Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы

                  «Астана медицина университеті»  АҚ

                             Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

                       СӨЖ

 Реферат

 Тақырыбы: «Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы»

 

 

 

 

                                           

 

                                               Орындаған: Айкынбеков Н.С.

                                               Топ: 104 ом

              Астана 2013




                                               Қабылдаған: Хамзаев Б.К.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

 

                                                       Жоспар.

I.  Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

                 а) Тарихы.

                 ә) Идеологиясы.

                 б) Құрылымы.

                 в) Рәміздері.

                 г) Партияға мүшелік.

                 ғ) Бағдарламасынан үзінді.

III.Қорытынды.

IV.Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                КІРІСПЕ.

    Қазақстан коммунистік халық партия (ҚКХП) - Қазақстандағы партия. Орталық Комитетінің Хатшылары: Косарев Владислав Борисович, Кенжин Тулеш Аукебаевич және Ахметбеков Жамбыл Аужанович. 2004 жылының 21 маусымда партия мемлекеттік тіркеуін алды. Тіркеу күнінде партияда 90 000 мүше болды. 2004 жылғы Мәжіліске сайлау қорытындысы бойынша Партия 1,98 % дауыс жинап. 2007 жылы мәжіліске сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап Парламентке өте алмады. 

     Партияның активі саны (сайламалы комитет мүшелері, бастапқы партиялық ұйымдар хатшылары) – 12,7 мыңды құраған.

         Өткен сегіз жылда ҚКХП:

- 7 Съезд;

- 25 ОК Пленумын;

- 80 БЮРО отырысын өткізді.

       Партия Парламент сайлауына 3 рет қатысып, екі мәрте Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынды.

        Сайлау  қорытындылары бойынша ҚКХП төмендегідей  дауыс санын жинады:

     Қазақстан Республикасының Президентін сайлау:

2005 жылы – 23 252 (0,34%) дауыс

2011 жылы – 111 924 (1,36%) дауыс

     Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау:

2004 жылы – 94 140 (1,98%) дауыс

2007 жылы – 76 799 (1,2%) дауыс

2012 жылы – 498 788 (7,19%) дауыс.

2012 жылғы дауыс беру  қорытындысына сәйкес партиялық  тізім бойынша – ҚКХП 7 депутаттық  мандатқа ие болды.

     ҚКХП келесі мәслелерге аса назар аударады: жер үлестерінің алданған иелері, азық-түлік өнімінің күрт төмендеуі, тұрғындар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту тобына жататындар жағдайы, коммуналды төлемдердің тарифтері мен бағаларының күрт жоғарылауы, және де адамның әл-аухатына тікелей әсер ететін басқа да маңызды мәселелер.

   Партия үнемі халықпен, билік өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси партиялардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

  КХП ҚР Парламент Мәжілісіне қарасты Қоғамдық палата құрамына енеді, Парламентаризм институтының жұмысына белсене араласып тұрады.

Басқа елдердің компартияларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. (Куба, Въетнам, Китай, Чехия, Моравия, Португалия, Чили, Греция).

  ҚКХП қарамағында жастар қанаты құрылған. «Коммунист Казахстана» — апталық газеті жарық көреді (апталық таралымы -10 мың дана.)

   ҚСБҒ ҚҰ (Қазақстанның социалистік бағыттағы ғалымдары) «Идеи» атты журналын шығарады (таралымы Қазақстан бойынша).

   ҚКХП – әлемдік коммунистік қозғалысының ажырамас бөлігі.

   ҚКХП – бүкіл коммунистік қозғалысының бірігуіне ұмтылады.

   ҚКХП – жыл сайын кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісін атап өтеді.

   ҚКХП – жыл сайын пролетариат көсемі болған В.Лениннің туған күнін атап өтеді.

   ҚКХП – жария, ашық, табанды қызмет, сеніміне берік принциптерін ұстана отырып, қоғамның өміріндегі маңызды деген үрдістеріне әсерін тигізеді.

