Қазақстандағы қазба байлықтары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Тақырыбы: «Қазақстандағы қазба байлықтары»
Орындаған: Мансұр Н.М
Тексерген: Қуандықова Э.М
Алматы 2014
Жоспар
Кіріспе3
1.Қазба байлықтар – халқымыздың байлығы4
2.Қазақстандағы қазба байлықтары 6
3. Пайдалы қазба байлықтардың түрлері 12
4.Қазба байлықтарын тиімді
5.Қазба байлықтарының қазіргі жаздайы мен болашағы14
Қорытынды17
Қолданылған әдебиеттер18
Кіріспе
Біздің еліміз қазба байлықтарына
өте бай. Қазақстанда Менделеев кестесінің
барлық дерлік элементтері бар. Пайдалы қазбалар қолдануына
қарай үшке бөлінеді: жанғыш пайдалы қазба, кенді
пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы
қазба. Жанғыштарға - тас көмір, қоңыр көмір,
мұнай, газ,
кенді - алюминий, мыс, қорғасын,
күміс, мырыш, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
- ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент. Пайдалы
қазбаларды геологтар зерттейді. Қазақтың
тұңғыш геологі ол - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Жанғыш пайдалы қазбалардың қатарына
тас көмір жатады.
Тас көмір - ең көп өндірілетін
пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің
қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен
орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан
көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл
қалдырмай түгел жанып кетеді.
Кенді пайдалы қазбалар орталық
Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе,
Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары
әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге,
құрылыс материалдары үшін өте қажетті.
Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен
дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың
бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит
ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі
ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады.
Тас көмір-Қарағанды, Екібастұзда, мұнай-
Атырау, Ақтау, Орал өңірінде, газ- Ақтау,
Орал облыстарында, алюминий- Арқалықта,
мыс кені- Жезқазғанда, ас тұзы- Қызылорда,
Павлодар, Алматы өңірінде, темір кені-Қостанай
өңірінде, фосфорит- Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
бар.Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз
арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
Менделеев кестесіндегі 105 элементтің
99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында
бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген.
Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан
Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында:
күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден
бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель,
фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші,
ал алтын өндіру жағынан үшінші орында
тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі
қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна
мұнай өндіріліп отырады екен.
- Қазба байлықтар – халқымыздың байлығы
Қазақстанның жерінде пайдалы қазбалар бар. Қазақстанның жері кең — байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды, қазба байлықтарын пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Қазба байлықтарын игеруге жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген қазба байлықтары (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
Қазақстан жер қойнауының пайдалы қазбаларға тұнып тұр, көмiр, темiр кен орындарындағы қорлар кем дегенде 300 жылға жеткiлiктi.
Қазба байлықтары да орны толмас табиғат ресурстарына жатады. Оларды тасымалдау және өңдеу, қазып шығару кезінде өте үнемді қолдану керек. Қазба байлықтарын қазу орындарында қазылған жер ландшафтарын қайта орнына келтіру жұмыстарына да көп көңіл бөлінуін қадағалап отыру қажет.Топырақтың бұзылуы, эрозиясының тоқтауы және эрозияға ұшыраған топырақтың қайта қалпына келуі өте көп еңбекті, үлкен қаржыны, шығынды қажет ететіндігін үнемі есте сақтау қажет.
- Қазақстандағы қазба байлықтары
Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.
Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында. Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды. Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.
Қазақстанның жер қыртысы мұнаймен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.
Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.
Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.
Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.
Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22 %. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі.
Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Қазақстан түсті, бағалы және сирек металдардың көптүрлілігімен, байлығымен сипатталады.
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланады.
Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге, Қарағайлыда, Кентауда жәие т.б. жұмыс істейді.
Полиметалл кендерінің құрамында қорғасын мен мырыш немесе мыс пен мырыш немесе қорғасын мен мыс немесе тек мырыш болады.
Сарыарқада Атасу тиіндегі полиметалл кендері Қарағанды және Жезқазған облыстарында орналасқан. Комплексті, қосымша компоненттері бар кен орындары Балқаштың солтүстігінде орналасқан. Бірнеше полиме-талл кендерінен біреуі ғана — Ақжол іске қосылған.
