қызметтерінің тиімді орындалуын қамтамасыз ете алатын жоғары мамандырылған персоналды қамту керек.
2. Бірқалыпты биржалық бағаны қалыптастыру. Қатысушылар биржада сауда шарттарымен келісу үшін және оны талдау үшін ғана емес, сондай-ақ құнды қағаздардың тиімді бағасын қалыптастыру үшін жиналады.
Биржа сонымен қатар биржалық саудасы процесінде белгіленген бағаның анықтылығын, сенімді болуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін биржа эмитент пен оның құнды қағаздары туралы баға белгілеу шартын стандарттауы, ақпарат құралымдарын пайдалануы ақпараттардың ашық болуын қамтамасыз етеді,
3. Уақытша бос ақша қаражаттарының аккумуляциясы және меншік құқығын беру.
Биржа құнды қағаз сатып алушыларын тарта отырып эмитенттерге өзінің қаржылық міндеттіліктерінің орнына оларға инвестицияға керекті қаржыларды алуға жағдай жасайды, яғни бір жағынан жаңа қаражаттардың облигациясына бір жағынан меншік иелерін кеңейтуге жағдай жасайды.
4. Биржа саудасының ашық болуын және жариялығын қамтамасыз ету.
Биржа орталықтанған биржалық ақпараттың таралуына жауап береді.
Сонымен қатар ол айналымдағы құнды қағаздардың курсына әсер ететін үкіметтің кез келген шешімдерін алуға және түсініктеме беруі керек.
5. Арбитражбен қамтамасыз ету
Арбитраж — бұл дауларды кедергісіз шешу механизмі. Бұл міндетгі шешу үшін биржа, арбитраж комиссиясын құрады. Оның құрамына биржалық сауданы жүргізу және дауларды шешуде тәжірибелері бар тәуелсіз тұлғалар кіреді.
6. Биржа заңында бекітілген келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
Бұл міндеттерді орындау ондағы айналымдағы құнды қағаздардың сеніміділігін нығайтады.
Биржа айналымына листингтен өткен, талаптарға сай келетін құнды қағаздар жіберіледі. Осы міндеттерді орындай отырып биржа есеп айырысу кезінде делдалдық қызмет атқарады.
7. Биржа саудасына қатысушылардың тәртібі кодексін этикалық стандарттарын реттеу.
Бұл міндеттерді орындау үшін арнайы келісімшарт қабылданады. Бұл спецификалық сөздерді қолдануын және олардың қатаң қолдануын қадағалау жария етіледі, яғни, сауда орны мен тәсілі белгіленеді (биржалық зал, терминал, экран, телефон) сонымен қатар келісімдер жасалатын уақыт аралығы және саудаға қатысушыларға белгілі бір квалификациялық талаптар қойылады. Биржа өңделген стандарттармен тәртіп кодексін қадағалап айыппұл санкцияларын қолдануы керек.
2. Қор биржасының мәні
Бағалы қағаздардың екінші реттегі рыногының қайнаған ортасы қор биржасы. Қор биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып алу, сату ісі жүреді. Бұл биржаның пайда болуы нарықтық қатынастардың дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі шикізат, ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық тауарларға ауысуын сипаттайды.
Биржаның ерекше белгілері.
Белгілі бір ережелермен сипатталатын қызметтері мен ұйымдық құрылымы сауданы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік береді.
Биржа мынадай қызметтер атқарады:
1. Құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді.
2. Құнды қағаздар курсын тіркейді, акция түрлері мен облигацияларға инвестордың қатынастарын жинақтайды. Бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын белгілейді.
3. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының механизмін зерттейді.
4. Бүкіл елдің және жекелеген салалардың іскерлік белсенділігінің экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын қайта бағалауға көмектеседі.
Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде мемлекет меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны ұйымдастыру мен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді. Биржаны биржа комитеті (басқармалар кеңесі) басқарады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың екінші ретті ұйымдастырушысы болып келеді. Қор биржасы БҚН сауда, кәсіби және технологиялық ядро болып табылады.
