Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның айшықты бейнесі



Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның

айшықты бейнесі.

 

Жоспар:

Кіріспе:

1.1 Қазақстандығы көппартиялық жүйе.

 

Негізгі бөлім:

     2.1 Қазақстандағы партиялық жұйе.

     2.2 Демократиялық қоғам құрудағы алғашқы қадам. 

 

Қорытынды:

    3.1 Қазақстандағы көппартиялық жүйенің жарқын болашағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе:

1.1   Қазақстандығы көппартиялық жүйе.

 

Көп ғасырлық тарихы бар қазақ елі қазіргі кезде ата – бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің туы желбірегніне 20 жылды толды. Осы аралықта Қазақстан бүкілді мойындатты деседе болады. Әр мемлекет ел болып қалыптасу үшін, оған 4 нарсе керек екен. Олар: жер, салт дәстүрі, тілі және діні. |Міне осы қағидаттарды Қазақсттанда көру болады.  20 жыл ішінде біраз белестерді бағындырған, біраз қиыншылықтардан өткен, біраз саяси сілкіністерді көрген қазақс елі осы қыиншылықтарды жеңіп, Қазақстанды беделін паш етіп келеміз. Және тәуелсіз ел болып қалыптасуымызға, демократиялық қоғам құруға көп өмегі тиген, тер төкпей жұмыс істегенҚазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевті айтуға болады. Қазақстанды дүнмежүзіне паш етіп жүрген Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбгі зор деседе болады. Міне осындай қоғамды құруға еңбекті зор деп, заң шығарушы органдарды айтуға болады. Ал енді осы заң шығарушы органдар 2012 жылы 15 желтоқсанда мерзімінен бұрын сайлау өткендігі бнлгілі. Міне осындай сайлау қорытынды барсында Қазастан көпартиялық жүйені еңгізді. Бұл бізің демократиялық қоғам құруымыздың бірден-бір бөлігі болып есептелінеді.   Көппартиялық деп отырғанымыз  мәжілістің үш партиялық жүйемен жұмыс істейтіні белгілі. Ал енді осы партия дегенге өзіндік анықтама беретін болсақ, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:      

« Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.»  Жалпы қарап отыратын болсақ  60 ℅-ға толықтай өзгеретіне, қоғамдағы түйіткілді мәселерді шешетіні айқын көрінеді. Қазақстанда қайнаш партия бар осыған  келетін болсақ. Қазақстанда нақты жұмыс істеп жүрген париялыр мыналар, «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы,  Қазақстанның патроиоттар партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) партиялары . Осы партиялар қоғамның мәселелерін шешіп келеді. Бұл патиялар туралы толықтай айтып бере жатармын. Ал енді осы партиялардың ішінді 3 партия ғана Мәжіліс депуттаттығына сайланды.  Ендігіде өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш рет өткен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.«Еліміздегі өткен сайлау көппартиялық жүйені дамытудағы, еліміздегі демократияны дамытудағы маңызды қадамы болды. Сайлау - біздің партиямыздың штабының, нұротандықтардың және бізге қолдау жасаушы басша жұрттың ауқымды еңбегі. Саяси ауқымды науқанның нәтижесінде партиямыз үлкен жетістікке жетті, Мәжілістен 83 депутаттық мандат иеленуге құқық алдық. Бұл біздің мақсатымызды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.Сонымен қатар, Елбасы сайлауға дейін Орталық сайлау комиссиясына 127 кандидаттың тізімі ұсынылғанын, оның ішінде 4-еуі ОСК шешімімен шеттеп қалғанын айтты. Ал енді Парламентін төмеңгі палатасыының төрағасы –Нұрлан Нығматуллин болып сайланды. «Нұрлан Нығматулинге парламент мәжілісін басқару ұсынылады. Әрине, оның партиялық тізімде пайда болуы тура солай болады деп айтуға әлі себеп бола алмайды, бірақ, бірқатар фактілер оқиғаның осылай өрбуі мүмкіндігін көрсетіп отыр», - деді апаратқа қанық дереккөз. 107 депутат Мәжіліс депуаттары болып сайланды. Оның ішінді 83 депуттат сайланып, ал қалған депуттартар екі партиядан сайланды. «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депуттардың ішінде ааудандық, облыстық депуттары болып сайланған саясаткерлерде бар. Бұған қарайтын болсақ заң шығарушы органдардың сапасын арттыратын белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім:

2.1 Қазақстандағы партиялық жұйе.

Қазақстан өз дамуының жаңа белес¬терін бастан кешіріп жатыр. Саяси партиялардың құрылуы – мемлекеттің саяси институттарының нығая түскендігінің белгі¬сі. Партиялық құрылымдардың калыптасуының кәсіби кезеңі басталды. Мұның мемлекет үшін қажеттігі бар. Қазақстанда бүкіл қоғамдық-саяси институттар орнығып жатыр. Демек оның іргетасы әлдеқайда сенімді болмақ.
Елімізде демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру кезеңінде саяси партиялардың тиімді қызмет атқаруы үшін құқылық базаларын қалыптастыру ерекше маңызды. Қазіргі уақытта республикамызда заңда белгіленген тәртіппен тіркелген 15-ке тарта саяси партия бар. Отан, Социалистік партия, Қазақстан халық конгресс партиясы, Демократиялық партия және Қазақстан халық бірлігі партиясы. Бұлардың қызметтері қоғамдық білестіктер жөніндегі заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар саяси партиялар жөніндегі арнаулы заң қабылау қажеттілігі де туындап отыр. Осыған байланысты бірқатар шетелдік саяси партияларға қатысты тәжірибелерді қарастырып көрелік.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:      

« Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.»  Қазақстандағы партиялық жүйе туралы айтатын болсақ, Қазақстанда қоғамдағы мәселерді шешіп ортақ ойларын, нақты дәйектер келтіріп жөрген партиялар бар. Олардың қатарында: , «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы,  Қазақстанның патроиоттар партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) партиялары. Міне осы партиялар қазіргі кезде нақты және қарқынды жұмыс істеп жатыр. Ал ендігі осы партияларға анықта бере кетсек. Ен бірінші халықтың мұң-мұқтажын шешуде, сайлауда жоғары дауыс жинаған -  «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы туралы анықтама беріп кететін болсақ. «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясының төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Кәлетаев Дархан Аманұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі

 

 

палатасына партиядан 98 депутат сайланды. Ал ендігі келесі ретте сайлау қорытындысы боайынша 2 орын алған, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын - Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы. Партия төрағасы – Азат Перуашов. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің құрамы 175 862 адамды құрайды. партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденген, демократиялық және еркін Қазақстан. Іргелі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттік. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 12,04% дауыс жинады. Партия үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір депутаттық мандатты иеленді. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ақ жол» партиясы 3,09% дауыс жинады. Ендігі қазастандағы парияларға жеке – жеке анықтама беріп кетсек. Қазақстан коммунистік партиясы Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммунистік қоғамдық құрылысты қалыптастыруды өзінің негізгі мақсаты етіп санайды. 2004 жылы өткен Мәжіліс сайлауына Қазақстанның коммунистік партиясы партиялық тізім бойынша 3,44% дауыс жинаған «Коммунистердің халықтық оппозициялық одағы және ҚДТ» сайлау блогының құрамында қатысты. Партия 2007 жылғы Мәжіліс сайлауына қатысқан жоқ.

Қазақстан коммунистік Халықтық партиясы

Бірінші хатшысы – Владимир Борисович Косарев. 2004 жылғы 21 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия сапы 90 мың адам құрады. Партияның саяси платформасына сәйкес, ҚКХП-ның қызметі қоғамдық дамудың жаңа жағдайына бейімделген маркстік-лениндік идеологияға негізделген. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 1,98% дауыс алды. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте партияның депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша ҚКХП 1,29% дауыс жинады.

Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы

              Партия төрағасы – Ғани Әлімұлы Қалиев. Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген. 2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден өтті. Тіркеуден өту кезеңінде партия мүшелерінің саны 61 043 адамды құрады. Қазақстанның барлық облыстарында партияның құрылымдық бөлімшелері бар. Партия мақсаттары: мемлекеттік реттеуді және агросекторды қолдауды күшейту; ауыл еңбеккерлерінің мүдделерін қорғау; қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға белсенді ықпал ету; экономиканың барлық салаларында нарықтық қатынастардың негізді формаларын жүзеге асыру. Партия 2004 жылғы парламенттік сайлауға қатысты, алайда үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бірде-бір депутаттық мандатты иелене алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Ауыл» партиясы 1,51% дауыс жинады.

Қазақстанның патроиоттар партиясы Партия

Төрағасы – Ғани Есенкелдіұлы Қасымов. Партия 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 21 наурызда қайта тіркеуден өтті. Партияның мәліметтері бойынша оның құрамында 172 мың мүшесі бар. Партия келесі мақсаттарды ұстанады: Қазақстан халқының ұлттық қайта өркендеуін қалыптастыру және жүзеге асыру; нарықтық экономикасы бар құқықтық демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам қалыптастыру; қоғамның әлеуметтік белсенді бөлігін мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатыстыру; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету; адамның жоғары деңгейде өмір сүру сапасын қалыптастыру және азаматтардың денсаулығына басым көңіл бөлу. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауында партия 0,55% дауыс жинап, Парламентке өте алмады. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,78% дауысқа ие болды. Партия жетекшісі Ғ.Е.Қасымов 2007 жылы Президент Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

«Руханият» партиясы

Партия Төрайымы – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 72 мың адамды құрайды. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партияның негізгі міндеттері: экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу, биік адамгершілікті және рухани бай қоғамды дамыту. 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партия 0,44% дауыс жинап, үшінші шақырылымдағы Мәжілісте депутаттары болған жоқ. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Руханият» партиясы 0,37% дауыс жинады.

«Әділет» демократиялық партиясы

Партия төрағасы – Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 2004 жылғы 14 маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 70 мың адамды құрайды. Партия аумақтық принцип бойынша құрылып, республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларында өз бөлімшелерін иеленген. Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе құруды, азаматтық қоғам қалыптастыруды партия өзінің басты міндеттері санайды. Партия 2004 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша партиялық тізім бойынша сайлауда 0,76% дауыс жинады. Үшінші шақырылымдағы Мәжілісте бір мандатты округ бойынша сайланған бір депутаты болды. 2007 жылғы 8 шілдеде өткен «Әділет» демократиялық партиясының 5-ші съезінде Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданды.