Қаратауда Ақсайдан басқа Аралтау, Ақсоран, Байжансай кен орындары бар. Жоңғар Алатауында Текелі, Көксу, Суықтөбе, Орталық Суықтөбе және т.б. кен орындары іске қосылған.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған.
Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металдар Қазақстан жерінде кеңінен таралған.
Вольфрам мен молибденнің өнерк
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Көкшетау облыстарының гранитті шөгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышты және мыс кендерінде кездеседі. Сураманың бірден бір кен орны (Торғай) Акмола облысында орналасқан.
Сынап Шар ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасынды-мырышты, мысты кен орындарында орналасқан. Кадмийді концентраттардан өндіреді.
Галий Амангелді және Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, Майқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мыс кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряноск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Маңайының, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен, Саян, Қоңырат, Бозшакөлдің, Шатыркөл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Сирек металдардың қасиеттері мен алыну технологияларын меңгеруде үлкен еңбек сіңірген ғалым, ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А. Букетов.
Қазақстанның үлесіне уранның дүниежүзілік қорының 25,7 проценті тиеді (3,5 млн. тоннаның 900 мың тоннасы). Уран кен орындары Созақ ауданында, Маңғышлақта, Қордайда, Атбасар ауданында және Көкшетаудың бірқатар ауданында орналасқан.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларга да бай. Калий тұздары маңызды химиялық және агрохимиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бөлігінде, Жайық—Жем аймағында орналасқан.
Полиметаллдық кендермен әдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын полиметаллдық кендерден 1,1—1,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат өндіріледі.
Фосфориттерінен Қаратау баурайы (барланған кен орны бар) және Ақтөбе тобы (8 кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары Р2О5 үлесі 23-26, кейде 30%, ал Ақтөбелік фосфорқорытпа 6,1—14,1%-ға дейін ғана.
Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі.
Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы өндіріледі. Ақтөбенің маңынан күкірт кен орны табылған.
Флориттің айтарлықтай бай қоры Оңтүстік және Шығыс Тасқайнарда табылған.
Ac тұзы 20 көл мен 2 кен орнында өндіріледі. Қазақстанда жылына 1 млн. тоннаға жуық тұз өндіріледі. Ол Қазақстанның, Орта Азия республикаларының және Батыс Сібірдің сұранысын толық қамтамасыз етеді. Индердің тастұзы, Жамантұз және Тайқоңырдың тұздары сода өнеркәсібінде қолданылады.
Синтетикалық каучук, кальций карбидін өндіру әктастың есебінен жүзеге асырылады.
Жетіқара асбест кен орны Қазақстандағы ірі кен орындарына жатады. Асбест талшығының қоры Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.
Каолин кен орындары Ақмолада, Қаражігіт, Қордай, Алексеевка, Елтай және т.б. жерлерде. Олардың негізінде Алексеев каолин комбинаты жұмыс істейді.
ЬІстыққа төзімді саз Амангелді, Арқалық, Май кен орындарында өндіріледі.
Доломит Алексеев, Қарабауыр, Сарықұм кен орындарынан шығарылады.
Кварциттер Ерейментау, Тектұрмас, Мұғалжар, Жаңа Осакаровск кен орындарында өндіріледі.
Цемент шикізатының 37 ірі кен орны бар. Олар-М11- ішінде Қазығұрт, Састөбе және т.б. атауға болады. Бұл кен орындарының негізінде Қазақстанірі цемент зауыттары жұмыс істейді. Америкалық шикізат Ақмола, Қапшағай, Көкшетау фосфор зауыттарының, Ақмола керамика комбинаттық қажеттілігін қамтамасыз етеді. Көктөбе Төрген кен орындарын атауға болады.
Шыны өндірісіне жарамды құм Мұғалжар, Қалқан және Каратөбе кен орындарында өндіріледі.
Қазақстанда қоры 11 кен орнында шоғырланған.
Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы, Екібастұз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
Өскемен зауытында минералдың мақта өндірісінде фосфорит, туф, базальт қолданылады.
Құрылыста пайдаланылатын құмның қоры 88 кен орындарында шоғырланған. Силикаттың кірігіш өндіруге 32 кен орнының құмы, кәдімгі өндіруге 121 кен орнының құмы қолданылады.
Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті.
. Қазақстан жер қойнауындағы басты байлық – түсті және қара металдар: мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец рудалары, хромиттер. Республикада сондай-ақ, тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай мен газ, фосфориттер, ас тұзы мен асбест көп. Жалпы алғанда, Қазақстан жер қойнауында 90-нан астам пайдалы қазбалардың түрі бар. Менделеевтің периодтық кестесіндегі элементтердің республикада табылмағаны жоқ деуге болады. Экологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанда, осынау пайдалы қазбалардың өте маңызды ерекшелігі сол, олар көбінесе, жер бетіне жақын жатады, және сондықтан карьерлерден ашық әдіспен арзан алынады. Қазба қорларының молдығымен және сан алуандығымен кенді Алтай, Қаратау, Мұғаджар таулары, Торғай жазығы мен Маңғыстау түбегі ерекше көзге түседі. Қазақстанның дәлелденген газ қоры 2009 жылдың басында 1,82 трлн м³ (BP бағалауы бойынша), ол әлемдік қордың 1,7% -ын құрайды. Республика әлемдегі барланған уран кен орындарының қоры бойынша әлемде екінші орын алады, Қазақстан кен орындарында 1,69 млн тонна уран бар.
3. Пайдалы қазба байлықтардың түрлері
Жер байлықтарының бастысы-
пайдалы қазба байлықтар.
1.Отын-энергетика ресурстары-мұнай,
газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран
т.б.
2.Кен ресурстары-темір және
марганец рудалары, хромит, мыс, боксит,
қалайы.
3.Тау-химия шикізаттары-апатит,
фосфорит, калий, ас тұзы,күкірт т.б.
4.Табиғи құрылыс материалдары,
минералды руда емес табиғи қазбалар-мрамор,гранит,азот, алмаз.
5. Су минералды ресурстары-жер
асты тұщы сулары мен минералды.
Пайдалы қазбалар қолдануына
қарай үшке бөлінеді: жанғыш пайдалы қазба, кенді
пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы
қазба. Жанғыштарға - тас көмір, қоңыр көмір,
мұнай, газ,
кенді - алюминий, мыс, қорғасын,
күміс, мырыш, кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
- ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент.
Тас көмір - ең көп өндірілетін
пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің
қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен
орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан
көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл
қалдырмай түгел жанып кетеді.
Кенді пайдалы қазбалар орталық
Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе,
Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары
әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге,
құрылыс материалдары үшін өте қажетті.
Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен
дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың
бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит
ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі
ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады.
Тас көмір-Қарағанды, Екібастұзда, мұнай-
Атырау, Ақтау, Орал өңірінде, газ- Ақтау,
Орал облыстарында, алюминий- Арқалықта,
мыс кені- Жезқазғанда, ас тұзы- Қызылорда,
Павлодар, Алматы өңірінде, темір кені-Қостанай
өңірінде, фосфорит- Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
бар
- Қазба байлықтарын тиімді пайдалану – негізгі бағыт
Қазақстандағы табиғи қазба байлықтарын тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. Қазба байлықтарын игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды.
Табиғи қазба байлықтарды дұрыс пайдалануды мемлекет тарапынан басқару тұтас әлеуметтік құбылыс ретінде, жалпы қоғамды басқарудағы кең ауқымды жүйенің бір бөлігі болып саналады. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғау және пайдалану саласында басқару органдарының пайда болуы мен дамуы, өзіндік ерекшелігі бар құрделі объектімен яғни табиғатпен байланысты. Онда осы басқарушы органдардың дұрыс қызмет атқаруы мен әрі қарай дамуы, негізінен, қоғамдық процестерді басқарудағы міндеттер мен максаттардың жүзеге асырылуына тәуелді болады. Әдетте мәселенің осы қырына көңіл бөлінбейді. Зерттеушілердің көпшілігі жер, су, орман және тау-кен ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың негіздерін қарастырады. Сөйтіп табиғат қазба байлықтарын пайдаланудағы басқару мәселелерін өзіндік ерекшелігі бар тұтас жүйе ретінде табиғаттың сипаты мен ерекшеліктеріне байланыстырып айтады. Осыған сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқарудың қажеттілігі туралы тұжырым осы басқарушы жүйенің қажеттіліктерінде ғана негізделген. Түптеп келгенде, мұндай көзқарас негізінен дұрыс болғанымен, табиғи байлықтарды ұтымды басқаруды бір жақты етіп көрсетеді. Қоғам өмірінің басқа салаларындағыдай, қарастырылып отырған қатынастар саласын басқару да қоғамның қалауы мен мүдделеріне тікелей байланысты.