Классикалық қор биржасы белгілері:
- тіркелген сауда орны бар орталыктандырылған нарық
- бұл нарықта белгілі талаптарға жауап беретін жақсы бағалы қағаздарды таңдау процедурасы бар (элементтің қаржылық тұрақтылығы және ірі мөлшерлері, бағалы қағаздар жалпылығы, сұраным жалпылығы)
- биржа мүшелері ретінде ең жақсы операторларды таңдау процедурасы болуы
- сауданың уақытша регламентінің бағалы қағаздары мен стандартты сауда процедуралары болуы
- мәліметтерді тіркеу орталығы және олар бойынша есеп айырысу
- ресми котировкаларды бекіту
- биржа мүшелерін қадағалау
Қор биржасы жабық АҚ нысанында құрылады және ҚР заңдылығына сәйкес 10 мүшеден кем емес мүшесі болуы керек, олар тек оның акционерлері. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның мақсаты пайда табу емес. Өзін-өзі жабу қағидасына негізделген және өз қызметінен өз мөлшеріне табыс төлемейді. Қор биржасы мүше болуға құқық беретін меншік акцияларын сата алады.
Қор биржалары ҚР заңдылықтарына сәйкес тіркеледі және бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиядан бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге лицензия алады.
Қор биржасының мүшелері негізгі міндеттері бағалы қағаздармен әрекеттерді жүзеге асыру кіретін инвестициялық институттар мен мемлекеттік атқару органдары кіреді. Қор биржасында әрекеттер тек оның мүшелерімен ғана жүзеге асырылады. Олардың тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату брокерлермен және дилерлермен жүзеге асырылады.
Брокерлер — мәміле жасаудағы делдалдар — тапсырма бойынша жоне осы үшін белгілі төлем (куртаж) ала отырып клиенттері есебінен әрекет етеді.
Дилерлер — өз аттарынан және өз есептеріне бағалы қағаздарды сатып алу — сатумен айналысады: жеке фирмалар, банктер, жеке тұлғалар - қор биржасының мүшелері.
Қор биржасының қаржылық қызметі есебінен жүзеге асырылады:
- оның мүшелігіне кіруге құқық беретін қор биржасы акцияларын сату,
- биржа мүлкін пайдаланғаны үшін қаражаттар,
- ақпараттық, кеңес беру және т.б. қызметтер үшін қаражаттар.
Биржа табыстары оның қызметтерін жүзеге асырумен, оның қызметін кеңейтумен және жетілдірумен байланысты шығындарды жабуға бағытталады.
2.1. Қор биржасының қатысушылары
Қор биржасы жабық биржа болып табылады. Сондықтан биржадағы құнды қағаздар саудасын оның мүшелері ғана жүргізе алады. Қор биржасы мүшелері болып заңды және жеке тұлғалар табылады. Егер қор биржасының акционерлік қоғам ретінде ұйымдастырылған болса, онда оның мүшелері тек акционер бола алады.
Биржаға жаңа мүшелерді қабылдау биржа жарғысыңда анықталады. Кейбір биржалар биржа мүшелерінің санын шектемейді.
Қор биржалары үшін оның барлық мүшелері бірдей, яғни онда әртүрлі категориялары мүшелер болмайды.
Ал шетелдік қор биржаларының тәжірибелерінде биржа мүшелері әр түрлі категорияға бөленеді. Мысалы; Халықаралық Лондон қор биржасының мүшелері үш категорияға бөлінеді:
1. Бірінші категорияға дилер, не брокер немесе бір уақытта брокер де, дилер де бола алатын биржа мүшелері жатады.
2. Дилераралық брокерлер. Оларға нарықта бір-бірімен жасырын түрде қарым-қатынас жүргізгісі келетін нарықтың қатысушыларына делдалдық қызмет көрсететін фирмалар жатады.
3. Ақша брокерлері. Олардың негізгі қызметтері нарықтың қатысушыларына құнды қағаздарды қарызға береді.
Биржа мүшелеріне қойылатын талап, биржаның өзінен де талап етіледі.
Биржа мүшелеріне қойылатын және биржаға қойылатын талаптар:
1. Биржа жарғысын және басқа да нормативті құжаттардың болуы керек.
2. Нормативті құжаттарда және жарғылық қорда көрсетілген әдістер мен тәсілдерге салымдарға, жарналарға қосымшалар енгізіп отыру.
3. Биржа мүшелері биржаның іскерлік қызметтеріне өз үлестерін қосулары керек.