   ҚКХП- мемлекеттің саясатының ортасында, толықтай азаматтық құқықтары мен қажеттілігін қанағаттандыруға, дамуына кең мүмкіндіктерге бөленген адам болуы қажет деп санайды.

   ҚКХП мақсаты – шынайы ХАЛЫҚ БИЛІГІН орнату.

 

                                                  ТАРИХЫ.

  Партия Қазақстан коммунисттік партиясының бөлшектенуі себепті пайда болды. Партияны құру идеясы ҚКП ОК-нің бірінші хатшысы С. Ә. Әбділдин келіспеушіліктер себепті құрамынан шыққан Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 12 мүшесіне тиесілі. Бөлінуге мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасыновтың ҚКП хатшысы болып тағайындалуы себеп болды. ҚКП-дан ҚКХП-ға 15 мың адамдай өтті. КНПК Құрылтай сьезі 2004 жылы сәуірде, 2004 жылы 21 маусымда Қазақстанның Әділет министрлігінде тіркелді. Тіркеуге тұрған уақытта партия қатарында – 53 360 мың адам (оның ішінде бұрыңғы КОКП қатарында болғандар – 16,5 мың адам, олардың 2 мыңы партиялық өтілін бұзбаған).

   2004 жылғы мәжіліске  сайлау қорытындысы бойынша партия 1,98 % дауыс жинап (пропорционалды  жүйе бойынша дауыс беру) парламентке  өте алмады.

  2007 жылы 28 наурызда КНПК  және ҚКП біріңғай пресс-конференция  өткізіп дайындалып жатқан бірігу  туралы жариялады. Кейінірек КПК-мен  жіті саяси келіспеушіліктерге  байланысты ҚКХП бірігуден бас  тартты.

   2007 жылы пресс-конференцияда  ҚКХП ОК хатшысы Владислав  Косарев бас тартудың басты  себебі ретінде Қазақстан коммунистік  партиясының ҚКХП-мен тек жоғары  деңгейде (ОК бюросы) ғана қарастырғанын,  сол уақытта төмен деңгейде  алдын ала қарастырмағанын айтты.  Одан басқа ҚКХП лидері ҚКП  структуралары толық құлдыраған  және халық ішінде партия беделі  болмағанын атап өтті.

   2007 жылы Мәжіліске  сайлауда партия 1,29 % дауыс жинап  Парламентке өте алмады.

   2005 жылы ҚКХП атынан  Қазақстан Президентіне кандидат  ретінде сайлау қорытындысы бойынша  0,34 % жинаған Ерасыл Әбілқасымов  шығарылды. 

     Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

Республикалық сайлауалды штабы  таныстырылды.

    2011 жылдың 21-желтоқсанында Қазақстан Коммунистік Халық Партиясының республикалық сайлауалды штабының тұсау кесері өткізілді. Жиналған қауымға штабтың жұмысы таныстырылды. Шараға Бұқаралық ақпарат өкілдері, халықаралық байқаушылар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, штаб мүшелері мен белсенділері қатысты. Штаб салтанатты түрде безендірілген және шара кеңес одағы заманының әуенімен сүйемелденді.

    «Штаб қызметкерлері белсенді түрде жұмыс атқаруда. Жаңа технологияларды кеңінен қолдануға тырысып жатырмыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», сондықтан барлығымыз бірігіп бір мақсатта қызмет етудеміз. Өз ісіміздің тасын өрге домалатамыз деген ойдамыз», — деп республикалық сайлауалды штабының жетекшісі Төлеш Кенжин салтанатты түрде жиынды ашты.

   Орталық комитет хатшылары Владислав Косарев пен Жамбыл Ахметбеков орталық және облыстық штабтардың жұмысы туралы баяндап, партияның алдағы уақытта өткізбек шаралары жөнінде мәлім етті.

