Қазақстанның қаржы нарығы

Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері

 ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.

Банктік қызметтер нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы дағдарысына дейінгі дамуы.

Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі  және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

1990 жылы «Банктер  және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы» Заң қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі артықшылықтарды әкелді:

·        респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;

·        Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;

·        жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].

1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік ақша-несие саясатын және банктік реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады. 

Ақша қаражаттарын орталықтандырылған қайта бөлуді максималды қысқарту және Ұлттық банк қызметтерін орталық банктердің классикалық қызметтеріне жақындату бойынша алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.

Банк жүйесін реформалаудың келесі кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында қабылданған 2000 жылдың соңына дейін капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды [2].

Жалпы, банктердің капиталдану деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

1997 жылы банктерді  инвестициялық және депозиттік деп бөлінуі алынып тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.

Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық банктерден тұратын олардың екінші деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің және Ұлттық банктің шешімімен Қазақстанда теңгенің еркін айырбас бағамының режимі енгізілді, бұл әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық қаржы нарықтарындағы дағдарыстан кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айды ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясатының ең мәнді жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға дейін жеткен гиперинфляцияны тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар республиканың қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының даму тарихында атап өтерлік оқиға болды. Алғаш рет қаржы нарығының барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін қазақстандық қаржы нарығында кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.