3. Қазақстанда қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Биржалық қозғалыстың даму тарихы 100 жылдан астам уақытты қамтиды. Қазақстанда алғашқы тауарлар биржалары 1991 жылдың бас кезінде дүниеге келді. Бағаны реттеу босатылған соң рынок аласапыран күйге түсті. Ондай жағдай демпингке, әкімшілік өктемдікке, айла-шарғылы саудаға басқа да келеңсіз жағдайларға әкеліп соқты. Рынокқа қатысушылардың көпшілігі биржалық сауда тәртібі жеткілікті білмегендіктен зиянға қалды немесе өз қызметтерінен тиісті пайдасын ала алмады. Республика биржалары өз қызметтерін Қазақстан рыноктарында бар тауарлардың барлық түрімен сауда жасаудан бастады, ал кейін бірте-бірте тауар түрлері бойынша биржалық топтарға маманданды. Сонымен бірге үкімет те өркениетті рынок құру жөнінде бірқатар, қадам жасады. Мемлекеттің биржалық сауданы ұйымдастыру есебінен алған үлкен экономикалық пайдасы ішкі және сыртқы сауданы, тауар биржаларының қызметін реттейтін бірнеше заң актілерінің қабылдауға маңызды фактор болды. Шындығына келгенде объективті нарықтық баға нақ осы биржада қалыптасады, тек биржа ғана ауыл шаруашылық өнімдері, сондай-ақ кейбір өнеркәсіптік тауарлар рыногында бизнеспен айналысатындардың бәріне қалыптасқан жағдайда еркін және дер кезінде бағдар ұстауға мүмкіндік береді. Сол тоқсаныншы жылдары биржалардың облыстарға жанар-жағармай, газ, құрылыс материалдарын, машиналар мен құрал-жабдықты, азық-түлікті адал бәсекелестік пен еркін баға белгілеу шарттарымен орталықтандырылған түрде беруге нақты мүмкіндіктері болды. Мұның өзі сатып алу бағасын төмендетуге ықпал етті. Сол кезеңде Қазақстан биржалары алдында биржа ісін ұйымдастыруда, биржалардың пәрменді бірлестіктерін құруда қол жеткен шептерді сақтап қалу міндеті тұрды. Олар өздері бірігіп Қазақстанның биржа одағын құрды. Оның дүниеге келуіне бастамашы болған халықаралық Қазақстан агро өнеркәсіп биржасы, Оңтүстік Қазақстан Жібек Жолы тауар биржасы, Қостанай Астық тауар биржасы, Ақтөбе «Көкжар» тауар-шикізат биржасы, Батыс Қазақстан «жайық» әмбебап биржасы – барлығы 14 құрылтайшы болды. Биржалық қызметтегі келешегі зор бағыт фьючерстік рынокты дамыту болып табылады. Ол өнімнің, құнды қағаздардың болашақтағы бағасын және валюта бағамын күтпеген ауытқулардан сақтандыруға мүмкіндік береді. Фьючерстік биржа бағалап рыногын көрсетеді, ол биржалық бағаға және де белгілі бір таулармен жасалған нақты мәмілелердің кесімді бағасына, сақтандыру арқылы елеулі ықпал етеді. Фьючерстік биржалар - өзіндік қаржы орталықтары, олардың дамуы қаржы капиталының күшеюіне алып келеді. Нақты биржалық қызмет жүргізбейтін ұсақ биржалар құру өркениетті рынокты бүлдіреді, тұтас алғанда республикадағы биржалар қозғалысқа көлеңке түсіреді. Қазақстанның биржа одағы биржалық рынокқа қатысушылардың мүддесін білдіріп оларды қорғауды мақсат етті.
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасынан тыс рыноктың баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдарды ұйымдастырады. Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылардың құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидасына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады. Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функциялардың жүзеге асырады. Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде 10 мүшесі болуы тиіс. Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногындағы қызметінде мемлекеттік органға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айырықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыруымен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларының орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді. Қор биржасының кірісі негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымнан, биржаның акцияны сатудан түскен қаражаттан оның ақпараттық, консультациялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің функцияларын жүзеге асырумен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығысты жабуға бағытталады. Биржа негіз қалаушы қағидасы бағалы қағаздан рыногының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
Қазақстанда "Бағалы қағаздар айналымы және биржасы туралы" заң қабылданды. Онда бағалы қағаздардың жалпы құқықтық, ұйымдық шарты, шығару тәртібі және айналуы, қор биржалары жұмысының негізгі принциптері белгіленген. Бірінші қор биржасы Алматы орталық қор биржасы деген атпен 1991 жылдың сәуір айында ашылды.