    Күнделікті облыстық комитет хатшылары  үгіт-насихат шараларының жүргізілу барысы жөнінде құлағдар ете отыра, өңірлерде атқарылған жұмыс туралы скайп арқылы есеп береді. Жиын барысында да БАҚ назарына аталмыш жұмыс ұсынылып, Жамбыл облысымен байланыс орнатылды.  Аймақтық комитет өз кезегінде өңірде жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайын ортаға салып, үміткерлерге алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

  Сонымен қатар, салтанатты ашылу рәсімінде үгіт-насихат  поездарының құрылғандығы және олардың қозғалыс кестесі жайында ақпарат беріліп, штабта қызмет етіп жатқан баспасөз орталығының жұмысы таныстырылды.

    ЕЫҚҰ сайлауды байқаушылар миссиясының мен БАҚ өкілдерін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қызықтырды. Бұл ретте партияның жұмысына тосқауыл қою фактілері жөнінде журналисттер тарапынан сұрақтар қойылды. Аталмыш мәселеге ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков  нақты тоқталып кетті: «Алматы қаласындағы біздің үгітшілеріміздің басым бөлігі студенттер. Олар қолдан-қолға плакаттар, күнтізбелер мен үнпарақтарды таратқанда  құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды тоқтатып, аты-жөндерін жазып алып, қай жерде оқитынын анықтаған. Оқу орындарына хабарлап, өз кезегінде келеңсіз жағдайларға әкелді. Себебі, кейбір жоғарғы оқу орындарының басшылары студенттерді оқудан шығарамыз деп қорқытқан. Мұндай фактілерді біз жедел түрде Сайлау кормиссиясына жіберіп жатырмыз. Тиісті шаралар қолданылатын шығар».

   Айта кететін жайт, аталмыш фактіні Алматы қаласының прокуратурасы жоққа шығарғаны белгілі. Сондықтан орын алған оқиғаны дәлелдеу мәселесі біраз қиыншылық тудыруда. Сонымен қатар, еліміздің өзге  өңірлерінде туындаған қиыншылықтар да назардан тыс қалмады. «Қарағанды қаласында үгіт-насихат билбордтарын орналастыратын кәсіпорын біздің билбордтарды ілуден бас тартып отыр. Өздерінің бұл амалын жергілікті әкімдіктің бұған рұқсат бермегендігін айтып түсіндірді. Сондай-ақ, Орал қаласында да келеңсіз жағдай орын алды. Тәуелсіздік күні гүл шоқтарын қоюға келген партиямыздың өкілдерін тәртіп сақшылары қызыл жалауларды көрісімен қудалаған», — деген Владислав Косарев туындаған тағы бір түйінді мәселеге тоқталды. «Орталық сайлау комитеті бізді тек желтоқсанның 15 күні ғана тіркеді.  Осы себептен, біздің шотты ашуға мүмкіндігіміз болмады. Бұл мәселе біздің бүкіл жұмысымызға қолбайлау болды. Үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күнінде біз қажетті төлемдерді жасай алмадық. Жұмыс тоқтап қалды. Сол себептен біз өзге саяси партияларға қарағанда   үгіт-насихат жұмыстары бойынша сәл артта қалып жатырмыз», — деп өз ойын өрбітті Косарев мырза.

   Штабтың ашылу салтанатына жиылған қауымға естелік сыйлықтар табыс етіліді.        Шараның соңында партия атынан ҚР Парламенті мәжілісіне үміткерлердің санына тең 21  шар ұшырылды.  Айта кететін жайт, ҚКХП атынан республика бойынша аудандық мәслихаттарға – 50, қалалық деңгейде – 48, облыстық мәслихаттарға 20 кандидат саяси тартысқа түсіп отыр. Бүгінгі күні партияның жалпы белсенділер саны 18 000-ға жуық.

ҚКХП Баспасөз қызмет

    2012 жылдың 01 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша партия қатарында – 94 мыңнан аса адам тіркелген.

   2012 жылдың 01 желтоқсан  күнінің мәліметі бойынша –  192 қалалық, аудандық комитеттер, 2359 – бастапқы партиялық ұйымдар  құрылған.

  Ұйымдық құрылымы  – аумақтық принцип.