Табиғат байлығын, яғги қазба байлықтарын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе – теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи ортамен ондағы өндірістің даму тепе –теңдігі сақталуға тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет
- Қазба байлықтарының қазіргі жаздайы мен болашағы
Бірінші кезекте
пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау жұмыстарын
болжаудың стратегиясы мен тактикасын
қайта қарау қажет. Тек уақыттан оза дамыған
геология ғылымы ғана жаңа кеніштерді
ашудың сенімді болжамды қорын негіздеп,
сарқылып бара жатқан минералды шикізат
қорларының орнын толтыруға, оларды қоршаған
ортаны қорғау нормаларын сақтай отырып
тиімді пайдалануға мүмкіндік туғыза
алады. Өкінішке қарай, бүгінгі күні геологиялық
ғылымның кадрлық, ғылыми және шығармашылық
әлеуетін белгілі бір деңгейде сақтап
қалғанымызбен, қаржыландыру мәселесінде
біраз қиындықтар бар екені сыр емес. Сондықтан
мемлекеттік құрылымдар, ғылымды ұйымдастырушылар
жер қойнауындағы бар байлықты қоғамның
игілігіне жұмсаумен айналысатын ғылымның
осы саласын жетекші басым бағыт ретінде
айқындап, оған деген назарды күшейтуі,
барлық күш пен мемлекеттік ақыл-ойды
оның шығармашылық әлеуетін толық ашуға
жұмылдыруы керек. Жер қойнауы байлықтарын
тиімді және кешенді пайдалану оның құрамындағы
пайдалы құрамдас бөліктерді толық және
кешенді шығарумен қамтамасыз етіледі.
Ал республикамыздың минералды-шикізат
базасы болжамды қорларда айқындалған
әртүрлі қазба байлықтардың жаңа кеніштерін
ашу бойынша үлкен әлеуетке ие. Мұндағы
түйткілді мәселе - жеңіл ашылатын кеніштер
қорының азаюы, пайдалы қазбалар сапасының
төмендеуі, білікті мамандардың жетіспеушілігі,
салаға 35 жасқа дейінгі жас мамандардың
келуінің күрт кеміп кетуі, геология саласындағы
ғылыми-зерттеулерді қаржылай қолдаудың
төмендігі болып тұр.
Жалпы, геология саласындағы ғылыми-зерттеулер
еліміздің минералды-шикізат базасының
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
шикізат қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселелерін шешудің маңызды шарттары
саналады. Олар ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін ескере отырып, Қазақстан
Республикасының минералды-шикізат базасын
нығайтуға бағытталған геология ғылымы
дамуының теориялық негіздерін қалауы
тиіс.
Еліміздегі геологиялық
зерттеулер негізінен екі бағытта жүріп
жатыр. Іргелі зерттеулер геология саласының
негізгі ауқымды мәселелерін: рудотегін
және рудошоғырлану, кен орындарының терең
жер қойнауындағы үдерістермен байланысын
ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттейді.
Екінші бағыт - геология саласындағы қолданбалы
зерттеулер, еліміздің минералды-шикізат
қорларының орнын толтыру, пайдалы қазбаларды
іздеудің тиімді әдістерін, геологиялық
барлау жұмыстарын жүргізудің жаңа технологияларын
әзірлеу және жетілдіру мәселелерін айқындау.
Бір айта кетерлік
жайт, қазіргі кезде іргелі ғылым мен қолданбалы
ғылыми-зерттеулер арасындағы айырмашылық
бірте-бірте жойылып барады. Соңғы үш жылда
біздің институт «Қазақстанның минералды-шикізат
базасының келешегін бағалау үшін геология
мен минерагенияның теориялық негіздерін
әзірлеу» атты іргелі зерттеулер бағдарламасы
бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл бағдарлама
өңірлік геология мен минерагения, мұнай
мен газ геологиясы және минералды-шикізаттарды
зерттеудің физика-химиялық әдістерін
қоса алғанда бірнеше бағыттарда орындалды.
«Жақсының жақсылығын
айт, нұры тасысын» демекші, Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменді шараларының
арқасында геологиялық барлау саласы
мемлекет назарынан тыс қалған емес. Мысалы,
1998 жылы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
даму стратегиясын одан әрі іске асыру
жөніндегі шаралар туралы» Елбасы Жарлығына
сәйкес, Қазақстан геологтары Минералды-шикізаттық
кешен қорының базасын дамытудың ұзақ
мерзімді стратегиясын дайындады. Еліміздегі
Жер қойнауының байлығын орынды пайдалану
және қорғау - осы стратегияның негізі
саналады. Оның жүзеге асырылуы геологиялық
сала мен минералды-шикізаттық кешеннің
кезең-кезеңмен дамуын, басқаша айтқанда,
пайдалы қазбалардың шығарылуы мен олардың
толыққанды әрі нақты есебін алуды, минералды-шикізаттық
базаны, жер қойнауын, оны пайдалануды,
сондай-ақ қауіпті геологиялық үрдістерді
бақылауды қамтамасыз етуден бастап, жер
қойнауын алдын ала геологиялық зерттеуді
толық қамтамасыз етуге дейінгі жұмыстардың
бәрін толық қамтиды.
Геология саласының алдында тұрған басты
міндеттерді атқару мақсатында өткен
жылы Елбасының тікелей тапсырмасымен
«Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау
компаниясы» акционерлік қоғамы құрылды.
Бұл да осы салаға ең жоғары деңгейде көңіл
бөлініп отырғанының айқын дәлелі емес
пе?! Бүгінде аталмыш компания қазба байлықтарға
жоспарлы түрде аймақтық геологиялық
зерттеулер жүргізіп, болжамды қорды бағалау
мен кен орындарын анықтау бойынша белсенді
жұмыстар атқаруда.
Кейінгі кездері
геология саласында жер бедерін ғарыштан
зерттеу әдісі үлкен маңызға ие болып
отыр. Осыған орай қазірдің өзінде алтын,
бірқатар сирек металдар қорын ғарыштан
анықтауға арналған тиімді әдістер әзірленді.
Сондай-ақ Қазақстан және Ресей патенттерімен
заңдастырылып, кен көздерін ашуда қолданылатын
әлемде теңдесі жоқ бұрғылау, қазу техникаларының
қатары да бүгінде толыға түсті. Демек,
келешекте қазба байлықтардың халық игілігіне
жұмсалу көрсеткіші анағұрлым арта түседі
деген сөз.
Пайдалы қазбалардың ішінен, республикаға, әсіресе ең максималды экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зиян шектіріп отырғаны полиметалл кендері, түсті металлургия, ал микроэлементтерден - қорғасын, хром оксиді, марганец және уран. Олардың басым көпшілігі, шикізат күйіңде басқа елдерге жөнелтіліп, дайын өнім мен қымбат бұймның тиімділігін солар көріп отыр. Біздің маңдайымызға әзірше жазғаны, шикізат өндіретін орындардың маңындағы зиянды қалдықтар мен бүлінген су, ауа, топырақ әсерлері.
Қорытынды
Қазақстанның табиғаты тамаша. Қазақстан қазба байлықтарына өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.

- Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
- Қазақстандағы қаржы жүйесі
- Қазақстандағы қоғамдық саяси ұйымдар мен қозғалыстардың қоғамдағы орны
- Қазақстандағы қор биржасы
- Қазақстандағы металлургия
- Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттары
- қазақстандағы нарық
- Қазақстандағы Ислам
- Қазақстандағы исламның жағдайы
- Қазақстандағы ітапхана ісінің даму тарихы
- Қазақстандағы кәсіпкерлік
- Қазақстандағы корей инвестициясы $2 млрд. асқан 5-Ақпан
- Қазақстандағы көмір өндірісі
- Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның айшықты бейнесі