Акционерлік қоғам - өздерінің ресурстарын орталықтарын немесе тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару жолымен жұмылдыратын кәсіпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың ерікті бірлестігі. Бұндай қоғамдар өздері қабылдаған жарғының негізінде жұмыс жасайды және кез-келген шаруашылық саласында құрылуы мүмкін. Қоғамның жұмысына басшылық жасау басқармамен, бақылау кеңесімен, директорлар кеңесімен және басқада ұжымдық типтегі органдармен жүзеге асырылады. Басқарудың жоғарғы -- органы акционерлік жиналысы болып табылады. Бұл жиналыстырда әрбір акционер дауыс құқын беретін өзінде бар акциялардың сомасына пропорционалды дауыс санын иеленеді. Іс жүзінде акционерлік қоғамдарды акциялардың біршама көпшілігін иеленетін ірі кәсіпкерлер (капитал иелері) толық билейді. Акционерлік қоғамда үстемдік етуге мүмкіндік беретін акциялардың санын (оның 50 проценттен астам болуы міндетті емес, қазіргі кезде акционерлік қоғамға мүшелікке тартылушылардың көптігіне қарай акцияның, 15-20 проценті жеткілікті).
Қор биржасы Ұлттық комиссияның[2] келісімімен бағалы қағаздар бойынша оларды саудаға — листингке босату, сонымен қатар саудадан шығару — делистинг тәртібін бекітеді.
Қор биржасының негізгі қызметтері:
1) бағалы қағаздардың нарыққа дейінгі тұрақтылықтарын анықтау үшін экспертизасы,
2) бағалы қағаздармен әрекеттер концентрациясы, сұраным мен ұсынымды салыстыру арқылы нарықтық бағаларын анықтау (котировка),
3) бағалы қағаздармен мәмілелер, эмитенттер бойынша ақпараттар,
4) капиталды тиімді салаларға орналастыру жолымен нарықтық конъюнктураны реттеу, ол экономиканың тұрақтылығы мен динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз етеді.
Қор биржасы – бағалы қағаздарын бірқалыпты айналысы, олардың нарықты бағаларын анықтау және олар туралы ақпараттар тарату үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым.
Қазақстандағы құнды қағаздар рыногы бес жылға жуық уақыт ішінде классикалық цикл заңдары бойынша: жоғары белсенділік танытудан белсенділіктің күрт төмендеуіне әкеліп соққан заң бойынша дамыды.
Осы процесті мемлекеттік қолдаумен бірге, белгілі бір субъективтік факторлардың арқасында биржалық сауданы дамытудың объективтілік қажеттілігі 1991—1993 жылдар арасында бірнеше ондаған тауар, тауар-шикізат және қор биржаларының құрылуына жағдай жасады. Бұл кезең ішінде өткізілген сауда-саттық жасалған келісімдер, биржаның сауда айналымдары санының тұрақты түрде өсу динамикасымен ерекшеленеді. Алайда, 1993 жылдың өзінде-ақ бұл процесс кері сипатқа ие бола бастады: Биржалар мен брокерлік кеңселердің саны қысқара бастады, келісімдер саны азайып, биржаның сауда айналысы күрт төмендеп кетті. Осы саладағы қалыптасқан дағдарыс құбылыстары, басы артық және тиімсіз жүмыс істейтін биржалардың қысқаруына әкеліп соқты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының құнды қағаздар рыногында екі биржа: Қазақстан Банкаралық Валюта - қор биржасы (ҚБВҚБ) және Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істейді. Екі биржаның да сауда көлемі әзірге болымсыз мөлшерде. Құрылғаннан бері жұмыс істеу кезеңі ішінде жалпы келісімдердің саны 85, келісімдердің жалпы сомасы 794 млн. 167 мың 772 теңгені ғана құрады.
Қазақстан Банкаралық Валюта - қор биржасын Қазақстан Республикасыньң Қаржы министрлігі 1995 жылғы 30 маусымда Жарғылық қоры 40 млн. 920 мың теңге мөлшерінде, құрылтайшылар саны 16 банкіден тұратын жабық үлгідегі акционерлік қоғам ретінде тіркеген болатын. Соның ішінде жарғылық қордағы қаржының 32 процентіне ие Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі де бар. Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімімен ҚБВҚБ-ға құнды қағаздар рыногында биржалық қызмет жүргізу құқығы, сондай-ақ Ұлттық комиссия бекіткен ережеге сәйкес Мемлекеттік Қазына вексельдерімен (МҚВ) биржалық сауда жасау құқығы берілді. Мемлекеттік қазына вексельдерімен тұңғыш сауда 14 қарашада өтті және оның көлемі 6 мың данадан тұратын 583 мың 900 теңге сомасына бағаланады. 1996 жылғы бірінші ақпанға дейін барлығы 5 млн, 496 мың 810 теңгеге 60 мың вексель сатылды. Қазыналық міндеттемелермен операциялар 1995 жылдың 15 қарашасынан бастап жүргізіліп келеді және 1996 жылдың ақпанына дейін жалпы көлемі 42 млн. 198 мың 750 теңгеге тұратын 45 мың дананы құрайды. Мемлекеттік құнды қағаздар бойынша барлық сауда айналымы 47 млн. 636 мың теңгені құрайды. Сауда көлемі көрсеткіштерінің мұншалықты төмен болуына әсер ететін екі факторды атап көрсетуге болады:
1) мемлекеттік құнды қағаздар бойынша есеп айырысу жүйесінің жеткілікті жасалмауы;
2) Банктердің қайталама рынокта операциялар жүргізуге аз. мүдделі болуына әкеліп соқтыратын МҚВ-ның жоғары табыс әкелетіндігі.