   Еліміздің 14 облысында,  республикалық маңызы бар Астана  және Алматы қалаларында партия  ұйымдары жұмыс істеуде.

      

                                                   ИДЕОЛОГИЯСЫ.

     Қазақстан  Коммунистік Халық партиясы қызметінің  мақсаты ғылыми-техникалық прогресс  пен ғылыми социализм принциптерінің  негізінде шынайы халықтық билікке,  әлеуметтік әділеттік, жан-жақты  руханилық, бостандық пен гүлденген  экономикаға қарай алға басу болып табылады. Осындай қоғамның түпқазығы өз қабілеттерін дамыту және көрсету, сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін толық азаматтық құқықтар мен жан-жақты мүмкіндіктерге иеленетін адам болуға тиіс.

   Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

саяси салада – демократия үшін күрес, билікті жеңіп алу, шынайы халықтық билікті орнату, Қазақстан  Халық Республикасын құру. Адамды қанауды болдырмайтын, атап айтқанда: мемлекеттік, жеке, акционерлік, кооперативтік  меншік нысандарын тану.

экономикалық салада –  экономиканың дамуындағы шикізаттық бағытты  жеңу, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына  қазіргі заман технологияларын  енгізу, экономиканың базалық салаларында  мемлекеттік меншікті қалпына келтіру; әлеуметтік салада – тұрғындар үшін республикада реформа басталғанға дейін болған (1990 жыл) әлеуметтік кепілдіктер көлемін қалпына келтіру және кеңейту; халықаралық қатынастарда – республиканың ТМД елдерімен интеграциялық процестерін қолдау, терроризмге қарсы күрес, халықаралық жан-жақты ынтымақтастық.

 

                                                       ҚҰРЫЛЫМЫ.

   ҚКХП ОК хатшысы Жамбыл Ахметбеков.

   ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады.

    ҚКХП партиясының ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. ҚКХП ұйымдық негізі бастауыш партия ұйымдары болып табылады. Олар партияның аудандық және қалалық комитеті бекітетін партияның үш және одан да көп мүшесінен құрылады. Филиалдар мен өкілдіктер халық арасында Партия саясатын жүргізеді, мемлекеттік атқарушы және өкілді органдармен, саяси және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды, өз мөрі және фирмалық бланкілері болады.

     2010-ның маусымда ҚКХП құрамында 1868 бастауыш партия ұйым, 178 аудандық ұйым, 33 қалалық ұйым, 14 облыстық ұйым және Алматы мен Астана деген респбликалық маңызы бар қалалық ұйым жұмыс істеді.

     Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жоғары органы Орталық Комитет 4 жылда кемінде 1 рет шақыратын съезд болып табылады. Съезд шақыру туралы шешім съездің отырысы күніне дейін 2 айдан кешіктірмей баспасөзде жарияланады.

     Партияның бақылау органдары мыналар болып табылады: ҚКХП съезі сайлайтын Орталық бақылау-тексеру комиссиясы (ОБТК); Партияның филиалдары мен өкілдіктеріндегі партия конференцияларында олардың басшылық етуші органдарымен бірлесіп құрылатын облыстық, қалалық және аудандық бақылау-тексеру комиссиялары (ОБТК, ҚБТК, АБТК); жалпы жиналыс сайлайтын бастауыш партия ұйымдарының бақылау-тексеру комиссиялары. Бақылау-тексеру комиссиялары өздерін сайлаған жоғары органға, атап айтқанда: партия съезіне, филиалдар мен өкілдіктердің конференцияларына, бастауыш ұйымдардың жиналыстарына есеп береді.

 

                                                        РӘМІЗДЕРІ.

     Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өз рәмізі: партия съезі бекіткен жалауы мен эмблемасы бар. Жалау: жалау енінің ұзындығына арақатынасы 1:2 болатын қызыл түсті мата. Жалау матасының жоғары бөлігінде жалау ұзындығынан сабына дейінгі 1/4 қашықтықта В. И. Лениннің кескіндеме бейнесі бейнеленген. Жалау матасының жоғары бөлігін бойлай мемлекеттік және орыс тілдерінде: «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «Коммунистическая Народная партия Казахстана» деген жазу бар.                                         

                                      

       Партия эмблемасы «Орақ пен Балға» бейнесімен белгіленеді, оны қоршай мемлекеттік және орыс тілдерінде  «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы», «ҚКХП», «Коммунистическая народная партия Казахстана», атап айтқанда: «КНПК» деген партия атауының аббревиатурасы жазылған.

                                                          

        Ұраны: «Біздің мақсатымыз- халық билігі!», « Жұмыс істеу құқығы, халық билігі,әділеттік!!!»

 

                                                        ПАРТИЯҒА МҮШЕЛІК.

    1. ҚКХП-на мүшелік Партияның бағдарламалық және жарғылық айқындамаларын бөлісетін Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған  азаматтары үшін партия билетімен бекітілген ерікті, жекелей, кесімді болады. Бұрын КОКП-да болғандар өтініші және аудандық немесе қалалық ұйым бюросының шешімі бойынша ҚКХП-на қайта кіреді. ҚКП мүшелігінен жеке өтініші негізінде немесе сайланбалы органның шешімі бойынша шыққандар ҚКХП-на партияның аудандық комитеті, қалалық комитеті бекіткен өтінішпен кіреді. ҚКХП-на  жаңа мүшелер қабылдауды бастауыш партия ұйымдары кірушінің жеке өтініші бойынша жүзеге асырады. ҚКХП-на  мүшелік мүшенің өз еркімен Партиядан шыққан кезінде немесе оны партиядан шығарып, шығару туралы шешімді бақылау органы немесе съезд бекіткеннен кейін тоқтатылады.

   ҚКХП мүшелерін  есепке алу: бастауыш ұйымдарда  – журналдарда, өкілдіктерде–есепке  алудың дербес карточкасы бойынша,  ҚКХП филиалдары мен ОК-нде  өкілдіктің статистикалық есептері  бойынша жүзеге асырылады. Оларды  есепке алудың және  жүргізудің  тәртібін партияның Орталық Комитеті  бекітеді.

      2. ҚКХП-на мүшелері партия жұмысына қатысулары үшін өздері еркін білдіретін әлеуметтік топтың алдында жауапкершілікте болады.

      3. Партия мүшелерінің:

- партия саясатын қалыптастыруға  және іске асыруға қатысуға  кез келген партия органдарына  және өкілді билік органдарына  сайлануға;

- партия органдарында  өзінің ұсыныстары мен өтініштерін  талқылауды талап етуге;

- партиялас жолдастарын  және ҚКХП сайланбалы органдарын  сынауға;

- кез келген партия  ұйымдарына сауалдармен, өтініштермен  және ұсыныстармен өтініш жасауға  және өз сауалына жауапты тиісінше  талап етуге, егер бір ай  ішінде жауап келмесе, тиісті  бақылау-тексеру комиссиясына өтініш  жасауға;

- жұмыста және өмірде  кездесетін барлық қиын жағдайларда  жолдастық қолдауға сүйенуге  құқығы бар;

-  ол шешімге келіспейтіні  туралы бір ай мерзім ішінде  партияның бақылаушы органдарына  шағымданады, егер олар өтінішін  қанағаттандырмаса, съезге шағым  жасайды.

Коммунисті сырттай сынауға  және талқылауға жол берілмейді.

    4.ҚКХП мүшесі:

- партиялық тәртіпті сақтауға  және партия органдарының шешімдерін  орындауға;

- партия мүдделерін насихаттауға  және қорғауға, оның мақсаттарына  жетуі үшін күресуге, халық ішінде  партия бағытын дәйектілікпен  жүргізуге;

- халықтар достығын, партия  жұмысындағы интернационализм принциптерін  нығайтуға;

- партияның абыройы мен  қасиетін сақтауға, оның идеялық  және ұйымдық бірлігін нығайтуға,  беделін арттыруға, партияны оның  қатарына жат идеологияның еніп  кетуінен қорғауға. Мүшелік жарналарды  дер кезінде төлеп тұруға, партия  меншігін аялауға;

- ҚКХП-н жақтаушыларды  дербес есепке алуға, олардың  арасында партия саясатын жүргізуге  міндетті.