Қазақстанның «Нағыз АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы

Партияның тең төрағалары: Болат Мұқышұлы Әбілов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Төлеген Тілекұлы Жүкеев. Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуінің нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірінде құрылған. 2006 жылғы 17 наурызда тіркелді. Партия мүшелерінің саны 87 012 адамды құрайды. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет және ашық қоғам құру. 2007 жылғы 23 маусымдағы «Нағыз Ақ жол» ҚДП-ның 3-ші съезінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына (ЖСДП) қосылу туралы шешім қабылданды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП)

Партия төрағасы: Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай. Төрағаның орынбасары: Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Партия 2006 жылғы 10 қыркүйекте құрылған. 2007 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Партия мүшелерінің саны – 140 мың адам. Партия барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өзінің бөлімшелерін ашқан. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өз алдына демократиялық, құқықтық әлеуметтік мемлекет қалыптастыру, инновациялық экономика құру, жаңа гуманитарлық саясатты жүзеге асыру міндеттерін қояды. 2007 жылғы Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 4,54% дауыс жинады. Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың бас­тама­сымен 2008 жылы ашыл­ған Мем­лекет тарихы институты тәуел­сіз еліміздің тарихын зерт­теу мен саяси үдерістерді зер­делеу бағы­тында жемісті жұмыс­тар атқарып келеді. Мұны жуыр­да өткен институт ғалымдары да­йын­даған бір топ кітаптардың тұсау­­кесеріне қатысқанымызда көзіміз жетті.Тәуелсіздік шежіресі айдары­мен шыққан “Қазіргі кезеңдегі Қа­зақстанның саяси партия­лары” атты (авт. – Б.Г.Аяған, Г.Р.Нұрымбетова) анықтамалық жинақты осындай ғылыми ізде­ністердің туындысы деуге әбден болады. Бұл соңғы он жылда осы тақырыпта жарық көргендердің ішіндегі мазмұны мен көлемі жөнінен ең мәндісі. Сондай-ақ, анықтаманың қазақ және орыс тілдерінде дайындалғанын да атай кеткен артық емес.Еңбек логикалық тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланыстағы екі бөлімнен тұрады. Ал қосым­шаларда саяси партиялардың бағ­дарлама­лары мен жарғылары, пар­тия же­тек­ші­лері­нің қысқаша өмір­баян­дары, күн­делікті жиі қол­данылатын термин­дерге түсінік­те­ме жинақта­лып, глоссарий формасында берілген.Авторлар сонау кезінде қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси ойы­ның биік деңгейін танытқан ма­ңыз­ды құжат – Алаш партиясы мен оның бағдарламасы туралы мәлі­метті де назардан тыс қалдыр­маған. Себебі, бұл бағдарлама сая­си-әлеу­меттік қатынастар сала­сында қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жік­телуінен гөрі, жалпы ұлттық тұтас­тықта болуын, қазақ елінің сан ға­сыр­лық өркен­деу тәжі­рибесін, салт-дәстүрін заман сұранысына бейім­деуді жақтады. Басты мәселе – қа­зақ елінің өзін-өзі билеуіне, соның негізінде қо­ғам­ның ішкі мәселе­лерін өзі шешу­ге қол жеткізу еді. Бұл мағы­нада өткен саяси рух­тың бүгінгімен тығыз байла­нысын байқау қиын емес.Анықтаманың “Қазіргі кезең­дегі Қазақстанның саяси партия­лары” атты бірінші бөлімнің басында келтірілген Елбасымыз­дың саяси партиялардың рөлі тура­лы әр жылғы тұжырым­дары­нан қоғамымыздағы демократия­лық үдерістерді тереңдете түсудің маңызды факторы ретінде партия­лық жүйенің қалыптасуына тұрақ­ты назар аударып келе жатқанын айқын аңғаруға болады. “Біздің міндет – бұқараның қолдауына ие болған, беделі биік, қуатты әрі жауап­кершілігі жоғары партия­лар­дың ірге тартуына жәрдемдесу. Мұның өзі еліміздің стратегиялық мұраттарына сай келеді”, деген сөз бұған толық дәлел бола алады.Осы бөлімдегі партиялардың мақ­саттары мен міндеттерін тал­дау­лар әрбір партияның шыққан биігі мен қызмет мазмұнын, олар­дың саяси сипаты мен ел мүддесін ой­лау мүмкіндіктерін айқын аңғар­тады. Мұндай салыстырмалы са­рап­тамалар саяси партиялардың өзіндік жауапкершілігін көтере түсу­ге де игі әсер ететінін атай кеткен жөн.Қазіргі қазақстандық көппар­тия­лық жүйенің қалыптасу кезең­дері туралы зерттеушілердің пікір­лерін жан-жақты сараптай оты­рып, авторлар партиялық жүйенің дамуын кезеңдерге бөлгенде аза­маттардың саяси қатысу құрылы­мы ретінде партиялардың қалып­тасуына оң ықпал еткен белгілі заңнамаларды, оларға енгізілген қағидатты өзгерістерді басшылық­қа алғанды дұрыс санайды. Осындай қағидаға сүйене отырып, олар партиялардың қалыптасуы­ның жаңа кезеңдерін ұсынған.“Қазақстан Республика­сын­дағы саяси партиялар қызметінің құқық­тық негіздері” аталатын екінші бө­лімде Қазақстан Рес­пуб­ликасы­ның Конституциясы, “Сая­си пар­тия­лар туралы” 2002 жылғы Заңы (2009 жылғы түзету­лері және толық­тыру­ларымен қоса) және саяси партияға қатыс­ты басқа да заң­намалардан тиісті үзінділер берілген.Қазақстанның саяси жүйесінде саяси партиялардың алатын орны ерекше екені белгілі. Алайда бүгін­гі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, көппартиялықтың жүйе ретінде қалыптасу үдерісі оп-оңай өтіп жатқан жоқ. Мұны қазіргі қоғамның жалпы саяси деңгейімен, құқықтық кеңістіктегі әлі жетіле қоймаған заңнама­лар­мен түсіндіруге болды. Кешегі кеңестік кезеңнің де салқыны жоқ емес. Өйткені, тоталитарлық қапастан демократия сарайына апарар тура жол жоқ.Егер көппартиялық жүйені сая­си партиялардың құқықтық негіздегі өркениетті қарым-қаты­настың жиынтығы дейтін болсақ, айтар мәселелер жоқ емес. Көп­партиялық құрылымда тұтастық­пен қатар, әрбір партияға тән тәуелсіздік те, еркіндік те, құқық­тық теңдік те болуы тиіс. Өкі­нішке қарай, әзір партиялар бір-бірімен бәсекеге түсе алатындай әлеуетті бола алмай отыр.Саяси партиялардың көбі­сінің қарапайым халық өмірінен, ұлттық мұраттардан алшақтығы, олардың әлеуметтік негіздерінің әлсіздігі, қоғамдағы саяси рөл­дері­нің бәсеңдігі, еліміздегі сая­си-экономикалық мәнді оқиға­лар­ға батыл араласа алмауы, сая­си өрелері мен сауаттарының төмендігі, т.т. айқын байқалмай қалмайды. Олар негізінен сайлау кезінде бой көтеріп, қалған кезде ресми жиналыстарға қатысумен шектеліп отыр. Бұл халық ара­сында олар туралы оң көзқарасты қалыптастыра қоймас.Елбасымыздың тұрақты саяси-партиялық жүйе құруды маңызды міндеттердің бірі ретінде санауы жайдан-жай емес. Бұл саяси партиялардың мемлекеттік органдардағы өз өкілдері арқылы еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық бағытын айқын­дау­ға қатысып, кадрлармен жүргі­зілетін саяси жұмыстың мазмұны­на, халықтың әлеуметтік-эконо­микалық жағдайына саяси баға бере алатындай саяси күшке айна­луын қажет етеді. Бұл бағытта саяси партиялардың шығар биік­тері де, алар асулары да аз емес.Осындай саяси партиялардың алдында үлкен міндеттер тұрған кезде әңгіме етіп отырған анық­таманың шыққанын аса пайдалы бол­ды дегеннен басқа сөз айту қиын. Әрине, мүмкіндік болса, сая­си партиялардың бағыт-бағдар­лары талданып жатса, құба-құп болар еді. Бұл саяси партияларды жаңа ізде­ністерге ұмтылдырар еді. Біздіңше, бұл – алдағы күннің міндеті. , Тарих инс­титутының бұл ұжымдық кітабы алдымен мемлекеттік және партия органдары қызметкер­лерінің, сон­дай-ақ жоғары оқу орындарында “Саяси партиялар және партия­лық жүйе”, “Саясаттану” және “Әлеу­меттану” курстарынан білім бере­тін оқытушылардың, студент­тер мен магистранттардың үлкен қы­зы­ғушылығын тудырары сөзсіз. Сондай-ақ, саяси партия мәселе­лерімен айналысатын зерттеуші­лер үшін де бұл – таптырмас еңбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Демократиялық қоғам құрудағы алғашқы қадам.

 

Қазақ елі өз тәуелсіздік туын тік ұстап келеді 2012 жылы 15 қаңтарда парламенттін төмеңгң палатасына сайаул болып өтті. Бұл сайлауға қазақ елі бір адамдай болып және демократияны қалайтындықтарын дәлелдек дауыс берді. Ен алғашқы рет Қазақстан көппартиялық жүйені құрып, және демократиялық қоғам құруға бірден бір қадам жасады. Оның дәлелі, сайлауды айтуға болады. Мәжіліс палатасы 3 партиядан тұрады, олар:  «НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясыміне осы париялардан депуттар сайланып, өз жұмыстарын бастап кетті. Парламенттің төмеңгі палатасына төраға болып Нұрлан Нығматулинге парламент мәжілісін басқару ұсынылады. Әрине, оның партиялық тізімде пайда болуы тура солай болады деп айтуға әлі себеп бола алмайды, бірақ, бірқатар фактілер оқиғаның осылай өрбуі мүмкіндігін көрсетіп отыр», - деді апаратқа қанық дереккөз.«Біріншіден, Нығматулин өзін мезгілінен бұрын өткен президент сайлауының штабының жетекшісі ретінде таныта білді. Ол штаб күтілген нәтижеге қол жеткізді. Екіншіден. Ол партия төрағасының орынбасары ретінде, енді «Нұр Отан» партиясының сайлау алды штабын басшылыққа алды». Әдетте, сайлаудан соң, штба бастығы палатаның басшылық қызметіне ұсынылады.«Соңғысы, Ерлан Нығматулин (Н. Нығматулиннің егіз-сыңары) мәжіліс депутаты болды, ал мәжіліс таратылысымен ол президент жарлығымен сенатор болып тағайындалды. Мұндай ракировка мәжілісте Нұрланға кең жол ашып, екі ағайындының парламенттің бір палатасында отыр деген алып-қашпа әңгімеге себеп болмайды», - деп Астанадағы дереккөз қорытындылады. 49 жасар Н. Нығматулин 2002 -2004 жылдары ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, 2004 жылдың маусымынан – Қазақстан президенті әкімшілігінің бастық орынбасары, 2006 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың қарашасына дейін – Қарағанды облысының әкімі, 2009 жылдың қарашасынан – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Бүгін 15 қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауынан кейін алғаш рет өткен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының отырысы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.«Еліміздегі өткен сайлау көппартиялық жүйені дамытудағы, еліміздегі демократияны дамытудағы маңызды қадамы болды. Сайлау - біздің партиямыздың штабының, нұротандықтардың және бізге қолдау жасаушы басша жұрттың ауқымды еңбегі. Саяси ауқымды науқанның нәтижесінде партиямыз үлкен жетістікке жетті, Мәжілістен 83 депутаттық мандат иеленуге құқық алдық. Бұл біздің мақсатымызды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді Президент.Сонымен қатар, Елбасы сайлауға дейін Орталық сайлау комиссиясына 127 кандидаттың тізімі ұсынылғанын, оның ішінде 4-еуі ОСК шешімімен шеттеп қалғанын айтты.   Заң шығарушы органды көп­пар­тиялық жүйеге көшіруге қа­жет­тілік бар. Ол қажеттіліктің қалып­тас­қа­нына да біраз уақыт болды. Біз, не­гізі, саяси реформаларды жүр­гі­зу­дің алғышарттарын 2007 жылы Кон­ституцияға енгізілген өз­герістер мен толықтырулар ар­қылы жасап қой­ғанбыз. Ата Заңға өзге­рістер ен­гіз­геннен кейін «Сай­лау туралы», «Сая­си партиялар ту­ра­лы», «БАҚ ту­ралы» бірқатар ма­ңызды құжаттарға да өзгерістер ен­­гізіп, саяси реформа жүргізуге жағ­дай жасалды. Одан кейін әлемдік қаржы дағдарысы ке­зінде мемлекет тек экономиканы сақ­тап қалу үшін бар күш-жігерін сал­ды. Дағдарыстан шыққаннан кейін ке­зектен тыс президенттік сайлау жа­рияланды.
Енді, міне, Мемлекет басшысын сай­ла­дық, жаңа Үкіметті жасақтадық. Осы уақытқа дейін өз кезегін күтіп тұрған көп­партиялық жүйеге көшетін кез келген сияқты. Президенттің саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Президенттің саяси реформалар жүргізуіне кедергі болмас үшін Парламент өзін-өзі таратуы мүмкін» деген болжам жасаған болатын. Егер қазір депутаттар­дың арасынан біреуі бастама көтеріп, кезектен тыс парламент сайлауының өткізілуіне жағдай жасаса, мен қолдайтын едім. Егер қоспартиялық жүйеге неғұр­лым тезірек көшетін болсақ, саяси ре­фор­маларды жүзеге асыру соғұрлым тез жүргізілмек. Біз дағдарыстан қысылмай шыққан санаулы елдердің біріміз. Сон­дық­тан кейбір сарапшылар айтып жат­қандай, бір жылда екі бірдей маңыз­ды сайлау өткізу бізге экономикалық жағынан тиімсіз бола қоймайды. Та­ғы бір сайлау өткізуге мемлекеттің әлеуе­ті әбден жетеді. Президентін сай­лап, Үкіметін жасақтап алған елі­міз Парламентіне де сайлау өткізсе, алға қойып отырған мақсат­тарына же­ту жолындағы жұмыстарға алаңсыз кірі­сер еді. Меніңше, кезектен тыс пар­ламенттік сайлау ешбір пар­тияға қиын­дық туғызбайды. Парламент сай­лауын президент сайлауымен са­лыс­тыруға болмайды. Мемлекет бас­шы­сын сайлауда бір тұлғаның рөлі ойнаса, парламент сайлауы кезінде саяси партиялардың ұйымшылдығы, бағдарламалары мен көзқарастары бәрін шешеді. Парламентті көппар­тия­лық жүйеге көшіруге қажеттілік бұрыннан бар. Сондықтан тез арада қоспартиялық жүйеге көшу керек. Бұ­дан саяси реформалар жүргізуге мүд­­­делі болып отырған мемлекет те, қо­ғам да ұтатыны сөзсіз. Мемлекет басшысының саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Инаугурациядан кейін Президенттің саяси реформалар жүргізуіне кедергі болмай, оған көмектесу үшін Парламент өзін-өзі таратуы мүмкін. Онда сайлау осы жылдың жазында болады» деген пікірі нені меңзейді? Біздің елде көппартиялық заң жүзінде болғанымен, бұл жүйеге іс жүзінде көшкен жоқпыз. Бір ғана партиядан тұратын Парламент таратылса, келесі сайлау қорытындысының қалай болғанына қарамастан, заң шығарушы орган кемінде екі партиямен толығады. Заңда солай көрсетілген. Қоғам арасында «Конституция бойынша келесі жылы өтуі тиіс парламент сайлауы биыл өткізіледі екен» деген пікір де жоқ емес. АҚШ Қазақстанның жаңа көппартиялық парламентімен ынтымақтастықты көздейді, - делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде. «Біз Қазақстандағы парламент сайлауын Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының (ЕҚЫҰ) және Еуропа Кеңесінің делегациялары бақылағанын қолдаймыз. Сонымен қатар олардың алдын ала жасаған қорытындыларына сәйкес бір қатар мәселелерге байланысты бұл сайлау Қазақстан міндеттенген халықаралық стандарттарға толық көлемде сәйкес келмегендігін атап көрсетеміз», - делінген бүгін таратылған хабарламада.«Біз жаңа көппартиялы парламентпен ынтымақтастықты көздейміз, сонымен қатар, біз үкіметпен және Қазақстан халқымен кең ауқымдағы стратегиялық әріптестікті жүзеге асыруды одан әрі жалғастыра түсеміз», - деп атап көрсетілген құжатта. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сайлауда ең көп дауыс алуы - заңдылық. Өйткені, билік партиясы халыққа берген уәделерін үнемі іспен дәлелдейді. Мәселен жұмыссыздық, зейнетақы, шәкіртақы, жер мәселесі сынды қоғамда қордаланған әлеуметтік мәселелерді шешіп келеді. Бұл - жазушы Сәбит Досановтың пікірі. Жазушының айтуынша, Парламенттің көппартиялы болып құрылуы түйіні көп түйткілді мәселелер жан-жақты талқыланатын болады. Әрқашанда халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын билік партиясы осы жолы да халық сенімін арқалады. Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев өз ойын осылайша жеткізді. Бұл жалпы халықтың көңілінде жүрген бір қуанышқа айналды. Өзі қай сайлау болсын, 80 пайызы - Нұр Отан партиясын жақтаушылар. Халық өзі жақтайды деген сөз - халық өзінің болашағына үміт артады деген сөз. Халық демократияға аяқ басты деген сөз. Ал екінші көппартиялы мемлекет болғаны оны қолдаймыз, бұрынғы кезден қарағанда халықтың демократияға деген санасының жоғарылағаны соншама, бәріне елдер дауыстарын береді.

 «Нұр Отан» партиясы жеңіске жетті. Партияны осы үлкен бәйгедегі ұлы жеңісімен құттықтаймын. Көппартиялы болудың оның ерекшелігі артықшылығы бар. Әр түрлі партия болғанда әр түрлі көзқарас болады да, олардың арасында шындық үшін айтыс болады, айтыстан ақиқат шығады. Көппартиялы болу деген біздің демократияға деген адалдығымызды, біздің Қазақстанның сол демократиялық құндылықтарды нығайтуға кепілдік береді.Енді  үш партиялы қазақ Парламенті дайындаған Заң жобасы халықаралық талаптарға сай болуы тиіс. Бұл елдің демократиялануына әсер етпек.

 Сайлау әділ, ашық өтті деп есептеймін. Үш партия, жаңағы, Парламент Мәжілісіне өтті. Бұл енді көппартиялы Парламенттің Мәжілісі болып жатыр. Бұл енді біздің демократияға басқан қадамымыз деп есептейміз. Көппартиялық не береді? Әр партияның өзінің бағдарламасы бар. Әр партиияның өзінің, жаңағы, сайлаушылары бар.

Сол сайлаушыларының қойған өздерінің мақсаттары бар. Сол партияға қойған ұсыныстары бар. Партияның бағдарламасы бар. Сол бағдарламалар бойынша заң қабылдаған кезде, үкіметке мәселе қойылған кезде, соның төңірегінде үлкен пікірсайыс болады.

Көппартиялы Парламент - елдің саяси жаңғыруының белгісі. Үш партияның басын біріктірген Парламент түрлі көзқарастардың алаңына айналады. Заң  аясы кеңейеді. Демек, көппартиялы Парламенттің пайдасы көп. «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшімнің ойы осыған саяды. Өткен сайлауда көппартиялы парламент құрудағы халықтың тілегі айқын көрінді. Белсенділік байқалды. Сондықтан, бірнеше саяси партияны біріктірген парламент шын мәнінде халықтың игілігі үшін жұмыс істеуі тиіс дейді саясаттанушы Көппартиялық парламент болса әрине, оның пайдасы өте көп. Себебі, бұл жерде түрлі пікірлер ашық айтылуға түседі. Екіншіден, әр партия халықтың, белгілі бір әлеуметтік топтың көзқарасын қолдайды ғой. КНПК еңбекшілер әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеретін болса, Ақ жол партиясы кәсіпкерлік мәселесіне көбірек көңіл бөлетін шығар. Қысқасы, заңның аясы кеңейеді, жан-жақтылық болады.

«Қазақ елі демократиялану жолында тағы бір салмақты қадам жасады. Бұған «елдің ашық түрде парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізіп, көппартиялы жүйені қалап алуы-дәлел» Қазақ елінде өткен сайлау барлық партияларға өз құқығын пайдаланып, саяси аламанға қатысу мүмкіндігін берді. Бұл Қазақстанның демократияның жаңа сатысына қадам басқанын көрсетті. Ол түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін ғана қорғамай, заңдардың да сапасын арттырады. Сайлау қорытындыларына  орай бас қосқан саясаттанушылар "бұл саяси дода қоғамға қандай пайда әкелді?" деген сауалға жауап іздеді. Мәжіліске «Нұр Отан», «Ақжол» мен  Комунистер өтті. Шетелдік те, отандық та байқаушылар ешқандай заң бұзушылық тіркелмегенін мәлімдеп жатыр. Әсіресе, «аз отырып көп сынайтын»  шетелдік сарапшылар «бұрын-соңды болмаған сайлау өтті» деп лайықты бағасын берді. Ең бастысы, ендігі төменгі палата бұрынғыдай тек бір партиядан құрылмайды. Яғни, Мәжіліс төріндегі саяси күштер қоғамның барлық топтарын қамтиды. Тұғырнамасы тұғырлы «Нұр Отанды» айтпағанда, нарықтың қозғаушы күші кәсіпкерлердің мүддесіне күресетін «Ақжол», еңбекші таптың көкейіндегісін көздейтін  комунистер бар. Заң шығарушы органда түрлі саяси топтардың көзқарасы мен мүдделерінің тоқайласуы қабылданатын заңдардың сапасын арттырып, елдің әл-ауқатын жақсартуға серпін береді. Заң жобасының сапасын артыру еңбекші бұқаралардың толық мүддесін қанағаттандыруға немесе бизнестің мүддесін заң жүзінде қорғауға мүмкіндік жасайды. Осының өзі заң шығарушы қызметтің ықпалын артырады. Мәжілісте үш партияның болуы түрлі әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді. Центристік – «Нұр Отан», солшыл – Комунисттер мен оңшыл – «Ақжол» қоғамдағы барлық тараптардың сенімін ақтауға тырысады. Сонымен қатар, мәжіліске өтпей қалған партияларды да осы парламентегі күштердің айналасында идеологиялық бағытын айқындап алуға жетелейді.   «Нұр Отан» партиясының жеңісі ертеңгі күніне үмітін үкілеген халықтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген сенімін білдіреді. Ал мәжілістің көп партиялы болуы мемлекеттің дамуына зор ықпал етеді.     

               Халқымыздың мемлекетіміздің даму кезеңі. Бұл даму кезеңде өткізілген сайлау үлкен демократиялық жолмен өткізілгенін көрсетіп отыр. Бұл деген қоғамның дамуы егеменді еліміз бен халқымызға алда берері мол екенін, және де, Президентіміздің бастамасымен жасалынып жатқан үлкен реформалардың беріп жатқан нәтижесін нақты көрсетті деп есептейміз. ҚР Парламентінің көп партиялық жүйеге ауысуын елдегі демократияның айқын көрінісі деп бағалап отыр. Үкімет бірнеше партиялардың өкілдерінен құралса, ел экономикасы мен әлеуметтік проблемалар дұрыс шешімін табады дейді ол. Сондай-ақ, сайлауда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ең көп дауыс жинауы – халықтың билік партиясына артқан сенімі деп білемін. Өзге оппозициялық партиялар тек сайлау кезінде ғана белсенділік танытады. Ал «Нұр Отандықтар» әрқашан халықпен бірге келеді,– деді саясаттанушы. «Нұр Отан» партиясы халықпен тікелей байланысты үзген жоқ болатын. Бұл деген өте керекті, өте маңызды нәрсе, неге десеңіз, өйткені, кез келген сайлаушы өзінің мәселелерін, өзінің идеяларын саяси партияның тұғырнамасында көріп отыр. . Көппартиялы парламенттің демократияға әсері зор. Тікелей мына мәжіліске өткен        партия өзінің жұмысын жаңарта бстайды. Депутаттық мандат алғаннан кейін күшейе бастайды.   Бізге көп партияның біз өзіміз дамытуымыз қажет.«Сонымен, Парламент Мәжілісінде өкілдік етуге мүмкіндік алған 3 партия  ел сенімін ақтайды. Әлеуеті жоғары әлеуметтік істерді тындарады», – деп сенеді ақтөбелік қоғам қайреткерлері.  Ел Парламенті енді сайлаушылардың басым дауысын жинаған 3 партиядан жасақталмақ. Әрине, халықтың көбі көш басында тұрған  «Нұр Отан» партиясына сенім артары сөзссіз. Себебі, осыған дейін қыруар іс атқарып келді. Ұлттық құндылықтарды, тілді, дінді, кәсіпкерлерді қолдауға баса назар аударып отырған «Ақжол» мен Қазақстанның Коммунистік Халық партияларының жеңісі әділ деп біледі. Себебі, сайлау ашық өтті. Әр азамат еркін таңдау жасады. Сенім арқалаған партиялар Парламентте заң қабылдауда ел игілігі үшін іс атқарады деген үміт бар. «Нұр Отан», әрине, алдағы, бетке ұстар партиямыз. Олар өз міндетін атқарып келеді. Халықтың жағдайы, фермерлік шаруашылықты қолдау, үй салу көп балалы отбасына көмек беру. Өткен үш партияның табысын енді парламентте көреміз.

Кезектен тыс өткен Парламент Мәжіліс сайлауының негізгі қорытындысы  бойынша:

«НұрОтан» партиясы – 83 мандат;

«Ақ жол» партиясы – 8; 

Қазақстан коммунистік Халық партиясы – 7 мандат жеңіп алды.  

Бұл туралы бүгін  саяси доданың нәтижесін ресми түрде жариялаған Орталық сайлау комиссиясының  хатшысы Бақыт Мелдешов мәлімдеді.

 Ал негізгі  нәтижеге келетін болсақ, жексенбі күні өткен сайлауда «Нұр Отан»  партиясы  сайлаушылардың – 80,99 пайыз;

Патриоттар партиясы – 0,83 пайыз;

«Ақжол» партиясы – 7,47 пайыз;

Жалпыұлттық социал демократиялық партия – 1,68 пайыз;

Қазақстанның коммунистік халық партиясы – 7,19 пайыз;

«Ауыл» партиясы – 1,19 пайыз;

«Әділет» партиясы – 0,66 пайыз дауыс жинаған.