Құнды қағаздар бойынша негізгі операциялар көлемі 1995 жылы ОАҚБ-да жүзеге асырылды. Бұл биржа өркениетті рынокты дамыту үшін тиісті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының іскер топтарының бастамасымен 1994 жылғы желтоқсанда құрылған болатын. ОАҚБ-ның мемлекеттік және корпоративтік құнды қағаздармен биржалық қызмет жүргізуге Қазақстан Республикасының құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының лицензиясы бар. Биржа әрқайсысының номиналдық құны 20 мың теңге тұратын, 200 акциядан құрылатын төрт млн, теңгелік Жарғылық қаржысы бар жабық үлгідегі акционерлік қоғам болып табылады. Оның акционерлері - 120 заңды тұлға, негізінен бұлар аса ірі банктер, компаниялар және фирмалар. ОАКБ-ның Қарағандыда, Шымкентте, Павлодарда, Ақмолада аймақты бөлімшелері бар.
Өткен кезең ішінде құнды қағаздар рыногының қызметіне қатысты бірнеше заңдар қабылданды.
Ал Қазақстан Республикасының Үкіметі Қор биржасы арқылы кәсіпорындар мен банктердің акциялардың мемлекеттік пакетін сату туралы бірнеше қаулы қабылдады. Бұл факторлар сауда ережелеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу қажеттілігін туғызды:
- сауда өткізу мерзімдері ұзартылды;
- лоттарды ұлғайтуға мүмкіндік жасалды;
- келісім шарттарды аяқтау процедурасына толықтырулар мен анықтамалар енгізілді;
- комиссиялық алымдардың мөлшері бекітілді
- құнды қағаздар листингі туралы ережелер өзгертілді
ОАҚБ жақын және алыс шетелдердің қор биржаларымен тұрақты түрде байланыс жасап отырады.
Биржада барлық қазіргі заманғы және халықаралық стандарттарды сақтау жөніндегі жұмыстар (листинг талаптары, сауда жүргізу ережелері, клирингтік операциялар және келісім шарттарды аяқтау талаптары) жүргізіледі.
Қор рыногын бұдан гөрі терең және бүге-шігесіне дейін зерттеу үшін биржа саудасының негізгі көрсеткіштеріне талдау жасалынады.
Қазіргі кезде ОАҚБ-да операциялар жасауға 35 брокерлік кеңсеге рұқсат берілген. Олардың ішінде 13-і банк құрылымдарының өкілдері. Шетелдік фирмалар атынан үш брокерлік кеңсе өкілдік етеді. Өткен жылы бірнеше компания брокерлік фирмалар тізімінен шығып кетті. Олардың орнына басқа компаниялар келді. Жалпы қарағанда брокерлік кеңселердің саны өскендігін байқаймыз.
Алайда брокерлік кеңселер мен қор биржаларына деген қызығушылықтың әлі де аз екендігін айтуға тиіспіз. Құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының деректері бойынша, 1995 жылы 896 акционерлік қоғамның сомасы 30 мьң теңгеден астам акцияларының эмиссиясы тіркелген, әйтсе де, олардың көпшілігінің брокерлік кеңселермен және биржалармен ешқандай қатынасы жоқ.

- Қазақстандағы металлургия
- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары
- қазақстандағы нарық
- Қазақстандағы орталықсыздандыру
- Қазақстандағы өндірістік кооперативтің дамуы
- Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
- Қазақстандағы православие
- Қазақстандағы корей инвестициясы $2 млрд. асқан 5-Ақпан
- Қазақстандағы көмір өндірісі
- Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның айшықты бейнесі
- Қазақстандағы қазба байлықтары
- Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
- Қазақстандағы қаржы жүйесі
- Қазақстандағы қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қоғамдағы орны