Партия талаптарын орындаудан жалтаратын ҚКХП мүшелері ҚКХП қатарынан  шығаруға дейін жазалануы мүмкін.

 

БАҒДАЛАМАСЫНАН  ҮЗІНДІ.

    «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы жылына 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салу көзделген

      Елімізде  «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы  аясында мемлекеттің қолдауымен 2020 жылға дейін 10 миллион шаршы  метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл бағдарлама бойынша бір  шаршы метрдің құны 80 мыңнан 100 мыңға  дейінгі теңге аралығында белгіленген.  Ал салынбақ пәтердің аумағы 35 шаршы метрден 75 шаршы метрге  дейін болады. Ай сайынғы төленетін  сома 50 мың теңгенің айналасында  болмақ.

      Бағдарламаның негізгі көздеген мақсаты екінші деңгейлі банктер арқылы тұрғын үй сатып алуға қауқарлары келмейтін азаматтарға қолдау көрсету. Өйткені қазіргі уақытта еліміздегі үлкен қалаларда баспананың қымбаттап кеткені соншалық оны жай қатардағы қызметкер немесе жұмысшы сатып алуға шамасы жетпейді. Ал халықтың басым бөлігі орташа ғана жалақы алатыны белгілі. Банктердің ипотекалық несиелері де қымбат. Қоятын талаптары да жоғары.

   Ал қалалы жерлерде жер алып, үй салып ала қояйын десең, жер де берілмейді. Барлық кезде жер беру үшін бірінші кезекте инфрақұрылым болуы, яғни ол жерде жол салынған, ыстық, суық су тартылған болуы керек деп сылтау айтады. Ал сол инфрақұрылымды салып жатқан әкімдікті тағы көрмейсің. Таяуда Жер ресурстарын басқару агенттігі бұдан былай қарай еліміздің азаматтарының үй салу үшін 10 сотық жерді тегін алуға құқы бар деген заң талабын қайта қараймыз деп мәлімдеді. Енді бұдан кейін баспана бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін.

  Астана мен Алматы қалаларында баспананың қымбат болуы бірінші кезекте ол қалаларда жұмыс орындарының болуы өз септігін тигізіп тұр. Еліміздің аймақтарынан жыл сайын қаншама мыңдаған адамдар жұмыс іздеп үлкен қалаларға келеді, келеді де жұмыс тауып, жағдайын түзеп, енді осы жерде орнығып қалуды мақсат етеді. Содан баспанаға деген сұраныс өседі. Ал сұраныс көп болған жерде ұсыныс та қымбаттай береді.

     «Қолжетімді  баспана-2020» бағдарламасының әзірше  тиімді жақтары көп. Сондықтан  да болар оған өткен жылдың  басында жергілікті атқарушы  органдарға 142 мың адам өтініш  берсе, қазіргі кезде бұл тізім  215 мыңға дейін жетіпті. Алдағы  уақытта да көбейе бермесе,  азаятын түрі байқалмайды.

    Қазақстан Республикасы аймақтық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй коммунальдық шаруашылық комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылы мемлекеттік меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындар 1 миллион шаршы метр тұрғын үй салған екен. Соның тек 6 пайызына ғана республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Яғни, егер де мемлекет қолдаса баспана салатын ұйымдар да қарап қалмақ емес.

    Жалпы аталған бағдарлама аясында елімізде 2020 жылға таман салынатын баспананың көлемін 10 миллион шаршы метрге жеткізу көзделген. Әр түрлі коммерциялық мақсаттағы жеке меншік ұйымдарының салып жатқан тұрғын үйлері бұл санатта жоқ. Олар бұл көрсеткіштен 5-6 есе артық салуда. Егер де қолдаушы табылса олар бұл қарқындарын тағы да еселей түсетіндеріне сөз жоқ.