 Орталық сайлау комиссиясы  бүгін сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған 9 кандидаттың  Мәжіліс депутаттығының мандатына ие болғандығы жөнінде Қаулы қабылдады.

Алғашқы сайлау жеке санын, квотаны айқындалып жатырмыз. Оның жалпы мына үш партия жинаған дауыстарын бәрін қоса 98 мандатқа бөлеміз. Сонда квотаны тауып, квотамыз 67 741 дауыс жүзден он бір. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды сонымен мынандай саны белгіленсін:

«НұрОтан» ХДП-сы – 83 мандат;

Қазақстан «Ақжол» демократиялық партиясы – 8 мандат;

Қазақстан коммунистік Халық партиясы – 7 мандат.

 

Кезектен тыс сайлаудың нәтижесі

 

«НұрОтан» ХДП.........................................................................80,99 %

 

Қазақстан Патриоттар партиясы.................................................0,83 %

 

«Ақ Жол» демократиялық партиясы..........................................7,47 %

 

ЖСДП............................................................................................1,68 %

 

ҚКХП.............................................................................................7,19 %

 

«Ауыл» партиясы.........................................................................1,19 %

 

«Әділет» демократиялық партиясы............................................0,66 %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

 

Барлығын корыта келгенде 2012 жылы 15 қаңтарда болған кезектен тыс депуттат сайлауында болғанды айтатын болсақ, сонымен, Парламент Мәжілісінде өкілдік етуге мүмкіндік алған 3 партия  ел сенімін ақтайды. Әлеуеті жоғары әлеуметтік істерді тындарады», – деп сенеді ақтөбелік қоғам қайреткерлері.  Ел Парламенті енді сайлаушылардың басым дауысын жинаған 3 партиядан жасақталмақ. Әрине, халықтың көбі көш басында тұрған  «Нұр Отан» партиясына сенім артары сөзссіз. Себебі, осыған дейін қыруар іс атқарып келді. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі N 344 Заңының «Саяси партиялар туралы» заңына 1 бабаының 1 тармағына қарайтын болсақ:  « Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады, - деп айтып кеттик!! Ал енді өз ойымды айтаын болсақ, бірнеше ғасырлық тарихы бар қазақ елі,  өз тәуелсіздігінның алғанынан 20 жыл толып отыр. Міне осындай қысқа мерзім арасында Қазақстан дүниежүзіне танылды деседе болады. Экономикасы, мәдениети және тағы басқа жағынан қазақ елі алғашқы орындарды көрініп жүр. Ал жақында сайланған мәжіліс депутаттары, Қзақстан заңнамалыр сапалы және қоғамға ыңғайлы етіп шығаратына өкзім жетеді. Бұл яғни, 3 партиядан құралдған көппартиялық жүйе өз жемісін береді. Өтйкені, әр пртияда, әр депутатта өз бағыттары бар, өз жоспарлыр бар, өз басымдылықтары бар және шығатын заңда ыңғайлы болады. Ер жұртымыз аман болып, қазақ елі дүниежүзіне танылып, тыныштық орнасын деп тілеймін.

 

 

 

 

1.      «Елдегі жағдайлар және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүзжылдықтағы экономикалық және реформалар туралы». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан.- 1998.- 1 қазан.

2.      ҚР Саяси партия туралы Заңы. www.akorda.kz

3.      «Қазақстан» ұлттық телеарнасы сайтынан (http://kaztrk.kz)

4.      «Алдын ала қорытындыларын жария етті» «Егемен Қазақстан» газеті .       Сейсенбі, 17 Қаңтар, 2012 .

5.      «Халық еркін білдірудің үлгісі» «Егемен Қазақстан» газеті . Сейсенбі, 17 Қаңтар,2012 .

      6 .  "Нұр Отан"ХДП    -  http://www.ndp-nurotan.kz/new/

      7. Қазақстан Республикасының Орталық Сайлау коммиссисы.  

         http://election.kz

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жұмыстың аннотатциясы:

1.   Аталуы: Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық

                     қоғамның айшықты бейнесі.

2.   Кафедра: Қорқыт – Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік   

                       Университет жанындағы колледж.

3.   Жұмыстың аяқталған жылы:   23.01.2012 жыл

4.   Жұмыстың көлемі:   25 бет

5.   Қосымшалар саны:    0 бет

6.   Иллюстрациялар саны:  0 бет

7.   Кестелер саны:  0 бет

8.   Әдебиет көздерінің саны:  7

 

 

Жұмыстың сипаттамасы:

1. Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы көппартиялық жүйенің

   маңыздылығы және оның алдағы қарқынды жұмысына байланысты. 

2. Жүргізілген зерттеулер әдісі:

 

3. Ғылыми зерттеулердің негізгі нетижелері (ғылыми, тәжірибелік): 

 

4. Ғылыми зерттеулерді қолдану туралы құжаттар (бар, жоқ):  жоқ

 

 

 

 

 

СҒЗС конкурсына ұсынылған жұмыстың авторы және ғылыми жетекшісі туралы МӘЛІМЕТ

 

Автор:

1.      Ұзақбаев

2.      Әмірхан

3.      Серікұлы

4.      Құқықтану мамандығы; П-10-1 тобы; 2 курс

5.      Қорқыт-ата көшесі, №136а/56, 8775-405-28-47; 8705-17767-63; 20-53-87

 

Ғылыми жетекші:

 

 

 

 



Қазақстандағы көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның айшықты бейнесі