    Ал бағдарлама бойынша 2015 жылдан бастап мемлекеттің қолдауымен жылына 1 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй салу көзделіп отыр. Егер де бұндай қарқын сақталып отырса жалақылары орташа азаматтар, мемлекеттік және бюджет қызметкерлері, жас отбасылардың үйлі болу мүмкіндіктері де анағұрлым жақсаратындығы сөзсіз. Тек, әттеген-айы бөлінген қаражатты уақытында игере алмай жатқандар да баршылық екен. Бұрын ақша жоқ деген сылтау еріксіз төмен қаратса, қазір бар ақшаның өзін уақытылы жаратуда кемшіліктер бар. Мысалы, республикалық бюджет қаражатына жалға берілетін және несиелік баспана салу еліміздің барлық аймақтарында бірдей табысты болмаған. Ақмола облысы бөлінген қаржының 92 пайызын ғана игерсе, Ақтөбе облысының көрсеткіші 94 пайыз ғана, ал Павлодар облысы болса 85 пайыз ғана көрсеткішке жеткен. Яғни, бұл жерде де жылдамдату, екпінді арттыру қажеттігі туындап отыр.

   Өткен жылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша тұрғын үй салу мен оны сатуға республикалық бюджеттің несиелік қаражаты есебінен 42 миллиард теңге бөлінсе, оның тек қана 81 пайызы ғана игерілген. Ең төмен көрсеткіш Павлодар мен Маңғыстау облыстарының еншісінде. Бұл облыстар аталған қаражаттың 45 пайызын ғана іске асырған екен. Осындай кестенің бұзылуы қаншама отбасылардың уақытылы баспаналы болсам деген жоспарларының бұзылуына әкеліп отыр.

    Тағы бір атап кететін нәрсе, мемлекеттік бағдарлама арқылы салынып жатқан үйлердің сапасына да көбірек көңіл бөлудің керектігі. Асығып әрі қаражат үнемдеу мақсатымен барынша арзан материалдарды қолдануға тырысу деректері де кездесіп жатады. Бұның ақыры тұрғындардың арыз-шағымдарына келіп ұласып жатады.

     Биылғы жылы да тұрғын үй салуға қомақты қаржы бөлінбек. 2013 жылы тұрғын үй құрылысының барлық негізгі 4 бағыты бойынша республикалық бюджет 94 миллиард теңге ақша бөлмек. Ағымдағы жылы 6,6 миллион шаршы метр баспана тапсырылса, оның 850 мың шаршы метрі мемлекеттің қолдау білдіруімен салынған жалға берілетін және несиеге сатылатын тұрғын үй болмақ.

     Жалпы, аталған деректерден көріп отырғанымыздай мемлекет қаржы бөлуін уақытылы істеп отырса да оны жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде игере алмаушылығы мәселесі әлі күн тәртібінен түспей тұр. Негізгі себептің бірі мердігерлік ұйымдардың уақытында үлгере алмаушылығы, кестеден қалып қоюшылық. Сондықтан тендерде құрылыс компанияларының белгіленген кестеден шықпауын қатаң талап қылып бекіту керек. Егер де аталған компания бұрын белгіленген талаптарды бұзса, келесі жолы оны тендерге жібермеу жағы да қатаң бақылануы керек. Сонда ғана қолжетімді баспананы сарылып күтіп жүрген азаматтардың үміттері дер кезінде ақталмақ.

     Бұндай барлық кезде де өзінің өзектілігін жоймайтын мәселеге жан жақтан қатаң бақылаудың болғандығы да істің табысты болуына септігін тигізеді. Әзірше «Қол жетімді баспана -2020» бағдарламасы арқылы көптеген отандастарымыздың үйлі болып, қуанышқа бөленетіндігі қуантады.

      «Қазақстан жолдарындағы жол-көлік оқиғалары кішігірім соғысты еске түсіреді»

      Еліміздегі  жолдарда болып жатқан жол-көлік  оқиғалары күнделікті өмірде  жай адамдарға байқалмайды. Ал  жол полициясының келтірген деректеріне  көз салсаң, кішігірім соғыс болып  жатқандай әсерде қаласың.

    Мысалы, тек қана  өткен жылы Қазақстан жолдарында 14 мыңнан астам осындай апаттық  жағдайлар тіркелген екен. Бұл  оның алдындағы жылмен салыстырғанда  18 пайызға көп. Онда 3 мыңнан астам  адам қаза тапқан. Бұл бір жылда  ғана. Осының өзі-ақ жол қауіпсіздігіне  деген талаптың қаншалықты қатал  болуы керек екендігінен хабар  береді.

     Бірақ заң  бар да, адам бар. Заң қаншалықты  қатал болғанмен, адам факторын  да ұмытуға болмайды. Соңғы кездері  жол ережелерін бұзған жүргіншілерге  деген айыппұлдың көлемі арттырылып, жазалар бірнеше рет қатайтылды. Бірақ жол-көлік оқиғаларының  саны азайудың орнына, көбейе  түскен. Неге? Мәселе, бұл жерде тек  қана заңға тіреліп тұрғанға  ұқсамайды, мәселенің бір шеті  жолда жүру мәдениетіне де  келіп тіреліп тұр. Жүргізушілердің  жол ережелерін сақтауға тырыспауы,  жап-жас балалар мен қыздардың  3-ақ айлық курсты бітіріп алып, қымбат көліктермен қала көшелерінде  жылдамдықты шамадан тыс арттырып  жүрулері, жол ережелерін бұзулары, жолда жүру ұзақтығының сақталмауы, бірін-бірін өткізіп жібермеудің  кесірінен ереже бұзу деректері  жиілеп барады. Содан кейін айтатын  бір нәрсе, соңғы бес жылда  еліміздегі көліктердің саны  да Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігі жол полициясы  комитетінің деректері бойынша,  екі есеге өсіп, 4 миллионнан асқан.  Әсіресе, Астана, Алматы секілді  үлкен қалаларда көлік саны  өте жылдам көбейіп келеді. Бұлар  жолдарда сағаттарға созылатын  тығындардың пайда болуына алып  келуде.

      Жолдардың  сапасының жақсаруы да көлік  апаттарының көбейуіне себеп.  Кейбіреулер жолдың сапасының  жақсаруы апаттық жағдайлардың  азайуына алып келмейді ме  екен деп түсінбеуі мүмкін, жап-жақсы,  тақтайдай түзу жолдарда жылдамдықты  шамадан тыс арттырып жіберу  үйреншікті жағдайға айналып  барады. Жол сапасы жақсарғанмен, оның енінің тар болуы да  апаттық оқиғаларды көбейтіп  жіберді.

     Мысалы, Астана-Алматы  жолының пайдалануға берілгеніне  біраз жылдар болды. Бірақ жолдың  енінің тарлығы көліктердің бірінен  бірінің басып озуы кезінде  көптеген апаттық жағдайлардың  болуына алып келуде. Жүк артқан  ауыр машиналардың жылдамдығы  ақырын болады, сондықтан оны  басып озғысы келетін асыққан  қаншама адамдар қашықтық пен  жылдамдықты дұрыс есептей алмай  өкінішке ұрынып жатыр.

     Ал Астана-Бурабай  автобанының екі қатарлы болып  салынуы көптеген проблемаларды  шешкен. Бұнда жылдамдыққа да, басып  озу кезінде де жаңағыдай проблемалар  жоқ. Сондықтан жол-көлік оқиғалары  да шамалы. Бұдан шығатын қорытынды  не? Бұдан шығатын қорытынды, алдағы  уақытта қалааралық жолдарды  салғанда негізінен әр бағытқа  екі жолақты қылып салу керектігі.  Сонда жол-көлік апаттарының саны  азаймақ. 

 

                                                    ҚОРЫТЫНДЫ.

Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы